Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыСайыс кеш"Қызықты қазақ тілі әлемі" 7-8 сыныптар)

Сайыс кеш"Қызықты қазақ тілі әлемі" 7-8 сыныптар)

Скачать материал

«Тиірмен қазақ орта мектебі» коммуналдық мемлекеттік мекемесі

 

 

 

 

 

Интелектуалды сайыс кеші

 

 

Қызықты қазақ тілі әлемі

 

 

 

Күні:    09.02.2018 ж

 

Пән мүғалімі:    Н.Марденова

 

 

 

 

2017-2018оқу жылы

 

Сабақтың мақсаты:
Оқушылардың ойлау, еске сақтау, қайта жаңғырту қабілеттерін дамытумен қатар, қазақ тілі мен әдебиет пәніне деген қызығушылықтарын арттыру.
Сабақтың түрі: сайыс сабағы.
Көрнекілігі: кеспе қағаздар,нақыл сөздер
, слайд, видео
Сабақтың ұраны:
Көп тіл білсең көкжиегің кең болар,
Құрметтейді кісі екен деп төрге озар.
Қай елде жүрсең де бұл дұрысы -
Мемлекеттік тілді білген жөн болар.
Мұғалімнің кіріспе сөзі:
- Құрметті әріптестер, оқушылар! Бүгінгі "Қызықты қазақ тілі әлемі" сайыс сабағымызды қазақ тілі мен әдебиеті апталығына арнаймыз. Тіл сайысын өткізудегі мақсатымыз Б-оқушылардың сайысқа дайындалу кезінде олардың ізденімпаздығы, шығармашылық қабілеті артып, практикалық дағдысы дамиды. Оқушылар білімдерін шыңдайды. Бүгінгі сайысымыз 6 кезеңнен тұрады, олар:
1. Таныстыру, сәлемдесу.
2. "Зымыран сұрақтар" (қазақ тілі пәні бойынша)
3.
«Жаңылмай айтайық» Жаңылпаштар сайысы.
4. "Тапқыр болсаң, тауып көр" Жұмбақтар», «Ребус», «Логикалық сұрақтар»
5. "Әдеби шығармаларды қаншалықты оқисың?»                                                                                     7.Пазл құрастыру                                                                                                                                      8.Мәнерлеп өлеңдер оқу                                                                                                                                7.Берілген сөздерге тұрақты сөз тіркестерін жасау


Сайысқа 7-8- сынып оқушылары қатысады.
"Сайысымыздың бет ашарын бастайық,
Көрерменді бір серпілтіп тастайық.
Таныстырсын сайыскерлер өздерін,
Өнеріне ду қол соғып қостайық",- деп, кезекті сайысқа қатысушы оқушыларға берейік.

I кезең. Таныстыру, сәлемдесу.
II кезең: "Зымыран сұрақтар" кезеңі (қазақ тілі пәні
мен әдебиеті пәні бойынша)
Мықты болсаң - алдағыны басып оз.
Мықты болсаң - арттағыны жеткізбе!
Мықты болсаң - тайғанама көк мұзда!
Мықты болсаң - бөгеттерді бұзып өт – деп сайысымыздың екінші кезеңіне өтейік.
Қазақ тілі пәні бойынша берілетін сұрақтарға дұрыс және жылдам жауап беру.
Осы кезеңнің қорытындысы бойынша үш топтың ұпай саны саналады.
І топ
(Ғалымдар) сұрақтары.
1. Қазақ тіліне тән дыбыстар нешеу? (9)
2.
Саластырмалы шырай жұрнақтары қайсылар?
3.
Қозы Көрпеш –Баян сұлу жыры қандай жыр?
4.
Еліктеу сөздер дегеніміз не?
5. Қазақтың алғаш әліппесін жазған кім?(Ахмет Байтұрсынов)
6. «Қас пен көздің арасында» сөздің мағынас
ы (Тез)
7.
Тәуелдік жалғау дегеніміз не?
8.
Көптік жалғау дегеніміз не?
9. Атын тура айтуға болмайтын сөз (табу)
10. Тіліміздегі сөздердің жиынтығы (лексика)

ІІ топ( Тұлпар) сұрақтары.
1. Басқа тілден енген сөздер (кірме)
2. Белгілі бір аймақта ғана қолданылатын сөздер (диалект)
3. Дөрекі, әдепсіз сөздер (дисфемизм)
4.
Жіктеу есімдігі қалай  жасалады?                                                                                                                                      

5.Құрмалас сөйлемнің түрлері  

6.Жақты сөйлем дегеніміз не?

7. Дулыға, сауыт сөздері қандай сөздер?(көнерген сөздер)
8. Данышпан ақын –Абай Құнанбаевқа қандай атақ берілді?

9.Жай сөйлемнің түрлерін  атап бер

10. Жігіттер ,ойын –арзан, күлкі қымбат өлеңінің авторы кім?

3 кезең

"Жаңылмай айтайық"Жаңылтпаштарды жаңылмай айту

1-топ  Ғалымдар

Досым тойға араласты,

Көшім қойға араласты.

Қойға араласқан бала

Қойшыға қой қораласты.

***

Анау арал қай арал

Қайыңды арал, талды арал

Ішінде бұзаулы ала марал

***

Қай тай лақтай,

Қай лақ тайлақтай

***

Сорпа іштік,

Сорпа ыстық,

Сондықтан,

Қорқа іштік.

***

Екеуінің жолы шамалас,

Бірінің шашы – қара шаш.

Екіншісінің шашы –

ақ шаш аралас.

***

Жабайы маралдар бар,

Араларында жаралы маралдар бар

2-Топ Тұлпарлар

Тоқпақ жаттап,

Айтсақ жақсы-ақ.

Жатка тақпақ

Жатта тақ-тақ

***

Айнала, айнала,

Айналуы айнала,

Айналма, әй, бала.

***

Ала тайды –

Балақай мініп жүр.

Ала тай

Балақайдың мінгенін біліп жүр.

***

Талды отырған

Қай құс?

Таста отырған

«Байғыз» деген байғұс

****

Лаула, алау, лаула,

Алауласын аула!

*****

Төсек үстінде төрт бөрік,

Төртеуі де көк бөрік.

 

 

4.Тапқыр болсаң тауып көр Бейнесұрақтар 

5 кезең «Ойлы болсаң озып көр»

(Оқушылар берілген үзіндінің қай шығармадан екенін анықтайды және қандай салт дәстүр қолданған)

1-топ

- Сенің сегіз қызың бір төбе, Кенжекейің бір төбе болса, менің сегіз ұлым бір төбе, тоғызыншы ұлым бір төбе. Кенжекейің тоғызыншы ұлымдікі болсын, - деп бай тоғыз қызға қандай салт-дәстүрдің түрін жасап келіпті? (Қай шығармадан алынған? Қандай дәстүр бар?) (“Ер Төстік”ертегісі, құда түсу)
1-топ

Шашау шыққан мал жоқ.Айналасы  қарауытып, қыстау тұр.Бадырайып қарағандай әр жерден көздер көрінеді.Пішен төбесі мен қораның ығында жатқан иттер үреді.Сақ, мазасыз.....

(Мұхтар Әуезов  «Көксерек» әңгімесінен үзінді)

2топ

- Мен айыптымын, менен бір қателік болды, шайтанның азғырғанына ердім. Оған себеп – мына уәзірлер. Бұлар енді я саған, я маған бір қатер қылар. Сен енді іргеңді көтер, бөтен елге көш деп, - хан өзінің досына разы болып, бірнеше түйеге асыл заттар арттырып, мал беріп, досын Ақша ханның еліне көшіріп салады.
(Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?) («Аяз би» ертегісі, енші беру).

2-топ

Көтергенде қатты демігіп, өңі қуарып, сыбырлай сөйледі.Аға мен жеңге оңың жүзіне қатар үңілгенде : «Ер арыса-аруақ.....» деп ,  зорға ғана басын изегендей  белгі етті

(Қараш –Қараш оқиғасы)

1-топ

Балаға таңсық болып жүрген байғұс,
Үйіне алып келіп қылды тойды.
Туғандай тумаса да қылайын деп,
Кім деп ол баланың несін қойды?
Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?( «Алпамыс батыр»жыры, азан шақырып ат қою, шілдехана жасау, бауырына салу).
2-топ

Өлім деген тәңірі иесі,
Желіккен құлан әңгісі.
Құлан мен тұлпар желіккен,
Жосыған құлан желіккен,
Балаңды шайнап өлтіріп,
Жұлмалап жалмап кетіпті.
Қай шығармадан алынған, қандай дәстүр бар?

(«Ақсақ құлан Жошы хан» аңызы,естірту)

1-топ

Жеті қырдан асқанда

Күлдірлеген қоңырауды

Есітті сонда құлағы

Шапса, балта өтер ме,

Жыңғырлаудың тасына?

Нелер келіп , не кетпес,

Ержігіттің басына

(Қыз Жібек жыры)

2-топ

Ата-анам  жылап –зарлап қалған еді.

Сорлы анам көкірегін көкке сауып,

Қан жылап , меннен бір ант алған еді.

Ол анты; «Елдің шетін , анаң бетін

Бір көрмей, қозым, ерге барма !» деді

(Батыр Баян поэмасынан)

7.Пазл құрастыру (сергіту сәті)

8.Мәнерлеп өлең оқу

9.»Кім жүйрік»

Сөздердің тұрақты тіркестерін айту

Ағама жеңгем сай, апама жездем сай – мінез-қылығы үйлес
Ағынан жарылды – ештеңені жасырмады, бар сырын ақтарды
Ажал оғы атылды – өлді, мерт болды
Ажары кірді – көріктенді
Айдың күні аманда – аман-есенде, тыныштықта
Аймандай қылды – әшкереленді, ұятты болды
Айна қатесі жоқ  – дәл, тұп-тура
Айтаққа ерді – өсек-аяңға ерді
Айтқан сөз құлағынан ағып кетті – түсінбеді
Айы оңынан туды – жолы болды
Айызы қанды – көңілі жай тапты, құмары қанды
Айылын жимау – жасқанбау, сескенбеу
Ақ ауыз қылды – алдап кетті
Ақ жарқын – ашық көңілді
Ақ саусақ – жалқау
Ақыл(ой) таразысына салды – ойланды
Ақысын жеу – еңбегінің ақысын бермеу
Ала ауыз (алты бақан) – бірлігі жоқ
Ала болды – араздасты
Ала көзімен атты – жек көріп, тіктесе қарады
Алақанға қарады-  дәмеленді
Алақанның аясындай – тар жер
Алақанына түкірді – іске дайын тұрды
Ал-дал болды – әуре –сарсаң күйге түсті
Алқам-салқамы шықты – тозығы жетті
Алқымынан алды – қинады
Араны ашылды – аш көзденді

Қорытындылау:

Сайыс сабақ соңы оқушылардың ұпай сандары саналу арқылы есептеліп қорытындыланады. Әділқазы алқалары өз бағаларын береді.

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сайыс кеш"Қызықты қазақ тілі әлемі" 7-8 сыныптар)"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Страховой брокер

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 669 301 материал в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 08.04.2018 6862
    • DOCX 23.2 кбайт
    • 198 скачиваний
    • Рейтинг: 1 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Марденова Нагима Алибековна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Марденова Нагима Алибековна
    Марденова Нагима Алибековна
    • На сайте: 6 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 43836
    • Всего материалов: 10

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Фитнес-тренер

Фитнес-тренер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика обучения иностранному языку в образовательной организации

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 272 человека из 57 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 054 человека

Курс повышения квалификации

Английский язык для IT-специалистов

36 ч. — 180 ч.

от 1580 руб. от 940 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 141 человек из 45 регионов
  • Этот курс уже прошли 75 человек

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания иностранных языков в профессиональном образовании: английский, немецкий, французский

Преподаватель иностранного языка

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 110 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 229 человек

Мини-курс

Адаптация и расстройства: понимание, преодоление, развитие

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 25 человек из 18 регионов

Мини-курс

Прощение и трансформация: освобождение от родовых программ и травм

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 181 человек из 56 регионов
  • Этот курс уже прошли 53 человека

Мини-курс

Дизайн интерьера: от спектра услуг до эффективного управления временем

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе