Инфоурок Другое КонспектыПоурочный план урока по казахскому языку и литературе на тему "Қостанай қаласы"

Поурочный план урока по казахскому языку и литературе на тему "Қостанай қаласы"

Скачать материал

Сабақ жоспары

Пән  Қазақ тілі және әдебиет                                                  

Сабақ тақырыбы

Қостанай қаласы

 

Білімділік                                       

 

 

Дамытушылық

 

Тәрбиелік

        Сабақтың мақсаты:

Сабақ барысында мәтінмен жұмыс жасай отырып, жазбаша грамматикалық  тапсырмалар орындау арқылы білімдерін толықтыру.

Тақырып бойынша әр түрлі тапсырмаларды орындау арқылы балалардың диалог және монолог түрінде сөйлеу тілін дамыту.

Елін, жерін сүюге, құрметтеуге үйрету.

Сабақтың түрі

Аралас сабақ

Сабақтың әдісі

Әңімелесу, сұрақ жауап, түсіндіру

Көрнекі құрал

Таратпа материал, оқулық, интерактивті тақта, бор, тірек-сызба.

 

     

  Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі          - Сәлемдесу, білім алушыларды түгелдеу, сынып тазалығы;

- Білім алушылар назарын сабаққа аудару;

- Сабақ тақырыбын, мақсатын айту.        

 

Өткен сабақты қайталау кезеңі        - Үй тапсырмасын тексеру (ауызша жаппай сұрау)

      - фонетикалық жаттығу.

 

Жаңа сабаққа кіріспе                    эпиграф          Қостанайдың бағы болған құт мекен

Қойнау толы тағдырға да зат екен,

Ақ таңымен ерте оянып күн- аспан,

Су бетіне моншақ шашып сырласқан,

Сан сәуледен сергіп тұрды Қостанай,

Қарт Тобылдың жағасында жайғасқан.

Есмағамбет Шынберген

Жаңа сабақ кезеңі 

//1.Түсінік беру 

Қостанай тарихы

Қостанай облыс орталығы

Қостанай мәдениет орталығы

 

//2.Мәтінмен жұмыс жасау  Мәтінді оқып, аударыңыз

 

Қостанай Қостанай облысының әкімшілік, экономикалық, мәдени орталығы. Батыс Сібір ойпатының дала белдемі алып жатқан оңтүстік-батыс шетін құрайтын Қостанай жазығының орталық бөлігінде орналасқан. Оның іргесін 1893 жылы Ресей патшасының жарлығына байланысты қазақтың жергілікті руларынан тартып алынған «Қостанай» атты қоныста, Еділ бойы мен Орынбор губерниясынан көшіп келген орыс шаруалары қалаған. Алғашқыда «Николаевка» деп аталды. 1897 жылы Қазақстанның құрамында болған бұрынғы Торғай облысында жаңадан ендірілген уездік аумақтық-әкімшілік бөлінісіне сәйкес оған «Қостанай» атауы берілді де, Қостанай уезінің орталығына айналды. 1912 – 1913 жылы Оңтүстік Сібір темір жолы магистралінің Челябинск  Троицк – Қостанай тармағының салынуына байланысты Қостанай Ресейде өнеркәсіптік дамуы бойынша біршама ілгері тұрған Орталық Ресей аудандарымен тікелей сауда-саттық байланыстар жасауға мүмкіндік алды. Соның нәтижесінде Қостанай Солтүстік Қазақстандағы ірі сауда орталықтарының біріне айналды. Қалада жеңіл және тамақ өнеркәсіптері, бу және дизель отынымен жұмыс істейтін диірмендер, т.б. пайда болды.

1917 – 1919 жылы Қостанайда Кеңес өкіметі орнап, 1936 жылы жаңадан құрылған Қостанай облыс орталығына айналды. Қостанай облысы - Солтүстік Қазақстанда орналасқан. 

Әкімшілік орталығы – Қостанай қаласы, Тобыл өзенінің жағасында орналасқан. Бүгінгі таңда 16 аудан мен төрт қаласы бар. Қостанай облысында 880 мыңнан астам адам тұрады. Ауыл тұрғындары мен қала халқының үлесі бірдей. Өңірде жүзден артық ұлт өкілі мекен етеді.

Қостанай облысының  жер  қойнауы  пайдалы қазбаларға бай. Пайдалы қазбалар мен минералды шикізаттардың кен орындары барланған. Рудный, Лисаковск, Жітіқара және Арқалық қалаларындағы Соколов - Сарыбай тау-кен өндірістік бірлестігі, Лисаковск кен байыту комбинаты, «Костанайские минералы» АҚ, «Ореол Минералс» ЖШС, «Бренд» ЖШС және Торғай бокситті кен басқармасы сияқты ірі өнеркәсіп орындары бар.

Облыста негізінен  бидай,  жемдік дақылдар,  жарма,  бұршақ және  майлы  дақылдар  егіледі.  Бірқатар  шаруашылықтар  таңдаулы  тұқым  шаруашылығымен  айналысады.  Сондай-ақ  картоп,  көкөніс және  бақша өнімдері де өсіріледі. Сонымен қатар, ірі  қара мал мен  ұсақ малдарының  басы көбейтілуде.  Құс шаруашылығы да жақсы дамыған. Түйеқұс өсіру  де  қолға алынып  отыр. 

Қостанай – мәдениет орталығы. Онда жалпы білім беретін мектеп, медицина колледжі, педагогика институты, ауылшаруашылық университеті, Қостанай мемлекеттік университеті, драма театрлары, филармония, кинотеатр, мәдениет сарайы, өлкетану және геологиялық мұражайлары бар. Қостанайда қазақтың тұнғыш педагог-ағартушысы Ы.Алтынсариннің мұражайы бар. Қостанай шағын қала.

 

//3.Сөздік жұмысы – сөздерді оқу, сөз тіркес құрау 

Солтүстік-Север      

Негізі-основа, фундамент   

Әкімшілік орталығы-административный центр

Ауыл тұрғындары-сельское население    

Өңір-край, местность, окрестность

Жер қойнауы-недра

Барлау-разведовать 

Жемдік дақылдар-зерновая культура

Жарма-крупа            

Таңдаулы-отборный, избранный  

Тұқым-семена, семя

Түйеқұс-страус        

Мәдениет орталығы-культурный центр

 

Мына сөздерден сөйлем құрастырыңыз: саябақ, кинотеатр, адамдар.

 

Көп нүктенің орнына керекті сөздерді және қосымшаларды жазыңыз.

Мен – ................ тұра ... . ................. үйім  - ................ көше... . Үй... нөмірі - ... . Сен үш бөлмелі пәтер... тұр... .  Біз ...  бөлмелі пәтер... тұрамыз. Біз...   үй... – .............  адам тұрады.

 

 

Жаңа сабақты пысықтау кезеңі 

Кел, сөйлесейік! (диалог)
үлгі: - ………., сен Қостанай қаласына бардың ба?
- Иә, ...................... бардым.
- Қостанай қаласының қандай көрнекті жерлерін көрдің?
- ................. бардым. .................. көрдім.

 

Сұрақтарға жазбаша түрде жауап беріңіз

Қай жылы Қостанай облыс орталығына айналды? 

Қостанай қайда орналасқан?

Қостанайда қанша аудан бар?

Қостанай облысының  жер  қойнауы  қандай пайдалы қазбаларға бай?

Облыста қандай дақылдар  егіледі?

Қостанай облысында қандай атақты акын-жазушылар дүниеге келген?

 

«Қостанай» өлеңін мәнерлеп, түсініп оқыңыз.

Қостанайдың бағы болған құт мекен

Қойнау толы тағдырға да зат екен,

Желмаямен желіп өткен жапан түз,

Бұл күндері мекен бопты бай есен.

Ақ таңымен ерте оянып күн- аспан,

Су бетіне моншақ шашып сырласқан,

Сан сәуледен сергіп тұрды Қостанай,

Қарт Тобылдың жағасында жайғасқан.

Өнер- ғылым зияткерлік қорғаны,

ҚМУ, ҚМПИ мектептермен одағы,

Білімімен сусындатып жастарды,

Келешекке жарқын бастап барады.

Ғылым жолын дәріптеген,діттеген,

Аққан жұлдыз, ғұламалар көптеген,

Ел жұртының қажетіне жаратты,

Арман толы асылдарын көксеген.

Мейірбанды Қостанайым мекенім,

Түсінгенмін өмір жазы екенін,

Ізгілікті, ірілікті ұлықтап,

Бақытыма балап сені өтемін. 

Есмағамбет Шынберген

 

Жаңа сабақты бекіту кезеңі

        Венн диаграммасы

 

Сөзжұмбақ

 

Қ

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

    

О

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

С

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Т

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Н

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

А

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Й

 

 

 

1.Жүріп жатқан сабақ? 2.Қазақстан біздің ...?  3. «Ты» қазақшаға аудар? 4.Не арқылы сөйлейміз? 5.Күз айы? 6.Ас атасы не? 7. «А» әрпі қандай? 8.Дәріханада сатылатын зат? 

 

Қорытындылау кезеңі 

Не білемін?

Нені білдім?

Нені білгім келеді?

 

 

 

Үй тапсырмасын беру                   «Қостанай» мәтінін мазмұндау

Білім бағалау                                   Баға қою, қойылған бағаларды айту.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Поурочный план урока по казахскому языку и литературе на тему "Қостанай қаласы""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель клубного филиала

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 082 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.11.2015 1374
    • DOCX 38.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Смаилова Назигуль Сексеновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Смаилова Назигуль Сексеновна
    Смаилова Назигуль Сексеновна
    • На сайте: 8 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 21278
    • Всего материалов: 13

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Мини-курс

Психологическое консультирование семей: от неблагополучия к гармонии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 18 человек

Мини-курс

История педагогических идей: основатели и теоретики

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Управление коммуникациями в кризисных ситуациях

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе