Инфоурок Другое Другие методич. материалыОткрытый урок на тему «Баланстың өтімділігін талдау»

Открытый урок на тему «Баланстың өтімділігін талдау»

Скачать материал

Сабақ жоспары №37

 

Пән  атауы: «Қаржы есебін талдау »

Оқу тобы: ЕА-31

Өтетін күні: 6 қазан   2015жыл

Өтетін орны: 12 дәрісхана

Мамандығы: 1518000 «Есеп және аудит»

 

Сабақтың тақырыбы: «Баланстың өтімділігін талдау»

 

Сабақтың мақсаты:

 1)Білімділік: Баланстың өтімділігін талдау бойынша  алған білімін байқау, білім сапасын арттыру, ой-өрісін кеңейту. Алған білімін жинақтау

2)Дамытушылық: Оқушыларға бағыт-бағдар бере отырып, өздіктерінен жұмыс  жасау, ой-өрісін дамыту, білім , іскерлік дағдыларын қалыптастыру, жеке топтық жұмыста шапшаңдылық танытуға машықтандыру, қосымша  материалды  пайдалануға дағдыландыру.

3)Тәрбиелік: Оқушыларды жауапкершілікке баулуға, еңбек сүйгіштікке, адалдыққа баулу;өз елінің байлығын қорғауға, отан сүйгіштікке, еңбекке және экономикалық тәрбиелеу.

 

Сабақтың түрі: Аралас сабақ.

 

Сабақтың типі: Білім мен білік дағдыларын қалыптастыру.

 

Сабақтың әдісі:  сұрақ-жауап, баяндау,  лекция, ақпараттық – коммуникативтік, өздігінше жұмысты орындап топпен   жұмыс жасау, әр түрлі ойын, есептер шығару әдістері т.б.

 

Көрнекілігі:  Интерактивті тақта, компьютерлік техникалық құралдар, есептеуіш машиналар, қосымша әдебиеттер, слайдтар, тірек сызбалар т.б.

 

Пәнаралық байланыс: «Ұйым экономикасы», «Қаржылық есепті талдау», «Экономикалық информатика», «Экономистерге арналған математика».

 

Күтілетін нәтиже:

1)     Оқуға деген ынтасын арттыру;

2)     Оқушының жан-жақтылығы; ой-өрісін кеңейту;

3)     Бірігіп топпен жұмыс жасауы;

 

                                                  Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі, Білім алушылардың сабаққа қатысуы мен дайындығын тексеру, оқушылардың назарын сабаққа аудару- 2мин

2.Үй тапсырмасын тексеру -5 мин

Үй тапсырмасын пысықтау үшін сабаққа дайындығын төмендегідей сұрақтар қою арқылы тексеру

Әдіс-тәсілі:  сұрақ-жауап

1.         Баланс дегеніміз не ?

есепті жылдың басындағы және соңындағы кәсіпорынның қаржылық жағдайын сипаттайтын және маңызды қызметтер атқаратын құжат.

2. Табыс дегеніміз не?

 қаржының келуі немесе активтер құнының өсуі не болмаса пассивтердің азаюы.

3. Таза табыс пен барлық активтер қатынасы арқылы есептелінетін көрсеткіш?

барлық активтердің тиімділік деңгейі.

4. Таза табыс пен ағымдағы активтер қатынасы арқылы есептелінетін көрсеткіш?

 ағымдағы активтердің табыстылығы.

         5. Кәсіпорын қызметінің тиімділігі мен іскерлік белсенділігін талдау?

дебиторлық борыштың айналымдылық коэффициенті.

        6. Іскерлік белсенділік индексі -?

айналыс капиталды пайдалану тиімділігін сипаттайды.

 

3.Оқушылардан, үй тапсырмасын слайдтар арқылы көрсетіп, түсіндіреді. (15-20 мин)

Әдіс-тәсілі:сұрақ-жауап, интерактивті тақтамен жұмыс, жеке-дара жұмыс.

 

4.Жаңа сабақтың тақырыбы: «Баланстың өтімділігін талдау»

Оқытушының түсіндірмесі бойынша қаралатын сұрақтар : - 15-20 мин

 

Лекция жоспары:

1. Активтерді олардың өтімділігін дәрежесіне қарай топтастыру

2. Міндеттемелерді төлем мерзіміне қарай топтастыру

3. Кәсіпорын балансы өтімділігінің шарттары

4. Өтімділік коэффициенттерін есептеу, бағалау және талдау

 

Лекция мақсаты:  Активтерді олардың өтімділігін дәрежесіне қарай топтастыруымен, міндеттемелерді төлем мерзіміне қарай топтастыруымен, кәсіпорын балансы өтімділігінің шарттарымен, өтімділік коэффициенттерін есептеу, бағалау және талдау әдістерімен таныстыру

 

Лекцияның мазмұны:

1. Кәсіпорынның өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу қабілеттілігі ұғынылады. Егер кәсіпорын өзінің ағымдағы активтерін өткізіп, яғни оларды ақшаға айналдыра алса, өзінің қысқа мерзімді міндеттемелерін орындауға шамасы бар болса, онда ол өтімді кәсіпорын болып саналады.

Баланс өтімділігін талдаудың мәні – активтегі өтімділік дәрежесі бойынша топталған қаражаттарды пассивтегі міндеттемелермен салыстыруда. Актив пен пассив баптары белгілі бір тәртіппен топталады, - өтімділігі жоғарылардан бастап өтімділігі төменгілерге (актив), яғни өтімділігінің төмендеу тәртібі бойынша қайтару уақыты ұзақтардан қайтару уақыты қысқаларға қарай (пассив), яғни қайтару уақытын жоғарылату тәртібі бойынша болады.

Өтімділік дәрежесіне, яғни ақша қаражаттарына айналу жылдамдығына байланысты кәсіпорын активтері келесідей топтарға бөлінеді.

А1. Ең өтімді активтер. Әлемдік тәжірибеде бұларға кәсіпорынның ақша қаражаттарының барлық баптары мен құнды қағаздары жатады.

Ақша қаражаттары мен құнды қағаздар (қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар) – айналым қаражатының ең мобильді бөлігі. Ақшамен бірдей есеп айырысуға болады, ал құнды қағаздар қолма-қол ақшаға тез айналады.

А2. Тез өткізілетін активтер. Бұларға қысқа мерзімді дебиторлық борыш басқа да активтерді жатқызады.

Күмәнді дебиторлық борыштың үлесінің көп болуы кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығына қауіп төндіруі мүмкін.

Сатуға арналған дайын өнім және материалдық құндылықтар қорының өтімділігі бұдан да төмен болады, олар негізінен келесі топты құрайды.

А3. Баяу өткізілетін активтер. Баланс активінің 2 бөлімінің «тауарлы-материялдық қорлар» бабы және баланс активінің 1 бөліміндегі «Ұзақ мерзімді инвестициялар» (жарғылық қорға басқа кәсіпорындардың салған салымдар мөлшеріне азайтылған) бабы.

Бірақ бұл кезде «Алдағы кезең шығындары» бабы есепке алынбайды. Бұл топтын активтерің ақшаға айландыру қиынырақ: бірінші сатып алушыны тауып алу қажет, ал бұл онай емес және белгілі бір уақытты керек етеді.

А4. Қиын өткізілетін активтер – баланс активінің бір бөлімінің алдындағы топтарға енгізілген баптарынаң басқа барлық баптары. Бір бөлім жиынынан «Ұзақ мерзімді қаржылық инвестициялар» бабы бойынша соманың бір бөлігі ғана алынып тасталынғандықтан, қиын өткізілетін активтер құрамында басқа кәсіпорындардың жарғылық капиталға салған салымдары ғана есепке алынады.

2. Баланс пассивтері оларды қайтару төлеу уақытының мерзіміне байланысты топтастырылады.

П1. Неғұрлым тезірек төленуге тиісті міндеттемелер – бұларға уақытында төленбеген кредиторлық борыш, қарыздар, басқа да мерзімдемелі міндеттемелер, жұмыскерлер мен олардың алған қарыздары бойынша есеп айырысу көлемінен асқан мөлшерде жұмыскерлерге берілген қарыздар жатады. Бұл берілген мөлшерден асу банктің мақсаты қарыздарын (несиелерін) өз мақсаты бойынша пайдаланбағандығың білдіреді және сондықтан тезірек өтеу үшін неғұрлым өтімді активтермен қамтамасыз етілуі тиіс.

П2. Қысқа мерзімді міндеттемелер – қысқа мерзімді несиелер мен заемдар және жұмыскерлерге арналған қарыздар.

П3. Ұзақ мерзімді міндеттемелер – ұзақ мерзімді несиелер мен заемдар.

П4. Тұрақты міндеттемелер – пассивтің бір бөлімінің «Меншікті капитал» баптары. Актив пен пассивтің балансын сақтау үшін бұл топтын жиыны баланс активінің «Алдынғы кезең шығындары» бабы бойынша сомаға азайтылады.

Баланс активі мен пассиві баптардың төртінші тобының жиындарын салыстыру кәсіпорынның оның иленушілері (меншік иелері) алдынғы міндеттемелерін жаба алу мүмкіндігін көрсетеді. Бірақ бұл кәсіпорын жабылатын кезде ғана керек болады, ал үздіксіздік принципін сақтау немесе жұмыс жасап жатқан кәсіпорын үшін шаруашылық субъектінің өз меншікті айналым капиталының болуы талап етіледі. Кәсіпорын жоғары немесе төмен дәрежеде өтімді болуы мүмкін, себебі ағымдағы активтердің құрамына әр текті төлем қаражаттары кіреді, бұлардын ішінде қысқа мерзімді міндеттемелерді жабуға арналған оңай өткізілетін де, қиын өткізілетін де қаражаттар болады.

 

3. Баланс өтімділігін анықтау үшін актив пен пассив бойынша келтірілген топтар жиындарын салыстыру керек. Баланс толық өтімді деп келесідей қатынастарда саналады:

 

Басқа сөзбен айтқанда, егер активтің сол алғашқы үш теңсіздігінің әрбір тобы кәсіпорынның сәйкес міндеттемелер тобын жапса немесе оған тең болса баланс өтімді болады, кері жағдайда баланс өтімді емес.

Жоғарыда келтірілген жүйедегі алғашқы үш теңсіздіктің орындалуы төртінші теңсіздікті орындау қажеттілігін тұғызады, сондықтан актив пен пассив бойынша алғашқы үш топтың жиындарын салыстыру маңызды орын алады. Төртінші теңсіздік «баланстау» сипатын алады, сонымен қатар терең экономикалық мәні бар: оның орындалуын қаржылық тұрақтылықтың ең төменгі шарттарының сақталғандығын, кәсіпорынның меншікті айналым қаражатының барын дәлелдейді.

 

4. Көрсетілген схема бойынша жүргізіліп отырған талдау баланс өтімділігіне кешенді баға беруге мүмкіндік береді. Өтімділіктің жалпы көрсеткіші келесі формуламен есептеледі:

 

Баланс өтімділігінің жалпы көрсеткіші кәсіпорынның барлвқ өтімді айналым қаражаттарының сомасының барлық төлем міндеттемелерінің сомасына қатынасын көрсетеді, бірақ мына шарт орындалса: егер өтімді қаражаттар мен төлем міндеттемелерінің әр түрлі топтары көрсетілген сомаларға қаражаттың түсуі мен міндеттемелердің өтелуін есепке алатын, салмақтық коэффициенттермен бірге кіруі шарты орындалған кезде ғана.

Осы көрсеткіштің көмегімен кәсіпорынның төлем қабілеттілігіне және кәсіпорындағы өтімділік жағынан қарастырғандағы қаржылық жағдайынын өзгерістеріне жалпы баға беріледі. Бұл көрсеткіш сонымен қатар, есеп берулер негізінде өте көп әлуетті әріптестерінің ішінен ең сенімді әріптесті талдағанда қолданылады.

Алайда бұл көрсеткіш кәсіпорынның қысқа мерзімді міндеттемелерін өтеу жөніндегі мүмкіндіктерін көрсете алмайды. Сондықтан, осы көрсеткішпен қатар, кәсіпорынның төлем қабілеттілігін бағалау үшін, өтімді қаражаттардың жиынымен ажыратылатын, өтімділік көрсеткіштерінің бүтіндей жүйесі қолданылады. Қарастырылған жүйедегі маңыздылары болып үш көрсеткіш саналады: абсолюттік өтімділік коэффициенті, жабудың аралық коэффициенті және жабудың жалпы коэффициенті.

 

 

 

 5.«Кім жылдам?» әр ұяшықтағы сұрақтарға, нақты дәл жауап болуы тиіс, тапсырмалары орындалады. Әр сұраққа  ойлану үшін 15 секунд уақыт беріледі. (10 мин)

 

1.      Айналымдылық көрсеткіштері нені сипаттайды?

іскерлік белсенділікті

 

2.      Баяу өтімді активтер  -?

тауарлы – материалдық қорлар мен сатуға арналған ұзақ мерзімді активтер

 

3.      Қиын өтімді активтер қай топқа жатқызылады?

А4

 

4.      Абсолютті өтімді ең өтімді активтер ?

ақша құралдары мен олардың эквиваленттері және қысқа мерзімді қаржылық инвестициялар.

 

5.      Тез өткізілетін активтер - ?

қысқа мерзімді дебиторлық берешектер

 

6.      Кәсіпорындар жұмысын талдау кезінде қолданылатын көрсеткіштер - ?

-         Абсолютті

-         Салыстырмалы

-         Сандық

-         Сапалық

-         аналитикалық

 

        6  «Ойланайық, кім тапқыр?» тапсырмалары орындалады.

Оқушыларға есептер беріледі. (3-есептен, бірінші, екінші, үшінші болған оқушылар бағаланады). (15-20 мин)

 

Есеп №1

    «Мирас» ЖШС-де есепті жылы өнімнің жоспарлы шығарылымы 412,6 млн.теңге құрады, ал нақты - 413,5 млн.теңге. Осыған сәйкес, өнім шығарылымының қатысты көрсеткіштері

 

Өнім шығарылымының қатысты көрсеткіштері = (нақты / жосп)*100% = (413,5 / 412,6) * 100%=100,22%

 

Есеп №2

      Кестедегі мәлімет нәтижесі бойынша кәсіпорында шығарылған өнім көлемінің әрекеттегі және  салыстырмалы бағаларын есептеу.

 

                                                                                                                  1-кесте

№1 тапсырыс

Мәліметтер   нәтижесі

Өнім шығару көлемі

Өнімнің саны, 1-ші, С-ы теңге

Қазіргі бағадағы 

1-ші, өнім, Қбі, теңге

Салыстырмалы бағадағы , 1-ші өнім, С-ы теңге

Қазіргі бағаға 

Қб, теңге

Салыстырмалы бағада Сб, теңге

1

10

2000

200

 

 

2

20

4000

90

 

 

3

30

6000

220

 

 

 

 

 

Барлығы:

 

 

 

Шешуі:

 

Қазіргі бағада (Қб) өнім шығару көлемі:

Қб= (10х2000)+(20х4000)+(30х6000)=280000 тенге

Салыстырмалы бағада (Сб) өнім шығару көлемі:

Сб = (10х200)+(20х90)+(30х220)=10400 тенге

 

Есеп №3

 

      Саудадан түскен түсімді анықтау және  өзгерістерге факторлардың әсерін есептеп шығару

 

Көрсеткіштер

Болжам бойынша

Ағымдағы мәліметтер

ауытқу

1.Айдың басына тауарлар

қалдығы

8340

8580

 

2.Тауарлардың түсуі

12898

13156

 

3.Тауарлардың өзге де кетуі

841

915

 

4.Айдың соңына тауарлар қалдығы

7395

7587

 

Сатудан түскен түсім

 

 

 

 

Шешуі:

 

Баланстық әдіс, келесідей түрге ие баланстық  байланыстыру формулаларын пайдалануға негізделген.

Он+П=Ок+ПВ+Р

Мұнда Он және Ок – кезеңнің басындағы  және соңындағы тауарлар қалдығы;

П- тауарлардың түсуі;

ПВ – тауарлардың өзге де кетуі;

Р – сатудан түскен түсім.

Негізінен, сатудан түскен түсім аталмыш формула арқылы анықталады:

Р=Он+П-ПВ-Ок

 

Көрсеткіштер

Болжам бойынша

Ағымдағы мәліметтер

ауытқу

1.Айдың басына тауарлар

қалдығы

8340

8580

240

2.Тауарлардың түсуі

12898

13156

258

3.Тауарлардың өзге де кетуі

841

915

74

4.Айдың соңына тауарлар қалдығы

7395

7587

192

Сатудан түскен түсім

13002

13234

232

 

 

7 . Ойынның қорытындысы (1-2 мин)

Осымен ойынымызды аяқтап,  .«Кім жылдам?», «Ойланайық, кім тапқыр?» ойынымыздағы  белсене қатысқан оқушыларды бағалаймын.

 

8.        Тақырыпты бекіту. (4-5 мин)

 

 

Көрсеткіштер

Өткен жыл

Есепті жыл

Ауытқуы

(+,-)

1

Таза табыс, мың теңге

5040

6538

+1498

2

Жалпы активтер

30512

37254

+6742

3

Жалпы активтердің табыстылық деңгейі

16,52

17,55

+1,03

 

 

 

   9 . Оқушыларды бағалау (2 мин)

 

  10. Үйге тапсырма беру. (1-2 мин)

1. С. Егемдергенова «Экономикалық талдау» Алматы, Экономика 2009 жыл

( 37-110 беттер  )

2.М.И. Баканов, А.Д. Шеремет «Теория экономического анализа», 1999ж (208-212,251-254 беттер)

3Лекция тақырыбына сәйкес СӨЖ тапсырмалары:

«Баланстың өтімділігін талдау» тақырыбына реферат дайындау және есептер шығару

 

Қажетті әдебиеттер:

1.      Дүйсенбаев К.Ш., Төлегенов Э.Т. Кәсіпорынның қаржылық жағдайын талдау. Оқу құралы – Алматы: Экономика, 2001

2.      К.Ш. Дюсембаева, С.К. Егембердиева. Аудит и анализ финансовой отчетности. Учебное пособие – Алматы: Қаржы қаражат, 1998

3.      Шеремет А.Д., Сайфуллин Д.С. Методика финансового анализа – М: Информ, 1995

4.      Анализ хозяйственной деятельности в промышленности. Учебник по ред. В.И. Стражевалинск: Высшая школа, 1998

5.      Анализ хозяйственной деятельности предприятия. Учебное пособие. Г.В. Савицкая: ИП Экоперспектива, 1998

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Көпсалалы «Ұлағат  Қызылорда» колледжі

 

 

 

 

                                                                                       Бекітемін

                                                                                       Директордың оқу ісі

                                                                                       жөніндегі орынбасары

                                                                                     .............  Рахымжан А.Б

                                                                                     «........».................2015ж

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

АШЫҚ САБАҚ

 

     Тақырыбы: «Баланстың өтімділігін талдау»

 

 

 

Пәні : «Қаржы есебін талдау »

Пән  оқытушысы:           Сугурова З.А

 

                                                                                          

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

                                                                                  Қаралды

                                                                              Пән бірлестігінде

                                                                                            ............. Абдимомынова М.Ш

                                                                                       «.........»................2015ж

 

 

 

Қызылорда  2015ж

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок на тему «Баланстың өтімділігін талдау»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 185 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 27.04.2016 3221
    • DOCX 98 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сугурова Зухра Альматовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сугурова Зухра Альматовна
    Сугурова Зухра Альматовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 28645
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 329 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Основы финансовой отчетности

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление внутренних барьеров: убеждения, зависимости, и самооценка

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 184 человека из 48 регионов
  • Этот курс уже прошли 40 человек

Мини-курс

Современные тенденции в архитектуре

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе