Инфоурок Музыка Другие методич. материалыРәміздерім – тірегім, елім деп соққан жүрегім!

Рәміздерім – тірегім, елім деп соққан жүрегім!

Скачать материал

Жақыбаева Ұлжанат Әуелханқызы,

Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжінің музыка жетекшісі

                          

                   Рәміздерім – тірегім, елім деп соққан жүрегім!

 

          Мемлекеттік рәміздер – еліміздің егемендігі мен тәуелсіздігін паш ететін, халқымыздың рухын, ұлттық салт-санасын, қаһармандығы мен даналығын, болашаққа үмітін, арман - тілегін жеткізетін ерекше құнды белгілер. Бұл рәміздер біздің мемлекетіміздің өткені, бүгіні мен болашағы арасындағы сабақтастықтың жарқын бейнесі.Кез келген мемлекеттің басқалардан ерекшелеп тұратын нышандары болады. Біздің мемлекетіміздің де өз Туы, Елтаңбасы, Гимні бар.

            Еліміз –Туымен тұғырлы, Елтаңбасымен елеулі, Гимнімен айбатты. Тәуелсіздігіміз тұғырлы болып, еліміздің символы – мемлекеттік рәміздерді қастерлеп, құрметтеу бәріміздің міндетті парызымыз болып саналады. Еркіндікке ұмтылған қай ел, қай халық та өз даусымен сөйлеуді, өз үнімен жар салуды армандайды. Осы орайда біздің колледжіміз де өз арман-мақсаттарына жеткендей. Біз де Қазақстан Республикасының бір бөлшегіміз, шағын мемлекетпіз. Осы мемлекетіміздің өз рәміздерінің болуы үлкен жетістік.Былтырғы жылы қаңтар айында колледж директорының ұйымдастыруымен  қызметкерлер арасында «Колледждің Туы, Төлтаңбасы, Гимні» атты байқау өткен болатын. Байқауға арнайы комиссия мүшелері шақырылып, сараптама жасалып, ең үздік деп танылған жобалар колледж рәміздері ретінде бекітілді. Бүгінгі күні біздің Талдықорған гуманитарлық-техникалық колледжіміздің өз Туы, Төлтаңбасы, Гимні бар.

          Егер де Туға тұтас зер салсақ, автордың оны жасағанда үлкен мазмұнды ойластырғаны байқалады. Ту – көк түспен жасыл түстің қосындысынан құралған. Ортасында жер жүзінде әлемге нұрын шашқан шұғылалы алтын Күн, күн сәулесі тыныштық пен байлықты бейнелейді, оның астында орналасқан құрылғы тетікшесі мен кітап бейнеленген мата, ортадағы кітап пен құрылғы тетікшесі гуманитарлық-техникалық білім беруді білдіреді.Тудың үстіндегі көгілдір түс ашық аспан күмбезін еске түсіреді. Ашық көк түс оқу орнымыздың мәдени-рухани бірлікте, ынтымақта екенін білдірсе, ал астыңғы жасыл түсі еркіндікке деген жігерлікті, табандылықты, мақсатты білдіреді. Жасыл түс адамға сенімділік береді.Тудың авторы – колледжіміздің өндірістік оқыту шебері Беков Жанәділ Қалиұлы.

          Колледжіміздің Төлтаңбасының негізі - ортасында орналасқан құрылғы тетікшесі мен кітап парағының бейнесі салынған. Құрылғы тетікшесі кәсіптік техникалық білім беретін оқу орны екендігін айқындайды. Кітап парағы бетінде орналасқан әріптер оқу орны атауының бастапқы әріптерін көрсетеді. Тетікбөлшек пен парақтар ортасында орналасқан ою-өрнек оқу орнында мемлекеттік тілде оқылатынын меңзейді. Төлтаңбаның авторы – колледжіміздің  сурет пәнінің оқытушылары.

          Кез келген мемлекеттік рәміздердің ең маңыздысы – Гимн. Біздің Гимн - колледжіміздің салтанатты әні. Оның сөздерінде колледждің 35 жылғы тарихы, бүгінгі өмірі мен келешек арманы айтылған. Гимннің сөзін жазған колледжімізде ұзақ жылдар есепші болып еңбек еткен Исаханова Назерке, әнін жазған Сүйінбай атындағы облыстық филармонияның дәстүрлі әншісі Есенгелдинова Сая. Гимн марш екпінінде орындалады. Колледждің әр студенті, әр бір қызметкері осы Гимнді жатқа білуі тиіс. Бұл олардың өз колледжіне деген құрметін көрсетеді. Осы мақсатта өткен аптада колледжіміздің актзалында «Рәміздерім – тірегім, елім деп соққан жүрегім!» атты колледж Гимнін орындау байқауы өтті.

                          Шайқалмасын ешкімнің шаңырағы,

                          Бақыт көрсін Отанның сан ұланы.

                          Енді ағайын, көгінде қалықтасын,

                          Қазағымның қастерлі – асқақ әні!- деп салтанатты іс-шарамыз

 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Гимнімен ашылды.Маңызы мен мазмұны зор байқауды бастамас бұрын, ереже бойынша әділқазы мүшелері таныстырылды. Байқауға он топ қатысып өздерінің орындау шеберліктерін ортаға салды. Қазылар алқасы байқау барысында қатысушылардың санына, сырт келбетіне, сахна мәдениетіне, Гимнді орындау мәнеріне көңіл аударып әділ бағасын беріп отырды.Барлық топтардың байқауға үлкен жауапкершілік танытып, жоғары деңгейде дайындалып келгендері байқалып тұрды. Шара соңында жеңіске жеткен барлық топтар колледж директорының алғыс хатымен және бағалы сыйлықтармен марапатталды. Бұл Гимн колледж жастарының жүрегіне жақын, бәрінің көңілінен шыққан, терең отаншылдық сезімдегі бейресми әні болады деген сенімдеміз.

 

                

Жер жаннаты Жетісудың жерінде,

Колледжім тұр  Талдықорған төрінде.

Өнер-білім, тәрбиемен ұштасқан,

Мәртебесі биік оның елімде.

 

Қайырмасы:

Болашақтың бастауы,

Ашық тұрған аспаны.

Желбіреген байрағы

Біз колледждің 2рет жастары.

 

Сыңғырлаған білімнің түп қайнары,

Жаңарудың науқаны әркез қайнады.

Парақтары қалыңдады тарихтың,

Ұстаздардың бұзылмай еш қаймағы.

 

Қайырмасы:

Болашақтың бастауы,

Ашық тұрған аспаны.

Желбіреген байрағы

Біз колледждің 2рет жастары.

 

Берік ұстап тәуелсіздік тізгінін,

Нық қадаммен алға бастық біз бүгін.

Жолдауларға қолдау жасап әрдайым,

Нұрлы таңмен шуақтанған күн бүгін.

Қайырмасы:

Болашақтың бастауы,

Ашық тұрған аспаны.

Желбіреген байрағы

Біз колледждің 2рет жастары.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Рәміздерім – тірегім, елім деп соққан жүрегім!"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Инструктор по футболу

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 789 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 31.01.2017 523
    • DOCX 186.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Джакубаева Улжанат Авелкановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 15490
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности педагога дополнительного образования при обучении игре на баяне, аккордеоне

Преподаватель игры на баяне, аккордеоне

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 47 человек

Курс профессиональной переподготовки

Музыка: теория и методика преподавания в сфере дошкольного образования

Воспитатель (Музыкальный руководитель)

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 191 человек из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 370 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные направления музыкального искусства

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 46 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 37 человек

Мини-курс

Эффективное управление запасами

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии брендинга в условиях глобальной конкуренции и изменяющихся рыночных тенденций

2 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Неорганическая химия

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 21 человек из 14 регионов