Инфоурок Другое КонспектыОткрытый урок по казахской литературе "Көксерек"

Открытый урок по казахской литературе "Көксерек"

Скачать материал

 

Сабақ : М. Әуезов

«Көксерек»

Мектеп: Мүткенов атындағы ЖОББМ

Күні:19.01.17

Мұғалімнің есімі: Қ. Ә. Жүсіпбекова

Сынып: 7 «а»

Қатыcқандар саны: 16

Қатыспағандар саны:

Сабақ негізделген оқу мақсаты: (мақсаттары)

 

Жазушыны жаңа қырынан таныту арқылы табиғатты аялауға, оның заңдылығын бұзуға жол бермеуге, қасқырлар әлемі мен адамдар ісінің қайшылығын ажыратуға үйрету.

Сабақ мақсаттары:

Барлық оқушылар:

Бірлесе жұмыс атқарып, қорытынды шығарады, табиғат заңдылығын бұзуға жол бермеу керектігін ұғынады, сауатты талдауға үйренеді.

Оқушылардың басым бөлігі:

Әңгіменің мазмұнына сай композициялық талдау жасайды. Берілген материалды жұптаса, топтаса өз беттерімен меңгереді, бір – бірінің пікірін, ойын тыңдау арқылы сөйлеуге дағдыланады.

Кейбір оқушылар:

Әңгімені өмірмен байланыстырып өлең жолдарын құрастыра алады, кейіпкерлер туралы сыни пікір айтады, әңгіме мен фильм арасындағы байланысты ажыратып, айтпақ ойын өмірмен байланыстыра алады.

Тілдік мақсат

Оқушылар:

Жоғары дәрежелі сұрақтар арқылы қасқыр қасиетіне ассоциация жасайды.

Негізгі сөздер мен тіркестер:

Көксерек, Құрмаш, түз тағысы, табиғатты қорғау, табиғат тыныштығын бұзу.

Сыныптағы диалог/жазылым үшін пайдалы тілдік бірліктер:

Талқылауға арналған тармақтар (тыңдалым)

Айтуға оңай... пікірталас, сын тұрғысынан ойлану

Сіз неліктен .... екенін аласыз ба?(айтылым)

Білу

 «Сауалдар шеңбері» әдісінде

«Көксерек» тобы «Құрмаш» тобына:

1. Құрмаш Көксеректі қалай өсірді?

2. Ол ауыл иттерінен Көксеректі қалай қорғады?

«Құрмаш» тобы «Табиғат» тобына:

1.Әңгімеде Қараадыр елінің табиғаты қалай суреттеледі?

2.Табиға тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар?

Түсіну

«Көксерек» фильмінен үзінді көрсетіледі.

- Фильм мен әңгіме арасында байланыс бар ма?

- Фильмді көру барысында өздерің оқыған оқиғаларды кездестірдіңдер ме?

- Фильмдегі қандай оқиғалар оқулықта кездеспеді?

Қолдану

 «Кубизм» стратегиясы

1. Суреттеңіз.Көксеректің портретін суреттеңіз

2. Салыстырыңыз.  Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз

3. Қолданыңыз.Көксерек туралы ел адамдары не дейді?

4. Дәлелдеңіз.Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?

5. Зерттеңіз. Жазушы неліктен шығармасының тақырыбын «Көксерек» деп атады?

6.Талдаңыз.Адамдардың бөлтірікке жасаған іс - әрекеттеріне қалай қарайсыздар?

Жазылым бойынша ұсыныстар:

«Сауалдар шеңбері»,  бес жолды өлең, шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау, эссе жазу.

Алдыңғы оқу

«Көксерек» әңгімесін оқып келу, І деңгей тапсырмасын орындау

Жоспар

Жоспарланған уақыт

Жоспарланған жаттығулар

Ресурстар

 

Басталуы

2 минут

 

 

 

 

 

 

 

5 минут

Кіріспе

Амандасу, жаңа сабаққа сәттілік тілеу

1. «Қасқыр», «Құрмаш», «Табиғат», «Аңшы»  тақырыптарын таңдау арқылы топтар аттарын анықтайды.

2. Топ жетекшілеріне бағалау парақтары таратылады.

3. Үй тапсырмасын тексеру

Білу

«Сауалдар шеңбері» әдісі арқылы үй тапсырмасы тексеріледі.

Әр топ бір-біріне топ атына сәйкес әңгіме желісі бойынша 2 сұрақ қояды.

Мысалы: «Қасқыр» тобы «Құрмаш» тобына:

1. Құрмаш Көксеректі қалай өсірді?

2. Ол ауыл иттерінен Көксеректі қалай қорғады?

«Құрмаш» тобы «Табиғат» тобына:

1. Әңгімеде Қараадыр елінің табиғаты қалай суреттеледі?

2. Табиғат тыныштығын бұзу мәселесіне қалай қарайсыңдар?

«Табиғат» тобы «Аңшы» тобына:

1.Көксерек туралы ауыл адамдары қандай пікірде болды?

2.Көксерек «ұрлық пен адал астың айырмасы не екенін ұға алмады» дегенді қалай түсінесіңдер?

«Аңшы»тобы «Қасқыр» тобына:

1.Әңгімедегі басты кейіпкерлер кімдер деп ойлайсыңдар?

2.Адам, жануар, табиғат, апат сөздері бізге нені айтып тұрғандай?

 

 

суреттер

 

 

Бағалау парақтары

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ортасы

      

       1 минут

 

 

5 минут

 

 

 

 

 

 

10 минут

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

10 мин

Негізгі бөлім

Түсіну

«Көксерек» фильмінен үзінді көрсетіледі.

- Фильм мен әңгіме арасында байланыс бар ма?

- Фильмді көру барысында өздерің оқыған оқиғаларды кездестірдіңдер ме?

- Фильмдегі қандай оқиғалар оқулықта кездеспеді?

Ендеше, осы әңгіме мазмұнын толық түсінгенімізді шығарманың композициялық құрылысына талдау жасау арқылы көрсетейік.

Оқушылар жауабы тыңдалады.

Қолдану

«Кубизм» стратегиясы арқылы әңгіменің тақырыбы мен идеясына талдау жасалынады.

1. Суреттеңіз. Көксеректің портретін суреттеңіз

2. Салыстырыңыз.  Дала қасқыры мен Көксеректі салыстырыңыз

3. Қолданыңыз. Көксеректің ауыл иттерінен ерекшелігі неде?

4. Дәлелдеңіз. Көксеректің қатыгездігін қай тұстарда байқадыңыз?

5. Зерттеңіз. Жазушы неліктен шығармасының тақырыбын «Көксерек» деп атады?

6.Талдаңыз. Адамдардың бөлтірікке жасаған іс - әрекеттеріне қалай қарайсыздар?

Талдау

Әңгімені талдау бағытында жоғары дәрежелі сұрақтар беріледі.

 1. Қалай ойлайсыңдар әңгіме тек Көксерек айналасында ғана ма?

 2. Қасқырлар іс-әрекеті мен адамдар іс-әрекетінде  ұқсастық бар ма? Қайсысы қаталырақ?

3. Көксерек Құрмаштан гөрі ақ қасқырмен неге тез бауырласты?

4. Қазіргі кездегі адамдардың қасқырларға көзқарасы туралы не айтасыз?

 

Бейне жазба

«Көксерек»

 

Тапсырмалар жазылған парақшалар, оқулық,  А 4

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Кубик, оқулық, смайликтер

Аяқталуы

5 мин

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

 

2 мин

 

 

 

3 мин

 

 

 

Жинақтау

Әр топ өз атына сай 5 жолды өлең құрастырады.

«Көксерек» тобы Көксерек сөзіне

«Құрмаш» тобы Құрмаш сөзіне

«Табиғат» тобы табиғат сөзіне

«Аңшы» тобы аңшы сөзіне

Бағалау

Әңгіме мазмұнына сай 4 топқа мақал-мәтелдер айту ұсынылады.  Топ басшылары бағалау парағы бойынша бағалайды. Мұғалім қорытынды баға қояды.

Үйге тапсырма

«Көксерек – табиғаттың тағы перзенті» ой толғау жазу екі топқа, «Табиғатты аялай білейік» шығарма жазу қалған екі топқа тапсырылады.

Рефлексия (кері байланыс)

Оқырманға тілек

Тілек ағашына стикерлерге жазылған тілектерін іледі.

 

Кері байланыс парақшасы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тілек ағашы

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Открытый урок по казахской литературе "Көксерек""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Теолог

Получите профессию

Секретарь-администратор

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 782 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.05.2017 596
    • DOCX 77 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жусупбекова Карлыгаш Адильбековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 41866
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой