Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Иностранные языки / Конспекты / Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қалалары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Иностранные языки

Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қалалары

библиотека
материалов

пәні: қазақ тілі сыныбы: 4 мұғалім: Амиркулова Майраш Ергазиевна



Сабақтың тақырыбы: Қазақстанның қалалары

Сабақтың мақсаты: Қазақстан қалаларының ерекшеліктерін анықтау

1 Білімділік - тақырып бойынша жаңа сөздер мен сөз тіркестерін дұрыс пайдалана білу. "Қазақстан қалалары" тақырыбына сөйлей білу; Қазақстан қалалары туралы жан-жақты білімдерін кеңейту, алған білімдерін тапсырмалар арқылы бекіту. Сұрақтарға жауап беру, ойды жүйелеп айту дағдыларын қалыптастыру. Мәтінді мәнерлеп оқуға, тіл ұстарту.

2 Дамытушылық - оқушылардың қазақ тілінде сөйлеу дағдысын дамыту. Ойларын дұрыс жеткізе білу қабілеттерін қалыптастыру; Өздерінің қиялдағы ойларын жеткізе және дәлелдей білу, сыни тұрғыдан ойлау білу дағдыларын, бір-бірімен келіссөзге келуге деген ынталарын арттыру. Оқушылардың ізденімпаздық, тапқырлық қасиеттерін қалыптастыру.

3 Тәрбиелік - тілді үйренуге деген талабын арттыру, Отанын, туған жерін, елін, қалаларын сүюге патриоттық сезімдерін ояту, сауаттылыққа тәрбиелеу, Отансүйгіш ұлтжанды азаматтар тәрбиелеу.

Түрі: қайталау сабақ

Әдіс-тәсілі: "ойқозғау", "мағынаны ажырату", "ойтолғаныс" стратегиялары сұрақ-жауап, әңгімелесу, сөйлесу, топтық жұмыстар, іздендіру әдістерін қолдану.

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайдтар, географиялық карта, сөздіктер, әлеуметтік желілер.

Пәнаралық байланыс: әдебиет, өзін-өзі тану, география, тарих,музыка,сурет.

Сабақтың барысы: І. Ұйымдастыру. 1.Сәлемдесу. 2.Психологиялық жағдай туғызу

ІІ. "Ойқозғау сатысы". Топқа бөлу - түрлі-түсті қиындылар арқылы: шеңбер-қызыл түсті -1-топ, төртбұрышты сары - 2-топ, жасыл үшбұрыш- 3- топ , топ басшыларын сайлау, бағалау парақтарын тарату.

"Гүл сыйлау" - білімдерін тексеру- үй тапсырмасын сұрау. Оқушы гүлді ұсынған оқушыға сұрақ қояды, жауап берген оқушы жалғастырып әкетеді.

-Қазақстан қандай мемлекет?

-Қазақстан көпұлтты, үлкен мемлекет.

-Қазақстанның президенті кім?

-Қазақстан Республикасының президенті Н.Ә.Назарбаев.

-Рәміздерді ата.

- Ту, Елтаңба, Әнұран.

- Ту неге көгілдір түспен боялған?

- Ол көгілдір ашық аспанды білдіреді.

- Туда нелер бейнеленген?

- Алтын күн, дала қыраны, ою-өрнек бейнеленген.

- Олар неге сары түспен боялған?

-Қазақстан астықтың Отаны. Біздің еліміз нанға бай.

- Елтаңбада нелер бейнеленген?

- Елтаңбада шаңырақ, қанатты тұлпар, бесбұрышты жұлдыз бейнеленген.

- Қазақстанның астанасы қай қала?

- Қазақстанның астанасы - Астана қаласы.

Астана -арман қала.

Ел жүрегі Астана

Менің туған мекенім

Ел тілегі - Астана,

Әнім, жырым, өлеңім!

ІІІ. Сабақтың тақырыбын ашу, мақсатын қою.

-Балалар тақтаға назар аударыңдар, Қазақстан жұлдыздарының орындауында ән тыңдайық - 2 мин 27 сек. Асқақтай бер,Елім!

мұқият тыңдап, сол өлеңнің мағынасын түсінуге тырысыңдар. Өлең мен бүгінгі сабағымыздың тақырыбы бірдей. (өлеңмен қоса интерактивті тақтада Қазақстан қалалалары туралы слайд көрсетіледі).

Бұл ән не туралы?

- Бұл ән қазақстан қалалары туралы.

-Бұл өлеңде Астана қаласына деген ерекше сүйіспеншілік бар.

-Бұл әнде Көкшетау, Шымкент,Атырау,Қостанай т.б.қазақстанның ірі қалалары айтылған.

-Дұрыс айтасыңдар,балалар, ендеше бүгінгі сабақтың тақырыбы қалай болады?

- Қазақстанның қалалары.

-Дұрыс атадық тақырыпты.

- Ендігі кезек мақсатымызды анықтайық, қандай мақсат қоюға болады?

- Қазақстан қалаларының ерекшеліктерін білу. - Туған қаламыз Астананы сүю, қамқор болу. - Отанды сүю, қазақстан қалаларын жатқа білу. Қазақстан қалаларын мақтан ету.

IV.Лексикалық тақырып.

Сызба бойынша оқушыларға тақырыпты түсіндіру

hello_html_m160d702.png



V. Оқулықтарыңды ашыңдар -211-ші бет. Бүгінгі датаны және тақырыпты дәптерлеріңе жазыңдар.

Сөздік диктант

Дауысты дыбыстан басталатын қаланың аттарын "1" цифрымен, дауыссыз дыбыстан басталатын қаланың атауларын "2" цифрымен белгілеп, жалпы кодты табыңдар.

Астана,Алматы, Шымкент, Өскемен, Көкшетау, Павлодар, Ақтөбе, Тараз, Қызылорда, Қостанай, Теміртау, Арқалық, Атырау, Семей.

код: 11, 21 , 22 , 12 ,22, 21, 12.

VІ. Қазақстанның қалалары -1-топ -Батыс,Шығыс Қазақстанның ірі қалаларын картадан көрсетіңдер;

2-топ - Оңтүстік Қазақстанның ірі қалаларын картадан көрсетіңдер;

3-топ -Солтүстік Қазақстанның ірі қалаларын картадан көрсетіңдер;

Үш тілдік сөздік

қала - город - city

астана- столица - capital

көше - улица - street

1-топ - мұражай сөзіне Үш тілдік сөздік құра, мұражай сөзін септеңдер

2-топ -субұрқақ сөзіне Үш тілдік сөздік құра субұрқақ сөзін септеңдер

3-топ - гүлзар сөзіне Үш тілдік сөздік құра, гүлзар сөзін септеңдер

VІІ. "Жұбыңды тексер" - оқулықпен жұмыс -211-бет, 2- тапсырма. Аралас буынды сөздерді жаз.

Кітап,мұғалім,бірақ, әнұран, тікұшақ, жолсерік.

VІІІ. Үш топқа жеке тапсырмалар - 10баллдық жұмыс.

карточкамен жұмыс атқарады- топпен қорғайды

1-топ - Атамекен сөзіне кластер құра.

2-топ - Кестені толтыр.Рәміздерге сәйкес сөздерді тап.

3-топ - Сөзжұмбақ. Қазақстандағы жер-су, қала аттарын жаз.

Сергіту сәті. - 1мин.27 сек.

ІХ. Моноқалалар туралы айтып өтейік.

Моноқалалар дегеніміз не? Үш топ жауап дайындайды.

Моноқала -бұл ірі қала емес, өнеркәсібі бар шағын қала. моноқала тұрғындарының саны - 10мыңнан 200 мыңға дейін болады. 100мыңнан асатын 4 қала-Теміртау,Рудный, Жаңаөзен, Екібастұз.

Қазақстанда 27 моноқала бар.

Қарағанды обл - 8 моноқала, ШҚО -4; Қостанайда -4; Жамбылда-2; Павлодарда - 2, қалғандарында 1 моноқала бар

Қандай ғылыми жобаң болар еді? "Моноқалалардың дамуы және оны шешу жолдары"-тақырыбын қозғаушы едім.

Х.1. - Қазақстан Республиксының бас қаласы қай қала?

- Астана

2. Қазақстанда қанша қала бар?

-184

3.Алматы қандай орталыққа жатады?

- Ірі ғылыми,мәдени-қаржы орталығына жатады.

4.Алматы қай таудың баурайында орналасқан?

- Алатаудың баурайында

5.Семей қай өзеннің жағалауында орналасқан?

- Ертіс өзенінің жағалауында

6.Ертіс өзені арқылы не салынған?

Аспалы көпір

7.Шымкент қаласында қандай кәсіпорындар бар?

Мақта өңдеу,жеміс консервілеу

8.Атырау қай теңіздің жағасында орналасқан?

- Каспий теңізінің жағасында

9.Байқоңыр қаласында не орналасқан?

- Ғарыш айлағы

10.Ақтауда не қызмет етеді?

- Мұнай таситын танкерлер


Тапсырмалар. №1 Керекті сөздерді пайдаланып, сөйлемді толықтырыңыз.

Қазақстанда 184 қала және 193 қала тектес мекендер-----------------

Алматы Республиканың ірі ғылыми, мәдени-қаржы-------------------

Ертіс өзені арқылы аспалы көпір----------------------

Атырауда мұнай мен газ---------------------------------

Тараз – Республикадағы ең көне-----------------------

Керекті сөздер: орталығы,бар,өндіріледі,салынған,қала.

Тақтамен жұмыс. Астана - Қазақстанның бас қаласы. Астана сөзін септеу,тәуелдеу,фонетикалық талдау.

Тақтаға үш оқушы шығып орындайды.

-Тыңдаңыз. Тірек сөздер арқылы сөйлесейік. Диалог

-Азамат, саған Қазақстанның қандай қалалары ұнайды?

-Маған Қазақстанның барлық қалалары ұнайды

-Соның ішінде қайсысы ерекше ұнайды?

-Соның ішінде,әсіресе жаңадан бой көтеріп келе жатқан әсем Астана ұнайды.

-Барып көрдің бе?

-Әрине, жаңа жобамен салынған зәулім үйлері, әсем де сәнді ғимаратттары көздің жауын алады.

(Оқушылар осы диалогты пайдалана отырып,өздері құрастырады)

Бекіту: Тест

1.Алматы қай таудың баурайында орналасқан?



А. Тарбағатай Ә. Қаратау Б. Гималай В.Алатау



2. Семей қай өзеннің жағалауында орналасқан?



А. Ертіс Ә. Есіл Б. Іле В. Шу



3. Атырау қаласы қай теңіздің жағасында орналасқан?



А. Каспий теңізі Ә. Арал теңізі Б. Жерорта теңізі В. Қара теңіз



4. Ғарыш аймағы қай қалада шоғырланған?



А. Қызылорда Ә. Ақтөбе Б. Байқоңыр В. Шымкент



5. Көмір шахталары қай қалада шоғырланған?



А. Семей Ә. Ақтөбе Б. Ақтау В. Қарағанды



Сабақ қорыту. Қазақстанның қандай қалаларын білесіңдер?



Шымкентте қандай өндіріс орындары бар?



Абай қай қалада туған?



Сабақтан алған әсерлерің қандай?



Бағалау. Сабаққа қатысқан оқушылардың білім деңгейі мен тест жауаптарын бағалау.



Үйге тапсырма. Семей, Ақтау, Шымкент, Ертіс сөздерін фонетикалық талдау, септеу, тәуелдеу

Сабақ оқушылардың топпен ән айтуымен аяқталады.

Асқақтай бер,Елім!

Мөлдіреген гүлім бар

Бейбіт аспан көгім бар

Сол аспанның астында

Ұлан - байтақ төрім бар.

Егеменді елім бар

Заңғар биік жерім бар

Болашаққа жол бастар,

Елбасындай ерім бар.

қайырмасы:

Аспанға қараймын,

Жұлдызды санаймын.

Шуағыңды шаш елге,

Ақ таңым арайлым!

Бағыма балаймын

Тамсанып қараймын,

Жер жаһанда өзіңдей

Ел жоқ деп санаймын.


2.Жан арайын күн сүйген

Елдің жолын ұстандым

Ақ бесігің тербелген

Менің Қазақстаным

Күн мақсатқа таралған

Тәуелсіздің ұраны

Бірлік, елдік, ынтымақ

Біздің елдің жыр-әні.


қайырмасы:

Аспанға қараймын,

Жұлдызды санаймын.

Шуағыңды шаш елге,

Ақ таңым арайлым!

Бағыма балаймын

Тамсанып қараймын,

Жер жаһанда өзіңдей

Ел жоқ деп санаймын.






















Автор
Дата добавления 16.03.2016
Раздел Иностранные языки
Подраздел Конспекты
Просмотров408
Номер материала ДВ-531746
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх