Инфоурок / Иностранные языки / Другие методич. материалы / Сабақ жоспары по казахскому языку "отбасы"
Обращаем Ваше внимание, что в соответствии с Федеральным законом N 273-ФЗ «Об образовании в Российской Федерации» в организациях, осуществляющих образовательную деятельность, организовывается обучение и воспитание обучающихся с ОВЗ как совместно с другими обучающимися, так и в отдельных классах или группах.

Педагогическая деятельность в соответствии с новым ФГОС требует от учителя наличия системы специальных знаний в области анатомии, физиологии, специальной психологии, дефектологии и социальной работы.

Только сейчас Вы можете пройти дистанционное обучение прямо на сайте "Инфоурок" со скидкой 40% по курсу повышения квалификации "Организация работы с обучающимися с ограниченными возможностями здоровья (ОВЗ)" (72 часа). По окончании курса Вы получите печатное удостоверение о повышении квалификации установленного образца (доставка удостоверения бесплатна).

Автор курса: Логинова Наталья Геннадьевна, кандидат педагогических наук, учитель высшей категории. Начало обучения новой группы: 27 сентября.

Подать заявку на этот курс    Смотреть список всех 216 курсов со скидкой 40%

Сабақ жоспары по казахскому языку "отбасы"

библиотека
материалов

Сыныбы: 5 сынып Пәні: қазақ тілі. Сабақтың тақырыбы: Менің отбасым. Сабақтың мақсаты: Білімділік: Отбасы, туыстық тақырыптарына қатысты сөздерді қайталау, бекіту. оқушылардың осы сөздерді қолдану дағдысын қалыптастыру , тиянақтау. Дамытушылық: Тілді үйрену белсенділігін арттыруға түрлі әдіс-тәсілдер арқылы жағдай жасау, логикалық ойлау жүйесінің, есте сақтау қабілетінің дамуына күнделікті өмірде қажетіне байланысты қолдана білуге жол ашу. Тәрбиелік: Туыстық қарым-қатынасты сақтау, үзбеу сияқты адам тәрбиелеуде үлгі болатын әдет-ғұрыптарды білгізуге жағдай жасау, имандылыққа, адами қасиеттерді сыйлауға тәрбиелеу.

Әдіс-тәсілдері: аралас ,аударма, ойландыру,сөздік, ойын түрінде.

Сабақтың көрнекілігі: Компьютер, кестелер, жазба жұмысы.

Сабақ барысы:

I.Ұйымдастыру кезеңі.

II. Сәлемдесу.

А ) Армысың асыл күн! Армысың асыл жер! Армысың көк аспан! Армысың мектебім! ә) әңгімелесу; - Қазір қандай сабақ? -Қазақ тілі нешінші сабақ? -Сыныпта кім кезекші?

-Кім жоқ?

- Қазір жылдың қай мезгілі?

- Бүгін нешесі?

- Аптаның қай күні?

б) Оқушыларды сабаққа даярлау в) Назарларын сабаққа аудару

III Үй тапсырмасы Оқушылардан үйге берілген тапсырманы сұрау,яғни оқушылар өздерінің достарының отбасы туралы әңгімелейді

IV Жаңа сабақ. Отбасы.Сабақтың мақсат-міндетімен түсіндіру -Балалар бүгінгі қазақ тілі сабағымыздың тақырыбы: «Отбасы», яғни, біз алғаш дүниеге келгеннен бастап бізге ең қымбат отбасында өсіп-өніп, тәрбие мен адамгершіліктің ең құндылығын аламыз.олай болса бүгінгі сабағымызға белсене араласуға шақырамыз. "Отан отбасынан басталады" деп жатамыз. Жанұяның береке-бірлігі әр сәбидің, әр баланың болашақ қадамы. Өйткені, ұяда не көрсең, ұшқанда соны ілесің. Отбасы – ол да бір шағын ғана мемлекет. Отбасы тіршілігінің ежелден қалыптасқан заңы бойынша, оны отағасы, ол болмаса, отанасы, одан қалса, үлкен аға не әпке басқарады, олардың сөзін, ұйғарымын өзгелерді жерде қалдырмайдыН.Ә.Назарбаев атамыз айтқандай:Отбасы – отанымыздың ошағы.Отбасында адам бойындағы асыл қасиеттер жарқырай көрініп, қалыптасады. Отанға деген ыстық сезім - жақындарына, туған - туысқандарына деген сүйіспеншіліктенбасталады.Отбасы әр адамның шағын отаны.Отбасынды өсіп-өніп тәрбие алады. Біз жастаймыздан өзгелерге қамқор болуды, ата-ананы үлкендерді сыйлауды, жақсы көруді отбасынан үйренеміз. Бізге ең жақын ең қымбат жандар отбасында яғни бірге жанымызда болады. 1)Бүгінгі тақырыпқа байланысты аударма жұмыс. Оқушыларға сөздер беріледі,сол сөздерді орысшаға аудару. 2)Ой талқылау . Әкенің қандай қасиеттері болуы керек деп ойлайсың? (Оқушылардың жауабы) Ананың қандай қасиеттері болуы керек деп ойлайсыз? (Оқушылардың жауабы) 3)Отбасы туралы мақал-мәтелдер. Оқушылардан отбасы туралы мақал -мәтелдер сұрау 4)Дәптермен жұмыс.

Дәптерімізді ашайық,

Қолға қалам алайық.

Салақтыктан қашайық,

Әдемі етіп жазайық.

(әp қатардан 1 оқушы тақтаға шығып жазады.)

Сөйлемдерді аудар:

Это-наша семья. В семье пять человек. Это –бабушка,отец,мама,старшая сестра и я. Старшая сестра учится в школе. Она –ученица. Сестре 13 лет.

V Сергіту сәті. Кел,санайық екеуміз. Бас бармағым –атам. Балаң үйрек-апам. Ортан терек –ағам. Шылдыр шүмек –мен. Кішкене бөбек- сен. Бір үйде біз нешеуміз? Бір үйде бесеуміз. 5) Ойын.4-ші артықты тап.

Оқушылар тақтадағы суреттерден төтртінші артықты тауып айтуы керек

6) «Таныстыру» фотокөрмесі. Оқушылар өздері әкелген фотосуреттер бойынша әңгімелейді.

7)Үлестірме қағазбен жұмыс.

Оқушыларға үлестірме қағаз таратылады.олар қағаздағы сөздерді тез-тез аударып айтуы керек

(Отец, мать, дедушка, бабушка, младший брат, старший брат, младшая сестра)

VI Қорытындылау:

1. Отбасы мүшелерін ата.

2. Өз отбасың туралы айтып бер?

3. Отбасыңа қандай көмек көрсетесің?

4. Ата – анаңның қандай қасиеттері бар?

VII Үйге тапсырма

«Менің отбасым» тақырыбында сурет салып келу.

Бағалау.

Общая информация

Номер материала: ДВ-565807

Похожие материалы