Инфоурок Другое Другие методич. материалыСценарий к новому году "Жаңа жыл. Бауырсақ" детский сад

Сценарий к новому году "Жаңа жыл. Бауырсақ" детский сад

Скачать материал

«Бауырсақ» ертегісі атты Жаңа жыл кеші.

 

Қатысушылар : Аяз ата

              Ақша қар

             Жылан жылы

             Жылқы жылы

                         «Бауырсақ» ертегісінің кейіпкерлері

 

Бейбіт : Ашық аспан төгіп тұр

               Қар жамылған дала қыр

               Есік ашып келіп тұр

               Аңсап күткен жаңа жыл

 

Таңшолпан : Ақ тілектер Ақ қардай

                       Ұқсас бейне арайға

                       Жаңа жылдық жарқын кеш

                       Басталды бұл сарайда .

 

Жүргізуші : Қош келдің Жаңа жылым елімізге

                      Қадам басты жаңа жыл жерімізге

                      Шаттық пен думандатып ән салайық

                     Артта қалсын мұңымыз шеріміз де.

 

                     Бармысыңдар, азамат бармысыңдар!

                     Қыста келді бейне бір қырлы шыңдар

                    Алдыменен алайық амандасып

                    Армысыңдар, бәрінде армысыңдар.

 

Саламатсыздар ма , құрметті қонақтар, ата-аналар, әріптестер, біздің «Балдырған» тобының білдіршіндері мен дайындаған Жаңа жылдық кешіне арналған ертеңгілігімізге қош келдіңіздер! Ендігі кезекте жаңа жылдық құттықтау сөзді мектебіміздің директоры Қыдыралиева Лаисира Батырқызына сөз берейік.

-          Балалар –бүгін бізде қандай мейрам? –Жаңа жыл

-          Жаңа жылда біз кімді күтеміз? –Аяз ата, Ақшақар. Орнымыздан тұрып Аяз ата, Ақшақарды дауыстап шақырайықшы!

 

Бәрі хормен : Аяз ата, Ақшақар.

 

Аяз ата : Армысыздар , қонақтар! Ар ма кішкентай бүлдіршіндерім .

Ақшақар : Қараңызшы, неткен керемет Жаңа жыл кеші өтіп  жатыр.

 

Жүргізуші : Қане балалар  Аяз ата, Ақшақар мен бірге шырша әнін айтайық 

Хор : «Шырша әні»

Ескі жыл мен жаңа жыл есік қағады.

Аяз  ата : Балаларым жаңа жылда Ескі жыл мен Жаңа жыл келе жатыр еді Келді ау деймін.

 Ескі жыл : Жылан.  Саламатсыздарма қонақтар , Жаңа жыл екеуіміз бүгінгі мерекені бірге тойлауға  келдік.

Жылан жылы: Уа жараңдар күштілік пен төзімділік жылан жылы қайтпас қажыр, сарқылмас қуат берді.

Жылқы жылы : Жылан саған рахмет, өткен жыл мерекелі , берекелі, бейбітшілік жыл болды. Ендігі жыл басы мен болмын.

Жылан жылы : Балалар  мен енді қайтайын, сау болыңдар. 

 Жүргізуші : Ерте, ерте , ертеде бір кемпір мен шал болыпты. Кемпір қаймаққа нан илеп, оны майға қуырып, бауырсақ пісіріпті. Оны терезенің алдына суытып қойыпты. Бауырсақ суып тұрып бір кезде бомалай жөнеледі. Бомалап келіп терезе алдындағы орындыққа, орындықтан еденге, еденнен дәлізге, дәлізден аулаға, ауладан сыртқа одан әрі домалай береді. Домалап келе жатса алдынан қоян шығады.

Қоян: Балнұр . Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеймін.

 

Бауырсақ :  Таңшолпан .   Сен мені жеме, мен саған өлең айтып беремін.

Мен Атамнан да қаштым

Мен Апамнан да қаштым

Енді сенен де қашамын.

Жүргізуші :  - Балалар, бауырсақ домалап келгенше біздің аюларымыз өз өнерін көрсетсін.

                      Айтпақшы, Аяз ата шыршамызды жағайық қане балалар бәріміз хормен : Бір, екі, үш!

                                                                                                                              Шырша , жарқырай түс. 

Айдос : Тамаша , тамаша

Шыршамыз тұр жараса

Басында әсем жұлдызы

Көз тоймайды қараса .

 

Айару : Жүзімізде күлкі ойнап

Қанаттанды жанымыз

Жаңа жылды бір тойлап

Шаттанамыз бәріміз.

 

Дінмұхамед :  Уақыт мол шарайна

Асықпауға қарайма?

Жылда жетіп , қыс келіп,

Қар түсіпті маңайға.

 

Гүлсезім: Ал балалар тұрмайық

     Би билейік ойнайық

                 Аяз ата қуансын

                 Дөңгелене зырлайық.

 

Рауан :  Аяз ата, аяз ата

Сені күтіп  жүрдік біз

Томпаң қағып арқаланып

Келеріңе сендік біз.

 

Би : «Қаражорға биі»

 

Ән: «Қошақан әні»

 

Жүргізуші : Бауырсақ домаланып келе жатса, алдынан аю шығады.

 

Аю: Мәнсүр. –Бауырсақ бауырсақ мен сені жеп қоямын.

 

Бауырсақ : сен мені жеме, мен саған өлең айтып беремін.

Мен Атамнан да қаштым

Мен Апамнан да қаштым

Мен Қояннан да қаштым

Сенен қашу маған түк емес.

 

Жүргізуші : -Бауырсақ келгенше бәріміз «Жаңа Жыл» әнін орындайық.

Хор : Атамекен

 

Абдрахман Сезім : Ақшақарға малынып

       Аппақ тоны жамылып

                                 Аяз ата келеді

                                 Балаларды сағынып.

 

 

Жарас : Аралайды бақшаны

Үзілмейді жақсы әні

Гүлденеді бақшалар

Жауса жаусын ақшақар.

 

Сезім : Аяз ата келіп тұр

Бізге сәлем беріп тұр

Тақпақ айтқан балаға

Сыйлықтарын беріп тұр

 

Абзал :  Сақалы аппақ күмістей

Тістері аппақ күріштей

Қызыл ала шапаны

Сағындым аяз атаны.

 

Инабат : Далада қар борайды

Ақ мамыққа орайды

Мұз болады қатады

Жып-жылтыр боп жатады

Ерболат : Тамаша, тамаша

Қандай қызық тамаша

Аяз ата ортада

Қуанады балаша

 

Шұғыла : кезектесіп балалар

Тақпақ айтып береміз

Сұрақ қойса ақшақар

Ойланып жауап береміз

Сағынғали : жасыл желек жамылған

Асыл моншақ тағынған

Міне сұлу шыршамыз

Көз тоймайды қараса

Жүргізуші : Бауырсақ домалап келе жатса алдынан қасқыр шығады.

 

Дінмұхамед : Бауырсақ, бауырсақ мен сені жеп қоямын

Бауырсақ :        Сен мені жеме, мен саған өлең айтып беремін.

Мен Атамнан  да  қаштым

Мен Апамнан да қаштым

Мен қояннан да қаштым

Мен аюдан да қаштым

Енді сенен де қашамын.

Жүргізуші : Ал балалар, біздің қояндарымыздың өнерін тамашалайық.

Би: «Шығыс биі»

 

Сұлтан : Аспан жерге төнеді

Ақ күмісін уыстап

Жаңа жылда келеді

Бізге қарай жылыстап

Айда : Жаңа жылды қарсы алып

Жасаймыз той жылда бір

Жарқын –жарқын ән салып

Жалғасады жырға-жыр.

Ринат: Ақшақарға малынып

Аппақ тонын жамылып

Аяз ата келеді

Балаларды сағынып

 

Жансая : Жаңа жылмен, жаңа жылмен

Құттықтаймыз әрине

Әкемізді, анамызды

Қонақтардың бәрін де.

Алмәнсүр : Ән думанға ұлассын

Кел жаңа жыл, жаңа жыл

Құшағымыз міне ашық

Шалқыған күй, ән әзір.

Ақшақар : Ұлпа қарларым қайдасындар

Маған қарай ұшыңдар.

Би: «Қыздар биі»

 

Жанель : Сәлем достар аманда ?

Шырша құрып алаңға

Жылға шашу шашайық

Тойлап көңіл ашайық.

Нұрбек : Бұл-екінші үйіміз

Бір- туғанбыз бәріміз

Біз-осы үйдің гүліміз

Біз-осы үйдің сәніміз.

Балнұр : Біз күтеміз қаңтарда

Ақшақар, Аяз атаны

Сыйлық пен олар ал сонда

Береді бізге батаны.

Ақниет : Уақыт мол бөлеміз

Қыс қызығын қөреміз

Сары аязға шыңдалып

Шымыр болар денеміз.

Мансүр : Мұздан  моншақ тағынып

Күміс қырау жамылып

Ортада тұр ақшақар

Көптен күткен сағынып.

 

Жаңа жыл келді о, міне

Далама, далма жеріме

Шаттыққа бөлеп әр үйді

Шыға ғой менің төріме.

 

Бейбіт : Тілеймін мен бар адамға

Жаңа бақыт. Жаңа жыл

Құтты болсын, құтты болсын

Құтты болсын Жаңа жыл!

 

Жүргізуші : Бауырсақ домалап келе жатса алдынан Түлкі шығады.

 

Гүлсезім : Бауырсақ мен сені жеймін.

 

Бауырсақ :Сен мені жеме, мен саған өлең айтып беремі.

Мен Атамнан да қаштып

Мен Апамнан да қаштым

Мен Қояннан да қаштым

Мен Аюдан да қаштым

Мен Қасқырдан да қаштым

Енді сенен де қашамын.

 

Гүлсезім : Сенің әнің өте әдемі екен. Даусың қандай керемет. Бірақ, жөнді естей алмай жатырмын. Бауырсақ сен менің түмсығыма шық та, әніңді тағы бір рет қаттарақ айтшы.

Жүргізуші : Бауырсақ  түлкінің өзін мақтағанына  қуанып тұмсығына секіріп мініп ән айта бастайды.

 

Бауырсақ :Мен  Атамнан да қаштым

Мен Апамнан да дей бергенде Түлкі «Ап» деп жеп қояды.

 

Жүргізуші : Балалар, ертегі сендерге ұнады ма?

 

Аяз ата : Балалар жарайсыңдар !

Енді біз Ақшақар екеуміз жүрейік. Өзге де братын мерекелеріміз көп. Мен де құр қол келген жоқпын,сыйлығымды ала келдім. Келесі кездескенше сау болыңдар!

Жүргізуші: Құрметті ата-налар, қонақтар «Балдырған» тобы дайындаған ертеңгілігіміз осымен аяқталды. Көріп тамшалағандарыңызға көп рахмет.  Ендігі сөз кезегін ата-аналар комитетінің  мүшелеріне береміз.

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий к новому году "Жаңа жыл. Бауырсақ" детский сад"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист в области обращения с отходами

Получите профессию

Фитнес-тренер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 664 379 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 04.04.2016 4006
    • DOCX 19.9 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кайрылбаева Жамиля Орынбасаровна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 236017
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой