Инфоурок Другое Статьи"САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУДА ИНТЕРАКТИВТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ РӨЛІ"

"САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУДА ИНТЕРАКТИВТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ РӨЛІ"

Скачать материал

 Серікқызы Назгүл

Информатика пәнінің оқытушысы

 

САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУДА ИНТЕРАКТИВТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ РӨЛІ

            Қазақстан Республикасы білім беру жүйесі қазіргі таңда өзгермелі және өскелең талаптар мен қажеттіліктерге баса назар аударып, отандық білім сапасын әлемдік білім кеңістігіне кіріктіруге бетбұрыс жасауда. Бұл білім жетілдіру және оны сапалы деңгейге көтеруді алға тартып отыр. Педагогтардың кәсіби қызметінің деңгейін көтеру, оқыту процесін ізгілендіру мақсатында әр мұғалім өз мүмкіндігіне қарай оқу үрдісіндегі озық жаңа технологияларды пайдалануда. Т.К.Смыковская, Т.Б.Руденколардың пікірінше: «Әдістеме тек бір ғана – оқыту үрдісіне көңіл бөлсе, технология бір мезетте оқу және оқыту үрдісімен қатар жұмыс істейді. Технология алға қойған мақсаттың нақты соңғы нәтижесіне кепілдік береді. Ежелгі философтар педагогикалық шеберлікті тарату туралы айтса, ал қазіргі таңда технологияны тарату керек делінген»

            Әлемдегі оқу үрдісіндегі жаңаша оқыту төрт бағытты қамтиды.

  1. Модульдік оқыту технологиясы;
  2. Рейтингтік жүйе;
  3. Дамыта оқыту технологиясы;
  4. Сын тұрғысынан ойлау технологиясы.

Кез келген технологиямен жұмыс жүргізгенде мұғалім сол технологияны жақсы меңгеруі тиіс. Технологиямен жұмыс жүргізу төрт саты арқылы іске асады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


            Қазіргі білім беру саласындағы оқытудың озық технологияларын меңгермейінше сауатты, жан-жақты маман болу мүкін емес. Жаңа технологияны меңгеру мұғалімнің зейін-зерделік, кәсіптік, адамгершілік, рухани азаматтық адами келбетінің қалыптасуына игі әсерін тигізеді, өзін-өзі дамытып, оқу-тәрбие үрдісін жүйелі ұйымдастыруына көмектеседі.

            Белсенді оқыту – субъектілердің «білім алу - оқыту» бірлескен әрекетінде өздерінің белсенділік таныту үшін жағдай туғызу дегенге саяды. Ендеше мына сұрақтарға жауап берелік.

  1. Интерактивтік оқыту дегеніміз не, не үшін қажет және оны қалай қолдану керек?

Интерактивтік қазіргі демократиялық қоғамда қажетті белсенді араласу дағдыларының үлгілері мен дамуы талап етіледі. Бұл технологияны кез келген пәнде, кез келген деңгейде пайдалануға болады.

  1. Интерактивтік оқыту дегеніміз не?

«Интер» - ағылшын тілінен аударғанда аралық «акт» - әрекет ету. «Интерактивтік оқыту» - оқушылардың өзара әрекет етуіне жағдай жасайтын әдістер. Ол өзара әрекеттесуге негізделіп құрылған оқыту деп түсінуге болады.

      Білім алуды белсендіру білім алушы мен оқытушының, білім алушылардың өзара тікелей қарым-қатынасын иот дейміз. Мұндай ара қатынас әдетте қандай да бір проблеманы шешу жолдары мен ұсынылған шешімнің қаншалықты көңілге қонымды екендігін талқыға салу арқылы жүреді. Себебі, технологияның мақсаты жай ақпарат беріп қоймай, білім алушыларды өздіктерінен жұмыс істеп, жауап іздеуге бейімдеу. Қандай технология болмасын негізгі білімнің көзі оқушылардың өмірлік тәжірибесінде. Білім беру үрдісінде білім алушылар мынадай адамдармен өзара қарым-қатынаста болады:

  1. мұғаліммен;  2. жұппен;  3. шағын топпен;  4. үлкен топпен;  5. кейбір техника түрлерімен;

«Өзара қатынас» әдісінің негізгі ерекшелігі – ашылу (өзін-өзі ашу) үрдісімен байланысты, оның негізгі мәні оқушылар білім алу дағдыларын өзара қарым-қатынас арқылы меңгереді.

  1. Интерактивтік оқыту не үшін қолданылады?

Интерактивтік оқытуда білім алушы пікірталас кезінде білгендерін есте сақтай алады. Бұл мынадай себептерге байланысты болады. Білім алушы ақпарат алып қана қоймай, шешімді табу жолы мен шешімнің дұрыстығын немесе бұл ойдың ұсынылған нұсқаларының ішіндегі ең жақсысы екендігін қисынды түсіндіре білулері, өз ойларын дәлелдеулері керек;

-қисынсыз құрылған шешімдер дау туғызатынын білгендіктен оқушылар өздерінің идеяларын терең талқылайды.

- мәселені шешу барысында өздерінің және басқалардың тәжірибелерін қолданады. Мұндай білім жеке оқушының біліміне қарағанда молырақ болады.

- мұғалім білім алушыдан кейбір нәрселерді біліп, үйрене алады, яғни үйрете жүріп үйренеді.

       Жұптасып немесе топпен жұмыс істеу қарым-қатынасының артықшылығы:

1.      Айтатын ойларын өздерінің құрдастарымен топта бөлісе алады;

2.      өздерінің жеке пікірлерінен өзге жақсы пікірлердің бар екендігін біледі.

Білім алушының ойлау белсенділігін арттыруда келесі шеберліктерді тәжірибе жүзінде пайдаланғанды жөн көрдік:

а) Дәлелдерді есте сақтау (көп күш жұмсауды қажет етпейді)

б) ой елегінен өткізу;

в) талдау (бір нәрсені құрамды бөліктерге бөлген кезде);

г) Қорыту (жаңа бір нәрсе жасау үшін идеялар біріктіру);

ғ) Бағалау (бір нәрсенің сапасын бағалағанда).

Адамның жас шағында жетілдірілмеген ойлау қабілеті сол қалпында қалып қоятыны белгілі. Сондықтан қазіргі ақпараттық қоғамдағы өмірге оқушыларды дайындау үшін олардың тек ойлау қабілетін, анализ бен синтез жасау мүмкіндіктерін ғана дамытып қоймай, оқыту процесінің ең маңызды бөлігі – ақпараттық мәдениет элементтерін бойларына сіңіріп, ұғындыру керек. Ақпараттық заманда өмір сүретін адам бастауыш мектептің өзінде-ақ өзін-өзі шектей білетін негізгі нормалар мен ережелерді игеруі тиіс.

            Осыған орай бастауыш сыныпта «Ақпараттық мәдениет негіздері» пәнін енгізу мынадай мақсаттарды көздейді:

·         сезімді ынталандыру;

·         білім, білік дағдыларын дамытуға қызығушылығын арттыру;

·         жауапкершілігі мен міндеттерін қалыптастыру;

·         есеп пен талдау жасау дағдыларын үйрету;

·         логикалық және ақпараттық ойлау қабілеттерін дамыту.

Сезімді ынталандыру деген – білім беруге жағдай жасау, сабақ кезінде мадақтау және көтермелеп отыру, оқытуда ойын түрлерін тиімді пайдалану, алға қойған мақсатты жүйелеу болып табылады.

Ақпараттық технология – қазіргі компьютерлік техника негізінде ақпаратты жинау, сақтау, өңдеу және тасымалдау істерін қамтамасыз ететін математикалық және кибернетикалық тәсілдер мен қазіргі техникалық құралдар жиыны.

Коммуникация – ақпаратты тасымалдап жеткізу әдістері мен механизмдерін және оларды жазып жинақтап жеткізу құрылғыларын қамтитын жалпы ұғым.

            Бұл жерде мұғалім бағыт беруші басқарушы рөлінде болады. Кейбір адамдар интерактивті әдісті қолданған сабақта ереже бойынша оқушылар көп сөйлеп, мұғалімдер мейлінше аз сөйлеуі, яғни енжар адамның рөлінде болуы керек деп қате ойлайды. Бұл дұрыс емес. Интерактивтілігі төмен әдістерден, интерактивті әдістің айырмашылығы мұғалімнің сабаққа қатысу белсенділігінің жоғары болуын қажет етеді. Үнсіздік сақтап тұрған мұғалімнің ойлау әрекеті сабаққа қатыспай тұр дегенді білдірмейді. Оқушылар сабақтың мақсатына жету үшін мұғалім пікірталасты басқаруы қажет. Интерактивті әдістеме іс жүзінде басқару шеберліктерінің жаңа қырларын қажет етеді, осыған орай төменде топтық жұмыстарды ұйымдастыруға қатысты жұмыс жасаудың жалпы бірнеше тәртібіне тоқталып өтейік.

            Оқушылар маңызды теориялық жаңа материалмен танысып, оны түсінді.

а) Дайындық кезеңіне келесідей қадамдар кіреді:

- оқушыларға әртүрлі тапсырмаларды орындату барысында қандай ұғымдарды бекіту керектігін алдын ала анықтау арқылы тапсырманы таңдау.

- тапсырманың құрылымы оқушының деңгейіне сәйкес келу-келмеуін анықтап алу.

- осылардың барлығына көз жеткізген соң, сыныпта бұл тапсырманың қалай орындалатынын ойластыру қажет. Осылайша оқушылардың тапсырмаға қатысты реакциясын алдын ала болжап, жауабыңызды да жоспарлай аласыз.

- берілген тапсырманы талқылау барысында оқушыларға түсініксіз болады-ау деген кейбір тұжырымдарды анықтап алу.

ә) Оқушыларға нұсқау. Оқушыларға жұмыстың мақсатын түсіндіру

- тапсырманы орындауға берілетін жұмыс тәртібі мен уақытын көрсету. Сондай-ақ кез келген оқушыдан барлық сыныпқа берілген нұсқауды қайталауын сұрауға болады;

б) Топтың құрамын анықтау.

в) оқушылар бірлесіп жұмыс істей бастайды;

г) топтардың жұмысын бақылау, бағалау.

Оқытудың интерактивті әдістерін енгізу барысында, оқушылар әлі бұл тәсілмен жұмыс жасап үйренбегендіктен, барлық жағдайды бақылауда ұстау өте маңызды. Егер топтар ойдағыдай жұмыс істеп жатса, олардың біріне мұғалім ретінде емес, жәй қатысушы ретінде қосылуға болады. Сонымен қатар тіпті кейбір оқушылардың өз қалауымен сөйлегісі келмеген жағдайдың өзінде, әркімнің өз ойын айту құқығы қорғаулын қадағалап отырған жөн. Бұған сабақтың басқа кезеңдерінде де назар аударуға тура келеді.

ғ) шағын топтардағы талқылау барысының аяқталуы тапсырманы уақытынан бұрын аяқтаса және бұдан әрі талқылаудың ешқандай нәтиже бермейтінін сезсеңіз, онда сыныптың назарын өзіңізге аудару қажет;

д) ой түйін жасау / қорытынды шығару.

            Мұғалім топтарға өздерінің қорытындылары мен шешімдерін айтуды және баршасы келіскен жалпы сәттерді анықтауды ұсынады. Алайда мұндағы мұғалімнің рөлі оқушылардан, неліктен басқалай емес, дәл солай ойлайтындығын үнемі сұрап отыруымен маңызды. Жекелеген жағдайларда бұл тәсілді сыныпта айтылған ойларға жиі-жиі қарама-қайшы пікір айтқан оқушының тұжырымына сүйеніп жасаса, әлдеқайда ұтымдырақ болады. Бұдан кейін мұғалім тапсырманың сипатына қарай оқушылар өздері шығарған қорытындыларын күнделікті өмірде қалай қолдануға болатындығы туралы ойлануларын сұрауына болады.

            Сөзімді қорытындылай келе интерактивті құралдар көмегімен оқушының шығармашылықпен жұмыс істеуіне жол ашылады және оқыту әдістеріне жаңа элементтер енгізуге, білімді сапалы игеруіне мүмкіндіктер жасалады. Бұл оқушының ақпараттық-коммуникативтік сауаттылығын арттырып, құзіреттілігін қалыптастырады.

 

 

Пайдаланылған әдебиеттер:

 

1.      «Информатика негіздері» ғылыми-әдістемелік журнал № 3

2.      «Информатика» Н.Т.Ермеков

3.      www.google.kz

4.      www.rambler.ru

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал ""САБАҚТЫ ЖОСПАРЛАУ ЖӘНЕ БАСҚАРУДА ИНТЕРАКТИВТІК ОҚЫТУ ТЕХНОЛОГИЯСЫНЫҢ РӨЛІ""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Логопед

Получите профессию

Бухгалтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 139 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.10.2016 1090
    • DOCX 53.5 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Серікқызы Назгүл -. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Серікқызы Назгүл -
    Серікқызы Назгүл -
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 46299
    • Всего материалов: 19

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Няня

Няня

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 34 человека из 21 региона
  • Этот курс уже прошли 154 человека

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Искусство: от истории к глобализации

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Психология и педагогика в работе с подростками

5 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 57 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 29 человек

Мини-курс

Архитектура мира: от Крита до Австралии

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 43 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек