Инфоурок Другое Другие методич. материалыПоурочный план по казахскому языку

Поурочный план по казахскому языку

Скачать материал

Технологиялық карта №

Күні:

Пән: қазақ тілі

Тобы: 12 топ

Сабақтың тақырыбы: Теміржол бекетінде. Құрмалас сөйлем.

Сабақтың мақсаты: Теміржол тақырыбында тілдерін дамыту,  құрмалас сөйлем туралы түсініктерін қалыптастырып, жасалу жолдарымен таныстыру.

Сабақтың міндеттері:

Білімділік: Құрмалас сөйлем туралы және де теміржол тақырыбында білімдерін толықтыру.

Дамытушылық: мәтіннің мазмұнын түсініп, өз ой-пікірін жазбаша  тіл арқылы  білдіруге дағдыландыру. Қазақ тілінде сөйлеу тілін, жазба жұмыстарына баулу, шығармашылық қабілеттерін дамыту.

Тәрбиелік: оқушы бойында адами қасиетке, сыпайылыққа тәрбиелеу.

Сабақтың типі: жаңа сабақты меңгерту

Сабақтың түрі: теориялық

Оқыту технологиясы: АКТ технология элементтері

Сабақтың әдіс-тәсілдері: сұхбат, сұрақ-жауап, түсіндіру, сөздік, диалог, инсерт әдісі.  

Сабақтың көрнекілігі: сөздік, аудиозапись, үлестірмелі тапсырмалар  

Сабақтың техникалық құралдары: интерактивті тақта, слайд

Пәнаралық байланыс: орыс тілі

Әдебиеттер тізімі: С.Дюсебаев,Г.Байтилеуова Қазақ тілі (оқулық) 11 сынып

 

Сабақтың құрылымдық жоспары:

-         Ұйымдастыру кезеңі

-         Мақсат қою және оқу-әрекетіне қызығушылықты ояту/ мотивация/

-         Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу

-         Жаңа білімді меңгерту, ашу / дәріс материалдары ұсынылады/

-         Білімді бірінші бекіту кезеңі

-         Өз бетімен жұмыс / оқу материалдарымен жұмыс/

-         Сабақты қорытындылау

-         Білім, іскерлік және дағдыны бағалау.

-         Үйге тапсырма, студенттің өздік жұмысына нұсқау

-         Резерв тапсырмалар

-         Оқу іс-әрекет рефлексиясы

 

Сабақтың барысы

Ұйымдастыру кезеңі

Топ білім алушыларымен амандасамын.

Топты түгендеймін.

Оқушылар назарын сабаққа аудару.

Мақсат қою және оқу-әрекетіне қызығушылықты ояту / мотивация/

Аудиозапись қосамын. Пойыздың дауысы естіледі. Осы дыбыс жайында балалармен сұхбат жүргіземін.

 

Білімді өзектілендіру және мәселелік жағдаяттар туғызу

 

Жаңа білімді меңгерту

а) Мәтінді оқып, мазмұнын түсіну. (Оқылым)

 

Теміржол бекетінде.

         Теміржол бекетінде болып көрдіңіз бе? Қанша рет пойызға міндіңіз? Сіз таңғалатын шығарсыз, бірақ мен пойыз дөңгелегінің гүрсілін жақсы көремін. Оның себебі жастық шағымда жатыр ма деп ойлаймын.

         Мектепті бітірісімен оқуға түсіп кеттім. Алматыдай әсем қалада оқу бәрінің арманы болатын. Ал менің арманым орындалып, студенттік өмірім осы қалада өтіп жатты. Бірақ өзім шалғай жерден келгендіктен, демалыс болса ауылға кеткім келіп тұратын. Себебі ол жақта анам сағынып, мені күтіп жүретін. Анама тезірек жету үшін пойызға отыру керек. Пойыз маған онша ұнамайтын. Вагондар лық толы адамдар. У-шу, бөтен адамдармен бірге жол тартасың. Мен ол кезде ұялшақ болдым. Қасымдағы адамдармен араласып кету қиын болатын. Қорқатынмын, анам ылғи: "Жолда абайла, жалғыз тамбурға шықпа, заттарыңды ұрлатып алма" деп ескертуден шаршамайтын еді. Ол кісінің айтқаны жадымда тұрады. Қасымдағыларға сенімсіздікпен қарайтынмын. Тезірек ұйықтап қалуға тырысатынмын. Екінші сөреден орын болса, қуанамын. Төменгі сөреге жатсаң, жолаушылар келіп отыра береді, мазаңды алады. Өз орныма орналасқаннан кейін біраз кітап оқимын да, сосын дөңгелектердің бір ырғағындағы гүрсілін тыңдаймын. "Тықыдық-тықыдық", бір гипноз сияқты, "міне, аз қалды, міне, аз қалды" деп сендіретін сияқты. Соны тыңдап жатып ұйықтап қалатынмын...

 

ә) Сөздікпен жұмыс

пойыз дөңгелегінің гүрсілі - стук колес поезда

жастық шағымда - в юности

шалғай жерден - издалека

лық толы - битком набиты

жол тарту - здесь: ехать

ескерту - предупреждать

жадымда тұрады - хранила в памяти

ұйықтап қаламын - засыпаю

 

б) Тілдік бөлім.  Құрмалас сөйлем

 

Құрмалас сөйлем (сложное предложение)

 

Салалас құрмалас сөйлем      Сабақтас құрмалас сөйлем    Аралас құрмалас сөйлем

 

         Құрмалас сөйлем - екі не одан көп жай сөйлемдерден құралады, ол жай сөйлемдер өзара интонация немесе шылаулар арқылы байланысады. Мысалы: Біз әуежайға ерте келдік, тіркеуден өттік. Біз әуежайға келдік, әрі тіркеуден өттік.

 

в) Сөздікпен жұмыс

Құрмалас сөйлем - сложное предложение

Салалас құрмалас сөйлем - сложносочиненные предложения    

Сабақтас құрмалас сөйлем - сложноподчиненные предложения    

Аралас құрмалас сөйлем - сложное предложение с сочинительной и подчинительной связами

шылаулар арқылы байланысады - связываются с союзами

 

Білімді бірінші бекіту кезеңі

1. Құрмалас сөйлем дегеніміз не?

2. Қазақ тіліндегі құрмалас сөйлемнің түрлерін атаңыз?

3. Құрмалас сөйлемдерге өз мысалдарыңызды келтіріңіздер.

 

Оқу материалдарымен жұмыс

2- тапсырма. (оқулық, 27 - бет)

Тапсырмасы: Төл сөздерді төлеу сөзге үлгі бойынша ауыстырып жазыңдар.

Үлгі: Болат Айнашқа: "Мен Ресейге, Тула қаласына келдім"- деді.

Болат Айнашқа Ресейге, Тула қаласына барып келгендігін айтты.

 

4-тапсырма (оқулық, 16 - бет)

Тапсырмасы: Берілген жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құраңдар.

 

6-тапсырма  (оқулық, 16 - бет)

Тапсырмасы: Берілген мәтінді толықтырыңдар. Біріккен сөздердің астын сызыңдар.

 

Сабақты қорытындылау

Көп нүктенің орнына сөйлемдер жазып, салалас құрмалас құрау. 
Биыл қыс ерте түсті, —————————————— 
——————————— сонша- бірнеше адам үсікке шалдығыпты. 
Сөздің көркі – мақал, ——————————— 
———————————, көп көргеннен сұра. 
Жаяуға үш тарау жол кездесті: ——————— 
Жел саябырлаған сияқты,- —————————. 

 

Үйге тапсырма

1) 4-тапсырманы орындау. (оқулық, 28 - бет)

2) Ережені жаттау

3) Біздің қаламыздың теміржолы туралы мәлімет әкелу.

 

Резерв тапсырмалар

Схема бойынша сөйлемдер құрастыру. 
1.———————:——————. 
2. ——————-,- ——————. 
3. ——————- және ————-. 
4 —————, бірақ —————. 
5 Кейде ———, кейде ————. 
6 ——— сонша- ——————. 

 

Рефлексия

Интерактивті тақтадағы смайликтерді орналастыру арқылы сабаққа өз бағаларын береді. 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Тапсырмалар

2- тапсырма.

Тапсырмасы: Төл сөздерді төлеу сөзге үлгі бойынша ауыстырып жазыңдар.

Үлгі: Болат Айнашқа: "Мен Ресейге, Тула қаласына келдім"- деді.

Болат Айнашқа Ресейге, Тула қаласына барып келгендігін айтты.

 

            Мұғалім оқушыларға: "Жексенбіде мұражайға барамыз", - деді. Құрбым маған: "Келесі жылы Чехияға оқуға кетемін", - деді. Менің ағам: "Осы қыста Швецарияға барып демаламын", - деді. Сыныптастарым: "Демалыста табиғатқа шығып демалайық", - деп жатыр. Жетекшіміз: "ертең фестивальға дайындық бастаймыз", - деп хабарлады.

 

4-тапсырма

Тапсырмасы: Берілген жай сөйлемдерден құрмалас сөйлемдер құраңдар.

 

1. Өз көлігіңмен жүрген жақсы. Кез келген жерге тоқтайсың, демаласың.

2. Ең дұрысы, жаяу аралаған. Бәрін өз көзіңмен көресің. Түрлі оқиға болуы мүмкін.

3. Мен ұшақты ұнатпаймын. Әуеде өзімді сондай жайсыз сезінемін.

4. Пойызда ұзақ жүресің. Қатты зерігесің.

 

6-тапсырма 

Тапсырмасы: Берілген мәтінді толықтырыңдар. Біріккен сөздердің астын сызыңдар.

 

Өткен аптаның сенбі, жексенбісінде біз Астанаға _________________________.

Онда жаңа,  үлкен қонақүйге __________________________. Бөлмелеріміз шағын, бірақ __________________________. Таңертең қонақүйде _________________, ал кешке мейрамханада __________________________. Сенбі күні кешке жаңа опера театрына барып, __________________________. Қатты әсер алдым. Жексенбіде қаланы ____________, содан кейін__________________________. _____________, бірақ қымбат екен. Астана - керемет әдемі қала, __________________________. Кешке қарай теміржолға келіп, __________________________. Қайтқым келмеді, бірақ __________________________.

 

Резерв тапсырма

Схема бойынша сөйлемдер құрастыру. 
1.———————:——————. 
2. ——————-,- ——————. 
3. ——————- және ————-. 
4 —————, бірақ —————. 
5 Кейде ———, кейде ————. 
6 ——— сонша- ——————. 

 

 

 

 

Теміржол бекетінде.

         Теміржол бекетінде болып көрдіңіз бе? Қанша рет пойызға міндіңіз? Сіз таңғалатын шығарсыз, бірақ мен пойыз дөңгелегінің гүрсілін жақсы көремін. Оның себебі жастық шағымда жатыр ма деп ойлаймын.

         Мектепті бітірісімен оқуға түсіп кеттім. Алматыдай әсем қалада оқу бәрінің арманы болатын. Ал менің арманым орындалып, студенттік өмірім осы қалада өтіп жатты. Бірақ өзім шалғай жерден келгендіктен, демалыс болса ауылға кеткім келіп тұратын. Себебі ол жақта анам сағынып, мені күтіп жүретін. Анама тезірек жету үшін пойызға отыру керек. Пойыз маған онша ұнамайтын. Вагондар лық толы адамдар. У-шу, бөтен адамдармен бірге жол тартасың. Мен ол кезде ұялшақ болдым. Қасымдағы адамдармен араласып кету қиын болатын. Қорқатынмын, анам ылғи: "Жолда абайла, жалғыз тамбурға шықпа, заттарыңды ұрлатып алма" деп ескертуден шаршамайтын еді. Ол кісінің айтқаны жадымда тұрады. Қасымдағыларға сенімсіздікпен қарайтынмын. Тезірек ұйықтап қалуға тырысатынмын. Екінші сөреден орын болса, қуанамын. Төменгі сөреге жатсаң, жолаушылар келіп отыра береді, мазаңды алады. Өз орныма орналасқаннан кейін біраз кітап оқимын да, сосын дөңгелектердің бір ырғағындағы гүрсілін тыңдаймын. "Тықыдық-тықыдық", бір гипноз сияқты, "міне, аз қалды, міне, аз қалды" деп сендіретін сияқты. Соны тыңдап жатып ұйықтап қалатынмын...

 

Сөздік жұмыс

пойыз дөңгелегінің гүрсілі - стук колес поезда

жастық шағымда - в юности

шалғай жерден - издалека

лық толы - битком набиты

жол тарту - здесь: ехать

ескерту - предупреждать

жадымда тұрады - хранила в памяти

ұйықтап қаламын - засыпаю

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочный план по казахскому языку"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 195 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.12.2016 1875
    • DOCX 26.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мусанова Адина Дашақызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мусанова Адина Дашақызы
    Мусанова Адина Дашақызы
    • На сайте: 7 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 14970
    • Всего материалов: 12

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Мини-курс

Психология и профессиональное развитие

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 24 человека из 16 регионов

Мини-курс

Жизненный цикл продукта и методология управления проектами

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Анализ эффективности проектов

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе