Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Музыка / Конспекты / Поурочные планы на тему "Кукольный театр", "Музыкальные инструменты оркестра"
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Музыка

Поурочные планы на тему "Кукольный театр", "Музыкальные инструменты оркестра"

библиотека
материалов

Ашық сабақ: Музыка пәні 3 сынып

Тақырыбы: «Қуыршақ театры»

Сабақтың мақсаты: Қуыршақ театрының шығу тарихы, қуыршақтар түрлері жайлы білімін толықтыру. Қазақ жеріндегі қуыршақ театры “Ортеке” ұлттық ойындардан бастау алғаны жөнінде мағлұмат беру.

Сабақтың көрнекілігі: презентация, суреттер, үнтаспа, А3, маркерлер, стикерлер

Сабақ түрі: жаңа сабақ

Ұйымдастыру формасы: топпен

Оқыту нәтижесі: Қуыршақ театрының шығу тарихын, қуыршақтардың түрлері жайлы біліміндерін толықтырады. Қазақтың ең алғашқы «Ортеке» қуыршақ театрымен танысады.

Ұйымдастыру кезеңі:

 «Сәлемет пе, балалар?»

Музыкалық сәлемдесу:

Сәлеметсіз бе? 

Қазір енді ән сабағы,

Барлық бала ән салады.

Тыңдағандар қол соғады

Таң қалысып тамсанады.( «Ән сабағы» әнін орындайды)

Сыныпта жағымды көңіл-күй қалыптастыру;

Топтарға бөлу: (сурет)

Мына суреттер арқылы топқа бөлініп отырыңдар.

1 –топ: «домбыра»

2 –топ: «қобыз»

3 –топ: «жетіген»

4-топ: «шертер»

 (топтарға бөлінеді)

Балалар өткен сабағымызда қандай жаңа ән үйренген едік «Солдат болам мен ертең» Бүгін сол әнді аяқтаймыз.

Дауысқа жаттығулар жасау.

  1. Дұрыс тыныс алу

     а)  «Гүлді иіскеу»

б) «Шарды үрлеу»

в) ми-а, ми-э, ми-о, ми-у

г)«Бақ-бақты үрлеу»

музыкалық аспаптың көмегімен гамма жаттығуын жасату.

Ән : «Солдат болам мен ертең»

Жаңа тақырыпты ашу мақсатында таныстырылым ұсыну;

Тақырыпқа шығу

 Видеоролик көрсетіледі.

Тапсырма:

-Таныстырылым не туралы болды?

- Балалар,сонымен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы қандай болмақ?

Қуыршақ театры.

Білу.Қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы ойын көрсететін театрдың бір түрі. Қуыршақты актер қимылға келтіріп, оның сөзін көбінесе өзі, кейде көркемсөз оқушы айтып тұрады. Қуыршақ түріне, оны қимылға келтіру тәсіліне, сахнасына қарай қуыршақ театры бірнеше топқа жіктеледі: киілмелі (қолға киіп ойнайтын), сылдырмақты (жіп немесе сым арқылы қозғалтатын), суретке түсірілген қуыршақтармен (қағаздағы қуыршақ кескінін экранға түсіретін) ойын көрсететін театрлар, т.б. 
құрылдыҚазақ қуыршақ театры – қуыршақтар арқылы сахналық ойын көрсететін ұлттық өнер ұжымы. Қазақ жеріндегі қуыршақ театры ұлттық ойындардан бастау алған. Ертеден келе жатқан “Ортеке” ойыны осының айқын дәлелі. Ағаштан жонылып жасалған киік немесе ат мүсіншесін сылдырмақтап жіп тағып, домбыра тартқанда жіптің бір ұшын ішекті шертер саусаққа іліп билететін болған. Өлкелік қуыршақ театры Алматы қ-нда 1935 ж. . 1938 ж. театрға респ. қуыршақ театры дәрежесі берілді. Театрдың қалыптасуына Қ.Бадыров, С.Телғараев, В.О. Гасюк, Ю.Г. Рутковский, П.И. Поторока, т.б. көрнекті театр қайраткерлері көп еңбек сіңірді.

Түсіну. «Ортеке» күйінің шығу тарихын әңгімелеу, күйдің бейнеролигін көрсету.

«Ойлан, жұптас, топтас» тапсырмасы. Әр елдің қуыршақтарының суреттерін топтарға бөліп беру.

Оқушылар «Сәйкестендіру»  әдісімен жұмыс жасайды.

Ортеке –Қазақ

Перрушка - Орыс

Полишинел – француз

Панчы – ағылшын

Карагез - түрік

Синтездеу

Қолдану

2. Тапсырма.

Кимелі, суретті қуыршақтар таратылады, солардан әр топ ертегі ойластырап көрсетеді.

 3. Тапсырма: Төмендегі сөзжұмбақты шешіңдер.

«Қуыршақ» сөзжұмбағын шешу

 Не үйрендің? Не үшін? Қалай?

Кері байланыс

Бағалау

Үйге тапсырма: Қуыршақ театры туралы әңгімелеу,қосымша ақпарат алу, кез келген қуыршақты сойлете білу.

Стикерге  жазып бағдаршамға іліңдер.

Сабақтың қорытындысын шығару.

 «Бағдаршам» стратегиясымен бағалау.








Музыка пәні- 3 сынып

Тақырыбы: Оркестр құрамындағы аспаптар .

Сабақтың мақсаты: Оркестр құрамындағы аспаптар, оркестрдің құрамы жөнінде мағлұмат беру. Аспаптардың үнімен, сыр-сипатымен таныстыру.Оқушылардың есте сақтау, есту, ырғақ сезіну қабілеттерін дамыта отырып, рухани, мәдени дамуына қол жеткізу.

Күтілетін нәтиже: Оркестрдегі дирижердың міндетін біледі. Оркестрдің құрамындағы аспаптардың тобын ажырата алады, күйді тыңдап өз ойларын, сезімдерін түйіндеп жаза алады. «Біз Отанның ұланымыз» әнін айтады.

Сабақтың көрнекілігі: Музыкалық аспаптар, ноутбук

Сабақ түрі: Жаңа сабақ

Пәнаралық байланыс: әдебиет, бейнелеу.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру.( амандасу, психологиялық дайындық )

Үй тапсырмасын сұрау- Домбыра мен қобыздың түрленуі, «Әгугәй домбыра» әнін жаттап келу.«Әгугәй домбыра»әнін орындамас бұрын дауыс ырғақтарына арналған жаттығулар жасату ( дем алу, гамма) Әнді орындату. Домбыра аспабының сүйемелдеуімен. Әнді жақсы орындаған оқушыларға атап баға беру.

Жаңа сабақ.

Білу: -Сонымен балалар біз қандай аспаптарды білеміз (балалар атайды)Ал балалар енді осы аспаптарда орындаушыларды жіктеп айтсақ бір адам –жекке орындаушы, екі адам дуэт, үш адам-трио, төрт орындаушы-квартет, 5,6,7 ансамбль, ал 30 одан да көп аспапта орындаушылар-оркестр деп аталады.

-Ал сол оркестрді кім басқарады?

-Дирижер( балалар айтады)

Бүгінгі сабағымыз да осы оркестрді басқаратын дирижер туралы болмақ. Оркестр деп- әр түрлі музыкалық аспаптарда ойнайтын музыканттар тобын атайды. Оркестрді дирижер басқарады. Оркестрдің түрлері көп,олар халық аспаптар оркестрі,үрлемелі және ұрмалы оркестрден тұратын әскери оркестр, джаз оркестрі, симфониялық оркестр болып бөлінеді.Осы оркестрдің құрамындағы әр түрлі аспапта отырған музыканттар дирижердің бағыттауымен шығарманы орындайды.

Қазақстанда екі ірі ұлт аспаптар оркестрі бар, олар Алматыда Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркесті және Қарағанды қаласындағы Тәттімбет атындағы ұлт аспаптар оркестрі.Тәттімбет атындағы ұлт аспаптар оркестрінің дирижеры Шамғон Қажығалиев болды. «Отырар сазы» фольклерлық-этнографиялық оркестрін атақты композитор-күйші, дирижер Нұрғиса Тілендиев ұйымдастырған. Қазіргі таңда қызы Дінзухра Тілендиева жетекшілік етеді. Алматыда Құрманғазы атындағы ұлт аспаптар оркестірін 1933жылы Ахмет Жұбанов ұйымдастырған болатын. Алғашында құрамында 11адам болды және тек домбырашылардан тұрды.1944 жылы бұл оркестрге Құрманғазы есімі берілді.

-Балалар сендердің араларыңда да болашақ күйші –композиторлардың отырғанына сенімдімін. Себебі сендердің араларыңда өнерлі балалар өте көп.

Түсіну.

Қазіргі уақытта оркестр құрамы негізгі бес топтан тұрады. Оркестр құрамына жетілдірілген бұл аспаптар тобы орындалған шығармаларға жаңаша үн беріп, дыбысы жағынан бірін-бірі толықтырып отырады.

Оркестр құрамындағы аспаптар:

1.Домбыра тобы: домбыра-прима, домбыра альт, домбыра-бас, домбыра-контрабас.

2.Қобыз тобы:қобыз-прима, қобыз-альт, қобыз-бас, қобыз-контрабас,

3.Үрмелі аспаптар тобы:флейта, гобой.

4.Ұрмалы аспаптар тобы:литавра, барабан, ұшбұрыш.

5.Сырнай тобы:баян

Оркестрдің орындауында «Адай» күйін тыңдату, дирижердің міндетін талқылау.

Сөзжұмбақ шешу. Оркестрдің құрамындағы аспаптардан құралған

Күй тыңдау.«Нар идірген»халық күйінің шығу тарихын әңгімелеу,тыңдату

Қолдану. Күйді тыңдап өз ойларын, сезімдерін түйіндеп жазады. Аспаптардың дыбысын анықтайды.

Ән үйрену «Біз Отанның ұланымыз» Нұрғиса Тілендиев.

Жинақтау. Не үйрендік, не білдік?

Бағалау. Бағалау парақшасына өз-өздерін бағалап жазады.

Үйге тапсырмасы.Үйде қалаған аспабыңның суретін салу,жаңа тақырыпты әңгімелеп,ән жаттап келу.

























Автор
Дата добавления 17.03.2016
Раздел Музыка
Подраздел Конспекты
Просмотров138
Номер материала ДВ-534635
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх