Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Опубликуйте свой материал в официальном Печатном сборнике методических разработок проекта «Инфоурок»

(с присвоением ISBN)

Выберите любой материал на Вашем учительском сайте или загрузите новый

Оформите заявку на публикацию в сборник(займет не более 3 минут)

+

Получите свой экземпляр сборника и свидетельство о публикации в нем

Инфоурок / География / Презентации / Презентация по географии на тему "Водные ресурсы Африки" 7 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • География

Презентация по географии на тему "Водные ресурсы Африки" 7 класс

Выберите документ из архива для просмотра:

Выбранный для просмотра документ Африканың өзендері мен көлдері.docx

библиотека
материалов

Тақырыбы: Африканың өзендері мен көлдері.

Мақсаты:

Білімділік : Африканың өзендері мен көлдері және олардың ерекшеліктері туралы түсіндіру.

Дамытушылық: Оқыту барысында әр түрлі әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың білімін әрі қарай дамыту.

Тәрбиелік: Оқушыларды табиғатты қорғауға сүюге тәрбиелеу. Ізденімпаздыққа баулу, өзен көлдерді қорғауға және оның қажеттілігін түсіне білуге үйрету.

Сабақтың оқу жабдығы: Африканың климаттық, физикалық картасы, интер белсенді тақта, слайдтар, үйлестірмелі құралдар.

Сабақ түрі: аралас

Сабақ әдісі: картамен жұмыс, баяндау, иллюстративтік.

Пән аралық байланыс: биология.

Сабақ барысы:

I. Ұйымдастыру.
II. Үй тапсырмасын сұрау.
III. Үй тапсырмасын қорыту.
IV. Жаңа сабақ.
V. Жаңа сабақты бекіту.
VI. Үйге тапсырма беру.
VII. Оқушылардың білімін бағалау.


І. Ұйымдастыру кезеңі:

а) Салемдесу, оқушылардың саббаққа қатысын тексеру;

ә) Оқушылардың оқу құралдарын тексеру;

б) Психологиялық дайындық.

ІІ. Үй тапсырмасын сұрау.

  1. Африканың климат қалыптастырушы факторлары қандай?

  2. Африканың климаттық белдеулерін ата? Олардың орналасуының қандай ерекшеліктері бар?

  3. Экваторлық климаттық белдеудің ерекшелігі?

  4. Тропиктік климаттық белдеуге сипаттама бер?

  5. Солтүстік және оңтүстік жары шардағы бірдей климаттық белдеулердің айырмашылықтары?

  6. Африканың жағалық шөлдік климатының ерекшелігі?

III. Үй тапсырмасын қорыту. «Географиялық диктант»

  1. Африка жер шарындағы ең ыстық материк, себебі оын экватор сызығы кесіп өтеді.

  2. Материктің ең салқын температурасы +8̊ с, орташа температурасы +20 ̊ с , ең жоғары температура Әл – Азизия қаласында 1933 жылы +58 ̊ с .

  3. Солтүстік жарты шарда субэкваторлық климаттық белдеуде шілде, тамыз айларында ауа райы ыстық, жаңбырлы, қапырық , ал оңтүстік жарты шарда субэкваторлық климаттық белдеуде ыстық, құрғақ , ауа райы қалыптасады.

  4. Африка жерінің көп бөлігіне экваторлық және тропиктік ауа массалары әсер етеді, ал қиыр оңтүстік және солтүстік жағалық бөліктеріне қоңыржай ауа массалары әсер етеді.

  5. Гвинея шығанағынан соғатын пассат желдері батыс жағалық бөлігіне ылғалды экваторлық ауа ағынын әкеледі, таудың батыс беткейінде жылдық жауын – шашын Дебунджа қаласында 10470 мм түседі.

  6. Материкті 4 климаттық белдеу кесіп өтеді.

  7. Сахарада жазда соғатын құмды дауылдарды самум желі деп атайды.

  8. Жылдық жауын – шашын ең аз түсетін жері Хартум қаласы 100мм.


IV. Жаңа сабақ.

Африка- үлкен өзендер құрлығы. Ол құрлық ішкі суларының жылдық ағынының мөлшері (5400 км3) бойынша Еуразиямен Оңтүстік Америкадан кейінгі орында тұр. Өзендер экватор төңірегі мен құрлықтың оңтүстік-шығыс жағалауында жиі. Шөлді аудандарда, әсіресе, Сахарада климаттың ертеде ылғалды болғанын аңғартатын құрғақ өзен арналары (вади) көптеп кездеседі. Ірі өзендері  Ніл (6671 км, дүние жүзіндегі ең ұзын өзен), Конго, Замбези, Нигер, Оранж. Нілдің су алабының кеңдігі соншалық. ол бүкіл Африка құрлығының оннан бір бөлігін торлап жатыр. Ніл Руанда мен Эфиопияаның таулы аймақтарынан бастау алып, оңтүстіктен солтүстікке қарай қарай ағады. Оранж өзенінің төменгі бөлігі Калахари мен Намибия шөлдері арқылы ағады. Өзеннің сағасында өте бай гауһар кені бар. Асау Нигер өзені Батыс Африканың бес мемлекетінің қалқы үшін азық пен су көзі болып отыр. Африканың жиырмадан астам тайпасы тіршілігін Нигермен байланыстырып, осы өзенге үміт артады. Заир ( Конго) өзені ұзындығы жағынан әлемде бесінші орында. Ал қара құрлықта солтүстік шығыс Африкадағы Нілден кейін екінші орында. Замбези - Африканың Ніл, Заир, Нигер өзендерінен кейінгі төртінші өзен жүйесі. Ол Орталық Африкадан Үнді мұхитына қарай алты мемлекеттің жерінен ағып өтеді. Лимпопо өзені Ботсванадан бастау алады. Өзен арналарында шоңғалдар мен сарқырамалар көп кездеседі. Замбези өзенінің бойында атақты Виктория сарқырамасы бар (биіктігі 120 м, ені 1800 м). Құрлықтағы өзендердің гидроэнергетикалық мүмкіндігі өте жоғары. Ірі артезиан алаптары Сахара мен Калахари жерінде жатыр. Африка көлдерінің ірілері: Виктория,Танганьика, Ньяса, Рудольф, Чад.


«Сандар сөйлейді»

  1. 6671 км - Ніл өзенінің ұзындығы.

  2. 933 м - Тугела сарқырамасының биіктігі.

  3. 68 мың км2 - Виктория көлінің ауданы.

  4. 1/3 - Ішкі тұйық алапқа жатады.

  5. 1435 м - Танганика көлінің тереңдігі.

  6. 4-7 м - Чад көлінің тереңдігі.

  7. 4320 км - Конго өзенінің ұзындығы.

  8. 120 м - Виктория сарқырамасының биіктігі.


Атлас картадан төмендегі объектілерді тауып көрсетіңдер.


Көлдері: Виктория,Чад, Танганьика, Ньяса, Рудольф, Тана, Чад, Альберт.

Өзендері: Ніл, Кагера, Нигер, Конго, Луалаба, Оранж, Замбези, Сенегал, Лимпопо. Сарқырамалары: Тугела, Каламбо, Ауграбис, Виктория.

Мұхит пен теңіздері: Үнді, Тынық, Жерорта.

Биіктік белдеулері: Эфиопия, Кения, Кап, Айдаһар, Ұлы Шығыс Африка жарылыстары.

Шөлдері: Сахара, Калахари, Намиб.


Жаңа ұғымдар:

Үнді мұхиты, Тынық мұхиты, Жерорта теңізі, Виктория,Чад, Танганьика, Ньяса, Рудольф, Тана, Чад, Альберт, Нгами, Ніл, Кагера, Нигер, Конго, Луалаба, Оранж, Замбези, Сенегал, Лимпопо, Убанги, Ломами, Тугела, Каламбо, Ауграбис, Виктория сарқырамасы.


V. Жаңа сабақты бекіту.

  1. Африка материгінің өзендері қандай алаптарға жатады?

  2. Неге Африка жерінде ішкі тұйық алап көп бөлікті қамтиды?

  3. Ең суы мол өзені қандай?

  4. Материктегі өзен торларының таралуына жер бедері қалай әсер етеді?

  5. Көлдер неге Африканың шығысында шоғырланған?

  6. Ең ірі сарқырамаларын ата?

  7. Ақ Ніл және көк Ніл деп не себепті айтады?

  8. Экваторды екі рет кесіп өтетін өзен?


VI. Үйге тапсырма беру. §48 Африканың өзендері мен көлдері. Кескін картаға Африканың ірі көлдері мен өзендерін, сарқырамаларын мен бөгендерін белгілеу.


VII. Оқушылардың білімін бағалау.














Краткое описание документа:

Тақырыбы:Африканың өзендері мен көлдері.

Мақсаты:

Білімділік : Африканың  өзендері мен көлдері және олардың ерекшеліктері туралы   түсіндіру.

Дамытушылық: Оқыту барысында әр түрлі  әдіс тәсілдерді қолдану арқылы оқушылардың білімін әрі қарай дамыту.              

Тәрбиелік: Оқушыларды  табиғатты қорғауға  сүюге тәрбиелеу. Ізденімпаздыққа баулу,  өзен көлдерді қорғауға және оның  қажеттілігін түсіне білуге үйрету.

Сабақтың оқу жабдығы:Африканың климаттық, физикалық  картасы, интер белсенді тақта, слайдтар, үйлестірмелі құралдар.

Сабақ түрі:аралас

Сабақ әдісі: картамен жұмыс, баяндау, иллюстративтік.

Автор
Дата добавления 03.02.2015
Раздел География
Подраздел Презентации
Просмотров292
Номер материала 361775
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх