Инфоурок Другое КонспектыПлан-конспект урока по дисциплине "История Казахстана"-Племена Казахстана в период бронзыв

План-конспект урока по дисциплине "История Казахстана"-Племена Казахстана в период бронзыв

Скачать материал

                  «Қазтүтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық  колледжi» мекемесі

Учреждение «Костанайский высший экономический колледж Казпотребсоюза

 

 

 

 

 

 

 

                          

 

 

 

 

 

                     Методическая разработка урока по дисциплине «История Казахстана»

                                  

                                              Тема: Племена Казахстана в период бронзы

 

 

 

                                                            Преподаватель: Рахимжанова Гульмира Кайыржановна

                                           

                                                 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қостанай-2018 ж

 

 

 

"Қазтұтынуодағы Қостанай жоғары экономикалық колледжi" Мекемесі

Учреждение "Костанайский высший экономический колледж Казпотребсоюза"

 

САБАҚ ЖОСПАРЫ

ПЛАН  ЗАНЯТИЯ (УРОКА) № _4

 

Пән: Қазақстан тарихы

Дисциплина:История Казахстана

Тақырыбы: Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары

Тема: Племена Казахстана в эпоху бронзы

Сабақтың  түрі:

Тип урока:жаңа білімді меңгеру

Сабақтың мақсаттары:

Цели урока:

Білімділік:

образовательные: оқушыларға қола дәуірі туралы сипаттама беру, Андронов мәдениеті шаруашылығы,қоғамдық құрылысы мен діни түсініктері туралы білім алу;

дамытушылық:

развивающие: Жеке тұлғаны дамыту, еріктілікті, танымдық қызығушылықтарын дамыту, тарихи танымын кеңейту, шығармашылыққа баулу.

тәрбиелік

воспитательные: адамгершілік, имандылық, ұлтжандылық, отан сүйгіштік, эстетикалық сезімдермен талғамдарға тәрбиелеу:

Сабақтың жабдықтары

Оборудование урока

көрнекілік құралдар

наглядные пособия:  Интерактивті тақта, карта, слайд, тест тапсырмалары,ватман қағаздары

үлестірімді құралдар

раздаточный материал: тақырып мәтіні_, бағалау парағы,карта-атлас

ТҚО

ТСО:_______________________________________________________________________________

Әдебиет _Ә Төлеубаев,Ж Қасымбаев ,М Қойгельдиев

 «Қазақстан тарихы» ,Алматы,_2014, 5-21 беттер

Литература _Ә Төлеубаев,Ж Қасымбаев ,М Қойгельдиев

 «Қазақстан тарихы» ,Алматы,_2014, 5-21 беттер

Сабақтың мазмұны

Содержание занятия

Кезеңдері

Этапы

Уақыт

Время

 

 

1.Қызығушылықты ояту

22 минут

2.Мағынаны түсіну

40 минут

3.Рефлексия

10 минут

4.Бағалау

5 минут

5.Үй жұмысын беру

3 минут

 

 

 

 

 

 

 

 
 
 
 
Сабақтың барысы 
Ход урока

Оқутышының іс – әрекеті

Деятельность преподавателя

 

Оқушының іс – әрекеті

Деятельность обучающихся

(міндетті түрде толтыру үшін жас оқытушыларға / обязательно для заполнения молодым преподавателям)

Сабақ эпиграфы;

Тарихын білмей, өткенді, казіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын

 

1.Қызығушылықты ояту.Сәлемдесу. Топқа бөлу

а/ сәлемдесу,түгелдеу

 ә/  оқу құралдарын тексеру

 б/ бағалау критерийімен таныстыру.

Шаттық шеңбері «Жүректен жүрекке»

Үй тапсырмасын сұрау.

 Мақсаты: өткенді   қайталау,жаңа тақырыпқа бейімдеу.

Сабақ эпиграфы;

Тарихын білмей, өткенді, казіргі жағдайды білу, келешекті болжау қиын .слайд

-Балалар осы сөзді қалай түсінуге болады?

-Адамзат тарихы қандай кезеңдерге бөлінеді?

-Сол кезеңдерді есімізге түсіреміз

1.2. 1-тапсырма: “Кім жылдам?” слайд

1. Қазақстанда алғашқы адамдардың іздері қашан табылды?

2. Жалпы адамзат баласы тарихының ежелгі кезеңі нешеге бөлінеді

және калай аталады?

3. Палеолит деген сөздің мағынасы қандай?

4. Мезолит деген сөздің мағынасы қандай?

5. Алғашқы адамдардың еңбек құралдары?

6.Жер жүзінде алғашқы адамның іздері қай дерде табылды?

7. Ең ежелгі адамдарды ата?

8. Садақ пен жебе қай дәуірде жасалды?

9.Микролит дегеніміз не?

10.Алғашқы адамдардың айналасатын кәсіптері?

1.3.Бейнесұрақ.

 1.Мустье кезеңіндегі адамды қалай атайды: Неандерталь

 2.Неандертальдықтардан кейін,мөлшерімен бұдан 40-30 мың жыл бұрын қандай адамдар қалыптасты:  Саналы адам.                                                                                                                       

3.Садақ аңды алыстан атуға мүмкіндік берді.Бұрынғы найзаларға қарағанда садақ аңшылықты арттырды. Бұл қай дәуір?   Мезолит

 4.Мына суретте қандай діни түсінік қалыптасқан? Адамдардың шығу тегін жануарлармен байланыстыру тотемизм деп аталады.

 5.Ежелгі суретшілер көбіне нені бейнелеген? Жабайы аңдардың суреттерін бейнелеген.

6.Бұл дәуірдің үлкен жаңалығы қыш құмыра жасау еді.Бұл дәуірді кейде қыш құмыралар заманы деп атайды.Бұл қай дәуір? Неолит

Вен диаграммасын салу: слайд

1 топ-Палеолит пен мезолит

2 Топ-Палеолит пен неолит

3Топ-Мезолит пен неолит

1.4 Үй тапсырмасын бекіту: “Сандар сөйлейді”

б.з.б 140-40м.ж

 б.з.б 12-5 м.ж;

 б.з.б 5-3 м.ж

Б.з.б 3 млн -140 м.ж; 

Б.з.б  40 -12 м.ж; 

Б.з.б 3 млн-5 м.ж. 

-Тас дәурінің басты жаңалығы неде?

-Келесі кезең қалай аталады?

2.-Жаңа тақырыпты меңгеру.

Тақырып:Қола дәуіріндегі Қазақстан тайпалары

2.1.-Қола жайлы не білесіндер?    слайд

Білемін

Білгім келеді

 

Білдім

 

 

 

-Осы білім жеткілікті ма?

Жоспар:

1.Қола дәуірінің сипаттамасы

2.Андроновтықтардың шаруашылығы

Сабақ проблемасы: Қола дәуірі ерекшеліктері неде?

2.2.Осы проблеманы шешу үшін біз келесі мәселелерді зерттейміз.

1.Топ-Қола дәуірі басты мәдениеті:жалпы сипаттама

2.Топ-Қола дәуіріндегі Андронов тайпаларының  шаруашылығы

3.Топ-Қола дәуіріндегі Андронов тайпаларынының қоғамдық құрылысы мен діни сенімдері

1.Қола дәуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралығын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Евразия даласында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Ежелгі адамдар мысқа қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтті. Қоладан тіршілікке қажетті құралдар мен қарулар жасалды. Қола дәуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай: Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола металлургиясы). Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы. Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы. Қола дәуіріне жататын ежелгі қалалардың бірі-Арқайым.

             Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мәдениеті – ғылымда Андронов мәдениеті деп аталады. Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең – андронов мәдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі: 1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ.  2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХҮ-ХІІІ ғғ. 3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ. Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес Федоров, Алакөл, Замараев деп аталды. Қола дәуірі жалпы адамзат баласының даму тарихында ерекше орын алады. Бұл дәуірде адамзат металл өңдеуді игерді. Ал өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды. Бұл дәуір адамзаттың жаңа сапалық сатыға көтерілгендігін көрсетеді. Қола дәуірінде адамдардың қажырлы еңбек пен ізденіске толы баяу дамуы аяқталып, экономика мен мәдениет екпінді ырғақпен дамуға көшті. Жабайы өсімдіктің тамыры мен жемістерін теріп жеуден дақылдарды қолдан өсіруге көшу, құнарлы жерлерді таңдай білу, су жетіспеген жағдайда канал қазып суаруды үйренуге дейін мыңдаған жылдар уақыт өтті. Өндіруші шаруашылық дамып, металл қорыту қалыптасты.Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі – көшпелі мал шаруашылығына көшті.. Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы – Орталық Қазақстан. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне кен орындары, тастағы суреттер-петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса қабір табылып зерттелген. Ертедегі Нұра кезеңінде  жерлеу салтында кремация (мәйітті өртеу) басым болған. Келесі – Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі, оны көптеген тау кендерін өңдеу орындарының болуынан байқаймыз. Қорымдар мен қоныстардың үлкен бір тобы Атасу өзенінің бойында. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде қола құралдары, қару-жарақтары, сәндік заттар шықты. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады.

         Сұрақтар;

-Қола дәуірі хронологиясы?

-Қола дәуірі басты мәдениеті?неге солай аталады?қай жерде табылған?

-Андронов тайпаларының негізгі  мекендеген жері?

-Қола дәірінің басты ерекшелігі-жетістігі?   

 

     2. Қола дәуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралығын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Евразия даласында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Ежелгі адамдар мысқа қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтті. Қоладан тіршілікке қажетті құралдар мен қарулар жасалды. Қола дәуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай: Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола металлургиясы). Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы. Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы.

Андроновшылар шаруашылығы .Қола дәуірінде кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде жүргізілген. Мысалы, Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс қорытылған, ал Успен руднигінде 200 мың тонна кен өндірілген. Ежелгі кеншілер жұмсақ кенді қайламен омыру арқылы, қатты, тығыз кенді отпен уату арқылы және сонымен қатар үңгіп қазу арқылы өндірген. Отпен уату тәсілі бойынша - кен өзегінің үстіне от жағылып, әбден қызған кезде су құйып, жарықшақтарға бөлген. Уақталған руданы қонысқа әкеліп, арнаулы пештерге салып балқытқан, ондай пештер қалдықтары Атасу, Суықбұлақ қоныстарынан, Қанай ауылының қасынан табылды. Метал балқытатын шеберханалар орны Мало-Красноярск, Алексеевка, Никольское, Петровка ІІ-де бар екені мәлім болды. Метал балқытумен бірге андроновшылар оны шыңдау, шекімелеу және қыспалау әдістерін білген. Алтын фольгамен оралған қоладан олар сырғалар, алқалар, білезіктер жасаған. Андроновтық тайпалар үй кәсіпшілігінде қыш ыдыстар жасаған. Қазақстанның далалары мен таулы алқаптарында әрбір отбасы ыдыс-аяқтарын өздері жасаған. Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға от жағып сонда күйдірген. Б.з. дейінгі ХҮІІ-ХҮІ ғғ. аяқ-табақтар белгілі бір тоқылған мата қалыпқа салынып істелген. Қыш ыдыстар геометриялық ою-өрнектермен әсемделген. Бұл өрнектер байлық пен молшылықты, тіл мен көзден сақтау белгісін және ыдыс ішіндегі затты білдірген.Андроновтықтардың тұрмыс үйі киіз үй тәрәзді болған.

 Қола дәуірінде егіншілікпен қатар мал шаруашылығы да қалыптасып, екеуі бірге өркендеді. Бұл кезең шаруашылығының бір ерекшелігі – мал өсіру жедел қарқынмен дамып, негізгі салаға айналды. Қолда өсіретін жануарлар түрі көбейтіліп, олардың сапалық қасиеті жақсартылды. Малға қысқа жемшөп әзірлеп, жазда жайып бағуға көшкен. Көп малды қолда ұстау мүмкін емес еді. Сондықтан далалық өңірлерде шаруашылықтың жаңа түрі – бақташы мал шаруашылығына ауысудың негізі қалана бастады

Жабайы жануарларды қолға үйрету адам қоғамы дамуының ірі жетістігі болды. Қолда өсірілген жануарлар аңшылық сәтсіз болған күндері, әсіресе, қыста тамақ қоры болуын қамтамасыз етті. Осыған байланысты ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болды: мал өсіруші бақташы тайпалар халықтың басқа топтарынан бөлініп шықты. Қола дәуіріне жататын ежелгі қалалардың бірі-Арқайым.

   Сұрақтар;

-Қола дәуірі хронологиясы?

-Шаруашылығы: немен айналасқан?

-Шаруашылықтың жаңа түрлері? 

-Басты жетістігі?         

3. Қола дәуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралығын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Евразия даласында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Қола дәуіріне жататын ежелгі қалалардың бірі-Арқайым.Ежелгі адамдар мысқа қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтті. Қоладан тіршілікке қажетті құралдар мен қарулар жасалды. Қола дәуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай: Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола металлургиясы). Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы. Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы.   Қоғамдық құрылысы.  Қола дәуірінде мал шаруашылығы мен металлургияның жедел дамуы ерлердің еңбегін көп қажет еткендіктен қоғамда ер адамдар рөлі жоғарылап, аталық отбасылық қатынас орнады, аналық ру орнына аталық ру келді. Андроновтықтар қоғамында барлық істі халық жиналысы шешіп отырды: ру басшыларын сайлау, айыптыларды ел алдында жазалау және т.б. Жоғарыда айтқанымыздай андроновшылар үлкен үйде үлкен отбасылық қауым болып өмір сүрген және бірге тұрып, бәріне ортақ шаруаны ағайын-туыстардың бірнеше буыны бірлесіп атқарған. Қоныстар материалына қарағанда көзге түсерліктей ешбір елеулі әлеуметтік және мүліктік теңсіздік байқалмайды, алайда қорымдарды зерттеу ісі адамның байлық дәрежесі мен қоғамдағы мәртебесінің айырмашылығын анықтауға мүмкіндік береді. Ертедегі қола дәуірінің өзінде көптеген біркелкі молалар ішінен өзгелерге қарағанда қабірі үлкенірек те тереңірек, ағаш мазарының құрылысы да күрделі, мола ішіне қойылған құмыралары мен тағамы да мол зират ерекше назар аударған. Мұндай қабірлерден сондай-ақ соғыс арбасының жұрнағы мен аттардың сүйектері, мәйіт басынан қола қанжарлар, жебелер табылған. Орта және кейінгі қола дәуірлерінде де тап осындай жәйттер кездеседі. Қорымдардағы қарапайым қабірлер арасынан ірі тастардан екі немесе үш қабат қоршауы бар бірнеше аса үлкен оба не мазарлар көзге түседі. Обалар салып, қабірлер қазу ісімен, онда қойылатын заттар арасындағы елеулі айырмашылықтарға жүгінсек, андронов қоғамы біртекті болмаған.  Үлкен қорымдарда сол кезде қоғамда айрықша топқа бөлінген жауынгерлер қойылған. Қоғамның жіктелуі басталған – оның қатардағы қалың мүшелері арасынан бөлініп «патшалар» - билеушілер, жауынгерлер – кшатрийлер шыққан. Олардың жақындары да қоғамда жоғары дәрежеге ие болған. Үнді-иран шежірелеріне қарағанда абыздар да жоғары бағаланған. Олар діни жоралғыларды жүргізуші, ежелгі дәстүр мен білімдерді сақтаушылар болды. Олардың өзгелерден айрықша бір белгісі – ағаш табақ  пен ерекше бас киімі (бөркі). Қола дәуірі адамдарының діні мен өнері Қола дәуірінің тайпалары табиғат күштеріне табынған. Жерленген адамның басы батысқа немесе оңтүстіқ-батысқа қаратылып, қол-аяғы бүгіп жатқызылған. Бұл жер-ана құшағына барған сәби қалпындағы адам түсінігін берген. Өлікті матаушы ажал құдайы Ямаға сыйынған. Ерте қола дәуірінде жерлеу салтында кремация, яғни мәйітті өртеу басым болған. Бұдан андроновтықтардың отқа табынғанын байқаймыз. Кейінгі қола дәуірінде жерлеудің кесенемен бірге өртеу түрі болған. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған. Құрбандыққа сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Үйдің ошағы отбасының киелі орны есебінде қатты құрметтелген. От пен күлге байланысты жөн-жоралғылардың бәрі құдайдың рақым-шапағатымен денсаулық, отбасының амандығын, құт-береке болса деген тілекпен жасалған. Мәйітті көкке әкететін от құдайы – Агнияға арнап құрбандыққа ешкі сойған. Қола дәуірінің соңына қарай күнге, айға және жұлдыздарға табынған. Ата-баба аруағына сиыну және о дүниеге сену кең тарады. Қола дәуірінің жартастар бетіне салынған суреттерінің өзіндік ерекшеліктері бар, ертедегі адамдар жартастардың тегіс бетіне қатты да үшкір тас  сынықтарымен жануарлар, Күн бейнелі адамдар суретін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Бұл – адамның рухани мәдениеті және оның дүниетанымы жөніндегі аса бағалы хабарлар бастауы болып табылады.    Қазақстан – жартастағы суреттер-петроглифтердің саны мен әралуандығы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі. Осындай суреттер көп табылған Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау, Маймақ, Тарбағатай, Бөкентау аймақтары дүниежүзілік мәдениеттің қорына қосылады.

             

Сұрақтар:

-Қола дәуірі хронологиясы?

-Қоғамдық құрылысы: басшылары, лауазымды тұлғалар,қандай рулық қоғам,жиналысы?

-Дәни наным сенімдері?

-Басты жаңалығы-ерекшелігі?Діни жоралғылардың басты белгісі?

2.3.Топтық жұмыс.Жұмыс барысында,сұрақтарға жауап іздейді.

2.4.Мәтінді түсіндіру,сосын сұрақтардың жауабын береді.Басты ерекшелігі неде болды?

2.5.Қорғау:

1 топ-сызба

2 Топ-кластер

3 Топ-венн диаграммасын салу.Тас дәуірі мен қола.

2.6.Миға  шабуыл:

-Қола дәуірі хронологиясы?

-Қоладан жасалған құрал-саймандар?

-Қола дәуірінің басты мәдениеті?

-Басты кәсіптері?

-Проблеманы шешу:Қола дәуірінің ерекшеліктері неде?

 

 

2.7..Тест сұрақтары

1.Қола дәуірінде Қазақстанның далалы аймақтарында қандай өзгерістер болды?

А.Егіншілік дамыды В.Қолөнер дамыды С.Бау-бақша дамыды

Д. Көшпелі мал шаруашылығы дамыды Е.Қалалар көбейді

2.Қола дәуірінің мәдениетін атаңыз?

А.Тасмола В.Андронов С.Нұра Д.Атасу Е.Аңшылық

3.Ежелгі қалалардың ең ескі тұрағын көрсетіңіз.

А.Тасты-Бұтақ В.Арқайым С.Бөрік қазған Д.Шатпакөл Е.Құдайкөл

4.Андронов мәдениетінің археологиялық символы не болып табыды?

А.Сырға мен алқалар В.Семсерлер С.Қанжарлар Д.Қапсырмалар Е.Айналар

5.Киіз үйдің прототипі болып не саналады?

А.Бәдәуилердің шатыры В.Кепкен шөптер С.Қамыс үйлер

Д.Андроновтықтардың дөңгелген тұрғые үйі Е.Үңгілер

6.Андровтықтар үйді жылыту үшін нені пайдаланады?

А.Отынды В.Кепкен шөптері С.Тезекті Д.Тас көмірді Е.Сабанды

7.Қазақстан территориясын мекендеген андронов тайпаларының кәсібі

А) терімшілік В)егіншілік С)мал шаруашылығы Д) Балық аулау

Е) егіншілік, мал бағу, балық аулау

8.Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштері қайдан табылды

А) Батыс Қазақстан В) Оңтүстік Қазақстан С) Ашынас (Ачинск)

Д) Орталық Қазақстан Е) Сығанақ қаласының маңында

9) Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалар

А) Қаңлылар В)Үйсін С) Андроновтық тайпалар Д) Ғұн Е) Темір соқа

10) Андронов дәуірінде өмір сүрген абыздардың айқын белгісі:

А)Күн-басты құдайдың белгісі В) Ағаш табақ және ерекше бас киім С) Шошақ бөріктер

Д)Бойтұмарлар, ерекше бас киім Е) Қола қамшы, ерекше киім

3.Тест тексеру.Бағалау

4.Рефлексия

Білемін

Білгім келеді

Білдім

 

 

 

5.Үй жұмысын беру, қосымша-шағармашылық тапсырма-эссе-Қола дәуірі адамы

Жалпы бағалау:-сабақта алған әсер туралы стикерге жазады

Сабақта ең жақсы өткен нәрсе?

1. ……………..

2. ……………..

Сабақта ұнағаны?

1. …………….

2. ……………

 

 

 

 

 

 

Сабаққа дайындық

 

 

Оқушылар шеңбер құрып отырады (сағат тілі бағытымен бір -біріне тілек айта отырып, жүрек сыйлайды .

 

Ой-қозғау

 

 

Жарыс барысында болады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой-қорыту

 

 

жазу

СТО стратегиясы бойынша кесте толтыру? Тақтаға шығу, жазу

Сабақ мақсатын құру

 

 

 

 

 

 

Топтық жұмыс,мәтінмен жұмыс

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Зерттеу қорытындысы

 

Топтық жұмыс:шағын презентация жасау

 

 

Сұрақтарға жауап беру

 

Ой қозғау, проблеманың шешімін ұсынады

 

 

Тест сұрақтарына жауп беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Бір бірін тексеру,бағалау

Не білдім деген сұраққа жауап беру

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқутышы

    Преподаватель: ___________________________________

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

1.Қола дәуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралығын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Евразия даласында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Ежелгі адамдар мысқа қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтті. Қоладан тіршілікке қажетті құралдар мен қарулар жасалды. Қола дәуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай: Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола металлургиясы). Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы. Аталық отбасылық рулық қатынастың орнауы. Қола дәуіріне жататын ежелгі қалалардың бірі-Арқайым.

             Қазақстан жеріндегі қола дәуірінің кезіндегі өмір сүрген адамдардың негізгі мәдениеті – ғылымда Андронов мәдениеті деп аталады. Бұл дәуірде Қазақстан даласын, Оңтүстік Сібірді және Орал аймағын шығу тегі жағынан ұқсас, өзіндік мәдениеті бар тайпалар мекендеді. Бұл мәдениеттің алғашқы ескерткіші табылған Оңтүстік Сібірдегі Ачинск қаласы маңындағы Андроново селосына байланысты бұл кезең – андронов мәдениеті деген атау алды. Сол жердегі қазба жұмыстарын 1913 жылы Б.В. Андрианов жүргізген. 1927 жылы археолог М.П. Грязнов осындай қорымды Батыс Қазақстаннан да тауып, андронов мәдениетінің ескерткіштері шығыста Минусинскіден бастап батыста Оралға дейінгі орасан зор территорияға тарағанын анықтады. Зерттеушілердің көпшілігі андронов мәдениетінің өмір сүрген уақытын 3 кезеңге бөледі: 1. Ерте қола кезеңі (Федоров кезеңі) – б.з.б. ХҮІІІ-ХҮІ ғғ.  2. Орта қола кезеңі (Алакөл кезеңі) – б.з.б. ХҮ-ХІІІ ғғ. 3. Кейінгі қола кезеңі (Замараев кезеңі) – б.з.б. ХІІ-ҮІІІ ғғ. Бұл кезеңдер алғашқы зерттелген ескерткіштер атына сәйкес Федоров, Алакөл, Замараев деп аталды.

             Қола дәуірі жалпы адамзат баласының даму тарихында ерекше орын алады. Андронов мәдениетінің археологиялық символыырға мен алқалар. Бұл дәуірде адамзат металл өңдеуді игерді. Ал өндіріске металл құралдардың енуі еңбек өнімділігін арттырды, шаруашылықтың жаңа түрлерінің пайда болуына себеп болды. Бұл дәуір адамзаттың жаңа сапалық сатыға көтерілгендігін көрсетеді. Қола дәуірінде адамдардың қажырлы еңбек пен ізденіске толы баяу дамуы аяқталып, экономика мен мәдениет екпінді ырғақпен дамуға көшті. Жабайы өсімдіктің тамыры мен жемістерін теріп жеуден дақылдарды қолдан өсіруге көшу, құнарлы жерлерді таңдай білу, су жетіспеген жағдайда канал қазып суаруды үйренуге дейін мыңдаған жылдар уақыт өтті. Өндіруші шаруашылық дамып, металл қорыту қалыптасты.Андроновтық тайпалар алғаш болып экономикалық өмірдің озық түрі – көшпелі мал шаруашылығына көшті.. Андронов тайпалары Қазақстанның барлық аймағын мекендеген. Негізгі қоныстанған ауданы – Орталық Қазақстан. Бұл өңірден көптеген мекендер, қорымдар, көне кен орындары, тастағы суреттер-петроглифтер, 30-дан аса қоныстар мен 150-ден аса қабір табылып зерттелген. Ертедегі Нұра кезеңінде  жерлеу салтында кремация (мәйітті өртеу) басым болған. Келесі – Атасу кезеңінде жерді игеру, оның ішінде шөлейт аудандарды да игеру кеңінен жүргізіледі. Тау-кен жұмыстарының көлемі күрт өседі, оны көптеген тау кендерін өңдеу орындарының болуынан байқаймыз. Қорымдар мен қоныстардың үлкен бір тобы Атасу өзенінің бойында. Қоныстар мен қорымдарды қазған кезде қола құралдары, қару-жарақтары, сәндік заттар шықты. Мәйіттерді бір жамбасына бүк түсіріп жатқызып жерлеу жиірек ұшырасады.

         Сұрақтар;

-Қола дәуірі хронологиясы?

-Қола дәуірі басты мәдениеті?неге солай аталады? қай жерде табылған? Андронов мәдениетінің археологиялық символы не болып табыды?

-Андронов тайпаларының негізгі  мекендеген жері?

-Қола дәүірінің басты ерекшеліктері -жетістіктері?   

 

    

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2. Қола дәуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралығын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Евразия даласында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Ежелгі адамдар мысқа қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтті. Қоладан тіршілікке қажетті құралдар мен қарулар жасалды. Қола дәуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай: Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола металлургиясы). Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы. Аталық отбасылық рулық қатынастың-патриархаттың  орнатылуы. Андронов мәдениетінің археологиялық символы: Сырға мен алқалар

               Андроновшылар шаруашылығы .Қола дәуірінде кен өндіріп балқыту ісі орасан зор көлемде жүргізілген. Мысалы, Жезқазған өңірінде 100 мың тонна мыс қорытылған, ал Успен руднигінде 200 мың тонна кен өндірілген. Ежелгі кеншілер жұмсақ кенді қайламен омыру арқылы, қатты, тығыз кенді отпен уату арқылы және сонымен қатар үңгіп қазу арқылы өндірген. Отпен уату тәсілі бойынша - кен өзегінің үстіне от жағылып, әбден қызған кезде су құйып, жарықшақтарға бөлген. Уақталған руданы қонысқа әкеліп, арнаулы пештерге салып балқытқан, ондай пештер қалдықтары Атасу, Суықбұлақ қоныстарынан, Қанай ауылының қасынан табылды. Метал балқытатын шеберханалар орны Мало-Красноярск, Алексеевка, Никольское, Петровка ІІ-де бар екені мәлім болды. Метал балқытумен бірге андроновшылар оны шыңдау, шекімелеу және қыспалау әдістерін білген. Алтын фольгамен оралған қоладан олар сырғалар, алқалар, білезіктер жасаған. Андроновтық тайпалар үй кәсіпшілігінде қыш ыдыстар жасаған.

                Қазақстанның далалары мен таулы алқаптарында әрбір отбасы ыдыс-аяқтарын өздері жасаған. Әйелдер саз балшықты әзірлеп, одан ыдыс-аяқ істеп, оларды ошақтағы отқа, кейде таспен қоршалған шұңқырға от жағып сонда күйдірген. Б.з. дейінгі ХҮІІ-ХҮІ ғғ. аяқ-табақтар белгілі бір тоқылған мата қалыпқа салынып істелген. Қыш ыдыстар геометриялық ою-өрнектермен әсемделген. Бұл өрнектер байлық пен молшылықты, тіл мен көзден сақтау белгісін және ыдыс ішіндегі затты білдірген.Андроновтықтардың тұрмыс үйі киіз үй тәрәзді болған.

            Қола дәуірінде егіншілікпен қатар мал шаруашылығы да қалыптасып, екеуі бірге өркендеді. Бұл кезең шаруашылығының бір ерекшелігі – мал өсіру жедел қарқынмен дамып, негізгі салаға айналды. Қолда өсіретін жануарлар түрі көбейтіліп, олардың сапалық қасиеті жақсартылды. Малға қысқа жемшөп әзірлеп, жазда жайып бағуға көшкен. Көп малды қолда ұстау мүмкін емес еді. Сондықтан далалық өңірлерде шаруашылықтың жаңа түрі – бақташы мал шаруашылығына ауысудың негізі қалана бастады Жабайы жануарларды қолға үйрету адам қоғамы дамуының ірі жетістігі болды.

Қолда өсірілген жануарлар аңшылық сәтсіз болған күндері, әсіресе, қыста тамақ қоры болуын қамтамасыз етті. Осыған байланысты ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісі пайда болды: мал өсіруші бақташы тайпалар халықтың басқа топтарынан бөлініп шықты. Қола дәуіріне жататын ежелгі қалалардың бірі-Арқайым.

  

Сұрақтар;

-Қола дәуірі хронологиясы?

-Шаруашылығы: немен айналасқан? Андронов мәдениетінің археологиялық символы не болып табылады?

А.Сырға мен алқалар

-Шаруашылықтың жаңа түрлері? 

-Басты жетістігі?         

 

 

 

 

 

 

 

 

 

3. Қола дәуірі б.з. дейінгі 2 мыңжылдық пен 1 мыңжылдықтың басы аралығын қамтиды. Б.з. дейінгі 2 мыңжылдықта Евразия даласында қола алу тәсілі шығып, өндіргіш күштер қатарында төңкеріс жасалды. Қола дәуіріне жататын ежелгі қалалардың бірі-Арқайым. Ежелгі адамдар мысқа қалайыны қосу арқылы металл бұйымдардың беріктігін күшейтті. Қоладан тіршілікке қажетті құралдар мен қарулар жасалды.  Қола дәуірінің атап көрсетерлік ерекшеліктері мынадай: Түсті металдардың өндірістік жолмен игерілуі (қола металлургиясы). Ең алғашқы қоғамдық еңбек бөлінісінің жүзеге асуы, яғни мал шаруашылығының егіншіліктен бөлініп шығуы.

        Ал қоғамдық құрылыста басты жаңалық-Аталық отбасылық рулық қатынастың-патриархаттың  орнатылуы. Қола дәуірінде мал шаруашылығы мен металлургияның жедел дамуы ерлердің еңбегін көп қажет еткендіктен қоғамда ер адамдар рөлі жоғарылап, аталық отбасылық қатынас орнады, аналық ру орнына аталық ру келді. Андроновтықтар қоғамында барлық істі халық жиналысы шешіп отырды: ру басшыларын сайлау, айыптыларды ел алдында жазалау және т.б. Ертедегі қола дәуірінің өзінде көптеген біркелкі молалар ішінен өзгелерге қарағанда қабірі үлкенірек те тереңірек, ағаш мазарының құрылысы да күрделі, мола ішіне қойылған құмыралары мен тағамы да мол зират ерекше назар аударған. Мұндай қабірлерден сондай-ақ соғыс арбасының жұрнағы мен аттардың сүйектері, мәйіт басынан қола қанжарлар, жебелер табылған. Орта және кейінгі қола дәуірлерінде де тап осындай жәйттер кездеседі. Қорымдардағы қарапайым қабірлер арасынан ірі тастардан екі немесе үш қабат қоршауы бар бірнеше аса үлкен оба не мазарлар көзге түседі. Үлкен қорымдарда сол кезде қоғамда айрықша топқа бөлінген жауынгерлер қойылған. Қоғамның жіктелуі басталған – оның қатардағы қалың мүшелері арасынан бөлініп «патшалар» - билеушілер, жауынгерлер – кшатрийлер шыққан. Олардың жақындары да қоғамда жоғары дәрежеге ие болған. Үнді-иран шежірелеріне қарағанда абыздар да жоғары бағаланған. Олар діни жоралғыларды жүргізуші, ежелгі дәстүр мен білімдерді сақтаушылар болды. Олардың өзгелерден айрықша бір белгісі – ағаш табақ  пен ерекше бас киімі (бөркі).

             Қола дәуірі адамдарының діні мен өнері . Андронов мәдениетінің археологиялық символы :Сырға мен алқалар. Қола дәуірінің тайпалары табиғат күштеріне табынған. Жерленген адамның басы батысқа немесе оңтүстіқ-батысқа қаратылып, қол-аяғы бүгіп жатқызылған. Бұл жер-ана құшағына барған сәби қалпындағы адам түсінігін берген. Өлікті матаушы ажал құдайы Ямаға сыйынған. Ерте қола дәуірінде жерлеу салтында кремация, яғни мәйітті өртеу басым болған. Бұдан андроновтықтардың отқа табынғанын байқаймыз. Кейінгі қола дәуірінде жерлеудің кесенемен бірге өртеу түрі болған. Үй құрылысы да құрбандық шалудан басталған. Құрбандыққа сүт толы ыдыстар, бұқа не бағлан шалынған. Үйдің ошағы отбасының киелі орны есебінде қатты құрметтелген. От пен күлге байланысты жөн-жоралғылардың бәрі құдайдың рақым-шапағатымен денсаулық, отбасының амандығын, құт-береке болса деген тілекпен жасалған. Мәйітті көкке әкететін от құдайы – Агнияға арнап құрбандыққа ешкі сойған. Қола дәуірінің соңына қарай күнге, айға және жұлдыздарға табынған. Ата-баба аруағына сиыну және о дүниеге сену кең тарады. Қола дәуірінің жартастар бетіне салынған суреттерінің өзіндік ерекшеліктері бар, ертедегі адамдар жартастардың тегіс бетіне қатты да үшкір тас  сынықтарымен жануарлар, Күн бейнелі адамдар суретін, соғыс арбалары мен шайқас көріністерін салған. Бұл – адамның рухани мәдениеті және оның дүниетанымы жөніндегі аса бағалы хабарлар бастауы болып табылады.    Қазақстан – жартастағы суреттер-петроглифтердің саны мен әралуандығы жөнінен әлемдегі ең бай жерлердің бірі. Осындай суреттер көп табылған Таңбалы, Ешкіөлмес, Қаратау, Маймақ, Тарбағатай, Бөкентау аймақтары дүниежүзілік мәдениеттің қорына қосылады.

              Сұрақтар:

-Қола дәуірі хронологиясы?

-Қоғамдық құрылысы: басшылары, лауазымды тұлғалар,қандай рулық қоғам,жиналысы?

-Дәни наным сенімдері қандай ? неге табынған? Діни жоралғылардың басты белгісі? Ескерткіштері? Андронов мәдениетінің археологиялық символы не болып табылады?

-Басты жаңалықтары-ерекшеліктері?

 

 

 

 

 

 

Тест сұрақтары: Қола дәуірі.

1.Қола дәуірінде Қазақстанның далалы аймақтарында қандай өзгерістер болды?

А.Егіншілік дамыды В.Қолөнер дамыды С.Бау-бақша дамыды

Д. Көшпелі мал шаруашылығы дамыды Е.Қалалар көбейді

 

2.Қола дәуірінің мәдениетін атаңыз?

А.Тасмола В.Андронов С.Нұра Д.Атасу Е.Аңшылық

 

3.Ежелгі қалалардың ең ескі тұрағын көрсетіңіз.

А.Тасты-Бұтақ В.Арқайым С.Бөрік қазған Д.Шатпакөл Е.Құдайкөл

 

4.Андронов мәдениетінің археологиялық символы не болып табыды?

А.Сырға мен алқалар В.Семсерлер С.Қанжарлар Д.Қапсырмалар Е.Айналар

 

5.Киіз үйдің прототипі болып не саналады?

А.Бәдәуилердің шатыры В.Кепкен шөптер С.Қамыс үйлер

Д.Андроновтықтардың дөңгелген тұрғые үйі Е.Үңгілер

 

6.Андровтықтар үйді жылыту үшін нені пайдаланады?

А.Отынды В.Кепкен шөптері С.Тезекті Д.Тас көмірді Е.Сабанды

 

7.Қазақстан территориясын мекендеген андронов тайпаларының кәсібі

А) терімшілік В)егіншілік С)мал шаруашылығы Д) Балық аулау

Е) егіншілік, мал бағу, балық аулау

 

8.Андронов мәдениетінің алғашқы ескерткіштері қайдан табылды

А) Батыс Қазақстан В) Оңтүстік Қазақстан С) Ашынас (Ачинск)

Д) Орталық Қазақстан Е) Сығанақ қаласының маңында

 

9) Қола дәуірінде Қазақстан жерін мекендеген тайпалар

А) Қаңлылар В)Үйсін С) Андроновтық тайпалар Д) Ғұн Е) Темір соқа

 

10) Андронов дәуірінде өмір сүрген абыздардың айқын белгісі:

А)Күн-басты құдайдың белгісі В) Ағаш табақ және ерекше бас киім С) Шошақ бөріктер

Д)Бойтұмарлар, ерекше бас киім Е) Қола қамшы, ерекше киім

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "План-конспект урока по дисциплине "История Казахстана"-Племена Казахстана в период бронзыв"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по кредитованию

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

План-конспект урока по дисциплине "История Казахстана" на специальность "Учет и аудит" на казахском языке.

Цели,методы,используемые при изучении темы - приемы РКМЧ, приемы проблемной технологии.Описание каждого этапа урока , формы организации познавательной деятельности обучающихся .Также представлен раздаточный материал, который будут использовать обучающиеся при изучении новой темы.



Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 666 004 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 07.03.2018 664
    • DOCX 131.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Ракымжанова Гульмира Кайыржановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 9782
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 329 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Мини-курс

Конкурентная разведка и маркетинговые исследования

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Ключевые игроки и современные тенденции в развитии гостиничных сетей

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Практика гештальт-терапии: техники и инструменты

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 314 человек из 64 регионов
  • Этот курс уже прошли 66 человек