Инфоурок Другое Рабочие программыПлан урока по самопознанию 11 класс

План урока по самопознанию 11 класс

Скачать материал

                                                                                                                                                                                                                                               Өзiн-өзi  тану сабағының жоспары

 

Мектеп: Жамбыл атындағы мамандандырылған мектеп-интернат

Мерзiм: Қырқүйек

1-2 сабақ

Тақырып: Өмір- шексіз керуен.

Құндылық:Ішкі тыныштық,ақикат,сүйіспеншілік,(жағымсыз қылықтарды қадағалау, шыдамдылық ,адамгершілікке баулу.)  

Қасиеттер: шыншылдық,мейірімділік,сабырлық.

Мұғалiм:Кузеуова К.К. 

Сынып: 11 сынып

Оқушылар саны: 25

 

Сабақ мақсаты: «Өмір»құндылықтарының мәнін ашу арқылы адам өмірінің сипаты мен тірлігі туралы ұғымдарын кеңейту.

Міндеттері:

1.                 Білімдік: өмір сырын түсіну,өмір сүру жолдары туралы ұғым беру; 

2.                 Дамытушылық: өмірден өзіндік орнын,өмірлік бағдарын айқындай алуға баулу;

3.                 Тәрбиелік: өзіндік ойлау,пайымдай алу,шешім қабылдай білуге тәрбиелеу.

Ресурстар:(құралдар, мәлiметтер)

Слайдтар.

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңi. Жағымды күйге келу. Нұрға бөлену.

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ-қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін.

Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады. Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек-қалауыңызды  шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты. 

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің  қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі. Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз  нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады. Олар нұр мен махаббат құралына айналды.

Одан әрі нұр сіздің аузыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздерімізге де жетті, көзіміз  тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты ғана көреді. Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. 

Нұр бірте-бірте қарқын және шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан-жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға, мұғалімдеріңізге, достарыңызға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша  түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардың да жүрегі нұрға толсын.

Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан-жануарларға, өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын... Ғаламның барлық түпкір-түпкіріне нұр бағыттаңыз. Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын... Нұр менің ішімде... Мен Нұрмын».

Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық күйінде  отыра тұрыңыз... 

Енді осы Нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз. Нұрға толы бүкіл әлем  сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

Сұрақтар:   1.Қандай әсерде болдыныздар?                                                            2. Ішкі тыныштыққа жеттініздерме?                                                          

Қорытынды:Олай болса бір-бірінізге нұр жіберуді ұмытпаныздар!

Үй тапсырмасын тексеру. Жазғы демалысты калай өткіздініздер?

Сұрақтар:  1.Қандай қасиеттер адамды дұрыс әрекетке жетелейді?

2.Ізгі жүрек ізгілігін сатпайды? Деген ойды қалай түсінесіндер?

Қорытынды: балалар адамгершілігі жоғары,ақыл-ойы толысқан,әділ де жомарт,жаны тазаадамның ниеті де таза болады.

Сабақ барысын талдау:

1.     Дәйексөз.

«Жеңген адам мін-мінезін өзінің,Танытады өз қайратын,өз үнін.» Ж.Молдагалиев. 1.Нақыл сөздің мағынасын қалай түсінесіздер?

2.Адам өз мінезіндегі мінің калай жене алады?

Оқушыларға мағынасын түсіндіру:Әр адам өз қателіктерін тусіне білу керек және оны түзетіп ,қайталамауға тырысу қажет.

Қорытынды: Ізгі істер жасайтын адамның бойында шыншылдық,ақылдылық,мейірімділік т.б қасиеттер үйлесім табады және ішкі тыныштығы дұрыс болады.

Әңгімелеу. Аңыз әңгіме: Сабыр суы

аңыз әңгіме

  Бір адамның  басынан мынадай оқиға өтіпті.Ол сол ауылдың ақсақалына  жылап келіп, шағым айтады:  маған  әрдайым көршілерім тиіседі, біздер   ұрысып  қала береміз. Көршілермен сөйлесуден қалдым. Мен әбден шаршап, өзіңізден ақыл-кеңес, көмек сұрап келіп отырмын.

-Не амал етсем екен?.

Ақсақал ойланып отырып, келген адамға  бірнеше сұрақ қояды. Содан соң бір құты су береді.

«Осы су саған көмектесуі тиіс, — дейді.

 Күнде  көршілерің  жұмыстан келген кезде осы суды ұрттап ал. Бірақ оны бірден жұтып жібермей, аузыңда біраз уақыт ұстауың керек». Арада бірталай уақыт өткенде, әлгі адам  ақсақалға  тағы жылап келеді.

«Сірә, бірдеңе қосып берген болсаңыз керек, Сіз берген судың көмегі тиген еді. Мен деген көршілеріммен жақсы қарым-қатынас орнатып қалған едім. Бәрі де жақсы болып келе жатыр еді. Менің көңілім көтеріліп, тыныштығым орнап қалған еді. Бірақ ол су таусылып қалды. Таусылғалы бері көршілерім  баяғы «жырын» қайта бастады.  Менің ішкі тыныштығым бұзылды. Сіздің көмегіңізсіз болмайтын болды» — деп, тағы да су беруін сұрайды. Сонда ақсақал  күліп: «Айналайын, ол судың басқа ешқандай қасиеті жоқ, күнде өзің пайдаланып жүрген, кәдімгі су. Оның саған көмегі — көршілерің  жұмыстан шаршап келген кезде не болса соны айтуға аузыңның бос болмағаны, үндемей  қарсы алуға мәжбүр болғаның. Ендеше, өзіңді-өзің қолға алып, шыдамдылыққа, сабырлылыққа үйренсең, өзіңді-өзің тізгіндей алсаң, бұл жағдайда саған басқаның көмегі керек еместігін түсінген шығарсың» — дейді.

1.     Ақсақалға  не үшін келді?

2.     Ақсақал қандай ақыл-кеңес берді?

3.     Ақсақал  не үшін суды ұсынды?

4.     Ақсақал  неліктен суды бірден жұтып жібермей, аузыңда біраз уақыт ұстауың керек деп айтты?

5.     Неліктен көршінің тыныштығы бұзылып, мазасыздана берді?

6.     Сіздер үшін сабырлы  адам кім?

7.     Сабырлы адамды ең бақытты адам деп айтуға болады ма?

Қорытынды:

 Мінез жақсы болу үшін кез-келген жағдайда сабырлылық сақтап, себебін түсінуге тырысайық, өз мінезімізді қадағалауға үйренейік,сонда ғана ішкі тыныштыққа ие боламыз.

 

Шығармашылық жұмыс. Дәптермен жұмыс .Берілген ой-толғауларды басщылыққа ала отырып,өмір туралы өз түйгеніңізді ортаға салыныз. Қорытындылау:Адам қолымен жасалған игі істің бәрі оның ақыл-ойы мен жүрек жылуының көрінісі.Жақсылық жасай білген адамның ішкі жан дүниесі таза,сезімі сергек болады.Рақым,қанағат,әділдік және қайырымдылықпен жасаған жақсылығының жемісің,рақатың көреді.Тілегі мен жүрегі үндестікте болған адамның рухани қуаты арта түседі.

 

 

2.                 Топпен ән айту.

Өмiрiңе немқұрайлы қарама

Сөзі: Серік Сейітман

Әні: Сәкен Дәрібаев

 

Тыңда, досым, мен айтайын от тілек,
Дүниеден кетті бай да, өтті бек.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Дәулетіңмен тұрсаң-дағы көк тіреп.

Әр күн сайын тек сен үшін атып таң,
Зерлі шапан киінсең де жақұттан.
Өміріңе немқұрайлы қарама
Шақша басың айналса да бақыттан.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Кенелсең де, досым, қанша шаттыққа,
Өміріңе немқұрайлы қарама.

Тұсау салып, бастатқызбай көш дара,
Етсе-дағы дұшпан күлкі, дос таба.
Өміріңе немқұрайлы қарама,
Тағдыр желі қарсы алдыңнан соқса да.

Сын сағатта сақтау үшін өз басын
Сатып кетіп сеніп жүрген жолдасың.
Өмірңе немқұрайлы қарама
Айдын көлге айналса да көз жасың.

Қайырмасы:

Бақ құсыңды қонған кезде бағала,
Қолда мәңгі тұрмайтын ол шағала.
Қанша азап көрсең-дағы, бауырым,
Өміріңе немқұрайлы қарама.

 

Қорытынды: Адам – өз өмірінің суретшісі, дегендей, егер мінезіміз жақсы болса, өміріміз де көркем суреттермен өрнектеледі. Адам ізгілік туралы сөздерді жалаң айтпай,оны іс жүзінде көрсете білуі тиіс.Сондықтан жақсылық жасаудан жалықпай,істеген жақсылықтарына өкінбендер.

 

3.                 Үй тапсырмасы.

1.     Оқулықтың 11 бетіндегі шығармашылық жұмысты орындау.

2.     Дәптермен жұмысты аяқтау.

 

4.     Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен қою.

Ал, балалар, қолымызды, аяғымызды айқастырмай, арқамызды тік ұстап, терең демалайық. Көзімізді жұмамыз. Бугін сабақта өткен құндылықтар мен қасиеттерді еске түсірейік. Ішкі тыныштық, шыншылдық, мейірімдік, ақылдылық, өзін-өзі дамыту туралы ойымызды кеңейттік. Осы құндылықтар мен қасиеттерді жүрегімізде сақтайық. Енді көздеріңді ашсаңдар да болады. Сабақ аяқталды, сау болыңдар!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План урока по самопознанию 11 класс"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Агроном

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 075 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 29.09.2015 1504
    • DOCX 26.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кузеуова Куралай Керейбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кузеуова Куралай Керейбаевна
    Кузеуова Куралай Керейбаевна
    • На сайте: 8 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 7721
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Искусственный интеллект: тексты и креативы

7 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 240 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек