Инфоурок Другое СтатьиОҚШАУ СӨЗДЕРДІ ДЕҢГЕЙЛЕП – САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ МЕҢГЕРТУ

ОҚШАУ СӨЗДЕРДІ ДЕҢГЕЙЛЕП – САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ МЕҢГЕРТУ

Скачать материал

ОҚШАУ СӨЗДЕРДІ  ДЕҢГЕЙЛЕПСАРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ МЕҢГЕРТУ

  Қазіргі заман талабына сай білім беру үшін бүгінгі таңда оқытудың мазмұнын өзгерту, яғни білім беру сапасын  арттыру қажеттілігі туындап отыр. Сондықтан сабақтарда тек білімділік мақсаттарды шешіп қоймай, оқушылардың жекелік қасиеттерін, қабілеттерін дамытудың жолдарын қарастырған жөн.Оқушылардың ойын дамыту, белсенділігі мен дербестігін қалыптастыруда оқытудың инновациялық технологияларын қолданудың маңызы ерекше. Технология – грек тілінен аударғанда шеберлік деген ұғымды білдіреді. Бұл сөздің мағынасы – педагогика саласында қолданғанда шеберлікпен өнім алу, нақты нәтижеге жету. «Технология – оқушы мен ұстазға бірдей қолайлы жағдай тудырушы оқу процесін ұйымдастыру және жүргізу, бірлескен педагогикалық әрекетті жобалаудың жан-жақты ойластырылған үлгісі». Ал педагогикалық жүйе дегеніміз – белгілі бір қабілеті бар дара тұлғаны қалыптастыруға бағытталған педагогикалық әсерді ұйымдастыруға қажет құралдар, әдістер мен тәсілдердің өзара байланысқан бірлігі.

Білім сапасы білім беру мазмұны, оқыту формалары мен әдістері, технологиялары негізінде анықталады.«Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгеру мұғалімнің интелектуалдық, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық және де басқа көптеген келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін – өзі дамытып, оқу тәрбие үрдісін тиімді ұйымдастыруына көмектеседі» – деп   көрсетеді  С.В.Селевко.

Оқушыларды ойлай білуге, ойларын дәл жеткізе білуге үйретуде Ж.А.Қараевтың саралап деңгейлеп оқыту технологиясын қолдану үлкен нәтиже береді.Педагогика ғылымдарының докторы, профессор Ж.Караев оқушылардың оқу деңгейін 4 түрге бөлген.

1) репродуктивтік деңгей – жалпыға бірдей стандартты білім негізінде тапсырма беріледі. Мұндай тапсырмалар оқушылардың алдыңғы сабақтарда алған білімдеріне және оқушыға байланысты;

2) алгоритмдік деңгей-мұнда оқушы мұғалімнің түсіндіруі мен қабылдаған ақпаратты пайдалана отырып орындайды;

3) Эвристикалық деңгей оқушы өзі ізденіп, қосымша әдебиеттерді қолдана отырып жауап береді;

4) Шығармашылық деңгей-оқушының таза өзіндік шығармашылығын байқатады. Жаңа тақырыпты оқушылар шығармашылық ізденіс үстінде өздігінен меңгереді. Деңгейлеп оқыту әр оқушының белсенділігін оятады. Саралап білім  беру – қабілеті және мақсаты әр түрлі оқушылардың дамуына жағдай жасайды. Даралап-саралап оқыту технологиясының мақсаттылық принципі – әр сабақты өткізуге арналған жоспарда, ең бірінші, сол сабақтың мақсаты көрсетіледі.

Деңгейлік тапсырмалар беру әдістемесінің негізгі ұстанымы – оқу материалдарын оқушының жас ерекшелігі мен психологиялық ерекшеліктеріне байланысты ойлау әрекеттеріне ойластырып, саналы меңгерту. Оқушылардың білім сапасын көп жағдайларда төмен болуы осындай түрлі жағдайларды ескермеудің салдары деп айтуға болады. Деңгейлік тапсырмалармен жұмыс жасау оқушылардың іскерліктерін жүзеге асырады.

Қазақ тілі сабағында деңгейлік тапсырмаларды жүргізудегі негізгі мақсат – оқушылардың қабілетін ашу, шығармашылығын шыңдау, іздендіру, пәнге қызығушылығын арттыру.Осы мақсатқа жету үшін төмендегі міндеттерді жүзеге асыру қажет:

1.   Оқушылардың өздігінен білім алуына жағдай жасау.

2.   Оқушылардың бір – бірімен білім алмасуына бағыт беру.

3.   Шығармашылық қабілеттерін арттыру.

4.   Сөздік қорын байыту.

Деңгейлік тапсырмаларда әр деңгейдің алатын орны бар.Әр деңгейде орындалатын тапсырмалар түрлі талаптарды көздейді:

 

І деңгей. Оқушылық деңгейде орындалатын тапсырмалар:

-           Мұғалім түсіндірген білімді оқушының қайталап бере алатындай болуы керек.

-           Оқушыны жаңадан меңгерген білімін кез-келген жағдайда тани алуға дағдыландыратын болуы қажет.

-           Жоғары деңгейдегі тапсырмаларды орындауға көмек бере алуы тиіс.

Мұнда оқушыға аса ойлануды қажет етпей, тез жауап бере алатындай сұрақтар мен тапсырмалар беріледі, яғни оқулықта бар мәселелер қамтылуы керек. В.П.Беспалько бұл деңгейдегі тапсырмалардың мақсаты, орындалу жолдары айқын болуы қажет екенін ескертеді.Қазақ тілі сабағында бұл деңгейге лингвистикалық ережелер, анықтамалар, сөйлем ішінде керекті грамматикалық көрсеткіштерді тану, мысал келтіре алу т.б. жатады.

 

ІІ деңгей.Алгоритмдік деңгейде орындалатын тапсырмалар:

- Өткен материалмен өзара салыстыра отырып, жаңа материалдың ерекшеліктерін ажырата алуға негізделген болуы керек.

-  Сөйлемді дұрыс құрай алуға машықтандыратын болуы қажет.

- Тапсырмада, грамматикалық, лексикалық т.б. тақырыптардың желісі үзілмей, өзара байланысып, бірін – бірі толықтырып отыруы тиіс.

- Тапсырмалар берілген ойды жалғастыратындай болуы керек. Бұл деңгейдегі берілген тапсырмалардың мақсаты айқын болып, ол мақсатқа жету үшін тапсырмалардың орындалу жолдарын табу оқушыдан талап етіледі. Оқушы бұл кезде мұғалімнің түсіндіруімен  қабылданған ақпаратты пайдаланады.

ІІІ деңгей. Ізденімділік (эвристикалық) деңгейде орындалатын тапсырмалар:

-           Оқушыны іздендіре отырып, нәтижесінде өзіне жаңа білім алуын қамтамасыз ететін болуы керек.

-           Оқушыны қосымша әдебиетпен, түрлі сөздіктермен жұмыс жүргізуіне бағыттайтын болуы қажет.

-           Оқушының ойлау қабілетін жетілдіретін тапсырма болуы тиіс.

Мұндағы тапсырмалар оқушыдан ізденуді қажет етеді.Оқушы бұрын алған білімінің негізінде және қосымша әдебиеттің көмегімен тапсырманы ой еңбегін іске қосу арқылы шеше алады.

ІҮ деңгей.Шығармашылық деңгейде орындалатын тапсырмалар:

-           Белгілі бір шығармашылық жұмысқа бейімдейтін болуы керек(сурет салу, шығарма, әңгіме, ой толғау, өлең жазу, ертегі құрастырып жазу т.б.)

-           Ғылыми көзқарасын қалыптастыруға арналған тапсырмалар беру қажет.(реферат, пікір, баяндама жазу, өз ойын, пікірін қосатын тапсырмалар т.б.)

-           Тапсырманың мазмұны арқылы оқушыға проблемалық ситуация туғызып, баланың шығармашылық ойлауын дамытатын болуы тиіс.

Тілдік тақырыпты (лексикология, фонетика т.б.) өткеннен кейін оқушыға сол тақырып бойынша сызба, кесте сызғызуға болады.Сонда әр оқушы өзінің жаңалығын ашады.

Әдебиетті оқытуда жүзеге асырылатын шығармашылық жұмыстарға аннотация, пікір жазу, баяндама жасау, реферат жазу, әдеби монтаждар жасау т.б. жұмыстарды жатқызуға болады.

Әр деңгейдің өзіндік талаптарына сәйкес тапсырмалар жүйесі жасалынады. Деңгейлік тапсырмаларды іріктеп алудың басты ұстанымдары төмендегідей:

1.            Тапсырманың қызықтылығы. Тапсырманың ішкі мазмұны мен оны орындау жолдары қызықты болуы керек. Сонда оқушы әр тапсырманы аса қызығушылықпен орындайды.Бұл үшін шарты әр түрлі болып келіп, құрылымы түрліше ұйымдастырылып отырғаны жөн.

2.            Тапсырма мазмұнының жүйелілігі. Тапсырманың мәні мен мазмұны, ішкі құрылымы мағыналық жағынан жүйелі байланыста болуы тиімді.Сонда оқушының ойы, сана-сезімі бірыңғай мәселе төңірегіне жинақталады. Тапсырма мазмұнының жүйелілігі оқушының ойлау жүйесін қалыптастыруға негізделеді.

3.            Тапсырманың жетекшілігі. Тапсырма өтілетін тақырыппен тікелей байланысты болуы керек.Тапсырма түрліше формада ұйымдастырылып, тереңдетілген мазмұнда берілуінің өзі, ең бастысы, бағдарламада берілген тақырыпты меңгертуге бағытталады. Қандай тапсырмада болсын(І,ІІ,ІІІ,ІҮ деңгейлердегі) тақырып жетекші роль атқарады.

4.            Тапсырманың танымдылығы. Тапсырмалар мазмұнының танымдылық сипаты басым болуы керек. Оқушыны жеке тұлға ретінде қалыптастыруға ықпал ететіндей терең мазмұнды болуы тиіс.

Осы ұстанымдарды негізге ала отырып, оқшау сөздерді оқытуға байланысты берілетін тапсырмалар жүйесін мысалға қарастырсақ.

 

І деңгей. Семантикалық картамен жұмыс.

мысалдар

Қаратпа сөз

Қыстырма сөз

Одағай

11

Суық өтті-ау, абай, саған!

 

 

 

22

Жасыратыны жоқ, мен әлі қауіптенемін.

 

 

 

33

Әйтсе де, сізді танымай тұрмын.

 

 

 

44

Ой, шаруа қайда қашатын еді.

 

 

 

55

Шіркін, ақын болсаң, осындай бол!

 

 

 

66

Әрине, оның айтқаны дұрыс.

 

 

 

77

Айта беріңіз, апа!

 

 

 

Бұл тапсырма оқшау сөздердің түрлерін ажырата алу мақсатында берілген. Мұнда оқушы түсіндірген білімді еске түсіріп, пайдалана білуі тиіс. Сол арқылы оқушыларда мынадай дағдылар қалыптасады:

-   оқшау сөздерді, олардың өз ішінен бөлінетін түрлерін ажырата білу.

-   қаратпа сөз, оның ерекшелігін;

-   қыстырма сөз;.

-   одағай сөз,.

 

ІІ деңгей. Төмендегі берілген сөздермен сөйлемдер құрастырып, оқшау сөздердің емлесін түсіндір.

а)  меніңше, бақытына орай, шөре-шөре, қап, алақай, апа, ағай.

ә) Инсерт стратегиясы бойынша кесте сызып,теориялық білімді өз бетінше оқып белгілеу

Ү

    (білемін)

+

(жаңа ақпарат)

-           (менің ойыма қарама-қарсы)

?

(сұрақ тудырады)

Бұл тапсырмаларды орындай отырып оқшау сөздердің емлесіне назар аударады. Сол арқылы тілдік материалды есінде ұзақ сақтайды.

 

ІІІ деңгей.а) Көркем әдебиеттен оқшау сөздер қатысқан сөйлемдерді теріп жазу.

 Бұл сияқты тапсырмалар арқылы оқушыларды іздендіріп, қосымша әдебиетпен жұмыс істеуге жетелейміз.

 

ІV деңгей.

а) Оқшау сөздерден өткенді қайталауға арналған тапсырмалар жүйесін құрастыр.сызба, кесте үлгісін жаса. Графикалық диктант алу

 


одағай

 

қыстырма сөз

 

қаратпа сөз

 


                  паҺ       Сөйтіп    Әй,қалқам   әйтсе     алақай   шырағым

 

ә)  «Халық ауыз әдебиеті – халқымның асыл қазынасы» атты ой – толғау жазу. т.б.

Бұл деңгейдегі тапсырма алдыңғы деңгейдегі тапсырмалардың қорытындысы ретінде саналады.Алдыңғы деңгейден сүрінбей өткен оқушы ғана бұл тапсырманы орындай алады. ІҮ деңгейдегі тапсырманы орындау барысында оқушының мынадай дағдысы мен шеберлігі қалыптасады:

-           ғылыми негіздегі тапсырманы орындай алу, курстық, диплом жұмыстарына дайындалу.т.б.

-           өз үйренгенін практикада қолдану

 

Оқушының пәнге қызығушылығын арттырудың бір саласы деңгейлеп, саралап оқытуды қолданудың  тиімді жақтары бар Олар:.
1) топтағы барлық оқушы жұмыспен қамтамасыз етіледі, белсенділігін арттырады.
2) Оқушы өз білімінің деңгейінде жұмыс жасайды.
3) Оқушының өз бетімен жұмыс істеу жауапкершілігі артады.

Тиімді де орынды пайдаланылған оқыту технологиясы-  сапалы білім негізі бола алады. Мұндай сабақтарда оқушылардың тапсырылған жұмыстарға іскерлігі қалыптасады, болашақ маманнның кәсіби шеберлігі қалыптасады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.   Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасы, 2010ж

2.   12 жылдық білім беру тұжырымдамасы, 2010ж

3.      Л.П.Крившенко «Педагогика» М, 2004г

4.    «Оқытудың педагогикалық жүйесін технологиялық негізде жетілдіру »
Қобдиқова Ж.У. А.,2005 жыл

5.   Г.К.Селевко «Современные образовательные технологии» 1998г

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "ОҚШАУ СӨЗДЕРДІ ДЕҢГЕЙЛЕП – САРАЛАП ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫН ҚОЛДАНУ АРҚЫЛЫ МЕҢГЕРТУ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист сварочного производства

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 963 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.11.2016 2032
    • DOCX 67.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Абдраманова Меруерт Нурмахамедкожаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9557
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 17 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Коррекционно-развивающая работа и оценивание в образовании для детей с ОВЗ

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 40 человек

Мини-курс

Институциональные основы современного инвестирования

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе