Инфоурок Технология КонспектыПлан конспект урока: «Қазақстандағы сәндік қолданбалы өнердің пайда болуы және дамуы»

План конспект урока: «Қазақстандағы сәндік қолданбалы өнердің пайда болуы және дамуы»

Скачать материал

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

«Өрлеу» Біліктілікті Арттыру Ұлттық Орталығы» АҚ филиалы

Қарағанды облысы бойынша педагогикалық қызметкерлердің біліктілігін арттыру институты

 

 

Басқару және білім сапасы кафедрасы

 

 

 

 

Тыңдаушының өзіндік жұмысы

Тақырыбы:

«Қазақстандағы сәндік қолданбалы өнердің пайда болуы және дамуы»

 

 

 

      Тыңдаушы: Ташимова А. А. .

-„Жезқазған қаласы, №8 гимназиясы“ КММ

 

  Жетекші: БжБС каф. аға оқытушысы

     Сыздыкова А.И.

                                                                                                                                       Жұмысты өткізу мерзімі: 15.02.2017ж.

 

 

 

 

 

Қарағанды 2017

Ташимова Алтынай Алиакбаровна «Жезқазғн қаласы №8гимназиясы»  КММ

Пәні: технология

9сынып

Тақырыбы: «Қазақстандағы сәндік қолданбалы өнердің пайда болуы және дамуы»

Мақсаты: -Тас дәуірінен біздің заманымызға дейін жеткен қазақ  өнерінің қайнар көздерін, жас ұрпаққа көркемдік, әсемдік мәдени  мұра екендігін жеткізу, қолданбалы өнерді, дәстүрлі халықтық өнерді, профессионалды сәндік қолданбалы өнерді талдап зерттету, дәлелдету, білім беріп іске асыру;

- қолданбалы қолөнерін басқа жаңа деңгейде қайта жаңғырту, жаңа замануй талабына сай жаңарту, көзін ашу;

- Ата-бабаларымыздың қолдарымен жасаған өнер түрлерін санамызда ұстап, есімізге алып тарихи бағаларын беріп, оқып дамыту өшпес соқпақты даңғыл жолға айналдырып, болашақ жас ұрпаққа қалдыру

Пәнаралық байланыс: Тарих, технология

Көрнекілігі : ұлттық қолөнер заттары, сәндік өнер туындылары, плакат

Құрал – жабдықтар:  қалам, қағаз, түрлі түсті бояу

Әдіс тәсілдері : көрнекілік, сұрақ-жауап, іздену жұмыстары.

Типі : бекіту сабағы.

Сабақ түрі: «Триумф» - дәстүрлі емес.

 

Сынып 4-оқушыдан тұратын топтарға бөлінеді, көшбасшысын сайлайды. Топтарға төмендегідей ойын карталарының үлгілері беріледі.

Топ мүшелерінің аты-жөні

Қорғаныс

Шабуыл

Жекпе-жек

Барлық ұпай саны

1.

2.

3.

4.

 

 

 

 

Оқушылардың білімдері үш этаппен тексеріледі.

1. Қорғаныс (Оборона). Әр топ жүргізушіден сұрақтары бар карточкаларды алып, сұрақтарға дұрыс жауаптар беріп қорғанады. Топтардың дұрыс жуаптары баллдық жүйемен бағаланып отырады. Топ кошбасшысы дұрыс жауаптарды тауып отырып ойын карточкасына өзінің топ мүшелерін бағалайды. Сабақ соңында жауап және  бағалау парақшасын тексертуге мұғаліміне өткізеді.

2. Шабуыл (Атака). Әр топ берілген тақырыпқа қызықты төрт сұрақтар ойластыру қажет. Сабақ барысында сұрақтар мен жауаптар парақшаларын тексертуге мұғаліміне өткізеді. Әр команда мүшелерінің сұрақтарды қою үлесіне қарай ойын картасына бағаларын қояды.

3. Жекпе-жек (Дуэль). Барлық командалар қосылып екі топқа бөлінеді. Кез келген топ мүшесі, екінші топтың оқушсына, шабуыл кезінде дайындалған, тізімде бар сұрақтарды қояды.

4. Сабақты қорытындылау:

Мұғалім дұрыс жауаптарға +1-балдан, ал қате жауптарға -1-балдармен бағалап, топтарға берілген  ойын картасына қояды. Сабақ соңында әр топтын ойыншыларының алған ұпайларын есептеп, соған сайкес оқушылардың бағаларын журналға түсіреді.  Жеңген команда төрден ТРИУМФ орынына ауыспалы кубокқа иеленеді.

 

«Қазақстандағы сәндік қолданбалы өнердің пайда болуы және дамуы» тақырыбы бойынша қорғанысқа  (оборона) арналған карточкалар қарастырылған.

 

І-карточка:

1.     Қазақстан территориясындағы тайпалар мен рулардың сәндік-қолданбалы өнерінің  көне түрлері.

2.     Ою - өрнек түрлерін ата.

ІІ-карточка:

 

1.     Революцияға дейінгі қазақ ұлттық қолданбалы өнерініне қатысты мәліметтерді кімдердің  еңбектерінде кездеседі?

2.     Сәндік қолданбалы өнердің қандай түрлерін білесіңдер?

ІІІ- карточка:

1.     Қазақ халқының ұлттық қолөнерін  зерттеуге үлес қосқан ғалымдарың еңбектерін атаңдар.

2.     Қолөнерімен айналысатын адамдарды кім деп атаймыз?   

ІVкарточка:

1.     Қазіргі кезеңдегі қазақ сәндік-қолданбалы өнерінің   жаһандану түрлері қандай?

2.     Ұлттық стиль деген ұғымды қалай түсінесіздер?

 

Шабуылға (Атака) –арналған сұрақтар үлгісі:(шабуылға арналған сұрақтарды оқушылар өздері құрастырады)

·        Жаңа заманымызға сай тұрақты дәстүрлі түрде дамып келе жатқан осы ерекше өнерді ары қарай қалай дамытпақпыз?

·        Ал, қолданбалы қол өнері дегеніміз не нәрсе?

·         Дәстүрлі халықтық қолданбалы қол өнері дегеніміз не?

·        Қолданбалы қол өнері, дегеніміз  не?

·         Осы үш ұғымның бір-бірінен айырмашылығы барма? Бір – бірінен қалай бөліп алып түсіндіруге болады? Әлде бәрі бірақ ұғым ба?

·        Өткен ғасырлардан үзілмей бірнеше эволлюциялық тарихи процесстерді басынан өткеріп өшпей жалғасып келе жатқан көне халықтық өнер, шебердің маңдай терімен, шыңдалған қолының шеберлігімен шыққан дәстүрлі қолданбалы қол өнер бүгінгі таңда жаңа заманда кімге керек, неге қажет, оны білудің, әдістерін, жасау технологиясын оқып үйренудің қаншама қажеттілігі бар?

·         Оқып үйренген күнде одан алатын көркем-эстетикалық әсеріміз бен талғамымыз және, ақыл ой парасатымыз қандай дәрежеде, болмақ ?

·        Осы халықтық өнерді танып, білгенде оның жас ұрпаққа беретін, тәрбиелейтін өзіндік жолы, сара жолы, сапар жолы қандай болмақ?

 

 

 

 

 

Қазақ халқының сәндік қолданбалы қол өнері

Егеменді еліміз, тәуелсіз мемлекетіміз Қазақстан осы бүгінігі өркендеген заманда өнер-мәдениетінің өзекті салалары мен тарихи дәстүрлі негіздерін, көркемдік эстетикалық теорияның заңдылықтарын, принциптерін зерттеп қалыптасып дамуына, теориялық тәжірибені практикалық жағдайда қорытып іске асырып ары жалғасуына, оны ұлт игілігіне пайдалануына ықпал жасап, мүмкіндіктер туғызып отыр. Оның айғағы Президентіміздің мәдени мұраны жандандыру қаулысы.

Кәзіргі таңда ұлт мәдениетін инновациялық жол мен дамыту, халық ауыз әдебиетін, сөз өнерін, қол өнерін, саз, әуендерінің үдірістерін зерттеу біздің міндетіміз. халықтық, мемлекеттік іс.

Заманымыз бен уақыт ағымының бір тоғысқа келіп, тарихи ұлттық сана мен танымның оянып, мәдени мұраны халықтық салт-дәстүрді, қазақ сәндік қолданбалы өнерінің тек үй тұрмысында халық шаруашылығында тәжірибе жүзіңде ғана қолданбай оның көлемінің кең екенінің негізінің теориясын оқып зерттейтін дәлелдейтін, уақыты келді. Бүгінгі таңда Қазақстанда өнер ғылымынан тәжірибесі мол, өнердің теориясының негізін зерттеуші ғалымдарының білім, ғылым деңгейінің кемеліне келіп, тыныс көздерінің молайып биік шыңын көрсеткен Марғулан Әлікей,  Байжігітов Болат, Қасиманов, М. Мұканов т.б.

Мәдени мұраны, сәндік-көркемдік эстетикалық  танымды дамыту өнер-тануды, бағалау – бейнелеу, кескіндеме, сәндік қолданбалы қол өнер бағыттарын, композициялық құралымын, шикі заттарының түрін, сәндік әсемдігін  барынша айқындап  көрсететін, дәлелдейтін өнер туындылары, қолдан жасалған шығарма бұйымдары, заттарының өздері. Өнер заттарының бітім эстетикалық сұлулық әсерлері мен бірге – пішінін, түр сипатын, композициялық көркемдігін және тәжірибе іс жүзінде тұрмыста қолдану саласының бір – бірімен ажыраспас тұтастығы байқауға болады.

Қазақстан көне мәдениет өлкесі. Ерте замандардан-ақ оны мекен етушілер мал бағып, егін салумен шұғылдана жүріп, өзіндік өрнегі мол, өнерін, мәдениетін қалыптастырады.Қазақ халқының қолөнері санау ескі заман тарихымен бірге өсіп. Біте қайнап келе жатқан өте бай қазына.Қазақ халқының қолөнері деп халық тұрмысында жиі қолданылатын өру,тігу, тоқу, мүсіндеу, құрастыру, бейнелеу сияқты шығармашылық өнер жиынтығын айтады.

Қолөнер түрлерінің әр қайсысының талай ғасырлық тарихы бар.Қазақ халқы өзінің күн көріс тіршілігіне қажетті үй-жай салуды, киім кешек тігуді, азық-түлік өндіруді өзінің тұрмыстық кәсібі етіп, оларды күнбез-күн тіршілік барысында пайдаланса, әсем бұйымдар жасап өмірде сән салтанат құра білді. Халық шығармашылығының қандай түрі болсада халық өмірі мен, сол халықтың қоғамдық тарихымен, кәсібімен тығыз байланысты болады.

«Өресі биік, өрісі кең» өнер атаулының қай саласынан болсын жер жүзіндегі басқа да халықтар сияқты қазақ халқыда өзінің көне замандардан бері келе жатқан тамаша тарихымен және бір өзіне ғана тән қайталанбастай ерекшелігімен көзге түседі. өнердің түрі көп. Бізді қоршаған өміріміздің барлығы өнер. Ал қандайда болсын өнер және талант иелерін өмірге келтіретін халық.

Қазақтың сәндік қолданбалы өнерінің тамаша үлгілері атадан балаға мұра болып біздің заманымызғада жетті. Қазақтың қолөнерін зерттеу мәселесі ерте кезден көптеген саяхатшылармен коллекционерлердің ғана емес, ғалым этнографтар, археологтар мен суретшілердің де көңілін аударып келеді.

Дүние жүзінде әр халық ата-баба мұраларын, халық өнерін сақтап қалуы парыз. Атадан балаға мұра болатын қолөнерін жалғастырушы шеберлер әрқашанда халық арасында құрметті. Қолөнер бұйымдарын дүниеге алып келу көптеген уақытты және еңбекті, шыдамдылықты қажет етеді. Қолөнердің қайнар көзі-еңбек екенін М.Горькийдің еңбек туралы, оның адамды ұлы данышпан ететін ұлы күш екенін айтатын аталы сөзін айтуға болады.

Еңбек адамның іскерлігімен ой-өрісін ғана өсіріп қоймай оның адамгершілігін, дүниеге көзқарасын қалыптастырып, рухани сезімін байытады. Еңбек-өнер өрісі-өмір жемісің-дегендей еңбек пен өнердің егіз екенін айтқан жөн. Өнердің қай түрі болмасын қажымай, талмай еңбектенуді талап етеді.

Халықтың қолөнеріне әдет-ғұрып жабдықтарымен қатар, аң аулауға, мал

өсіруге және егіншілікке қажетті құрал жабдықтарда кіреді. Осыған орай қолөнердің өзі бірнеше түрге бөлінеді, олар: зергерлік-өнер, металды өңдеп өрнектеу (алқа, жүзік т.б. бұйымдар) Ағаш , тас қашау, тоқыма өнері кесте, және көркемдеп тігу, тері өңдеу, өрмек тоқу т.б. Қолөнермен айналысатын адамдарды төрт топқа бөлуге болады. Шебер-ағаштан әр түұрлі бұйымдар жасайтын адам. Ұста-қару-жарақ, ер-тұрман, сауыт-сайман жасаумен шұғылданатын адам. Ісмер-ұлттық киімдер тігумен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар.

Зергер-алтынмен аптап, күміспен күптеп сырға, білезік, алқа жасайтын адамдарды айтады.Қазақтың ұста, зергерлері көркем құйма, бедерлеу, соғу, қаптау, күмістеу, темелеу, бұрау, үзбелеу тәсілдерін терең меңгерген. Алтын күміспен әшекейленген алуан түрлі өңір жиектері мен алқалар, асылтастардан көз салынған шолпылармен мен шашбаулар, әдемі құс мұрын жүзіктер мен білезіктер-міне осы дәлелі.

Киіз үйдің сүйегі, ағаш кереует, кебеже сандық жасап кілем, сырмақ алаша, ши тоқу, түрлі бау-басқұрлар тоқып, кесте тігіп, арқан, жіп есіп, өрім-өріп, қолдан әр алуан ыдыс-аяқ, адал бақан, асадал, бесік және т.б. көптеген заттарды халық шеберлері, өнерпаздар өз қолдарымен жасап, түрлі нақыштармен әшекейлеп отырды. Шеберлер тас қашау, сүйек ою, ағаш ою, мүйіз бақылту, металды өңдеп өрнектеу сияқты ауыр кәсіппен де шұғылданды. Сондықтан қолөнер «ер адамдарға тән іс» және «әйел адамдарға тән іс» деп екіге бөлініп келеді. Мысалы: тастан, балшықтан сүйекпен мүйізден, метал мен ағаштан бұйымдар жасап, оны әсемдеу сияқты ауыр жұмысты ер адамдар атқарады.Кесте тігу, жиек жүргізу, өрмек тоқу, ши орау, сырмақ сыру, оюлау, теріден киім тігу сияқты істерді әйел адамдар атқарады.Тері илеу, киіз басу, ши тарту, шом, жазы жасау жұмыстарын ерлер мен әйелдер бірлесіп атқарады.Көшпенділер заманынан қазақ халқының қолөнері ішінде киіз үйдің сүйегін, ағаш төсек жасау, ағаш өрнектеу, кесте тігу, киіз басу, кілем тоқу, өрмек тоқу кең өріс алды. (өрмек тоқу, кілем тоқу).

Қол өнер заттарының өмірде тұрмыста қолданудан басқа да,  эстетикалық әсемдік сипаты, көркемдік бейнелері, туынды образдарының көрерменге тұтынушыға шынайы беретін әсері айғақ.  Бұның бәрін ғылыми тұрғыдан дәлелдеу, ажырату біздің ғалымдардың, өнер теориясының тарихын зертеушілерінің, практикалық тәжрибе негізінде  суретші-шебер мамандарының үлес еншісінде- Д. Арғынбаев, Дәркенбай Шоқпар ұлы т.б.

Мәдениет адамзат өмірінің тіршілік болмыс бейнесінің рухани байлығының ең маңызды бөлігінің бірі, тірегі, негізі. Бәріміз бүкіл адамзат hауымы өнер әлемінің мәдениетінің тұңғыйық құшағана міңгілікке үнсіз сүңгіп сінгенбіз, одан шығу мүмкін емес. Мәдениет мұхитының толқыны өнер пен ғылымды адамзат игілігіне алақанға салып игеруіне, електеп әкеп ішкі жан дүниесіне сіңдіріп, рухани байлығын дамытып оларды, болжам, ойлау, ақыл, білім, ғылым, арқылы деңгейлерінің өсуіне жол ашып жалғастырып келеді.

Қазақ тіліндегі, ой ұғымындағы, сана-сезіміндегі, ақыл-есіндегі қол өнері-дегеніміз ол адамның қолының шеберлігін, ісмерлігін, іскерлігін, көрсету, шебердің-суретшінің ой өрісінің кеңдігін, ақыл парасатының, алған білімін тәжірибе- іс жүзіңде қолдана білуін дәлелдеу, дәріптеу қолынан шыққан туынды шығарманың композициялық шешімін, көркем-эстеттикалық әдемілігін, көркемдігін, конструкциялық құрылымын, технологиялық әдістеме, техника жолдарын туынды-шығармаларда қас шеберлікпен қолданып соны көрермен тұтынушыға көрсетіп  силауы айтылған ойымыздың дәлелі болмақ.

Жасанды дүниені /исскуственный мир/ адам ақыл ойымен тауып, өз қолдарымен сол затты, дүниені  жасап келеді. Сондықтан осы жасанды, жасампаз дүние адамға тәуелді оны адам өзі зерттеп игеріп игілігіне жұмсап өмір-тұрмыс қажеттілігіне пайдаланып отыр. Осы жасанды орта адамның ойлау, ақыл-парасатының, іскерлік еңбегінің, қозғалысынан уақыт өлшемі мен кеңістік әлеміне дүниеге келген жасанды орта, алған білімінің, игерген ғылымының, өзінің қолы мен жасаған екінші дүние әлемінің жүйелі үдірісінің материалдық жемісі.

Жасанды дүние-мүлікке адам еңбегінің жемісіне, қолымен жасап пайдаланып келе жатқан мыналар жатады: ғимарат сәулім үйлер, машина, самолет, поезд, корабель, үй-жиһаздары, мебельдер, диван-төсектер, киім-кешектер, аяқ киімдер, ыдыс-аяқтар, тұрмыс заттары, зергерлік бұйымдар, ат әбзелдері т.б. адам қолымен жасалған барлық дүние мүліктер жатады. Олардың бәрі табиғи шикізаттар мен қоса заман талабына сай жасанды шикізаттарды  игеріп пайдаланудан туады. Осы адам баласы қолданып келе жатқан барлық қолданбалы дүние, заттары қолдану, пайдалану аясына сай әртүрлі шикі заттардан таңдалып, ойланып жасалған жобаға сай алынып іске асады.

Бұдан туатын тұжұрым- қолданбалы қол өнер, дәстүрлі – салтты  қолданбалы қол өнер, сәндік қолданбалы қол өнер  деп адамның қолының таңбасын, белгісін туынды шығармада көрсетілген образдар бейнесін, ою-өрнектерді бір материялық затқа қондыру, көшіру болмаса жеке туынды шығарманы әр түрлі нақышты формаларда, пішіндерде /формообразование/ орындауды,  әртүрлі шикізаттардан көркемдеп өңдеп композициялық ойдың жүйелі қортындысын алуды айтады. Қолданбалы қол өнердің өзін ірі-ірі үлкен үш топқа бөлеміз, енді оларды жік – жіктеп және әрқайсысының өздеріне тән ерекшеліктерін атап көрсетпекпіз. «Қол өнер» – деген сөзі мен  сөйлемінің этимологиялық ұғым түбірі, мәтін мағанасы бір болғаны менен текстологиялық  ұғымы, қол өнерді істе қолдану, тұрмыста  пайдалану аясы әртүрлі, әдістеме-технологиялық дайындау жолдары  бір – бірінен айрықша. Қолданбалы қол өнер салалары әр түрлі шикізаттардан /ағаштан, темірден, жезден, мыстан, алтын-күмістен, теріден киізден, тастан, шыныдан, балшықтан, гипстен, жүннен, қағаздан боялып, киылып, қашалып ойылып, иленіп, өріліп, құйылып, тоқылып, кестеленіп шебер өңделіп, көркемделіп шикізат формасынан  қол өнер туындысына, творчествовалық шығармаға айналады. Заттардың физикалық қасиеттерінің өзгеру процесстерінің заңдылық жолдары мен айтқанда табиғи шикізаттар бір заттық формадан,  екінші жасанды конструкциялық формаға, композициялы эстетикалы көркем-әсемді сәнді бұйымға ұласады. Бұл шикізаттар өңдеу процесстері арқылы осы қол өнердің үш түріне де тәуелді, барлық түрлерінде бірдей қолданылады. Қарап отырсақ, бір қол өнердің өзін- де көбіне қарапайым адам байқап аңғара бермейтін қол өнерді пайдалану ісінде, этимологиялық ұғымда, мәтінде қолданбалы қол өнер деген сөзбен іске жүгінген үш түрлі айқын өнер көрнісі тұр. Оның айқыдаушысы- қолдану, пайдалану деген сөз үғымы, баяндаушысы- қол өнері осы екі ой тұжырымынан қолданбалы қол өнердің текстологиялық және этимологиялық процесстерінің негізі туындайды.  Қорыта келгенде қолданбалы қол өнері туралы үш түрлі түсінік, ұғым этноним пайда болды. Біріншісі қарапайым қол өнер зат-бұйымдары, екіншісі атадан балаға мирас болған халықтық дәстүрлі қолданбалы қол өнер, үшіншісі сәндік кәсіби дағдыға айналған қолданбалы қол өнер. Біріншісінен  ұққанымыз қарапайым үй-тұрмысында, ауыл шаруашылық кәсібінде жалпы күнделікті өмірде пайдаланып тұтынып қолданатын құрал жабдықтар мен ыдыс-аяқ секілді күделікті тұтынатын заттар мен сәулет ғимараттары техникалық жабдықтар.

Екіншісі, ол халықтың қолынан шыққан көне ғасырлардан салт-дәстүрмізге айналған ұрпақтан-ұрпаққа жалғасып, тіліміз бен мәдениетімізге, қанымыз бен жанымызға сіңген көне дәстүрлі өнер /Традиционное прикладное искусство/ заттары мен бұйым жиhаздары, ал үшіншісі профессиональдық маман суретші-шеберлер өнеркәсіп орындарында, /коллективті/ ұжымдарда өнер заттарын жоспарлы түрде шығаратын кәсіптік деңгейдегі  сәндік қолданбалы қол өнер. /Декоративно-прикладное искусство/ Бұның негізін  арнаулы оқу орындарында суретті, /рисунок/ кескіндемені/ живопись, жобаны /проектирование/ сырлы бояуды, /цветоведение/ композицияны, /шикізатты/ материаловедение өнер туындыларына өз орнымен қолдануды дұрыс меңгеріп, игерген білімді шебер мамандар жасап шығарады. Біріншісінің дәлелі тас дәуірінен бүгінгі күнге дейін сабақтасып  жеткен тас бетіндегі таңбалар петроглифтер, паеолит, неолит заманынан келе жатқан үңгірлері мен жақпартас-құз қойнаулары нан табылған белгі таңбалар жан-жануарлардың бейнелері мен сюжетті картиналар, тас обалар, балаба мүсіндер, көне архитектуралы саз балшықтан салынып қышпен безендірілген сәулетті ғимараттарының бәрі дерлік  Қазақстанның сары далаларында Алтайдан Каспиге дейін, Каспиден Оралға-Оралдан Ертіске дейінгі алқамды аралықты қамтып жатыр олар Алатау, Тарбағатай, Қаратау, Алтай, Баянаул, Көкшетау, Ұлытау, Қарқаралы, Ақшатау, Маңғыстау ескерткіштері. /Шопан-ата, Бекет-ата, Масат-ата, Шақпақ-ата секілді жер асты табиғи ғимараттары.

Археологиялық қазбалардан табылған құнды мәдени мұралар көне заман көздері олар қыш- құмыралар, жез-мыс түймелер, тиындар, алтын мен күмістен құйылып жасалған зергерлік бұйымдар,қоладан құйылған ат әбзелдері және Ыстық қорғанынан табылған Алтын киімді жауынгер, киізден, теріден жасалған жиһаз үй мүліктері және т.б. Ыссық қорғаны, Бесшатыр, Шілікті, Бегазы-Дандыбай мәдениет қазбаларынан табылған мәдени заттары,   осы айтылған ойларымыз бен істеріміздің айғақты  дәлелі болады.

Этнографиялық мәдени мұраға жататын көптеген заттарды ғылыми және \творчествовалық\ шығамашылық туындыларды айқындап дәлелдеп түр-түрі мен топтарға бөліп, қолданатын аясына байланысты, жасалған шикізаттарына және өңдеу тәсіл, технологиясын, көркемдеу, бейнелеу образ композициясын тарихи, этнографиялық еңбектер арқылы жазып ғылыми-әдеби мұрағылып елім, жерім деп еңіреген–халқыма деп өшпес мұра қалдырған ата – ағаларымыз бен апаларымыздың ойларын, сөздерін, жасаған ізгі істерін, шығарма туындыларын мәңгі есте қалдырып ары қарай дамытумыз керек. Ең құнды ғылыми этнографиялық тарихи-әдеби еңбектер жазған Әлікей Маргұлан, Халел Арғынбаев, К.Қасиманов, М. Мұқанов, Тәжімұратов.ж.б. айтуы мызға болады.  Негізінен  қол-өнер, этнографиялық бұйымдарды заттарды айтқанда қазақтың ордасы өнер көшінің басы Қазақ-үйден оның ішіндегі үй мүліктері, ыдыс-аяқ, жүк-жиһаздарынан бастап киім-кеш ек, зергерлік бұйымдар ат әбзелдері аяқ-киім, қару-жарақ және де күнделікті тұрмыста қолданат ын заттарды зерттеп, іздеп тауып оларды танып, оқып талқылап тарата білуден бастағанымыз жөн.

Өйткені қазақтың киіз үйі барлық қол өнердің негізін құраушы, топтаушы, бастаушы-өнер, барлық өнердің түрлерінің негізін өз бойына жинаған киелі ұлы көшпенділердің, ошақты ордалы отауы, панасы. Киіз үйдің құрылысынан  ағашты өңдеп жонуды, июді, бояуды шаңырақ, уық, керегеден көрсек, темірді ұсталық дүкендерде балқытып соғып шаңырақ, есікке темірден топса, ілгектер жасағанын байқасақ, жүннен, сырып, тоқып, ойып, бояп, және оюлап басылған текемет сырмақ бау-басқұрларды, туырлық пен үзік-түңлікті кездестіреміз. Сонда киіз үйде жүннен-киіз, арқан, бау-басқыр, алаша, текемет, сырмақ, кілем, түскиіз, сүйектен кебеже, ағаш-сүйек төсек, жүк аяқ, әбдіре-сандық, теріден сүйретпе, торсық, көнек, түскілем, тері сандық, қобди және аға- штан жоғарыда айтылған үйдің ағаш сүйектернің аса шеберлік пен өңделіп жасалғанын дәлелде уші ретінде айтып отырмыз.

Біздің  кәзіргі заманымыздағы бейнелеу, кескіндеме өнерлерінің қарқынды дамуының арқасында суретшілер мен халық шеберлерінің құнды өнер-мәдениет заттарыда өз орнындарын әлемдік өнер туындыларының арасынан таба біліп жоғарғы деңгейге көтерілді. Атап айтқанда кескіндеме /живопись/ мүсін /скульптура/ қолданбалы өнер /декоративно-прикладное искусство/  және басқада өнер түрлері де кәсіби мамандар мен тұтынушылардан өздерінің тиісті жоғарғы бағаларын алды. Қазақстан жеке егеменді ел, мемлекет болғаннан бері көптеген өнер түрлері ата мұра халық дәстүрін сақтай отырып, жаңа инновациялық стилдегі көркем туынды шығармаларды дүниеге әкелді. Бүгін тек халықтық салт-дәстүрге ғана байланысты өнер туындылары ғана емес сонымен бірге жаңа заманға сай  кәсіби /профессионалды/ өнер туындылары пайда болып, сауда-саттық өнер көрмелерінен өздерінің тұрақты орындарын тауып қазақ өнерінің мызғымас берік орнын, фундаментінің негізін қалады.

Міне, жоғарыда айтылған дәлелдерден қазақ өнерінің аса жоғары эвалюциялық, тарихи процесстердің елегінен теориялық және іс жүзінде халықтың практикалық тәжірибе өмір өткел мектебінен сыналып, шыңдалып өткенін көре келіп, өнердің сарқылмас көзінің, бұлағының қайнар бастауының қарқынды сарқылмас ағысының буырқанған толқынының  серпілісін байқаймыз.

Өнердің түрі қандай көп болса қолдану аясы мен пайдалану мазмұн мағанасы да әр қилы сан-саналы егер, қазақ өнерінің ішіңдегі айтыстың, поэзияның құрал күші ой мен тіл-сөз өнері болса әуен-саз музыка өнерінің пірі ол домбыра, қобыз бен сыбызғының сырнайлы үнді сазы, сиқырлы бояудың муза-әуені, бейнелеу, кескіндеме, қолданбалы қол өнерінің құрал күші, ырғақты әуені, сызды назы ол адамның қолының шебелігі мен ісмерлігі. бойына біткен тума таланты.өзіндік қасиеті. Ісмерлік пен шеберліктің бәрі адамның ой-өрісінің өнер саласында білімінің толысуы мен қол  шеберлігінің өнердің әр бағытында жаттығып қалыптасуы арқылы туады. Туынды-шығарма ның  композицялық құрылымы мен мазмұнды мәтін-мағнасын  жоғарғы деңгейде жасау ол-ою-өрнектің, кесте мен өрімнің сиқырлы шырайлы бояудың сан қырлы импровозациялық коллориттің алмасып бірлесуін қыл қалам мен ине-пышақтың, балға мен шаппа-шоттың,  үндестігін қалыптасыратын адам баласының болмысына туа біткен талант көзі, нұрлы оты ол-шеберлікпен ісмерліктің ісі. Осы үндестіктің бәрі қол өнерінің құралдары, сиқырлы күші, нақтылы жасанды жаратушылары.

Қолөнер

Ұста                            Зергер                        Ісмер                     Шебер

1. Ұста –  қару –жарақ, ер –тұрман, сауыт- сайман жасаумен шұғылданады.

2. Шебар – ағаштан әртүрлі бұйым жасайтын адам.

3. Зергер – алтын мен күмістен сырға, алқа, білезік жасайтын адам.

4. Ісмер – ұлттық киіммен айналысатын, қолынан іс келетін адамдар

 

 «Декор»-сәндік, әшекей, көркемдеу /латын тіліңде /прикладное/-қолдану, қолданбалы /орыс тілінен/ яғни, екеуі қосылып Декоративно-прикладное-искусство деген ұғымды білдіреді. Ол дегеніміз адамның пайдасына тиімді қолданатын дүниені, затты өзінің керегіне ыңғайлы етіп жасау мен бірге сол затты нәрлеу, әшекейлеу, өрнектеу әр түрлі техника мен технологиялық әдіс айлалармен өңдеп өнер заттарын жасауды айтады. Былайша айтқанда пайда мен өнерді, сұлулықты әуенді бір өзекке тоғыстра біріктіру. Енді біз қазақ тіліндегі қолданбалы қол өнері деген сөздің текстологиялық мәтінін ұғып, мәнін-мағанасын талдау арқылы оның этнонимін ұқтық, білдік. Сонда қолдану, пайдалану дегеніміз: үш қағидадан тұратын /Пайдалылық, Беріктік, Мықтылық, Сұлулық/ тың түп тамыры. Осы қағидалардан адам өміріне тіршілігіне тұрмысына қажет тілігіне пайдаланатын заттар мен бұйымдарды жасау бір болса, екінші осы жасалатын заттар өте берік мықты болу керек ол өмір заңдылықтары, екінші қағида осы заттың бәрі өнер туындылары шығармалары болу үшін өнер заңдылықтарындағы көркемдік, сұлулықтың қасиеттерін пайдалануымыз керек. Олар әдемі пішін /форма/ құрылым /конструкция/ және декор көркем әшекей сұлу формалы затты сырлап, оюлап, өрнектеп, нәрлеп өз қолымыз бен жасап тұтұнушы мен көрермен өнер сүйер қауымға ұсыну, жасап беру.

Қолданбалы қол өнер заттарының жаратылу негізі фундаменті пайда, пайдалану сол заттың, бұйымның ең бірінші адамның тұрмысына қажет екендігін көрсетіп ашатын  пайда деген ұғым, сөз – этнонимы арқылы пайдалануды қолдану процессінде бірінші орынға қойып негізгі айқын- даушы ретінде жеке бөліп танытамыз, пішін мен конструкция және декор- сәндік, әсемдік сұлулық көзі ретінде жасалған затты, бұйымды көркемдік пен толықтыратын қолдаушы, дәнекер рет- інде мазмұнын баяндап, өнер затарының композициялық құрамынан нақты толық орндарын көрсетеді,  сол әдемі көркем заттардың сыртқы формаларын, пішіндеріннің негіздерін жасайтын  шикізаттардың физика-химиялық, техологиялық қасиеттері беріктіктің кепілі болып олардың табиғи бейне көрністерін күшейте түсіп көрерменге ерекше әсер әпереді. Осы айтылған үш қасиеттерді бір-бірінен ажыратып бөлуге болмайды, бұлар бірін бірі толықтырып бірлік ансаблін құрайды.

                        Сәндік қолданбалы өнердің түрлері

А) керамика  ( терракота, майолика,фаянс, фарфор)

Ә ) Әйнек (ыдыстар, құмыра, құрылыс бөлшектері, мозайкалар)

Б) Көркем оймыш  ( ағаш, тас, сүйек, пластмасса)

В) металдана жасалған бұйымдар   (зергерлік бұйымдар, үстел үсті мүсіндері, жарық беретін құралдар)

Г) Жиһаздар , текстиль  (сәндік маталар, кілемдер)

Д) Ойыншықтар т.б.

Жоғарыда айтылған қолданбалы өнердің өзіне тән ерекшеліктері /спецификасы/ эстетикалық көркемдік талғамы, өңдеу, бейнелеу, мәнерлеу әдіс жолдары  бар дамыған дәстүрге айналған өнер, тұрмыс мәдениет ошағының негізгі тармақ бөліктерінің ажырамас саласы.

 

 

Көрнекіліктер:

 

 

 

         

 

          

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План конспект урока: «Қазақстандағы сәндік қолданбалы өнердің пайда болуы және дамуы»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 068 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 17.02.2017 2782
    • DOCX 621.3 кбайт
    • 18 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ташимова Алтынай Алиакбаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Ташимова Алтынай Алиакбаровна
    Ташимова Алтынай Алиакбаровна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 10
    • Всего просмотров: 88553
    • Всего материалов: 35

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специфика преподавания технологии с учетом реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 295 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 091 человек

Курс профессиональной переподготовки

Технология: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель технологии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 982 человека из 76 регионов
  • Этот курс уже прошли 3 575 человек

Курс повышения квалификации

Методика инструктажа и обучения в социальном учреждении по вопросам трудовой деятельности

180 ч.

3300 руб. 1650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Феноменология в педагогике: основные концепции и их практическое применение

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Преодоление депрессии: путь к психологическому благополучию

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 83 человека из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 32 человека

Мини-курс

Hard-skills современного педагога

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 77 человек из 34 регионов
  • Этот курс уже прошли 20 человек