Инфоурок Другое КонспектыРазработка кураторского часа по теме "25-летие Независмости РК"

Разработка кураторского часа по теме "25-летие Независмости РК"

Скачать материал

Куратор  сағаты

                             10 «D»

 

Сабақтың тақырыбы

                        «Ата-баба аңсаған  Мәңгілік Ел»

 

Сабақтың мақсаты

Тәуелсіз еліміздің 25 жыл бойы дамуы туралы білімдерін кеңейту және қорыту, «Мәңгілік Ел» идеясы туралы ойларын кеңейте отырып, білімді ұрпақ болуға тәрбиелеу.

 

Оқушы үлгісі

Зерделі, талдағыш,ізденімпаз,тәуекелшіл

 

Жабдықталуы

Әрбір топқа ватман қағазы,  маркер, презентация, үлестірмелі парақтар.

 

Күтілетін нәтиже

 «Қазақстан -2050» стратегиясының маңызы мен мақсатын түсіндіру арқылы мәңгілік ел-идеясының маңызын түсінді. Қазақстанның 25 жыл ішіндегі жетістіктерін,ел тарихын білді.

 

Сабақтың кезеңдері

Сабақтың барысы

Оқушыларлардың әрекеті

Уақыты

 

Ұйымдастыру кезеңі

-          Амандасу. Шаңырақтың ұранын айту.

-          Активити.

Оқушылар щеңберге тұрады. 1-2 болып саналады. Біріншілер щеңбердің ішкі жағына тұрады, екіншілер қарама-қарсы. Әр жұпқа бір суреттен беріледі. Оқушылар суретке байланысты бір сөйлем құрастырады.

-Балалар, сонымен бүгінгі сабақтың тақырыбын анықтайықшы.

Дұрыс, бүгінгі сабағымыздың тақырыбы Қазақстан Республикасының 25- жылдығына арналған. Тәуелсіздік - ең басты құндылығымыз. Тәуелсіздік күні еліміздің барлық азаматтары үшін орны ерекше мереке деп білеміз, себебі, осынау жүрекжарды қуанышқа толы күнді ата-бабаларымыз ғасырлар бойы армандап, күтумен өтті. 

 

 

 

 

 

Оқушылар сөйлемдер құрастырады.

Оқушылар ойларын айтады

 

 

 

 

 

 5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  

 

Негізгі кезең

I. Үй тапсырмасын қорғау.

1 топ. Қазақ хандығы (видео, көрініс)

2 топ. Тәуелсіздік  

шежіресі (коллаж)

3 топ «Мәңгілік ел» идеясы (презентация)

Мәңгілік ел - ата-бабаларымыздың сан мың жылдан бергі асыл арманы.  Ол арман –әлем елдерімен терезесі тең қатынас құратын, әлем картасынан ойып тұрып орын алатын тәуелсіз  мемлекет атану еді. Біз армандарды ақиқатқа айналдырдық мәңгілік елдің іргетасын қаладық.Ұлы мақсаттарға жетелейтін идея бар -Мәңгілік Ел идеясы. Мәңгілік Ел болу біздің өз қолымызда.

 

II. Топтық  жұмыс.

Оқушыларды топтарға бөлу.

1 топ: «Патриот» моделі (ассоциативтік баспалдақ)

2 топ: Хан дәуіріндегі тәуелсіздік және қазіргі кезедегі тәуелсіздік (Венн диаграммасы)

3 топ:Тәуелсіздік шырағындағы менің мектебім

Критерийлер.

1. Жобада өзін міндетті түрде көрсету

2.Үш тілді қолдану.

3.Тақырыпты толығымен ашу.

 

Соңында барлық топтар қорғап болғаннан кейін, әр топ бір -бірін бағалайды.

Бағалау парақтары.   

 

Оқушылар алдын ала берілген тапсырмаларын көрсетеді

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар Патриот, Тәуелсіздік,  Мектеп қоғамдыстығы болып 3 топқа бөлінеді.

 

 

Оқушылар  жоба жасайды және қорғайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Басқа топтарды бағалайды

 

 

 

15 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                                    Қорытынды кезең

Рефлексия.

Тәуелсіз Қазақстан- бұл...

Қазақстан әлемдік аренада...

Қазақстанның жетістіктері.....

«Мәңгілік Ел» идеясы -....

 

Ортаға    балалар шығады. Хайролла Алина «Тәуелсіздік» авторлық өлеңін оқиды. Барлық оқушылар, қонақтар «100 ән» жобасынан «Өз елім» әнін орындайды.

   Байлығымыз да, бақытымыз да болған мәңгілік тәуелсіздігімізді көздің қарашығындай сақтай білуіміз керек. Әрбір күніміз мерекелі. Әрбір ісіміз берекелі болсын! Дамуымыз жедел, келешегіміз кемел болсын!

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар ән айтады

 

 

   3-5  мин

 

 

 

5 мин

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

Көшбасшы қасиеттері

 

Күні:

 

 

Мақсаты:

1.Оқушылармен көшбасшы және көшбасшылық деген сөздердің мағынасын талқылау, не үшін қажет және қандай қасиеттерге ие болуы қажет деген сұрақтарға жауап алу, нағыз көшбасшы топта қалай жұмыс жасауы керек.

2. Көшбасшының қоғаммен байланысын анықтау, бір-біріне деген қарым-қатынасы жайлы анализ жасау.

3.Көшбасшылық қасиеттердің  өзіндік бағасын беру.

 

Уақытты жоспарлау

Презентацияда көшбасшы жайлы ақпарат, танымал адамдар суреті, әлемге танымал көшбасшылар 

дерек-көздер

дид.матер

Ұйымдастыру кезеңі

5 минут

 

 

 

 

 

 

Тренинг «Сөзді суретпен сал»

Мақсаты: оқушыларды өзге оқушыларды тыңдай білуге және өз бойындағы сабырлықты дамытуға арналған.

Тақтаға бір оқушы шығып берілген сөзді суретке салады, қалған оқушылар сол сурет арқылы жасырылған сөзді табады.

( көшбасшыға тән қасиеттер)

 

скотч, а3 қағазы, фломастерлер.

Кіріспе бөлім

5 минут

 

Куратор сыныппен көшбасшылық жайлы талқылайды. Кеше ғана көшбасшы деген сөз біздің өмірімізге енген болатын. Бірақ кейінгі кезде  экономика және саясаттың күрт өзгеруіне байланысты көшбасшылыққа деген адамдар көзқарасы тез өзгерді. Барлық қоғамда көшбасшының болуы қажет жағдайға айналды және бұл дәлелденген факт болып қалады.

Талқылауға алынатын сұрақтар:

Көшбасшылық деген не?

Кім көшбасшы бола алады?

Көшбасшылық туа бітеме әлде кейін пайда болама?

Неліктен көшбасшылық өзекті мәселеге айналды?

 

 

Әлемге көшбасшылар қажет. Мүмкін сізде өз ортаңызда көшбасшысыз, бірақ көшбасшы болу сайлауды жеңу емес ...Көшбасшы топпен, қоғаммен жұмыс жасайтын адам, өзгелердің ойымен бөлісіп, белгілі бір мақсатпен жұмыс жасай алатын адам.

 

Негізгі бөлім

15 минут

Топпен жұмыс

Куратор сыныпқа көшбасшының қасиеттерін айтуды ұсынады. Ол үшін сынып 4-5 топқа бөлінеді.

 1)Топта көшбасшыға тән қасиеттерді талқылайды,

 2) Кейін топ өз жұмыстарымен бөліседі,  әр қасиетті маңыздылығына  байланысты ретімен жазып шығады.

 3) Қорытынды жұмыста барлық қасиеттер ішінен ең көп және барлық жерде кездесетін қасиеттер теріліп алынады және сол қасиеттер нағыз көшбасшыға тән қасиеттер болып саналады.

А3 форматы, түрлі түсті қарындаштар

 

Қорытынды бөлім

5 минут

Сынып ең соңғы іріктелген қасиеттер жайлы сөйлеседі. Оларды ары қарай арттыру мақсатында не істеу керектігі жайлы сөз қозғайды. Жиі кездесетін қасиеттер үлгісі:

 Ынтмақтастық

 шешім қабылдай білу

 ашықтық

 төзімділік

 еркіндік

 

 

 

Рефлексия

3 минут

http://www.ug.ru/uploads/images/method_article/inline/notitle6.JPG

 

әуен ырғағымен

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып

9G

Мерзімі   

Уақыты

Сабақ тақырыбы

Толераннтық және біз

 

 

 Сабақтың мақсаты

Оқушыларды «толеранттылық» ұғымымен таныстыру, көпмәдени білім беру процесінде толеранттылықты дамытуды қамтамасыз ету, оқушылардың бойында ынтымақтастық пен толеранттылық қасиеттерін қалыптастыру

Құрал-жабдықдар

презентация, таратпа материалдар

 Сабақ кезеңдері

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

 

Оқушыларды түгендеу, сабаққа қатынасуын қадағалау. Балалар,бүгінгі біздің таңғы жиынымыз толеранттылыққа, яғни бір-бірімізді сыйлауға, құрметтеуге, түсінуге, табиғи болмысымызбен қабылдауға үйренуге арналады. 

 

Негізгі кезең

 

Ой қозғау

 

 

Шығармашылық жұмыс

Куратордың іс-әрекеті:

Сәлемдесу. Кіріспе сөз:

Бір күні ақ нәсілді мен қара нәсілді адам кездесіп, ақ нәсілді адам айтыпты:

-          Сенің түрін қап-қара көмір сияқты, ұсқынсыз! Ал оған жауап ретінде қара нәсілді адам жауап беріпті:

-          Сенің де түрің оңып тұрған жоқ, ақ қағазбен орап қойған сияқты!

Екеуі көп дауласып, бір шешімге келе алмай, ақыр соңында бір  данаға барып, ақыл сұрауға бел буыпты. Дана кісі екеуінде тыңдап, ақ нәсілді адамға айтыпты:

-          Сенің қара нәсілді бауырың оңтүстік түніндей қара, оның көздері жұлдыздай жарқырауда...                                                                                                                                                          

Сосын дана кісі қара нәсілдіге қарап:

-          Ал сен, досым, өзіңнің ақ нәсілді бауырыңа қара! Ол аппақ қардай әдемі...

Ақ нәсілді мен қара нәсілді адам бір-бірлерінен ұялып, татуласыпты. Ал дана кісі болашақ туралы ойлап, көз алдына мынадай бейне елестеді: әр түрлі нәсілді адамдар бір-бірлерімен қол ұстасып, айнала би билеп, ән айтып мәз-мейрам болуда. Көздері бір-бірлеріне деген сүйіспеншілікке толы.

 

Сендерге аңыз ұнады ма? Ол бізді неге үйретеді? Барлық ұғымды бір сөзбен толеранттылық деп айтуға болады. Адам өмірде, қоғамда әр түрлі ұлт, дін  өкілдерімен араласады, сондықтан олардың мәдениетін де, дінін де, тілін де біз құрметтеуіміз керек. 

         Енді толератттылық сөзінің мағынасымен танысайық. «Толеранттылық» сөзінің анықтамасы әлем тілдерінде әр түрлі айтылады:  

            испан тілінде – өзіңнің ойларыңнан ерекшеленетін басқа пікірлер немесе идеяларды мойындау; 

             ағылшын тілінде – шыдамды болуға дайындық; 

             қытай тілінде – басқаларға мейірімді болуға мүмкіндік беру; 

             араб тілінде – басқаларға кешіріммен қарау, жұмсақ болу, шыдамдылық көрсету;

             орыс тілінде –  шыдамды, төзімді болу.

«Дұрыс сәлемдесе білесің бе?» ойыны

·         қолымызды кеуде тұсында айқастырып, иіліп сәлем беру (Жапония);

·         мұрнымызбен шүйіркелесу (Жаңа Зеландия);

·         арақашықтықты сақтап, бір-бірімен қол алысу  (Ұлыбритания);

·         қатты құшақтасып, бетінен үш рет сүю  (Ресей);

·         жақын тұрып, қатты қолын қысу  (Германия).

Толерантты тұлға.  Толерантты адамның бойында қандай қасиеттер болуы керек? «Мен...»   ойынды жалғастыр.

·         шыдамды және сабырлымын;

·         өзгенің ойы мен пікірін тыңдай білемін;

·         сендіру мен өзара түсінушілік арқылы ортақ мәселерді шеше аламын;

·         сәлемі түзу, тәртіпті;

·         өз мектебінің, қаланың, елінің патриоты;

·         табиғатты, мәдениетті қастерлеп, құрметтеймін;

·         еңбекқор, тәуелсіз, бақыттымын.

Біздің сыныбымыз – бұл шағын ғана отбасы. Және осы отбасында үнемі сыйластық пен татулық  орын алғанын, ұрыс пен түсініспеушіліктің болмағанын қалаймыз. Сондықтан, үнемі достықта, сыйластықта болып, бір-бірімізге артық ауыр сөздер айтпай, мейірімділікпен қарауымыз керек. Бір шаңырақ астында тату тәтті болып, сабағымызды оқып, «Есім хан» шағырағының намысын қорғауымыз керек

Балалардың жауабы тыңдалады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар өз ойларымен бөліседі

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар әрбір елдің, ұлттың сәлемдесу дәстүрімен танысып, үйренеді.

 

Қорытынды кезең

 ІІІ. Қорытынды.

Оқушылар сабақтан алған әсерлерімен бөліседі.

 

 

 Тілек ағашын толтырады

 

 

 

 

 

Тақырыбы:

Хабар болсаң, қорғаласың! (салауатты өмір салты)

 

 

Күні:

 

 

Мақсаты:

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формаларын құндылықтар арқылы негіздеу және   салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін дайындауға ықпал ету.

 

 

Уақытты жоспарлау

 

дерек-көздер

дид.матер

Ұйымдастыру кезеңі

5 минут

 

 

 

 

 

 

Тренинг «Денің сау болсын десең…»
Бір оқушы «Денің сау болсын десең…» деп ортаға шығады. Қалған оқушылар осы сөйлемді толықтырып аяқтап, шеңбер құрайды.

 

 

 

  әуен ырғағымен

Кіріспе бөлім

5 минут

 

 

Куратор: Адамның денсаулығы - қоғам байлығы. Әрбір адам өз денсаулығының мықты болу жолдарын қарастыру керек. Дені сау адамның көңіл – күйі көтеріңкі болып, еңбекке әрқашан құлшына кіріседі. Халқымыз «Дені саудың – жаны сау» деп орынды айтқан. Отанымыздың келешегі, көркеюі, балалар, сіздердің қолдарыңызда. Сондықтан сендердің таңдауларың - салауатты өмір салтын сақтау. 
Балалар, сендер қараңғы үйге кіріп келіп шам жақсаңыз, шам үйді жарық қылады. Көп қызыл гүлдің ішінен бір ақ гүл көрсең, көзің соған түседі. Біздің де өмірімізді жарық қылатын, жан –жағымызға тамаша сәулесін шашатын, өмірдегі басты байлық не деп ойлайсыңдар? 
Оқушылардың жауабы.  

 

 

  презентация

Негізгі бөлім

20 минут

 

 

Сергіту сәті

 

 

1.      Сөз мектеп дәрігеріне беріледі.  «Бала тәрбиесіндегі гигиенаның басты ролі» 17 мин.

 

2.      Би – қозғалыс. Қозғалыс – денсаулық. Денсаулық – зор байлық. Би «Ақ бұлақ» - 3 мин.                                   

 

презентация

 

 

 

http://youtu.be/5WsGiEIxqYs

Қорытынды бөлім

5 минут

Топтық жұмыс. Топтың аты, ұраны және постер құру:

І.Денсаулыққа кері әсер ететін факторлар:

1.                  Қоршаған орта ластығы.

2.                  Дұрыс тамақтанбау.

3.                  Тұқымқуалаушылық.

4.                  Денсаулық сақтау шараларының төменгі сатыда болуы.

5.                  Зиянды заттарды қабылдау.

6.                  Тазалықты сақтамау.

7.                  Отбасындағы кері жағдайлар.

8.                  Адамда стресс жағдайы жиі болуы.

 ІІ.Денсаулыққа дұрыс әсерін тигізетін факторлар:

1.                  Дұрыс тамақтану.

2.                  Қоршаған орта тазалығы.

3.                  Дене шынықтыру.

4.                  Денсаулық сақтау, медициналық көмектің сапасының жоғары болуы.

5.                  Зиянды заттарды қабылдамау.

6.                  Жеке бастың тазалығын сақтау.

7.                  Қоршаған ортаға, табиғатқа, қоғамға, адамдарға деген дұрыс көзқараспен қарау.

8.Эмоциялардың оң болуы.

 

 

«Салауатты өмір салтын біздер сақтаймыз,

Жас ұландар ерініп бос жатпаймыз.

Болашақтың жарқын тұрған төріне

Дені сау ұрпақ салтанатпен аттаймыз».

Өркениеттің жолындағы елдің ертеңі- халқының саулығына байланысты. Дені сау халық - бай халық, халқының дені сау болып тұрса, мемлекеттің де мықты болып тұрары сөзсіз.  Салауаттылық- саулық кепілі, ал саулық- байлық негізі.

 

 

  А3 форматы, түрлі түсті қарындаштар

 

Рефлексия

3 минут

 

 

https://im0-tub-kz.yandex.net/i?id=5f8e0d18c92588e642f372aaed93f770&n=33&h=190 «Қолшатыр…» (әуен ырғағымен)
«Салауатты өмір салтын қалыптастыруда қандай құндылықтар қажет?»  Оқушылар қолшатырдың әр бөлігіне стикерге   НЗМ, «Мәңгілік ел» құндылықтарын   салауаттылықпен байланыстыра жазып іледі.

Салауатты өмір салтын қалыптастырудың мазмұны мен ұйымдастыру формалары мынаны көздейді (презентация арқылы тақтада )
- Жауапкершілік, өз денсаулығына жауапкершілікпен қарау;
- Табиғи сезімталдық, оқушылардың жас ерекшелігін ескеру;
- Ғылымилық, тек тексерілген ғылыми дәлелденген деректерге ғана сүйену;
- Экологияландыру адам организміне қоршаған орта факторларының  әсерін білу;
- Ұлттық аймақтық ерекшеліктерді ескеру, салауатты өмір салты туралы ұлттық салт-дәстүрлерімен танысып оны ұстана білу;
- Үздіксіз оқыту, салауатты өмір салты дағдыларын үздіксіз
қалыптастырып үнемі пайдалану;
- Әлеуметтендіру, салауатты өмір салтын ұстанған қоғам мүшесін дайындау.

 

 



 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып

9G

Мерзімі   

Уақыты

Сабақ тақырыбы

Стресс, оған қарсы әрекеттер

 

 

 Сабақтың мақсаты

Оқушылардың агрессивті күйін қауіпсіздендіру; Баланың бойындағы агрессивті мінездің ғылыми тұжырымдамасымен танысу, түрлерін талқылау;

Құрал-жабдықтар

тірек сөздер, слайд - презентация, оқушылар шығармашылығы. А3 қағазы, стикерлер.

 Сабақ кезеңдері

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

 

Куратор:

Сәлеметсіздер ме құрметті ұстаздар, оқушылар, бүгінгі таңдағы қоғамдағы ірі өзгерістер мен күрделене түскен экономикалық жағдайлар жас ұрпақ психологиясына айрықша әсер етіп қана қоймай күн сайын күшейе түскен мұндай қолайсыз факторлар жеткіншектердің қылмыстық жолға түсуіне де үлкен септігін тигізуде. Сол себепті біз бүгін сіздермен бірге өздеріңізге және қоршаған ортаға зиянкестік жасамай ғана агрессивті мінез - құлықты қалай игеруге болатыны жөнінде сөз қозғап, талдау жасаймыз.

       Ең алдымен жұмысымызды бастамас бұрын оқушылар 3 топқа бөлінсін. Әр топ өздерінің тобын таныстырады.

 

Негізгі кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой қозғау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Шығармашылық жұмыс.

Мини - дәріс
Ал құрметті оқушылар дәрісімізді бастамас бұрын мынадай сұрақтарға жауап беріп көріңіздерші:

● Стресс  дегеніміз не?
● Ол қай жастан басталады?

Стресс әрине, кенеттен пайда болмайды. Ол жеке адамдар арасындағы әртүрлі қарым - қатынастар, қорқытып - үркітуден пайда болады. Адамның түскен ортасының ерекшелігі агрессиялық әрекеттің жоғары немесе төмен болуына әсерін тигізеді. Мысалы: ауасы ауыр, темекенің иісі бар бөлмедегі агрессиялық әрекет, ауасы таза бөлмедегілерге қарағанда күштірек болады. Адамның жеке басының тәртібіне қатысты болады. Айталық, «дұрыс» адамдардың арасында басқаларға қарағанда ашуланшақ, өзін - өзі ұстай алмайтындар агрессивті көрінеді. Жеке тұлғалардың ішінде ең агрессивті болып келетіндерге мыналар жатады: қызғаншақ, көре алмайтын, шыдамсыз т. с. с. болып келеді.

Әсер етуші факторлар (слайдтан көрсету)
● Отбасындағы жайсыздық (түсінбеушілік, тұрмыстың төмендігі, әке - шешенің ажырасуы, ішкілікке салыну т. б)
● Дағдарысты күйге тап болу
● Проблеманы ашып көрсетуден гөрі үндемей қалуды жеңіл көреді.
● Қоршаған ортаға, болашаққа деген сенімді жоғалту.
Ежелден белгілі қағида - адам бойындағы таза қасиеттердің пайда болып, қалыптасуында отбасылық ықпалдың алатын орны ерекше. Отбасының рухани тірегі – Ата - ана. «Ерекше» оқушы әр сыныпта кездеседі: агрессиялық балалар, өте белсенді балалар, мазасыз балалар. Агрессиялық балалардың ата - аналары да агрессивті болуы жиі кездеседі, олар өздері оны сезінбей бой бермейді, сондықтан да олармен тіл табысу өте күрделі болып келеді.
Агрессивтілік бірнеше феномен арқылы түсініп білуге болады. Сол сияқты агрессивті мінез - құлықты көбінесе шетелдік ғалымдар зерттеген. Мысалы, А. А. Реан агрессивтілікті 5 базалық бағытқа бөледі: агрессияның инстинктілік теориясы, агрессивтілік мінез - құлықтың когнетивтік моделі деп. Психолог - ғалымдар агрессияны бірнеше түрге Э. Фромм екі түрлі, яғни «зиянды», зиянсыз» деп бөлген. Ал З. Фрейд пен К. Лоренц адам баласы агрессияны бағындыра алмайды, сондықтан оны керек бағытқа бұру керек деген. Ал А. Басс пен А. Дарки агрессияны төмендегі 5 түрлі түрін схема түрінде ұсынған. Агрессияның бұл түрі барлық жастағы адамдарға тән, ал кейде ерте кезеңнен басталады. Агрессия ми бөліктерінің әр түрлі ауруға шалдығуы немесе әлеуметтік жағдайларға байланысты пайда болуы мүмкін.

Дөңгелек үстел

Дөңгелек үстелге арналған сұрақтар және оны талқылау, пікір алмасу
Агрессиялық баланың портретін салу, қорғау.
Сыныптарыңызда агрессивті балалар барма?

 

Жағдаятты талдау.
1. Сыныбыңызда тәртіп бұзушылық болса, Сіз оны жасырасыз ба, жоқ әлде дер кезінде психологқа, мектеп әкімшілігіне, сынып жетекшіге хабарлайсыз ба?
2. Екі оқушы көшеде келе жатып бірін - бірі қағып кетеді. Екеуі біраз кикілжіңге барды. Соңында төбелеске ұласу қаупі туындады. Төбелісті болдырмау үшін не істеу керек.
3. Оқушы сабақта қандай болу керек.

Балалардың жауабы тыңдалады

 

 

 

 

 

 

Оқушыар өз ойларымен бөліседі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Оқушылар алған әсерлерімен бөліседі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қорытынды кезең

Валеологиялық тренинг:
1 - кезең. «Мен сабырлымын», «Мен тынышталамын», «Бәрі жақсы болады» деп іштей қайталап өзімізді сендіреміз.
2 - кезең. Сабаңа түсіп көңіл - күйің қалпына келгенше 10 - ға дейін сана.
3 - кезең. Құлақ қалқанын жеңіл қимылмен айналдыра сипала, басыңды қолыңмен қаусыра құшақтап, алақаныңды құлағыңа тигіз, мойныңды сипап иығыңды ысқыла.

 

Бүгінгі сабақты осы өлең жолдарымен аяқтағым келеді
Еділ бол да, Жайық бол, Ешкімменен ұрыспа.
Жолдасыңа жау тисе, Жаныңды аяп тұрыспа.
Ердің құны болса да, Алдыңа келіп қалған соң, Қол қусырып барған соң, Аса кеш те қоя бер, Бұрынғыны қуыспа.
Ақың болса біреуде, Айыбын тап та ала бер, Ерегісіп ұрыспа.
Сенікі жөн болса да, Атың шықпас дұрысқа.
Мінезі жаман адамға, Енді қайтіп жуыспа.
Тәуір көрер кісіңмен, Жалған айтып суыспа.
Өлетұғын тай үшін, Көшетұғын сай үшін, Желке терің құрысып, Әркімменен ұрыспа.
Ашу - дұшпан, артынан Түсіп кетсең қайтерсің, Түбі терең қуысқа?!
Сау болыңыздар!

 Тілек ағашын толтырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып

9G

Мерзімі   

Уақыты

Сабақ тақырыбы

Біздің өміріміздегі қақтығыстар

 

 

 Сабақтың мақсаты

оқушыға қақтығыс жағдайында  тиімді  жолын табуға үйрету

Құрал-жабдықтар

тірек сөздер, слайд - презентация, оқушылар шығармашылығы. А3 қағазы, стикерлер.

 Сабақ кезеңдері

  1. «Түсініктік» және «Дау- жан- жанжал, қақтығыс» ұғымдарына түсініктеме беру.
  2. «Маған ұнамайды қай кезде…» жаттығу

 

 

Ұйымдастыру кезеңі

 

Берілген  сөйлемдерді  аяқтай  білуі керек.

  • мен ашуланамын, егер…
  • мен өзімді ұстай алмаймын, егер…
  • маған ешнәрсе ұнамайды, егер…
  • мен қатты ызыланамын, егер…
  • мен шыдай алмаймын, егер…

Оқушы  айтылған пікірлерді қағазға  жазып отырады. Сосын оны оқып қорғап, түсіндіреді.

 

Негізгі кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ой қозғау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

  1. «жағдай осылай…» ойыны

Сіз  мектеп дәлізінен өті п барасыз, терезенгің жаныңдағы сіздің екі таңысыңыз тьұр  екен, сіз жақындаған кезде олар үндемей қалды, бір- бірімен ымдасы п күлді. Сіз өтіп бара  жатып, жалт қарадыңыз, олар сізге қарап тұр екен. Сіздің қарағаныңызды байқап, олар көзін ала салып, бір- біріне сөйлей бастады.

Сұрақ : «Бұл  жағдай дау- жанжалға жатады ма?» неге?

Шешім: конфликтінің  барлығы дау- жанжалға жатпайды. Ал, көзқарас қызығушылық конфликтің қалай түсінесің?

«Бітімгер» жаттығу

Қақтығысты  шешудің  түрлері

·         өзара көңісуден туатын келісім

·         жол беру, көну, әзіл

сұрақ:

сіз өз тарапыңыздан осы жолдырын  қайсысмын тиімді деп санайсың? Неге себепті? Сіздің  өміріңізде осы жолдармен шешілген  қақтығымдық оқиғалар болды ма?

 

 

 

Қорытынды кезең

Қорытындылау:

1.      «Кері байланыс» жаттығу

Қатысушы өтілген тренинг туралы өз пікірін айтады

Саған не ұнады?

Не ұнаған жоқ?

Өзі үшін қандай жаңалық алдың?

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып

9G

Күні

Уақыты

Тақырыбы

«Этикет ұғымы

 

 

Сабақтың мақсаты

Оқушыларды әдеп, әдептілік ұғымдарымен таныстыру; іскерлік қарым-қатынаста сөз әдебін, сөйлеу мәдениетін сақтай білу; әдептіліктің кейбір ұстанымдары: сенім, сабырлық туралы білімді меңгерту. Оқушыларды адамгершілікке, инабаттылыққа, кішіпейілдікке, әдептілікке тәрбиелеу.

Сабақ кезеңдері

Куратордың іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыты

Ұйымдастыру кезеңі

 

Сәлемдесу, түгендеу

Кіріспе сөз.

«Достық торы» ойынының жүру ережесімен таныстырады.

Топқа бөліп, бағалау парақтарын таратады. Бүгінгі сабақтан жақсы әсер алып, үйге көтеріңкі көңіл-күймен қайтуға тілектеспін.

Оқушылар шеңбер құрып тұрады. Мұғалім тоқыма жіпті бір саусағына іліп алып, өзі қалаған оқушыға жылы лебізін білдіріп лақтырады. Жаттығу осылай жалғасады. Соңында «достық торы» пайда болады.

Топқа бөлу: «Топ таңдау»

/3 топқа бөлінеді: №1, №2, №3/

 

Негізгі кезең

 

Жаңа тақырыппен таныстырып, миға шабуылдау арқылы сабақтың мақсатын оқушылармен бірлесе құрады.

«Ойлан. Жұптас. Пікірлес»

Мұғалім екі-үш жұпқа өз пікірлерін бүкіл сыныпқа жариялатады.

 

seminar_na__sayt

 

 

Мысалдар: «Желідегі қарым-қатынас этикеті».

 

http://kopilkaurokov.ru/uploads/user_file_572097c26c10f/t-rbiie-sag-aty-zhielidieghi-k-arym-k-atynas-etikieti_4.jpeg

 

 

«Бүгінгі сабақта не туралы оқып-білетін боласыңдар?» сұрағына өз ойларын білдіреді.

- Әдепті бала қандай болады?
- Өз іс - әрекетіңнен ұялған кезің болды ма?
- Әдепті адамның бойында қандай қасиеттер болуы қажет?
- Біреуді мазалаған кезде немесе оған қолайсыздық тудырған жағдайда не істер едің?

Мұғалімнің мадақтауы.

 

 

 

Сұрақ бойынша әр оқушы жекеше өз ойларын қағазға түсіреді. Содан кейін жұбымен талқылайды, пікірлеседі.

Қорытынды кезең

Рефлексия.

 

Бүгінгі сабақтан біз қандай қорытынды шығара аламыз?

http://www.almatymadeniet.kz/images/news/spektakl-svetofor-m.jpg

 

 

 

Өткен тақырыпқа қорытынды жасау.

Тақтаға стикерлер жапсыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып

9G

Күні

Уақыты

Тақырыбы

«Ауған соғысы ардагерлеріне құрмет көрсету»   

 

 

Сабақтың мақсаты

Өз Отанына шексіз берілген, патриоттық рухы жоғары, қайсар жауынгер ағалар ерлігін үлгі ету; Ауған соғысында опат болған рухына тағзым етуге, есімдерін қастерлеуге тәрбиелеу.

Сабақ кезеңдері

Куратордың іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыты

Ұйымдастыру кезеңі

 

Сәлемдесу, түгендеу

Қайырлы күн құрметті оқушылар!

Кіріспе сөз.

1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен
Ауғаныстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.
Құрметті оқушылар, бүгінгі сабақ сол кезде қатерге бел буып, батырлықпен қайсарлықтың үлгісін көрсетіп, қаһармандық танытқан, өздерінің Отан алдындағы парызына адал болған Ауған соғыс ардагерлеріне арналады.

Амандасу, тақырыппен танысу, материалдар тарату

 

 

 

Әр оқушы үйге берілген материалдарымен таныстырады.

 

Негізгі кезең

 

Жаңа тақырыппен таныстырып, миға шабуылдау арқылы сабақтың мақсатын оқушылармен бірлесе құрады.

«Пікір-талас» түрінде өткізу.

http://ikaz.kz/wp-content/uploads/2016/02/augan-sogisi-turali-1.jpg

http://ikaz.kz/wp-content/uploads/2016/02/augan-sogisi-turali-2.jpg

Видеороликтен үзінді.

http://yandex.kz/video/search?text

(Ауған соғысы туралы видео)

КСРО әскерлерінің Ауғаныстан жерінен шыққан күнін атап өту қарсаңында былтыр «Қазақстан - 2050» стратегиясы: қалыптасқан мемлекеттің жаңа саяси бағыты» атты ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың Жолдауына қатысты Мәжіліс депутаты, Ауған соғысының ардагері Бақытбек Смағұл жастарды ел үшін еңбек етуге шақырады.
«Ең алдымен айтарым, адам баласын жақсылыққа үміттендіріп, жақсылыққа жетелеген лазым. Жамандықтың бір кілті ашылса, адамның да, қоғамның да қалған өмірі күреспен өтеді. Елбасының биылғы Жолдауы Қазақстанның әлемдік деңгейдегі беталысы мен бағытын айқындап берді. Президентіміз Жолдауын жастарға арнады. Шын мәнінде, бүгінгі жастар өзгеше. Тәуелсіз елдің төл перзенттері, санасы тәуелсіз, ойы озық, білімі асқақ азаматтар. Жастар жауапкершілікпен қатар, ауыртпашылықты да сезінуі керек,»- дей келе Ауған соғысының ардагері бүгінгі еңбек майданын кешегі ауған соғысына теңеді.

«Сырласу» бағдарламасынан үзінді.

http://yandex.kz/clck/jsredir?from

http://www.minber.kz/wp-content/uploads/2014/02/baqitbek-c.jpg

 

 

 

 

 1 оқушы:

- 1979 жылы желтоқсан айында Кеңес үкіметінің ұйғаруымен Ауғанстан жеріне Кеңес әскерлерін енгізу туралы шешім қабылданды. Соғыс – зұлымдық. Жазықсыз төгілген қан. Тарих жылнамасынан өзінің қаралы, нәубет жылдарымен орын алған зұлматтың бірі – Ауған соғысы.

2 оқушы:

- Ауған жеріне 23. 000 жерлестеріміз аттанып, борышын атқарды.
- 761 жауынгеріміз қаза тауып, қазақ жеріне жерленді.
- 26 жауынгер із – түссіз жоғалған.
- 1000 адамнан астам инвалид мүгедекке шалынды.
- 1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды.

3 оқушы:

Ауған соғысы 1979 жылдың 27 желтоқсанында КСРО қарулы күштерінің Ауғанстанға басып кіріп, оның ішкі істеріне қол сұғуы салдарынан тұтанған соғыс. Соңы аяқталмас соғысқа ұласқан бұл қасірет елдің тек өз ішінде ғана емес оған сырт мемлекеттердің қатысуымен ұзаққа созылды.
Статистикаға сүйенсек:
10 жылға созылған ауған соғысында КСРО бойынша қайтып оралмаған жалпы адам шығыны – 14453 - ке жетті.
Ал Қазақстаннан Ауған соғысына 22000 адам қатысып, олардың 924 - і қаза тапты, 21 адам хабарсыз кетті.
1000 жауынгерден астам өз жеріне оралып, алған түрлі дене жарақаттарының кесірінен ауырып қаза болды.Атырау қаласынан 534 сарбаз қатысып,оның 1-і хабарсыз кетті,ал 14- сол соғыста қаза тапты. Сол оралмаған жауынгерлерімізді орнымыздан тұрып еске алайық:
Еске алу.

4 оқушы:

Бұл соғыстың абырой әпермейтінін түсінген Кеңес үкіметінің басшылары Ауғанстандағы барлық әскерді екі жылдың ішінде алып шығу туралы бір шешімге келді. 1989 жылдың 15 ақпанында қолбасшы, генерал - лейтенант Б. Громов “Кеңес әскері Ауғанстан жерінен толықтай шығарылды” деп мәлімдеді.
Бүгінгі таңда елімізде 10000 - ға жуық ауған соғысының ардагерлері бар.
Олардың 3000 - дайы мүгедектер қатарында.

5 оқушы:

Елбасымыз Н. Ә. Назарбаевтың ауған соғысы туралы: « Ауған соғысында қыруар қаржы шығындадық, мыңдаған өмір қиылды, бәрібір кеңес әскеріне бұл елді тастап шығуға тура келді. Халық үшін бұдан асқан қасірет бар ма?» - деген ойлы сөзі бар.
Бұл соғыс жайлы шындық талай жылдар бойы тұмшаланып келді. Тек еліміз Тәуелсіздік алғаннан кейін ғана шындықтың беті ашылды.

 

Мұғалімнің мадақтауы.

 

 

 

Сұрақ бойынша әр оқушы жекеше өз ойларын қағазға түсіреді. Содан кейін жұбымен талқылайды, пікірлеседі.

Қорытынды кезең

Рефлексия.

 

Бүгінгі сабақтан біз қандай қорытынды шығара аламыз?

 

 

Түсіндім

Түсінбедім

Сұрақтарым бар

https://im3-tub-kz.yandex.net/i?id=8bc71eb47947b3c4fe2dfdf76b3251ce&n=33&h=215&w=216

http://mag.dzyuba.org.ua/published/publicdata/PETRIKOVMAGNIT/attachments/SC/products_pictures/Smilik_08_enl.jpg

http://img.espicture.ru/9/kartinki-smayyliki-animayshki-5.jpg

Өткен тақырыпқа қорытынды жасау.

Тақтаға стикерлер жапсыру.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып

9G

Мерзімі   

Уақыты

Сабақ тақырыбы

«Терроризм және оның зардаптары»

 

 

 Сабақтың мақсаты

А) Оқушыларға терроризм туралы терең түсінік беру, оның түрлері, себептері мен зардаптарын ұғындыру;
Ә) Жасөспірімге қоғамның әлеуметтік, құқықтық, діни сипаттарын ұғындыра отырып, оларды террорлық, лаңкестік және діни экстремистік бағытта арандатуға жол бермеу;
Б) Жасөспірімдерге бейбітшіліктің маңызын және мейірімділік пен ізгіліктің, адамдарға жақсылық жасай білудің өмірдегі басты ұстанымы екенін ұғындыру.

Құрал-жабдықтар

тірек сөздер, слайд - презентация, оқушылар шығармашылығы. А3 қағазы, стикерлер.

 Сабақ кезеңдері

Терроризм ұғымына, түрлеріне, қай уақытта пайда болғанына түсінік беру.
2. Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен? (Пікірталас)
3. Террористік ұйымдар мен діни секталардың таралуы.

 

Ұйымдастыру кезеңі

 

Мұғалім сөзі:
-
Терроризм не екендігі туралы біздің заманымызда айтылған сөз көп. Бұл сөздің анықтамасы адамдар мен қоғамға байланысты әртүрлі болады. Мысалы, көптеген тұлғалардың анықтамасы бойынша «терроризм» сөзі өзінің ұғымында джихадты, муджахидтарды, шариғат елдерінде жаза қолдануды қамтиды. «Терроризм» – араб тілінде «ирхаб» сөзімен аталады, мағынасы – «қорқыту». Тероризм мен діни экстремизм адамзат баласына қауіп пен қатер төндіретін ұйымдар. Олар өз мүдделерін жүзеге асыру үшін небір озбыр әрекеттерге барады. Билік пен байлыққа қол жеткізу үшін ештеңеден тайсалмайды. Билікті орнынан кетіріп, дінді сылтау етіп, адамдар өміріне қауіп ұялатады. Қоғам арасында алауыздықты тудырып, тыныштықты бұзады. Ендеше біз бүгінгі тақырыбымызда «терроризм» ұғымы туралы кеңінен түсінік алатын боламыз.

 

Негізгі кезең

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

. Ой қозғау.
- Оқушылар, «терроризм» деген сөзді айтқанда ең бірінші ойларыңа не келеді?
- Террорлық іс - әрекеттерден зардап шегетін кім?
( Ойларын дәптерге жазады)
ІІ. Мағынаны тану.
1. Терроризм - [ лат.
terror - қорқыныш, үрей] - саяси мақсатты сылтауратып күш қолдану; ұғым XVIII соңында ұлы француз төңкерісі кезінде якобиндықтар жүргізген репрессиялық саясатты атауда қолданылды.
2. Пікірталас. «Террорлық әрекеттердің белең алуы неліктен?»
А) Бұл іске қандай адамдар барады?
Ә) Террористік іс - әрекеттер тек ер адамдарға қатысты ма?
Оқушылар өз ойларын айтады:
- Діни секталардың таралуы;
- Ашық дипломатиялық саясатымызды пайдаланып, заңсыз секталардың енуі;
- 18 - 30 жас аралығындағы ешқандай діни, саяси, қоғамдық пікірі қалыптаспаған, имандылық, патриоттық сезімдері жетілмеген жастар барады.
- Террористік іс - әрекетке тек ер адамдар емес, әйел адамдар да барады. Қазіргі кезде жанкешті - мерген әйел адамдардың көбеюі байқалады
.

Балалардың жауабы тыңдалады

 

 

 

 

 

 

Қорытынды кезең

Рефлексия
Сау болыңыздар!

 Тілек ағашын толтырады

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сынып

9G

Күні

Уақыты

Тақырыбы

«Көктемгі мозаика»

 

 

Сабақтың мақсаты

Балаларды мейірімділікке, аналардың өлшеусіз еңбегін бағалай білуге, үлкенге ізет, кішіге үлгі бола білуге үйрету. Анасын сүю арқылы еліне, жеріне деген сүйіспеншілігін арттыру. Оқушылардың танымдық және шығармашылық қабілетін, эстетикалық талғамын, шеберлігін дамыту. Өнерді тануға, қызығушылыққа баулу, әдептілікке, парасаттылыққа тәрбиелеу.

Сабақ кезеңдері

Куратордың іс-әрекеті

Оқушының іс-әрекеті

Уақыты

Ұйымдастыру кезеңі

 

Оқушылармен амандасу, түгендеу.  

Кіріспе сөз.  

 

Сәлеметсіздер ме, балалар! Бүгінгі

Адам баласы үшін ең аяулы, ең қастерлі, қадірлі сөз - ана. Бала дүниеге келген күннен бастап өзінің жұмсақ алақаны, жылы жүзі, ыстық құшағы, мейірім толы көзқарасы арқылы барлық сүйіспеншілік, мейірімділік, махаббатын бере білген аналар үшін жер дүниені мекендеген адамзат қауымы бір күнді мейрам етіп белгілеген. Ол 8-наурыз мерекесі. Анамызға деген біздің көңіліміз, мейіріміміз ұшан теңіз. Анамыздың көңілі шат, жүзі жарқын, дені сау болуын әрқашан тілейміз. Сіздерді аналар мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз.

Амандасады.

 

Сабаққа даярланады, жинақталады, жаңа сабаққа ден қояды.

 

 

Негізгі кезең

 


«Дөңгелек үстел» формасында өткізу.

Сұрақ-жауап.

-          8 наурыз мерекесінің шығу тарихы туралы кім біледі?

-          Кімде қандай ақпарат бар?

-          Бұл мереке қандай елдерде және қандай дәрежеде аталып өтіледі?

-          Белгілі бір ережелері бар ма?

 

 

 

 

 

 

 

Оқушыларға постер таратып, ана бейнесін құруды ұсынады

«Отан-ана», «Жер-ана», «Табиғат-ана», «Ана тілі», «Ана қайраткер», «Ана  тіршіліктің тірегі» міне осы тақырыптар төңірегінде ой қозғаймыз.

Өз топтарында берілген жұмысты уақытын барынша үнемдей отырып, кластер жасайды.

Өз ойларын ортаға салып, тапсырмаларын қорғайды.

 

 

 

Оқушылар өз ойларымен бөліседі.

 

 

 

Оқушылардың жауаптары:

8 наурыз Халықаралық әйелдер күні мерекесі 1857 жылы Нью-Йорк қаласында болған көтеріліспен байланысты.Бұл көтеріліске тігін шеберханаларымен аяқ киім фабрикасында еңбек ететін әйелдер шыққан болатын. Олардың қойған талаптары:

10-сағаттық жұмыс, жарық және құрғақ бөлмелерде жұмыс жасау, ер азаматтардың алатын жалақы мөлшерімен бірдей жалақы алу еді. Ол кезде әйелдер қауымы тәулігіне 16-сағат жұмыс жасап, еңбек ақыларына болмашы жалақы алатын болған. Ерлер өздерінің табандылықтарының арқасында жұмыс уақытын 10-сағатқа түсірген болатын. АҚШ-тың көптеген мекемелерінде кәсіподақ ұйымдары құрыла бастады. 1857 жылдың 8-наурызынан кейін әйелдер қауымының да кәсіподақ ұйымы құрылды. Бұл ұйымның  бірінші мүшелері болып әйелдер тіркелді. Дәл осы күні АҚШ-тың көптеген қаласында өздеріне  дауыс беру құқығын беруді талап етіп жүздеген әйелдер көтеріліске шықты.

Оқушылар материалдарға өзара талқылау жасайды.

 

Қорытынды кезең

Рефлексия.

 

Бүгінгі сабақтан біз қандай қорытынды шығара аламыз?

Рефлексия «Үш жұлдызша»
Не білдім? Нені үйрендім? Нені білгім келеді?
Толтыру
Ұсыныстар мен тілектер кітабын стикер көмегімен толтырады

Өткен тақырыпқа қорытынды жасау

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка кураторского часа по теме "25-летие Независмости РК""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Руководитель образовательного подразделения

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 872 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 05.06.2017 1260
    • DOCX 487.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Романкулова Айгул Оразаухановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 6 лет и 10 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1872
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой