Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Другие методич. материалы / Открытый урок по казахскому языку на тему" Құрмалас сөйлемді қайталау" 8 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

Открытый урок по казахскому языку на тему" Құрмалас сөйлемді қайталау" 8 класс

библиотека
материалов

18.03.2014жыл Бекітемін

8«Б» сынып. Қазақ тілі.


Сабақтың тақырыбы: Құрмалас сөйлемді қайталау

Сабақтың мақсаты:

білімділігі – оқушылардың құрмалас сөйлемнен алған білімдерін тереңдету,жүйелеу, бекіту, қорытындылау.

дамытушылығы – оқушының пәнге қызығушылығын, арттыру,ойлау белсенділіктерін арттыру, ауызша – жазбаша жүйелі сөйлеу тілін дамыту, топта жұмыс жасауға дағдыландыру, өз ойларын еркін, ашық білдіруге үйрету, шығармашылық қабілеттерін шыңдау.

тәрбиелігі –оқушыларды іс-әрекет, мақсатқа жету әдіс-тәсілдерін таңдай білуге, өзін-өзі бағалай білуге, жүйелі сөйлей,талдай білуге тәрбиелеу

Сабақтың типі:  қайталап жинақтау, қорыту

Сабақтың түрі: қайталау сабағы

Сабақтың әдісі: деңгейлік тапсырмалар, топпен жұмыс, сұрақ-жауап, баяндау,салыстыру,талдау

Интерактивті тақтаны пайдаланып, қажетті материалдарды, сызба-кестелерді көрсетіп, ой жинақтау

Сабақтың көрнекілігі: слайд,сызбалар,схемалы кесте,ВЕНН диаграмма,Бес жолды өлең,графикалық диктант

Сабақтың барысы :

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) оқушылармен сәлемдесу

ә)оқушылардытүгендеу

Жағымды психологиялық ахуал қалыптастыру және топтық жұмысқа белсендіру

Сабақтың эпиграфы:

«Дауға салса алмастай қиған, сезімге салса қырандай қалқыған, ойға салса қорғасындай балқыған, өмірдің кез келген орайында әрі қару, әрі қалқан болған, әрі байырғы, әрі мәңгі жас, отты да ойнақы ана тілінен артық қазақ үшін бұл дүниеде не бар екен?! Тәуелсіздік – Алтын күмбез дейтін болсақ, сол күмбезді тіреп тұрған төрт белгі рәміздеріміз бар. Оның біріншісі – Елтаңба, екіншісі- Әнұран, үшіншісі – Көк байрақ, төртіншісі – Қазақ тілі.» Н.Ә.Назарбаев

Дыбыстық жаттығулар арқылы оқушыларды сабаққа дайындау

Бұл жаттығулар адамдардың өмірге құлшынысын арттырып, көтеріңкі көңіл-күй

мен шабыт шақыруға арналған.

Оқушыларға қима қағаздар беріледі. Қима қағаздардағы сөздерді сәйкестендіріп құрастырғанда,

3 сөйлем шығады. Сол сөйлемдердің құрылуына қарай оқушылар 3 топқа бөлініп отырылады.Бұл сөйлемдер құрмалас сөйлемнің 3 түрі,әр топ сөйлемдерге тақтаға синтаксистік талдау жасайды. І топ « Салалас» ІІ топ «Сабақтас» ІІІ топ «Аралас»

ІІ Үй тапсырмасын пысықтау Үйге берілген сынақ тапсырмасындағы “Әр қилы тағдырлар”,“Өнердегі өнегелі өмірлер” эссені оқыту ІІІ. Үй тапсырмасын бекіту І топ « Салалас» Салалас сөйлемнің тыныс белгісі қандай? ІІ топ «Сабақтас» Сабақтас сөйлемнің тыныс белгісі қандай? ІІІ топ «Аралас» Аралас сөйлемнің тыныс белгісі қандай?

2.Өткен материалдар бойынша сұрақтар. “Ғылымды зерделеңіз...” тапсырмалары 1 топқа Қазақ тілінде құрмалас сөйлемдер жүйесіне қатысты зерттеушілер ретінде кімдерді атай аламыз? 2 топқа Құрмалас сөйлемді зерттеуді алғаш рет практикалық мақсатта емес, ғылыми тұрғыдан қарастырған ғалымдар кімдер? 3 топқа Қазақ тіл білімінде құрмалас сөйлемді топтастыру мәселесіне алғаш көңіл аударған кім?

Жаңа сабақ.

Әр топқа постер таратылып жеке тапсырмалар беріледі. І топқа Салалас сөйлемді топта

ІІ топқа Сабақтас сөйлемді салалас сөйлеммен салыстыр

ІІ топқа Аралас сөйлемге бес жолды өлең жаз.


Мәтіндер беріледі. Сол мәтіннен әр топ өз тобына лайық сөйлемдерді құрастырып алады және 1сөйлемді талдайды.

І топқа

Дәстүрлі қазақ қоғамында Көкпарға жасқа толған серкенің семізі таңдалған. Семіз серкенің терісі жыртылмайды. Орташа салмағы 70-80 кг-дай келеді. Көкпар жігіттердің күш-жігеріне, төзімділігіне, батылдығы мен ептілігіне сын. Сонымен қатар Көкпар аттың қалай бапталып үйретілгенін, жүйріктігін де сынайтын спорттық ойын. Көкпар жаппай және дода тартыс болып екіге бөлінеді. Жаппай тартыста әркім Көкпарды өзі иелік етуге тырысады. Дода тартыста құрамы бірдей екі топ сынға түседі

ІІ топқа

Дәстүрлі қазақ қоғамында Ұлыс күні жыл басы саналған. Халықтың мифологиялық түсінігі бойынша 21 наурыз түні даланы Қыдыр аралайды. Ұлыс күні қазақ елі үшін әрқашан қасиетті, киелі саналған. Халық таза, жаңа киімдерін киген. Ауылдың ер адамдары бір-бірімен қос қолдасып, төс қағыстырады; әйелдер құшақтасып, бір-біріне игі тілектер айтады. Бірін-бірі мерекеге арнап дайындалған наурыз көже ішуге шақырады. Оған қойдың басы мен сүр ет салып пісірілуі – қыс тағамымен қоштасуды, құрамына ақтың қосылуы – жаз тағамымен қауышуды білдіреді. Әдетте, осы күні адамдар арам пиғыл, пендешілік атаулыдан тазарып, ар-ожданы алдында арылады.

ІІІ топқа

Құнанбай болса, Абайдан өзіне ізбасар дайындамақ. Сол оймен баласын әр іске бір салып, өз қарамағындағы ру басыларға жұмсап, сынап та көрді. Тумысынан зерек, қабілетті, өнерлі жігіт оттай жанып, шоқтай маздап, әке сынынан сүрінбей өтеді. Барған ауылдарында Абай туралы ұнамды ұғым, жақсы атақ, кейде тіпті әжептәуір аңыз қалып отырады. Абайдың ел ішіндегі есті жас Ерболмен достығы да осындай, азаматтың ат үстінде жүрген шақтарында тапқан рухани олжасы. Абайдың өз басы, ой-санасы, ұғым-нанымы, жалпы ішкі дүниесі де, әрине, бір орында тұрып қалған жоқ.


ІV деңгей Шығармашылық тапсырма

І топқа «Көктем-өмір бастауы»

ІІ топқа «Аналар-асыл жандар»

ІІІ топқа «Ұстаз-ұлы тұлға»тақырыптарында эссе жазу

Сабақты қорыту

Білімді бекіту кезеңі

Графикалық диктант.

hello_html_56af025a.gif


hello_html_56af025a.gifhello_html_m311f0002.gifСалалас

hello_html_m2a7690f7.gifhello_html_m311f0002.gifСабақтас

hello_html_m311f0002.gifАралас

hello_html_291b53e8.gifhello_html_2d2985a9.gifhello_html_2d2985a9.gifhello_html_2d2985a9.gifhello_html_2d2985a9.gifhello_html_2d2985a9.gifhello_html_2d2985a9.gifhello_html_2d2985a9.gifhello_html_2d2985a9.gifhello_html_2d2985a9.gifhello_html_2d2985a9.gif

1 2 3 4 5 6 7 8 9 10







Тапсырма:

Сөйлемдер

  1. Ол қапелінде қайда жатқанын есіне түсіре алмай, маңдайын сипай түсті.

  2. Бұл жауапты Қаратай тағы бір от шығып кетпесін деп, майдалап жеткізбек болды.

  3. Олардың бәрін үйіне апарды да, торға қамап қойды.

  4. Бұл істің шындығын не көзімен көрген айтар, не құлағымен естіген айтар.

  5. Күн шығып, ел тұра бастады, - нұрлан әлі келген жоқ.

  6. Кеген ауданына келгенінше, мен де аңшы емес едім, мұнда келген соң, еріксіз үйрендім.

  7. Жүсіп сөйлемекші еді, - оны жұрттың ду көтеріле шапалақтаған қолы бөліп, бірсыпыра уақытқа шейін сөйлетпеді.

  8. Жамандық жалын секілді: өзін де, өзгені де жалмай береді.

  9. Оның өскен ортасын білмейінше, жұмбақ қасиетін де түсінуге болмайды

  10. Ой-ұғымы, сезім- түйсігі ұқсас, жаны жалғас адамдар ғана бір бірімен тату дос бола алады, өйткені ондай адамдар бір – бірінің жай күйін жақсы ұғысады.


ҮІ Оқушыларды бағалау

ҮІІ. Үйге тапсырма беру.

Оқулықтағы пысықтау сұрақтарын орындау




































































Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 24.09.2015
Раздел Другое
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров251
Номер материала ДВ-006750
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх