677443
столько раз учителя, ученики и родители
посетили сайт «Инфоурок»
за прошедшие 24 часа
+Добавить материал
и получить бесплатное
свидетельство о публикации
в СМИ №ФС77-60625 от 20.01.2015
Дистанционные курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации для педагогов

Дистанционные курсы для педагогов - курсы профессиональной переподготовки от 1.410 руб.;
- курсы повышения квалификации от 430 руб.
Московские документы для аттестации

ВЫБРАТЬ КУРС СО СКИДКОЙ ДО 90%

ВНИМАНИЕ: Скидка действует ТОЛЬКО до конца апреля!

(Лицензия на осуществление образовательной деятельности №038767 выдана ООО "Столичный учебный центр", г.Москва)

ИнфоурокМузыкаКонспекты"Нарын деп соққан жүрегі" ақындарға арналған тәрбие сағаты

"Нарын деп соққан жүрегі" ақындарға арналған тәрбие сағаты

библиотека
материалов
Скачать материал целиком можно бесплатно по ссылке внизу страницы.

Тақырыбы: « Нарын деп соққан жүрегі».

Өткізген: Тлепова Айзада Ерхауқызы.

Мақсаты:

білімділік: Жерлес ақындарымыздың өмірі, шығармашылығымен таныстыру, поэзия құдіретін

таныту.

тәрбиелік: Ақындардың өлеңдері арқылы халқына, тілге, Отанға деген сүйіспеншілік

сезімдерін ояту.

дамытушылық: оқушының сөйлеу мәдениетін дамыту.


Көрнекілік құралдар: ақындар кітаптары, слайдтар, кітап көрмесі, ақын туралы жазылған

пікірлер.


Жоспар:

1.Кіріспе бөлім.

2.Ақындарымыздың өмір жолы мен шығармашылығына шолу (слайд аркылы таныстыру).

3. Ақындар туралы естеліктер (кітаптары).

4. «Сурет жұмбақ».Экраннан акын шығармаларының тақырыбына арқау болған суреттерді көрсетіп, оқушылардан ненің суреті екенін сұраймын. Оқушы ақынның сол тақырыптағы өлеңін оқып береді.

5. Поэзия минуты (Ақынның өлеңдерін мәнерлеп оқу).


Барысы:

Армысыздар, шақырулы қонақтар, ұстаздар және оқушылар!

Өтсе да ауыр жолдан

Бәрі де бауыр болған.

Бір кезде Бөкей бастап,

Нарынға ауыл қонған.


Кек билеп өр сананы,

Атылды ер садағы.

Қайтпады ақ патшаның

Қылышы төнсе дағы.


Ойлаған бәрін дағы,

Ханы да тағындағы.

Намысын жібермеген

Нарынның нар ұлдары,-деп ақын Ғайса ғали Сейтақов жырлағандай «Нарын деп соққан жүрегі » атты аудан, облыс, республикаға танымал болған ақындарымыздың шығармалары туралы сыр шертуге арналған тәрбие сағатымызды бастаймыз.

1.Кіріспе бөлім.

Бөкей Ордасы туа біткен таланттарға өте бай. Халықтың қалың ортасынан шыққан ақын-жазушылардың есімдері бертін келе көмескіленіп, ұмыт бола бастаған. Қасиетті Нарын өңірінде сақталып қалған жыр, дастан, аңыз әңгімелердің кезінде, сөз жоқ, нақты авторлары болғаны анық. Аса тереңге үңілмей қарастырсақ күрескер ақын Махамбет Өтемісұлы, сарай ақыны Байтоқ Шәңгерей Бөкейұлы, Алмажан Азаматқызы т.б. ғұмыр кешті. Бертініректе көрнекті ақын Ғұмар Қараш қазақ еліне танымал болды. Жаңа заман жаршысы, комиссар Бисен Жәнекешовтың өлеңдерін халық ұмытпай келеді. Халқымыздан шыққан тұңғыш драматург Ишанғали Меңдіханов бөкейліктердің мақтанышы болды. Қазақ-кеңестік әдебиетінің көрнекті өкілі Тайыр Жароков та Бөкей Ордасының перзенті. Ол Қазақстан Жазушылар одағының алғашқы мүшелерінің бірі болды. Кіндік қаны нарын құмына тамған ақын Қайрат Жұмағалиев туған поэзиямызға өз үлесін қосты. Қазақ өлеңінің хас шебері ақын Жанғали Набиуллин әдебиет әлеміне Нарыннан қанаттанып ұшты. Ағалы-інілі Ғайсағали, Айбатыр Сейтақовтар қазір қазақ поэзиясының белгілі қайраткерлеріне айналып отыр. Жас жазушы Мира Шүйінішәлиеваның әңгімелері мен повестері әдебиетшілер қауымы мен оқырман тарапынан жылы қабылдануда. Бұлардан басқа әдебиет пен журналистиканың алуан жанрларында қалам тербеп, оқырман көңілінен шыққандар өз алдына бір төбе. Олардың қатарына Ғ.Зарипов, Қ.Тастайбеков, Қ.Мағзомов, С.Даумов, М.Мағзомов, Н.Шәкенов, Ш.Текебаева, Б.Бисенов, К.Балабасов, Б.Наурызғалиев т.б. қосуға болады. Бөкейліктерден белгілі айтыс ақындары да шықты. Соның бірі Жансая Мусина. Бөкей Ордасы ауданы қаламгерлерінің туындылары, баспасөз, ұжымдық жинақтар беттерінде жарияланып келеді. Жеке кітабы шыққандары да бар. Аудан қаламгерлерінің өлеңдері «Нарын нақыштары» атты кітапта жарық көрді.


2.Ақындарымыздың өмір жолы мен шығармашылығына шолу (слайд арқылы таныстыру).

Қарасаз, қара шалғын өлеңде өстім,

Жыр жазсам, жұртым, елеңдестің.

Өлсе өлер, Мұқағали Мақатаев,

Өлтіре алмас, алайда өлеңді ешкім,-деп ақынның өзі айтқандай, қаншама ақындарымыз өмірден кетсе де, артында өшпес ізі- шығармалары жүректен жол тауып ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып тарап келеді. (Слайд жүріп жатады ақындардың өмірбаянымен қысқаша таныстыру)


3. Ақындар туралы естеліктер (кітаптары)

Әңгімеміздің басында айтып өткен ақындарымыздың шығармалары жинақталып, жекелеген кітап боп та жарық көрді. Таныстырып өтсем...

4. «Сурет және жұмбақ».Экраннан акын шығармаларының тақырыбына арқау болған суреттерді көрсетіп, оқушылардан ненің суреті екенін сұраймын немесе жұмбақ жасырамын. Оқушы ақынның сол тақырыптағы өлеңін оқып береді.

  1. Экранда сурет жасырылады. Суретте мұғалім. Шешуін тапқан соң, Ғайсағали Сейтақовтың « Ұстаздар» өлеңін оқиды.

Дильназ:

«Ұстаздар»

Қоңырау күмбір қағып, тынады үндер

Зымырап өтер кетер бұла күндер

Тұрады шәкірттерін шығарып сап

Көз жасын жасыра алмай мұғалімдер


Ұстаздың үлгі етпес нұрлы істерін

Елде осы жоғалардай үрдес керім

Ең ұлы міндет артып иығына.

Қоғамның қалайды олар кірпіштерін


Шертетін сыры мектеп, жыры бала.

Кірісер күзде қайта тыным ала,

Ұстазға асқан байлық керек емес

Үлкен сый шәкіртінің сыйы ғана,


Арды ойлап ертеңі үшін салады аттан.

Ешқашан аттап өтпей аманаттан

Тірлікте ең бейнеткер жандар олар

Арқалап болашақты бара жатқан


Қоңырай күмбір ғағып тынады үндер

Зымырап өтер кетер бұла күндер

Үйіріп әкеткенде өмір теңіз

Жүректен өшпейтін де мұғалімдер


Келесі кезек ән. Орындайтын:----------------------------------------?

Ақындарымыздың жалынды жырлары, оқырманын тәнті еткен -----------------------------------------------------------------------------------------------------------------атты поэма-толғаулары бар. Ақындарымыздың өлеңдеріне ән жазылып, қазіргі эстрадада қалықтаған ән жұртының жүрегін жаулап алып жүр мысалы. ән ауылымыздың сазгері Қабиболла Алесовтың , сөзі Ғайсағали Сейтақовтың «Ақжайықтың қыздары» атты, әнін қабыл алыңыздар.


Талай көздер қараған қызығатын

Кейде аққудай сыланып сызылатын

Көктемдегі тасыған осы өзендей

Ақ жайықтың келед қызы батыл


Таң қаласың туғандай ажарыңа

Тарқамаған жастықтың базарындай

Шуақ шашып тұрады маржан мүсін

Ақ жайықтың шоршыған сазанындай


Берілерміз еркіне біз жүректің

Ыстық отын сезгендей жүз білектің

Көрген кезде бақытты сіңілерің

Бас иеміз рухына Қыз жібектің


2) Келесі қобыздың суреті.

Айбатыр Сейтақовтың өлеңі.

Мерулан:

«Қобыз»

Бай мұрасы сақталған дастанында

Ән мен күйә шалқыған аспанында

Қалған екен бабамның аманаты

Кең даламның тау мен тастарында


Дәуірлердң жоғалмай бөктерінде

Ойын өріп өнердің шекпенінде

Қалған екен бабамның аманаты

Қыл қобыздың сақталып шектерінде


Даламыздың қаншама көшті белі

Жүректерден өшеді ескі шері

Көз тіккенде тек бағзы замандардан

Қыл қобыздың дауысы естіледі.


Заманының сырлары ашылғанда

Көңіліңнің құмары басылған ба

Қыл қобызым келесі дәуір үнін

Ғасырлардан жеткізіп ғасырларға


3) Орданың суреті жасырынылады.

Асылым:

«Ордада»

Туған жер жайлы толғана

Келіп ем туған Ордама

Құм борап қарсы алғанда

Қорғана бердім қорғана


Мезі ғып дүние даңғыры

Күтумен кепкен тандыры

Жатқан жер ертең қайтер деп

Толғантты мені тағдыры


Бет алған құмдар далаға

Байлығын тастап барама

Сан түрлі темір терсекпен

Бір шығып жатыр таға да


Келіп ем туғам Ордама

Жел соғып тұрды мұңдана

Ашқысы келіп тарихын

Талпынып жатыр құм ғана


4) Наурыз суреті жасырынады.

Нұрқат Шәріпқалиевтің суреті.

Гүлнұр:

«Наурыз»

Наурыз айым бір үлкен думан екен

Өз жайлауым, өз елім туған мекен

Жетпіс жыл ескерусіз артта қалып

Қайта келіп өмірге туған екен


Наурыз деген шалқыған ризық қой

Шаттандырған халықты бір үлкен той

Жасырынып жетпіс жыл өмір кешіп

Кезі келді өмірге көрсетер бой


Наурыз айы көктемнің бастамасы

Құрт, ірімшік, айран, сүт қазақ осы

«Ұзын сары» келеді деп анам күткен

Сақталған сандықта сүр сыбағасы


Наурыз айы қазағымның жаңа жылы

Төс қағысып көрісер білген жөнді

Үй аралап салты бар дәм тартатын

Ризықтан қазақтың шара толы


5) Қызғалдақтың суреті жасырылады.

Қызғалдақ әні Азамат Зайнуллиндікі. Орындайтын ------------------------------------------?


Қызғалдақ қырдан гүл тердім

Тәтті ғой Нарын ауасы-ай

Жатыр ғой ізім жасқұста

Жастық бір шақтың куәсі-ай

Қырлардың көркі қызғалдақ

Санаулы уақыт жол ұзақ

Қызғалдақ теріп қызықтап

Кеттік пе сәулем сәл ұзап


Нарында өскен гүлдерді

Жұлмаймын саған арнаймын

Көктемде қырдан гүл терсем

Еске алам сені әрдайым

Шыңда өскен шынар гүлімсің

Қимаймын сәулем қинайсың


Қайтуға үйге асықпа

Қайта келмес жастық шақ

Есіңде қалар әрқашан

Көктемде терген қызғалдақ

Есімді қалар әрқашан

Өзіңмен терген қызғалдақ

Есіңде қалғай аяулым

Менімен терген қызғалдақ


Жайлауда жазда қыдырып

Нарынның гүлін көп тердім

Тарту етіп Жасқұсым

Еншіме өлең сен бердің

Қызғалдақ өсер жыл сайын

Иісіңді жұпар аңсаймын

Жайқалып өскен гүлдерді

Жұлуға әсте қимаймын.


6) Жаңа жыл суреті.

Жайнагүл:

«Жаңа жыл келді»

Ақ мамықтай ақша қар

Қызықтырмай қоймайды

Жаңа жылда барша жан

Мерекені тойлайды


Аққу қаздай сайраңдап

Асыр салып ойнайды

Жаңа жылда жайраңдап

Барлық адам тойлайды


Жалтылдаған қар аппақ

Қар жамылған жер аппақ

Жасыл нұрлы тор аппақ

Айналаның бәрі аппақ


Жарасымды көңілдер

Шаттығымен сырласып

Кел билейік келіңдер

Жаңа жылда жырласып


7) Қуыршақ суреті.

Қайрат Жұмағалиев

Құндыз:

«Қуыршақ»

Ән салатын тынымсыз

Отыр енді түк үнсіз

Туған күні неліктен

Айша бүгін көңілсіз?


Қоятындай көрмеге

Тұр тізіліп бөлмеде

Қуыршағы самсаған

Ал көңілсіз ол неге?


Қимылдатып кірпігін

Алмайтұын бір тыным

Сыйлады оған қонақтар

Қуыршақтың түр түрін


Бір бөлмеге жиылып

Қас қабағы қиылып

Қуыршақтар қарайды

Айшатайға иіліп.


Бөлмесіне сыймады

Лақтыруға қимайды

Ылғи туған күніне

Тек қуыршақ сыйлады.

Рысдаулет:

«Жайық сазы»

Кенжеғали Балабасов


Суындай жарға соққан жағасына

Толқыны толқығандай сәл асыға

Мұхит пен Ғарифолла әні болып

Тараған туған жердің даласына


Қарасаң жарқылдаған жанарына

Дыбыс бар құдіретті тамағында

Дүбірлеп сәйгүліктей келе жатыр

Соққан қол домбыраның шанағында


Өнердің мәңгі сөнбес алауындай

Қандырар шөлдегенде құмарындай

Жайықтың сазы болып төгілгендей

Аймалар туған жердің самалындай.


«Анашым»

әні: М.Омаровтікі


Шет жүрсем - сағынарым,

Жабықсам - шағынарым

Анашым, бір өзіңсің

Табынарым


Анашым, шалқып күлсең

Алдымда ұзақ жүрсең

Жүрегім жыр толғайды

Көңілім ортаймайды

Анасы бар адамдар

Ешқашан қартаймайды


Ұшырған сұңқарыңмын

Қияға шырқарыңмың

Бәйгеге өзің қосқан

Тұлпарыңмын


Анашым, шалқып күлсең

Алдымда ұзақ жүрсең

Жүрегім жыр толғайды

Көңілім ортаймайды

Анасы бар адамдар

Ешқашан қартаймайды


Алихан:

«Адам болдым мен енді».

Үш бес алдым!

Шаттандым!

Келді дереу мақтанғым

Үйге қарай дедектеп

Жортып келе жатқанмын

Кенет тоқтай қалғаным

Көріп естен танғаным

Жол үстінде, нан жатыр

Лезде барып алғаным.

«Кім бұл нанды қорлаған »

Барып тұрған оңбаған

Берер едім сазайын

Жолықса ғой ол маған

Деп кіжіндім ішімнен

Шықпасада тісімнен

Көкем қарсы жолығып

«Нан қадірін түсінген»

Азаматсың сен деді

Ақылың мол- кең деді.

Адам олып қалыпсың

Бақыттымын мен деді.


Тәрбие сағаты соңы «Орда туған мекенім» әнімен аяқталады.


Осымен ақындарымыздың шығармашылығына арналған «Нарын деп соққан жүрегі» атты тәрбие сағатымыз аяқталды. Әрқашан жүректеріңізде ән әуелеп, жандарыңызды жыр тербесін!














Общая информация

Номер материала: ДВ-080325

Вам будут интересны эти курсы:

Курс «Менеджер по продажам»
Курс «Правовое обеспечение деятельности коммерческой организации и индивидуальных предпринимателей»
Курс «Гид-экскурсовод: Основы туристского сопровождения»
Курс повышения квалификации «Основы управления проектами в условиях реализации ФГОС»
Курс профессиональной переподготовки «Экскурсоведение: основы организации экскурсионной деятельности»
Курс повышения квалификации «Экономика и право: налоги и налогообложение»
Курс повышения квалификации «Организация практики студентов в соответствии с требованиями ФГОС юридических направлений подготовки»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности преподавателя детской хореографии»
Курс повышения квалификации «Музыкальное развитие детей в соответствии с ФГОС ДО»
Курс профессиональной переподготовки «Организация деятельности по водоотведению и очистке сточных вод»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в профессиональном образовании»
Курс профессиональной переподготовки «Осуществление и координация продаж»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере начального общего, основного общего, среднего общего образования»
Курс профессиональной переподготовки «Музыка: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования»
Курс профессиональной переподготовки «Управление корпоративной информационной безопасностью: Администрирование и эксплуатация аппаратно-программных средств защиты информации в компьютерных системах»

Благодарность за вклад в развитие крупнейшей онлайн-библиотеки методических разработок для учителей

Опубликуйте минимум 3 материала, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную благодарность

Сертификат о создании сайта

Добавьте минимум пять материалов, чтобы получить сертификат о создании сайта

Грамота за использование ИКТ в работе педагога

Опубликуйте минимум 10 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Свидетельство о представлении обобщённого педагогического опыта на Всероссийском уровне

Опубликуйте минимум 15 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данное cвидетельство

Грамота за высокий профессионализм, проявленный в процессе создания и развития собственного учительского сайта в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 20 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Грамота за активное участие в работе над повышением качества образования совместно с проектом "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 25 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную грамоту

Почётная грамота за научно-просветительскую и образовательную деятельность в рамках проекта "Инфоурок"

Опубликуйте минимум 40 материалов, чтобы БЕСПЛАТНО получить и скачать данную почётную грамоту

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.