Инфоурок Другое КонспектыПоурочный план по казахскому языку на тему: " Тұйық етістіктің түрленуі"

Поурочный план по казахскому языку на тему: " Тұйық етістіктің түрленуі"

Скачать материал

Пәні: қазақ тілі

Сыныбы:  7-сынып

Сабақтың тақырыбы:                  Тұйық етістіктің түрленуі

Сабақтың мақсаты :

                                         а) Оқушыларға ұлттық тіліміздің өркендеп оянуына,ана тілімізді сүюге,ана тілін аяққа баспай биік ұстау жөнінде түсіндіру,соған дәріптеу;.

                                        ә) Тәрбиелік мәні бар мысалдар келтіре отырып оқушыларды елін,жерін Отанын сүюге тәрбиелеу.

                                      б) Оқушылардың білімін бақылау арқылы дұрыс жаза білуге үйрету.

Сабақтың түрі :                Аралас сабақ

Сабақтың әдісі:                 сұрақ-жауап.түсіндіру, іздендіру

Сабақтың көрнекілігі :    плакат,үлестірмелі кеспе қағаздар

Пәнаралық байланыс:            Әдебиет

Сабақтың барысы :

                                            а)  Ұйымдастыру кезеңі :

                                        Оқушылармен амандасу,түгелдеу,оқу құралдарын тексеру.Сыныптың тазалығына көңіл бөлу.Оқушылардың зейінін сабаққа аудару.      

                                              ә) үй тапсырмасын пысықтау:

 Үйге берілген тапсырманы тексеремін. Кеспе қағаздарды үлестіріп жауап талап етемін.

1.      семшенің қандай ерекшелігі бар?

2.      Есімше мен көсемшенің ұқсастығы мен айырмашылығы қандай?

3.      Көсемшенің жіктелуіндегі ерекшелік неде?

                                                Б) Жаңа сабақты түсіндіру.

                    Тұйық етістік – етістіктің ерекше түрі.Мағынасы жағынан ол қимылдың,іс-әрекеттің атын білдіреді де,шақпен де,жақпен де,байланысты болмайды Сөйтіп,тұйық етістік қимылдың, іс-әрекеттің атауы ретінде қолданылады да,жақтық мағынаны да білдірмейді.

      Тұйық етістік етістіктің негізгі және туынды түбіріне,етіс және болымсыз  етістік тұлғаларына –у жұрнағы жалғану арқылы жасалады. Мысалы: сұра-у,   жүр-у,   бар-у.

     Тұйық  етістіктердің кейбірі белгілі заттың,көбіне қимылдың атын білдіріп,зат есім болып кеткен. Тілімізде көскеу,( отты, шоқты көсейтін темір),сабау(жүнді сабайтын шыбық),егеу(темірді егейтін құрал)сияқты зат есімдер тұйық етістіктен жасалған.

      Тұйық етістік тікелей септеле де,тәуелдене де алады, бірақ жіктелмейді.

Кітаппен жұмыс: 210-жаттығу   Көшіріп жазып, тұйық етістіктердің астын сызыңдар.

Бүкіл оқушылармен жұмыс : Оқушыларға мақал-мәтелдер айтқызып,тұйық етістікті тапқызамын.

  1.Отанды сүю от басынан басталады.

                      2. Аяққа кісен салуға болар,

                          Тілге кісен салынбас.

                                                                3.  Жақсының қасиеті-жарастыру,

                                                                      Жаманның қасиеті- таластыру

Білімді бекіту:   Оқушылардың түсінбеген сұрақтарына жауап беремін.Оқушыларға бірнеше сұрақтар қоямын

1.Тұйық етістік дегеніміз не?   2.Көсемше қандай жұрнақтар арқылы жасалады?

Бағалау :  Оқушылардың ынтасына қарай білімдері бағаланады.

Үйге тапсырма : Жалғау,Көсеу,Құрсау,Оқу,Басу,Жабу етістіктеріне сөйлем құрап келуге беремін.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочный план по казахскому языку на тему: " Тұйық етістіктің түрленуі""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по переработке нефти и газа

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 916 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 28.03.2017 422
    • DOCX 16.4 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Айткужина Гульжанат Жаксылыковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3279
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой
Сейчас в эфире

Консультация эксперта в сфере высшего образования. Как подготовиться к поступлению в вуз: простые ответы на сложные вопросы

Перейти к трансляции