Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Русский язык и литература / Конспекты / Разработка урока по казахскому языку «Үш жүзді сайран қылған Біржан едім» 10 класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 24 мая.

Подать заявку на курс
  • Русский язык и литература

Разработка урока по казахскому языку «Үш жүзді сайран қылған Біржан едім» 10 класс

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «Үш жүзді сайран қылған Біржан едім»

(Біржан сал Қожағұлұлының мерейтой қарсаңында)

Эпиграф: «Елім үшін әнімді айтып үлгермедім,

сендерге аманат қылдым әнімді...»

Біржан сал

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығымен танысу.Өлеңдеріне әдеби талдау жасай отырып, әндерінің көркемдігі мен тарихын тану.

Дамытушылық: Біржанның құдіреттілігіне көз жеткізу, ішкі жан дүниесін,өнерге деген құштарлығын оқушылар бойына дарыту. өзіндік талдай жасап үйренуге, шығармашылықпен жұмыс істеуге ұмтылдыру.

Тәрбиелік: оқушылардың ізденімпаздық, байқампаздық қасиеттерінқалыптастыру. Біржанның «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі өмірін үлгі ете отырып, қазақ халқының өнерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы.

Сабақтың әдісі:Блум таксономиясы бойынша сын тұрғысынан ойлау технологиясы,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,музыка, тарих, география.

Сабақтың барысы:

Ұйымдастыру кезеңі.

Қызығушылықты ояту: Ой шақыру

1.Сал-серілерге ортақ қасиеттер қандай?

Оқушылардың өз ой-пікірлерін жаздырту.



Айтыскер атбегі

hello_html_m5c9eb19.gifhello_html_5837b60.gif

сұлулықты сүйед

hello_html_22cbfba5.gif

hello_html_m144fe10a.gifhello_html_6b11c135.gif Ақын

Сазгер

әнші сәнқой


hello_html_24663270.gifhello_html_c4880b7.gif

саятшы

құсбегі

өнерлі ел сүйіктісі


Мұғалімнің сөзі;

Сал-серілер ақындықпен қатар әнші, сазгерлік,күйшілік, би, спорт өнерлері де болған.Олардың киім киісі де ерекше болған. Сәнді, көзтартылымдық кескінмен жүріп-тұруы әнші ақынға тән болған Сөз құдіреті арқылы олар ел мен жерге, сүйген жарға деген махаббаттарын, сырлы сезімдерін әнмен жеткізген.


Жаңа сабақ. Топпен жұмыс. Озық тапсырма бойынша.

І топ: презентация қорғау: «Біржанның өмірі туралы мәлімет беру»(3 мин.)

ІІ топ: постерді қорғау: «Біржанның өлеңдері» (5 мин.)

ІІІ топ: Зерттеу жұмысы: «Біржанның Абай ауылына қонақ болып баруы» (5 мин.)

ІV. Бекіту.


І топ.

"Үш жүзді сайран қылған Біржан едім" презентация

Біржан қазіргі Көкшетау облысы Еңбекші ауданы Ермол деген жерде туған. Ол жер бұрын Біржанды тәрбиелеген атасының атымен "Қожағұл ауылы" деп аталған: өз әкесі Тұрлыбайдың дәулеті шағын болған. Ол өнерді, Біржанның жан-дүниесін түсініп ұға алмаған, ел аралап ән салған серінің тапқан сый-сиятын азсынып, оған "мал табушы ұл" деп қарайды. Малдан басқаны түсінбейтін әкесін бір өлеңінде:

"Ұсынсам қолым жетпес туған айға,

Айтсам да арыз жетпес бір құдайға.

Жылына без жүз теңге тапсам-дағы

Жақпадым өзім әкем Тұрлыбайға.

деп шындықты ашып айтады. Біржанның әкесінің кедейлілігін айтыс кезінде Сара қыз бетіне басады.

... Жылқының арығындай Арғын керей,

Тойғансып мәз боласың ішпей-жемей.

Құр айқай салғаныңнан кім шошиды,

Жеңермін иттей қылып, адам демей,-

дейді. Біржан аз уақыт ішінде халқына белгілі әнші, ақын, сал болып аты шығады. Ол өзін сүйген халқына өнерін жаюдың жолы ел аралау, жаңа ән үйрену, орындаушылық шеберлігін ұстарту деп түсіне білген.

Табиғи талант иесі Біржан ел аралап, ән салып айтысқа түсіп, жиын-тойдың көркі атанып, әнші, ақын, сал Біржан деген атаққа ие болады.


ІІ топ.

"Үш жүзді сайран қылған Біржан едім" деп өлеңінде өзі айтқандай, қазақ жерінің барлық түкпірін аралайды.Ел көреді, жер көреді, талай той-думандардың сәні, көркі болады.Жүрген жерлерінің бәрінде бүгінге дейін ел аузында жүрген халқымыздың өшпес мәдени қазынасына айналған әндер шығарады.Бүгінгі әншілеріміз айтып жүрген «Ләйлім шырақ», «Теміртас», «Жайма шуақ», «Айтпай», «Мәті-Дәулен», «Бұрылтай», «Айбозым», «Асыл –Ақық», «Керкекіл», «Ақ серкеш», «Алтын балдақ», «Телқоңыр», «Аққошқар», «Көкек» т.б. әндері мәңгі өлмейтін туындылар.Бұлардың бәрі бұрын жеке дауыста орындалса, ұлы композиторымыз Мұқан Төлебаев біразын «Біржан-Сара» операсында пайдаланған.Арқаның ақиығы Біржанның Жетісу бұлбұлы атанған ақын Сарамен айтысы да өлмес қазынамыз.

ІІІ топ.

Біржанның шығармашылық өміріндегі үлкен бір оқиға оның Абай аулында болуы. Поэзия алыбы Абайдың әсері Біржанға ерекше болды. Біржанның үлкен талант екені танылып, өнердің шын бағалаушысы Абайдың сын-ескертпелерін, әсіресе, асқан орындаушылығы, композиторлық- ақындығын қатар ұстап меңгеруде үлкен еңбек керектігін түсіндіреді. Абайдың аулында болу, өлең мен әннің қайнаған ортасын аралау Біржан үшін үлкен табыс еді. "Мен көрдім ұзын қайың құлағанын" өлеңіне ән шығарады. Ел үстінде еркін жүріп қалған әнші серіге қартая келе үйде отырып қалу өте ауыр тигенін көреміз. Ол жастық шағын еске алып, кәріліктің көңілсіз тұстарын ашып ән шырқайды." Жамбас сипар" әні осы кезеңде туған. Мәселен,

Ішіне орамалдың түйдім сусар,

Көп жылқы көк алалы көлде жусар.

Кешегі ел қыдырған әсер шақта,

Ән еді Біржан салған "жамбас сипар"

Дегенге біз қартайдық, біз қартайдық

Белгілі қартайғанның серттен тайдық.

Қанеки, соныменен шыққан мүйіз,

Қасына сұлу қыздың көп жантайдық, -

дей келе өткен қызықты жас дәуренді көз алдына келтіріп, оның қайта айналып келмейтінін баяндайды, өз көңілін көтергендегі қалып танытады. Қарттықтың кейбір қайғылы суреттерін де дәл көрсетіп, әніне қосады.

Бергенсін құдай өмір ақбас болдық,

Келін мен балаға да жақбас болдық.

Көргенсін көзі құрғыр шыдай алмай,

Таппайтын адам ебін саппас болдық, -

деп қынжылады. Әрине, оның жан-сезімін, күйзелісін ұғып-түсінер адамдардың аз болуы, өмір бойы серілікпен ат үстінде жүрген әнші үшін, енді үйде отырып қалу үлкен қайғы екені түсінікті.

Ол:

Ел кездім Кертөбелмен шарықтатып,

Жақсыға сөз сөйледім шалықтатып.

Үш жүздің ортасында Біржан едім,

Қойдың ғой енді міне арықтатып - деген өлең жолдарынан әнші басына түскен ауыр жайды дәл суреттеп бергенін байқаймыз.

Өнер қадірін түсінбеген топас қауым Біржанның соңына түсіп, нәзік жанын жаралауға тырысады. Біржан әнді шығарумен бірге тамаша орындаушы болған. Әніне лайық сөз өрнегін, бояуын таба білген ақын. Оның ән текстерінің өзі әрі мазмұнды, әрі көркемдік жағынан тамаша үлгі, іші мен тысы қабысып, аз сөзге көп мағына сыйғыза білген шеберлігін айқындайды.

Мағынаны тану стратегиясы. Біржан салдың мұрасын зерттеген А.Жұбановтың «Замана бұлбұлдары»,Е.Ысмайловтың «Ақындар» Арқаның ардагер әнші-композиторлары Жарлығапберді, Ақан, Жаяу Мұса, Балуан-Шолақ, Естай сияқты өнерпаздар Біржанның әншілік мектебінен шыққан.

Е.Брусиловский өзінің операларында Біржан әндерін кеңінен пайдаланды. М.Төлебаев "Біржан-Сара" операсында әншінің шығармаларын толығымен пайдаланды. Біржан- қазақ халқының музыка мәдениетінің алыбы.

М.Төлебаев "Біржан-Сара" операсынан үзінді тыңдау. (интербелсенді

тақта)

ІІІ.Мәтінмен жұмыс. Блум жүйесі бойынша Біржанның лирикалық өлеңдеріне талдау.

Көкек

Аты жоқ құс болады көкек деген

Алдында терезенің сектеген

Ойымда үш ұйықтасам бар ма менің

Айрылып сені сәулем, кетед деген.

Өлең жолдарында жанды, бейкүнә тіршілік иесі көкекті ақын өзінің таза сезімімен сабақтастыра өрнектейді., тілдеседі..

Кім сүймес шешек атқан көкек айын,

Бейне жаз, менің сүйген сәулетайым.

Ақ қалқам отырма екен, жатыр ма екен

Ей, көкек, ұшып барып, білсей жайын -

деп сүйіктісін жазға, шешек жарған гүлге теңейді. Хабар ала алмаған ақын кішкене көкекке ақтарыла мұңын, сырын ашады, ішкі жан дүниесін, аяулы таза махаббатын танытады.

Шекеңе селдіретіп айдар тағып,

"Көк-кек" деп бос жүргенше секең қағып.

Қосайын өле-өлгенше мен әніме.

Қалқадан хабар әкел, ұшып барып, - деген жолдардан ақынның сүйген жанның хабарын білу, аңсау сағыныш сезімі оны өле-өлгенше ұмытпайтынын паш етеді. Сүйгеніне қосыла алмаған жанның толғанысын өрнектеген. Әр әнінің белгілі бір шығу тарихы, дүниеге келуге түрткі болған, себеп жағдайларын көреміз. "Сол Біржан өлең айтар кезіп жүріп, қайдағы жиын жерге мойын бұрып", - деп "Біржан-Сараның айтысында айтылғандай Біржан ел аралап жүріп Көлбай, Жанбай атты адамдардын ауылына келеді. Өмірдің қадіріне тереңдей қоймайтын ағайынды жігіттер Біржанды онша менсінбейді. Халық алдындағы беделінің түбі неде екенін ұқпаған олар, ән тыңдауға келмей үйлеріне шақырмайды; әншінің әсем әнін, даусын естіп тыңдағысы келген қарындасы Ләйлімді де жібермейді. Ертеңінде құдық басын жағалап кеткен атын алып келуге келгенде жолдасы аттың аяғындағы шідерінің жоқ екенін білдіреді. Әсем, сұлу қыз Ләйлімнің су алып келе жатқанын көрген сері қыздың кінәсі жоқ екенін білсе де ағаларының түндегі жаратпаған мінездері үшін табан астында Ләйлімге қарап әндетеді.

...Ләйлім шырақ - асыл тасым!

Көлбай-Жанбай бірге өстік замандасым!

Келген жоқ көктен, пері жерден шайтан,

Шідерімді ұрлаған қарындасың, -

деп Ләйлімді әбден састырады. Ләйлім: "Бір қайыс үшін жұрттың бәрін ұры қылдыңыз ғой", -- деген сөзіне, ағаларына естірте тағыда шідерін мақтап екілене түседі.Ләйлім шырақ!

Таудан аққан сылдырап мен бір бұлақ,

Қайыс болсын, жіп болсын неге керек.

Шідерімнің бағасы қырық қысырақ, -

деп әнін төгілте түседі. Жүрген жерінде бізді жамандап жүрер деп қорыққан Көлбай, Жанбай Біржанды конақ етіп сыйлап, риза қылады. Ақырында Ләйлімге шідерін қоспай кешірім сұрағанның белгісі ретінде жаңа "Ләйлім шырақ" әнін шығарады. Оқиғаның бұлай аяқталғанына қыз ағалары да қуанады. Осылай Біржан әндерінің ішіндегі бір белдісі - "Ләйлім шырақ" дүниеге келеді. 1865 жылы Омбының генерал-губернаторын қарсы алуға бүкіл Көкше елі дайындық жүргізеді. Ақсарының болысы Жанбота бірнеше үйді жабдықтап, тіктірсе, Қоңырқожаның Азнабайы да одан қалмай асыра түседі. Екі болыстың бәсекесі күшейеді, бірінен-бірі асып түсуге тырысады. Осы бір сәтте Жанбота болыстың үйлер тобының бірінен ырғалтып салған әннің үні естіледі. Бұрын-сонды бұл араның жері де, шөбі де, суы да, адамы да мұндай дауысты естімеген сияқты. Әнші даусы үй-үйді аралап өтіп, сонау Көкшенің бауырына карай өрлеп бара жатқандықтан, асқақ үн кімге де болса әсер етпей қоймайды. Әншінің сиқырлы үні болыстардың бәсекесінің күшейе түсуіне себеп болады. Азнабай жақтан көптеген адамдар ән тыңдауға құлшынады, құлақтарын тосып үйге жақындай түседі. Бұл Азнабай болысқа ұнамай әншіні өз үйіне алдыртуға поштавойын жібереді; -Сыйлықты Жанботадан асырамын, деп уәде береді, бірақ әнші Азнабайдың тапсырмасы мен сәлемін жеткізген поштавайға қозғала коймайды, тіпті елемейді, тағы бір әсем әнін шырқай түседі. Өзінің ешқайда да бармайтынын, мол олжа, сыйлық іздеп жүрмей, тек көпшілік халыққа өз өнерін көрсетуге келгенін айтады. Тілін алдыра алмаған поштавой өзінің топастығын танытып, сол кезде аңдаусыз отырған әншінің басынан қамшымен бір-екі салып жібереді. Отырғандар әзер айырып алады. Ойда жоқта мұндай іске душар болған әнші Жанбота отырған үйге келіп, бар ашу ызамен, ащы үнмен екпіндете:

Жанбота осы ма еді өлген жерім,

Көкшетау боқтығына көмген жерің.

Кісісін бір болыстың біреу сабап,

Бар ма статьяда көрген жерің?

Жанбота, өзің болыс, әкең Қарпық,

Ішінде сегіз болыс шенің артық,

Өзіндегі Азнабайдың поштавайы

Қолымнан домбырамды қалды тартып,

Тартса да домбырамды бергенім жоқ,

Есерді поштавойдай көргенім жоқ.

Қамшымен топ ішінде ұрып еді,

Намыстан, о дариға, өлгенім жоқ, - деп болған істі баяндайды. Естіген халық әншінің асқақтаған әніне "тасқындаған өршіл үніне, шын жүректен ғана шыға алатын музыкалық айбарына қатты риза болады. Сүйектен өтетін бұл сөз асқақ әнмен ұласқанда кімге де болса әсер етпей қалмайды, намыс отын қамшылай түседі.

Бірақ Азнабаймен ала көз болғысы келмеген Жанбота: - Жетер! Қақсама! "Бас жарылса бөрік ішінде" деген емес пе деп ақырады. Сонда әнші

Созады Біржан даусын қоңыр қаздай,

Басқаға бір өзіңнен жүрмін жазбай.

Бас қосқан мәжілісіміз болады деп,

Жанбота мазамды алдың ала жаздай.

Айтады Біржан өлең ентелетіп,

Біржанды халқы қойған еркелетіп

Есерге поштавойдай көз алдыңда

Біржанды коймақ па едің желкелетіп –

деп айтарын-айтып өр қалпында үйден тез шығып кетеді. Біржан - өр ақын. Ол сол заманның байына да, болыс-биіне де бас имеген. Өзін еркелеткен халқына арқа сүйеген. Әнші:

Жасым бар жиырмада жасырмаймын.

Басымнан дұшпан сөзін асырмаймын

Басымнан дұшпан сөзі асып кетсе,

Сен түгіл, патшаға да бас ұрмаймын, -

деп асқақ, батыл сөйлейді.

Бұл әнде кең тыныс, нәзік лирика бар. Ақынның халқына айтқан мұңы іспеттес, әділдік жоқ екенін аңғартады; оны мына өлең жолдарынан анық байқауға болады. Мысалы:

...Бұрынғының жақсысы тамам болды,

Ендігінің "жақсысы" жаман болды.

Арғымақтың аяғын арқан шалып,

Есек озып, бәйгі алған заман болды,-

деп әділ биліктің болмағанын әшкерлейді.Ақын жүрегінен шыққан ән бүкіл елге тарайды.

V.Оқушылармен жеке шығармашылық жұмыс.

Біржан ағаға хат.

«Мен қазіргі заманның Біржаны болсам...» (Эссе).

VІ.Қорытындылау.


VІІ.Топтастыру стратегиясы. Біржан өлеңдеріндегі қатты әсер еткен тұстарынан үзінді жазу, көркемдік сипатына тоқталу.


өлеңдердің атауы

Тақырыбы

Есте қалған үзінді

Көркемдік сипаты










VІІІ. Үй тапсырмасы: «Біржан деп атым шықты алты алашқа». Ойтолғау.

Бағалау.

Пайдаланылған әдебиеттер тізімі

1.     Мұқанов С. Қазақтың ХVІІІ-ХІХ ғасырлардағы әдебиет тарихынан очерктер. – Алматы, 2002. – 272 б.

2.   Айтыс: 2 т. / Құраст Ш. Ахметов, Б. Ысқақов. – Алматы, 1965. Т.1. – 556 б.

А.Жұбанов, Замана бұлбұлдары, Алматы 1936 ж., 108-бет.















Презентация "Үш жүзді сайран қылған Біржан едім"


hello_html_1356d2f4.jpghello_html_4263f90d.jpg














hello_html_m3d4f273b.gifhello_html_m2124beff.gif







hello_html_4b632856.gifhello_html_19e7a7f2.gif


Краткое описание документа:

разработка урока по казахскому языку для школ с русским языком обучения

Сабақтың тақырыбы: «Үш жүзді сайран қылған Біржан едім»

(Біржан сал Қожағұлұлының мерейтой қарсаңында)

Эпиграф: «Елім үшін әнімді айтып үлгермедім,

                     сендерге аманат қылдым әнімді...»     

                                                                           Біржан сал

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Біржан сал Қожағұлұлының өмірі мен шығармашылығымен танысу.Өлеңдеріне әдеби талдау жасай отырып, әндерінің көркемдігі мен тарихын тану.

Дамытушылық: Біржанның құдіреттілігіне көз жеткізу, ішкі жан дүниесін,өнерге деген құштарлығын оқушылар бойына дарыту. өзіндік талдай жасап үйренуге, шығармашылықпен  жұмыс істеуге ұмтылдыру.

Тәрбиелік: оқушылардың ізденімпаздық, байқампаздық қасиеттерінқалыптастыру. Біржанның «сегіз қырлы, бір сырлы» өнегелі өмірін үлгі ете отырып, қазақ халқының өнерін бағалай білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: шығармашылық ізденіс сабағы.

Сабақтың әдісі:Блум таксономиясы бойынша сын тұрғысынан ойлау технологиясы,сұрақ-жауап

Сабақтың көрнекілігі: интербелсенді тақта

 

Пәнаралық байланыс: қазақ тілі,музыка, тарих, география.

Автор
Дата добавления 18.01.2015
Раздел Русский язык и литература
Подраздел Конспекты
Просмотров362
Номер материала 313343
Получить свидетельство о публикации

Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх