Инфоурок Физика Другие методич. материалы«Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілген физика сабағында»

«Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілген физика сабағында»

Скачать материал

 

«Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілген физика сабағында»

 

Қоғамдағы жүріп жатқан өзгерістер, ғылыми техникалық прогресс және жалпы білім беретін мектеп құрылымының өзгеруі - жас ұрпақты тәрбиелеуді дамытып қалыптастыруды талап етеді. Бағдарламаның негізгі  қағидаты тәжірибелік  қызметті  нақты  ғылыми зерттеулердің  дәлелденген нәтижелерімен кіріктіру болып табылады. Сондықтан мен мектептегі тәжірибемде осы Бағдарламаның жеті модулін өзімнің сабақтарыма кіріктірдім. Мектеп тәжірибесінің бірінші күні мен әріптестермен кеңесу өткізіп, кездесу кезіңде осы бағдарламаның негізі идеясымен таныстырдым.  Мұғалімдердің  үш айлық курстың  бірінші кезеңі маған ерекше әсер етті. Мен жаңа ақпараттарды алып  жұппен, топпен жұмыс істеуді  үйрендім және курс бойынша ең маңызды өзім оқушы болуды үйрендім. Бірінші күндері маған топтың алдында ойымды толық ашып айту қиын болды. Осы Бағдарламаның нәтижесінде өзімді еркін  ұстайтын дәрежеге жеттім. Осы курста мен көптеген мұғалімдермен таныстым, қарым-қатынасқа түсіп, тәжірибе алмасып, оймен бөлісіп, кеңес алдым. Мектепке келген бірінші күннен бастап  тәжірибе күні аяқталғанға дейін өзгеріс енгізу басты мақсатым болды. Орта мерзімді сабақтарымды құрастыру барысында, мына теорияға сүйеніп құрастырдым: Райн мен Диктің «Ішкі уәж» теорисына сүйеніп құрастырдым. Мұнда оқушылардың  сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру, өзін-өзі бағалауға ынталдандыру мақсатында, тапсыр-маларды құрастырдым. Курстан алған білімімді практикамен ұштастыру үшін өз сабағыма керекті қосымша материалдарды және құралдарды түгендеп, таңдап алған сыныбым бойынша сауалнаманың сұрақтарын дайындауға кірістім. Теорияға сүйеніп, жеті модульді өз сабағымға кіріктіру барысында, мектеп әкімшілігімен және әріптестерімен жолығып, көп мәліметтер алдым. Оқушылардың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру  және жан-жақты білу үшін мен оқушылардың ата-аналарымен, мектеп психологымен  кеңес өткіздім. Сынып бойынша алынған сауалнама, диагностика менің алда жасайтын есептеріме, өткізген сабақтарыма көмек болды.

Сабақ барысында  жеті  модульдердің  дұрыс, жүйелі  ықпалдастырылғаны нәтижелі болды. Баларлық сабақтарымда оқушыға  бағыт- бағдар беруші, жөн сілтеуші болдым. Бұл сабақтарды құрастырған кезде, өз бетімен білім алуға жетелеу көзделді. Сабақты құрастыру барысында  оқушының  қалай  оқу керектігін  үйрену, білімді  меңгерудегі оқушының ізденіс, талдау, жинақтау қабілеттерін арттыру мақсатында құрдым. Балаларға сыни тұрғыдан ойлауға үйретудің стратегиялары өте тиімді болды. Сабақтар  топтамасында ақпараттық-коммуникациялық  технологияны  қолдандым. Қазіргі заман талабы - сандық  технологияны меңгерген сауатты тұлға болмақ. Оқушының сауаттылығын ашу үшін мұғалімнің де сауаттылығы маңызды дүние. Тәжірибе барысында оқыту мен  оқуды бағалауды пайдаландым. Бағалауда оқушылар өз-өздерін, бір-бірін бағалауды, топтық, жұптық бағалау түрлерін меңгерді. Сабақта  оқушылардың білімдерін бірлесіп бағалау тиімді болды. Оқушылар жаңаша бағалауды қызығушылықпен пайдаланды. Себебі,  бұрын тек мен бағаладым. Оқушылардың әрекеті – зерттеушілік әрекет болу  үшін мұғалім нақты мақсаттар  қоя білуі керек, ал ашып айтатын болсам, оқушыларға  ғылыми  зерттеудің әдістерін, формаларын, принциптерін, нені ашу  керектігін, қандай әдіс арқылы, қандай нәтиже  алу  керектігін үйренуге  жетелеу қажет. Танымдық әрекет  шәкірттің  білімге  деген өте  белсенді  ақыл – ой әрекеті болып табылады. Іс-тәжірибенің жоғары деңгейде өтуі мектеп ұжымының қолдауына да байланысты. Сондықтан  да ақпараттық-коммуникациялық технология және оқу құралдарының көмегімен топпен жұмыс істеу, сыни тұрғыдан ойлау тәсілін пайдалану өте тиімді екен. Бұл жағдайда оқушылар оқу материалын қаншалықты түсінгенін және де ақпараттық салада сөйлеу мәдениетіне үйренеді, сөздік қоры көбейеді. Осы алған білімді  қорытындылау үшін жұмыстар жасау барысында жиынтық бағалауды қолданған өте тиімді. Сабаққа қатысушылардың пікірі бойынша, оқушылар жұмыс істей отырып, сыни тұрғыдан ойлау қабілетін дамытады екен. Сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру мұғалімге байланысты екендігін түсіндім. Сабақты ұйымдастыру кезінде оқушыларды еркіндікке баулитындай жұмыстар жүргізу керек. Сонда ғана оқушыны күнделікті материалды қаншалықты игергенін ашық айта алады. Сонымен қатар, жұмыс жасау барысында ол кім? бұл не? тіпті  тікелей сұрақтар емес, мазмұнды сұрақтар қойып, орынды жауап беруге үйрету қажет. Осы өзгерістерді біртіндеп өзгертетін болсақ, оқушының пәнге деген қызығушылығы артып, білім сапасын анағұрлым жоғарылататынын ойлаймын. Осы уақытқа дейін оқушының жас ерекшелігіне сай тапсырма беру, өздігінен  ізденуге бағыт беру, оқушының қабілетін ескере отырып тапсырмаларды орындау, сыныптың ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру, бағалаудың әр түрлі түрлерін қолдана білуі, диалогты оқытудың сабақ барысында қаншалықты маңызды болуы, оқушылардың дұрыс формадағы сұрақ қоя біле алуы, топтық жұмыстарды ұйымдастыра алуы мүмкіндігінің болуы сияқты жағдайлар менің оқу үрдісімнің мазмұнында болмаған. Тек осы курсты өткеннен кейін ғана сабақтың әрбір минутына мән бере отырып, дұрыс ұйымдастыруды үйрендім. Бірінші «Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» модулі менің сабағым үшін тиімді болды. Мысалға, сабақ барысында топтық және жұптық жұмыстар атқардық. Осы кезде «Қалай оқу керектігін үйрету» және «Диалогтық оқыту» бөлімдерін қарастырдым, яғни қалай оқу керектігін үйретуді негізге ала отырып, оқушылар жеке тапсырмалар орындау барысында оларды қадағалап, дұрыс бағыт беріп отырдым. Ал, диалогтық оқыту кез келген сабағымның кезеңінде болды. Тек бұл кезде оқушыларды дұрыс сұрақ қоюға үйреттім. Бұл кезде оқушы мен оқушы, мұғалім мен оқушы арасында сұрақтар қойылды. Бұл екі жақты процесс болғандықтан, өте тиімді. Оқушының берілген тапсырма бойынша қаншалықты түсінігі бар екендігін бірден анықтауға болады және талқылай отырып жұмыс жасағанда оқушының есінде жақсы қалады. Сыни тұрғысынан ойлау модулінде топтық жұмыстар атқара отырып, «Білемін», «Үйрендім», «Туындаған сұрақтар» стратегиясы бойынша және Венн диаграммасын қолдандым. Бұл стратегияларды сабақ барысында қолданудың тиімділігі көп болды. Оқушылар өзіндік және жеке ойлай алуға,  ескіге жаңаша көзқарас қалыптастыра білді, тың идеялар ойлап таба алды, сын тұрғысынан ойлайтындай сұрақтар қойып, шешімін табуды қажет ететін мәселені анықтауды үйренді, топтық алдында өздерінің ойларын ашық жеткізе білді, естіген, білгенін талдап, салыстырып, реттеп, сұрыптап, жүйелеп, білмегенін өзі зерттеп, дәлелдеп, тұжырым жасауға бағыттай отырып, өз бетімен және бірлесіп шығармашылық жұмыс жасауды үйренді. Бағалау модулінің, әсіресе критериалды бағалауды қолдану көптеген мәселелердің шешімі болды. Ең алдымен, мұғалім мен оқушының және мұғалім мен ата-ананың арасындағы кедергілерді біршама жойды. Критериалды бағалаудың бөлімдері қаншалықты көп болса, соншалықты әділ және тиімді болатынын байқадым. Алдағы уақытта міндетті түрде бағалаудың әр түрлі түрлерін қолданылатын боламын. Осы тараптан АКТ-ның тиімділігі байқалды. Оқушылар 3-сабақта wiki сайтқа кіріп, ақпарат жинап, жарнама құрастырды, А. «Медеу»  мұз айдыны туралы жасаған жарнамасы тартымды, қызықты болды. АКТ-мен өзара байланыстра отырып, осындай әдіс-тәсілдер арқылы оқушыларды қызықтырып алдым, сондықтан менің сыныбымда күлкі жиі естілді. Оқушыларға топпен жұмыс жасау ұнады. Сабақ соңында А. стикерге: "Сабақта топтық жұмыстар көп өткізілсін" пікірін жазып қалдырды." Wiki сайтқа кіріп, ақпарат жинап, жарнама құрастыру ұнады " деген пікірлерін оқушылар жазып қалдырды.

Сабақтың өткізу барысында менің  оқушыларымда өзгерістер көрінді. Олар жүйеге түсіп, жұппен, топпен, жұмыс кезінде уақытты тиімді пайдаланып өз пікірлерін айтып, біршама ашылды. Сынып оқушылары бір-бірімен жұмыс істегенде өздерін жайлы сезіне алды. Соның ішінде мені таңқалдырған жайттер аз болмады. Оқушыларды мен жақсы білемін деп келген пікірім қате болғанын анықталды. Сыныпта сабаққа бөгет жасайтын оқушы А. мені таңқалдырды, ол оқушылар арасында көп сөйлемейтін, момын оқушы қазір өзгере бастады. А. сабақта сөйлей бастады және оқушылармен қарым-қатынасын жақсартты. Осы сабақта оқушылардың  бір-бірімен қарым-қатынасы бұрынғыдан жақ-сарды. Өткізілген сабақтағы әдіс-тәсілдер оқушыларға  ұнады, тәжірибе жүргізген кезімде сыныпта тәртіп ережелері сақталды.

Топтық жұмыстар атқару барысында кейбір оқушылардың сурет салуға, ақпараттық құралдардың көмегімен оқушылар тақырыпты бойынша  игеру қабілеттерінің бар екендігін аңғардым. Оқушылардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, сабақ барысында практиканы қолдану уақытын реттедім. Топтық жұмыстар атқарған кезде, сабақ барысындағы ұйымдастырылған жұмыстардың әрбір кезеңі бойынша және  сабақтан тыс бақылауымның нәтижесі бойынша басқаруға қабілетті бірнеше көшбасшы оқушыларды анықтадым.  Мұғалімдердің көпшілігі, білімдері мен кәсіби дайындықтарына сәйкес, өздерінің жұмыстары туралы  толғаныста  болатыны  шындық, дегенмен бұл жердегі мақсат- үдерісті жарқын бейнелі, жүйелі және басқа  адаммен  ортақ ету болып табылады.

Кедергілер: топпен жұмыс жасау барысында көшбасшы рөлін дұрыс түсіне алмаулары, өз-өздеріне сенімсіз болуы.Тәжірибе барысында дәстүрлі өткен сабақтарымды салыстыра отырып, ұстаз ретінде,  жіберген қателіктердің ішінен оқушы бойындағы қабілеттерді ескермеу,оны дамытуға мүмкіндік туғызбай, тек өзімнің білетінімді оқушыларға  көрсеткенімді басты мақсатқа қойып жүргенім ойландырды.

Шешу жолдары: сабақты өткізу кезінде оқушылардың психологиялық ахуалын жақсартуға бағытталған стратегияларды қолдандым. Сонымен бірге оқушылармен сабақ барысында сергіту сәттерін өткіздім. Топпен жұмыс жасау кезінде көшбасшы рөлінің дұрыстығын түсіндірдім. Оқушылардың сабаққа деген қызығушылықтарының артуы мен білім деңгейлерінің жоғарлауы үшін модульдер арқылы қызықты тапсырмаларды үйлестіре қолдану арқылы басты назарларын сабаққа аудара алдым. Берілген тапсырмаларды оқушылар нақты орындай алды. Өздеріне берілген тапсырманың көлеміне қарамай, негізгі түснікті анықтап, оны дәлелдеуді үйренді.

Нәтиже: өзгерістер енгізу мақсатында жоспарланған сабағымды өткізу барысында  оқушыларымды басқа қырларынан байқай алдым. Берілген тапсырмаларды өздігіне орындай отырып, білімдерін шыңдай алды. Оқушы үшін сабақта жеті модульді қолдану – бұл шығармашылыққа, өз-өздеріне деген сенімділікке, басқалардың ойын тыңдауға, бірігіп жұмыс жасауға үйретті. Әрбір мұғалім үшін сабақта жеті модульді қолдану қажетті болып табылады. Ұстаз ретінде шығармашыл болуға, оқушы бойындағы қабілетін ажырата білуге, алған білімдерімен бөлісуге  және сабақты қызықты өткізуге,  уақытты үнемді пайдалануға үйретті.

Өзгерістер:

Мұғалімде : оқушылардың айтылған ойларын назарға алу; сыни ойлауға үйрете отырып, оқушылардың деңгейіне қарап, тапсырмаларды түрлендіру; бағалау түрлерін пайдалану.

Оқушыларда: ойларын еркін жеткізуді, өздік реттелуге, бір-бірлерін бағалауға, балалар бойындағы өздеріне деген сенімділіктің қалыптасуы.

Келесі қадам: Алдағы уақытта мектептегі жұмыс барысында сыныппен оқушыларымен курстағы  алған 7 модуль бойынша алған білімдерімді шыңдауға кірістірсем, оқушы бойындағы қабілеттер мен дарындылық қасиеттерін дамыта отыра, сабаққа деген қызығушылықтарын арттыру.

 

 

 

 

 

 

  Пайдаланылған әдебиеттер  тізімі:

 

1.      «Назарбаев Зияткерлік мектебі »ДББҰ. Мұғалімге арналған 

     нұсқаулық, 2012 ж .

2.      «Назарбаев Зияткерлік мектебі »ДББҰ. Бағдарлама, 2012 ж .

3.      «Назарбаев Зияткерлік мектебі »ДББҰ. Мектептегі тәжірибе кезеңінде

 орындауға арналған тапсырмалар, 2012 ж .

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Оқыту мен оқуда өзгеріс енгізілген физика сабағында»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-перинатолог

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 519 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.01.2018 594
    • DOCX 30.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдрахманова Меруерт Болатовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 2225
    • Всего материалов: 4

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 49 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 541 человек из 70 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 144 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Курс профессиональной переподготовки

Физика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель физики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 44 человека из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 129 человек

Мини-курс

Инновации, инвестиции и развитие транспортной отрасли

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 252 человека из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Эффективное управление проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе