Инфоурок Другое Другие методич. материалыСабақ жоспары "Оқуға құштарлық" 2 сынып

Сабақ жоспары "Оқуға құштарлық" 2 сынып

Скачать материал

                          Өзін- өзі тану сабағының жоспары

                                          № 6сабақ

Сабақтың тақырыбы:  Оқуға құштарлық

Құндылық: Сүйіспеншілік

Қасиеттер:  Жауапкершілік,  сезім,  сүйіспеншілік .

 

Сабақтың мақсаты:

  «Білім», « махаббат» адамгершілік құндылықтар туралы түсініктерді кеңейту

 

Міндеттері:

 -  оқу білімнің адам өміріндегі маңызы туралы түсінік беру;

 -  оқуға, білім алуға деген ынталарын дамыту

 - кітапты қадірлеуге, еңбекті сүюге тәрбиелеу.

 

Ресурстар:

( белсенді тақта, кітап, дәптер, ғаламтор желісінен жаңа ақпараттар, сюжетті суреттер)

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру кезеңі: Тыныштық сәті.

Жайлы,баяу музыка қойылады.

Нұрға бөлену

Ыңғайланып отырыңыздар, денелеріңізді түзу ұстаңыздар. Аяқ – қолыңызды айқастырмаңыз. Қолыңызды тізеңізге немесе үстелге қоюға болады. Көздеріңізді жұмуларыңызды өтінемін. Елестетіп көріңіз: Күн нұры сіздің төбеңізден өтіп, кеудеңізге қарай бойлап барады.Кеудеңіздің орта тұсында гүл түйнегі орналасқан. Гүлдің түйнегі нұрдан баяу ашылып келеді. Балғын және таза әсем гүл сіздің әр ойыңызды, әр сезіміңізді, эмоцияңыз бен тілек – қалауыңызды шайып, жүрегіңіздің қауызын ашты.

Нұр сәулесі сіздің бойыңызға ақырын тарай бастағанын елестетіңіз. Ол біртіндеп күшейе түсуде. Оймен осы нұрды қолдарыңызға түсіріңіз. Сіздің қолдарыңыз нұрға бөленіп, сәуле шашуда. Қолымыз тек жақсы, ізгі істер істейді және баршаға көмектеседі.Нұр аяқтарыңызға тарады. Аяқтарыңыз нұр сәулесін шашуда. Олар сізді тек жақсылық жасау үшін жақсы жерлерге апарады.Олар нұр мен махаббат құралына айналды. Одан әрі нұр сіздің ауызыңызға, тіліңізге тарады. Тіліңіз тек шындықты және жақсы, ізгі сөздер ғана айтады. Нұрды құлақтарыңызға бағыттаңыз, құлақтарыңыз тек жақсы сөз бен әсем әуенді ғана естиді. Нұр көздеріміздерге де жетті, көзіміз тек жақсыға қарап, бәрінен жақсылықты  ғана көреді.Сіздің басыңыз түгелдей нұрға бөленіп, басыңызға тек ізгі, сәулелі ой келеді. Нұр бірте – бірте қарқынмен шұғылана бастайды, сіздің денеңізден шығып, жан – жағыңызға сәуле шашады. Осы нұрды туысқандарыңызға,мұғалімдеріңізге,достарыңыға, таныстарыңызға бағыттаңыз. Нұрды уақытша түсініспей, ренжісіп жүрген адамдарға да бағыттаңыз, олардыңда жүрегі нұрға толсын. Осы нұр бүкіл әлемге: барлық адамдарға, жан – жануарларға,өсімдіктерге, барлық тірі жанға таралсын.....Ғаламның барлық түкпір – түкпіріне нұр бағыттаңыз.Ойша айтыңыз: «Мен нұрлымын.... Нұр менің ішімде....Мен Нұрмын». Осындай Нұр, Махаббат және Тыныштық отыра тұрыңыз....

Енді осы нұрды жүрегіңізге орналастырыңыз.Нұрға толы бүкіл әлем сіздің жүрегіңізде. Оны осындай әсем қалыпта сақтаңыз.

Жаймен көзіңізді ашуға болады.

1.Үй тапсырмасын тексеру.

 

   Балалардың бақытты болуына нелер көмектесетін туралы жазыңдар.

 

2.Дәйексөз

    Оқусыз білім жоқ. білімсіз күнің жоқ.

Халық мақалы

  

 

3.Әңгімелеу

 

   Жақсылардың жақсысы

Баяғыда бір адам өзі жалғыз қызымен бірнеше бөлмелі жарық, биік, өтн әсем үйде тұрыпты. Үйдің айналасы бау бақша екен.Бір күні оның кішкентай қызы бақшаны, барлық бөлмелерді аралайды.

   Кірмеген жалғыз ғана бөлме қалыпты.Ол ылғи жабық тұрады екен.

 Сонда әкесіне қызы:

  -Әке маған жабық тұрған бөлмеге кіруге  рұқсат етіңіз.

 - Оның дұрыс қызым. Жақсылардың ең жақсысы сонда. Бірақ сен әлі жассың, өскенде бұл бөлмені саған беремін. Сен оған өмір бойы  риза боласың , - деп жауап қайтарады әкесі.

  Ай өтеді, жыл өтеді, қыз есейіп бой жетеді. Қыз әкесіне келіп, көз жасын бұлап тұрып:

          Әке сен жабық бөлмеде « жақсылардың жақсысы бар» деген едің. Мен одан ұршық, өрмек, кітап кітаптан басқа еш нәрсе таппадым, - дейді. 

          Ұршық пен өрмек болса, еңбегің жанады. Ал кітап оқысаң,білімің артады. Жарық дүниеде бұлардан жақсы нәрсе жоқ. Дүниедегі мүліктің бәрі еңбекпен, біліммен табылады, -  деп түсіндірді әкесі.

 

 

  Оқылған әңгімеге сұрақ- жауап:

 

   1. Неліктен әкесі ұршық, өрмек, кітапты « жақсылардың жақсысы» дейді

   2. Дүниедегінің бәрі еңбекпен табылады дегенді қалай түсінесіңдер?

 

 

4.Шығармашылық жұмыс, топтық жұмыс.

   Суреттерді пайдалана отырып, сөзжұмбақ шешіңдер.

 

5.Топпен ән айту

 

  Ақылшым -  мұғалім

с.Ә. Дүйсенбиев

ә.И. Нүсіпбаев

Сәбилік көңілден

Арналды бұл әнім,

Баулитын өмірге

Ақылшым мұғалім.

 

Тіліңді аламын,

Айтқанды ұғамын

Мен сендей боламын,

Ақылшым -  мұғалім

 

 

 

6.Үй тапсырмасы           

   Жақсылардың жақсысы оқып келу.

 

7.Соңғы тыныштық сәті.

Баяу әуен орындалып тұрады. Бүгінгі сабақтан алған әсерлеріңізді жүрегімізге саламыз.Бәріңізге үлкен рахмет!!!

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ жоспары "Оқуға құштарлық" 2 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист по ипотечному кредитованию

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 008 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 15.05.2017 1943
    • DOCX 24.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кезенбаева Алмагуль Кайрдиновна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 9 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 48323
    • Всего материалов: 27

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой