Инфоурок Другое Научные работыОйын технологиясы арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігн арттыру

Ойын технологиясы арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігн арттыру

Скачать материал

МАЗМҰНЫ

 

КІРІСПЕ....................................................................................................................3

 

1 ОЙЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ БАЛА ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ...................................4

1.1 Ойын технологиясының даму тарихы.............................................................4

1.2 Оқыту үрдісінде дидактикалық ойын түрлерінің жіктелуі.........................10

1.3 Танымдық ойындардың қызметі....................................................................12

 

2 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ......................................................................................19

2.1 Бастауыш сыныпта өтілген ашық сабақтың үлгісі.......................................19

2.2 Ойын және оның бастауыш сынып оқушыларын дамытудағы мүмкіндіктері.........................................................................................................25

 

ҚОРЫТЫНДЫ.......................................................................................................28

 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ...........................................................30

 

ҚОСЫМША


 

КІРІСПЕ

 

Курстық жұмыстың өзектігі: Ойын арқылы оқыту – оқушының қызығушылығын арттырудың бірден – бір жолы. Сабақта қызықтылық материалдарын пайдалана отырып, ойын арқылы оқыту танымдық әрекеттерге үлкен нәтиже беретініне мұғалімдердің немқұрайлылығы, мән бермейтіндігі ақиқат. Оқушылардың танымдық қабілеттерінің төмендігі білім сапасының нәтижелігіне кері әсерін тигізеді. Сондықтан да мұғалім сабақта дұрыс ұйымдастыра білуі керек және де бастауыш сыныптарда ойын технологиясын сабақта қолдану арқылы көптеген нәтижелерге жетуге болады. Қазақстан орта мектептерінің неғұрлым айқын міндеттерінің бірі «Білім мазмұнында оқушылардың білім, білік, дағдыларды игеруінен бірте – бірте оларды талдау, жинақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға қарай өтуге бағытталу болып отыр». Мұндай тұжырымдамалық талдауларды іске асыруда мұғалімнің шеберлігінде ойынды, әсіресе тіл сабақтарында әрі білімдік, әрі тәрбиелік бағытта дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді. Ойын түрін сабақта пайдалану арқылы жаңа материалды жеңіл де тиянақты, нақты түсіндіруге, меңгеруге жағдай жасалып, ол оқушының санасында берік сақталатын болады.

Курстық жұмыстың әдіс – тәсілдері: жинақтау, талдау, жүйелеу, анализ, синтез, сұрыптау.

Курстық жұмыстың мақсаты: Білім сапасын арттыруда оқытудың тиімді әдіс – тәсілдерін оқыту процесіне ендіру. Ойын арқылы оқушылардың танымдық қабілеттерін арттыру.

Курстық жұмыстың міндеттері: тақырып аясындағы тиянақты ізденіс жұмысы, қосымша деректер бойынша ізденіс, ойын технологиясына байланысты нақты іс - әрекеттер аясына зерттеулер жүргізу, аталмыш тақырып барысында ғылыми дереккөздерді қарастыру.

Курстық жұмыстың құрылымы: қурстық жұмыс кіріспе, негізгі, тәжірибелік және қорытынды бөлімдерден тұрады. Қорытынды бөлімде жалпы жұмыс тұжырымдалады . Қолданылған әдбиеттер тізімі бар. Тәжірибелік бөлімде оқушылармен жұмыс түрі көрсетілген.

1 ОЙЫН ЖӘНЕ ОНЫҢ БАЛА ӨМІРІНДЕГІ МАҢЫЗЫ

1.1   Ойын технологиясының даму тарихы.

 

Қазақ тілінде «ойын» және «ойыншық сөздері «ой» сөзіне тікелей байланысты. Сірә, қазақ тілінде «ойын» термині адамның ойлау әрекетімен тығыз байланысты, өйткені ойнау – бұл бір уақытта ойлау мен әрекеттесу.

Ойынның шығуын ғалымдар әр түрлі ғылыми бағыттар бойынша оқытады. Ежелгі әлемде ойын қоғамдық өмірдің жинағы, түйіні болды, оған діни - саяси мағына берліді.

Ежелгі гректер Құдай ойын ойнаушыларды қорғайды, жақтайды және ойын адамның кез-келген бос уақытын өткізудің идеалы болады деп есептеді.

Ежелгі Қытайда мерекелік ойындарды император ашып және өзі сол ойынға қатысқан [1, 65 б].

Кеңес уақытында халықтық ойындардың мәдениеттік салтының дамуы және сақталуы қоғамның ойындық байлығы сақталған жазғы демалыс лагерлерінде басталды.

Әлемдік педагогикада ойын жарыс ретінде немесе арнайы мақсатқа жетуге (ұтыс, сыйлық) бағытталған және арнайы талаптармен шектелген (ереже) ойыншылар арасындағы сайыс ретінде қарастырылады.

Бүгінгі таңда ойын технологиялары мектептің оқу-тәрбие процесінде оқушылардың жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін қалыптастыруда ерекше мәнге ие болады.

Ойындарды балаларды оқыту мен тәрбиелеу ісінде пайдалану проблемасын көптеген педагогтар мен психологтар қарастырған. Оқушының жеке түлгасын қалыптастыруда ойынның педагогикалық мүмкіндіктері туралы Я.А.Коменский, И.Г.Песталоцци, Р.Оуэн, Ф.Фребель, К.Д.Ушинский, П.Ф.Лесгафт, Л.Н.Толстой, Н.К.Крупская, А.С.Макаренко, В.А.Сухомолинский ерекше атап өткен. Ойын теориясы мен практикасын жасауға көрнекті психологтар Л.С.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин, П.П.Блонский және т.б. үлес қосты. Ойын теориясы мәселесіне неміс ағартушылары Ф.Шиллер, К.Гросс, В.Вундт және ағылшын әлеументтанушысы Г.Спенсер ерекше ден қойды.

Оқытудың құралы ретінде дидактикалық ойындарды пайдалану әдіскер ғалымдардың еңбектерінде де көп айтылды (М.И.Микитинская, Т.К.Жикалкина, т.б.).

Ойын мәнділігі нәтижесінде емес, процестің өзінде болып табылатын іс-әрекеттің бір түрі, өмірдің керемет құбылыстарының бірі, баланың барлық маңызды ақыл - ой қалыптастыруға бағытталған әсерімен дамитыны мойындалған. Бүл ойын арқылы баланың барлық қабілеттерінің дамуына, күрбыларымен дұрыс қарым-қатынас орнатуына жағдай жасалатынын дәлелдейді. Ойын технологиясын оқыту процесінде пайдалану баланың қалыпты дамуына єсер етіп, шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттырады [2, 20 - 21б].

Сөйтіп, ойын технологиялары дегеніміз баланың қалыпты дамуына эсер етіп, оның шығармашылық қабілетін, танымдық белсенділігін арттыратын педагогикалық процесті үйымдастыру формаларының бірі болып табылады.

Жалпы оқу интеллектуальдық біліктері ақыл-ой әрекеті ретінде оқу іс-әрекетінің негізгі өзегін құрайды, оны іштей ұйымдастырады, тереңдетеді, белсендіреді.

Ойын – бұл қарым-қатынас, оқыту және өмірлік тәжірибе жинақтау құралы, оқытудың қиын социомәдени феномені, элементі болып табылады. Ойын процесінде:

-     «үлкен өмірге» ауысатын әлеуметтік топта кластың ролі мен тәртіп ережесі игеріледі.

-     топтың, ұжымның мүмкіндіктері қарастырылады.

-     бірлескен ұжымдық әрекет дағдылары жинақталады, қойылған ойын мақсатына  жету үшін қажетті оқушылардың жеке мінездемелері өңделеді.

-     қосымша құралдардың – (көрнекі құралдар, әдебиеттер, компьютерлік теххнологиялар) көмегімен қатысушылардың, мұғалімдердің ойынға енгізген мәдени дәстүрлері жинақталады.

Д.Б.Эльконин өзінің «Психология ойыны» атты кітабында «ойын» сөзі көңіл көтеру мағынасында, сонымен қатар, ауыспалы мағынада қолдана береді. Мысалы: «тағдыр ойыны», «отпен ойнау», т.б.

Балалар ойындарын жүйелі суреттеуде Е.А. Покровский өзінің кітабына былай деп жазған: «ойын» ұғымы кейбір халықтар арасында өз ерекшелігі бар.

Мысалы: ежелгі гректерде «ойын» сөзі балаларға тән әрекетті білдіретін. Еврейлерде «ойын» сөзі әзіл мен күлкі ұғымдарымен теңестіретін.

Римдіктерде «ludо» - қуаныш, шаттықты білдіреді. Санскритше «кляда» - ойын, қуаныш. Немістерде ежелгі герман сөзі «spilan» жеңіл, байсалды әрекетті білдіреді.

Аяғында бүкіл европалық тілдерде «ойын» сөзі адамның жалпы әрекетін білдіреді, бір жағынан ауыр жұмысқа негіздемейтін адамдарға қуаныш пен шаттыққа бөлейді. Сонымен, бұл ұғымға бала ойынынан трагедиялық шығармалары да кіреді.

50 жылдан кейін атақты голландиялық биолог пен психолог Ф.Бойтендайк «оын» сөзіне этимологиялық анализ береді және осы сөзді бейнелейтін ерекше процесстер белгілерін табуға тырысты. Бұл белгілердің ішінен «мына жаққа және анау жаққа» әрекетін тауып, оған спонтандық және бостандық, қуаныш пен ермекті кіргізеді.

«Ойын» сөзінің негізгі түп мағынасы не болып келеді? Философиялық энциклопедия сөздігінде келесі ұғым берілген: «ойын – термині жануарлар мен адамдардың мол әрекеттерін білдіреді. Бұдан ойын ұғымы адам әрекетінің негізін ұғыну, егер ойын табиғатқа қолданылса, ол – метафора, ойлау ақпараты, астарлы сөз [3, 415б].

Платонның бейнелеуі бойынша, ойынды рақымшыл, дана, шаттық, қызықты, биік, трагедиялық деп санаған.

Бірақ ойын әрекетінің түсіну философиялық-теориялық зжоспарында Ф.Шиллер мен И.Кант еңбегі зор. Олардың пікірінше, ойын – адам әрекетінің бостандық бейнесі.

Кант және Шиллер, ең бірінші болып ойынның эстетикалық табиғатын бекітті, ойында адам тіршілігінің сипаттамасын көрді. Бірақ Шиллер ойын мәнін адам әрекетінің бостандығы деп шексіздеді. Оның айтуынша, жануарлар әлемінде «ойын – күштің молдылығы, бұл жануарлардың ойын әрекетіне түрткі болады», ал өз тіршілігіне бұл әрекет бағытталмаған.

Испандық философ Хосе Ортега-и-Гассе, ойын әрекетін адам құмарлығы ретінде бейнелеп, еңбек әрекетін түсіндіретін адамды жоғарыдан көрсетуге қабіолетті деп санаған түссіз еңбек.

Ол тұрғындардың «сұр» массасына, ал шығармашылық ойынды таңдаулы қоғам таптарына жатқызған. Олар еңбек пен ойынның тығыз байланысына қарамай олар үшін еңбек ойыннан төмен саналды. Бұл еңбек пен ойынның қарама-қайшылығына әкелді[4, 91б].

Ойын әрекетінің мәселелеріндегі үлкен теориялық қызығушылық ойын мен өнердің өзара қарым-қатынасына байланысты  қойылатын сұрақ. Осы сұрақты талқылауда үлкен мәнге ие болған голландиялық тарихшы және мәдениет философы Иохан Хайзингтің монографиясы «Homo ludens» («ойнап жатқан адам»), ойынды өнермен байланыстырумен қатар оған әділ сотты, ғылымды, тұрмысты, тілді, поэзияны , әскерге, өнерді және т.б. қосады.

Ойынның әр түрлі белгілерін қоса отырып, ол:»ойын бір мақсатқа бағытталған, уақытты және жерді өз еркімен нақтылайтын әрекет не жұмыс болып саналады».

И.Хейзингтің ойынша, ойын әр түрлі мәдени және тұрмыстық құбылыстарды бағалау критериесі болып табылады, әсіресе бұл өнерге байланысты, өйткені өнер табиғаты ойынға жақын.

Автордың басты пікіріне сәйкес, адам тархының дамуында ойынға негізделген мәдениет дамуы жатыр.

Хейзингтің ойынша, әрбір ойын – бұл парасаттылық/пасықтық, қызығушылық/қызықсыз тараулар шекарасында жүретін «бостандық әрекеті». Жалпы алғанда, оның сөздері бойынша, «мәдениет ойын ретінде емес және ойыннан басталмайды, ол ойынның өзінде бастау алады».

Кітапта поэзия мен ойын арасындағы өзара байланысына арналған беттер ерекше орын алады. Нақты мағынада орталық тақырыбы болып саналатын ойын мен мәдениет арасындағы өзара байланыс мәселесі қойылады, өйткені қоғамның жоғары ұйымдастырылған түрлері дін, құқық, соғыс, саясат, экономика және т.б. ойынмен тікелей қатынасын жоғалтады. Ал поэзия ойында негізделген оның үстінде, бұл жарыс элементтерінен құралған қоғамдық ойын.

Мысалы, көп ғасырлар бойы келе жатқан қазақ ақындарының жарысы «айтыс». Бұндай жарыстар жердің екі шетінде орналасқан және даму сатылары әр түрлі басқа да халықтарда байқалды. Хейзинг «poesis» - бұл ойындық функция деп саналады. Ол өз әлемінде жүзеге асады.

Голландиялық философ ойын мен ән және бимен тығыз байланыстырды. Араб, неміс, француз, орыс және кейбір славяндық тілдерде музыкалық аспаптарда орындалуы ойын деп атайды. Қазіргі тілдерде де ұқсастық бар. Оның пікірінше, «би ойынның ерекше және жетілген түрі болып табылады» [5, 45б].

Ойын бастауы, көркем шығармаға тән, пайда болуының бірінші күндерінде адам әрекетінің көптеген белгілерін  бейнелейді және оның мінез-құлқын анықтайды. Ол аз уақыт мерзімінде әр түрлі пәндер бойынша оқушылардың білімді, іскерлікті, дағдыны игеруін қамтамасыз етеді.

В.В.Петрусинскийдің пікірі бойынша педагогтың басты міндеті – оқуға үйрету. Ал педагогтың белсенді көмекшісі – ойын. Педагог негізгі күшті алғашқы әрекетке (ведущая деятельность) салу керек. Л.В.Выготский, А.Н.Леонтьев, Д.Б.Эльконин өңдген кезеңдік схемасына назар салсақ, берлігне кезеңнің негізінде адамның кез-келген жасына сәйкес және арнайы әрекет типі – алғашқы әрекет болып табылады.

Ойын «формуласын» көптеген ғалымдар былай көрсетеді. «ермек (увлечение) + көңіл көтеру». Біріккен оқу әрекетіне жету мотивациясын түсіну – интенсивті (өнімді) оқыту жүйесінде сабақты өткізуде ойын формаларын қолдану негізгі мақсат болып табылады. Ойынды қолдану психологиялық және физиологиялық демалысты ұйымдастырумен, ақпараттық артық салмақ компенсация мүмкіндіктерімен байланысты міндеттерді шешуге көмектеседі.

Ойынның артықшылығы, кез-келген ойын бірнеше функцияларды (қызметтерді) атқарады:

С.А.Шмаковтың пікірінше, ойын табиғаты – бұл оның нақты құндылығы: қуанышты жағдай, эмоция, белсенді өмірлік тонусы (нерв жүйесімен бұлшықеттердің физиологиялық жағдайдағы күш-қуаты), сергектік, ширақтық.

Э.Берннің пікірінше ойынның тарихи мағынасы адамдар ойнайтын ойын ұрпақтан ұрпаққа беріледі.

Ойын бағдарламасының негізін мынадай тапсырмалар түрлері төмендегілерді құрайды:

Заттарды немесе олардың бейнеленуін қарап шығу; берілген негіздеме немесе өз бетінше табылған негіздеме бойынша түскен ақпаратгы топтастыру, жіктеу; қойылған танымдық міндеттерге сєйкес бөліп көрсетілген танымдық жағынан мәнді мәліметтердің жіктемесінің дұрыстығын тексеру.

Хабарламаны тыңдау; түскен ақпаратты жіктеу, яғни берілген негіздеме немесе өз бетінше табылған негіздеме бойынша әдебиеттердегі мєліметтерді бөлу; танымдық жағынан мәнді мәліметтердің жіктемесінің дұрыстығын тексеру[6, 87 б].

Заттарды немесе олардың бейнеленуін қарап шығу; олардағы танымдық жағынан мәнді мәліметтерді жинақтау; меңгерілген білімнің жинақталуының дұрыстығын тексеру.

Хабарламаны тындау; олардағы танымдық жағынан мәнді мәлшеттерді жинақтау - оларды неғұрлым жинақталған түрде беру; жинақтаудың дұрыстығын тексеру.

Сонымен мектептің оқу-тәрбие процесінде ойын технологияларын тиімді пайдалану оқу іс-әрекетінің ақпараттық-бағдарлы, үйымдастыру-орындау және бақылау - түзету функцияларын іске асыруға, оқушылардың жалпы оқу интеллектуальдық біліктерін қалыптастыруға игі әсерін тигізеді.

 

1.2 Оқыту үрдісінде дидактикалық ойын түрлерінің жіктелуі.

 

Ойын сонау ата - бабалар заманынан бері мазмұн жағынан толысып, дамып, дәстүрі жалғасып келеді. Ойын еш уақытта дамудың бір сатысына жеткенде тоқтап қалмайды, жетіле түседі.

Ойын - оқудың, тәрбиенің барлық саласымен, өнермен ұштасып жатады.

Қазақстан орта мектебінің неғұрлым айқын міндеттерінің бірі "Білім мазмұнында оқушылардың білім, білік, дағдыларды игеруінен бірте - бірте оларды талдау, жинақтау, логикалық ойлау қабілеттерін дамытуға қарай өтуге бағытталуы болып отыр".

Мұндай тұжырымдамалық талдауларды іске асыруда мұғалімнің шеберлігінде ойынды, әсіресе тіл сабақтарында әрі білімдік, әрі тәрбиелік бағытта дұрыс ұйымдастыруды қажет етеді.

Бала ұғымына лайықты тәрбие жұмыстарын жүргізгенде әдістемелік мағынасы зор ойын түрлерінің атқарар рөлі ерекше. Оқушы тілдің түрлі құбылыстарын меңгеру өте қиын деген ойға келеді. Мұндай қиыншылықтарда тек сабақта ойын түрлерін мақсатсыз қолдана беруге болмауы. Зерттеу жұмыстарын қарағанда, оқушының білім алуға деген ықыласы белгілі бір дағдылар мен қабілеттіліктерді қажет етеді. Сондықтан да сабақ процесінде белгілі дағды мен қабілет қалыптасу арқылы танымдық қызығушылық пайда болады.

Оқыту принципі – бастапқы дидактикалық жағдай, оқыту процесінің объективті заңдары мен заңдылықтарының таралуын білдіреді және оның тұлғаның дамуына бағытталуын анықтайды. Оқыту принциптерінде оқыту процесін құруға және оны басқаруға теориялық ұстанымы ашылады.

- Белсенділік – ойын әрекетінің негізгі принципі. Адымның ойынға даярлықтан бастап, ойын процесінде, алынған нәтижені талдау барысында адамның интеллектуалдықжәне физикалық күшінің бел сенді пайда болуына байланыты;

- Ойынның ашықтығы және жеткіліктілігі, кез-келегн ойын еш ерекшеліктерінсіз, адамдардың еркін қатысуы үшін құрылу керектігімен түсіндіріледі. Жеткіліктілік, ойындар қарапайым және түсінікті, ал ойынның нәтижесі мен барысы жайында ақпараттар барлық назар аударушыларға жеткілікті болу керек;

- Динамикалық, уақыт факторларының адамның ойын әрекетіне әсерін білдіреді;

- Ойыннның көрнекілігі, барлық ойын әрекеттері көрермендерге жақсы кө ріну керек, әсіресе ойын механизмдері;

- Ойынның эмоционалдылығы, негізгі дидакьикалық мәні ойынға деген танымдық қызығушылықты тудырады және ойынға қатысу процесіне даярлықтың танымдық белсенділігін білдіреді;

- Жасанды ойындарды модельдеу белсенді жүйелерді имитациаландыруға негізделген.

- Жасанды ойындарда рольдерді ойнау адам әрекеттерін ойындық модельдеуге негізделген және оны жеке және толық рольдерде ойнауда көрінеді.

- Жекелік принципі адамның ойынға деген жеке қарым-қатынасын білдіреді. Бұл кез-келген ойында ойыншының жеке қасиеттерін көрсететін орынның болуын білдіреді.

- Ұжымдылық, топта немесе командада өзара байланысқан ойын әрекетінің біріккен сипатын білдіреді.

- ойыншының мақсаттылығы, яғни ойыншының жеке мақсаты команданың ортақ мақсатымен сәйкес келуі керек;

- Ойында ойыншының өзара әрекеті және өз  беттілігі; біріншісінде бұл ұжымдық ойында тұлғаның өзін еркін көрсетуі; екіншісінде ойыншының өзбеттілігінің басты мәні ойынның мақсаты оның өзіндік әрекетін құрайтын элементі болып табылады.

- Ойындағы жарыс, бұл принциптің дидактикалық құндылығы жарыс әрекеттің белсенділігін оятады және адамның рухани және интеллектуалды потенциалын тездетеді;

- Нәтижелілік, ойын әрекеитінің қорытындысын тұлғаның нақты жетістігі ретінде сезінуді білдіреді;

- Мәселелік принципі интеллекталды-эмоционалды күресте ойлаудың логикалық-психологиялық заңдылықтарын білдіреді. Ойынның барысы жоспарлау, ұйымдастыру процестерінен, ойыншының ойында пайда болған проблемалық ситуацияларды шешуден тұрады.

А.И. Субетто: "Ойын - әркез бақытты өмір үлгісі. Ойын тудырушы, тудыра отырып шығармашылықты өрнектейді, адамды шығармашылыққа даярлағандай, өмірге де дайындайды" десе, В.А. Сухомлинский: "Ойын кезінде балалар алдында әлем, дүние айқындалады, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеті ашылады. Ойынсыз толық мәнді ақыл - ойдың дамуы болмайды, болуы мүмкін де емес" деген [1, 9б]. Ойын өз алдына оқыту үрдісі, оқушыларды еңбекке дайындаудың белсенді құралы.

Оқытудың ойындық әдісі ерте кезден бастап күні бүгінге дейін қолданылып, ұрпақтан ұрпаққа жалғасып келеді, жалғаса да береді.

 

1.3 Танымдық ойындардың қызметі.

 

"Еңбек және оқу сияқты ойын да адам іс - әрекетінің негізгі түрлерінің бірі". Адам жасайтын әр алуан іс-әрекеттердің ішінде ойын ең қарапайым әрекет болып табылады. Өйткені ол бізге бала кезден таныс. Шындықты ұғынудың ең жеңіл, әрі жақсы құралы. Ол адам өміріндегі ең бір қызықты феномен [2, 12б].

Ойын- қанағат алу үшін жасалатын іс - әрекет. Ол мектеп жасына дейінгі балалардың іс - әрекетінің негізгі түрі, ал оқушылар мен ересектер ойынды сабақтан және жұмыстан қолы бос кездерінде ойнайды. Бірақ оқуда да, еңбекте де ойын элементтерін қолдануға болады. Ойын туралы көптеген теориялар бар. Солардың бірін алғаш рет жасаған Ф. Врубель. Ол ойын арқылы бала өзін - өзі көрсеткісі келеді дейді. М. Лазарус жұмыстан кейін демалу теориясын, Г. Спенсер ойын арқылы денедегі артық энергияны шығару, К. Крус тіршілік үшін күреске әзірлеу ойындарының,                           С.Л. Рубинштейн еңбекке дайындайтын ойындарының теорияларын жасады. Ойын туралы қазіргі көзқарастар оның көптеген қызметін анықтап отыр. Ол баланың қажеттіліктерін, қызығушылықтарын қанағаттандырып, оның өмірге бейімделуін жеңілдетеді (Д.Б. Эльконин), болмысты тануға көмектеседі. Ойын арқылы бала білім алады, тәрбиеленеді, қоғамды құрметтеуге үйренеді, ынтымақтасып жұмыс істеуге дағдыланып, ұтылуға емес, ұтуға тырысады. Оқушылар ертегілерді, аңыздарды, әдеби шығармаларды, өмірден алынған оқиғаларды сахнаға лайықтап қойып, өздері түрлі рөлдерде ойнайды            [3, 415б].

Белгілі ресейлік ғалым-педагог Л.В. Занковтың айтуынша, сабақтағы ойын элементтері оқу процесіндегі зерттеушілікті көруге көмектеседі, оқуышалардың білімін кеңейтуге, шығармашылық ізденімпаздығы мен зерделілігін арттыруға және оқуға деген ептілігін қалыптастыруға қызығушылығын және ынтасын арттыруға септігін тигізеді [4, 15б].

Балалардың денесі мен рухани дамуында ойын әрекеттерінің алатын орны ерекше айтуға болады. Алты жасар оқушы - ойын баласы. Мектептерге келген шәкірттердің ойыны мектеп жасына дейінгі бұл бүлдіршіндердің рөльдік, сюжеттік ойындарынан басқа мазмұнда құрылуы керек. Бұл кезеңде ойын еңбек ету, білім, тәрбие алудың негізгі құралы ретінде қолданылады. Сабақ кезінде ойындарды ұйымдастыру мен оларды жүргізуде мынадай негізгі қағидаларды орындау қажетті және жеткілікті:

1 Ойын ережесін оқушы дұрыс түсініп, ұғу үшін тілі қарапайым, дәл, нақтылы айтылуы керек. Егер материал кейбір оқушылар үшін түсінікті болып, ал қалғандары ойын ережесін түсінбесе немесе ойынның мазмұнын анық ұқпаса, онда ол балаларды қызықтырмайды, тек мақсатсыз жүргізу болып саналады.

2 Ойынды жүргізу негізінде оқушылардың сан қилы ситуациялық жағдайларды шешуге икемділігін дамытып, логикалық тапқырлығын арттырмай, тек белсенділігін арттырса, онда педагогикалық мақсаттың орындалмағандығы.

3 Ойынға арналған дидактикалық материал кіші жастағы оқушылар үшін күрделі, тартымсыз жасалып, оны қолдану ыңғайсыз болса, онда ойын ойдағыдай әсерлі болып шықпайды.

4 Ойынды жүргізгенде оның нәтижесі барлық бүкіл оқушылардың қатысуымен тексерілуі тиіс немесе әдейі тексеруші сайланған дұрыс. Ойын нәтижесінің қорытындысы ашық және әділ бағалануы қажет. Ойын қорытындысы бойынша "жеңімпазды" анықтау кезінде жіберілген сәл қате, әділетсіздік оқушылар санасында жағымсыз ой қалдырады.

5 Оқушы ойынға белсенді қатысу үшін, оны ұзаққа созбай, оқушыларды күттірмей ережесін түсіндіргеннен кейін тез жүргізіп, қорытынды сол бойда хабарлап, жеңімпаздарға сыйлық берілуі керек немесе оларды мадақтаған дұрыс.

6 Егер сабақ кезінде шәкірттердің ойын қалыптастыратын және ойлауын дамытатындай бірнеше ұқсас ойындар жүргізілсе, онда ойынды қарапайым түрден бірте - бірте күрделендіруге және нақтыдан абстрактылы түрге көшкен тиімді болады. Бұл әдісті әсіресе логикалық ойындарды жүргізгенде пайдалану қажет.

7 Сабақта ойын әдісін оның мақсатына, мазмұнына және тақырыбына қарай қолдану тиімді. Ойынлы шамадан тыс, қажетсіз жерінде қолдану кері әсер етеді.

8 Ойын әдісін сабақта қолданғанда нақтылы тапсырма, мақсат, міндеттер шешілуі тиіс.

Осы негізгі қағидаларды дұрыс пайдаланып, қолданса, жақсы нәтижеге жетуге болады.

Ойын жақсы нәтиже беру үшін алдын ала талаптар қойылады. Олар:

- Ойынның мақсаты нақты болу керек.

- Ойын тәртібі әбден түсіндірілуі керек.

- Көрнекіліктер мен материалдар алдын ала таныс болуы керек.

- Оқушылар түгел қамтылуы тиіс. Дұрыс шешім қабылдауға дайын болуы керек [5, 12-13б].

Оқу үрдісінде ойынды не үшін қолданамыз? Өйткені бастауыш сынып оқшыларының ең басты іс - әрекеті - ойын. Яғни, олар ойында ғана тынығып, жұмыс жасап, өсіп жетіледі. Сонымен қатар ойын түрінде өткізілген сабақ қатысымдықты айқындайтын негізгі факторларды, сөздер мен сөз тіркестерін еске сақтауға, қарым - қатынас жасауда өзінің әлеуметтік рөлін айқындауға көмектеседі. Ойында психикалық үрдістер: қабылдау, ойлау, ес, сөйлеу, т.б. қалыптасады.

Ойын арқылы оқушы неге үйренеді?

- Қисынды ой - қабілетін дамытады.

- Өздігінен жұмыс істеуге үйренеді.

- Сөздік қоры баиды, тілі дамиды.

- Зейіні қалыптасады.

- Байқампаздығы артады.

- Өзара сыйластыққа үйретеді.

- Ойынның ережесін бұзбау, яғни, тәртіптілікке баулиды.

- Бір - біріне деген оқушы сенімі артады, достыққа, ынтымақтастыққа баулиды.

- Сабаққа қызығушылығы артады.

Ойынның қандай да бір түрін қолданбас бұрын оқытушы ойынның технологиясын жақсы меңгеріп, ойынның мақсатын дұрыс таңдап алуы қажет. Жалпы қарайтын болсақ, жай ойындарға қарағанда педагогикалық ойындардың маңызы көбірек. Педагогикалық ойындар білімділік, тәрбиелік, дамытушылық мақсат қоя отырып, үнемі оқыту, үйрету қызметін атқарады. Ойын әрекетінің неғұрлым нәтижелі болуы, ойыншылардың оқытушы ұсынған ережеге сай жұмыс істеуіне, яғни ойнауына байланысты. Оны ойын біткен соң оқытушы қорытындылағаны дұрыс.

Кеңестік педагог А.С. Макаренконың пікірінше: "Ойында баланың психологиялық қасиеттерінің сапалары да өзгеріп отырады. Ойын баланың сабаққа ынтасын аудартуға, көңіл қойғызуға, сондай - ақ қабылдауын жеңілдетуге, білімді толық игеруіне көмектеседі." [4, 16б]. Сондықтан да ұстаздың басты міндеті сабақта ойын элементтерін дұрыс таңдап, қолдана білу.

Ойындар - белгілі бір білімді, іс - әрекетті үйрету құралы. Мәселен, бұрынырақта шахмат ойыны арқылы соғыс өнерінің тактикасы мен стратегиясы үйретілген. Кейінгі кезеңде ол жұртшылыққа кең тарап, спорттық ойын түріне жатқызылды. Мұндай мысалға қазақ халқының аударыспақ, жамбы ату т.б. ойындарын жатқызуға болады.

Сондай - ақ, А. Байтұрсыновтың оқулықтары мен еңбектерінде арнайы "дидактикалық ойындар" деген термин қолданылып, аты аталмаса да, сабаққа оқушылардың ынтасын туғызатын ойындардың түрлерін кеңінен қолданған. Мәселен: "Қата оқыған жақ қайта оқиды" атты дидактикалық ойыны.

Алты бала одақтасып ат бақыл атты.

Дала балалары одақ болды.

Қала балалары одақ болды.

Асандар атты. Алты асық алды.

Назарлар асықсыз қалды.

Асандардан асық қарыз алды.

Қақбақылдан да Назарлар қалды.

Осы 8 сөзді 8 баладан одақтасып бәске оқиды. Бәстері қата шығармау; шығарған жақ қайта оқу, бала басынан бір сөйлемнен оқиды. Бірі қаталасса, қатасы одағының бәріне жұғады. Қаталасқан жақтан біреуі бөтен мақаланы қатасыз оқып шықса, одақтастарының қатасының бәрін жуады.

Демек А. Байтұрсынов дидактикалық ойындарды балалардың сауатын арттыруда, олардың орфоэпиялық дағдыларын қалыптастыруда толық пайдаланған. Сонымен қатар осы ойынның тәрбиелік сипатының да артықшылығы айқын көрінеді. Әр бала өзінің топ алдындағы жауапкершілігін сезінеді, қателеспеуге деген ниеті туады [6, 3-4б].

Ойынның бірнеше түрлері болады. Алдымен, олар спорттық ойындар және педагогикалық ойындар деп бөлінеді. Біздің әңгіме қылғалы отырғанымыз, әрине, педагогикалық ойындар. Олар: пәндік, драмалық, сюжеттік, имитациялық, рөлдік тағы басқа деп ажыратылады. Мұндай педагогикалық ойындарды өткізудің өзіндік тәртібі мен әдістері де жоқ емес.

Дидактикалық ойындарды оқыту мазмұнына сәйкес мынадай түрлерге бөлінеді:

1. Ойын - саяхаттар. Олар ертегілерге ұқсас фактілер немесе оқиғаларды бейнелейді, қарапайым жұмбақ арқылы беріледі.

2. Ойын - тапсырмалар. Бұл ойындардың негізін заттар мен әрекет, сөздік тапсырмалар құрайды.

3. Ойын - болжамдар. Бұл ойындар «не болар еді...?», «Мен не істер едім, егер...» деген сұрақтарға негізделеді.

Ойынның дидактикалық мазмұны балалардың алдына проблемалық міндет пен ситуацияны қоюымен ерекшеленеді.

4. Ойын - жұмбақтар. Жұмбақтың негізгі ерекшелігі - логикалық астарының болуында. Олар баланың ой әрекетін белсендіреді. Жұмбақтар салыстыру, теңеу және сипаттау арқылы ұғымның қасиеттерін ажыратуға тәрбиелейді, оқушы қиялының дамуына әсер етеді.

5. Ойын - әңгімелер. Ол мұғалімнің балалармен, балалардың мұғаліммен және балалардың балалармен қарым - қатынасына негізделеді. Бұл қарым - қатынас ойын мазмұнында ерекше сипаттқа негіз болады. Ойынның құндылығы балаларды эмоционалдық түрде белсендіруге, өзара әрекет жасауға, бірлесіп ойнауға мүмкіндік туғызады.

Танымдық іс - әрекет сипатына сәйкес ойын түрлері:

1. Балалардың орындаушылық әрекетті талап ететін ойындар.

2. Қайта жаңғырту іс - әрекетін орындауға бағытталған ойындар.

3. Қайта жасау іс - әрекетін жүзеге асыруға бағытталған ойындар.

4. Оқушылардың іс - әрекетін бақылауға бағытталған ойындар.

5. Ізденіс іс - әрекетіне бағытталған ойындар.

Құрлымы бойынша дидактикалық ойындарды мынадай түрлерге жіктеуге болады:

1. Сюжеттік - рөлдік ойындар.

2. Жаттығу ойындары.

3. Шығармашылық ойындар.

4. Драмалық ойындар.

5. Әдеби - музыкалық ойындар.

Халық ойындарының педагогикалық мүмкіндіктеріне сәйкес мынадай жіктемесі бар:

1. Білім беретін ойындар.

2. Тәрбиелейтін ойындар.

3. Дамытатын ойындар.

4. Жеке тұлғаны әлеуметтендіретін ойындар.

5. Диагностикалық ойындар.

Жоғарыда көрсетілген жіктемелердің барлығының мазмұны өте қызық және өзіндік ерекшеліктерге толы. Олар дидактикалық ойындардың жалпы мақсаты мен мазмұнынына сәйкестендірілген. Бұл ойынның түрлерін бастауыш сыныптың оқу үрдісінде кеңінен пайдалануға болады.

С.А. Шмаковтың пікірінше, ойын - бұл тәртібіне өзіндік басқаруды жинақтайтын, қоғамдық тәжірибені меңгеруге бағытталған белгілі бір жағдайдағы іс - әрекет түрі [7, 8б].

Тіл үйренушінің психикасы, барлық қабілеті өзінің іс - әрекеті арқылы беріледі. Тіл үйренушінің ішкі сезім - санасы қалыптасады, ойлауы мен іс-қимылы қатар жүреді. Үйренуші ойлап отырып іс-қимыл жасайды да, тілді дұрыс қолдануға тырысады. Осының бір артықшылығы - тіл үйренуші оқу материалдарын жүйелі түрде қайталап, жаттығып отыратынында. Олардың лексикалық дағдысы да, грамматикалық дағдысы да қалыптасады. Сөйлемнің мазмұн мағынасы ғана емес, формасына да назар аударады. Білім деңгейі көтеріледі және әрі қарай тереңдетілуіне көп септігін тигізеді. Ойынның қызметі мен ерекшеліктері мыналар:

- алған білімі еске түсіріледі;

- теориядан алған білімі бекітіледі;

- көру қабілеті нығаяды;

- есту қабілеті артады;

- қабылдау мүмкіндіктері молаяды;

- пайымдау қабілеті артады;

- сенімділік қабілеті күшейеді;

- байқай қабілеті дамиды [8, 37б].

Сонымен қатар көңіл көтеруші (бұл ойынның негізгі қызметі - шаттану, ләззат алу, қызығушылық ояту); коммуникативті (қарым - қатынас диалектикасын меңгеру); өзіндік жүзеге асыру; ойынды терапевтикалық (өмір іс - әрекеттілігінің басқа түрлерінде пайда болатын әртүрлі қиыншылықтарды жеңіп шығу); диагностикалық (өзін - өзі тану ойын үрдісі, ережеге сай мінез - құлықтан ауытқушылықтың пайда болуы); коррекция қызметі (тұлғаның құрылымдық көрсеткіштердің позитивті өзгеруіне үлес қосу); ұлтаралық коммуникация қызметі (барлық адамға ортақ әлеуметтеу - мәдени құндылықтарды меңгеру); әлеуметтендіруші (адамдардың қоғамдасып өмір сүру нормасын меңгеруін қоғамдық қарым - қатынастар жүйесіне бекіту) сияқты көптеген қызметтер атқарады.

 

2 ТӘЖІРИБЕЛІК БӨЛІМ

2.1 Бастауыш сыныпта өтілген ашық сабақтың үлгісі.

 

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы: 4 «а»

Күні: 12.12.13

Тақырыбы: Буын үндестігі

Мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға түбір сөздегі дауыстылардың жуан не жіңішке болып келуіне орай оған жалғанатын қосымшалардың да жуан не жіңішке болып жалғанатынын байқату. Сауатты жазуға үйрету.

Тәрбиелік: Ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа, сауаттылыққа, белсенділікке, қызығушылыққа тәрбиелеу.

Дамытушылық: Оқушылардың ойлау, мәтінді талдау, тапсырмалар мен сұрақтар арқылы танымдық, шығармашылық қабілетін байқау, оқулықта берілген жаттығуларды өз беттерімен орындау, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазуға үйрету арқылы ой - өрісін дамыту. Ойлау қабілеттерін, зейінін дамыту.

Сабақтың түрі: дәстүрлі сабақ.

Оқыту әдістері: түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, ойын, шығармашылық тапсырмалар, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары.

Керекті жабдықтар: сызбанұсқалар, үлестірмелер, плакаттар, мазмұнды суреттер, интерактивті тақта, оқулық.

 

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі.

1 Амандасу.

2 Оқушыларды түгелдеу.

3 Оқушыларды топқа бөлу.            

4 Балалардың назарын сабаққа аудару.

(Оқушылардың назарын сабаққа аударды. Өз - өздерін реттеді. Журналда жазылған тізім бойынша 3 топқа бөлінді).

ІІ. Жаңа білім беру.

1 Кіріспе. (Мұғалім жаңа сабақтың тақырыбын хабарлау мақсатында ойын ойнатады)

«Кім жылдам?» ойыны

Ойынның шарты – берілген сөздерге тиісті қосымшаларды жалғап сөйлем құрау.

Мысалы: Балалар алаң жүр.

- Сөйлем дұрыс болу үшін не істейміз?

- Ол үшін алаң сөзіне – да жалғауын жалғаймыз. Сонда «Балалар алаңда жүр» деген сөйлем шығады.

- Осы ретпен «Айнұр мектепке келді. Кеше тауға барды» деген тәрізді бірнеше сөйлем құрастырылып, түбір сөзге қосылған неліктен солай жалғанғанына назар аударылады. Бұл тұста түбір сөздегі дауысты дыбыс қандай болса, қосымшада сондай дауысты дыбыстан болатыны оқушыларға түсіндіріледі.

(Оқушылар ойынның шартын мұқият тыңдап, іштей болжамдарын пайымдап отырады).

2 Тұсаукесер. (Тұсаукесер бөлімінде оқулықпен жұмыс жасаймыз).

Оқулықпен жұмыс:

13 - жаттығу. Берілген сөздерді буынға бөліп көшіріп жазып, соңғы буындағы дауысты дыбыстардың жуан не жіңішке екенін айту.

Үлгі: Дос – тық, е - тік - ші, т. б.

(Оқушылар жаттығуды дәптерге орындайды, сосын ауызша талқылайды).

Сергіту сәті.

Орнымыздан тұрайық,

Белімізді жазайық.

Жоғары - төмен қарайық,

Солға - солға түзу түр.

Оңға - оңға түзу түр,

Алға қарай бір адым,

Артқа қарай бір адым

Бойымызға күш жинап,

Бір дем алайық.

3 Негізгі бөлім. (Топпен жұмыс).

(Санау арқылы топқа бөлінеді).

1 - топ. «Білгіштер» 14 - жаттығу. Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді бағанның оң жағына, жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді бағанның сол жағына көшіріп жаз.

2 - топ. «Тапқырлар». Өлеңді оқып, жатқа жазыңдар.

Кім сүймейді атасын,

Асқар таудай көрінген.

Бөбекке айтар батасын,

Жаттап алған едім мен.

- Қарамен жазылған сөздерге жалғанған буындар қандай буын екенін және себебін айт.

- Өлеңнің мағынасын түсіндір.

3 - топ. «Алғырлар». Берілген сурет бойынша сөйлем құрап жазу.

(«Білгіштер» тобы 14 – жаттығуды орындайды. Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді бағанның оң жағына, жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді бағанның сол жағына көшіріп жазады. «Тапқырлар» тобы өлеңді оқиды, жатқа жазады. «Алғырлар» тобы берілген сурет бойынша сөйлем құрап жазады.)

Ұжымдық жұмыс. (15 – 16 – 17 – жаттығуларды орындайды)

15 - жаттығу. Жатқа жазу. Шарты бойынша жаттығуды орындау. Дәлелдеу. Көркем жазу.

16 - жаттығу. Сөйлемдерді көшіріп жазып, жіңішке қосымша жалғанған сөздердің астын – бір, жуан қосымша жалғанған сөздердің астын екі сызу. Құрамында жуан, жіңішке буын аралас келетін сөздердің де болатынын айтып түсіндіру.

17 - жаттығу. Ұжымдық жұмыс. Сөздерге қосылған буындардың неліктен жуан. Неліктен жіңішке екенін дәлелдеу.

ІІІ. Бекіту. («Ой қозғау» әдісін қолданамыз)

«Ой қозғау» әдісі

18 - жаттығу. Ребус шешу. Шешуі: достық. Достық деген сөзді тақырып етіп алып, әңгіме жазу.

(Ребусты шешеді. Достық тақырыбына әңгіме жазады.)

IV. Қорытынды.

Жинақтау. Үлестірмелермен жұмыс.

№1. Көп нүктенің орнына тиісті қосымшаны қойып жаз. Неліктен сол қосымшаны жалғағаныңды түсіндір.

Ақыл – жас..., асыл тас...,    

№2 Берілген сөздерді буынға бөліп жаз. Әр буындағы дауысты дыбыстың жуан не жіңішке екенін айт.

Өнерлі, өнерпаз, көкжиекте, шаңырақтың.

Осы сөздерді қатыстырып сөйлем құра.

№3 Түбір сөздерге тиісті жалғауларды теріп жаз.

құрылыс... – тер

аң... – шы

көбелек... – дар.

(№1, №2, №3 тапсырмаларды орындайды).

- Сонымен, балалар, қазақ тіліндегі сөздердің біріңғай жуан, не бірыңғай жіңішке болып келу себебі неде екен?

- Оның себебі: түбір сөздің соңғы буынында жуан дауысты дыбыс болса, оған жалғанатын қосымша да жуан, жіңішке болса, қосымша да жіңішке болып жалғанады.

V. Үйге тапсырма. 19 – жаттығу.         

VI. Бағалау. (Оқушыларды бағалайды.)

-       Осымен сабағымыз аяқталды, сау болыңдар!

 

САБАҚТЫҢ ӨЗІНДІК ТАЛДАУЫ.

 

Мүткенов атындағы жалпы орта білім беру мектебінің 4 «а» сыныбында 25 оқушы бар. Олардың 13 – і қыз бала, 12 – сі ұл бала. Білім деңгейі – жоғары. Оқушылардың тапсырманы өз беттерімен орындауға дайындық деңгейі жоғары. Сабақта барлығы.

12.12.13 күні 4 «а» сыныбында «Буын үндестігі» тақырыбында сабақ өткіздім. Сабақты өткізудегі білімділік мақсатым - оқушыларға түбір сөздегі дауыстылардың жуан не жіңішке болып келуіне орай оған жалғанатын қосымшалардың да жуан не жіңішке болып жалғанатынын байқату, сауатты жазуға үйрету. Тәрбиелеушілік мақсатым - ұқыптылыққа, ұжымшылдыққа, сауаттылыққа, белсенділікке, қызығушылыққа тәрбиелеу. Дамытушылық мақсатым - оқушылардың ойлау, мәтінді талдау, тапсырмалар мен сұрақтар арқылы танымдық, шығармашылық қабілетін байқау, оқулықта берілген жаттығуларды өз беттерімен орындау, сөздерді дұрыс айтып, дұрыс жазуға үйрету арқылы ой - өрісін дамыту, ойлау қабілеттерін, зейінін дамыту.

Сабақты өткізуде түсіндіру, сұрақ - жауап, әңгімелеу, ойын, шығармашылық тапсырмалар, топпен жұмыс, сын тұрғысынан ойлау стратегиялары әдістерін қолдандым.

Керекті құрал – жабдықтарға сызбанұсқалар, үлестірмелер, плакаттар, мазмұнды суреттер, интерактивті тақта, оқулықты қолдандым.

Буын үндестігі тақырыбын игерудегі сабағымды «Кім жылдам?» ойынын ойнату арқылы бастадым. Оқушыларды реттеп, сабаққа деген қызығушылықтарын оятуға көп әсерін берді. Ойын баланың қызығушылығын, қиялын, логикасын, шығармашылық қасиетін дамытады. Оқушылардың жауаптары әр түрлі, біреуі – алаңға десе, екіншісі – алаңды деп жауап берді. Сыныбымдағы үлгерімі төмен Ораз есімді оқушым:  «алаңда» - деп, дұрыс жауабын тапты. Мен машық кезінде осы оқушымды бақылауға алған болатынмын. Бір байқағаным, оның ойлау қабілеті жақсы дамыған, үлгерімі төмен болып тұр.

Тұсаукесер бөлімінде оқулықпен жұмыс жасағанды жөн көрдім. 13 – жаттығуды орындаттым. Оқушылар алдымен дәптерге жеке жұмыс жасап оырндады, кейін оны сыныпта ауызша талқыладық. Осыдан оқушыларда жаңа тақырып бойынша қандай түсініктер қалыптасқанын бақыладым.

Сабағымның негізгі бөлімін топпен жұмыс әдісімен бастадым. Оқушылар санау арқылы 3 топқа бөлінді. Оқушыларымның жас ерекшеліктеріне қарай қарастырсақ, бастауыш сыныптар үшін тиімді. «Білгіштер» тобы 14 – жаттығуды орындады. Жуан дауысты дыбыстары бар сөздерді бағанның оң жағына, жіңішке дауысты дыбыстары бар сөздерді бағанның сол жағына көшіріп жазды. «Тапқырлар» тобы өлеңді оқыды, жатқа жазды. «Алғырлар» тобы берілген сурет бойынша сөйлем құрап жазды. Мәтін математикамен де байланысты болғандықтан, осы пәнді ұнататын, бірақ көп сөйлемейтін Абай, Дидар, Ерлан сабаққа белсенді түрде қатысып отырғанын байқадым. Содан барып ұжымдық тапсырмаларды орындады. Бұл әдісте оқушылар белсене қатысты. 15 – жаттығуда өлеңді жатқа жазып, берілген тапсырмаларды орындап, дәлелдеді. 16 – жаттығуды орындауда сөйлемдерді көшіріп жазып, жіңішке қосымша жалғанған сөздердің астын – бір, жуан қосымша жалғанған сөздердің астын екі сызықпен сызды. Құрамында жуан, жіңішке буын аралас келетін сөздердің де болатынын айтып түсіндірді. 17 – жаттығуда өздерге қосылған буындардың неліктен жуан, еліктен жіңішке екенін дәлелдеп, айтып берді.

Бекіту бөлімінде «Ой қозғау» әдісін қолдандым. Оқушылар берілген ребустың шешімін тез тапты. Бірінші болып «Алғырлар» тобы айтты. Ребустың шешімі достық сөзі болды. Келесі тапсырма бойынша оқушылар достық тақырыбында шығарма жазды. Өзіме Айдананың жазған әңгімесі қатты ұнады. Ол нағыз достықтың мәнін аша білді, ойын дұрыс жеткізе алды.

Қорытынды бөлімінде оқушылар берілген үлестірмелік жұмыстарды жинақтады. 3 тапсырманың барлығын дұрыс орындады.

Бастауыш сынып оқушысы үшін мұғалімнің мән беріп тыңдауы маңызды. Материалды игеру ең жауапты жұмыс, ол арқылы мұғалім бүкіл сабақтың мақсаты мен міндеттерін шешеді. Сабақтың мақсатын дұрыс қою арқылы, күтілетін нәтижені айқындап алуымыз керек. Мақсатқа жету жұмыстарының формасын дұрыс таңдау арқылы, топ жасақтау арқылы, мәтіннің көлемдігіне қарамастан, сабақ жеңіл, бала жанын «ауыртпай» өтеді. Сабақты қазіргі «Жаңа технологиялар» арқылы өткізудің тиімділігі – сабақта бала өзі жұмыс жасайды, сіз оқытпайсыз, тек нұсқап отырасыз, сіз қалай оқу жолын үйретесіз. Бала барлық тапсырмалар мен мәселелерді өзі шешеді. Бұл балалардың ойлау деңгейін, шығармашылығын, сөздік қорын дамытатынына кәміл сенемін.

 

2.2 Ойын және оның бастауыш сынып оқушыларын дамытудағы мүмкіндіктері.

 

«Бала ойын ойнағанда өзін қалай көрсетсе, өсе келе еңбекте де өзін солай көрсетеді. Сондықтан да болашақ қайраткерді тәрбиелеудің бірден бір жолы, ол - ойын» деген А.С. Макаренко. Қазіргі қоғамның талабына сай жас ұрпаққа білім мен тәрбие беру ісін жан-жақты дамыту – қоғам алдында тұрған басты міндеттердің бірі. Осыған байланысты ең алдымен, оқушының жалпы психологиялық дамуына, соның ішінде ақыл - ойының дамуына әсер ететін жаңашыл технологиялар мен бағдарламаларға деген қызығушылық артуда. Бұл әдістер мен жүйелер психология мен педагогика ғылымдарының жетістігіне негізделеді.

Адамның бүкіл өмірлік жолында бір-бірінің орнын басып тұратын үш түрлі генетикалық іс - әрекет бар: олар ойын, оқу, еңбек. Ойын – үлкендердің балаларды тәрбиелеудегі іс - әрекеті. Ойынның теориялық түсінігі педагогика мен психологияда көп зерттелген.

Дүние – дүние болып адам баласы жаралғалы бері, тамақ тауып күн көруден басқа, сан алуан ойын түрлері де пайда болған. Ойынды үлкен де, кіші де ойнайды. Бала кездегі ойын түрлері бүлдіршіндердің ақыл-ойын дамытады, өсіреді. Ойын түрлері көп - ақ. Балабақшадағы жас жеткіншектер дайын бөлшектерден үй құрастырып, ермексаздан түрлі-түрлі мүсіндер жасаса, бірте-бірте виртуалды ойындарды ойнауға көшеді.

Ойынның басты - басты үш түрі бар деп білеміз. Олар: кәсіптік ойындар, әуестену ойындары және жаттығу ойындары. Ойын оқыту барысында оқытудың бір формасы және әдіс-тәсілі есебінде дидактикалық категория болады. Осыған орай, ойынды оқытушылар мен студенттердің, ұстаздар мен шәкірттердің, мектеп жасына дейінгі бүлдіршіндер мен тәрбиешілердің қоғамдасқан оқу мен тәрбие ісіндегі бір-бірімен тығыз байланысты технологиясы ретінде де қолдануға болады. Кішкентайлар ойыны да, ересектер ойыны да белгілі бір тұлғаның мағыналы іс-әрекеті ретінде қарастырылады. Адам өзінің де, өзгенің де ойынын талдап, таразылай отырып, оны өзінің өмір тәжірибесінде қолдануға дағдыланады. Педагогтардың іс - тәжірибесінде ойынға орай бір қатар ұғымын, түсініктері қалыптасқан. Атап айтар болсақ, ол: ұжымдық ойын, рөлдік ойын және т.б.

Ойын теориясы мен практикасын отандық және шетелдік педагогтар, психологтар, әлеуметтанушылар зерттеуде. Мысалы, Иохан Хейзингтің «Ойыншы адам», Д.Б.Элькониннің «Ойын психологиясы», Эрик Берннің «Адамдар ойнайтын ойындар» атты еңбектері жазылды. Ойын теориясын зерттеуші Ресей ғалымдары: А.В. Вербицкий, Т.В. Кудрявцев,                     И.П. Пидкасистый, қазақстандық ғалымдар: Н.К. Ахметов, Ж.С. Хайдаров, Г.М. Қасымова т.б.

Балалар ойындарындағы ұстаздардың рөлі өте зор. Ұстаз – көбіне - көп сол ойынды ұйымдастырушы. Ойынның мән-маңызын түсіндіріп, ақыл-кеңес береді. Шәкірттердің дау - дамайлы мәселелеріне әділ қазы да бола біледі.

Ұстаз балалардың ойын кезінде де қилы сезімдерде болып, көңіл күйінің мың құбылатынын (мақтану, қуану, ренжу, қызғану, өкіну) білуі тиіс. Мұндай көңіл күйдің ұтысқа, не болмаса ұтылысқа байланысты болатыны бесенеден белгілі. Көп жағдайда, ойын үстінде топ мүшелері жұмылған жұдырықтай, тату-тәтті қарым-қатынаста болады. Кей кездердегідей талас-тартыс, ашу-реніш дегендер атымен ұмытылады. Ұжым бір адамның баласындай ортақ бір мүдде үшін күреседі. Алайда, ойын барысында жағымсыз жағдаяттардың да туындауы мүмкін нәрсе. Шәкірттердің бәсекелес қарсы топты дұшпан көріп, келеңсіз іс-әрекеттерге баруы ғажап емес. Мәселен, қарсы ойыншылар ұтып кеткенде, намыстанып, қызғанып, жеңіс жалауын қолдан бермеуге тырысып, жеңіске жетудің қитұрқы жолдарын жасауы мүмкін. Мұндайда ұстаз әділ төрелігін айтып, екі жақты да ренжітпеуі тиіс.

Балалардың еңбегінде, қарым-қатынасында, танымдық үдерісінде және тұлға болып қалыптасуында ойынның алатын орны үлкен. Тәрбиенің теориясы мен практикасындағы балалардың ойын әрекетін күшейту туралы мәселенің қойылуы тұлғаның қалыптасуы мен ойын әрекетінің көптеген мүмкіндігіне және осы мақсаттардың іске асуына негізделген. Ойынның мәні мен оның тәрбиедегі маңызын екі жақты бағалауға болады. Біріншіден,  кең мағынада қоғамдағы адамгершілік тұрғыда адамға деген қамқорлығы мен соның ішінде, өсіп келе жатқан ұрпаққа деген жанашырлық. Екіншіден, нақтырақ алсақ, педагогикалық мәнде: білім беру мен тәрбиедегі нақты мәселелерді шешуге негізделген.

Ойын үнемі екі түрлі уақыт өлшемінде: қазіргі уақытта және болашақта орындалады. Бір жағынан тұлғаны сол мезетте қуанышқа кенелтеді, оның туындаған өзекті мәселесін шешуде қанағаттанушылық тудырады. Ал екінші жағынан, ойын үнемі болашаққа бағытталған. Өйткені, онда өмірлік жағдайлардың болжамдары мен модельдері жасалады. Ойын арқылы тұлғаның әлеуметтік, кәсіптік, шығармашылық функцияларына қажетті қасиет, сапа, жағдай, біліктілік, қабілеттіліктер қалыптасады, сонымен қатар дамып келе жатқан ағзаның физикалық дағдылары да қалыптасады.

Ой қорыта келгенде шығатын тұжырым: бастауыш сынып мұғалімдері ойшылдарды ойынға әділ жолмен қызықтыра білсе, оқу-тәрбие үрдісінде ойын әдістерін тиімді ұйымдастырса, оқуға жағымды қарым-қатынас қалыптасады да өздігінен білім алу дағдысы, өз-өзіне сенімі, еңбек ету мәдениеті арта түсетіндігіне сенімділікпен қарауға болады.

 

ҚОРЫТЫНДЫ

 

Қорыта келе әртүрлі ғылыми мектептердегі педагог және психолог ғалымдардың еңбектеріндегі ойынның маңыздылығы туралы түсініктерін қарастыра келе, ойын туралы мынадай жалпы ережені атап өткім келеді:

1 Ойын - әртүрлі жастағы балаларды өз еркінше дамыту әрекетінің түрі.

2 Ойын - бала әрекеттерінің ішіндегі ең еркін түрі, онда айнала қоршаған әлемді тануы, сезіне білуі, жеке шығармашылығы үшін кеңістіктің ашылуы, өзін - өзі тануы және өзін - өзі көрсетуі белсенді түрде жүзеге асады.

3 Ойын - мектеп жасына дейінгі бала әрекетінің ең алғашқы баспалдағы, оның мінез-құлқының қалыптасуының бастапқы мектебі.

4 Ойын - даму тәжірибесі болып табылады. Бала ойын кезінде дамиды, даму үшін ойнайды.

5 Ойын - балалар қарым - қатынасының негізгі ортасы; мұнда құрбы - құрдастарына, үлкендерге деген өзара қарым - қатынасы қалыптасады.

Бастауыш мектепте оқыту процесінде дидактикалық ойындар әрі оқу, әрі ойын қызметін қатар атқарумен ерекше орын алады. Ойын - балалар әрекетінің бір түрі. Оқушыларды оқыту және тәрбиелеу мақсатындағы     қарым - қатынастың әдісі мен құралы. Ойын әрекеті естің, ойлау мен қиялға, барлық таным процесіне әсерін тигізеді.

Н.К. Крупская «Қандай ойын болмасын баланы бір нәрсеге үйретеді. Ең бастысы, баланы мұқияттылыққа, еңбекке, жолдасымен ынтымақты болуға үйретеді» - дейді.

Сонымен, ойын келесі маңызды міндеттерді: баланың қоғамдық қатынастарға бейімделуі, жалпы адамзаттық мәдени құндылықтар мен әртүрлі ұлт өкілдерінің мәдениеттерін меңгеруі; баланың шынайы адамгершілік коммуникацияға енуіне мүмкіндік беретін, коммуникативті іс - әрекеттердің көрініс табуы жүзеге асырылады. Баланың әр қырынан көрінуіне интеллектуалдық, шығармашылық, коммуникативтік жағынан және әртүрлі қиындықтарды жеңуге жағдай жасайды.

Сабақ берген кезде ойын элементтерін қолдану сабақтың тиімділігін сөзсіз арттырады. Ойынды сабақтың барлық кезеңінде ойнатуға болады. Мәселен, жаңа тақырыпты түсіндіруде ойынды қолдану арқылы жақсы нәтижеге жетуге болады. Өтілген материалды бекіту және қорытындылау кезінде оқушыларға бұрыннан таныс ойынды ойнату арқылы біз оқушылардың пәнге деген қызығушылығын оятамыз, сабақты жандандырамыз, оқушыларды ынталандыра түсеміз. Тіпті ойын арқылы бастауыш сынып оқушыларының мінез - құлықтарын дұрыстай аламыз, өз - өздерін басқаруды қалыптастырып, жетілдіре аламыз.

Ол үшін, алдымен, бастауыш сынып оқушыларының танымдық қызығушылығын қалыптастыру үшін ойынның әртүрлі формаларын таңдап ала отырып, оларды тиімді ұйымдастыруға көңіл бөлгеніміз шарт. Өткізілетін ойын түрлері оқушылардың жас және дербес ерекшеліктеріне, оқу материалдарының мазмұны мен оқытудың мақсатына сай болуы қажет.

Бастауыш сынып сабақтарының қызықты да, әсерлі етіп, түрлендіріп өтуі мұғалімнен шығармашылық ізденісті, педагогикалық шеберлікті талап етеді.


 

ҚОЛДАНЫЛҒАН ӘДЕБИЕТТЕР ТІЗІМІ:

 

1 С. Қарапаев. Шығармашылық тапсырмалар арқылы оқытуда ойын элементтерін пайдалану // Бастауыш мектеп. - 2010 - №1қаңтар.

2 Резуанова Ғ.Қ., Шнайдер В.А. Қазақ тілі сабағында қолданылатын ойындар. Оқу - әдістемелік құрал. - Павлодар: Павлодар университеті, 2006.

3 Ш.Х. Құрманалина, Б.Ж. Мұқанова, Ә.У. Ғалымова, Р.К. Ильясова. Педагогика. Оқулық. "Фолиант" баспасы. Астана - 2007.

4 Адамтаева Г.А. Бастауыш сыныпта қолданылатын ойын түрлерінің маңызы // Бастауыш мектеп. - 2012 - №2 ақпан.

5 Оңғарова Ақмарал. Ойын технологиясының элементтерін қолдану тиімділігі // Қазақстан мектебі. - 2009 - №12 желтоқсан.

6 Жораева Г.Б. Оқыту үрдісінде дидактикалық ойын түрлерінің жіктелуі // Бастауыш мектеп. - 2010 - №12 желтоқсан.

7 А. Сманова. Педагогикалық жаңа технологиялардың ерекшелігі мен тиімділігі // Бастауыш мектеп - 2010 - №1 қаңтар.

8 Байғаскина Жұлдыз. Танымдық ойындардың қызметі // Қазақстан мектебі. - 2010 - №9 қыркүйек.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Ойын технологиясы арқылы оқушылардың коммуникативтік құзыреттілігн арттыру"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 567 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.05.2016 17735
    • DOCX 72.3 кбайт
    • 205 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кудасова Асем Жаксылыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кудасова Асем Жаксылыковна
    Кудасова Асем Жаксылыковна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 65443
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Секретарь-администратор

Секретарь-администратор (делопроизводитель)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Практические навыки трекинга и менторства

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Техники визуализации в учебном процессе

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек

Мини-курс

Путь к внутреннему спокойствию: освобождение от тревоги, злости и стыда

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 629 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 203 человека