Инфоурок Другое КонспектыРазработка урока казахского языка на тему: Сан есім

Разработка урока казахского языка на тему: Сан есім

Скачать материал



Сыныбы:6 сынып

Пәні: қазақ тілі

Пән мұғалімі:Ж.М.Маратова
Сабақтың тақырыбы: Дара және күрделі сан есімдер. (презентациясымен)
Сабақтың мақсаты:
Білімділік мақсаты: Сан есім туралы түсініктерін ары қарай толықтыру, сан есімдердің құрамына қарай дара және күрделі болып бөлінетінін түсіндіру, күрделі сан есімдердің жасалу ерекшеліктерін таныту;
Дамытушылық мақсаты: Ойлау белсенділігі мен танымдық қызығушылығын дамыту, ой қорытып нақты шешім жасата білу, шығармашылық ізденістерін арттыруға ықпал жасау;
Тәрбиелік мақсаты: Адам өміріндегі сандардың маңыздылығын жете түсіндіріп, өмірмен байланыс арқылы туған халқының өнерін сүйіп өсуге баулу, еңбексүйгіштікке тәрбиелеу.
Сабақтың түрі: жаңа білімді меңгерту сабағы
Сабақтың әдісі: түсіндіру, сұрақ - жауап, ізденіс, баяндау, талдау, т. б.
Көрнекілігі: интерактивті тақта, бейне сюжет,
Пәнаралық байланыс: математика, тарих, әдебиет.

Сабақтың барысы:
І. Ұйымдастыру:
1. Сәлемдесу, сыныптың сабаққа қатысын тексеру.
2. Сынып тазалығына көңіл бөлу.
3. Оқушылардың сабаққа дайындығын, құрал - жабдықтарының барлығын қадағалау.

ІІ. Үй тапсырмасын тексеру
Үйге, а) сан есім туралы түсінікті оқуға берілген болатын. Анализ - синтез тәсілі арқылы сан есім туралы білімдері пысықталады.
Сандарды таңдау арқылы сұрақтарға жауап береді.
1. Сан есім дегеніміз қандай сөз табы?
2. Сан есім қандай сұрақтарға жауап береді?
3. Сан есім қай сөз табымен тікелей тіркесіп, қолданылады?
4. Сан есімдер сөйлемде қандай қызмет атқарады?
5. Сан есімдердің зат есімсіз жұмсалуын мысал келтіріңдер?
ә) Ал енді, сан есімдер қатысқан мақал - мәтелдерді ортаға салыңдар.
Оқушылардың жауаптары:
1. Білгенім – бір тоғыз, білмегенім тоқсан тоғыз.
2. Жігітке жетпіс өнер де аз.
3. Жеті рет өлшеп, бір рет кес.
4. Отыз екі тістен шыққан сөз, отыз рулы елге тарайды.
5. Он үште отау иесі

Үй тапсырмасы мен жаңа сабақтың байланысы: Оқушылар, 99, 32, 25 айтқан оқушылар оң жаққа, 7, 1 сан есімдері бар мақалдарды айтқан оқушылар сол жаққа шығыңдар.
Миға шабуыл жасау. Оқушылар, мен неге сендерді осылай бөлдім? Қалай ойлайсыңдар?
Әрине, дұрыс айтасыңдар. Ендеше бүгінгі сабағымыздың тақырыбы – Дара және күрделі сан есімдер.

ІІІ. Жаңа сабақты түсіндіру.
1. Тақырып сырын ашу (1 слайд)
Сан есімдер құрамына қарай дара сан есім және күрделі сан есім болып бөлінеді.
Бір түбірден құралған негізгі және туынды сан есім дара сан есім деп аталады.
Мысалы, он, екі, бес, мың – негізі сан есімдер;
ондаған, мыңдаған, алтыншы, екеу – туынды сан есімдер.

Екі я одан да көр түбірдің тіркесінен немесе қосарлануынан жасалған сан есім күрделі сан есім деп аталады.
Мысалы, екі мың он үш, 25 т. б.
Сөздердің қосарлану мен қайталануы арқылы жасалған күрделі сан есімдер дефис (-) арқылы жазылады.
Мысалы, қырық - елу, алпыс – жетпіс

2- слайд. Бейне материал,оқушылар бизнес жаңалықтарын тыңдап,естіп,оны талқылайды,одан кейін аңғарып қалған сан есімдерді екі топқа бөліп жазады.

2. Дәптермен жұмыс:
1- тапсырма,108-бет: Мәтіннің құрамынан дара сан есімдерді бір бөлек, күрделі сан есімдерді бір бөлек екі баған етіп жазыңдар.
Үлгі, дара сан есімдер күрделі сан есімдер
жүзінші, бесінші, үшінші, мың тоғыз жүз қырық екінші

108-жаттығу,108-бет. Сандарды сөзбен жазып,дара мен күрделі түріне сан есімдерді ажыратып жазу.
Тапсырма тексеріліп бекітіледі.

3. «Сергіту» ойыны. Дара сан есімдерді атағанда оң қолдарыңды көтересіңдер, күрделі сан есімдерді атағанда екі қолдарыңды бірдей көтересіңдер.
Екінші, қырық - елу, тоғыз жүз бір, жетеу, жүздеген, үш - үштен, бесеу, он бүтін жүзден елу бір, тоқсан, жүз шақты.

4. “Этномәдени сұрақтар” - ауызша жұмыс түрі
Сандарға байланысты халқымыздың ұғымында 1, 3, 5, 7, 9, 40 секілді сандардың бәрін бір ырымға негіздеп, киелі деп есептеген. Сондықтан да менің қоятын сұрағым осы төңіректі қамтиды.
1. Жеті атаңды ата (ата, әке, бала, немере, шөбере, шөпшек, немене)
2. Халқымыздың кие тұтқан сандарын ата (7, 9)
3. Үш арсызды ата (ұйқы, тамақ, күлкі)
4. Жігіттің үш жұрты (өз жұрты, қайын жұрты, нағашы жұрты)
5. Төрт түлік (қой, сиыр, жылқы, түйе)
6. Ер қаруы бес қару (найза, садақ, шоқпар, қылыш, айбалта)
7. Қонақтың төрт түрі (арнайы, қыдырма, құдайы, қылғыма)
8. Үш бәйтерек (Ілияс, Сәкен, Бейімбет)
9. Бес арыс (Шәкәрім, Ахмет, Мағжан, Міржақып, Жүсіпбек)
10. Халқымыздың сан есімдерден басталып айтылатын ұлттық ойындары қалай аталады? (тоғызқұмалақ, алтыбақан)

5. Бейнесюжетпен жұмыс (интертақта)
Артық болмас білгенің…. Оқушылар, сендер елімізде және әлемде болып жатқан оқиғаларды қайдан біле аласыңдар? Әрине, баспасөз құралдары мен телехабарлардан. Ендеше қазір сендердің назарларыңа бүгінгі жаңалықтардан үзінді көрсетемін. Соны мұқият тыңдап шығыңдар. Сендердің есте сақтау қабілеттеріңді байқау үшін, мынадай жұмыс беремін. Бейнесюжетте айтылған жаңалықтан сан есімдерді өздері тіркескен зат есімдерімен бірге есте сақтап, дәптерлеріңе жазып алыңдар.
Тапсырма тексеріліп, бекітіледі.

6. Әдебиетпен байланыс.
Халық ауыз әдебиетінде және жекелеген авторлар шығармаларында көптеп кездесетін шығарманың бір түрі – санамақтар. Қазір кеспе карточкаларды таратамын. Карточкаларда санамақтың бір - бір жолынан жазылған. Мен белгі берген кезде сан реті бойынша оқып шығасыңдар.
Бір дегенім – білім алу.
Екі дегенім - елін сүю.
Үш дегенім - үлгілі болу.
Төрт дегенім - төзімді болу.
Бес дегенім - бірлікте болу.
Алты дегенім - ақылды болу.
Жеті дегенім - жетістікке жету.
Сегіз дегенім - сезіне білу.
Тоғыз дегенім - толғану.
Он дегенім - осының бәрін ойға алу.
Қорытынды ой толғау.

ІҮ. Сабақты бекіту:
«Мақсұтым - тіл ұстартып, өнер шашпақ» дегендей, бұл сабақта Абай атамызды айтпай кетуге болмайды. Абай атамыздың «Туғанда дүние есігін ашады өлең, өлеңмен жер қойнына кірер денең» демекші, біздің күнделікті тұрмысымызда, той - думандарда айтылып жүрген өлең тақырыптарының кейбірі санмен аталады.
Мысалы, қандай әндерді білесіңдер? (Бір бала, Жиырма бес, Екі жирен, Бір келіншек, Он алты қыз, Сегіз аяқ)

Ү. Сабақты қорыту.
- Сонымен, сан есім дегеніміз қандай сөз табы?
- Қандай сұрақтарға жауап береді?
- Дара сан есімдер дегеніміз не?
- Күрделі сан есімдер қалай жасалады?

Енді жұмбақтарды шешейік!
1. Мұз айдында жеті бала,
Асыр сап жүр сырғанап,
Сырғанамай екі бала,
Жағалауда тұр қарап
Енді осы баланың
Санын айтсаң жарадың
9. екі аяқ пен екі қол,
Бір ауыз бен бір тілің,
Нешеу болды, қане, бол,
Санап шығар кім бұрын
12. мына алты ақ алма,
Нұрбибі мен Жанарға.
Үш сарысы – Анарға,
Қызыл алма – Манарға.
Қанша сонда бар алма.
13. Су құйып ем астауға,
Үш қаз ұшты аспанға.
Үш қасқалдақ, бір қазан,
Екі үйрек, бір сазан,
Бір көксерке, бір қарға,
Айт, неше құс ұшып жүр,
Неге екенін түсіндір

ҮІ. Үйге тапсырма.
Міндетті деңгей: Дара және күрделі сан есім туралы түсінік.
Мүмкіндік деңгейі: 109 - жаттығу. Сан есімдерді қатыстырып, «Біздің сынып» деген тақырыпта шағын шығарма құрастырып жазыңдар.
ҮІІ. Бағалау.

Тексерген:--------------

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Разработка урока казахского языка на тему: Сан есім"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Противопожарный инженер

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 052 материала в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.03.2016 643
    • DOCX 16.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Маратова Жанар Маратовна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Маратова Жанар Маратовна
    Маратова Жанар Маратовна
    • На сайте: 8 лет и 1 месяц
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 1808
    • Всего материалов: 2

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Основы налогообложения и формирования налогооблагаемых показателей

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Методология проектного менеджмента и стратегического планирования в инвестициях

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Галерейный бизнес: медиа, PR и cотрудничество

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе