Осы технологияларды қолдану барысында оқушы бойында жеке тұлғалық қасиеттерді дамытуға болады. Қолданылып жүрген жаңа педагогикалық технологияның негізінде: -Әрбір оқушының жеке және дара ерекшеліктері ескеріледі ;
-Оқушылардың қабілеттері мен шығармашылықтары артады;
-Оқушылардың өз бетінше жұмыс істеу , іздену дағдылары қалыптасады.
( 5 слайд-) Өз іс-тәжірибеммен бөліссем:
Оқыту барысында алдыма қойған мақсатым – туған тілдің қыр-сырын, табиғатын таныта отырып, ертең өмірден орынын таба алатын, өзіне сенімді, нағыз ұлтжанды, парасатты ұрпақ тәрбиелеу. Ол үшін педагогиканың озық үлгілерін жаңашылдықпен пайдаланып, тәжірибені байыта білу керек.
Осы алдыма қойған мақсатымды жүзеге асыру жолында сан қилы тиімді әдіс- тәсілдерді қолдану арқылы сабақтың сапасын арттыруға көңіл бөлемін. Өткізетін сабақтарымның мазмұны мен құрылымын үнемі өзгертіп, аралас, интегралдық семинарлар, диспуд, саяхат сабақ, ойын, баспасөз конференциялары, модульдік, концерт сабағы, деңгейлеп оқыту, блок, сахналандырылған, т.б. оң нәтижелерге жетіп отырамын.
Тәжірибемде, модульдеп оқытуда ,оқушы білімді өздігінен пайдалана білу сияқты іскерлік дағдылармен қаруланады. Менің тарапымнан баламен өзара ортақ тіл таба отырып, оқушы мәдениетін көтеруге ықпал жасау жағы ескеріледі.
( 6 слайд) Жаңа технология бойынша әдістемелік жүйенің басты бөліктерінің бірі- дамыта оқыту. Осы талаптарды орындау үшін, біріншіден, оқушылардың оқудағы іс- әрекеті арқылы ойлау дағдыларын жетілдіру, өз бетінше білім алуына әрекет ету. Екіншіден, оқытудың дербес және топтық түрлері арқылы оқушыға сенім арту, мұғалім – ұйымдастырушы, бағыт беруші.
Үшіншіден, жаңа технологияның мақсаты – оқытуды ізгілендіру. Ол оқулықтарға деген көзқарасты өзгертуді талап етеді. Бұрынғы оқулықтар ескірген. Жаңа оқулықтарда оқу материалдарының мазмұны жаңаша баяндалуы қажет. Деңгейлік жұмыс істеуде бала жалықпайды. Күрделі тақырыпты қарапайым тілмен жеткізе отырып, әрбір бала өз бетінше түсінігін айта отырып, өзінің тіл байлығы мен білімін көрсетеді. Бірлесе отырып ,айтылған бір нұсқаны таңдап алудағы мақсат – бала бойындағы дарынын оянуына жол беру: ол – белгіліден белгісізге , яғни , жаңа ұйымдарды игеру бала белсенділігі арқылы айқындала түседі. Оқушылардың ой өрісі мен дүние танымын кеңейтіп, білім аясының мейлінше өсуіне оқушылардың қабілетіне қарай саралап оқытудың ықпалы зор. Мен өз тәжірибем арқылы сыныптағы оқушылардың білім дәрежесіне қарай топтап оқытудың нәтижелі болғандығына, балалардың сабаққа деген ынтасы, белсенділігі арта түсетініне көзім анық жетіп келеді. Ол үшін сыныптағы оқушыларды білім дәрежесіне қарай 3 топқа бөлемін: білімі толық, беске оқитындар- үздік топ, екінші топ- «төрттіктер» , үшінші топ- «үштіктер».
«5» бағасын алатын оқушылар өз бетінше ізденіп,оқулықпен қатар қосымша әдебиеттермен жұмыс істеуі керек, ал «төртіктер» газет, жұрнал материлдарымен өз білімін ұштастырып отырып, оқулықпен сабақтастыруы- шарт, ал оқулық материалын толық меңгеріп, ойын толық жеткізуге шамасы келмесе, қосымша материалдарымен ұштастыра алмаса , онда ол оқушы «үштіктер» тобына кіреді.
Мұндай саралап оқытудың көп пайдасы бар. Әр бала қысқа да нұсқа сөйлеуге үйренеді.Әрбір топтағы бала білуге құмарта түседі, төменгі топтар жоғары топқа өтуге, жоғары топ төменгі топқа түсіп қалмауға талпынады. Ұтымды әдістер қолдану арқылы ғана оқушының білімге деген ынтасын ұштауға болады.Әр оқушының еркін ойлауына,дәлелдер келтіруіне сабақ барысында түрлі әдістер арқылы қолайлы жағдай жасауға тырысамын.Айталық, « Атаулар көмегімен болжау жасау», «Елеспен жетелеу» стратегиялары оқушының ой ұшқырлығын бақылауда,стандартты емес шешім жасауда тиімді пайдаланып жүрмін.Қазіргі оқушыларды кең ауқымды көркем әдебиетті оқытуға баулу оңай іс емес. Бұл жолдағы қиындықты шешуге «Жигсо» әдісі көп көмегін тигізеді.Оқушы өзіне жүктелген міндеттерге жауапкершілікпен қарап, басқа топ мүшелеріне түсіндіру үшін сурет те салады,сахналық көріністер де қояды.
Өз сабақтарымда жаңашыл тәсілдерді қолдану арқылы жеткен нәтижелерім мынандай: оқушының білім деңгейі түсінігінен басталады,алған білімін қолданып, қорытындылауға дейін жоғарылайды. Қабылданған жаңа ақпаратты саралап , мәселені өзі шеше алуға мүмкіндігі болады.
( 7 слайд) Технология- шартты мағынада айтсақ , әр мұғалімнің өзіндік шеберлігінің нәтижесінде жинақтаған тәжірибесі. Ол біреудің жасағанын қайталап көшіруде , қатып қалған тәртіппен орындалатын әдіс те емес.Технология – мұғалімнің үнемі ізденісі мен шығармашылығының өсіп отыруы. Мұғалім кез келген адамның жасағанын көрсетіп , айна қатесіз салып отырса,өспейді, шеберлігі шыңдалмайды. Екінші бір айта кетерлік жайт, шетелдің жылтырама технологияларына әуестенбей ,өзіміздің отандық ғалымдар мен әдіскер мамандардың технологияларын оқып, үйренген абзал. Алысқа бармай-ақ, өз жерлесіміз Қ. Бітібаеваның «Әдебитті оқытудың инновациялық технологиялары » атты кітабынан да аларымыз көп. Табиғаты таныс, дүниетанымы ортақ өзіміздің отандық технологиялардың кез келген мұғалімге берері де көп екені даусыз. Сонымен қатар,білім сапасын арттыруда- мына мәселелерге басты назар аударуымыз керек: Әдетте, мектепте балаларда қызығушылық пен көтеріңкі көңіл күй туғызатын өзіндік шығармашылық тапсырмалары көп сабақтарды кеңінен қолданамыз.Әрине , мұның барлығы сабақтың тартымдылығын арттырып, оны қызықты да нәтижелі еткенімен, жеке тұлғаға бағытталған сабақ деп санауға негіз болмайды. Ең маңыздысы – әр оқушының ерекше болмысын , тұлғалық қасиеттерін мойындау. Жеке тұлғаға бағытталған сабақ дегеніміз- оқушыға деген құрмет, ізгі қатынас, оқушылардың тұлғалық ерекшеліктері ашылатын, олардың қалыптасатын, мүмкіндіктері жүзеге асырылатын оқыту жағдаяты , «сахналық» алаң. Жоғарыда аталған әдіскер Қ. Бітібаеваның технологиясы да осыған негізделген. Қазіргі міндет – тәжірибесі терең , технологиясының «қоржыны» толы әр мұғалім бала бойына өз ізденістерін жеткізе білу.
( 7 слайд) Қорытынды:
Жаңа технология әдістерін қолдану - бұл әр баланың жүрегіндегі сезім - талшықтарын, қиялындағы ойды ояту, шығару, қабілетін ашу. Логикалық ойлау қабілетін дамыту, шығармашылығын жетілдіру. Баланың тапқан жаңалығын сыртқа шығару, талдау. Қай технологияны сабақта қолдансаң да, осы тұжырымды басшылыққа алу керек. Сонда ғана оқушылардың білім сапасын арттыруға қол жеткізесің.Осы орайда, «Сабақ беру-үйреншікті жай шеберлік емес , ол-үнемі жаңадан жаңаны табатын өнер»,-деген Жүсіпбек Аймауытовтың сөзін айта кету артық болмас.
Оставьте свой комментарий
Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.