Добавить материал и получить бесплатное свидетельство о публикации в СМИ
Эл. №ФС77-60625 от 20.01.2015
Свидетельство о публикации

Автоматическая выдача свидетельства о публикации в официальном СМИ сразу после добавления материала на сайт - Бесплатно

Добавить свой материал

За каждый опубликованный материал Вы получите бесплатное свидетельство о публикации от проекта «Инфоурок»

(Свидетельство о регистрации СМИ: Эл №ФС77-60625 от 20.01.2015)

Инфоурок / Другое / Научные работы / "Шортанбай мен Дулат" Сабақ жоспары
ВНИМАНИЮ ВСЕХ УЧИТЕЛЕЙ: согласно Федеральному закону № 313-ФЗ все педагоги должны пройти обучение навыкам оказания первой помощи.

Дистанционный курс "Оказание первой помощи детям и взрослым" от проекта "Инфоурок" даёт Вам возможность привести свои знания в соответствие с требованиями закона и получить удостоверение о повышении квалификации установленного образца (180 часов). Начало обучения новой группы: 28 июня.

Подать заявку на курс
  • Другое

"Шортанбай мен Дулат" Сабақ жоспары

библиотека
материалов

Сабақтың тақырыбы: «ХIХ ғасыр әдебиеті, тарихи жағдайы. Дулат, Шортанбай толғаулары.

Сабақтың мақсаты: Ұлт азаттық идеяларының Дулат Бабатайұлы мен Шортанбай Қанайұлы шығармашылығында көрініс табуын өз ізденістері мен зерттеулері арқылы көзін жеткізу.

1.Білімділік:

а) Жыраулар шығармашылығының тарихи негіздері туралы оқушылардың білімдерін арттыру.ә) Жыраулар толғаулары ұлт азаттық идеяларының айнасы екендігін оқушы санасына жеткізу, өлеңдерінің мазмұны мен маңызын ашу, әдеби – теориялық ұғымдарды ажырата білуге дағдыландыру;

2.Тәрбиелік:

Ұлттық болмыстарының қалыптасуына, өз Отанының ұлтжанды азаматы болуға баулу. Тарихи сананы қалыптастыру, ұлттық рухты оқушы бойына егу. Мейрімділікке, имандылыққа, ерлікке, батырлыққа тәрбиелеу. Туған жерін, елін сүюге, қорғай білуге баулу. Білімді, саналы азамат болуды үндеу.

3.Дамытушылық: Өлеңдерінің мән-маңызын, өзіндік ерекшеліктерін ұғындыру. Мағына мен идеяны ажырата алуға үйрету, ойлау, есте сақтау, қабілеттерін арттыру. Оқушылардың пәнге деген қызығушылығын арттыру.

Сабақтың типі: Білім, білік дағдыны бекіту.

Сабақтың түрі: Білімді талдау, жинақтау жұмыстарына негізделген іздендіру, қорыту сабағы.

Әдіс-тәсілдері: Ой салу,ойланту зерттеу, талдау, салыстыру, дәлелдеу, сұрақ –жауап әдісі, интерактивтік тақтамен жұмыс.

Көрнекіліктер: слайд,жыраулар суреттері, зерттеу, дәлелдеу тапсырмалары, таратпа кестелер

Пәнаралық байланыс: Тарих

Сабақ барысы:

Ұйымдастыру

а) Оқушыларды түгендеу

ә) Оқушы назарын сабаққа аудару

1.Үй тапсырмасын сұрау:

«ХIХ ғасыр тарихи-әлеуметтік жағдай» тақырыбын оқушылар айтады. Әр оқушы өзі ізденген қосымша мәліметін көрнекілігімен шығып ортаға салады.

2. Қорыту сабағын бастау

Мына заман қай заман?

Азулыға бар заман,

Азусызға тар заман...

Мұның өзі зар заман...

Шортанбай


Шортанбай Қанайұлы, Дулат Бабатайұлы атты жырауларға мәлімет айту: Дулат Бабатайұлы (1802-1871). Қазақ әдебиеті тарихындағы көрнекті тұлғалардың бірі-Дулат 1802 жылы қазіргі Шығыс Қазақстан облысы, Аягөз ауданында Ақшатау бауырында туып-өскен. Ауыл молдасынан оқып, мұсылманша сауат ашады.Жастайынан ақындық өнерге жақын болған. Дулат отаршылдыққа, патша саясатына қарсы шығып,халқының азаттығын , тәуелсіздігін армандады. Дулаттың шығармаларының негізгі сарыны-заман жайлы. Ақын сұлулықты адамгершілік ар-ожданмен қатар қойып, екеуі тепе-тең болса ғана адамды көріктендіреді деген екен.

Дулат өлеңдерінде ақыл-нақылдық сарын көптеп кездеседі, шыншылдық, сыншылдық, өткір сатира асталып жатады. Ел қамын, қоғам тағдырын ойлаған азаматтың бейнесі анық көріне түседі.

Дулат Бабатайұлының өлеңдері жатқа оқылады: оқушылар өлең оқиды. Слаид жүріп тұрады. Бекболат Тілеуханның орындауында «Дулаттың толғауы» тыңдалады.

Шортанбай Қанайұлы (1818-1881). Ресейдің ел билеу жүйесін қатты сынаған реалист ақынның бірі-Шортанбай Қанайұлы.

Ол 1818 жылы осы күнгі Оңтүстік Қазақстан облысы, Түркістан ауданында дүниеге келген. ХIХ ғасырдың орта шенінде Шортанбай Сарыарқаға келіп, өмірінің соңғы жылдарын Қарқаралыда өткізеді.

Шортанбай Адам болам десең, үлкендерден ақыл-кеңес ал, батасына бөлен, «көпті көрген қариядан ақыл сұрасаң,азбайсың, батаменен ел көгереді» деген ойларды толғау –тілек өлеңдеріне арқау етеді.

Шортанбай: «Дүние,қоғам,табиғат үнемі өзгерісте болады, туу,өсу, өлу табиғат заңы,туған адамға өлмек парыз, өлімнен қашып құтыла алмайсың,-дейді.-Тіршілікте жасаған зорлық-зомбылығыңды «кешіре гөр» деп жаратушыға жалбарын, ораза тұт, намаз оқы, зекет-садақа бер, Құдай жолын ұмытпа»,-дейді. Ол діни ұғымдарды пайдалана отырып,жастарға ақыл айтып, ғибрат беруді , адамгершілік жолға тәрбиелеуді көздейді.

Шортанбай Қанайұлының өлеңдері жатқа оқылады: оқушылар өлең оқиды. Слаид қосылып тұрады.

Ойын «Тапқыр болсаң шешіп көр» Мен жыраулар толғауларынан үзінділер оқимын

Шарты: толғау кімдікі , қандай толғауы еді.

1.Асқар таудың өлгені-

Басын мұнар шалғаны

Көктегі бұлттың өлгені-

Аса алмай таудан қалғаны.

Жауап:толғау Бұқар Қалқаманұлынікі « Асқар таудың өлгені»

2.Бұл,бұл үйрек бұл үйрек,

Бұл үйректей болыңыз,

Судан суға шүйгумен

Көлден көлге қоныңыз

Жауап:толғау Бұқар Қалқаманұлыныкі «Бұл үйрек» .

3.Абыройы жоқ жігіттен

Айуан артық жапанда ...

Жақсыменен жанассаң,

Келеді ісің оңында,

Жаманменен жанассаң,

Пәле ертесің соңыңа .

Жауап:толғау Шортанбай Қанайұлы «Опасыз жалған»

3. Синквейн

«Жырау, заман» сөздеріне құрау

4. 1-2 оқушы жырауларға қосымша мәлімет әкеліп түйін жасайды.

5. Функционалдық сауаттылыққа байланысты ойтолғау жазу...

«Өткен күн қандай, заман қандай? Қазіргі күн қандай, заман қалай?»

6. Оқушыларға ойын арқылы сұрақтар қойылып сабақ қорытындыланады



1. Зар заман ақындарын ата?

2. Қандай жырауларды білесің?

3. Дулат, Шортанбай өлеңдерінің басты тақырыбы?

4. «Аягөз» өлеңінің авторы?

5. Шортанбайдың «Келер заман» деген өлеңінде қандай мағына жатыр?

6. 19 ғасырдың 30-40 жылдарындағы көтерілісті бастаған кімдер?

7.Сол зманмен бұл заманның айырмашылығы...

8. Сырым Датұлы бастаған қозғалыс қай ғасырда?

9.Дулаттың «Тегімді менің сұрасаң?» деген толғауы не туралы?

7.Үйге тапсырма.

«Ұлылар аманаты» Қазақ афоризмдері кітабынан жыраулардың нақыл сөздерін тауып жазу.

8. Бағалау.

Сабақта белсенділікпен қатысқан оқушыларды бағалаймын.













Подайте заявку сейчас на любой интересующий Вас курс переподготовки, чтобы получить диплом со скидкой 50% уже осенью 2017 года.


Выберите специальность, которую Вы хотите получить:

Обучение проходит дистанционно на сайте проекта "Инфоурок".
По итогам обучения слушателям выдаются печатные дипломы установленного образца.

ПЕРЕЙТИ В КАТАЛОГ КУРСОВ

Автор
Дата добавления 01.05.2016
Раздел Другое
Подраздел Научные работы
Просмотров366
Номер материала ДБ-062135
Получить свидетельство о публикации
Похожие материалы

Включите уведомления прямо сейчас и мы сразу сообщим Вам о важных новостях. Не волнуйтесь, мы будем отправлять только самое главное.
Специальное предложение
Вверх