Инфоурок Другое Другие методич. материалыСценарий «Кітап оқитын адам-табысты адам» конкурсы

Сценарий «Кітап оқитын адам-табысты адам» конкурсы

Скачать материал

Қазығұрт ауданы Амангелді атындағы жалпы орта мектебі

«Кітап оқитын адам-табысты адам» республикалық конкурсының мектепішілік кезеңі

Конкурстың мақсаты: Оқырмандарды кітапханаға тарту, кітапқа деген құрмет, сүйіспеншіліктерін қалыптастыру, дамыту. Кітап арқылы оқушылардың жандүниесін кеңейту.

Конкурстың міндеті: Жас оқырмандардың кітапқа деген қызығушылығын арттыру.

Көрнекілігі: «Кітап оқитын адам- табысты адам», «Кітаппен кеңес, білімдімен теңес», «Кітап сенімді сырласың», «Кітап - ғажап дос»т.б Кітап туралы нақыл сөздер, гүлдер, шарлар.

Бағыты: «Кітап оқитын адам-табысты адам» тақырыбында кітапханашының баяндамасы. Әрбір оқырманның өмірінде кітаптың алар орны ерекше екенін түсіндіру, кітап оқуға және табысты болуға шақыру.

Кітапханашы: Армысыздар, құрметті ұстаздар, ата-аналар және оқушылар! Сіздер «Кітап оқитын адам- табысты адам» атты 2016 жылғы конкурсқа қош кедіңіздер!

Бәсекеге қабілеттіліктің басты мақсаты- білім, ал білімнің кәусар бұлағы кітап екені бәрімізге белгілі. Сондықтан, еліміздің болашағы жастардың ғылым, білім жолындағы өмірлік құлшынысына жолдама беретін ірі мәдени –рухани орталыққа айналып отырғаны кітапхана екені баршаға мәлім.

Биіктетер білімнің оқ ордасын,Мерекең құтты болсын, оқырманым!Қол соғып қошеметпен қарсы алайықАлдыңызда ғалымдар мен даналарың!

Конкурсқа қатысатын оқырмандарды екі топқа бөлу:Ақыл- көркі бойларында жетеді, Әлі талай сынақтардан өтедіМына отырған баршаңызды өздеріТез арада таныстырып өтеді,дей келе таныстыру кезеңіне береміз.

  1. Кітапқұмарлар тобы. (Өздерін өлеңдете таныстырады.)

  2. Тапқырлар тобы. (Өздерін өлең арқылы таныстырады.)

Ал, біздің үздіктер қалайсыңдар,

Сіздер өтер әлі де талай сын бар,

Келесі конкурстың жоспарында

Түседі бәсекеге білімділік және талай сындар -деп

  1. Бөлім Өзің оқы, өзгемен бөліс бөлімі. (Әр топ өздеріне берілген ертегілерінен түсінгенін айту арқылы бір -бірімен ой бөлісу және қызықты оқыған кітаптары жайлы ой бөлісу сағаты.)

2-Бөлім Мақал-сөздің мәйегі. Кітап білім туралы мақал айту.

1-топ. Кітапқұмарлар.

Білімдінің күні жарық, білімсіздің күні ғаріп.

Білекті бірді жығады, білімді мыңды жығады.

Мектеп-кеме, Білім –теңіз.

Кітап ғалым, тілсіз мұғалім.

Қына тасқа бітеді, білім басқа бітеді.

2-топ Тапқырлар тобы.

Кітап –білім бұлағы, білім-өмір шырағы.

Күш- білімде, білім кітапта.

Жақсы кітап-жан азығы.

Көсем ел бастар, шешен сөз бастар

Кітап- көптің ұстазы.

3 –Бөлім Білім көзі-кітапта сұрақ –жауап сәті.

1-топ сұрақтары.

  1. Абайдың әжесінің аты? (Зере)

  2. Оқушының алғашқы кітабы? (Әліппе)

  3. Шығыстың қос шынары кім? (Ә. Молдағұлова, М. Мәметова.)

  4. Қазақтың атақты суретшісі кім? (Ә. Қастеев)

  5. Тіл туралы заң қай жылы қабылданды? (1977 жылы 7 шілдеде)

2-топ сұрақтары.

  1. Қазақ елінің ғұлама ақыны кім? (Абай)

  2. Қазақ әліппесін жасаған және оқу құралын жасаған кім? (А.Байтұрсынов)

  3. Қазақстан Республикасы Тәуелсіздікті қашан алды? (1991 жылы 1-желтоқсанда)

  4. Балаларға арнаған журнал. (Балдырған)

  5. Қазақ ғарышкерлерін ата? (Тоқтар Әубәкіров, Талғат Мұсабаев)

4-бөлім. Өлең сөздің патшасы.(Сүйікті ақын жазушылардың өлеңдерін оқу.)

5-Бөлім. Ән көңілдің ажары. (Шәмші Қалдаяқов «Арыз жағасында», «Ақ бантик», «Ана туралы жыр» және Мұқағали Мақатаев«Есіңе мені алғайсың», «Сәби болғым келеді», «Фариза» әндерін орындау)

6-Бөлім. Сөз жұмбақ шешу.(Бірінші Кітапқұмарлар тобы «Кітап)

(Екінші Тапқырлар тобы «Кітапхана» атты сөз жұмбақ шешіп, мағынасын өз ойлары бойынша айтып беру қажет)

7- бөлім. Қорытынды.

Кітап- шебер ұстаз. Ол-тілсіз мұғалім. Кітап-халық қазынасы,

Сарқылмас білім бұлағы. Сондықтан «Кітап оқитын адам-табысты адам. Сонымен бүгінгі кейіпкер-кітап. Ол бүкіл адамзаттың ұстазы. Ендеше оқырмандар кітап оқитын оқырмандарымыз көбейе берсін демекпіз.







Кітапханашы: М.Көлбаева.









Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сценарий «Кітап оқитын адам-табысты адам» конкурсы"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Директор по маркетингу

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 671 873 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.02.2016 2765
    • DOCX 15.7 кбайт
    • 27 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Кольбаева Макпал Турекуловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Кольбаева Макпал Турекуловна
    Кольбаева Макпал Турекуловна
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 39841
    • Всего материалов: 5

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой