Инфоурок Информатика Конспекты"Photoshop бағдарламасының негізі" компьютерлік геометрия

"Photoshop бағдарламасының негізі" компьютерлік геометрия

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі. Іске қосу , жаңа құжат құру, жаңа құжат көлемін орнату, сақтау, өңдеу, қайта ашу.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушыларға Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі. Іске қосу , жаңа құжат құру, жаңа құжат көлемін орнату, сақтау, өңдеу, қайта ашудың алғы шарттар түсінігін қалыптастыру.

Дамытушылық: Оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін, шығармашылыққа баулу, оқушылардың ой-өрісін, тіл байлығын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: Адамгершілікке, ізеттілікке, техника қауіпсіздігін сақтауға тәрбиелеу

Сабақтың түрі: ЖББ

Сабақта қолданылатын көрнекті қүралдар: Компьютер, оқулық, жұмыс дәптері

Сабақ барысы:

1.      Оқушыларды ұйымдастыру.

     2. Жаңа тақырыпты түсіндіру.

     3. Тапсырмаларды орындау

     4. Сабақты бекіту.

     5. Үйге тапсырма беру.

     6. Инклюзивті тапсырма Нұсқау№1

 

 

 

  • Adobe Photoshop программасы

Растрлық графикамен жұмыс істеуде Adobe фирмасының Photoshop программасы ерекше орын алады. Бұл программа қазір компьютерлік графикада стандарт болып табылады, басқа программалардың бәрін осы программамен салыстырады.

Adobe Photoshop программасының атқаратын қызметтері:

  • Графикалық бейнелерді өте жоғары сапада өңдеу;
  • Интерфейсі қолдануға ыңғайлы және жеңіл;
  • Бейнені өңдеу мүмкіндіктерінің көптігі, палитрамен жұмыс істеу, сканерлеу, импорттау мен экспорттау;
  • Фильтрлеу командаларының мол жиынтығы, олардың көмегімен әртүрлі эффектілерді орындау;
  • Аймақ пен контурды ерекшелеу;
  • Сурет салудың әр тәсілдері;
  • Бейнені түзетуге, қабаттар, каналдар, маскалар, фильтрлер көмегімен бейненің өлшемі таңдау;
  • Басылымға берудің әр түрлі мүмкіндіктері бар.

Іске қосу үшін: Пуск →Программы →Adobe Photoshop

 

1-сурет. Adobe PhotoshopCS3 программасының интерфейсі.

 

https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_5523962f3e51a/adobe-photoshop-proghrammasy-intierfieisi-palitralar-adobe-photoshop-proghrammasymien-tanysu-zhu-mysty-baptau_1.png

1-суретте берілген Adobe Photoshop CS3 программасының терезесінің жоғарғы бөлігінде программаның атауы жазылған тақырып қатары орналасқан. Тақырып қатарынан төмен программаның барлық командалары мен функцияларын пайдалануға мүмкіндік беретін негізгі меню. Сол жағында программаның негізгі құрал-саймандар тақтасы орналасқан. Оң жағында бейненің түсін, масштабын өзгертуге т.б. орындауға көмектесетін қызметші терезелер берілген. Терезенің ортасында өңделетін графиктік файл ашылатын жұмыс аумағы орналасқан. Ал терезенің төменгі жағында қалып-күй қатары берілген.

 

  • Меню командалары

Программаның негізгі менюінде бір функционалдық арнайы топқа біріктірілген командалар тізімінің жиынтығы берілген. Бұл тізімдер жинақы күйде беріледі де, олардың біреуін таңдағанда ашылады.

  • «Файл» менюі

Файл менюінің командалары жаңа файл құру, ашу, сақтау, орналастыру, жабу, сканерлеу, импорттау, экспорттау, бейнені баспаға шығару, желі бойынша файлды жіберу, кей операцияларды автоматтандыру және PhotoShop программасынан шығу қажет болғанда қолданылады.

  • «Түзету» (Редактерование) менюі

«Түзету» менюінде бейнені өңдеу командалары: көшіру, трансформациялау, бейнені орналастыру мен түсін анықтау, белгілі бір өлшемді және формалы қылқалам, өрнектер мен фигуралар құру, іс-әрекеттерді қайталау және болдырмау командалары орналасқан. Тазарту ішкі менюі жадыны тазартады.

  • «Бейне» (Изображение)менюі

Бейне менюінің Режим ішкі менюі арқылы бейнені 8 режимнің біріне ауыстыруға болады. Реттеу ішкі менюінің командалары бейненің контрастылығын, түсінің тонын, ашықтығын, қанықтылығын өзгертеді. Бейне өлшемі командасы көмегімен бейненің өлшемін, рұқсат етілімін және файл өлшемін өзгертуге болады. Холст өлшемі командасы көмегімен бейне орналасқан жұмыс аумағының өлшемін өзгертуге болады.

  • «Қабат»(Слой) менюі

Қабат менюінің командалары жаңа қабат қосуға, көшіруге, жоюға, өзгертуге, топтауға, орындарын алмастыруға, байланыстырылған қабаттарды басқаруға, қабаттарды біріктіруге, оларға маска қолдануға және бейнені бір қабатқа айналдыруға мүмкіндік береді.

  • «Ерекшелеу» (Выделение) менюі

Ерекшелеу менюінде бейнені толық ерекшелеу және түсіне қарай ерекшелеу командалары, ерекшеленген фрагментпен жұмыс істеу командалары орналасқан.

  • «Фильтр» менюі

Фильтр менюінде бейнені өңдеу операциялары кіретін фильтрлер орналасқан.

 

«Анализ» менюі

Анализ менюінде шкала өлшемін беру, берілген нүктелерді бергілеу, сызғыш құралы, есептегіш құралы, масштаб маркерін орналастыру командалары орналасқан.

«Қарау»Просмотр менюі

Қарау менюінде түс нұсқалары, экран режимі, көрсету, бағыттаушыны бекіту, бағыттаушыны жою, жаңа бағыттауыш, фрагментті бекіту, фрагментті жою командалары ораласқан.

  • «Терезе» (Окно)менюі

Терезе менюі командалары түрлі палитраларды экранда көрсету және жасыруды басқарады. Сонымен қатар ашылған бейнелердің тізімі берілген.

  • «Көмек» (Справка)менюі

Көмек менюінің командалары Photoshop программасы нұсқаулығын интерактивті режимде ашып қарауға, Adobe компаниясының соңғы жаңалықтарын қарауға, Adobe Online сайтына шығуға, экранда пайда болатын көмектерді пайдалануға көмектеседі.

Экрандағы бейнені үлкейту және кішірейту. Жұмыс экраны көрінісінің режимдері.

Кейбір құжаттардың өлшемдері үлкен болғандықтан монитор бетіне симай кетеді. Photoshop программасында көрініс масштабы жасалған. Бейнені түгел қарау үшін масштабты азайтып сурет көрінісін кішірейту қажет. Ctrl+«+» пернелерін бірге басқан кезде сурет өзінің терезесінің ішінде жақындап, үлкейеді де, Ctrl+«-» пернелерін басқанда кішірейтеді. Ал Ctrl+Alt+«+» пернелерін бассаңыз кұжат өзінің терезесімен бірге үлкейеді. Ctrl+Alt+«-» құжат өізінің терезесімен бірге кішірейеді.

Навигатор палитрасы арқылы жұмыс істеп отырган бейнені жақындатып немесе керісінше алыстатып көру аймағын өзгертіп, 1% -тен 3200% аралығында қозғауға болады.

  • Палитралар

Photoshop программасында он екі жылжымалы палитра арқылы көптеген операциялар орындалады. Палитраларды экранның кез келген жеріне қозғалтуға, орналастыруға болады. Экранда көп орын алмас үшін палитралар өзара шағын терезелерге топтастырылған: Навигатор/Ақпарат/Гистограмма, Түс/Үлгілер/Стильдер, Қабаттар/Каналдар/Жиектер/Тарих/ Әрекеттер, Символ/Абзац, Қылқалам.

Кез келген палитраны Терезе менюіне бару арқылы ашуға болады. Аталған палитра өз тобындағы қалған палитралардың бетіне шығады.

  • Навигатор

Навигатор палитрасы бейненің масштабын өзгерту қызметін атқарады және бейнені жұмыс үстелінде жылжытуға мүмкіндік береді. Бұл палитрада берілген бейненің кішірейтілген нұсқасы беріледі, қызыл жиекпен қоршалған бөлігі ол бейненің жұмыс үстелінде өңделіп жатқан бөлігін көрсетеді. Палитраның төменгі бөлігінде орналасқан 2 слайдер батырмасы бейненің үлкейуіне немесе кішірейуіне әкеледі.

https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_5523962f3e51a/adobe-photoshop-proghrammasy-intierfieisi-palitralar-adobe-photoshop-proghrammasymien-tanysu-zhu-mysty-baptau_2.jpeg 2-сурет

  • Информация

Түс туралы мәлімет, олардың координаттары мен өлшемі немесе ерекшеленген обьект өлшемі беріледі. Курсордың белсенді нүктесінде ағымдағы сайман мен түстік координаттары беріледі және терезесінің төменгі жағында горизонталь және вертикаль осьтегі тышқанның көрсеткіші мен проекцияның өлшемі туралы ағымдағы координаталар беріледі.

 

https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_5523962f3e51a/adobe-photoshop-proghrammasy-intierfieisi-palitralar-adobe-photoshop-proghrammasymien-tanysu-zhu-mysty-baptau_3.png

3-сурет

  • Түс

Түс палитрасы түстерді араластыру мен таңдау үшін қажет. Алдыңғы және артқы пландардың түстері (негізгі және фондық) таңдалады. Палитраның сол жақ бөлігінде түс таңдауға арналған 2 тіктөртбұрыш берілген. Үстінгісі бояу түсімен боялған, ал төменгі фон түсімен боялады.

 

https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_5523962f3e51a/adobe-photoshop-proghrammasy-intierfieisi-palitralar-adobe-photoshop-proghrammasymien-tanysu-zhu-mysty-baptau_4.jpeg4-сурет

  • Үлгілер

Үлгілер палитрасы – дайын түстерді қолдану қажеттігі туғанда пайдаланылады. Мұнда қажетті түсті палитрадан таңдауға немесе жаңа түс шығаруға болады, ол үшін бірнеше түстің қосындысы керек.

https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_5523962f3e51a/adobe-photoshop-proghrammasy-intierfieisi-palitralar-adobe-photoshop-proghrammasymien-tanysu-zhu-mysty-baptau_5.png5-сурет

  • Стильдер

Стильдер палитрасы белгілі бір эффектілер қолдану қажет болғанда пайдаланылады.

https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_5523962f3e51a/adobe-photoshop-proghrammasy-intierfieisi-palitralar-adobe-photoshop-proghrammasymien-tanysu-zhu-mysty-baptau_6.png6-сурет

  • Қабат

Қабат палитрасы қабаттарды қосу, жою, көрсету/ жасыру, көшіру, біріктіру, байланыстыру және қабаттардың орналасу ретін ауыстыруға болады. Әр қабаттың өзінің түс араластыру режимі және мөлдірлік деңгейі бар, әр қабатты басқаларын өзгертпей өңдеуге болады. Құрылатын құжат бірінші фон қабатын қабылдайды. Ол ақ, мөлдір, немесе басқа түсті болуы мүмкін қабаттарды құруға, жоюға, біріктіруге, орындарын ауыстыруға болады. Әдетте жаңа бейне құрған кезде оның фоны мөлдір болмайды.

 

 

https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_5523962f3e51a/adobe-photoshop-proghrammasy-intierfieisi-palitralar-adobe-photoshop-proghrammasymien-tanysu-zhu-mysty-baptau_7.jpeg7-сурет

  • Тарих

Тарих палитрасы көмегімен бейнені өңдеу барысында орындалған бір немесе бірнеше операцияны қайтарып алуға болады. Қылқаламның әрбір жағылуы бөлек операциялар түрінде көрсетіледі. Егер алдыңғы операцияның үстінен шертсек, сол операция орындалғанға дейінгі күйге қайтып келеді. Ағымдағы күйде соңғы орындалған операциялар сақталып отырады. Бірақ операциялар санын арттыруға да болады.

https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_5523962f3e51a/adobe-photoshop-proghrammasy-intierfieisi-palitralar-adobe-photoshop-proghrammasymien-tanysu-zhu-mysty-baptau_8.jpeg8-сурет

  • Каналдар

Өңделіп жатқан бейненің түстік және қызметтік каналдарымен жұмыс атқарады. Канал палитрасы бейнені құруға дубликат жасауға, және командаларды өзіндік құжатқа айналдыруға, қосылған бейненің каналдарын қосуға және форматтауға арналған. Экрандағы бөлек каналдарды басқаруға мүмкіндік береді, соның нәтижесінде бейнені көрінетін және көрінбейтін етіп орналастырады.

https://kopilkaurokov.ru/informatika/uroki/adobe-photoshop-proghrammasy-intierfieisi-palitralar-adobe-photoshop-proghrammasymien-tanysu-zhu-mysty-baptau

9-сурет

  • Контурлар

Контур саймандары көмегімен құрылған векторлық контурларды басқару қызметін атқарады.

  • Әрекеттер

Бейнені өңдеу әрекеттерін автоматтандыру туралы жазбалар сақталады.

  • Символ

Мәтіннің гарнитура, кегль, интерлиньяж, трекинг т.б. негізгі атрибуттарын орнату мен қайта баптау үшін қолданылады.

  • Абзац

Көлемді мәтіндермен жұмыста пайдалануға арналған. Сөздер мен әріп арасындағы интервалды, абзац аралығын, мәтінді туралау тәсілдерін өзгертуді орнатуға болады.

  • Қылқалам

Қылқаламның формасы, өлшемі, текстурасы т.б. ондаған параметрлерін орнату арқылы өнердің дәстүрлі техникасын имитациялауға болады.

  • Гистограмма

Экранда берілген бейне, ерекшеленген бөлігі туралы тондық және түстік ақпарат береді.

Adobe Photoshop нүктелі графика. Өйткені әрбір нүкте пиксель деп аталатын нүктелер жиынтығынан тұрады. Adobe Photoshop-та графикалық бейнелерді құруға, файлдарды редакциялауға болады.

 

Редакциялау дегеніміз – құжатқа өзгертулер, түзету және қосымшалар енегізу.

 

Файлдармен жұмыс: құжат ашу, құру, сақтау.

Программамен жұмыс барысында жаңа файл құруға, ашу, жабу, сақтауды жүзеге асыруға болады.https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_5523962f3e51a/adobe-photoshop-proghrammasy-intierfieisi-palitralar-adobe-photoshop-proghrammasymien-tanysu-zhu-mysty-baptau_10.png

Жаңа құжат құру үшін Файл® Жаңа құжат командасын орындау қажетАшылған терезедегі «Аты» өрісіне файл атауын, бейне параметрлерін (ені, биіктігі, рұқсат етілімі, түстік режим, фон мазмұны) таңдап ДА батырмасын шертеміз.

 

 

 

Ашылған құжат книжный түрінде берілген, енді осы құжатты альбомдық түрге келтіру үшін масштабын өзгертеміз, ол үшін Меню қатарынан Изображение-Размер изображение командасын орындаймыз. Ашылған сұхпат терезеден биіктігі мен енін өзгертеміз де ДА батырмасын шертеміз.

 

 

Графиктік файлды ашу үшін Файл менюінен Ашу командасын таңдау қажет.

1.     Программада дайын құрылған бейнемен жұмыс жасау үшін, оны ашып алу қажет. Ол үшін Файл(File) Ашу (Open) командасын таңдап, шыққан терезеден қажетті графиктік форматты таңдап, Открыть (Open) батырмасына басыңыз.(11-сурет)

 

https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_5523962f3e51a/adobe-photoshop-proghrammasy-intierfieisi-palitralar-adobe-photoshop-proghrammasymien-tanysu-zhu-mysty-baptau_11.jpeg

 

11-сурет. Құжатты ашу сұхбаттық терезесі.

1.     Бейненің масштабын өзгерту үшін меню жолынан Изображение(Image) Размер изображения (ImageSize) командасын орындап, ашылған сұхбат терезеге бейненің ені мен ұзындығының өлшемдерін беріп ДА батырмасын шертіңіз.

 

https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_5523962f3e51a/adobe-photoshop-proghrammasy-intierfieisi-palitralar-adobe-photoshop-proghrammasymien-tanysu-zhu-mysty-baptau_12.jpeg

12-сурет, Белсенді терезені бүктеу

 

Жаңа файлды немесе файлдағы өзгерістерді сақтау үшін Файл®Сақтау командасын орындау қажет. Егер файлды басқа атпен немесе басқа папкаға сақтау үшін Файл® ... деп сақтау командасын орындау қажет. Құжатты ашу және сақтау терезелері өте ұқсас, тек файлды ашу барысында файлдың орналасқан орын, атын және форматын көрсету қажет.

 

https://arhivurokov.ru/kopilka/uploads/user_file_5523962f3e51a/adobe-photoshop-proghrammasy-intierfieisi-palitralar-adobe-photoshop-proghrammasymien-tanysu-zhu-mysty-baptau_13.png

 

 

 

 

Сабақты қорытындылау.

Үйге тапсырма беру: Adobe Photoshop бағдарламасының интерфейсі. Іске қосу , жаңа құжат құру, жаңа құжат көлемін орнату, сақтау, өңдеу, қайта ашу. Оқушыларды бағалау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Adobe компаниясы өзінің ең мықты және атақты графикалық пакеттерін біріктіріп, жаңа Creative Suite, қысқаша айтқанда CS атты толық графикалық пакетін ұсынды. Оның құрамына Photoshop–пен біргеImageReady, Illustrator, InDesign, GoLive және Acrobat программалары кірді.

Photoshop CS өзінің жаңартылған өзгерістерімен графикалық кескіндер мен суреттерді жеңіл, ұтымды өзгертуге және өңдеуге мүмкіндік береді. Бұл нағыз ақпаратты цифрлік өңдеу жүргізетін кәсіби қосымша пакет. Photoshop CS-тың сипаттамаларының ерекшеліктері арқасында жұмысты кез келген адам, яғни қарапайым қолданушыдан кәсіпкер біліктілер тез әрі оңай орындай алады.

Adobe Photoshop программасы графикалық объектілерді өңдеу, өзгерту, сақтауда қолданылатын пакеттердің бірі. Adobe Photoshop – палитрамен жұмыс істеу, калибровка жасау, сканерлеу, импорттау және экспорттау, облыстарды, контурларды бөлу, салу/өзгерту, түстерді, қабаттарды, каналдар және маскаларды, таңдау және тағы басқа мүмкіндіктерді ұсынады. Adobe Photoshop программасының басты беті төменде келтірілген.

 

Программа терезесінің атауы. Бұл енді кәдімгі Windows-тың стантартты қатары, яғни ағымдағы программаның атауы жазылған.

1.Меню жолы
Терезе атауының төменгі жағында меню жолдары орналасқан. Ол құрамына редактордың негізгі меню атауларын қамтиды. Қандай да бір меню командасын таңдау үшін, оның үстінен тышқанмен шертсе болғаны. 
Егер соңында көп нүктесі бар команданы орындасақ, экранда диалогты терезе немесе диалог ашылады. Ол жерде сіз кейбір атрибуттарды көрсетіп кетуіңізге тура келеді. Мысалы, Файл менюінің Открыть командасын таңдаған кезде құжаттары бар диалогты терезе ашылып, керекті құжатты таңдап, бағдарламаға жүктеуге болады. 
Әртүрлі меню көмегімен бірнеше мәселелерді шешуге болады: 
Файл (File) – файлдармен жұмыс: құжаттарды құру, ашу және сақтау; баспаға жіберу және оны ұйымдастыру; құжаттарды импорттау және экспорттау; құжат жайлы ақпаратты теру; редактордан шығу; бейнелерді автоматты өңдеу; 


Правка (Edit) – редакторлау: таңдап алынған облыстарды көшіру, өшіру және орнату; іс-қимылдарды кері қайтару; бөлінген облыстарды трансформациялау; 
Изображение (Image) – бейнелермен жұмыс істеу: дубляж жасау, холст өлшемдерін және бейнені өзгерту; оны айналдыру, ақ-қара түсті және түрлі-түсті коррекция, түстік моделді өзгерту, түстік қақпанды құру және т.б.;
Слой (Layer) – қабаттармен жұмыс: құру, өшіру, дубляж, қабаттар эффектісі, қабаттарды топтау, байланысқан қабаттарда объектілерді реттеу, қабаттар маскалары және т.б.;
Выбор (Select) – ерекшеленген аумақпен жұмыс: бейнені толығымен ерекшелеу, ерекшелеуді алып тастау және қайтару, ерекшеленген аумақты инвенторлау және трансформаторлау, қысу, жиіліктік мүмкіндігі, берілген түстің облыстарын ерекшелеп алу, ерекшелеуді жүктеу және сақтау;
Фильтр (Filter) –Photoshop фильтрлары;
Вид (View) – редактордың сыртқы келбетімен жұмыс: құжатты көрсету режимдері және масштаб; бағыттауыштарды, торларды, координатты сызықтарды көрсету; бағыттауыштарды құру, торға және бағыттауышқа байланыстыру;
Окно (Window) – әр түрлі құжаттармен бір уақыттағы жұмыс немесе әр терезеде бір құжатпен жұмыс істеу; экранға құралдар панелі мен өзгермелі палитраларды шақыру; 
Помощь (Help) – қолданушыға арналған көмекші құжаттарын ашу. 

2.Құралдар панелі
Құралдар панелінің көмегімен біз сурет саламыз, бояймыз, бейненің керекті облыстарын бөліп аламыз, оларды жылжытып өзгертеміз, мәтін енгіземіз және т.б. амалдарды орындаймыз. Жоғарғы жақта редактор терезесінің қалпын өзгертетін батырма орналасқан. 

1. Ағымдағы форма облыстарын ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар 
Тікбұрышты облыс (Rectangular Marquee), Shift+M;
Эллипс типті облыс (Elliptical Marquee), Shift+M;
Жалғыз жол (Single Row Marquee), Shift+M;
Жалғыз баған (Single Column Marquee), Shift+M.

2. Облыстарды ерекшелеп алуда қолданылатын құралдар 
Лассо (Lasso), Shift+L;
Көпбұрышты лассо (Polygonal Lasso), Shift+L;
Магнитті лассо (Magnetic Lasso), Shift+L.

3. Шеттер бойынша қиып алу құралдары Кадрлау (Crop), Shift+C.
4. Ретуш операциясына қажетті құралдар:
Қайта келтіру кисть (Healing Brush), Shift+J;
Заплатка (Patch), Shift+J.

5. Бейне бөліктерін көшіру құралдары 
Клондаушы штамп (Clone Stamp), Shift+S;
Өрнек штампы (Pattern Stamp), Shift+S.
6. Өшіруге арналған құралдар:
Өшіргіш (Eraser), Shift+E;
Фонды өшіргіш (Background Eraser), Shift+E;
Сиқырлы өшіргіш (Magic Eraser), Shift+E.



7. Дәлдікті басқару құралдары
Жуу (Blur), Shift+R;
Дәлдік (Sharpen), Shift+R;
Саусақ (Smudge), Shift+R.

8. Векторлық контурларды салу және өңдеу үшін құралдар
Перо (Pen), Shift+P;
Бос форма(Freeform Pen), Shift+P;
Тіректі нүктені қою (Add Anchor Point), Shift++;
Тіректі нүктені жою (Delete Anchor Point), Shift+-;
Нүктені түрлендіру (Convert Point).
 
9. Векторлық контурларды бөліп алу құралдары
Контурды бөліп алу (Path Selection), Shift+A;
Тік бөліп алу (Direct Selection), Shift+A;

10. Комментарий құруға арналған құралдар
Комментарий (Notes), Shift+N;
Аудиоаннотация (Audio annotation), Shift+N.

11. Қол (Hand) терезесінде бейнелердің орнын ауыстыру үшін құралдар, Shift+H.
12. Активті түстерді басқару үшін қолданылатын құралдар 
13. Жылдам маскілеу режимінде редакторлайтын батырманы қосу (edit in quick Mask Mode), Shift+Q
Өңдеудің стандартты режимін қосып қою құралы. (Edit in stardart Mode), Shift+Q.
14.Бөлінген облыстардың орнын ауыстыру (Move) үшін қолданылатын құралдар, Shift+V.
15. Бір түсті облыстарды бөліп алуда қолданылатын құрал (Magic Wand), Shift+W.
16. Бейнені фрагментке кесуде қолданылатын құралдар 
Фрагмент (Slice), Shift+K;
Фрагментті бөліп алу (Slice Select), Shift+K.

17. Сурет салуда қолданылатын құралдар
Кисть (Brush), Shift+B;
Карандаш (Pencil), Shift+B.

18.Бейнелердің алдында болған жағдайына келтіретін құралдар Қалпына келтіретін кисть (History Brush), Shift+Y;
19. Бөлініп алынған облыстарды бояу құралдары
Градиент (Gradient), Shift+G;
Бояуы бар шелек (Paint Bucket), Shift+G.

20. Жарықтылықты басқару құралдары
Жарықтағыш (Dodge), Shift+O;
Қараңғылатқыш (Burn), Shift+O;
Губка (Sponge), Shift+O.

21. Мәтін енгізу үшін қолданылатын құралдар
Горизонтальды мәтін (Horizontal type), Shift+T;
Вертикалды мәтін (Vertical Type), Shift+T;
Горизонталды мәтін маскасы ( Horizontal Type Mask), Shift+T;
Вертикалды мәтін маскасы (Vertical Type Mask), Shift+T.



22.Векторлық фигураларды салуда қолданылатын құралдар Тікбұрыш (Rectangle), Shift+U;
Дөңгелектенген тікбұрыш (Rounded Rectangle), Shift+U;
Эллипс (ellipse), Shift+U;
Көпбұрыш (Polygon), Shift+U;
Түзу (Line), Shift+U;
Қолданушы формасы (Custom Shape), Shift+U.


23. Қашықтық пен бұрыштарды өлшеуде, түстерді өлшеу және көшірмесін алатын құралдар 
Пипетка (Eyedropper), Shift+I;
Түстік пробалар (Color Sampler), Shift+I;
Өлшеуіш (Measure), Shift+I.


24. Бейнені әртүрлі масштабта қарап шығу құралы Лупа (Zoom), Shift+Z.

3.

Қасиеттер панельі
Ағымдағы құралды баптауға арналған панель

  4.

Бейнелермен жасалатын операциялардың барлығы палитралар көмегімен іске асады. Олардық барлық саны 21. Бірге қолданылатын палитралар «бір шатырдың астында» орналасады. 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""Photoshop бағдарламасының негізі" компьютерлік геометрия"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Юрист

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

  • Adobe Photoshop программасы

Растрлық графикамен жұмыс істеуде Adobe фирмасының Photoshop программасы ерекше орын алады. Бұл программа қазір компьютерлік графикада стандарт болып табылады, басқа программалардың бәрін осы программамен салыстырады.

Adobe Photoshop программасының атқаратын қызметтері:

  • Графикалық бейнелерді өте жоғары сапада өңдеу;
  • Интерфейсі қолдануға ыңғайлы және жеңіл;
  • Бейнені өңдеу мүмкіндіктерінің көптігі, палитрамен жұмыс істеу, сканерлеу, импорттау мен экспорттау;
  • Фильтрлеу командаларының мол жиынтығы, олардың көмегімен әртүрлі эффектілерді орындау;
  • Аймақ пен контурды ерекшелеу;
  • Сурет салудың әр тәсілдері;
  • Бейнені түзетуге, қабаттар, каналдар, маскалар, фильтрлер көмегімен бейненің өлшемі таңдау;
  • Басылымға берудің әр түрлі мүмкіндіктері бар.

Іске қосу үшін: Пуск →Программы →Adobe Photoshop

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 644 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.05.2018 4749
    • DOCX 624.7 кбайт
    • 84 скачивания
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мамашев Жанат Сайлаубекович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мамашев Жанат Сайлаубекович
    Мамашев Жанат Сайлаубекович
    • На сайте: 7 лет и 9 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 13548
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Информационные системы и технологии: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель информационных систем и технологий

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Курс профессиональной переподготовки

Информатика: теория и методика преподавания в образовательной организации

Учитель информатики

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 496 человек из 73 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 529 человек

Курс повышения квалификации

Использование нейросетей в учебной и научной работе: ChatGPT, DALL-E 2, Midjourney

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 616 человек из 77 регионов
  • Этот курс уже прошли 977 человек

Мини-курс

Сенсорная интеграция: типовые и инновационные методы

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 81 человек из 31 региона
  • Этот курс уже прошли 45 человек

Мини-курс

Основы нарративного подхода: теория и методы

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Продвинутые техники нарративного подхода в психологии

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 16 регионов