Инфоурок Другое Другие методич. материалыОқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезінде мұғалімдерге психологиялық қолдау көрсету әдістері

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезінде мұғалімдерге психологиялық қолдау көрсету әдістері

Скачать материал

Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезінде мұғалімдерге психологиялық қолдау көрсету әдістері

Мақсаты: оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезде мұғалімдерге психологиялық қолдау жасау.

Міндеттері:

Ø ҰБТ-ға дайындық тиімділігін арттыру.

Ø Оқушыларды ҰБТ-ға дайындауда мұғалімдерге кеңес беру;

Ø Психоэмоциональды және ақыл-ой қысымын түсіру;

Ø Шешуші сәтте өзін жұмылдыра білу.

 

Психологиялық тренингтің жоспары:

1.     «Танысу» жаттығуы.

2.     «Сиқырлы дүңгіршек» жаттығуы.

3.     Сергіту сәті. Тест: «Сіздің уайымға бейімділігіңіз».

4.     "Менің жетістікке жетудегі бес жақсы және бес жаман  қасиеттерім".

5.     «Жаңғырық туралы аңыз»  әңгіме.

6.     Теңізге саяхат»  релаксациялық кезең.

7.     Мұғалімдерге арналған кеңестер.

8.     Рефлексия. «Біз біргеміз және сенімдіміз».

 

Тренингтің ережесі: 
1. Ашық қарым-қатынас; 
2. Көтеріңкі көңіл-күй; 
3. Бір-бірін тыңдау; 
4. Көтерілген қол белгісі; 
5. Қазір және осында. 

v    «Танысу» жаттығуы. 
Мақсаты: Топтағы адамдармен танысу және қандай көзқараспен қарайтынын, топта өзін қалай ұстайтынын бақылау. 
Жаттығу барысы: Адамдарды шеңберге тұрғызып, бірін-бірі қолдарын ұстап тұрып өзінің атын айтады да, оны кім қойды, оның шығу тарихын, өзінің атының қандай мағына беретінін айту. Атының бас әрпіне байланысты қандай жақсы қасиеттерді жатқызуға болады, соны айтады. Енді алақан сипаған кезде қандай сезімде болдыңыздар. Алақан сипаудың да өзіндік психологиялық ерекшеліктері бар екен. 

 

v   «Сиқырлы дүңгіршек (лавка)» жаттығуы.

Мақсаты: өмірлік мақсаттар мен өмірдің мәнін түсінуге көмектесу.

Құралдар: медитативті музыка, қалам, қағаз.

Жүргізуші:   Ыңғайлы отыруларыңызды және көздеріңізді жұмуларыңызды сұраймын. Бірнеше рет терең демалыңыз. Өзіңізді бос ұстаңыз, көз алдыңызға ғажайып орманда жүріп келе жатырмын деп елестетіңіз. Сізді қоршаған ланшавтты елестетіңіз, айналаңызға қараңыз, сізді қоршаған орман жарқын ба, әлде қараңғы ма? Не істеп тұрсыз? Қандай иістер  сезесіз? Қандай сезімдесіз?

   Кенеттен алдыңыздан үй пайда болады. Ол үй сізді қызықтырып, сіз ол үйге кіресіз. Қабырғаларға сөрелер мен жылжымалы қорапшалар бекітілген. Жан-жағыңызда шыны банкалар, қораптар тұр. Бұл ескі дүңгіршек, сиқырлы дүңгіршек. Енді мені сол дүңгіршектің сатушысы ретінде елестетіңіз, сіз бұл жерден өмірден қалағаныңыздың бәрін ала аласыз. Бірақ, бір шарт бар: орындалған әр қалауыңыз үшін басқа бір нәрседен бас таруыңыз қажет.  Қазір сізде не бар, сіз үшін не маңыздырақ екенін ойланыңыз. Құндылықтарыңызды қағазға жазыңыз. Орындалған тілек үшін жазылғандардың бірінен бас тарту қажет. Тілегіңіздің орындалуына неден бас тартуға дайынсыз?

   Жаттығуды талқылау:  жаттығуды орындау барысында сіздің эмоционалдық күйіңіз өзгерді ме? Қалай өзгерді? Қандай сезімде болдыңыз? Өмірлік маңызды құндылықтарды анықтау қиын болды ма? Тілегіңіз үшін, құндылықтарыңыздың біреуінен бас тартқанда қандай сезімде болдыңыз?

v Сергіту сәті. Тест: «Сіздің уайымға бейімділігіңіз».

    Бұл суреттен басы мен құйрығын жерге қарай иіп алған итті көріп отырсыз. Иттің бақытты болуы үшін бір нәрсенің жетіспей тұрғаны анық, ол қандай зат?

    Өзіңіздің қалауыңызбен иттің айналасына қайткенде де оның көңіл-күйін көтеретін бір нәрсенің суретін салыңыз. Ол итке ұнамайды, оған керегі жоқ деген сізде теріс ойлар болмасын. Өзіңізге қажет дегеннің бәрін сала беріңіз.

      Бұл тест көмек қажет еткен адамдарға қол ұшын бере аласың ба немесе өзгеге жаның ашиды ма осыны түсінуге көмектеседі.

Тесттің кілті.

*    Егер сіз иттің жанына басқа жануарды салсаңыз, онда сіз ең негізгі көмек деп адамның айтқанын ең соңына дейін тыңдайсыз, ішіндегісін шығартып жеңілдетесіз. Сіз әрдайым араласатын адамдарыңыздың қиындыққа түскенін сезесіз және өз ақылыңызбен көмектесесіз.

*    Сіздің салған жануарыңыз иттен үлкен болса, онда сіздің менмендігіңізді көрсетеді. Сіз елге көмек беруге қарсы емессіз, оның санасыздығы мен тоғышарлығын өзгертуге ұмтылмайсыз.

*    Егер сіздің салған суретіңіз иттен кіші болса, онда сіз ешқандай пайымды көмек бере алмайсыз. Әрине сіздің жанашырлығыңыз шынайы, бірақ қажетсіз.

*    Егер де иттің жанына сіз адамның  суретін салсаңыз, онда сіздің салқынқандылығыңызды және бірыңғайлығыңызды білдіреді. Сіз өзгенің күйзелісі мен мәселесіне барынша кірісіп кетесіз, бұл әурешіліктің сізге керегі жоқ.

*    Егер сіз иттің жанына үйшіктің немесе ұяшықтың суретін салсаңыз, онда сіз қиындыққа түскен адамның  барлық адамдарды қорғап пана бола аласыз. Сіз жауапкершіліктен қорықпайсыз және берген уәдеде тұрасыз. Айналаңыздағылар кез-келген жағдайда сіздің көмегіңізге сүйенеді.

*    Егер сіз иттің мойнына, иегіне, тұмсығына көңіл бөлсеңіз, онда сіз қиындыққа түскен адамның шаруасына араласпағанды ұнатасыз. Өзгенің мәселесі сіздің өміріңізді қиындатпауы керек және адам өзіне-өзі көмек көрсету арқылы қиын жағдайдан шығуы оның жеке ісі деп есептейсіз. Ал сіздің жалғыз берер көмегіңіз бұл ақшалай, әрине қарызға бір-ақ рет.

*    Тамақтың (сүйектің, қалдықтың) суретін иттің жанына салатын болсаңыз, онда қиындыққа тап болған адам  сізден көмек сұрамаса да, сіз оған көмек көрсетесіз. Айналаңыздағылардың азаптанып, қиналғанын көре тұра қол қусырып қарап отыра алмайсыз,  қайткенде де көмек көрсетуге тырысасыз. Кейде сіздің көмегіңіз түкке де аспай қалады, әрине қарап тұрғаннан бұл да жақсы. Иттің айналасына көп заттардың суретін салған өте жақсы. Онда сіздің көмегіңіз жан-жақты болуы мүмкін.

 

v «Менің жетістікке жетудегі бес жақсы және бес жаман қасиеттерім» деген тақырыпта өздеріңіз ойланып, қағаз бетіне жазыңыздар. Қағазды екі бөлікке бөлесіз. 1 және 2 деп нөмірлейсіз. 1 деген бетке жақсы қасиеттерді, 2 бетке жаман қасиеттеріңізді теріп жазасыз.
Рахмет! Өзінің мықты және әлсіз қасиеттерін білген және ашық айта білген,әлсіз қасиеттерін түзетуге ұмтылған адам ғана жеңіске жетеді. Демек, сіздердің жетістікке жетіп, өз мақсаттарыңның орындалуына күмән келтіруге болмайды.  Ал, енді қорқыныш сезімімізді, қобалжуларымызды, стресті жояйық! Жазылған топтамаларды бүкіл ашуларыңызбен майдалап жыртып, мына ыдысқа салып, лақтырып жіберейік. Енді біз кедергілерден арылдық, жақсы сезіммен, көңілмен, шабытпен, мақсатымызға жетеміз! Рахмет!

v «Жаңғырық туралы аңыз» әпсана әңгіме.

Әкесі баласымен бірге тауға барады. Содан келе жатып аяғын тасқа ұрып алған ұлы:

-         ААААААААА! деп айқай салады.

-         ААААААААА!- деп деген жауапты естіп таң қалады.

-         Сен кімсің?- деп сұрайды ұлы.

Ал оған:

-         Сен кімсің?- деген жауап келеді.

Мұндай жауапқа ашуы  келген бала:

-         Қорқақ!- дейді.

Ол оған:

-         Қорқақ!- деп жауап береді.

Бала әкесінен:

-         Не болып жатыр?- деп сұрайды.

Әкесі жымиып күледі де, былай жауап береді: «Мені мұқият тыңда»

Әкесі тауға:

-         Мен сені сыйлаймын!-деп айқайлайды.

Ол оған:

-         Мен сені сыйлаймын!

-         Сен кереметсің!

Ол оған:

-         Сен кереметсің!

Бала сонда да таңдауын қоя алмады, содан оған әкесі түсіндіріп береді. «Бұл құбылысты жаңғырық деп атайды Шындығында бұл өмір деп аталады. Ол сен не айтсаң да, не істесең де, соның бәрін өзіңе қайтарады».

-                    Ұрметті ұстаздар, кейбіріңіз осы балалардың ата-аналарысыздар,  және оқушылар! Өз еңбектеріңіз бен білім жолында  төккен терлеріңіз алдарыңыздан жарқырап шығатынына сеніп, шаршамай, талмай еңбектене отырып, ҰБТ-да жоғары нәтижеге жетулеріңізге тілектеспін, сәттілік тілеймін.

 

v    Релаксациялық жаттығу. «Теңізге саяхат».

Бұл медитативтік техника денедегі қысымды түсіруге бағытталған.

       Психолог. Жайланып отырыңыз, көзіңізді жұмыңыз. Терең демалыңыз, денеңізді бос ұстаңыз, денеңізді ауырлап бара жатқандай сезініңіз. Өзіңізді жартастың үстінде тұрмын деп есептеңіз және алысқа көз жіберіңіз. Сіздің алдыңызда көгілдір теңіз, ашық аспан және күн. Теңіз бірқалыпты дем алып, асау толқындары жағаға соғылып, қайтадан кейін қайтуда. Денеңізді теңіз толқынының лебі ұрып жатқандай сезініңіз.

       Теңіз толқындарының шуын естіп, толқындарға қызыға қарап, жағалаудағы теңіздің тұзды ауасын жұтып тұрсыз. Өз бойыңызды басқан ауыртпалықтан бір сәтке болса да арылғандайсыз. Сіздің рухыңыз жайлылық сезіміне толы. Сіз төменге түсіп, аяғыңызды шештіңіз, жалаң аяқ құмның қызуы мен жұмсақтығын сезіне отырып жүгірудесіз. Міне, сіз судың жанына келдіңіз, толқындар сіздің аяғыңызды жуып жатыр, су жып-жылы әрі жұп-жұмсақ. Сіз қолдарыңызды бос тастап, басыңызды шалқайтыңыз. Күн сәулесі мен  жеңіл самал жел сіздің бетіңізді өбуде, теңіз толқындарының тамшылары сіздің  денеңізді баурап алғандай. Ерніңізде теңіздің суының кермек дәмі және бақыт күлкісі. Сіз өзіңізді кішкентай бала сияқты сезініп – жүгіріңіз, секіріңіз, су шашып ойнағыңыз, күлгіңіз келеді. Өзіңізге осы бірнеше минут ішінде не істегіңіз келсе, соны істеуге рұқсат етіңіз.Сіздің қайтатын уақытыңыз болды. Тағы жартас үстінде тұрсыз. Сізге демалыс пен бақыт сыйлаған мына ғажайып әлемге алғысыңызды білдіресіз. Тұрған жеріңізбен қоштасыңыз. Жайлап көзіңізді ашыңыз.

Рефлексия:

Тренингтен алған әсерлермен бөлісіңіз? Қандай әсер алдыңыз?

 

v Мұғалімдерге психологиялық кеңестер:

ü Оқушыларға тест сұрақтарын көбірек дайындаңыз;

ü Есте сақтауға арналған тапсырмаларды беріңіз;

ü Оқушылардың оқудағы жетістіктерін үнемі мадақтап отырыңыз;

ü ҰБТ алдында оқушыларға қолдау көрсетіңіз, жақсы сөздер айтыңыз. Мысалы: «Сенің қолыңнан барлығы келеді»;

ü Оқушыларға тілектер айтыңыз. Мысалы: «ҰБТ-ны жақсы тапсыруларыңа тілектеспін. Мен сендерге сенемін!»;

ü Аутотренингті қолдануды үйреніңіз;

ü Оқушылардың үрейін азайту үшін терең тыныс алуды ұсыныңыз;

ü ҰБТ-ны жақсы тапсыру техникасымен таныстырыңыз. Мысалы: логикалық ойлануға әр сұрақ мағынасынан жауап табуға болады;

ü ҰБТ алдында ең алдымен өзіңіз сабыр сақтаңыз;

ü Байқау тестілерінің нәтижесі төмен болса, оқушыларға ұрыспаңыз. Сабырлылықпен түсіндіруге тырысыңыз;

ü Ал ҰБТ нәтижесі төмен болса, мұнда қандай қателік жібердім дем ойлаңыз;

v Рефлексия. «Біз біргеміз және сенімдіміз».

Мақсаты:  әртүрлі ойлауды қажет ететін сұрақтар, проблемалар, ситуациялар төңірегінде ой қорыту, өздерінің “ойларын пісіру”.

 

-         Қазір қандай күйдесіздер?

-         Босаңсу жаттығулары қаншалықты нәтиже берді?

-         Тренингтен алған әсерлеріңіз қандай?

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Оқушыларды ҰБТ-ға дайындау кезінде мұғалімдерге психологиялық қолдау көрсету әдістері"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Корреспондент

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 251 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.05.2017 2180
    • DOCX 29.8 кбайт
    • 27 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакенбаева Гульнара Бауыржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14631
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Готовимся к ЕГЭ по литературе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фундаментальные принципы здоровья и двигательной активности

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История России: ключевые события и реформы

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 136 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 86 человек