Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Конспекты / Разработка "Тізбектелген сабақтар топтамасынан есеп"

Разработка "Тізбектелген сабақтар топтамасынан есеп"

Самые низкие цены на курсы профессиональной переподготовки и повышения квалификации!

Предлагаем учителям воспользоваться 50% скидкой при обучении по программам профессиональной переподготовки.

После окончания обучения выдаётся диплом о профессиональной переподготовке установленного образца (признаётся при прохождении аттестации по всей России).

Обучение проходит заочно прямо на сайте проекта "Инфоурок".

Начало обучения ближайших групп: 18 января и 25 января. Оплата возможна в беспроцентную рассрочку (20% в начале обучения и 80% в конце обучения)!

Подайте заявку на интересующий Вас курс сейчас: https://infourok.ru/kursy

  • Информатика

Поделитесь материалом с коллегами:

Орынбасарова Нурзила Болатхановна Мұғалім портфолиосы

hello_html_59451b52.gifhello_html_m5c01d6.gifТізбектелген сабақтар топтамасынан алынған бір сабақ бойынша есеп


Заман ағымына байланысты бәсекеге қабылетті, алғырда, білімді, жан-жақты дамыған ұрпақ тәрбиелеу ұстаздың басты міндеті. Алдым да отырған шәкіртке заман талабына сай білім беріп, сол шәкіртке өзім беріп отырған білімімді өмірде пайдаланатындай, оның өмірінде кездесетін қиындықтарға дес бермей, асу-асу белестерден сүрінбей тау шыңына шыға алатындай біліммен қаруландырсам өзімді бақтты ұстаз ретінде сезінер едім. Әрине ол үшін әрбір білім берудегі жоспарымды, іс әрекетімді мұқият зерделеп, саралап оны іс-тәжірибемде дұрыс қолдана білуім керек.

Сабағымды қалай өткізсем, оқушылардың сабаққа деген ынтасын арттырамын?- деген сұрақты өз- өзіме қою арқылы жоспарлауды жүзеге асырып отырдым. Сабақтың мақсаты дұрыс, жүйелі түрде анықталмаса, сабаққа қойылатын міндеттер туындалмайды. Сабаққа қандай да бір мақсатты қою арқылы оқушылардың іс- әрекетін айқындайтын міндеттер туындайды, ал міндеттер арқылы сабақтың нәтижесі шығады. Осы қағидаларды сабақ барысында мұғалім өз тарапынан көшбасшылыққа басты назарда алса, сабақ мұғалімнің өзі күтпеген жоғары да, сапалы деңгейде өткізуге болатыны анықталды. Егерде сіздің жоспарланған қысқа мерзімді сабақ жоспарыңыз дұрыс құрылмаса, онда оқушылардың білім алуына, оқытудағы ең үлкен кедергінің бірі болып саналады.

Осы мақсаттардың талапқа сай орындалуы барысында, осы курс бойынша алған теориялық білімімді ұштастыруда, сабағымда жеті модульдің өзара қамтылуын басты назарға алдым, яғни : Білім беру мен білім алудағы жаңа әдіс-тәсілдер; Сыни тұрғыдан ойлауға үйрету; Оқушылардың жас ерекшелігіне қарай білім беру және оқыту; Талантты және дарынды балаларды оқыту; Білім берудегі АКТ-ны пайдалану; Білім беру үшін және оқуды бағалау модульдерін қамтыдым.

Бағдарламаның негізгі міндеті-біздің, яғни мұғалімдердің педагогикалық тәжірбиелерін жетілдіру, бағалауға көмектесу екенін түсіндім. Курс барысында Бағдарламаның жеті модулімен, оны сабаққа

ықпалдастыру керектігін, ол үшін әдіс-тәсілдер, яғни стратегияларды шеберлікпен тиімді қолдану қажеттігін үйрендім, бұрынғы дәстүрлі сабақтардағыдай мұғалім дайын білім мен идеяларды ұсынып, өзі түсіндіріп, сыныпты басқарып отырмай, керісінше оқушылардың өздерінің білім мен идеялар құруы керек және де мұғалім бағыт беруші рөліне көшуі керек болады. Осы айтылғандарды ескере отырып, мен өзім өткізген сабақтар топтамасында 7 модульді кіріктіруге тырыстым. Өткізген бір сабағыма тоқталып кететін болсам, сабақтың тақырыбы: «Қарапайым мәтіндік редакторы». Сабақтың мақсатын, MS Word мәтіндік редакторында жан-жақты істей алу мүмкіндіктерін меңгерту деп ала отырып, сабақта оқушыларды тақтаға ілінген 3 түрлі түсті стикерлермен топтастыра жағымды атмосфера қалыптастырудан бастадым. Үш түсті таңдаған оқушыларға сипаттама беріп кеттім. Мысалы, қызыл түсті таңдаған топ оқушыларына, Қызыл түс - өз-өзіне сенімділігі басым, жұрт көңілін өзіне аулай алатын жан, Жасыл түс – тыныштық пен жаңарудың символы. Өзін үнемі еркін ұстайтын, тез шешім қабылдағыш, ізденгіш, жаңашыл адамдар, Ақ түс – ашықтықты, шындықты, тазалық пен ұқыптылықтың белгісі. Бүгінгі сабақтан көрсем, білсем, үйренсем деген жандар деп көңілді күй қалыптастырдым. 7-сынып оқушыларының жас ерекшеліктерін ескеретін болсам, бұл жастағы оқушылар мадақтауды, қолдауды күтеді және оларға сабақ көтеріңкі көңіл-күймен басталғаны ұнайды. Заманға сай қалай оқу керектігін білетін, ойы еркін, нені үйренгісі, нені білгісі келетін, шығармашыл дарынды, білімін болашақта шынайы өмірмен байланыстыра алатын шәкірт тәрбиелеу болғандықтан сабақ үстінде жақсы оқитын екі оқушыны бақылауға таңдап алдым. Бекзат (А оқушысы), Сүйіндік (Б оқушысы) екеуі де «5»-тің оқушылары. Сол себептен осы екі оқушыны сабақтан қандай басқа қырларын анықтау үшін таңдап алдым.

Үй тапсырмасын пысықтауда, үш топқа төрт сурет беріледі. Жыл мезгілдері. Бұл не? Қандай? Деген сұрақтар қойылады. Суреттерге қарап, сұраққа жауап береді. Сурет салу реттілігін жазады. Қандай құрал-саймандарды қолдануға болатынын жазады. Алдыңғы өткен сабағымыз Paint бағдарламасы болғандықтан, қандай құрал-саймандардың көмегімен салуға болатынын топпен талқылап жазып шығады. Әр топтан бір-бір оқушыдан айтып шығады. Сабақтың басында топ басшыларын сайлап алдық, топ басшыларына бағалау парақтарын беріп қойдым. Топ басшылары өз тобындағы оқушыларды критериилер арқылы бағалап отырды. Менің де өз тарапымнан қосымша формативті бағалау арқылы, мадақтау арқылы оқушылардың ынтасын қалыптастырып смайликтер арқылы бағалап отырдым.

Сабақтың 1-кезеңі – «Қызығушылығын ояту». Бұл үйрену үрдісінде оқушының бұрынғы білетіні мен жаңа білімді ұштастырудан тұрады. Сондықтан да сабақта қарастырғалы тұрған мәселе жайлы оқушы не біледі, не айта алатындығын анықтаудан басталады. Бұнда жаңа сабаққа ену үшін оқушыларға тақтада ілінген суреттер көрсетіледі, сұрақтар қойылады. (Интервью және көрнекілік стратегиясы бойынша) Төмендегі сұрақтар:

  • Папирус қандай заттан жасалған?

  • Ежелгі адамдар тасқа не салу арқылы дүниеге деген көзқарасын білдірген?

  • Қандай суреттер салған?

  • Уақыт өте келе адамдар тасқа емес тағы неге салған?

  • Қазіргі таңда техниканың дамуына байланысты суреттерді қайда салуымыз мүмкін? Оқушылар өз ойларын айтады. Осы мақсатта «Оқытудағы жаңа әдіс-тәсілдер» модулін енгізіп, оқытудың диалогтік әдісін қолдандым. Осы сұрақтарға жеке-жеке нақты жауап берді. Сол кезде Бекзаттың жауап бергені ұнады, өзін еркін ұстай алады, ойын нақты жеткізе алды.

Түсіну. Жаңа сабаққа дайындық кезінде, үш топқа сурет берілді. Осы сурет бойынша әңгіме құрады.Осы құрған әңгімелерін компьютерде

жазу керек. Мәтінмен жұмыс жасаған кезде ең C:\Users\user\Desktop\Фото\IMG_20140313_113352.jpg

алдымен қолданылатын пернелерді еске түсірейік дедім.

Компьютердің қосымша құрылғысы пернетақта

туралы үш топқа сөзжұмбақ бердім. Топпен талқылап

сөзжұмбақты шешті.C:\Users\user\Desktop\Фото\IMG_20140313_120614.jpg

Жаңа сабақта қолдану кезінде,

«Джигсо» әдісі арқылы үш топқа

тарау бойынша тапсырма беріледі. Үш топ

орталарынан бақылаушы таңдап, тапсырманы топта

талқылайды. Әр бақылаушы тақтада жауаптарын

түсіндіреді. Неліктен мен бұл әдісті сабағыма енгізуді

жөн көрдім? Бұл әдісті сабақ барысында қолдану

кезінде оқушылар қандай нәтиже көрсете алды? Себебі,

Джигсо тәсілінде бір мезетте барлық оқушы бірдей жұмыс істейді, сонымен бірге бір-бірімен ой бөлісіп, түсінгендерін ортаға салды, еркін пікір алмасты. Сонымен бірге жүргізілген топтық жұмыстың нәтижесінде сабақ үстінде оқушы біріншіден, жеке жалғыз және құрдастарымен бірлесіп тапсырманы орындауға қатысты, екіншіден тыңдап үйренді, пікірін айтады, ойын қорыта алды. Ақерке өзінің мәтін мазмұнын оқып,иәңгімелеу кезінде тез қабылдай алатын, ұғымтал, ойын жанындағыларға жеткізе білетін, ұйымдастырушылықты бірден қолына алған талантты бар оқушы екенін көрсетті. Бекзат болса, ойын еркін жеткізе алды, қасындағылары жақсы тыңдайды, топбасшы ретінде ұйымдастыру қабілеті жоғары оқушы. Сабақ барысындағы іс-әрекеттеріне қарап оның таланты басым екені сөзсіз. Барлығының сабаққа толық қатысуын қадағалап, топ мүшелерінің іс-әрекеттерін әрқашан бағалауын топ басшыларына айтып отырдым.

«Оқыту мен оқудағы жаңа тәсілдер» және «Диалог арқылы оқыту» негізінде жатыр. Диалогты оқыту арқылы оқыту мен оқу оқушылардың өзара сұхбаттасуы және мұғалім мен оқушы арасындағы қарым-қатынас. Шәкірттердің өзіндік ой-пікірін жүйелеу мен дамытуына көмектесетін амал екенін меңзейді. Білу деңгейінің негізгі мақсатына сай оқуды еске түсіреді, ойын толықтырады.

Диалог барысында оқушылар келісілген нәтижеге жету үшін күш-жігерін жұмсайтынын, білімді бірлесіп алуда немесе "пікір алмасуда" тең құқылы серіктестер болып табылады (Мерсер 2000).

Сабақтың келесі Талдау және Синтездеу бөлімінде мен оқушыларды қайтадан екі топқа бөлдім. Стикерлерге бір және екі деп жазып, таратып сол арқылы бөлдім. Практикалық бөлімде бірінші топ компьютерге отырып, алдында сурет бойынша құрған әңгімелерін компьютерде теріп жазды, ал екінші топ мен жеке-жеке оқушыларға таратып берген қималармен жұмыс істеді. Сол сабақты талдап жазды. Оларға уақыт бердім. Орындап болған соң топтар ауысады, екінші топ компьютерге отырады да, ал бірінші топ екінші топтың жұмысына толықтырулар өз білгендерін енгізіп, қатесін тексеріп шығады. Сөйтіп мен олардың жұмыстарын бақылап, тексеріп формативтік түрде бағалап отырдым. Топ басшылары бағалау парақтарына жұмыстарын бағалап толтырып отырды.

Шәкірттерімнің де жеткен әрбір жетістіктері достарының, өзімнің де тарапымнан да қолдау тауып отырды. Себебі, сыныптағы бағалау Александер (2010ж) айтқандайғ бағалау тек қана техникалық тәсіл емес. Бағалау-одан арғы оқу туралы шешім қабылдау мақсатымен оқытудың нәтижелерін жүйелі түрде жиынтықтауға бағытталған қызметті белгілеу үшін қолданылатын термин (Мұғалімдерге арналған нұсқаулықта, 56-беттен).

Сабақтарымда формативтік бағалауды оқыту үшін бағалау ретінде қолданудың өте маңызды екендігіне көз жеткіздім. Оқушылардың сабақ айту кезіндегі жіберіліп жатқан аз-кем кемшіліктерін түзету арқылы, олардың еңбектерін, ынтасын мадақтап, мақтап бағалап отырдым. Кемшіліктерді, яғни қайсы бір қателіктерін өз беттерінше анықтауларына талпындырдым. Ол үшін оқушыларға түрткі және сынау сұрақтарын беріп, олардың әрі қарай терең ойланып жауап берулеріне, кез келген жағдайда жан-жақты ізденулері үшін бағыт-бағдар беріп отырдым. Оқуды бағалау үшін, яғни балаларға жиынтық баға қою үшін бағалау критерийлеріне сүйендім және жиынтық практикалық жұмыс жасаған кезде қолдандым. Бұл жерде кері байланыс та маңызды роль атқарады. Кері байланыс парағы арқылы сабақта қойылған критерий бойынша қай баланың нені меңгергенін және меңгермегенін зерттей отырып, сабақтағы әдіс-тәсілді соған негіздеп қолданамыз. Кері байланыс парағы формативті бағалауға да ықпал етеді. Сабақтарымда өзін-өзі бағалау және өзара бағалау түрлерін қолдандым. Себебі оқушылардың өздерінің немесе біреудің жұмысын жай ғана бағалауға қарағанда, өзара бағалау және өзін-өзі бағалаудың мәні анағұрлым зор. Бұл үдерістің мақсаты олардың назарын өз жұмысының сапасына аудару және жақсартуға болатын жақтарын талдауға көмектесу болып табылады. Нәтижесінде бұл оқушыларды оқытуды дамытуда жауапкершіліктің жалғыз мұғалімге ғана жүктелмейтіндігін көруге мүмкіндік береді.

Осы тапсырмалардан кейін оқушылармен сергіту сәтін жүргіздім. Яғни Қол саусақтарына арналған жаттығулар

  • Алақанды уқалау.

  • Қолды қысу

  • Білезіктен айналдыру

Көзге арналған жаттығулар.

  • Көзді бірнеше рет жыпылықтату.

  • Көзіңмен ақырын оң жаққа қарай 3-4 рет айналым жасау. Соншалықты айналым солға қарай жасау деген сияқты жаттығулар жасадық.

Сабақты қорыту кезінде ой -толғаныс жазып, компьютерде салынған сурет пен қағазға салынған суреттің айырмашылығы Венн диаграммасы арқылы салыстырып жазды.

Компьютерде жазылған Қағазға жазылған

мәтін мәтін

  

 

 

 

 

 

  айырмашылығы

Әр топ бірлесіп, өз жұмыстарын постерге түсіріп, жазып қорғады.

Осы кезде тек дарынды оқушылар ғана жаза білді. ВЕНН диаграммасы арқылы оқушылар жаңа тақырып пен өткен тақырып туралы мәлімет алды. Оқушы жауаптарын өзім толықтырып шықтым. Осы тапсырмаларды орындап болғаннан кейін жаңа сабақта алған білімдерін нақтылап, не білгендері туралы білу үшін сұрақтар қойып қорытындыладым.

Сабақ соңында оқушылардан кері байланысты сіздер сабақтан қандай әсер алдыңыздар? не мазалайды? не үйрендіңдер? деген сұрақтарды жүргізіп, екі жұлдыз, бір тілек түрінде кері байланыс алдым.

Сабақтан алған әсерім: оқушылар топта жұмыс жасауға, бірін-бірі, өзін-өзі, топтық, критериалды бағалау бойынша өз жұмыстарын талдап, саралауды үйренді.

Жетістігім: Сабақтағы қысқа мерзімді жоспарымның құрылымның дұрыс құралуында, оқушылардың топтық жұмыста бірлесіп жұмыс істелуінде, бірін-бірі және өзін-өзі бағалауды үйренуі, үлгерімі төмен оқушылар сабаққа белсенді қатысуы деп ойлаймын.

Қорыта келгенде өз іс-тәжірибеме үлкен өзгерістер енді. Атап айтар болсам, Бағдарлама мазмұнындағы 7 модуль менің санама жаңашылдықты ізін таңбалап, оны қолдану педагогикалық әлеуетіме ерекше серпін берді. Өйткені зерттеу тәжірибесі барысында курстан алған білімімнің жемісін оқушылармен жүргізген сабақтарынан көрдім. Жоғарыда келтірілген мысалдар өзімнің курсты меңгергенім мен оқушыларымның жаңа білім беру жүйесіне берген оң бағасы болып отыр. Сондықтан жарқын бастаманың жемісі келешекте жалғасын табатынына сенемін.




Пайдаланылған әдебиет


1. Мұғалімге арналған нұсқаулық

2.Оқыту ізденіс ретінде және ізденіс оқыту ретінде. С. Мирсеитова






Идёт приём заявок на самые массовые международные олимпиады проекта "Инфоурок"

Для учителей мы подготовили самые привлекательные условия в русскоязычном интернете:

1. Бесплатные наградные документы с указанием данных образовательной Лицензии и Свидeтельства СМИ;
2. Призовой фонд 1.500.000 рублей для самых активных учителей;
3. До 100 рублей за одного ученика остаётся у учителя (при орг.взносе 150 рублей);
4. Бесплатные путёвки в Турцию (на двоих, всё включено) - розыгрыш среди активных учителей;
5. Бесплатная подписка на месяц на видеоуроки от "Инфоурок" - активным учителям;
6. Благодарность учителю будет выслана на адрес руководителя школы.

Подайте заявку на олимпиаду сейчас - https://infourok.ru/konkurs

Автор
Дата добавления 10.02.2016
Раздел Информатика
Подраздел Конспекты
Просмотров567
Номер материала ДВ-436883
Получить свидетельство о публикации

УЖЕ ЧЕРЕЗ 10 МИНУТ ВЫ МОЖЕТЕ ПОЛУЧИТЬ ДИПЛОМ

от проекта "Инфоурок" с указанием данных образовательной лицензии, что важно при прохождении аттестации.

Если Вы учитель или воспитатель, то можете прямо сейчас получить документ, подтверждающий Ваши профессиональные компетенции. Выдаваемые дипломы и сертификаты помогут Вам наполнить собственное портфолио и успешно пройти аттестацию.

Список всех тестов можно посмотреть тут - https://infourok.ru/tests

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх