Инфоурок Другое КонспектыОткрытый урок на тему "Тіл"

Открытый урок на тему "Тіл"

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Тіл құдіреті

Мақсаты: Жас ұрпақты ана тілінің қадір-қасиетін түсіне білуге шақыру, ана тілін сүюге, ана тілін ардақтай білуге тәрбиелеу.

Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты

емін-еркін бар бояуымен төгілтіп

түсіретін тіл-қуатты тіл, қазақ тілі-сондай тіл.

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев

Көрнекілігі: нақыл сөздер, суреттер, тіл туралы заң (кітапша)

Сабақтың барысы:

1.Ұйымдастыру кезеңі

Мұғалім: Қазақстанның мемлекеттік тілі-қазақ тілі. Қазақстан-көп ұлт өкілдері мекендейтін мемлекет. Мұндай мемлекет үшін мемлекеттік тіл қажет. Президентіміз Нұрсұлтан Назарбаев өз жолдауында «Ұлттық тіл-қазақ ұлтының рухани, мәдени байлығын ұрпақтан-ұрпаққа жеткізуші қасиетті құрал» деп көрсеткен болатын.

1-жүргізуші: Армысыздар, құрметті ұстаздар мен оқушылар! Бүгінгі «Тіл құдіреті» атты тәрбие сағатын ашық деп жариялаймын! Балалар, қазіргі таңда ана тілін білу, үйренудің қажеттілігі жайлы орасан зор жұмыстар жүргізілуде. 1989 жылы 22 қыркүйекте тұңғыш рет Қазақ КСР-нің «Тілдер туралы» заңы қабылданып, онда қазақ тіліне «Мемлекеттік тіл» мәртебесі берілді. 1997 жылы 11 шілдеде Қазақстан Республикасының «Тіл туралы» жаңа заңы қабылданды. 2007 жыл «Мемлекеттік тіл жылы» деп жариялады. Заңда «Қазақ тілі-мемлекеттік тіл» деп нақты атап көрсетілген.

2-жүргізуші: Б.Момышұлы атамыз: «Тілін білмеген-түбін білмейді» деген. Шынында, тілін білмеген адам өз халқының тарихын, дәстүрін, мәдениетін өз тілінде сезініп, терең бойлай алмаса, ол қасірет емес пе? Сондықтан әр адам ана тілін көзінің қарашығындай сақтауға, білуге тиіс. Болашағымызды баянды етер қаруымыз-тіліміз. Ана тілімізді құрметтей білейік.

1-жүргізуші:
Тілім менің-тірлігім,
Тіл жайында толғанбайтын кім бүгін?
Тіл жайында үгіттейді кімді-кім?
Тілім менің, тілім менің-тірлігім!

Әрине, тіліміздің тағдыры үшін күресте халқымыз қам-қаперсіз болған емес. Бүгін де ана тілінің тағдырына алаңдайтын азаматтар баршылық. Ұлылардан қалған ұлы сөздерге құлақ асайық.

1-оқушы: «Ана тілін білмейтін адам бір қолы жоқ шолақ адам секілді».

Ғ. Мұстафин.

2-оқушы: «Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.»

Ғ. Мүсірепов.

3-оқушы: «Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік».

М.Әуезов.

4-оқушы: «Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту».

Б.Момышұлы.

Көрініс: Сырласу

5-оқушы:

Жарық көрмей, жатсаң да ұзақ, сен тілім,
Таза, терең, өткір, күшті, кең тілім.
Тарап кеткен балаларыңды бауырына
Ақ көңілмен тарта аларсың, сен тілім.
2-жүргізуші :

Тілім менің тірегім, дінім менің,
Тілсіз қандай болады күнім менің.
Өз халқыма жетеді өз мәнінде
Өз тілімде оқылса жырым менің.
6-оқушы:

Мұхтар Шаханов. «Төрт ана».
Тағдырыңды тамырсыздық індетінен қалқала.
Әр адамда өз анасынан басқа
Жебеп жүрер, демеп жүрер арқада
Болу керек құдіретті төрт ана:
Туған жері-түп қазығы, айбыны,
Туға
н тілі-сатылмайтын байлығы,
Туған дәстүр, салт-санасы-тірегі
Және туған тарихы, еске алуға қаншама
Ауыр әрі қасиетті болса да.
Төрт анаға әнін жолдай алмаған
Пенделердің басы қайда қалмаған?
Төрт анасын қорғамаған халықтың
Ешқашан да бақ жұлдызы жанбаған.
Көрініс: «Тілден артық қазына жоқ»

Мұғалім: Сабағымызды ары қарай жалғастыра отырып біз сіздермен «Сөз мәйегі мақал» дегендей келесі кезекте мақал-мәтелге береміз. Мақал-мәтелге оқушылар қазақ тіліне мағыналас мақал-мәтел көрсетеміз.

1. Человек без Родины, что соловей без леса (Отансыз адам-ормансыз бұлбұл)

2. Родина горячее огня (Отан оттан да ыстық)

3. Основа слова-красноречие (Өнер алды-қызыл тіл)

4. Сила в знании (Күш білімде)

5. Нет земли лучше родины, нет людей лучше, чем на Родине (Туған жердей жер болмас, туған елдей ел болмас)
1-жүргізуші: Тіл! Тіл-құрал! әсіресе, егер ол өз ана тілін немесе туған тілің болса. Әрбір ұлттың өзінің ұлттық тілі болады. Сол ұлттық тілді әрбір адам қорғай білуі қажет. Сол сияқты ұлттық тілді қорғау-біздің міндетіміз.




7-оқушы:

Ана тілім-тірлігімнің тірегі,
Тілмен ғана кірер адам реңі.
Тілсіз қоғам-өлі мынау дүние,
Түсініксіз тылсымменен бір еді.
Ана тілім-әрекетім азығы,
Бар ғаламды танушылық қазығы,
Ой-сананың өсуінің куәсі,
Ғасырлардың кейінгіге өз үні.

2-жүргізуші:

Қазағым тіліңменен жана берші.
Әуендетіп, әніме сала берші.
Мәңгі даңқың түспесін-қазақ тілі.
Көкейімде жатталып қала берші.

Ән: «»
1-жүргізуші:

Қазақ тілім-өз тілім, ана тілім,
Абай, Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл-қызың мәңгі сені
Болашағым, бақытым, дара тілім.
2-жүргізуші: «Тіл –ата-баба аманаты. Ғасырдан ғасырға, ұрпақтан ұрпаққа ұласқан, бабадан балаға жалғасқан ұлы мұралардың ұлысы алдымен әр ұлттың тілі ғой. Ендеше ата-баба мұрасын жалғастыру, оның мәртебесін көтеру-мына баршамыздың міндетіміз, парызымыз.

О, адамдар, қадіріне жетіңдер!
Ана тілің-анаң. Сыйлап өтіңдер!
Туған тілін танымаған көрсоқыр,
Болып өтер ертең мәңгі өкінер.


Қорытындылау.

Мұғалім: Тілден артық қазына, тілден артық қасиет жоқ екеніне тағы көз жеткіздік. Тіл байлығы-әрбір елдің ұлттық мақтанышы. Ол-атадан балаға мирас болып қалып отыратын баға жетпес мұра. Демек, әр адам ана тілін көзінің қарашығындай қорғауға тиіс.














Әуезов орта мектебі КММ
















«Тіл құдіреті»

/ашық тәрбие сағаты/











Шарипбаева Д.Қ

7-сынып






2013-2014 оқу жылы










Әлем әдебиетіндегі әйгілі жүз кітапты емін-еркін бар бояуымен төгілтіп түсіретін тіл-қуатты тіл, қазақ тілі-сондай тіл.


Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев




«Ана тілін ұмытқан адам өз халқының өткенінен де, болашағынан да қол үзеді.»

Ғ. Мүсірепов








Анамыздың ақ сүтімен бойымызға дарыған тілімізді ұмыту-бүкіл ата-бабамызды, тарихымызды ұмыту

Б.Момышұлы







Әрбір саналы, мәдениетті азаматқа ана тілі мен сол ана тіліндегі әдебиеттің қадірін білмеу-мәдениетсіздік

М.Әуезов




hello_html_6dde51e8.gif

hello_html_4e03a909.gif

(hello_html_3fbecb39.gif)


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок на тему "Тіл""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 254 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.03.2016 643
    • DOCX 46.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Шарипбаева Динара Кизятовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Шарипбаева Динара Кизятовна
    Шарипбаева Динара Кизятовна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13680
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой