Инфоурок Информатика Другие методич. материалыСабақ дайындамасы: Малдың қарасан індеті

Сабақ дайындамасы: Малдың қарасан індеті

Скачать материал

Сабақтың  тақырыбы: Ауылшаруашылық малдың жұқпалы аурулары.

Малдың қарасан ауруы

Сабақтың мақсаттары:

Білімділік: Оқушыларды малдың тұяқ  ауруымен таныстыру.

Дамытушылық: Теориялық білімін қолдану, зерттеу әдістерін дамыту.

Тәрбиелік: Еңбектенуге, жеке тұлға ретінде қалыптасуына кәсіби білімдерін іске асыра білуге тәриелеу

Пайдаланған көрнекілігі: слайдтар, малдың мүшелері бейнеленген нақпішіндер, оқулық  Т. Жолшыбек «Мал шаруашылығы», Ә.М. Өтенов “Ветеринария негіздері”

Пәнаралық байланыс:  химия, мал ауру негіздері, мал шаруашылық негіздері, еңбек қауіпсіздігі, фармакология негізі.

Сабақтың әдісі: дәріс

Сабақ өтетін жер: «Малдәрігерлік кабинеті»

Сабақтың барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі: оқушылырдың қатысуын, дайындығын тексеру.

Сабақтың тақырыбы мен мақсаты жарияланды. Керекті жабдықтар тексерілді.

ІІ. Ұй тапсырмасын тексеру:

1.     Некробактериоз ауруы

2.     Тұяқ терісі астының іріңдеп қабынуы

3.     Тұяқты тазарту

4.     Аурудың белгілері

5.     Аурудың өтуі

6.     Тағалау

7.     Алдын алу жұмыстарына не кіреді?.

ІІІ. Жаңа тақырыпты түсіндіру:

Ірі қара малдардың қарасан кеселі (эмфизематозный карбункул)

Жедел өтетін, безгек сияқты дене қалтырауымен, ағзаның етті жерлеріне басқанда дыбыс беретін ісіктердің пайда болуымен білінетін індетті ауру.
Қоздырушысы — «клостридиум хаввое» деп аталатын түзу немесе сәл имектеу, екі басы майысыңқы таяқша тәрізді микробтар. Олар спора (кеуіп түйіршектену) түзеді. Түйіршектері өте төзімді келеді, топырақта бірнеше жыл, қида, бұлшық еттер шіріндісінде 6 айға дейін күшін сақтайды. Тура түскен күн сәулесінен 24 сағатта күшін жоюды. Екі сағат қайнағанда залалсызданады. Ең тиімді залалсыздандыру ерітіндісі 4 пайыздық формальдегид. Негізінен бұл аурумен 4 жасқа дейінгі ірі қара мал ауырады. Сирек те болса қой-ешкі, бұғылар да ауырады. 
Аурудың таралу көздері ауру малдар және микроб спораларымен залалданған топырақ, шөп, жайылым, ақпайтын батпақты су көздері (көл, тоған т.б.) болып саналады.
ауру алиментарлық жолмен (жем-шөп, су ішу, жайылу кезінде) жұғады. Бұған ауыз қуысы кілегейлі қабатының зақымдануы, ас қорыту жүйесіндегі қабыну ағымдары ықпал етеді.
Ауру қойлар тері қабатының зақымданған аумақтары арқылы жұқтырады (қырқым кезінде, піштіру салдарынан болған жарақаттар арқылы). Ауруды жұқтырғанның белгілері білінгенге дейінге жасырын кезеңі 2 күн шамасында. Ауру белгісі бірден білінеді және жедел түрде өтеді. Малдың мойнында, жақ астында, көкірегінде, жамбас, иық еттерінде (кейде ауыз қуысында) тез үлкейе бастайтын ісіктер пайда болады. Ісіктер әдепкіде қатты, ыстық, анық білінетін, ұстап көргенде мал ауырсынатын, қыртылдаған дыбыс беретін болады. Кейін барып ісіктер мұздап, ұстап көргенде мал сезінбейтін жағдайға өтеді. Ісіктерге жақын бездердің ұлғаюы байқалады. Ісіктер иық еттерінде, жамбасында болған кезде мал ақсайды. Емдеуде пенциллин, дибиомицин дәрілерін пайдаланады. Іркілдек ісікті аумақтарға 3 пайыздық карбол қышқылы немесе лизол, яки 1 пайыздық марганцовка ертініділерін жіберуге болады. 

Қарасан қоздырғышы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Қарасан ауруының алдын алу және жою бойынша 
ветеринариялық іс-шараларды жүзеге асыру туралы 
Ереже

Осы, қарасан ауруының алдын алу және жою жөніндегі ветеринариялық іс-шараларының ережесі  жеке және заңды тұлғаларға ветеринариялық шараларының ұйымдастыру және жүргізудің Қазақстан Республикасының "Ветеринария туралы" Заңының 26 бабына сәйкес міндетті түрде орындауға тиісті тәртібін анықтайды.

1. Қарасан - негізінен ірі қараның жіті өтетін, бұлшық еттерінің ісініп, оны басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жұғымтал емес ауру. Ауруға негізінен 3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр малы, сондай-ақ сирегірек қой, ешкі, бұлан мен бұғы бейім келеді.

Аурудың қоздырушысы - CIostridium chauvoei - нағыз анаэроб, аздап иілген полиморфты таяқша, қозғалмалы, өлекседе және қоректік ортада спора түзеді. Споралар топырақта 35 жылға дейін сақталады және ауруды тарататын негізгі фактор болып табылады.

2. Қарасанға диагноз індеттанулық деректер, клиникалық белгілер (сықырлайтын ісіну, дене қызуы, ақсау), патологоанатомиялық өзгерістер және зертханалық зерттеулер нәтижелерінің негізінде қойылады.

Қарасанның алдын алу шаралары

Қарасанның алдын алу мақсатында мынандай шаралар жүргізіледі:

1) мал орындарының санитарлық жағдайын жақсарту және оны қоршау жұмыстарын жүргізу. Қарасаннан өлген мал көмілген жерлердің топырағын залалсыздандыру;

2) балшықтанған жайылымдарды және шөп шабатын жерлерді құрғату;

3) суаттарды қалпына келтіру, мал су ішетін зақымданған, немесе күдікті суаттарды жабу;

4) мал союға, еріксізден сойылған мал етін және өнімдерін ветеринариялық маманның рұқсатынсыз сатуға тиым салу;

5) өлген мал жатқан, ауру мал тұрған жерді, бөлмелерді, ауланы тазалау және дезинфекциялау.

Оқушылар машық кезінде қарасанға қарсы ірі қара малды  вакцинациялау кезінде

vaccine-1
 

 


http://baq.kz/userfiles/8(24).jpg

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


Ірі қара мал мен қойдың қарасанына қарсы вакцина  

Қолданылуы

Вакцина қарасаннан таза емес шаруашылықтарда аурудың алдын алу үшін ірі қара мал мен қойларды иммундеуге арналған.

Сипаттамасы

Вакцина формалинмен өлтіріп алюминий гидра тотығымен тұндырылған қарасан қоздырғышының қойылтылған етіндісіні. Вакцина түбінде борпылдақ тұнба түзетін, сілкілегенде оңай бұзылатын біркелкі сұйық зат. Препараттық тұнбадан жоғары бөлігі сары түсті, ал тұнба ақшыл – cарғыш түсті келеді.

 

 

Иммунитеттің ұзақтылығы

Иммунитеттің ұзақтылығы вакцина егілген күннен бастап 9-12 айға дейін созылады.

Қолдану тәсілі және дозасы

Жануарларды 3 айлығынан бастап 4 жасқа дейін салмағы мен қондылығына қарамай

1 рет 2 см² мөлшерінде иммундейді.

Сақтау шарты

Жарықтан таса жерде +2 +8°С аралығында сақтайды. Тоңазытуға болмайды. Аталған шарт орындалған жағдайда вакцинаның сақталу мерзімі 12 ай.

Биологиялық қауіпсіздігі

Препаратпен жұмыс жасағанда арнаулы сақтандыру шаралары жүргізілмейді. Вакцина шыны 100 см³ мөлшерде шығарылады.

Пысықтау сұрақтар:

1.     Қарасан  ауруының қоздырғышы?

2.     Ірі қарасан  індетінің өтетін түрі

3.     Қарсан мен қандай мал ауырады

4.     Тұяқты тазарту

5.     Аурудың белгілері

6.     Аурудың өтуі

7.     Тағалау тәртібі

8.     Алдын алу жұмыстарына не кіреді?.

n  Қорытынды:

Сабақ тиісті қорытындыланып, бағаланды

n  Ұй тапсырмасы:

Өтенов Ә.М. “Ветеринария негіздері”

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сабақ дайындамасы: Малдың қарасан індеті"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Директор риск-менеджмента

Получите профессию

Технолог-калькулятор общественного питания

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Краткое описание документа:

Қарасан - негізінен ірі қараның жіті өтетін, бұлшық еттерінің ісініп, оны басып көргенде сықырлайтын қабынуы арқылы ерекшеленетін жұғымтал емес ауру. Ауруға негізінен 3 айдан 4 жас аралығындағы сиыр малы, сондай-ақ сирегірек қой, ешкі, бұлан мен бұғы бейім келеді.Аурудың қоздырушысы - CIostridium chauvoei - нағыз анаэроб, аздап иілген полиморфты таяқша, қозғалмалы, өлекседе және қоректік ортада спора түзеді. Споралар топырақта 35 жылға дейін сақталады және ауруды тарататын негізгі фактор болып табылады. Қарасанның алдын алу мақсатында мынандай шаралар жүргізіледі: 

1) мал орындарының санитарлық жағдайын жақсарту және оны қоршау жұмыстарын жүргізу. Қарасаннан өлген мал көмілген жерлердің топырағын залалсыздандыру.

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 185 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 23.01.2015 5786
    • DOCX 857.6 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Орманова Дарига Изимгалиевна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Орманова Дарига Изимгалиевна
    Орманова Дарига Изимгалиевна
    • На сайте: 9 лет и 3 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 25327
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Экскурсовод

Экскурсовод (гид)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Использование компьютерных технологий в процессе обучения информатике в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 139 человек из 44 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 298 человек

Курс повышения квалификации

Применение компьютерных моделей при обучении математике и информатике в рамках ФГОС ООО

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 48 человек из 27 регионов
  • Этот курс уже прошли 179 человек

Курс профессиональной переподготовки

Математика и информатика: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель математики и информатики

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 41 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Эффективная корпоративная коммуникация

8 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Toolbox классического проектного менеджмента

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Здоровые взаимоотношения: адаптация и развитие ребенка через привязанность и игрушки

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 89 человек из 38 регионов
  • Этот курс уже прошли 60 человек