Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыПубликация на тему Электронды білім ресурстары және заманауи үлгідегі қазақ тілі сабағы""

Публикация на тему Электронды білім ресурстары және заманауи үлгідегі қазақ тілі сабағы""

Скачать материал

Электронды оқыту ресурстары және заманауи

 үлгідегі қазақ тілі сабағы

Мухсинова А.М.

«№23 ЖББОМ» КММ

Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі

 

Мағжан Жұмабаев: «Мектептің жаны – мұғалім. Мұғалім қандай болса, мектеп сондай болмақшы. Яғни, мұғалім білімді болса, ол мектептен балалар көбірек білім алып шықпақшы. Солай болған соң, ең әуелі мектепке керегі – білімді, педагогика, методикадан хабардар, жақсы оқыта білетін мұғалім» -деп айтқан болатын. Міне, қазіргі таңда ұлы ақынның сөзін ақиқатқа жеткізудің шарықтау шегі де осы. Бүгінгі таңда оқытудың түрлі жаңа педагогикалық технологиялардың туындауы да осының дәлелі.

Заманауи ақпаратты технологиялардың дамуына орай жаңаша оқыту модельдері де пайда болуда. Мұндай оқыту жүйелері ақпаратқа деген қатынасымызды күрт өзгертті. Білім беру жүйесінің жаңашалануына зор мүмкіндіктер туындады. Мен өзімнің барлық сабақтарымды ақпараттық технологияны пайдалану арқылы өткіземін.

 

 

 

 

 

 


Қазіргі уақытта көптеген сандық /цифрлық/ білім ресурстары, оқу үрдісін ұйымдастыратын бағдарламалар көптеп құрылуда. Бұл жинақтар күннен күнге толықтырылу үстінде. Оқушыларым интернет жүйесінде өткізілетін олимпиадаларға, байқауларға, тестілеулерге қатысып отырады. 2012-2013 оқу жылында Республикалық интернет олимпиадасына 6 сынып оқушы Айтқалиев Аян  қатысып жүлделі ІІІ орынды иеленді.

 Е-Learning электрондық оқыту жүйесінде анимациялық суреттер, ережелер, кестелер, сызбалар, мәтіндер, электронды тестілеулер, сөздіктер мен түсіндірме сөздіктер қоры өте көп. Қазақ тілі сабағында ЭОР пайдалану оқыту әдістерін түрлендіреді, оқушының іс-әрекетін, белсенділігін арттырады, шығармашылық қабілетін қалыптастырады. Тірек-сызба, көрнекіліктер, презентациялар жасау уақытты үнемдеуге және материалдар да эстетикалық жағынан  көрнекі болады.  Сөзжұмбақтар, бейнесөздер пайдалану,  берілетін тапсырмаларды түрлендіріп көрсету, сабақты бекіту барысында электронды тестілеу жұмыстарын пайдалану  сабаққа деген қызығушылықты арттырады және сабақта жайлы эмоционалды орта тұғызады.

Қазақ тілі сабағында көптеген электрондық ресурстарды: мультимедиялық презентацияны жаңа тақырыптарды өту кезінде, шығармашылық  тапсырмаларды орындау барысында, сергіту сәттерінде   пайдаланамын. Презентацияда барлық мүмкіндіктерді қиыстыруға  болады: түрлі тақырыптық суреттер, тестілеулер, бейнекөрініс, аудио жазбалар, музыкалық сүйемелдеулер және басқа да ЭОР сілтемелер арқылы көрсетуге болады. Басқа ресурстарға қарағанда презентацияны «әмбебап ресурсы» деп атауға болады. Презентация жасау материалдарды таңдап алуда, оның құрамын ойластыруда,оларды түрлендіруде мұғалімнен үлкен дайындықты қажет етеді.

 

 

 

 

 


Қазақ тілі сабағындағы жарыс түріндегі өткізілген сабағымнан үзінді: Оқушылар слайдтар бойынша берілген сұрақтарға курсорды апарып тышқанның оң жағын басу арқылы дұрыс жауап беретін болса, «Жарайсың!», қате жауапқа «Ойлан!» деген сөз шығуы тиіс. Бұл функция тригер деп аталады.

          

        Сабақты бекіту кезеңінде ЭОР-ғы тестілеу жұмыстары оқытылған материалдарды жүйелендіруде пайдалы. Электронды тестілеулердің артықшылығы оның жоғары деңгейдегі интерактивтілігінде: білім деңгейін бақылауда және ережелерді еске түсіруде көмегі зор.

Электрондық ресурстардың ішінде кешендісі - электрондық оқулықтар. Электронды оқулықтар – оқу пәнінің негізгі ғылыми мазмұнын қамтитын компьютерлік технологияға негізделген оқыту, бақылау, модельдеу, тестілеу және басқа да бағдарламалар жиынтығы.  Қазіргі электрондық оқулықтарды шартты түрде оқулықтардың электронды көшірмесі және мультимедиялық электрондық оқулықтар деп жіктеуге болады. Соңғысының біріншісінен айырмашылығы – онда түрлі видеороликтер, бейнеқатарлар, анимациялар, интерактивті тапсырмалар мен суреттер, виртуалды лабораториялар, 3D-модельдер және тесттердің болуында. Интерактивті тапсырмалар оқушыларды бағалауға өте тиімді.

Электрондық оқулықтарды сабақтарда пайдалану

оқушыға:

мұғалімге:

уақытты үнемдеуге, өтілген және ұмытып қалған материалдарын еске түсіруге;
оқулықта кездеспейтін қосымша материалдарды қысқа уақытта табуға;

түсінбеген материалдарды шексіз қайталауға;
өз бетінше оқу қызметін жүзеге асырып, жұмыстың барлық кезеңінде өзін-өзі тексеруге;
өз деңгейінде тапсырмаларды таңдауға;

оқыту қызметін ұйымдастыру процесінде қазіргі заманғы ақпараттық технологиялардың мүмкіндіктерін пайдалануға;
оқу процесінде мультимедиа технологияларын, гипермәтіндік және гипермедиа жүйелерін пайдалануға;
оқушылардың интеллектуалды мүмкіндіктерін, білім, дағды, іскерлік деңгейлерін, сабаққа дайындық  деңгейлерін бақылауға;
оқытуды басқаруға, тестілеудің нәтижелерін бақылау процесін автоматтандыруға, интеллектуалдық деңгейіне қарай тапсырмалар беруге;
кері байланысты іс жүзінде тез арада қамтамасыз етуге.

Электрондық оқулық жай оқулықтарға өте тиімді қосымша мүмкіндіктер береді. Оқу үрдісін дәстүрлі және электронды оқытуды кіріктіру арқылы жүргізу оқушының пәнге деген қызығушылығын арттырып, оқыту сапасын жетілдіруге көмектеседі.

  10 сыныптағы қазақ тілінен «Босаң норма», «Қатаң норма» тақырыптары кезінде электронды оқыту жүйесіндегі берілген тапсырмалар бойынша оқушылар қатаң норма мен босаң нормаға жататын сөздерді тінтуір арқылы жылжытып қояды да, тапсырма аяқталғаннан кейін «тексеру» батырмасы арқылы тапсырманың қалай орындалғанына көздерін жеткізеді.

Мысалы:

Сөздер

Қатаң норма

Босаң норма

Бешпет

+

 

Бешпент

 

+

Теңдік

+

 

теңілік

 

+

           8-сыныптағы «Жай сөйлем. Жай сөйлемнің түрлері» тақырыбы бойынша алдымен  электронды оқыту жүйесіндегі мультимедия тыңдатып, берілген тапсырмаларды орындатамын.

1-тапсырма: Берілген жалаң сөйлемдерден жайылма сөйлем құрастыру:

Жалаң сөйлем

Жайылма сөйлем

Таң атты.

Таң арайланып атты.

Айнаш тұрды.

Айнаш ерте тұрды. 

Сағат жүріп тұр.

Сағат сыртылдап жүріп тұр.  

 2-тапсырма: Жақты сөйлемдерді жақсыз сөйлемге айналдыру:

Жақты сөйлем

Жақсыз сөйлем

Ақыл жүректің пәктігін сақтайды.

Ақыл мен жүректің пәктігін сақтауға болады.

Шешімді асығыс қабылдама.

Шешімді асығыс қабылдауға болмайды.   

3-тапсырма: Суретке қарап атаулы сөйлем құрастырып жаз:

http://massaget.kz/userdata/news/news_7011/thumb_b/photo.jpeg    http://altaynews.kz/kaz/uploads/posts/2012-11/1352371154_winter_30.jpg

7 сыныптағы «Есімшенің түрленуі» тақырыбында презентацияның көмегімен  сын тұрғысынан  ойлаудың  әдістерін  пайдаландым.  Есімшенің түрленуінің топтастыру әдісі:

етістік
,есімдерше
,Есімше,көптеледі,тәуелденеді,септеледі,жіктеледі
 

 

 

 


Оқушылар тақтада есімшені түрлендіреді: Айтар-жіктеледі. Білген-тәуелденеді. Баратын-септеледі. Оқитын септеледі. Мультимедия арқылы есімшенің түрленуіне  мысалдар қамтылды.Алдын-ала жазылып қойылған теориялық диктантты оқушылар аудио жазба арқылы тыңдап жазады. Мысалы: Төре ауылына кел ... (есімшенің жұрнағы, жатыс септігі) сары бала сондай қуан... (есімшенің жұрнағы). (келгенде), (қуанған). Ақыл айт ... (есімшенің жұрнағы) ту ... (есімшенің жұрнағы), (көптік жалғауы). (айтар), (туғандар).

Әр сабақты ЭОР қолдану арқылы өткізсек, оқушыларды пәнге деген қызығушылығымызбен баурап алатынымыз сөзсіз. Мұндай технологияларды қолдануда - біріншіден, оқытушы ұтады, яғни ол сабақты тиімді ұйымдастыруға көмектеседі, оқушының пәнге деген қызығушылығы артады, екіншіден, оқушы ұтады, себебі оның тақырып бойынша  танымы кеңейеді. Осылайша білім берудің қалыптасқан әдістемесіне оқытудың жаңа технологиясы тұрғысынан өзгерістер енгізілсе, білім сапасы да арта түспек деп ойлаймын.

Пайдаланылған әдебиеттер:

1.     «Қазақ тілі мен әдебиеті журналы» №11, 2006, 24-б.

2.    Инновациялық білім беру үрдістерінің мәні, түрлері және құрылымы //Ізденіс. –Алматы, 2005. №3 (2).

3.    Б. Әбдікәрімұлы, М.Г.  Соколова  Оқыту  технологияларының білім  сапасын  көтерудегі ықпалы (Алматы, 2004)

4. Интернет  жүйесі.

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Публикация на тему Электронды білім ресурстары және заманауи үлгідегі қазақ тілі сабағы"""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель службы приёма заявок

Получите профессию

Менеджер по туризму

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 132 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 22.11.2015 1300
    • DOCX 384 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Мухсинова Айгуль Мухсиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Мухсинова Айгуль Мухсиновна
    Мухсинова Айгуль Мухсиновна
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 4
    • Всего просмотров: 114744
    • Всего материалов: 31

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Испанский язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель испанского языка

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 107 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 284 человека

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания иностранных языков в начальной школе

Учитель иностранного языка в начальной школе

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 195 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 521 человек

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Личностное развитие и отношения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Российское движение школьников (РДШ): воспитательная работа

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 12 человек

Мини-курс

Психология общения: от многоплановости до эффективности

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 50 человек из 29 регионов
  • Этот курс уже прошли 12 человек