Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Другое / Конспекты / Отчет А при обучении уровневым курсам
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Другое

Отчет А при обучении уровневым курсам

библиотека
материалов

Адрейсова Гульжанат Алданқызы мұғалім портфолиосы А есебі

І топ І деңгей

Қарағанды қаласы 20.05.2014ж

Өзгеріс не үшін қажет ?


Жаңа технологиялар қарқынды дамып, жаңашылдыққа бет бұрған кезде мемлекеттің барлық салаларында түбегейлі өзгерістер орын алуда. Сондай өзгерістер бізге қатысты білім және ғылым саласында да болып жатыр. Жаһандану заманында өмір ғана емес, адамның ойлауы да өзгеруі тиіс. Жаңалықты игеру жолдарын түсіну, жақсы өмір сүрудің көрсеткіштеріне жету үшін білімнің қажеттілігі жылдан-жылға арта түсуде. Білімнің адам өмірінде алатын орны ерекше болып отырған заманда, білім саласында реформалар жүргізу, әлемдік білім беру жүйесін қайта қарау керектігі дәлелденіп отыр.Себебі, әлем елдері өздерінің мемлекеттерінің байлығы- адамдарының білім деңгейін арттыруға бағытталған реформалар жүргізіп жатыр. ХХІ ғасырда балаларға нені және қалай үйретеміз, өмірге қалай бейімдейміз, тіршілігі қиындап келе жаткан заманда өздерінің білім мен күш-қайратына сенетін ұрпақ тәрбиелеу үшін не істеуіміз керек? деген сұрақтар мазалауда. Осы сұрақтарға шешім табу үшін әлем елдерінің білім саласына қатысты бай тәжірибелерін зерттеп қарауға болады.

«Pearson» халықаралық білім компаниясының зерттеулері әлемдік білім саласы дамыған алдыңғы қатарлы мемлекеттерді анықтады. «Economist Intelligence Unit» атты компанияның зерттеу қорытындысы бойынша 40 мемлекетте жүргізілген зерттеулер 3 параметр бойынша алынған. Бұл мемлекеттердің сауаттылық, математикалық және жаратылыстану бағытындағы білім деңгейлері сараланды.Осы зерттеулер нәтижесі бойынша Финляндия, Оңтүстік Корея, Гонконг мемлекеттері алдыңғы үштікте тұр.Біздің мемлекетте бар проблемалар бұл мемлекеттерде қалай шешілуде, ол жақта білім алуға қандай жағдайлар жасалынған, жалпы білім жүйесі қалай құрылған деген сұрақтарға қызығушылық – менің осы елдер туралы мағлұмат жинауыма себеп болды. Ізденісімнің қорытындысы төмендегідей болды: Финляндия - халықаралық зерттеу нәтижелері бойынша Европа елдері ішіндегі білім саласындағы жетістіктері бойынша алдыңғы қатарлы мемлекет. Финляндияның оқу жүйесі үш баспалдақтан тұрады: 1-6 сыныптар – бастауыш орта мектеп, 7-9 сыныптар –жоғарғы орта мектеп, одан кейін 3 жыл бала гимназия немесе лицейде өз білімін жалғастырады. Бұның өзі баланың өз еркінде, гимназия немесе лицей бітірген соң жоғарғы оқу орнына емтихан тапсыруға мүмкіншілігі бар. Ал 9 сыныптан кейін кәсіптік техникалық мектепке барса, онда оны бітіріп, әрі қарай жұмысқа орналасады, яғни жоғарғы білім алуына жол берілмейді. PISA зерттеулеріне қатысқан Финляндияның 203 мектебінің 6451 оқушысының 91% жоғарғы көрсеткішке жеткен. Білім алудың жоғары сапасы көптеген факторлардан құралады. Мысалы, балалардың барлығы әлеуметтік жағдайына қарамастан тегін білім алады, мектептердің материалдық-техникалық базасы жоғарғы деңгейде. Ал мұғалім мамандығы – ең құрметті мамандық болып есептеледі. Ал бастысы- бұл мемлекеттің мектепте білім берудегі басты мақсаты – оқытудың практикалық бағыты, бұл әлемдік стандарттарға сай. Мектепте балаға көп білім алуды емес, алған білімін өзінің өмірлік тәжірибесінде қолдануды үйретеді. Сонымен қатар баланың бала екенін де ұмытпайды, бала үнемі сабақ оқып қана қоймай, ойнап, сырғанақ теуіп, велосипедпен серуендеп, жүгіру керек деп есептейді. Мектепте оқушыларға барлық жағдай жасалынған. Бір мезгіл тегін ыстық тамақ, оқулықтар, оқу құралдары, сабақ үрдісі арасындағы 75 минут үзіліс (Қазақстанда 55 минут), алғашқы 6 жыл оқуда емтиханның болмауы, оқушылар арасында «жақсы» немесе «жаман» оқиды деген аражіктің болмауы, орташа оқитын оқушыларға 9 жыл қатарынан қосымша көмек ұйымдастырылғаны жақсы оқуға жетудің баспалдақтары.

Білім сапасының 100% пайыздық көрсеткіші – фин ұлтының мақтанышы. Бұл жетістікке жетудің финдік формуласы- басқа мемлекеттерге үлгі.

Әлемдегі жоғары дамып келе жатқан мемлекет –Оңтүстік Корея. Мемлекет әлемдік нарықта мықты орналасқан , қатаң тәртіп, тұрғындардың күн көрісінің жоғарғы деңгейі, халқының еңбекқорлығы – осының бәрі бірнеше жылдан бері мемлекет басындағылардың жылдан жылға басқарудың дұрысты шешімін тауып келе жатқан бағытының нәтижесі. Бұл мемлекетті таңдауымның себебі - мұндағы білім беру жүйесі Финляндиямен салыстырғанда кішкене басқаша, бірақ та жеткен жетістіктері бірдей. Оңтүстік Кореяда бала 6 жыл бастауыш сатыда, 3 жыл орта мектепте, 3 жыл жоғарғы мектепте оқиды. Жоғарғы мектеп екі сатыдан тұрады: жалпы бағыттағы және кәсіби бағыттағы. Жалпы бағыттағы мектептерде гуманитарлық, қоғамдық және жаратылыстану ғылымдарын, өнер, дене тәрбиесін және шет тілдерін , кәсіби мектептерде компьютер техникасы, басқару ісі, машина жасау, ауыл шаруашылығы және теңіз ісіне оқытады. Мектепте басты назар сабақ үрдісіне бағытталған- сыныптық оқу жүйесі мықты тәртіпке негізделген. Балаға сабақта берілген білім жаттату арқылы есте қалады деп есептелінген. Мектептегі сабақтары біткен соң оқушылар қосымша ақылы сабақтар алады. Мектепті аяқтаған соң жоғарғы білім алуына мүмкіншілік бар және ол жерде 2-4 жыл көлемінде оқиды. Жоғарғы оқу орнына түсу үшін мықты білім мен дайындық керек екенін корей балалары жақсы түсінеді. Оңтүстік Кореядағы мұндай жетістіктердің себебі неде? Біріншіден, Корей экономикасы жақсы дамыған, екіншіден мемлекеттің ел басқаруда қауіпсіздік және ынтымақтастық қағидаларын ұстануы, үшіншіден күн көріс шегінің және оқудың қолжетімділігі – осының барлығы қосылып келгенде халық көңілінен шығып, олардың көңіл-күйін жақсартады, алдыға жылжуға ұмтылыс береді. Енді осы мемлекеттердегі мұғалім мамандығына жасалынған жақсылықтарға көз жүгіртсек:

Финляндияда мұғалім 4 сағат қана жұмыс істейді, ал аптасына 2 сағат өзінің кәсіптік білімін жетілдіруге жұмсайды. Фин мұғалімінің жалақысы жылына 28 мың евроны құрайды (Қазақстанда 4761 евро). Бұл мемлекетте мұғалім міндетті түрде магистр дәрежесіне ие болу керек. Оқу жылы аяқталғанда мұғалімдерді жұмыстан босатып, келесі оқу жылында конкурс негізінде қайта алады, сондықтан фин мұғалімдері үнемі өз білімдерін кеңейтіп отыруға үлкен мән береді.

Оңтүстік Кореяда мұғалім мамандығы ең құрметті болып саналады. Оның жалақысы мемлекеттегі орташа жалақыдан 2 есе жоғары. Бұл мемлекетте мұғалімдердің қатарын жыл сайын емтихан тапсырту арқылы «тазалап» отырады.

Қарап отырсақ, осы екі мемлекеттегі білім саласының мақсаты мемлекеттің басты мақсаттарының бірі болып саналады және ұлт мүддесімен ұштасады.

Ендеше, Қазақстанның білім саласына осы мемлекеттердің білім саласынан басты нені алуға болады?

Әрине, ең бірінші халықтың оқу, білім алуға деген көзқарасын әрі қарай дамыту керек. Қазақстан азаматы білімнің тек қана өзіне керек екенін ұғыну қажет. Екіншіден, білім саласына бөлінетін қаржы көлемі ұлғаю керек. Мысалы, қазіргі жаһандану кезінде ең керекті Интернет желісіне ауыл мектептерінің көпшілігінің қолы жетпейді, материалдық - техникалық базасы сын көтермейді,оқулықтардың жетіспеушілігі, мектептердің жалпы жағдайының төмендігі – осының барлығы оқуға, білім алуға деген ұмтылысты басады. Мұғалім жалақысы төмен болғандықтан, олар күнкөріс қамымен қосымша табыс табу көзін іздестірумен уақытын өткізеді.

Біздің мемлекетте ешқандай жағдай жоқ деп айтудан аулақпын. Тәуелсіздік алған жылдардан бастап Қазақстанда ауыз толтырып айтарлық көп іс атқарылды. Мемлекет басшысы Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың сарабдал саясатының арқасында әлемдегі алдыңғы қатарлы 50 елдің қатарына кіреміз деген мақсатты ұстанып келеміз. Осы мақсатқа жету жолында әрбір қазақстандықтың міндеті жоғары деңгейдегі біліммен қаруланып, мемлекет мүддесіне абыройлы қызмет атқару. Жыл сайын мемлекетімізде жаңа мектептер, балабақшалар ашылып жатыр. Мектептердің материалдық-техникалық базасы жаңаланып, толықтырылуда. Интернет желісіне қосылу үрдісі қолға алынуда. 12 жылдық білім алуға көшу үстіндеміз. Осы бағытта да біршама жұмыстар атқарылып жатыр. Мұғалімдерді қайта даярлықтан өткізуге көп мән берілуде.

Мен сабақ беретін мектеп негізгі мектеп статусына жатады. Мектепте бар жоғы 60 оқушы бар, 19 мұғалім сабақ береді. Мектеп жанында интернат жұмыс жасайды. Онда 25 бала тәрбиеленеді. Мектептің білім сапасы жылдан жылға жақсы көрсеткіштерге ие. Бала санына қарамастан мектепте әртүрлі мәдени шаралар мен конкурстар өтеді, оқушыларымыз аудандық, облыстық деңгейдегі жарыстарға қатысып отырады. Мектептің материалдық – техникалық базасы орта деңгейде, интерактивті тақта, мультимедия кабинеттері жоқтың қасы. Мектептегі компьютер саны бір балаға шаққанда 4,4 тен келеді. Мені оқу ісінің меңгерушісі ретінде оқушылардың әдеби кітап оқуға деген көзқарастары алаңдатады. Мектеп – ауылдың мәдениет ошағы. Сондықтан мұғалім және бала бойында мәдениеттің ұшқыны білініп тұру керек, ал мәдениет адамға театр, кино, спетакльдерге бару арқылы келеді десек, ауыл жағдайында балаға мәдениетті, эстетиканы, рухани байлықты кітап оқыту арқылы ғана бере аламыз. Бұл жағдайда мектеп кітапханасының атқарар орны ерекше. Мектепте түрлі конференциялар, дөңгелек үстелдер ұйымдастырып отыру қажет. Басқа елдердің білім саласын қарастырып отырумен қатар, баланың кітап оқуға деген ынтасын ол елдерде қалай арттырады екен деген қызығушылық болды. Мәселен, Финляндияда кітап оқу әр адамның сүйікті ісі екен. Бұл сүйіспеншілік адамға бала кезінен бастап сіңіріледі. Статистика бойынша фин халқының 70% кішкентай балаларына өздері кітап оқып береді. Финдіктер қолдары босай қалса, кітап оқумен шұғылданады. Метрода, кешке ұйықтар алдында, паркте серуендеп жүріп, қонақта болса да – кітап оқиды екен. Олар таныстарымен, туыстарымен бірігіп «үйде оқу» деген отырыстар ұйымдастырып, бірге жиналып кітап оқып, оны талдайды екен. Финляндияда кітап – ең бағалы да құнды сыйлық. 80% финдіктер жылына кем дегенде 2 жаңа кітап сатып алады. 38% финдіктер жылына 10 кітап сатып алады екен. Мемлекеттің әрбір тұрғыны жылына кітапханадан 19-20 кітап жаздырып алып оқиды. Фин халқы аз болса да ,оларда әдеби кітап оқуға қатысты жыл сайын тойланатын 6 әдеби мереке бар.

Шет елдің озық тәжірибесін алу әрине дұрыс. Бірақ батыстың барлық тәжірибесін әкелу міндетті емес. Қазір батысқа еліктеушілік тым басым болып барады. Нәтижесінде көптеген кеңестік заманындағы құндылықтарды жоғалтып, сырттан алған құндылықтарымыз аса кірікпей, екі ортада ұлттық менталитетімізден айырылу қауіпі тұр.Бүгінде білім беру саласына жұртшылықтың назары ауып, терең білім адамның ең ізгі қасиеті болып табылған кезде, алдыңғы қатардағы елдерге қарап, біздің елдің де білім беру саласында көптеген реформалар жүргізіп, өзгерістер енгізіліп жатқанын көріп отырмыз: «Дарын», арнайы спорт, музыка, Назарбаев зияткерлік мектептері халықаралық білім стандартына сәйкестендіріп оқытып жатыр. Менің ойымша, осындай арнайы мектептерді, соңынан профильдік мектептер санын көбейту қажет, өйткені зерттеушілік машықтары бойында қалыптасқан оқушылардың функционалдық сауаттылығы жоғары болады. Ұлтын сүйген педагог Мағжан Жұмабаев: «Қазақтың тағдыры, келешекте ел болуы да мектебінің қандай негізде құрылуына барып тіреледі. Мектебімізді таза, берік һәм қазақ жанына үйлесетін негізде құра білсек, келешегіміз үшін тайынбай-ақ серттесуге болады», - деген екен.

Қopытa кeлгeндe, әp eлдiң бiлiм бepу жәнe тәpбиe сaлaсындa өзiндiк epeкшeлiгi мeн apтықшылығы, тiптi кeмшiлiгi дe бoлaды дeп oйлaймын. Әлeм eлдepi тәжipибeсiндe әp мeмлeкeттiң өзiнe тән opтa бiлiм бepу жүйeсi мeн мeктeп үлгiсi, opтa мeктeптepдiң әp қaйсысының қaлыптaсқaн өзiндiк iшкi құpылымы да бap.

Дегенмен, еліміз үшін білім беру жүйесінде шешімін таппаған түйінді мәселелер жеткілікті. Мұның мынандай әлсіз жақтары бар деп білемін: білім беруді ақпараттандырудың баяу жүруі; білім берудің халықаралық стандарттарға сәйкессіздігі мен қолжетімсіздігі; материалдық базаның жеткіліксіздігі; білім берудегі менеджменттің тиімсіздігі; инклюзивті білім берудің дұрыс жолға қойылмауы; педагог кадрларды даярлау сапасының төмендігі. Келешекте осындай әлсіз жақтарымызды жетілдірудің бір жолы – жоғары білікті кадрлар даярлау. Білім берудегі әлемдік озық идеяларды еліміздің құндылықтарына сай оқытатын ұлттық білікті кадрлар даярлау орталықтарын құру арқылы сұранысқа лайықты маман мәселесін шешуге болады. Жоғары білікті мұғалім қазіргі заман талабына сай өз білімін жетілдіріп, талапқа сай инновациялық технологияларды оқыту үдерісіне еркін енгізсе, білім саласындағы өзгеріс саннан сапаға әкеледі. Әлемдік тәжірибеде барлық балалардың мүддесі үшін мектептердің «Білім беру желілеріне» бірігуі уақыт өткен сайын маңыз алуда.

Осы курсты оқу барысында менің де санамда біраз өзгерістер болып жатыр. Мектепте қандай жұмыстарды іске асырамын, не жоспарлаймын, алған білімімді қалай қолданамын деп ойластырамын.

Өзім І деңгей тыңдаушысы ретінде мектепке барғаннан кейін ең алғашқы жұмысым мектеп директорымен кездескеннен кейін, қазақ тілі мен әдебиет, орыс тілі мен әдебиет пәндерінің мұғалімдерінен, ата-аналардан, сынып жетекшілерінен,оқушылардан сауалнама аламын. Сауалнама сұрақтары «Оқушылардың әдеби кітап оқуға деген көзқарасы қандай?» деген тақырыпты зерттеуге арналған. Сауалнама қорытындысы бойынша өзімнің даму жоспарымды құрамын да, осы мәселені шешу жолында мектеп мұғалімдерімен коуч өткіземін.

Бұл бағытты алған себебім ХХІ ғасырдың баласы компьютер мен ұялы телефон, планшет сияқты жаңа үлгідегі технологияларға қызығып, кітапты мүлдем оқымайды. Кітап оқу арқылы баланың сөйлеу мәдениеті дамиды, рухани байлығы артады. Ал ауылда тұратын балалар көбінесе ата-әжесінің тәрбиесінде болғандықтан, жастайынан ертегі тыңдап, қазақтың халық ауыз әдебиетінен нәр алып өссе, болашақта өз елінің нағыз ұлтжанды азаматы болады.

Кітап оқу- адамның жан дүниесін рахатқа бөлейді, өмірінің мәнін түсінуге көмектеседі. Кітап оқу - адамзат ойлап тапқан ең ғажайып құбылыстардың бірі. Рухани жан дүниеге демеу беріп, адамның адами қасиетін арттыратын да осы кітап. Тәрбиеміздің бастауы ертегі, жыр, дастандарымыз да бүгінгі ұрпаққа кітап болып жетті. Ұлы Абайдың :
Пайда ойлама, ар ойла,
Талап қыл, терең білуге.
Артық білім кітапта,
Ерінбей оқып көруге, деген сөзінен – ақ көп нәрсе аңғаруға болады. Сондықтан кітап оқу әр адам үшін қажет, кітап көбірек алғыр ойлауға баулып, албырт сезімді тежеуге, ішкі барлық ойлау және сезіну қабілетімізді қалыптастыратын
сезім тәрізді ми гимнастикасы болып табылады. Кітап - ол дос, жұбатушы, басшы, біздің түсініксіз болып қалған ойымыз бен сезімімізді қалыптастыруға көмекші; кітап өзінің мазмұнымен нәр татқызып, рухани қолдау береді. Болашаққа жаңа ғана қадам басқан баланың оқуына ата-ана мен мұғалім бірлесе отырып басшылық жасап, бағыт беріп жіберу қажет. Кітаппен жұмыс жасау,оқушының білім сапасын көтерудегі қажетті жағдай.Баланың жалпы дамуы мектептегі оқу мен оның өздігінен оқуына тығыз байланысты.

І деңгей бағдарламасының басты мақсаты «ХХІ ғасырда нені және қалай оқытамыз?» деген сұрақтар төңірегінде болса, оның жауабының бірі – әдеби кітап оқытуға көп мән берейік дер едім. Сыныптан тыс оқуға арнайы сағат бөлінсе. Кітапханалардың материалдық-техникалық базасын кеңейтсе. Себебі, келешек ұрпақтың рухани жан-дүниесі бай болса, олардың бір-біріне деген бауырмалдығы артады, отанға деген сүйіспеншіліктері мықты болады, ата-анаға деген мейірімдері шексіз болып, сөйлеу мәдениеттері дамиды.

Қорыта айтқанда, жаңа әлемдегі жаңа Қазақстан үшін ең негізгі басымдықтардың бірі - білім. Білім - ғылымның іргетасы және мемлекет дамуының алтын арқауы. Жаңа заманғы білім кеңістігінде менің мектебім лайықты орын алу үшін мен көшбасшы ретінде бірқатар іс-шараларды іске асыру нәтижесінде мектеп мұғалімдерінің СТО стратегиялары, топтық жұмысты ұйымдастыру жолдары туралы білімдерін кеңейтіп, жаңа оқу бағытына жаңаша көзқараспен қарап, оқушының оқуға деген қызығушылықтарын арттырудың тиімді тәсілдерін үйренуіне үлесімді қосамын. Қазақстанның білім беру саласында әлемдік трендттерге сай келетін жаңа міндеттер қоюы білім саласына тың әрі сапалық өзгерістер әкеледі деген сенімді арттырады.


Пайдаланған әдебиет:

  1. «Мұғалімге арналған нұсқаулық»

  2. http:bilimdiler.kz

  3. http: adilet.zan.kz

7


Автор
Дата добавления 03.11.2015
Раздел Другое
Подраздел Конспекты
Просмотров194
Номер материала ДВ-117517
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх