Инфоурок Другое Другие методич. материалыПрезентация по казахскому языку на тему ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ-ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛГІСІ

Презентация по казахскому языку на тему ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ-ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛГІСІ

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы:  ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ-ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛГІСІ.

 

                                                           Ұлым саған айтайын өсиетін дананың:

                                              Білімдіні таны да, соңынан ер, қарағым.

                                                                                   Махмұд Қашқари

Сабақтың мақсаты:

1.Білімділік: Қазақстанның өз ұлттық ақшасына көшу тарихы мен оны маңызы туралы түсіндіру.

2. Дамытушылық: оқушылардың тапқырлық, ізденімпаздық қасиеттерін қалыптастыру, оқушыларды дұрыс сөйлеуге, сауатты жазуға дағдыландыру, сабақтың негізгі мақсатына жету.

3. Тәрбиелік: оқушылардың бойында Қазақстанның дербес мемлекет ретінде қол жеткізген жетістіктеріне мақтаныш сезімдерін ояту.

Сабақтың әдісі: түсіндіру, әңгімелесу, ойландыру, жаттықтыру, сұрақ-жауап.

Сабақтың түрі: аралас.

Көрнекіліктері: оқулық, Қазақстан қалаларының көріністері, атаулары, Қазақстанның картасы, мақал-мәтелдер, жазылған плакаттар, Қазақстанның темір, қағаз ақшалары, кестелер, теңгеде бейнеленген ұлы ғұламалар суреттері, жолдама үлгілері,<<Жер-судың аты-тарихтың хаты>> кітабы, түрлі газет мақалалары.

Сабақтың барысы :

I.Ұйымдастыру бөлімі.

Әнұранды орындау. Оқушылардың сабаққа даярлығын тексеру. Сабақтың мақсатымен таныстыру.

II.Үй тапсырмасын тексеру: өткен тақырыптарды пысықтау

*Балалар біз қандай лексикалық тарауды өтіп жатырмыз? (Қазақстан Республикасы)

*Біздің  Отанымыз-Қазақстан Республикасы туралы не білдік?

*Өткен сабақта қандай тақырыпты өттік?: (<<Қазақстан қалаларының аттары нені білдіреді?>>)

Ендеше, осы тақырыпқа байланысты Қазақстан қалаларына саяхат жасаймыз, зерттеу жұмысын жүргіземіз. Таңдаулы қала атауын дұрыс түсіндіріп берген оқушы қосымша тапсырма алып, сұрақ жауапқа тартылады. Тапсырманы дұрыс орындаған оқушаға осы Қазақстан қалаларындағы демалыс үйлеріне жолдама ұсынылады.

1.Тақтада (карта сызбасы бойынша) ілінген бір қала атауын таңдау, картадан көрсету.

2.Қала атауын шығу тарихын, мағынасын түсіндіру.

3.Қазіргі қала жетістіктерін атап кету.

4.Қала артында берілген тапсырманы орындау.

Тапсырма үлгілері:

1.Қазақстанның Мемлекеттік Елтаңбасын суреттеп беріңіз, авторын атаңыз.

2.Қазақстанның Мемлекеттік Туын бейнелеп беріңіз.

3.Қазақстанның  Мемлекеттік Әнұранын жатқа оқып беріңіз, авторларын атаңыз.

4.Қазақстанның жері, байлығы туралы айтып беріңіз.

5.Қазақстанның экологиялық аймақтары туралы әңгімелеңіз.

6.Отан туралы бір өлеңді жатқа оқып беріңіз, авторын атаңыз.

7.«Тәуелсіздік» өлеңін жатқа оқып беріңіз, авторын атаңыз.

8.Отан туралы мақал-мәтелдер айтып беріңіз.

9.Қазақстанның тұңғыш ғарышкері туралы әңгімелеңіз.

10.Қащақстанның Олимпиада жеңіскерлері туралы әңгімелеңіз.

III.Жаңа сабақ

А)Қабылдауға дайындық жүргізу.

-Қазақстан қандай мерекесін атап өтті?

-Биыл Тәуелсіздікке неше жыл толды?

-Былтыр Тәуелсіздікке неше жыл толды?

-Сонымен, біз қандай мемлекет азаматымыз?

-Ал, әр тәуелсіз, егеменді елдің өз несі  болу керек?

Ә)Жаңа тақырыпты баяндау.

    Тәуелсіздігіміздің бір белгісі-теңге. Теңге Қазақстанның ұлттық ақшасы.Оның қолымызға тигеніне 20 жылға аяқ басыпты. Әрбіріміздің көкейімізде тәуелсіздігімізге деген нық сенім ұялаған. Бұл біздің әрбіріміз үшін баға жетпес уақыт. Өйткені, 4 құбыла түгелденеді.Елтаңбамыз, әнұранымыз, көк Туымыз бар. Оған өзіміздің ұлылардың суреті салынған, көзге ыстық, көңілге жақын Теңге келіп қосылды.

«Теңге» сөзі-түрік тіліндегі «танға» немесе «данға» деген сөздерден шыққан. «Данға» сөзі «даңғыр» деген етістік тұлғасынан шыққан. Жібек жолы заманында темір және мыстан жасалған ақшалар болған, оларды шелектеп тасып жүрген. Олардың даңғырынан «даңғыр» деп аталып, «данга» сөзі шыққан.

Сонымен, әрбір дербес мемлекеттің өз ұлттық ақшасы бар. Мысалы Ресейде-рубль, Германияда-марка, АҚШта-доллар,т.б Ал Қазақстанда-теңге.

Б)Теңге туралы үн таспадан мәтін тыңдау.

Егемен Қазақ елі өзінің жаңа ұлттық валютасын 1993 жылы қарашаның 25-де шығарды. Бұндай жақсы жаңалық қазақ елінің мәртебесін жоғары көтерді. Сөйтіп қарашаның 25-нен бастап «Теңге» егемен елдің өз ұлттық «Ақшасы». Олар: 1 теңге 3 теңге 5 теңге, 10 теңге, 20 теңге, 50 теңге, 100 теңге, кейінірек 200,500,1000,2000,5000 теңге қосылды 1 теңге 100 тиынға тең. Темір тиындар: 1,2,5,10,20,50 тиын. Теңгеде ғұлама ғалым ойшыл, философ-ғалым әл-Фарабидің бейнеленген.

Тағы қандай теңгелерде әл-Фарабидің бейнесі бейнеленген: - деп теңге үлгерімін (көшірмелерімен) жұмыс атқару, дәптерлеріне жаздыру.

3 теңге , 5 теңгеде , 10 теңгеде, 20 теңгеде, 50 теңгеде, 100 теңгеде, 200 теңгеде кімдердің  бейнесі бейнеленген? Олар кімдер?

Халық ақша құнын, оның толығу  жолдарын жақсы білген. Соған орай, мынадай мақалдар қалыптасқан.

1.Теңге тиыннан өсер, жылқы құлыннан өсер.-Копейка рубль бережет.

2.Еңбексіз табылған, есепсіз жұмсалады.-Без труда добытое легко расходится.

IV.Тапсырмаларды орындау.

Мақалдардың мазмұнын талдып, өз сөздерімен айтқызу.

Мәтін бойынша тусінгендерін сұрау.

Оқушылар бір-біріне сұрақ қояды.

«Кім миллион ұтады?» ойынын жүргізу.

Тапсырма үлгілері: Ойынның шарты: Әр теңгеде өсу деңгейіне байланысты әр түрлі деңгейлік  тапсырмалар ұсынылады. Тапсырманы ауызша, жазбаша орындау оқуша еркінде, орындаған оқушы ұтысқа жетеді.

5000 теңгеде:

а)«Ұлттық ақша» тақырыбына бір-екі салалас құрмалас  сөйлем ойластырыңыз, қай түрі екенін айтып түсіндіріңіз.

ә)«Теңге» тақырыбына салалас құрмалас сөйлем құрастырыңыз, түрін анықтаңыз.

2000 теңгеде: сөз тіркесін сөйлем мүшелеріне талдаңыз.

а)Біз тауарды ақшаға сатып аламыз.

ә)Ұлттық ақша Мемлекетіміздің дербестігін білдіреді.

1000 теңгеде: Берілген сөздерін салалас қурмалас  сөйлем құрастырыңыз, түрін анықтаңыз.

а)Елу біресе, теңге, қағаз, ақша, болып шықты, біресе темір ақша болып шықты, елу теңге.

ә)әл-Фараби, 200, теңгеде, де бейнесі ,500, бейнеленген,  теңгеде де бейнеленген.

500 теңгеде:

а)Теңгеде сөзін септі, сөйлем ойластыру.

ә)Ақша сөзін тәуелді, сөйлем ойластыру.

V.Сабақты бекіту

Ұлттық ақша ненің белгісі?

Қазақстанның ұлттық ақшасы қалай аталады?

Ол қашан шықты?

Теңгеде кімдердің бейнесі салынған?

V.Үйге тапсырма беру:

1)Қазақстанның ұлттық ақшасы туралы әңгімелесу.

2)Мақал-мәтелдер жаттау.

VI.Қазақстан туралы«Қазақ елі» әнін орындау.

 

 

 

 

 

 

 

  

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Презентация по казахскому языку на тему ҰЛТТЫҚ ТЕҢГЕ-ТӘУЕЛСІЗДІК БЕЛГІСІ"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Тьютор

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 976 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.01.2016 847
    • DOCX 18.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мусагожанова Шырын Баубериковна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 4 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 3671
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 188 человек из 49 регионов

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 158 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 336 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 290 человек из 67 регионов
  • Этот курс уже прошли 852 человека

Мини-курс

Психология расстройств пищевого поведения

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 163 человека из 53 регионов
  • Этот курс уже прошли 104 человека

Мини-курс

Методика образовательных игр с детьми раннего возраста

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 18 регионов
  • Этот курс уже прошли 36 человек

Мини-курс

Интеллектуальная собственность: медиа и фотографии

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 45 человек из 26 регионов