Инфоурок Другое Другие методич. материалыШаштараз пәні бойынша "Стиль әлемі" атты ғылыми конфереция

Шаштараз пәні бойынша "Стиль әлемі" атты ғылыми конфереция

Скачать материал

Тақырыбы: «Стиль әлемі»

 

Мақсаты:

1.     Білімділік: жан-жақты ақпараттануға, алған білімдерін өмірде қолдана білу шеберліктерін арттыруға үйрету;

2.     Дамытушылық: оқушылардың өз білімдерін жеткізе білу, ойлау, есте сақтау қабілеттерін дамыту;

3.     Тәрбиелік: оқушыларды тапқырлыққа, алғырлыққа, белсенділікке арттыру.

 

Көрнекілігі: интерактивті тақта, слайд, карточкалар. Киімдер

 

Өту барысы:

І  бөлім.

Барлық уақытта адамның көркі шаш деп саналған. Шаш сәні көптеген  ғасырлар  бұрын пайда болған.

Шаш сәнінің алғашқы дерегі Ежелгі Мысырда кездеседі.Онда барлық халық жасанды шаш киген.Жасанды шаштың формасы,көлемі және материалы оның иесінің әлеуметтік жағдайына сәйкестендірілген.

Ежелгі Гректерде шаштараз өнері өте жоғары дамыған.

Ежелгі Греция мен Рим халқы адамның сыртқы келбетіне үйлесімді,әдемі бұйраланған шаш қойған. Шаштараз өнерінің ерекше дамуы ХҮІІ ғасырдың бірінші жартысында басталды.

         Орта ғасырлық шаш сәні ұзын шашқа әшекей, шығыршық,таспа тағумен немесе бұрым жасап өрумен аяқталады.ХҮІІ ғасырдың екінші жартысында жасанды және табиғи шаштардан жасалған салтанатты да үлкен париктер сәнге айналды.

 

         ІІ  бөлім.

         Біздің ғасырымыздың басында шаш сәніне қысқа шаш енді. Бұл кезеңде әртүрлі шашты бояғыштар мен перманенттер пайда болды. Қазіргі кезде шаш сәні тек қана формасын емес, сондай-ақ ұзындығы мен шаш сәнінің түсін,түрлілігін енгізді. Оның үстіне дұрыс тандалған қазіргі кездегі шаш сәні қайталанбас имидж бен стиль тудырды.

         Француз мақалында «Стиль - бұл адамның өзі» деп айтылған. Қандай да бір стильді таңдаған кезде біз өзімізді жеке дара тұлға ретінде көрсетеміз.

         Стильді болу – әрқашанда сәнді. Стильді адам дегеніміз – шаш үлгісі, макияжы, киімі, өзін-өзі ұстауы,ер адамдарда сақалы мен мұрты, тұрпаты үндесіп тұрса, сол адам стильді.

 

         Шаш үлгісінде стильдің бірнеше түрлері бар.

1.     Элегантты стиль (Рахым Ержігіт – Көшкінбай Жансая) – бұл стильдегі шаш сәні мен киім үлгісін таңдаған адамның талғамы мен сезім шектелуі айтылады. Макияжының негізгі элементтері – көзі мен қасында.

2.     Эклетика стиль (Жолдыбай Жоламан – Байтұрсынова Айдана) – әртүрлі шаш үлгісі мен киім стиліне тән элементтердің қосылуы мен үйлесімі. Макияжы өте жеңіл анық түсті гаммалар қолданылған. Негізгі назар көзбен ерінге мән беріледі.

3.     Романтикалық стиль (Боранбаев Дастан – Изатова Ақерке) әртүрлі пішінде еркін киім үлгісімен, түрлі элементтерді, сәнді әшекейлі бұйымдарды қолданылуы арқылы орындалатын шаш үлгісі. Табиғи, нәзік түстердің көмегімен жасалады. Шабдалы  немесе ал қызыл түстес еңлік, жылтыр түсті далап жағылады.

4.     Тарихи стиль (Төлебай Нұрболат – Саржанова Ұлболсы) – қандай да бір дәуірдің киім стилі мен сәнін айқындайтын шаш үлгісі. XVIII ғасыр Рококко дәуіріндегі кең көлемді түрлі әшекейлермен сәнделген шаш сәні. Бұл дәуірде сұрғылт ашық бет түсі сәнге еніп және жасанды меңдер қойып, көздерін қара күлмен бояған.

5.     Экстравагантты стиль (Тасқынбай Ержан – Мәдіханқызы Ұлжалғас) - бұл ерекше таңдалған шаш үлгісі. Ешқандай сәнге, жалпы нормаға бағынбайтын киім стилі мен таңқалдыратын шаш үлгісі.  Бұл стильдің макияжы сан алуан, батыл реңді көрсететін түстерді пайдаланылады.

6.     Спорттық стиль (Журабаев Асылбек – Талғат Зарина) – бұл түрлі физикалық жаттығулармен айналысқанда ыңғайлы болатын киім және шаш үлгісі. Спорттық макияж жеңіл түрде болады. Ашық және жылы түстер қолданылып, барынша табиғилықты көрсетеді.

7.     Авангардты стиль (Каримов Ерхат – Мархабат Нұрила) – бұл ертеңгі күннің шаш сәні мен еркін бағыттағы киім үлгісін білдіреді. Макияжы көзге анық көрінетіндей бейне болу қажет. Көбіне ақ қара түстер  және әртүрлі өрнектегі арфа – грим қолданылады.

8.     Стилизация стилі (Маратов Айдар – Аманбаева Әсемгүл) – бұл еліктеген көркемдік стиль. Бұл стильге қандай да бір дәуірге, мәдениетке, өнерге еліктеу тән.  Макияжы батыл жанды әйелдерге тән. Бұл кезде негізгі назар көзбен ерінге түседі.

9.     Классикалық стиль (Пернебек-Еркеназ) – бұл белгілі тәртіп бойынша ешбір артық әшекейлерсіз нақты орындалатын шаш сәні. Бетке ашық реңк беріледі. Көзді  қара  карандаш және сүрме арқылы көзді айқындап,  ерінді ашық түспен бояп үйлестіру.

 

ІІІ  бөлім.  «Сергіту сәті»

 

Шаштаразда массаждың тигізер пайдасы мол. Күшті массаж – денені қатайтады, әлсіз массаж – босатады, ұзақ массаж – адамды арықтатады, орташа массаж – құлпыртады, даярлық массаж – дене тәрбиесіне икемдейді. Ол қан айналымын және зат алмасуын үдетеді. Ағзаға тән ақуыз, май, көміртегі түзетін биосинтез және күрделі органикалық қосылыстардың ыдырау процесін жақсартады.

Массаждың түрлері: емдеу, гигиеналық, косметикалық және спорттық массаждар. Сондай-ақ осыларға қосылатын массаждың тағы бір түрі — адамның өзіне-өзі массаж жасауы.

Адамның өзіне - өзі массаж жасау тәсілімен көрермендермен дене қимылдарын жасау.

 

ІҮ  бөлім. Жұмбақ жасыру.

 

1.     Тұра қалсам алдына,

Жалтыраған ақ айдын,

Өзiмдi — өзiм мен мына,

Көре аламын ап-айқын.     (Айна)

 

2.     Өзінде көп тармағы,

Қара орманды шарлады.

Қисықтарын түзедi,

Теп-тегiс болды түз ендi.     (Тарақ)

 

3.     Қос таяқ, бастары дөңгелек.

Тұтасты, кеседi бөлек-бөлек.   (Қайшы)

 

4.     Болғанда бір ауызға екі қақпақ ,

Еркінде адамзаттың ашып, жаппақ.

Қаншалық өрнек-өрнек азық-ауқат,

Ішінде сол нәрсенің қойған сақтап.  (Шкаф)

 

5.     Жас кезінде қара орман, Жыл өткен сайын ағарған. (Шаш)

Ү  бөлім. Ымдап түсіндіру

Адамның жан – жүрегінің қалпын білдіріп бет-әлпет бұлшықтарының қозғалысына себеп болатын Мимика арқылы түсіндіріп көрейк. Ортаға батыл қатысушы көрерменді шақыру.

1.     Щетка.

2.     Жиектеме(окантовка).     

3. Фен.

4. Сусепкіш.

 

Шаш туралы қызықты мәліметтер.

Халқымызда шаш туралы мәліметтер көп. Өзге ұлттарда да шашқа қатысты болжамдар аз емес. Әсіресе, шаштың түсіне байланысты пікірлер, тұжырымдар өте қызықты. Шашының түсі қандай болса, иесі сондай адам, біз енді сол жөніндегі зерттеушілердің пайымдауларына тоқталсақ.

1. Табиғатынан қара түсті шаштылар – қызу қандылар, қайратты адамдар.

2. Табиғатынан қоңыр түсті шаштылар – елгезек, әсершіл, өз ойы мен эмоциясын жасыра алмайтындар.

3. Табиғатынан қызыл, алтын сары түсті шаштылар – ақылды, мәдениетті, көпшіл, айлакер, кекшіл адамдар.

 

Шаштың негізгі мәселелері

Шашқа қатысты маңызды көп қойылатын сұрақтар:

1.     Шашқа ақтың түсу себебі?

Үлкен жастағы адамдарда – табиғи функциялық шегіну сипатындағы физиологиялық өзгеріс болады. Ал жастардың шашының ағаруы тұқым қуудан болуы мүмкін. Ондай адамдардың ата-анасы немесе ата-әжелері ерте шаш ағару дертіне шалдыққан болуы ғажап емес. Егер мұндай тұқым қуу факторы жоқ болса, онда бұл - кейін пайда болған «шаш ауруы».

2.     Шаштың жиі майлануы?

Бас терісіндегі май бездерінің тым белсенді жұмысы сіздің шашыңыздың тез майлануының себебі болуы мүмкін. Сонымен қатар басқа күтім жасалмаса,  ыстық сумен және мөлшерінен көп бальзамды пайдаланса да шаш тез майланады.

3.     Шаштың ұштануы?

Шаштың ұштануы ішкі және сыртқы себептерден болуы мүмкін. Ең көп таралған сыртқы себептерге шашты түрлі қыздырғыш құралдармен сәндеу, химиялық жолмен бұйралау және бояу, өткір жүзді тарақтармен тарауды жатқызуға болады. Ауа райының күрт өзгеруі, хлорлы және кермек су, ультракүлгіннің әсері де шаш құрылымына кері әсер етеді.

4.     Шаштың түсуі?

Шаштың түсу себебі стресстер, зат алмасудың бұзылуы, гормондар дисбалансы, ағзадағы улы заттардың болуы, микроэлементтердің тапшылығы не керісінше шамадан артық болуы, жаман экология, шаштың химиялық құрамының бұзылуы, радиация, дәрілік заттардың әсері, тіпті ас қорыту жүйесінде қиындықтар бола алады. Сонымен қатар, алопеция немесе шаштың қатты түсуі генетикаға байланысты болуы мүмкін.

5.     Шаштың сынғыштығы?

Шаштың сынғыштығы ағзаға су, дәрумендер (бірінші кезекте A, B, C және E) мен минералдардың жетіспеушілігінен болуы мүмкін. Күйзеліс, ұйқысыздық – мұның бәрі шаш саулығына кері әсер етеді.

 

ҮІ бөлім.

 

Қазіргі уақытта заманауи шаш үлгілері әртүрлі нұсқада орындалуда. Міне солардың бірі арнайы бағыттағы шаш сәндері – салтанатты, қалыңдыққа арналған және жас түлектерге, карнавал, балмаскарадка арналған шаш сәндерін топтастыруға болады.

 

 

 

Шаш үлгілерінің түрлері:

1.     Жас түлектерге арналған шаш үлгісі (Махажан Алтынай – Есболсын Сандуғаш) Жас түлектерге арналған шаш үлгісі ерекше сәнді және қарапайым болып келеді. Бұл макияжда мінсіз таза тері, ашық көленке мен көлемді кірпік  сүрмесі және жеңіл түсті далап  мерекелік бейнеңізді ажарландыра түседі.

2.     Коктейльге арналған шаш үлгісі. (Аманжанова Ақшагүл – Шаймурза Гауһар) – бұл шаш сәні белгілі бір кешке арналған шаш үлгісі. Макияжы өте күрделі. Көбіне қою, қанық түстер қолданылады.

3.     Заманауи шаш үлгісі.(Нихова Әсемгүл, Рахымғалиева Қамажай, Есімов Асхат,Журабаев Асылбек). Қазіргі заманауи шаш үлгілері және олардың аттары бізге қызықты болып табылуда. “Hair Tattoo” – бұл басқа жасалатын әртүрлі бейнедегі ою – өрнектер мен сызықтар. Макияжы еркін, шаш үлгісіне жарасымды болу қажет.

4.     Карнавал және балмаскарадқа арналған шаш үлгілері. (Тұрдықұлова Аида – Серлули Асель) – бұл шаш үлгісі байқау талаптарына сай, байқауда көрсетілетін шаш сәні. Макияжында көбінесе жылтыр қолданылып, бет – әлпеті көзге анық көрінетіндей бейне болу қажет. Бетке арфа – грим немесе маска тағады.

5.     Қалыңдыққа арналған  шаш үлгісі.(Шүкірбай Гүлназым) – бұл шаш үлгісі мен макияжы қарапайымдылықты, табиғи түрде жеңіл болуды талап етеді. Қосымша ретінде шаш үлгісіне сәукеле кигізіп, әшекейленген фатамен сәндеуге болады.

 

Қорытынды бөлім.

 

Қатысушылар 32 – топ, 33 – топ, 6 – топ және 12 – топ студенттері. Алтын уақыттарыңызды бөліп қатысқандарыңыз үшін рахмет! Осымен «Стиль әлемі» атты конференциямыз аяқталды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Шаштараз пәні бойынша "Стиль әлемі" атты ғылыми конфереция"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Специалист органа опеки

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 187 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 25.02.2017 4699
    • DOCX 23.3 кбайт
    • 15 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Сапаралиева Асемгуль Нурлановна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 7 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 4811
    • Всего материалов: 1

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Копирайтер

Копирайтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 285 человек из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 851 человек

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Мини-курс

Развитие детей: сенсорика, самостоятельность и моторика

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 23 человека из 13 регионов
  • Этот курс уже прошли 14 человек

Мини-курс

Психологические методы и тесты

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Figma: основные принципы дизайна и композиции

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 106 человек из 40 регионов
  • Этот курс уже прошли 16 человек