Инфоурок Иностранные языки Рабочие программыОткрытый урок на тему "Үтірдің қолданылуы"

Открытый урок на тему "Үтірдің қолданылуы"

Скачать материал

Сабақтың    тақырыбы:  Үтірдің қойылатын орындары

Білімділік мақсаты:        Оқушылардың үтір қою жөніндегі дағдыларын 

                                              жетілдіру, өз бетемен жұмыс істеуге дағдылан-  

                                              дыру. Сөйлем құрамында кездесетін тыныс 

                                             белгілерінің қызметі мен қолданылуын түсіндіру

дамытушылық мақсаты: Өз ойларын еркін, нақты жеткізе білуге баулу, тіл 

                                              байлықтарын дамыту, өз бетімен ізденуге, ой 

                                             қорытуға дағдыландыру.

тәрбиелік мақсаты:        адамгершілікке, үлкенді сыйлауға, Отансүйгіштікке

                                              тәрбиелеу

Күтілетін  нәтижелер:      Топтық, диалогтік жұмыс арқылы білім алмасып, 

                                             өз бетінше ізденіп, қай кездерде үтір қойылатынын

                                              түсінеді

Сабақтың  түрі:                 Жаңа білімді меңгерту

Қолданылатын әдістер:  БЛУМ таксономиясы,  оқыту үшін бағалау және оқуды

                                             бағалау, оқытуды басқару және көшбасшылық,  АКТ                    

Керекті  жабдықтар:        Оқулық,  кесте, үлестірме парақтар, кеспеқағаздар,              

                                             мультипроектор,  стикер, маркер т.б.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

Топқа бөлу: Сыныптың оқушыларын  3 топқа бөлу. Топ басшыларын сайлау

Психологиялық дайындық

Абайдың  19 қарасөзі                                        

Қазақтың ақыны, әдебиет зерттеуші ғалымы А. Байтұрсынов былай деген екен: «Тілдің міндеті — ақылдың аңдауын аңдағанынша, қиялдың меңзеуін меңзегенінше, көңілдің түюін түйгенінше айтуға жарау». Ал, тілдің осы қызметіне көмекші болатын басты құрал - тыныс белгілері десек артық айтпаған болар едік.

Білу

«Ой шақыру» стратегиясы                 Кластер құрастыру
Ұзақ өтілген тақырыптарды еске түсіру мақсатында оқушыларға сұрақ қою.
 1. Қыстырма сөз дегеніміз не?
 2. Қаратпа сөз дегеніміз не?
 3. Одағай сөз дегеніміз не?
 4. Бірыңғай мүшелер дегеніміз не?
 5. Айқындауыш мүше дегеніміз не?

 6. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?                                            

 
1. Бірыңғай мүшелерге байланысты қойылатын үтір 
Бізге бүгін қажет жігерліктің, батырлықтың, біліктіліктің, адалдықтың, Отансүйгіштіктің мысалдары өткен тарихи оқиғаларымызда жатыр.

2. Оңашаланған айқындауышқа байланысты қойылатын үтір 
Болашақтың жастары, біздер, Елімізді әлемге танытамыз.

3. Қаратпа сөздерге байланысты қойылатын үтір 
Ағайындар, Тәуелсіздіктің 25 жылдығы құтты болсын!
4.Қыстырма сөздерге байланысты қойылатын үтір 
Ең бастысы, жаңа ғасыр мен жаңа мыңжылдыққа егемен ел болып аттадық.

 

5. Одағайға байланысты қойылатын үтір.

Па, шіркін, қандай керемет қалалар!

6. Құрмалас сөйлемдерге қойылатын үтір 
Жыл сайынғы ел Президентінің халыққа арналған Жолдауы халықтың тұрмысын жақсартып, тәуелсіздігімізді нығайтуға бағытталады.

 


Түсіну                                                                                   

Тыныс белгілері мүлде қойылмаған немесе дұрыс қойылмаған мәтіндегі сөйлемдерді  түсінікті етіп оқу да, мағынасын түсіне білу де қиын. Тыныс белгілері дұрыс қойылмайтын сөйлемдерде ой күңгірттеніп, екі ұшты болып, тіпті, сөйлем құрамындағы сөздер синтаксистік қызметі жағынан (бастауыш, баяндауыш, анықтауыш т. б.) өзгеріске түсуі мүмкін.

Сен, кітап болмаса, газет оқи тұр.                                    

Сен кітап болмаса газет оқи тұр.

Қолдану

Үлестірме парақтармен жұмыс

 «Қажетті тыныс белгісін қой» ойыны 

1. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен, сан түрлі ұлттардан  

     құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты.

2. Ел экономикасы да жылдан-жылға нығайып, мәдени, рухани даму деңгейі

    белеске көтерілуде.

3. Мектеп оқушысы болсам да, Қазақстанның  гүлденуіне өз үлесімді қосқым

    келеді.

4. Бүгінгі оқушылардың пікірталасқа қатысып, ойларын еркін білдіріп отырғанның

    өзі тәуелсіздіктің арқасы.

 

1. Еліме пайдамды тигізіп, халқым үшін еңбек етсем, менде одан артық бақыт

    болмас еді. 

2. Ата-бабамыздың көздің қарашығындай сақтап келіп, ұрпағына аманат етіп

   қалдырған кең байтақ жерімізді аялап, қастерлей білейік.

3. Біздердің деніміз сау, білімді болсақ,  биік мақсатқа жете аламыз.

4.  Елімізді әлемге таныту үшін, алдымен, жақсы білім алуымыз қажет.

 

1. Міне, Тәуелсіз Мемлекет атанғанына биыл 25 жыл толып отыр. 

2. Әрине, бұл күн бізге оңайлықпен келген жоқ.

3. Осы азат күн үшін ата-бабамыз, әпке – ағамыздың қаншама көз жастары төгілді,   

    көптеген қан төгілді. 

4. Тіл – тәуелсіздігіміздің қуатты құралы, асыл ой мен парасат белгісі, елдігіміз

    бен бірлігіміздің туы.

 

1. Елбасымыз, Н. Ә. Назарбаев, дана адам, шебер саясатшы.

2. Еліміз тәуелсіздігін жариялап, дербес мемлекет ретінде әлемге танылды.

3. Тәуелсіздік – 1986 жылғы Желтоқсан оқиғасында алаңға шыққан жастардың

    ерік-жігері, ең алдымен, барша қазақстандықтардың арман-мұратының салтанат 

    құруы.

4. Біздер, жас ұрпақ, тәуелсіздігіміздің баянды болуы үшін жауапты екенімізді аға

    ұрпақ зор сенім артып отырғанын түсінуіміз керек.

 

Сергіту сәті

 

 

Кітаппен жұмыс                                    

 

167- жаттығу

 

  Оның бұйраланған көмірдей қара шашы, бидай өңі, қыр мұрыны, күлімсіреп қарайтын, бірақ отты жанары, ойшыл да бірбеткей мінезі бүгінгідей көз алдымда. Әрқайсымыз өз арманымызды, өз мұңымызды арқалап келеміз. Сол қыз мені жан тартып, аузындағысын жырып беріп жүретін.

Талдау

1. Бейнекөрініс негізінде  шағын мәтін құрастырады 

2. «Жіп иіру» ойыны 

Берілген мәтінді мәнерлеп оқу (әр топтан бір  оқушы қатысады)

1. Қазақстан үшін, қазақ халқы үшін тәуелсіздік ас­пан­нан түскен сый емес еді. Халқымыз бостандықты аңсап, Тәуелсіздікке зарығып жетті. Тәуелсіздік жо­лын­да еліміз аз қиыншылық көрген жоқ. Халқымыздың бостандыққа ұмтылысының және өшпес қайсар рухының  арқасында тәуелсіздікке қол жеткіздік. Бұл күнге дейін жет­кен ұмытылмас оқиғалар – ел бостандығын қорғау соғыстары мен ұлт-азаттық көтерілістердің та­ри­хы­мыз­да өшпес өнеге, өлмес мұра ретінде сақталатыны рас.

 

2. Сан  ғасырлар бойы армандаған   тәуелсіздігімізге биыл 25 жыл толмақшы. Та­рих та­ра­зы­сы­нан өлшесек бұл аз да емес, көп те емес.  Біз өмірге тәуелсіздік алғаннан кейін келдік. Қазіргі уақытта жастарға барлық жағдай жасалған. Жастарға  берілген мүмкіндікті пай­да­ла­нып, оқып, білім алу­ы­мыз ке­рек. Тәуелсіздікті арқасында та­лай жетістікке жеттік. Ел­ба­сы­мыз Нұрсұлтан Назарбаевтың  салиқалы саясатының арқасында  Қазақстан ат­ты ел бүкіл ше­тел­ге та­ныл­ды. Тіпті,  болашақта Қытай, Аме­ри­ка, Ре­сей секілді ал­па­у­ыт мем­ле­кет­ке де ай­на­луы мүмкін. Сондықтан тәуелсіздіктің қадірін түсінуіміз ке­рек. Қолдағы бар ал­тын­ды бағалауымыз қажет. 

 

3. Байтақ ел, күн сәулетті Қазақстан бүгінде дамудың даңғыл жолына түсті. Өлшеусіз табиғат байлығымен ғана емес, ең алдымен, сан түрлі ұлттардан құралған халқының ауызбірлігімен аты шықты. Бүгінгі Қазақстан — өзі орналасқан аймақтың ғана емес, бүкіләлемдік проблемаларды талқылауда және шешуде ықпалды рөл атқаратын ел. Қазақстан Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың пікіріне әлем саясаткерлері ықылас қоятын болды. 

 

Жинақтау                                                                   

Сызбаларды сөйлетейік

_______ , ____________

___________ , __________ , ______________

__________ , ___________ , _________ , ___________

 

 

«Айналмалы бекет» ойыны      

Асық ойыны туралы әр топ не білетіні туралы өз ойларын ортаға салады.

       

Бағалау                                                                                    

Үйге тапсырма

168 – жаттығу

 

Рефлексия

 

Не білемін?

Не білдім?

Не білгім келеді?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок на тему "Үтірдің қолданылуы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по автотранспорту

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 158 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.05.2016 849
    • DOCX 54.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сайфуллаева Оят Абдашимовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Сайфуллаева Оят Абдашимовна
    Сайфуллаева Оят Абдашимовна
    • На сайте: 7 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7187
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Английский язык для IT-специалистов

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 148 человек из 46 регионов
  • Этот курс уже прошли 69 человек

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания немецкого языка с учетом требований ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 27 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 404 человека

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (немецкий язык)

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 42 человека из 21 региона

Мини-курс

Национальная система учительского роста: путь к эффективности

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Дизайн-проектирование: теоретические и творческие аспекты дизайна

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе