Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабақ жоспары "Оқшау сөздер, ортақ белгілері, түрлері.Қаратпа, қыстырма, одағай сөздер, мәні, орны, тыныс белгілері."

Сабақ жоспары "Оқшау сөздер, ортақ белгілері, түрлері.Қаратпа, қыстырма, одағай сөздер, мәні, орны, тыныс белгілері."

Скачать материал

Сабақтың тақырыбы: Оқшау сөздер, ортақ белгілері, түрлері.

                                         Қаратпа, қыстырма, одағай сөздер, мәні, орны, тыныс белгілері.

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқшау сөздер, түрлері туралы түсінік беру, өзіндік белгілерін таныту, сол арқылы бірыңғай мүшелерден айыра білуді үйрету, Оларға қойылатын тыныс белгілерін,  сөйлем ішіндегі орындарын меңгерту.

Дамытушылық: Оқшау сөздердің түрлерін оқыту арқылы есте сақтау қабілеттерін, сөйлеу тілдерін, ой-өрістерін дамыту. Қаратпа, қыстырма, одағай сөздердің өзіндік белгілері жөнінде берік дағды қалыптастыру.

Тәрбиелік: Ана тілдеріне деген құрметтерін арттыру, өз тілдерінде мәдениетті, дұрыс сөйлеуге, тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: дәстүрлі

Оқыту әдістері: түсіндіру, үш өлшемді оқыту, ситуациялық, кітаппен жұмыс, көрнекілік, жеке жұмыс

Көрнекіліктер: карточкалар, оқулық, т.б.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, тарих

Қосымша материалдар: Г.Қосымова, Н.Құрманова  Қазақ тілі (8-сынып, әдістемелік нұсқау)

Сабақтың барысы: 1. Ұйымдастыру кезеңі (амандасу, оқушыларды түгендеу, тақырыпты және мақсатын хабарлау)

2. Үй тапсырмасын тексеру (ауызша сұрақтар қою арқылы)

- Бірыңғай мүшелер? Олар сөйлемде қалай орналасады? Мысалы...

- Қандай тыныс белгілері қойылады? Қай уақытта тыныс белгісі қойылмайды? Мысалы...

- Сөйлемнің барлық мүшелері бірыңғай бола ала ма? Мысалы...

 Тұрлаулы, тұрлаусыз мүшелердің құрамдық түрлерін еске түсіре кеткен жөн.

- Жаттығулардың орындалуы тексеріледі. (кейбір оқушыдан, өзгесі кейін дәптерге бағаланады)

3. Жаңа сабақ                   

  а). Жаңа материалды меңгерту.  Мысалдар тақтадан көрсетіледі

Сөйлемдер:

- Талаптарың жақсы екен, балалар!   - Әже, Ырысбектікіне мен де барайын ба?   

Бұл, шынында да,   Нартай біле бермейтін жаңалық еді. Сірә, мені танымадың-ау деймін?

 - Ойбай, Шегендей емес шығарсың. Ол қандай үн болғаны, апыр-ау?

        Сөйлем мүшелеріне талдау жасату арқылы оқшау сөздерді тапқызу, ерекшелігін таныту, ережесін шығарту...

Кітаптағы ережені оқыту, өздерінің айтқанымен салыстыру, түсіндіру.

         Сөйлемнің құрамында өзге сөздермен байланысқа түспейтін, сөйлем мүшесі қызметін атқара алмайтын сөздер мен сөз тіркестерін оқшау сөздер дейміз.

Оқшау сөздер

қаратпа сөздер                     

қыстырма сөздер                       

одағай сөздер

 

Сөйлеуші тыңдаушының

назарын өзіне аудару

үшін қолданады.

 

Сөйлеушінің көзқарасын, ойдың кімнің тарапынан екендігін білдіру үшін қолданылады

Сөйлеушінің сезімін, түрлі көңіл-күйін (қуаныш, реніш, таңдану, өкініш, риза болу) білдіреді

Мыс:Шырақтарым, жұмысты тоқтатпаңдар!

Ел-жұртың тегіс аман ба, қадірлі Дарабоз?

Өлеңім, шарла, ауылды.

Тыңда, дала, Жамбылды!               

Жүрегім, нені сезесің?

(Көркем әдебиетте жансыз заттар да қаратпа сөз бола алады.

Мыс: Амал не, кітапты қойныма тығып алдым да, жатаққа келдім.

 (өкінішті білд. тұр)

Ол, меніңше, тапсырманы орындамай келмейді. (ойдың кімнен шыққандығын, болжам)

Аман-есен жүріп жатыр ма, әйтеуір. (сенімділік)

Мыс: Ойбай-ау, ұстай тұрсаң етті.

Жұмысты осылай істеу керек, бәрекелді!           Білем, е, білем!                                                                             

 

- Тыныс белгілері қалай қойылған? Өздері аңғару керек.   

Ескерту.    Қаратпа сөзді бірыңғай мүшелі бастауыштан қалай айырамыз?

Мыс: Айдана, Айжан ауылдан келді. (екеуі де бір үнмен, бір дәрежеде оқылса, бірыңғай мүше болғаны)

Айдос, құлап қалма. Айжан, ата-анаң ертең жиналысқа келсін. (қаратпа сөз)

Қыстырма сөздердің қызметін атқаратын сөздер кейде сөйлем мүшелерінің де қызметін атқарады. Мыс: Рас, мен сізді бір рет көрдім. Оның айтқаны рас. Айтпақшы, бүгін мен Жомартты көрдім. Мен саған бірдеңе айтпақшы едім. (сұраққа жауап бермесе, сөйлемнің құрамынан алып тастап оқығанда, сөйлем мағынасы өзгермесе, қыстырма сөз болғаны)

ә). Жаттығулармен жұмыс

67-жаттығу. Оқшау сөздерді тауып, түрлерін ажыратыңдар.

Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңдер.

Қарамен жазылған сөздердің мәнін ашыңдар.

Үлгі: Елімнің көз жасынан басқа ештеңе таба алмассың, Филипп.

Тарихшылардың мәліметіне сүйенсек, бұл соғыста... т.б.

Олжа- пайда,  табысты іске кезігу.

Кермек татып – тұздың дәмі татып тұру, ащы дәм.

Қабынып келіп, қамығып қайтарсың – пайдасыз бос қайту, жолы болмау.

Жасақ - әскер.

Үлгісі қалды  – жақсы аты, игі ісі қалды.

 68-жаттығу. Қаратпа сөздердің қолданылу орнына, қызметіне талдау жасаңдар.

Тыныс белгілерінің қойылу себебін түсіндіріңдер.

Тарихи сөздерді, атауларды тауып, оларға талдау жасаңдар.

Мыс: Уа, алақандай Македонияның патшасы! Ескендір Зұлқарнайын! Қош, Ескендір!

Жер атаулары:Яксарт (Сырдария), Эллада, Вавилон, т.б.

Тарихи сөздер: патша, көшпелілер, тайпа, би, сақ, көсем, шатыр, абыз, тостаған, жебе, найза, соқа, мойынтұрық,

б). Жекелеген оқушылармен жұмыс (үш өлшемді оқыту әдісі бойынша деңгейлік тапсырмалар беріледі). Үлгі:  А деңгейі:  Бастауыштарын қаратпа сөзге айналдырып, сөйлемдерді қайта құрастырып жазыңдар.  Сонда жігіт өзінің басынан өткен оқиғаны түгел айтты.  Жандыбатыр сандықты бірінші дәуге береді. 

В деңгейі:   Оқшау сөздердің тыныс белгілерін қойып, сөйлем мүшелерінің астын сыз.

Бәлкім менімен Хиуаға сапар шегерсің. Шіркін ондай көлді ешкім көрмеген болар.

С деңгейі: Қайсысы қаратпа сөз, қайсысы қыстырма сөз?

Оның айтуынша, оның әкесі де аңшы болған. Шаршап қаласыз, ата, отырыңыз.

Асты сызылған сөздер сөйлем мүшесі бола ала ма? 

Асан, сабақ оқыдың ба? Біріншіден, ол сенім  білдірді.

4. Жаңа сабақты бекіту

- Оқшау сөздер?          - Оқшау сөздерге тән белгілер?           - Қызметіне қарай түрлері?       

- Бірыңғай мүшелі бастауыш пен қаратпа сөздің айырмашылығы?

- Қыстырма сөздің қызметі, мағынасы, сөйлем мүшелерінің қызметін атқаратын сөздерден айырмашылығы?

- Одағай сөздер, мағынасы, қызметі?      

 - Оқшау сөздердің тыныс белгілері?

5. Үйге тапсырма

1. Ережелерді оқу, жаттау. 66-жаттығу. Берілген 3 тапсырманы да орындау.

6. Бағалау

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Оқшау сөздер, ортақ белгілері, түрлері.Қаратпа, қыстырма, одағай сөздер, мәні, орны, тыныс белгілері.""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Копирайтер

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 171 материал в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 16.11.2015 8694
    • DOCX 45.5 кбайт
    • 19 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Орынбаева Дана Орынбаевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Орынбаева Дана Орынбаевна
    Орынбаева Дана Орынбаевна
    • На сайте: 8 лет и 11 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 26627
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Технолог-калькулятор общественного питания

Технолог-калькулятор общественного питания

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 283 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 850 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 490 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 329 человек

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Эмоциональная сфера детей: диагностика, особенности и регуляция

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 28 человек из 15 регионов
  • Этот курс уже прошли 13 человек

Мини-курс

Инклюзивное образование: нормативное регулирование

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе