Инфоурок Другое Конспекты"Мұстафа Өзтүрік" ашық сабақ

"Мұстафа Өзтүрік" ашық сабақ

Скачать материал

                                 Мойынқұм ауданы әкімдігінің білім бөлімінің

Балалар мен жасөспірімдер орталығының «Жас өркен» үйірмесінің мұғалімі:

ТӨЛЕНҰЛЫ АРТЫҚ

 

 

IMG-20170204-WA0000.jpg
 


Сабақтың тақырыбы: Мұстафа Өзтүрік

Білімділік: оқушыларға Мұстафа Өзтүрік туралы кеңінен  мәлімет беру.

Тәрбиелік: оқушыларды қайсарлыққа, батырлыққа, бауырмалдыққа, ынтымақтастыққа,шыдамдылыққа, отансүйгіштікке тәрбиелеу.

Дамытушылық: оқушылардың ой-өрісін, таным қабілетін кеңейту, сөздік қорын молайту,  ойлау, есте сақтау қабілеттерін  дамыту. 

Сабақтың түрі: жаңа сабақ

Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ-жауап арқылы

Сабақтың көрнекілігі: кітаптар, газет-журналдар, Мұстафа Өзтүріктің портреті.

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) сәлемдесу

ә) түгендеу

б) оқушылардың назарын сабаққа аудару

ІІ. Оқушы білімін тексеру

       Сөзжұмбақты шешу арқылы жаңа сабақты ашу

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


1.   Түркияның бұрынғы астанасы

2.  Қандай құс ән айтады?

3.  Қазақстанның  астанасы

4.  Әкеңнің әкесі саған кім?

5. Қазақтың бас ақыны

6.  Египет қай құрлықта орналасқан?

7.  Әзірбайжан мемлекетінің астанасы

           

ІІІ. Жаңа сабақтың мақсаты:

Оқушыларға тақырып бойынша толық түсініктеме беру

IV. Жаңа сабақты түсіндіру

Картинки по запросу Мұстафа Өзтүрік суреті Картинки по запросу Мұстафа Өзтүрік суреті Похожее изображение
 

 

 

 


                                   

 

 

 

 

                                                   МҰСТАФА ӨЗТҮРІК


 

Стамбұлдағы орта мектепті бітіріп, Тайвандағы экспериментальды университетті және сол елдегі Халықаралық қатынастар университетінің журналистика факультетін қоса бітірген. Осы елде жүріп корейдің көне спорт өнері таеквондоны үйренді. Кейін Германияның КельнМюнхен және Түркияның Стамбұл қалаларында өзінің таэквондо мектебін ашқан. Қазақстан тәуелсіздік алғаннан кейін Алматыға келіп, таэквондо мектебін ашты. Белгісіз жағдайда қазаға ұшырап, денесі Стамбұл қаласында жерленді. 2000 жылы Алматы қаласында Өзтүрік Мұстафа атына көше беріліп, ескерткіш белгі қойылды. 2004 жылы Өзтүрік Мұстафаның 50 жасқа толған мерейтойы қарсаңында Алматы облысы Талғар ауданы Бесағаш ауылында ескерткіші ашылды.

·                    19751980 жж. Тайбей қаласындағы Халықаралық Саясат Университетінде оқыды, халықаралық - журналист мамандығы бойынша жоғары білімін Тайваньда алды.

·                    1980—1990 жж. Таэквон-До жоғары мектептерінің негізін АФР мен Түркияда қалады.

·                    1990—1995 жж. тарихи елі Қазақстанға оралып еңбек етті. Таэквон-До жоғары мектебінің негізін қалаушы.

·                    Таэквон-До спортынан алты-дүркін әлем чемпионы, 6-шы Дан дәрежесі бар, халықаралық жаттықтырушы. Алты тілде сөйлеген.

·                    1995 жылы Алматы қаласында қайтыс болып, Стамбұлда (Түркия), әкесі жатқан бейітке жерленген.

·                    Мұстафа Өзтүрікке арнап Бес­ағаш ауылында ескерткіш бой көтерді. Оны жеке кәсіпкер Қайыр Мейірбеков 2004 жылы өз қаражатына жасатқан.

Мұстафаның әкесі Қабен (Қабыл) Төлеубайұлы ел бастаған көсем, сөз бастаған шешен, жауырыны жер иіс­кемеген атақты палуан болған. Сол кездері ел ішінде кәмпеске бас­талып кетеді де, бір әулет бір түн­нің ішінде тұтасымен таудан асып, Ұласты өзенін жағалай жүріп, Шың еліне өтіп кетеді. Алайда араға жиыр­ма жыл салып, Қытай елінде де қызылдар қырғын салған сүрең басталып, 50- жылдары Түркияға барып тұрақтауды ойлайды. Анадолы еліне жетуде оңайға соқпайды. Адамзат аяғы тимеген атақты Такмала шөлін басып өтіп, Үндістан шекарасына да жетеді. Жол-жөнекей қырғын соғыстан көз ашпай Пәкістан арқылы әйтеуір Түркия­ға табан тірейді. Қалың топтан қалған жұрнақ міне, осылай Кайсери қаласынан пана табады. Жергілікті түріктер бірден жақсы қабылдайды. Қандастар деп құрметтейді. Соның арқасында бұл әулеттің жағдайлары да жақсара бастайды. Қабен аға осы жерде палуандармен белдесіп, өзінің жауырыны жер иіскемейтін шебер екеніне көз жеткізеді. Түрік бауырлардың Қабен ағаға деген сыйластықтары артып, Өзтүрік атап кеткен. Міне, осылай отбасы мүше­лері осы атауды өздеріне тек етіп алады.

Арада біраз уақыт өткенде, яғни 1954 жылы Қабен ақсақалдын үйінде қуанышты уақиға болады. Өмірге ұл келді. Есімін Мұстафа қояды, тегін Өзтүрік етіп жаздырады. Бала Мұстафа өте зерек, алғыр болып өседі. Бар болғаны 16 жасында Ыстамбұл қаласындағы мектепті аяқтап, арнайы жолдамамен Тайваньға оқуға аттанады. Бұл әлем­нің түкпір-түкпірінен талантты балаларды жинап, оқытқалы жатқан эксперименталды оқу орны еді. Ешбір ақысыз, емтихансыз оқуға түс­кен Мұстафа бес жыл өткен соң журналистика факультетін бітіреді. Бұл оқу орнында оқып жүріп Мұстафа корей халқының жекпе-жек өнері − таэквандомен айналысады. Түркияның Ыстанбұл қаласындағы Гүнешлі ауданындағы Мұстафа Өзтүріктің бейіті

Мұстафа 1995 жылдың 11 наурыз күні Алматыдағы Балуан Шолақ атындағы спорт сарайында өтіп жатқан кикбоксингтен жарысты тамашалауға барады. Жарыс аяқталғаннан кейін Мұстафа өзін жайсыз сезінеді де, дәрігер шақырады. Дәрігерлер Мұстафаны Алматы қаласындағы ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасына жатқызады. Мұстафа Өзтүрік 1995 жылдың 15 наурыз күні Алматы қаласындағы ҚР Президенті Іс басқармасы Медициналық орталығының Орталық клиникалық ауруханасында қайтыс болады. Қарындасы Феруханның және туыстарының шешімімен Мұстафа Өзтүрік Ыстанбұлдағы қазақтар көптеп тұратын Гүнешлі ауданындағы зиратқа өзінің әкесінің жанына жерленеді. Анасы Рәзия БАҚ-қа берген сұқбатында: "Жұрттың біразы «Мұстафаның сүйегін Түркияда жерлеуге Халифа Алтай себепкер болды» деп жүрген көрінеді. Шындығында, олай емес. Керісінше, «осында қалдырайық» деп ақыл қосқан алғашқы адам еді. Бірақ, Мұстафаның қарындасы, менің қызым Ферухан қарсы болды. «Ағам әкемнің қасында жатсын. Жұма сайын барып, Құран оқып тұрамыз» деді ол. Ол кезде менің бәлен деп айтуға шамам жоқ еді" деген. Мұстафа Өзтүріктің досы Мамет Дамир: «15 наурызда оның жағдайы қиындай берді. Кешкі бес жарымда ол көз жұмды. Оның жанында болған достары: «Оны біреулер улаған» деді». 1995 жылдары елде рэкетирлік уақыт еді. Біреулерге Мұстафаның елге келіп, көтеріле бастағаны ұнамаса керек. Біздің болжамымызша, оның тамағына у қосқан сияқты» дейді. Алайда аурухананың берген ресми мәліметі Өзтүріктің қастандықпен өлтірілгенін растамайды.

Мұстафа Өзтүріктің шәкірттері:

·                    Бексейіт Түлкиев

·                    Қабибек Мұхитов

·                    Қайрат Қырғыз­баев

·                    Сұлтанмахмұт Шоқпытов

1992 жылы Мұстафаның шәкірттері алғаш рет көк туымызды Түркияда өткен халықаралық турнирде желбіретті, олар жарыс чемпиондары Сұлтанмахмұт Шоқпытов және Қайрат Қырғызбаевтар.

1993 жылы қазақ елі­нің федерациясы Халықаралық таэк­вондо федерациясының мүшелігіне қабылданды.

1995 жылы әскерилер арасындағы әлем біріншілігіне алғаш рет қатынасқан ұлттық құрама әлемдік деңгейде екінші орыннан көрінді.

Досы — Несіб Жүнісбаев:

Мұстафа Өзтүрік! Бұл кісінің тағдыры өте қиын болған. 50-жылдар басында аталары, тағдырдың тәлкегіне шыдамай, бақыт іздеп Қытай, Пәкістан, Үндістан арқылы Түркияға келеді. Жолда ашаршылық та, суықты да, кедейшілікті де көреді. Барі бірдей Түркияға жете алмады… Сол елде 1954 жылы Мұстафа дүниеге келеді. Әке-шешесі баланы мектептен кейін Тайвань Университетіне жібереді. Университет дипломымен бірге Мұстафа Өзтүрiк таэквондодан 6-шы Дан сертификатын алады. Бұл таэквондодан барша мұсылман әлеміндегі алғашқы әрі соңғы жоғары дәреже еді. Осылайша ол аңызға айланады. Жұмыс істеуге ол Германияға көшіп барып Мюнхен қаласында таэквондодан өз мектебі — Мұстафа мектебін ашады. Осындай мектеп Ыстамбұлда да әлі істеп тұр. Егемендік алған елімізге ұландарымыздың көпшілігі орала бастайды. 1991 жыл для Мұстафа үшін де солай болады. Ол осы спорт түрінен Республикалық федерация құрып соның президенті болады. Сосын ел тарихында алғаш рет таэквондистерді халықаралық жарыстарға Түркияға және Америкаға апарып сол жақтардан ірі жеңіспен оралады. «Мен әлемді көрдім, — дейді Мұстафа, — енді өз елімді көрдім. Несін айтасыз, үлкен айырмашылық. Сондықтан еліме өз біліміммен, күшіммен көмектесу үшін елде қалуға шештім».

1991 жылы Қалила Омаров «Барып қайт, балам ауылға» фильм түсірді.

Қазақстандағы таэквондо федерациясының негізін қалаушы, аты аңызға айналған Мұстафа Өзтүріктің тіл туралы айтқан пікірі әлі күнге дейін өзекті. 1990-шы жылы елге оралған Мұстафа Қазақстандағы қазақ тілінің аянышты халіне қынжылыс білдіріпті. Сонымен ол не деді?

– Сіздер ел ішінде жүрсіздер. Содан да шығар Қазақстанды біз құсап сағынбайсыздар. Ал біздер шетелде жүрміз. Кейде ойлайсың, осы барлығының елі, жері бар сонда менің елім қайда деп…
Шетелде жүрген қазақтар санымыз аз. Жоғалып кетуіміз мүмкін. Сондықтан біздің ақсақалдарымыз қазақтың әдет-ғұрпын, тілін, дінін ұмытпасын деп үйде қазақша сөйлеген. Бұл бізге де әсер етті.

Қазақтың ғаламат тарихы болған. Сол тарихымызды ұмытпау үшін ақсақалдар бізге шыққан тегімізді, руымызды құлағымызға құйып, әрдайым айтқызып отырды. Мысалы, Орта жүздің ішінде найман, найманның ішінде байжігіт, оның ішінде мәмбет дейді. Әкелеріміз бізге осыны үйретті. Бірақ біз бәріміз қазақпыз.

Қазақстанға келгенде кейбір кемшіліктерді көріп қалдым. Ренжімесеңіздер, айтайын. Елге келген уақыттың ішінде көптеген жерді араладым, бауырларымызбен кездестім. Сөйтсем көптеген бауырларым тіл білмейді екен. Біз тіл білмейміз деп жүрсек, Қазақстанға келіп тіл үйренеміз деп жүрсек осы жердегі қазақтардың өздері тілден айырылып қалыпты. Ендеше біз кімнен үйренеміз? Тіл өте күшті нәрсе. Тіл жоғалса, ел жоғалады.

Дін де сондай. Дінімізді жоғалтып, Құдайымызды танымасақ, мұсылмандықтың шарттарын ұмытсақ біз онда әкемізді де, шешемізді де сыйламаймыз. Дәстүр ұмытылса, осы дәстүрді бізге жеткізген бабалар да ұмытылады. Тіл, дін және дәстүріміз бір болуы керек. Бізден кейін де ұрпақ қалады. Оларда кінә жоқ.    

 

V. Жаңа сабақтың түсінгенін тексеру

           сұрақ-жауап арқылы

1. Тайбей қаласындағы Халықаралық Саясат Университетін қай жылдары оқыды?

2. Таэквон-До жоғары мектептерінің негізін қай жылдары қандай мемлекеттерде  қалады?

3. Таэквон-До спортынан қанша Дан дәрежесі бар және қанша тілде сөйлеген?

4. Қай жылы қайтыс болды және кай жерде жерленді?

 

 

VI. Жаңа сабақты бекіту

   топтастыру  әдісі арқылы

 

                                 6 дан иегері

 

  ержүрек                

                                                 1954 жылы Қайсери қаласында туылған

 

 


                                                                                                     ұлтжанды тұлға

 


                                                                                          

 


6 тілді біледі                                                                     

                                                                                           шығыс жекпе - жегін меңгерген

1995ж.Алматы қаласында қайтыс болған

 

 

 

 

Бағалау.

 

VII. Үй тапсырмасы.                         

Мұстафа Өзтүрік туралы қосымша мәлімет жинап келу

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Мұстафа Өзтүрік" ашық сабақ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Проректор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 023 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.04.2017 1269
    • DOCX 428.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джелдикбаева Гулжан Серикбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 2
    • Всего просмотров: 267947
    • Всего материалов: 90

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой