Инфоурок Другое ПрезентацииПрезентация по казахскому языку на тему "Багалау"

Презентация по казахскому языку на тему "Багалау"

Скачать материал
Скачать материал "Презентация по казахскому языку на тему "Багалау""

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Медиатор

Описание презентации по отдельным слайдам:

  • Неліктен біз олардан қажырлы еңбек етуді, ескіше көзқарастан алшақтап, жұмыст...

    1 слайд

    Неліктен біз олардан қажырлы еңбек етуді, ескіше көзқарастан алшақтап, жұмысты жаңаша орындауды сұраймыз? Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?

  • Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? Себебі - алғашқыда мұғалімдікке неліктен к...

    2 слайд

    Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? Себебі - алғашқыда мұғалімдікке неліктен келген болсаңыз, сол себепті өзгересіз. Сіздің табыс көзіңіз ешқашан жай жұмыс болған емес – көбіне ол миссия, міндет, сондықтан сіз өзгересіз. Сіз балаларға жаныңыз ашиды әрі ол білім мен дағдыларды меңгергенге дейін сіз оларды балаларға бере алмайсыз, сондықтан сіз өзгересіз.

  • Неліктен өзгеру қажет? Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі әлемдегі барлық адамда...

    3 слайд

    Неліктен өзгеру қажет? Сіздің өзгеруіңіз қажет, себебі әлемдегі барлық адамдардың ішінен – мұғалімдер ғана үзіліссіз оқудың бағасын түсінеді. Қарым-қатынастың маңыздылығын интуициялы түсінгендіктен, басқа балалар үшін істеген істеріңіз арқылы өз балаларыңызға мұра қылып қалдыруға мүдделі болғандықтан, сіз өзгересіз. Оқу бір жерде тұрмайтынын, өзгерістің болмауы өсудің тоқтағанын білдіретінін түсінгендіктен сіз өзгересіз. Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?

  • Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? Неліктен өзгеру қажет? Себебі мұғалім болу...

    4 слайд

    Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек? Неліктен өзгеру қажет? Себебі мұғалім болу ақшадан, мәртебеден және танымалдықтан да артық екендігін ұғынып, мұғалім болу туралы шешім қабылдадыңыз. Сіз әлемді өзгерту үдерісін жалпы өзгеріс ету үшін мұғалім болдыңыз… Сіз дұрыс бірдеңе істеу үшін өзгересіз – себебі ол дұрыс және сіз басқаларға үлгі болу қажеттігін түсінесіз, өйткені олардың да дұрыс істегені жөн. Сіз көп сағаттар бойы тынымсыз жұмыс істеуге әдеттендіңіз.

  • Неліктен өзгеру қажет? Себебі мұғалім болу ақшадан, мәртебеден және танымалды...

    5 слайд

    Неліктен өзгеру қажет? Себебі мұғалім болу ақшадан, мәртебеден және танымалдықтан да артық екендігін ұғынып, мұғалім болу туралы шешім қабылдадыңыз. Сіз әлемді өзгерту үдерісін жалпы өзгеріс ету үшін мұғалім болдыңыз… Сіз дұрыс бірдеңе істеу үшін өзгересіз – себебі ол дұрыс және сіз басқаларға үлгі болу қажеттігін түсінесіз, өйткені олардың да дұрыс істегені жөн. Сіз көп сағаттар бойы тынымсыз жұмыс істеуге әдеттендіңіз. Сіз өзіңізге жүктелген міндеттерге мойынсұндыңыз және аз танылғандығыңызға үйрендіңіз. Сіз істегендеріңіздің ұзақ нәтижесі бар екенін білесіз. Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?

  • Әлем өзгергендіктен, сіз де өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте...

    6 слайд

    Әлем өзгергендіктен, сіз де өзгересіз және қазіргі сәтте өзгеріссіз қалу өте қауіпті екенін білесіз. Сіз өзгересіз, себебі сіз білім алғанды, білім бергенді жақсы көресіз, балаларды сүйесіз және олар мына жылдам өзгеретін әлемде бағыт беріп отыратын сізді қажет ететіндігін білесіз, оны істеу үшін сізге алдымен өз жолыңызды табу қажет. Сондықтан сіз де, олар да өзгеруі қажет. Мұғалімдер неліктен өзгеруі керек?

  • Сын тұрғысынан ойлау Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту...

    7 слайд

    Сын тұрғысынан ойлау Сын тұрғысынан ойлау – Қазақстандағы білім беруді дамыту үшін маңызды болып табылатын қазіргі ең басты түсінік. Бұл модуль оқушылардың да, мұғалімдердің де сын тұрғысынан ойлауды дамытуды саналы және оймен қабылдауын көздейді. Сын тұрғысынан ойлау көбінесе бір нәрсені елестетуге, баламалы шешімдерді қабылдауға. Ойлау және іс әрекеттің жаңа не түрлендірілген тәсілдерін енгізуге дайын болуды көздейді. Сын тұрғысынан ойлау - ойлау туралы ойлау деп сипатталады. Сын тұрғысынан ойлау- пайымдау. тұжырым, жасау не проблеманы шешу үдерісі жүрген жағдайларда, яғни, неге сенуге болады, не істеу керек және қалай істеуге болатындығын анықтау қажет болған жағдайлардың барлығында орын алады.

  • Сын тұрғысынан ойлау қандай әдіс? Ақпаратты ұғыну Бағалау Талдау Синтездеуде...

    8 слайд

    Сын тұрғысынан ойлау қандай әдіс? Ақпаратты ұғыну Бағалау Талдау Синтездеуде қолданылады

  • Сын тұрғысынан ойлау проблемаларымен айналысатын адамдар көңіл бөлуге тиіс мә...

    9 слайд

    Сын тұрғысынан ойлау проблемаларымен айналысатын адамдар көңіл бөлуге тиіс мәселелер Қадағалау жолымен алынған деректер Мәнмәтін Барабар шешім қабылдауға арналған тиістікрийтерилер Ой –пікір, пайымды қалыптастыру үшін қолданылатын әдістер Алдағы проблемалар мен мәселелерді түсіну үшін қолданылатын теориялық құрылғылар

  • 10 слайд

  • Дарынды және талантты балаларды оқыту модулі. Есте сақта Дарынды оқушылардың...

    11 слайд

    Дарынды және талантты балаларды оқыту модулі. Есте сақта Дарынды оқушылардың біразы өз қабілеттерін бірден белсенді көрсете алса, кейбірі бірден көрсете алмайды не дарындылығы обьективті себептердің әсерінен көрінбеуі мүмкін. Балалардың қабілеттіліктерін, біліктіліктілігін, әлеуетті мүмкіндіктерін көрсету үшін өте қиынға соғуы мүмкін. Дарынды оқушы дарындылықтың барлық сипатына ие бола бермеуі мүмкін, біреуінен ақсауы мүмкін.

  • Заманауи оқыту әдістемелерінің жеті негізгі модулі

    12 слайд

    Заманауи оқыту әдістемелерінің жеті негізгі модулі

  • Оқытудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлау; Сыни бағалауды қолдану арқылы о...

    13 слайд

    Оқытудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлау; Сыни бағалауды қолдану арқылы оқуды және оқу нәтижесін бағалау; Оқыту үдерісін жетілдіру үшін АКТ және сандық жүйелерді қолдану; Талантты және дарынды балалармен жұмыс; Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты топтардағы оқытудың психо-педагогикалық ерекшеліктері; Орта білім берудегі басқару мен көшбасшылық. Біліктілікті арттыру курсы бағдарламасының мазмұны жеті негізгі модуль түрінде қамтылғанымен оқыту барысында олар аралас түрде беріледі. Заманауи оқыту әдістемелерінің жеті негізгі модулі

  • Заманауи оқыту әдістемелерінің жеті негізгі модулі Оқытудағы жаңа тәсілдер; С...

    14 слайд

    Заманауи оқыту әдістемелерінің жеті негізгі модулі Оқытудағы жаңа тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлау; Сыни бағалауды қолдану арқылы оқуды және оқу нәтижесін бағалау; Оқыту үдерісін жетілдіру үшін АКТ және сандық жүйелерді қолдану; Талантты және дарынды балалармен жұмыс; Мектеп оқушыларының жас ерекшеліктеріне байланысты топтардағы оқытудың психо-педагогикалық ерекшеліктері; Орта білім берудегі басқару мен көшбасшылық.

  • ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР Сыныптағы диалогтің маңыздылығы Выготскийдің оқытудағ...

    15 слайд

    ОҚЫТУДАҒЫ ЖАҢА ТӘСІЛДЕР Сыныптағы диалогтің маңыздылығы Выготскийдің оқытудағы сөздің, сөйлеудің негізгі рөлі туралы пікірі эмпириялық зерттеуде қолдау тапқан. Барнс (1971) сыныпта тіл қаншалықты қолданылса, оқушылардың білім алуына соншалықты әсер ететінін айтады. Барнс оқытудың мұғалімді селқос тыңдағанда ғана емес, вербальды құралдарды қолдану нәтижесінде, яғни сөйлесу, талдау және дәлелдеу барысында жүзеге асатынын көрсетті. Кейінірек Мерсер және Ходжкинсон (2008) зерттеулері Барнстың ертеректегі жұмысына негізделе құрылып, оқыту барысындағы диалог атқаратын негізгі рөлге назар аударуды мақсат етеді. Қазірдің өзінде сыныптағы оқушылардың бірлескен сұхбаты үлкен пайда келтіретіндігін көрсететін жеткілікті дәлелдер бар. Олар: • оқушылардың тақырып бойынша өз ойларын білдіруіне мүмкіндік береді; • басқа адамдарда түрлі идеялардың болатындығын оқушылардың түсінулеріне көмектеседі; • оқушылардың өз идеяларын дәлелдеуіне көмектеседі; • мұғалімдерге оқушыларды оқыту барысында олардың оқушылары қандай деңгейде екендігін түсінуге көмектеседі.

  • Мұғалім диалог жүргізудің ережелері туралы келісімге келіп, сыныпта диалогтік...

    16 слайд

    Мұғалім диалог жүргізудің ережелері туралы келісімге келіп, сыныпта диалогтік үлгі құруы керек, оқушылар бір-бірімен жаңа және ең тиімді тәсілді таба алатындай және мағына құрудың бірлескен тәсілдерімен әрекет ете отырып жұмыс жасауы керек. Ол үшін оқушылардың ерекшелігі мен қызығушылығын түсініп, олардың қарым-қатынастары мен эмоцияларына зейін аудару қажет. Оқушылардың істегендері мен айтқандарын тыңдап, оларға жауап берген кезде мұғалімдер оқушыларға білім алуда тиімді қолдау көрсетуге мүмкіндігі бар Сыни тұрғыдан ойлайтын мұғалімдер, Қазақстандағы кәсіби дамудың жаңа бағдарламасына сай, балалардың сыни тұрғыдан ойлауына қатысты жоғарыда айтылған үдерістер мен құрылымға негізделуі мүмкін. Толықтыра айтқанда, балалардың сыни тұрғыдан ойлау қабілеттерін дамытуға байланысты, атап айтқанда: тыңдау мен зерттеу арқылы білім алу, мәнмәтінге көңіл бөліп, шешім қабылдау үшін тиісті өлшемдерді қолдана білу сияқты дағдылармен қоса, мұғалімдер тағы да мыналарды дамыту керек: • білім беру бағдарламасы мен оқытуды түсінудің теориялық негіздері; • қорытынды мен тұжырымдарды қалыптастырудың әдістері мен технологиялары.

  • Сыни тұрғыдан ойлау Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен...

    17 слайд

    Сыни тұрғыдан ойлау Сыни тұрғыдан ойлау – бақылаудың, тәжірибенің, ойлау мен талқылаудың нәтижесінде алынған ақпаратты ойлауға, бағалауға, талдауға және синтездеуге бағытталған пәндік шешім. Ол болашақта әрекет жасауға негіз бола алады. Сыни тұрғыдан ойлау көбінесе қарсы шығуға немесе баламалы шешімдерді қабылдауға, ойлау және іс-әрекетімізге жаңа немесе түрлендірілген тәсілдерді енгізуге дайын болуды, ұйымдастырылған қоғамдық әрекеттерге және басқа да сынилыққа баулуды білдіреді.

  • Сыни тұрғыдан ойлаудың анықтамасы Орынды сұрақтар қояды Пайымдаулар мен дәлел...

    18 слайд

    Сыни тұрғыдан ойлаудың анықтамасы Орынды сұрақтар қояды Пайымдаулар мен дәлелдерді бағалайды Білім мен түсініктің кемшілігін қабылдайды Әуесқойлық Жаңа шешімдерді іздейді Жаңа біліммен белсенді бөліседі Пайымдауларды, болжамдарды және пікірлерді тексергісі келеді Сыни ойшылдың кейбір қасиеттері: Фактілер мен пікірлерді айыра біледі Сыни тұрғыдан ойлауды өзін-өзі бағалаудың өмір бойғы үдерісі деп қабылдайды Болжамдарды қолдау үшін дәлелдер іздейді Біреудің пікірін ауыстыруға дайын Рефлексивтілік Дәлелдер іздейді Анықтық пен нақтылықты іздейді Басқалардың сенімдері мен пікірлерін қабылдайды Баға шығармас бұрын барлық факторлардың айқындалуын күтеді Оқыту үдерісінен рахат алады Проблемаларды шешеді Сақ және белсенді қадағалаушы Сыпайылық

  • Неге сыни тұрғыдан ойлау соншалықты маңызды? Оқу, сөйлеу, жазу және тыңдау си...

    19 слайд

    Неге сыни тұрғыдан ойлау соншалықты маңызды? Оқу, сөйлеу, жазу және тыңдау сияқты қарым-қатынас, оқу мен білім берудің басты элементтерінің негізін қалайды. Әлеуметтік өзгерістерде маңызды рөл атқарады. Бізге теріс ұғымдар мен соқыр нанымдарды ашуға көмектеседі. Жартылай шындық, теріс ұғымдар мен алдаудан бостандыққа жол ашатын құрал болып табылады. Айқын болып көрінуі мүмкін идеяларды біздің тексеруімізге және қайта тексеруімізге қарай бір көзқарасты өзгерту ниетін туғызады. Мен білмеймін деген екі негізгі сөзді айтуға тілек білдіріп, уақыт бөледі. Бізге факті мен пікір арасындағы айырмашылықты анықтауға, орынды сұрақ қоюға, толық қадағалау жасап, болжамдарды табуға және олардың терминдерін айқындауға және салмақты логикалық дәлелдер негізінде пайымдаулар жасауға мүмкіндік береді.

  • Оқушыларға білікті сыни ойшыл болуға мүмкіндік беру Барлық ақпаратты факт рет...

    20 слайд

    Оқушыларға білікті сыни ойшыл болуға мүмкіндік беру Барлық ақпаратты факт ретінде енгізгенше, екіұдайы ақпаратты көбірек енгізіңіз. Оқушыларға нақты ақпарат бермеңіз. Оларды ойлануға мәжбүрлейтін даулы ақпарат беріңіз. Мазмұнды бірқатар сұрақтар қоя отырып ашуға болатын детектив оқиғасы ретінде ұсыныңыз.

  • ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫ БАҒАЛАУ Бағалау – одан арғы білім алу туралы...

    21 слайд

    ОҚЫТУ ҮШІН БАҒАЛАУ ЖӘНЕ ОҚЫТУДЫ БАҒАЛАУ Бағалау – одан арғы білім алу туралы шешімді қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин. Формативтік және жиынтық (жиынтықтайтын) бағалау арасындағы айырмашылық 1960 жылдардан бастап белгіленген, бірақ берілген екі терминнің мәні нақты анықталмаған. Іс жүзінде бір мәнге ие болатын бұдан анығырақ айырмашылық жіктеу және есеп беру үшін өткізілетін оқытуды бағалау және нақты мақсаты оқушылардың оқуына ықпал етуге арналған оқытудың бөлігі ретінде бағалауды қолдану болып табылатын оқыту үшін бағалау арасында жүргізіледі. Оқытуды, әдістерді және осы мүмкіндіктерді іске асыру түрлерін жақсарту мүмкіндіктерін анықтауға бағытталған бағалау формативті немесе Оқыту үшін Бағалау (ОүБ) болып табылады. Егер бағалау мақсаты жіктеу, сертификациялау немесе оқытуды жылжыту үшін оқыту қорытындысын шығару болса, онда өзінің функциясы бойынша бағалау жиынтық болып табылады және кейде оны оқытуды бағалау деп атайды.

  • ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ Технологиялық білімдер – оқытудың қосалқ...

    22 слайд

    ОҚЫТУДА ЖАҢА ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ Технологиялық білімдер – оқытудың қосалқы құралдары (бейне, желілік материалдар, сандық бұқаралық ақпарат құралдары және т.б.) туралы білім. Бұл білімдер технологиялық құрылғылар саласындағы жеткілікті мағлұматтарды да, оларды басқару үшін қажетті дағдыларға ие болуды да меңзейді. Сандық технологиялар қатысында осы білімдер операциялық жүйелер және компьютерлік аппараттық құралдарды білуді, сондай-ақ мәтіндік процессорлар, электронды кестелер, браузерлер мен электронды пошта сияқты бағдарламалық құралдардың стандартты жиынтығын пайдалана алу қабілетін көздейді. Оның үстіне, ТБ құрамына перифериялық құрылғыларды орнату және алып тастауды, бағдарламалық жабдықтау жүйелерін, құжаттарды құру және мұрағаттауды, т.б. білу кіреді. Қорыта келіп, жекелеген пәндерді оқытуға білім технологияларын интеграциялау мұғалімнің қарқынды дамуына, оқудың барлық үш аспектісін өзара байланыста белсенді қолдануына дайын болуын қажет ететіндігін және бұл оқу мен оқыту үдерісін білікті түсіну көрсеткіші болып табылатындығын баса айту керек.

  • ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

    23 слайд

    ОҚЫТУДА АҚПАРАТТЫҚ - КОММУНИКАЦИЯЛЫҚ ТЕХНОЛОГИЯЛАРДЫ ҚОЛДАНУ

  • ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ Фриман (1998) тексеру парақтары мұғалім...

    24 слайд

    ТАЛАНТТЫ ЖӘНЕ ДАРЫНДЫ БАЛАЛАРДЫ ОҚЫТУ Фриман (1998) тексеру парақтары мұғалімдерді шатастырып, дарынды, талантты балаларды анықтау барысында дұрыс бағыт бермейтіні жайындағы зерттеулерден мысал келтіреді. «Зерттеулерге негізделген және ең үздік оқушыларды анықтайтын сенімді өлшемдерді тексеру парағында тиімді қолдану жолдары төменде көрсетілген». (Монтгомери, 1996; Фриман, 1991). • есте сақтау және білім: олардың есте сақтау қабілеттері өте жоғары; олар тек біліп қана қоймай, сонымен қатар сол ақпаратты пайдалана алады. • өз білімін жетілдіру: олар білім беру үдерісінің қалай жүретінін басқалардан гөрі жақсы біліп, өзінің оқуын реттей алады. • ойлау қабілетінің жылдамдығы: олар жоспарлауға көп уақыт жұмсауы мүмкін, бірақ жоспардың жүзеге асуына тез қол жеткізеді. • мәселені шешу: олар ақпаратты толықтырып, олардың қайшылықтарын анықтап, мәніне тезірек жетеді. • икемділік: басқаларға қарағанда ойлау қабілеттерінің жақсы ұйымдастырылғанына қарамастан, олар оқуда және пробламаларды шешуде балама шешімдерді көріп, қабылдай алады. • күрделілікке деген сүйіспеншілік: қызығушылығын арттыру үшін олар күрделі ойын мен тапсырмаларға ұмтылады. шоғырлану: ерте жасынан бастап ерекше қабілеттерін ұзақ уақытқа шоғырлау қабілеттері бар. • ерте символдық белсенділік: олар ерте жасынан сөйлей, оқи және жаза бастайды

  • ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ Джером Брунердің...

    25 слайд

    ОҚУШЫЛАРДЫҢ ЖАС ЕРЕКШЕЛІКТЕРІН ЕСКЕРЕ ОТЫРЫП ОҚЫТУ ЖӘНЕ ОҚУ Джером Брунердің оқу бағдарламасының негізінде балалардың жас ерекшеліктерін ескере отырып, қандай қиындықтағы тапсырма болса да үйренуге болатындығына болжам жасалынған. Тиімді әдіс деген не? Оқыту және оқу барысындағы балалардың жас ерекшелігінің айырмашылығын зерттеу кезінде жауап беруге тиісті ең бірінші сұрақ осы айырмашылықтардың түп табиғатына байланысты. Пиаженің (Пиаже, 1953) когнитивті дамыту теориясы балалардың ойлау қабілетінің ересек адамдардікінен айырмашылығы бар екендігін дәлелдеген. Пиаже өз балаларына зерттеу жүргізе отырып, оқыту теориясын жасап шығаруда жасаған бақылаулар нәтижесінде балалардың жас кезінен ересек кезеңге дейінгі аралықта белгілі бір кезеңдерден өтетіндігіне бақылау жүргізген.

  • ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ Мұғалімнің жетекшілігін дамытуға әсер етудің...

    26 слайд

    ОҚЫТУДЫ БАСҚАРУ ЖӘНЕ КӨШБАСШЫЛЫҚ Мұғалімнің жетекшілігін дамытуға әсер етудің ерекше түрі былайша анықталады. Жауапты қызметі бар немесе жоқ мұғалімдер: • іс-тәжірибені жетілдіру жұмыстарын өз қолына алуға; • өзгерістер енгізу үшін әріптестерімен стратегиялық шешімдер қабылдауға; • бірігіп жұмыс істеуде фактілерді жинауға және қолдануға; • кәсіби білімді құруға және таратуға атсалысуға міндетті. Дамыту жұмыстарын ізденіспен шатастыруға болмайды. МКДЖ бағдарламасы «мұғалім ізденуші» түсінігінде емес, «мұғалім дамыту жұмысының көшбасшысы» түсінігінде құрылған.

  • Блум таксономиясын қолдану

    27 слайд

    Блум таксономиясын қолдану

  • 28 слайд

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 357 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2016 1413
    • PPTX 1.6 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Койшибекова Ғалия Кенжебековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 6931
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой