Инфоурок Другое Другие методич. материалыПоурочный план на тему: "Жыл мезгілдері" (5 сынып)

Поурочный план на тему: "Жыл мезгілдері" (5 сынып)

Скачать материал

Жыл мезгілдері. Қыс

Ұ.Жәкеева, №32-мектеп-гимназиясының қазақ тілі мен әдебиет пәні мұғалімі

Астана қаласы

 

Сабақ мақсаты:

Білімдіқ мақсат: Оқушылардың сөздік қорын молайту, өткенді пысықтау, жаңа сабақ арқылы жыл мезгілдері тақырыбынан алған білімдерін тиянақтау.

         Дамытушылық мақсаты: олау қабілетін, тіл байлығын, есте сақтау қабілетін дамыту.

Тәрбиелік мақсат: ойын түрлері арқылы өқушыларды жылдамдылыққа, ұйымшылдыққа тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: жаңа сабақ.

Сабақтың әдісі: Әңгімелесу, түсіндіру, баяндау, сұрақ-жауап, ойындар.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезені:

-       Сәлеметсіздерме, балалар

-       Бүгін сыныпта кім кезекші?

-       Бүгін сыныпта мен кезекші.

-       Сыныпта кім жоқ?

-       Сыныпта түгел.

-       Үйге қандай тапсырма берілді?

-       Үйге «Жыл мезгілдерін» қайталау.

Үй тапсырмасын тексеру:

Оқушылар!

-       Бір жылда неше мезгіл бар?

-       Бір жылда төрт мезгіл бар.

-       Ол қандай мезгілдер?

-       Ол қыс, көктем, жаз, қүз.

-       Қазір қай мезгіл?

-       Қазір көктем айы.

-       Көктем айларын ата.

-       Көктем айлары: наурыз, сәуір, мамыр.

-       Дұрыс айттындар. Ал қөктемде ауа райында қандай өзгерістер болады?

-       Коктемде күн жылиды, қар ериді, жер қөктейді.

-       Ал енді айларын атандаршы?

-       Жаз айлары: маусым, шілде, тамыз.

-       Жазда ауа райында қандай өзгерістер болады?

-       Жазда ыстық күндер көп болады, жаңбыр жауады, жидек піседі.

-       Күзде ауа райы қандай болады?

-       Күзде күн салқынлайды, суык жел соғады. Ағаштардың жапырақтары сарғаяды, түседі, жаңбыр жиі жауады.

Сонымен, балалар, біз жыл мезгілдері көктем, жаз, күз айларын қайталадық.

Бүгінгі өтетін жаңа сабағымыз «Қыс айы».

Ұшан теңіз қалың қар,

Жерді басып жабады.

Мұздай демі бет қарып,

Аяз аузын ашады.

-       Бүл қай кезде болады?

-       Қыста ауа-райында қандай құбылыстар болады, кім айтады?

-       Қыста күн суық болады, қар жауады, мұз қатады, боран соғады.

Енді, балалар, «Қыс» туралы кім өлеңді жатқа айтады?

Ақ киімді, денелі, ақ сақалды,

Соқыр мылқау танымас тірі жанды

Үсті-басы – ақ қырау, түсі суық,

Басқан жері сықырлап келіп қалады. (Абай)

-       Бұл өлеңді кім жазды?

-       Абай Құнанбайұлы

-       Абай Құнанбайұлы кім?

-       Абай Кұнанбайұлы қазақ халқының ұлы ақыны.

Ал «Қыс» туралы жұмбақтар мен жаңылтпаштарды кім біледі?

1.   Қыста ғана болады,

Ұстасаң қолың тоңады. (Қар)

2.   Табаныма байладым,

Қос таяқпен айдадым. (Шаңғы)

3.   Қырға сүйреп шығам,

Ойға мініп түсем. (Шана)

 

Қырбық қар құрғақ па,

Құрғақ қар құрғақ па?

Қырбақ қар да құрғақ,

Құрғақ қар да құрғақ,

 

Жаңбыр жауып келеді қар аралас,

Бір топ кемпір шал аралас.

 

Қыста боран борар, қар борар,

Қыздар, шәлі орамал оранар.

Енді «Қыс» туралы мақал – мәтелдері кім жатқа айтады?

Сонымен бірге «Қыс» айында Қазақстан Республикасы қандай бүкілхалықтық мерекелерді тойлайды?

1-қаңтар – Еуропа күнтізбегі бойынша Жаңа жыл мерекесі.

16 – желтоқсан – Тәуелсіздік күні.

Қыста жаңа жыл мейрамын қалай тойлаймыз?

Жаңа жыл мерекесі әр отбасында Жаңа жыл шыршасы безендіріліп, туған-туысқандар, дос-жарандар бір-біріне жаңа жыл сыйлығын сыйлап, өткен жылға рақметін айтып, Жаңа жыл бақыт, табыс, құт-береке, молшылық, денсаулық әкелсін деген тілектер айтады.

Енді ән шырқайық. Жаңа жыл шыршасына арналған «Шырша жыры» әнін айтамыз.

Оқушылар! Мына суретке назар аударайык (111-бет).

Суретті жақсылап қарандар, кісілерге ат қойындар, содан соң қазақша әңгімелеп беріңдер.

Суретте қыс мезгілі бейнеленген. Адамдар жылы киенген. Болат аға қар күреп жүр. Ержан мен Марат қардан аққала жасады. Серік қармен ойнап жүр.

Балалар! 112-беттегі «Қасқыр қысты қалай өткізеді?» деген мәтінде қыста жануарлардын қалай өмір сүретінін білуге болады. Мәтінді оқымас бұрын ең алдымен мәтінге байланысты жаңа сөздерге көңіл аударайық.

Сөздік жұмыс:

Енді оқулықтарынды ашындар. Мәтінді оқып, қазақшадан орысшаға аударамыз.

Сонымен, балалар, сабақтың басында айтып кеткендей қыс аяқталады, көктем келеді. Көктем айы.

-         Көктем айында қандай мейрамдарды тойлаймыз?

-         8 наурыз – Әйелдер мерекесі және 22-наурыз – Наурыз мерекесі.

-         Наурыз халық мейрамы.

-         Ол қалай өтеді?

-         Наурыз мейрамы көңілді өтеді.

-         Наурызда не болды?

-                  Ән айтылады, адамдар әдемі киім киеді, түрлі ұлттық ойындар өткізіледі, көже пісіріледі.

-         Наурыз көжеге неше тағам түрі салынады?

-         Наурыз көжеге 7 тағам түрі салынады.

-         Олар қандай тағамдар?

-         Олар су, сүт, ет, дән, ұн,  тұз, май.

-         Неге осы 7 тағам қосылып пісіріледі?

-         Бұл өмірге ең керекті 7 тағам. Басқа тамақсыз адам өмір сүре алады, ал бұларсыз өмір сүре алмайды.

Енді екі топқа бөлініп, бірнеше ойындар ойнайық.

Балалар! Біз зат есімнен септік жалғауларын және етістікті өттік. Келесі ойындар осы тақырыптарға байланысты «Кім көп біледі?» Ойынның шарты – жазылған етістіктің әрбір әрпінен басталатын етістікті табу.

        «Септеу эстафетасы». Тақтаға екі топтан екі оқушы шығып берілген зат есімді септейді. Қайсысы бұрын орны ауысып кептеу және жалғаулары дұрыс жалғану керек.

        Қыс, қар, акпан, қаңтар зат есімдерін септейміз.

        Тест жұмысы.

        Бағалау.

        Сабақтағы белсенділігін ескере отырып оқушыны бағалау.

        Үйге тапсырма. «Қыс» деген тақырыпқа шығарма жазып келу.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочный план на тему: "Жыл мезгілдері" (5 сынып)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Педагог-психолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 525 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 20.12.2016 728
    • DOCX 18.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Жакеева Улмекен Хусаиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Жакеева Улмекен Хусаиновна
    Жакеева Улмекен Хусаиновна
    • На сайте: 7 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6935
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Основы политической науки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление рисками в бизнесе: анализ, оценка и стратегии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Профориентация детей и подростков

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 37 человек из 17 регионов
  • Этот курс уже прошли 41 человек