Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Инфоурок / Информатика / Другие методич. материалы / СБР тақырыбындағы жоба на самостаятельный работа на 10-класс
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 26 апреля.

Подать заявку на курс
  • Информатика

СБР тақырыбындағы жоба на самостаятельный работа на 10-класс

библиотека
материалов



Мазмұны

  1. Аннотация.......................................................................................... 2

  2. Кіріспе ................................................................................................. 3

  3. Негізгі бөлім.......................................................................................... 5

2.1 Еліміздегі білім саласын ақпараттандырудың қазіргі жағдайы..... 5

2.2 Сандық Білім беру Ресурстарын жасау және пайдалану............... 6

2.3 Сандық білім беру кешендерінің мазмұны..................................... 8

2.4  Электронды оқулықтарды дайындаудағы  дидактикалық шарттар 12


4. Қорытынды
































hello_html_6d5576d4.jpg





Аннотация

Қазіргі ақпараттандыру жағдайында білім берудің міндеттерін табысты шешу дайын электрондық білім беру ресурстарын пайдаланып қана қоймай, өзіндік шығармашылығы мен төл әдістемесін жүзеге асыруға бағытталған электрондық оқулықтарды жасау және пайдалану болып табылады.

Электрондық білім беру ресурстары – бұл сандық түрде сақталып таратылатын, оны құру және жүргізу үшін ақпараттық-коммуникациялық технологияларды пайдаланатын оқу материалдары болып табылады. Ол төмендегідей мақсаттарды шешуге бағытталады:

- мультимедиа құралдарымен оқу ақпаратын ұсыну;

- интерактивті режимде пайдаланушымен кері байланысты жүзеге асыру;

- оқыту нәтижесін және оқудағы жетістігін бақылау;

- оқу-тәрбие процесін және оқу орнын ұйымдастырушылық тұрғыдан басқаруды ақпараттық-әдістемелік қамтамасыз ету процесін автоматтандыру.

Білім беру мекемелерінің ұстаздарының электрондық білім беру ресурстарын құра білуі дегеніміз мұғалімнің шығармашылық потенциалын қолданбалы және инструментальдық құралдардың негізінде өзінің оқу пәнінің төл оқу әдістемесін құрып, оны жүзеге асыруға бағытталған электрондық білім беру ресурстарын құру және пайдаланудың теориясы мен практикасын меңгеруі.

Бұл жоба мультимедиа құралдарымен электрондық білім беру ресурстарын жасаудың теориялық және практикалық негіздеріне арналады.

Мұнда 4 негізгі модуль қарастырылады:

1. Мультимедиа технологиясының негізгі түсініктері;

2. Білім берудегі мультимедиа технологиялары;

3. Электрондық білім беру ресурстарын жобалау және оны жасау кезеңдері;

4. Электрондық білім беру ресурстарын жасауға арналған қазіргі инструментальдық - программалық құралдар.









Кіріспе

Білім беруді ақпараттандырудың жаңа кезеңі е-learning – электронды оқытуды енгізумен байланысты.

E-learning – білімді дамытудың және көптеген дамыған елдерде экономиканы көтерудің негізгі құралы болып отыр.

Электронды оқыту – Білім беруді дамытудың 2011 - 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасындағы басты міндеттердің бірі.

Біз электронды оқытуды білім беру процесін инновациялық жаңарту механизмі ретінде енгіземіз. Қолданыстағы жүйе мен мұғалімнің рөлін сақтай отырып, дәстүрлі және электронды оқытуды байланыстырамыз. Мемлекет басшысы Н.Ә. Назарбаевтың «Жаңа онжылдық – жаңа экономикалық өрлеу – Қазақстанның жаңа мүмкіндіктері» атты 2010 жылғы 29 қаңтардағы Қазақстан халқына Жолдауында белгіленген міндеттерді іске асыру мақсатында Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі Қазақстан Республикасындағы білім беруді дамытудың 2011-2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының жобасын әзірледі.

Бағдарламадағы басты жаңалықтардың бірі – электрондық оқытуды толығымен меңгеру.

Бұл мақсатқа 134,9 млрд. теңге жоспарлануда.

Электрондық оқытуды енгізу бойынша салааралық бағдарлама жобасы жасалды.

Биыл 44 білім беру ұйымында е-learning электрондық оқытудың пилоттық жобасы жұмыс істей бастайды. Бұл жүйеге байланысты барлық мәселелер талқыланды.

Қазақстан Республикасын 2020 жылға дейінгі дамытудың стратегиялық жоспарының 136-тармағында: «Орта, техникалық, кәсіптік және жоғарғы оқу орындарында электрондық оқыту жүйесі (е-learning) енгізілетін болады», - деп қарастырылған.

Елбасының 2010 жылғы 7 желтоқсанда № 1118 Жарлығымен бекітілген Қазақстан Республикасы 2011 - 2020 жылдарға арналған білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламаның негізгі міндеттерінің бірі оқу үдерісін автоматтандыруды енгізудегі «білім беру ұйымдарының 90%-ы электрондық оқыту жүйесін қолданылады» деген мақсаттық индикаторға негізделген болып табылады.

Электрондық оқыту жүйесінің 2011-2020 жылдарға арналған Тұжырымдамасы орта білім беру ұйымдарында ақпараттандыру үдерісінің ағымдағы жай-күйді талдауға баға береді, сонымен бірге электрондық оқытудың бірыңғай жүйесін енгізу бойынша процестерді жеделдету үшін қажетті шараларды анықтайды.

«E-learning» электрондық оқыту

Мақсаты: Білім беру процесінің барлық қатысушыларының үздік білім беру ресурстары мен технологияларына тең қол жеткізуін қамтамасыз ету.

Міндеті: Оқу процесін автоматтандыруды енгізу үшін жағдай жасау.

Нысаналы индикатор: Білім беру ұйымдарында электрондық оқыту жүйесі қолданылады. (2015 ж. – 50 %, 2020 ж. – 90 %).

Е-learning- (ағылшынның Electronic Learning-сөзінен қысқартылған) электронды оқыту жүйесі, қашықтан оқыту, компьютердің көмегімен оқыту, желілік оқыту, виртуальды оқыту, ақпараттық, электрондық технология көмегімен оқыту. Электронды оқыту–оқу үдерісін ұйымдастырудың жаңа формасы. Ол оқушылардың дамыған электронды білім беру ресурстарының көмегімен өз бетімен оқу жұмысына негізделеді.

Электронды оқыту деген не?

e-Learning - әрқашанда және барлық жерде ақпараттық технологиялардың көмегімен оқыту.

Электронды оқытуға мыналар жатады:

  • мұғалімнің автоматтандырылған жұмыс орны (электронды журнал, күнделік, жоспарлар, электронды мұғалімдер бөлмесі, ата-аналарға арналған СМС-хабарлар);

  • әр оқушы мен мұғалімнің үздік әлемдік білім ресурстарына кез-келген уақытта «Online» қолжетімділігі;

  • сандық білім ресурстары-кітапханалар, порталдар, т.б. (электронды оқулықтар, ойындар, виртуалды тренажерлар, зертханалар);

  • басқарудың автоматтандырылған жүйесі;

  • бастапқы статистикалық мәліметтерді жинауды автоматтандыру.

Аталған электронды оқыту құралдарының ішінде СБР, яғни сандық білім ресурстарын дайындау өзекті мәселелердің бірі. СБР тәжірибеде қолданудың тиімділігі өте жоғары деңгейде болуы үшін, оның қорын жасауа әрбір практик ұстаз атсалысуы қажет. Басқаша айтқанда, мектептердегі ұстаздар қолда бар мүмкіндіктерді-қолданыстағы дербес компьтерлер мүмкіндігі шеңберінде сабақ жоспарларының, сабақ үлгілерінің, жекелеген дидактикалық мақсатқа жетуге бағытталған жұмыстарының сандық форматтағы үлгісін дайындалуы керек. Және ұстаздар дайындаған СБР құралдары жалпы дайындалған құралдарға қарағанда оқушылардың ішкі және сыртқы мүмкіндіктерін толық ескеретін болады.



hello_html_m3f87c74e.png













Негізгі бөлім



Қазақстан Республикасындағы  білім беру саласының қазіргі заманғы жүйесін қалыптастырудың  негізгі алғы шарттары - «оқытудан» «білім беруге» көшу, жеке тұлғаның шығармашылық қабілеттіліктерін дамыту жеке тұлғаға бағытталған, ашық білім беруге көшу; білімді жинақтау мен жүйелеуде, оқушыларға білімді беру үдерісінде  ақпараттық коммуникациялық технологияларды пайдалану. Әлемдік тәжірибеде электрондық оқыту қазiргi бiлiмнiң ажырамас бөлiктерінің бірі болып табылады.

Аhello_html_2c029617.pngқпараттандыру саласындағы білім беру ұйымдарының материалдық-техникалық базасы электрондық оқыту жүйесінің енгізілуіне өтуге дайын болуы тиіс. ,
























Бiлiм беру үрдістерінің ақпараттық жүйелері мектеп басшылары, ұстаздармен және тәрбиешiлермен оқушылардың үлгерiмi туралы ақпараттарды алу үшін ата-аналардың қатысуын, өзара ақпараттар алмасуды қамтамасыз етуi керек. Түрлі байқаулар мен олимпиадалардың нәтижелері, пәндер бойынша тестілер туралы толық ақпараттар және Ұлттық бірыңғай тестке даярлану Интернет арқылы қолжетімді болады. 

Электрондық оқыту жүйесі жергілікті желі мен ауқымды Интернет желісін, желілік технологияларды белсенді қолдану арқылы ұйымдастырылатын қашықтықтан оқытудың да мүмкіндіктері де енеді. 

Электрондық оқыту жүйесінің тиімділігі оқу үдерісінде АКТ-ның графикалық, мультимедиялық мүмкіндіктерін пайдалану мен оқу материалдарын игеруде интерактивтік ойындарды қолдану оларды сапалы, әрі тиімді түрде меңгеруге ықпал етеді. 

Электрондық оқыту жүйесінде педагогтар өздерінің оқу құралдары мен тестілерін құра алады. Олардың жұмысы мәтiндiк және графикалық редакторлар мен орталарда, мысалы, Microsoft Word, Microsoft PowerPoint, Adobe Flash, Adobe Photoshop оқу контентiн жасаудың бiрыңғай жүйесімен стандартталуы тиіс. 
Білім беруді дамытудың 2020 жылға дейінгі мемлекеттік бағдарламасының басты бағыттарының бірі 
«E-Learning» электрондық оқыту жүйесін енгізу жобасын іске асыру болып табылады. Е-learning оқушыларға, мұғалімдерге және ата-аналарға кез келген уақытта, кез келген жерден бағаларды, сынып журналын, электронды кітаптарды, үй тапсырмасын көруге және бір-бірімен қатынасуға мүмкіндік береді. Бұл қала мен ауыл тұрғындарының білім алу мүмкіндігін теңестіреді. Электрондық оқыту жүйесі ақпараттық ортаны құруда, электрондық мемлекеттік қызметтерді автоматтандыруда және тұрғындардың компьютерлік сауаттылығына байланысты мәселелерді шешуде  басты рөлге ие.  





Сандық Білім беру Ресурстарын жасау және пайдалану



Мектеп өміріне компьютердің келгеніне біраз жыл өтті, осы жылдарда оқу процесінде есептеуіш техникаларды қолданудың тұжырымдамалары бірінің орнын бірі алмастыруда. Компьютерлік бағдарламалар ғана, емес, компьютерлік техниканың жаңа түрлері қолданысқа енуде. Ал, бүгінде бізге Сандық Білім беру Ресурстарын жасау және пайдалану қажеттігі туындады.

Сандық білім беру ресурстары білім берудің бағдарламасының құралы ретінде қандай қызмет атқарады?  Дәстүрлі қолданылып жүрген оқыту бағдарламаларынан бұның артықшылығы неде?

hello_html_m1805efc4.png




















Электронды сандық білім беру ресурстарды қолданып білім беру барысында дәстүрлі сабақтың ауқымын кеңейтіп, ақпараттық ортаны едәуір жоғарылатып, білім беру үрдісін көру арқылы қабылдауын қамтамасыз етеді.

Электрондық басылым – бұл графикалық, мәтіндік, цифрлік, музыкалық, видео, фото және т.б. ақпараттар, сонымен қатар басылым мәліметтерінің жиынтығы.

Электронды басылым магниттік (магниттік таспа, магниттік диск, т.б.), оптикалық (СD-ROM, DVD, CD-R, CD-I, CD+ және т.б.) электронды тасушыларда болуы және электронды компьютерлік желілерде жариялануы мүмкін. 

Электронды оқу басылымдары (электронды оқулықтар, электронды оқу құралдары (пособие)) –білімді бақылауға және автоматтандыруға, сондай-ақ тиімдеуге негізделген, оқу курсы мен оның жеке бөлімдеріне сәйкестелінген, білім беру траекториясы мен әр түрлі оқу жұмыстарын анықтауға мүмкіндік беретін электронды басылым. 

Электронды оқулық – оқу курсы мен оның тарауларының жүйелік мазмұнынан тұратын, мемлекеттік білім беру стандартына сәйкестеліп жасалған, өзінде қарапайым оқулықтың, анықтамалық, тапсырма-жаттығулардың және лабораториялық практикумдардың қасиеттерін қамтыған, мемлекеттік органдармен нақты бекітіліп мәртебеге ие болған электронды оқу басылымы. 

hello_html_m26e0bc3b.gif

hello_html_3150ee96.jpg



























Электронды оқу құралы (пособие) – толық және жартылай электронды оқулықты алмастыра алатын, мемлекеттік білім беру стандартымен нақты бекітілген басылым. Электронды оқу құралы болып, мемлекеттік жалпы білім беру стандартындағы пәндер бөлімдері, типтік пәндер мен оқу жоспары бойынша жаттығулар мен тапсырмалар жинағы, сызбалар мен карталар альбомдары, атлас конструкциялары, пәндер хрестоматиясы және оқу жоспары, оқу жоспарын жүргізудегі нұсқау, практикумдарға байланысты нұсқаулар, анықтама-энциклопедиялар, жаттықтырушылар (тренажерлар) саналады. 

Сандық білім беру ресурстары - мультимедиалық дыбысталған презентациялар, сандық форматқа айналдырылған мәтіндер, интерактивті тапсырмалар мен білгілі бір тапқырып бойынша тестілеу бағдарламалары түріндегі интерактивті кешен.

Білім берудегі мультимедия – таным процесінің жоғарылауына септігін тигізетін, білім беру мазмұнын интерактивті формада ұсынатын, дидактикалық ақпаратты-бағдарламалық құрал. Мультимедия – пайдаланушыға әртүрлі типті ақпаратты біріктіріп ұсыну технологиясы. Зерттеушілердің пікірі бойынша дәстүрлі оқу әдісімен берілген материалдың 25%-ы, көру арқылы 33%-ы, көру-есту арқылы 50%-ы, ал мультимедиялық интерактивті оқыту бағдарламасы көмегімен берілген материалдаң 75%-ы есте сақталады екен. 



































































Сандық білім беру кешендерінің мазмұны:

  • Ақпарат алу блогы: ғылыми мақалалар, мәтіндер, оқулықтағы мәтіндерден үзінді, иллюстрациялар, анимациялар және тағы да басқа мультимедиалық құрылымдар, мультимедиалық презентациялар.

  • Виртуалды галерея: видеофрагменттер, анимация, шынайы и иллюстрациялық суреттер, дыбыстық объектілер.

  • Анықтамалық материалдар: графиктер и диаграммалар, ғалымдардың өмірдеректері, аннотациялы Интернет–сілтемелер.

Сандық білім ресурстарына қойылатын талаптар:

  • Оқу бағдарламасы мен оқулықтың мазмұнына сай болуы;

  • Оқытудың заманауи формаларына негізделіп, оқытуды интерактивтілік және мультимедиалық тұрғыдан қамтамасыз етуі;

  • Оқушылардың жеке және жас ерекшелігіне сай, оқытуды саралау және даралау мүмкіндігін қамтамасыз ету;

  • Оқушылардың осы пән бойынша алған білік-дағдылары негізінде проблемаларды шешуде өмірлік тәжірибе қалыптастырға бағытталған оқыту түрлерін ұсыну;

  • Топтық және жеке жұмыстар ұйымдастыру;

  • Шынайы мәліметтерге сүйену;

  • Оқулықтың сәйкес бөлімдерінің көлемін ұлғайту;

  • Методикалық тұрғыдан мақсатқа сай болғанда ғана қолдану мүмкіндігі;

  • ыңғайлы интерфейс.

Сандық білім беру ресурстарын сабақтың барлық кезеңдерінде қолдануға болады: өткен тақырыптағы білімді еске түсіру, оқушылардың білім, білік, дағдыны есепке алу және бағалау, үй тапсырмасын тексеру.
СБР – оқу процесін ұйымдастыруда көмекші құрал.

  • Әртүрлі сандық объектілерді пайдалана отырып, сабақты құрастыру және модельдеу.

  • СБР кешендерінен қажетті ақпаратты тез іздестіріп табу.

  • Бақылау және өздік жұмыстарды дайындау;

  • Шығармашылық тапсырмалар құрастыру;

СБР-ның сабақты өткізудегі тиімділігі.

  • Сабақ барысында дайындалған сандық объектілерді мультимедиялық проектор арқылы демонстрациялау;

  • Білімді тексеруде компьютерлік тестілерді қолдану;

  • Сабақ үстіндегі оқушылардың  СБР арқылы жеке зерттеушілік және шығармашылық жұмыстары.

 СБР – оқушылардың үй тапсырмасын орындаудағы тиімділігі.

  • Үй тапсырмасын орындаудың және оған жауап берудің жаңа формасы арқылы оқушылардың пәнге деген қызығушылығы артады. Қабілеті төмен оқушылардың сабаққа қызығушылығы жоғарыласа, қабілетті, дарынды оқушылардың оқытудың зерттеушілік-ізденушілік деңгейі көтеріледі.

  • Кез – келген уақытта оқушылар өздерінің білімдерін автоматты түрде тексере алады. Сонымен қатар, оқушы өз біліміне автоматты бақылау құрылғы жақсы, өте жақсы бағаларын қойса, қызығушылығы одан әрі жоғарылайды.

  • Энциклопедиялық бағыттағы сұрақтарға жауап ала алады.

  • Мультимедиялық анықтамалық – сөздіктерді, анықтауыш – атластарды пайдаланып, зерттеу жұмыстарын жүргізуге, оқушылардың шығармашылық потенциалын арттыруға мүмкіндік береді.

  • Оқушының өз мүмкіндігі мен материалды меңгеру мен қабылдау ерекшелігін ескере отырып, жаңа білімді оқып-үйренеді.

  • Оқушыларды қазіргі ақпараттық – технологиялармен жұмыс жасай білуге үйрету.

Осыған байланысты электронды оқулықтарды дайындауда 

мынадай дидактикалық шарттарды ескерген жөн: 

  • Белгілі бір пәнге байланысты дайындалған оқулықтың сол 

пәннің типтік бағдарлаиасына сәйкес болуы;

  • Электрондық оқулықтар курста оқытылатын тараулар мен 

тақырыптарға қатысты дәріс конспектісін қамтитын негізгі сарамандық және 

тәжірибелік тапсырмаларды орындауға арналған қосымша материалдарға 

анықтама, библиографиялық көмекші, аралық және қорытынды бақылау 

сұрақтарынан тұратын тест материалдарды дайындауда пайдаланылған 

әдебиеттер тізімдері бөлімдерін қамтуы; 

  • Белгілі бір тақырыпқа қатысты материал 2-3 экрандық беттен 

артық болмау. 

Түрлі сабақтарда электронды оқулықпен жұмыс нәтижелерін бағалау 

үшін түрлі диагностикалық зерттеу жұмыстарын жүргізуге мүмкіндік бар: 

1.          Білім мониторингісі; 

2.          Сауалнамалар; 

3.          Түрліше тестілік бақылаулар; 

4.          Жеке оқушылармен әңгіме, пікір алмасу т.б. 

5.          Оқушыларды сырттай бақылау 

Электрондық оқулықтарды қолдану барысында оқушылардың 

сабаққа деген қызығушылығының күрт артқандығын жоғарыда айттық. 

Сондай-ақ мұғалімдер де өздеріне қажетті әдістемелік, дидактикалық 

көмекші құралдарды молынан қолдана алады. 

Заман табына сай жас ұрпаққа сапалы білім беруде электрондық 

оқулықтарды география сабағында пайдалану – оқытудың жаңа 

технологиясының бір түрі ретінде қарастыруға болады. Ой өрісі дамыған 

шетелдік білім жүйесінен қалыспайтын жас ұрпаққа білім беру жолындағы 

ортақ міндетті өз мәнінде жүргізу қажет деп ойлаймыз.

 

  

ЭО негізгі қасиеттері: 

     Жинақтылық 

     Жүйелілік 

     Эстетикалық көркемділігі 

     Жылдамдылығы және т.б. 

  

ЭО құрылымы 

1.          Материалдың мәтін, сурет,график, кескін, кесте және т.б. түрде 

баяндалуы. Ол оның дәстүрлі оқулықтан ерекшелігін көрсетеді. 

2.          Материалддың кескін түрінде баяндалуы-оқулық мазмұнының 

графиктік-мәтіндік түрде бейнеленуі. Онда оқу материалының негізгі 

идеясын айқындайтын үзінділерін оқушының меңгеруіне ыңғайлы 

етіп, графиктік түрде бейнелеу. 

3.          Өзіндік тексерудің (өзіндік бақылаудың)  тестілік жүйесі. Онда 

оқу материалын қаншалықты деңгейде меңгергенін айқындайтын 

сұрақтар мен тапсырмалар беріледі. 

  

ЭО құрылымдық элементтері: 

     Сыртқы беті; 

     Титулдық экран; 

     Мазмұны; 

     Аннотация; 

     Оқу материалының толық баяндалуы; 

     Оқу материалының қысқаша мазмұны; 

     Қосымша әдебиеттер; 

     Өзіндік білімді тексеру жүйесі; 

     Өзіндік бақылау жүйесі; 

     Мәтіндік үзінділерді іздеу функциясы; 

     Авторлар тізімі; 

     Терминдік сөздер; 

     Оқулықтың элементтерін басқару бойынша анықтамалық жүйе; 

     Оқулықпен жұмысты басқару жүйесі. 

  

ЭО қойылатын талаптар: 

1.     Жан-жақтылығы 

2.     Ізгіліктілік 

3.     Бейімділігі 

4.     Модульдік 

5.     Экономикалық тиімділігі 

6.     Тұтынушыға бағдарлау 


Жалпы алғанда Macromedia Flash негізінде электрондық білім беру ресурстарын жасау ең көп тараған технология болып саналады. Ал, ол 5 модульден тұрады:

1. Электронды оқу басылымының дизайны мен құрылымын жасау;

2. Мультимедиа қосымшаларын ақпараттық объектілермен байланыстыру (анимацияны құрылымдау, кітапханадағы объектілердің жұмысы, дыбыспен және видеомен жұмыс);

3. Интерактивті анимацияны жүзеге асыру құралдары. ActionScript тілі;

4. Оқу ақпаратын көрнекілендіруге бағытталған интерактивті қосымшалар құру;

5. Оқыту нәтижелерін бақылауға арналған интерактивті қосымшалар құру.

ЭО топтау 

  

ЭО құрастыру алгоритмі: 

  

     Оқу пәнінің мазмұндық көлемін бағалау 

     Үйренушінің білімділік, икемділік дағдыларын қалыптастыру 

     Оқу материалын өзіндік білім алу деңгейіне бөлу 

     Глоссарий дайындау 

     Лекциялар конспектісін дайындау 

     Тест материалын дайындау 

     Материалдарды электрондық түрде дайындау 

     Өзіндік және практикалық сабақтардың материалын дайындау 

  

  ЭО құрамы: 

       аннотация; 

     пән туралы қысқаша ақпарат; 

     жұмыс бағдарламалары; 

     электрондық оқулықпен және оның бөлiктерiмен жұмыс жасау туралы 

әдiстемелiк нұсқаулар; 

     ұсынылатын бiлiм беру бағдарламалары; 

     теориялық материалдар (лекция конспектiлерi); 

     теориялық материалдарға негiзделген оқу құралы; 

     практикалық жұмыстарды орындауға негiзделген әдiстемелiк құрал; 

     практикалық жұмыс пен бақылау жұмыстарының тапсырмаларының 

тiзiмi; 

     бақылау тапсырмалары; 

     лабораториялық жұмыстардың әдiстемелiк нұсқалары; 

     бiлiмдi бағалау критерийлерiн айқындайтын тапсырмалар; 

     бақылау тестiлерiнiң жинағы; 

     телекоммуникациялық құрылғыларды қолдану арқылы консультация 

түрлерi мен графигi; 

     глоссарий; 

     әдебиеттер тiзiмi және Интернеттiң ақпараттық ресурстарына 

сiлтемелер; 

     озат мұғалiмдердiң жасақтаған қосымша авторлық материалдары; 

     үйренушiнiң жұмыс папкасы; 

     мұғалiмнiң жұмыс папкасы.









































Қолданылған әдебиеттер:



1. Халықова Г.З.,  Сыдықова М. Бағдарлы оқыту жағдайында «ActionScript» тілін оқытудың ерекшеліктері// Журнал «Ізденіс», ҚР БҒМ халықаралық ғылыми-педагогикалық «Қазақстан жоғары мектебінің қосымшасы», №2(1)/2011.

2. Халықова Г.З.,  Бөрібаев Ж. Мacromedіa Flash технологиясында электрондық оқулық жасау әдісі//«Кредиттік оқыту технология шартына сәйкес болашақ мамандардың кәсіптік құзырлығын қалыптастыру:тәжірибе, проблемалар және перспективалар» атты ІІ халықаралық ғыл. Прак. конф.мат. 22-24 сәуір 2010 ж.328-332 бб. том 2.

3. Халықова Г.З. Болашақ информатика мұғалімдерін өзіндік іс-әрекет жүйесінде кәсіби даярлау моделі// Абай ат.ҚазҰПУ хабаршысы. №4 (28 ), 2009. -191-196 бб.

4. Халықова Г.З., Шорникова О., Ануарбекова Г. "Реализация принципов проектирования в учебном процессе как условие подготовки студентов"// Материали за VII международна научна практична конференция «Ключови въпроси в свъеременната наука – 2011. 17-27 април 2011 г. Том 25. Педагогически науки. София «Бял ГРАД-БГ» ООД 2011.

































16



Автор
Дата добавления 08.09.2015
Раздел Информатика
Подраздел Другие методич. материалы
Просмотров1268
Номер материала ДA-033725
Получить свидетельство о публикации

"Инфоурок" приглашает всех педагогов и детей к участию в самой массовой интернет-олимпиаде «Весна 2017» с рекордно низкой оплатой за одного ученика - всего 45 рублей

В олимпиадах "Инфоурок" лучшие условия для учителей и учеников:

1. невероятно низкий размер орг.взноса — всего 58 рублей, из которых 13 рублей остаётся учителю на компенсацию расходов;
2. подходящие по сложности для большинства учеников задания;
3. призовой фонд 1.000.000 рублей для самых активных учителей;
4. официальные наградные документы для учителей бесплатно(от организатора - ООО "Инфоурок" - имеющего образовательную лицензию и свидетельство СМИ) - при участии от 10 учеников
5. бесплатный доступ ко всем видеоурокам проекта "Инфоурок";
6. легко подать заявку, не нужно отправлять ответы в бумажном виде;
7. родителям всех учеников - благодарственные письма от «Инфоурок».
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://infourok.ru/konkurs


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ


Идёт приём заявок на международный конкурс по математике "Весенний марафон" для учеников 1-11 классов и дошкольников

Уникальность конкурса в преимуществах для учителей и учеников:

1. Задания подходят для учеников с любым уровнем знаний;
2. Бесплатные наградные документы для учителей;
3. Невероятно низкий орг.взнос - всего 38 рублей;
4. Публикация рейтинга классов по итогам конкурса;
и многое другое...

Подайте заявку сейчас - https://urokimatematiki.ru

Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх