Инфоурок География Конспекты11 сынып Сабақ жоспары География

11 сынып Сабақ жоспары География

Скачать материал

Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі

Ямышев орта жалпы білім беру мектебі

 

 

 

 

 

 

 

 

 

САБАҚ ЖОСПАРЛАРЫ

 

 

 

 

 

Сынып: 11 А

 

Мұғалім: Саян Қасенұлы Баужанов

 

Сағат саны: 34 сағат

 

Аптасына: 1 сағаттан

 

Оқулық: Қазіргі дүние географиясы.  Жалпы білім беретін мектептің қоғамдық-гуманитарлық бағытындағы 11-сыныбына арналған оқулық / Т.Увалиев, Е.Ахметов, Қ.Ахметов  – Алматы: «Мектеп» баспасы, – 232 бет.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

2010-2011 оқу жылы

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 


  Күні:  

Тақырыбы:



Еуропаның саяси картасы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары

Білімділік мақсаты – Еуропа елдері, олардың саяси картасы мен құрылымы, экономикалық-географиялық жағдайлары, табиғаты мен ресурстары, экологиялық жағдайы, табиғат қорғау туралы білім беру. Еуропа аймағы мен елдерінің басты ерекшеліктерін, саяси картасының даму кезеңдерін, экономикалық-географиялық жағдайларының қолайлы болу алғышарттарын, табиғат жағдайының шаруашылықты дамытуға тигізетін әсерін, табиғат ресурстарының түрлерін, олардың игерілу тарихын, экологиялық проблемаларын шешу жолдары туралы білік-дағдыны қалыптастыру. Еуропа аймағының бүгінгісі мен болашағы туралы таныстыру.

Дамытушылық мақсаты – Тақырыптық карталардың көмегімен Еуропаның саяси картасының қалыптасуы мен өзгерістеріне, ЭГЖ-на, табиғат жағдайларына, табиғат ресурстарына шаруашылылық тұрғыдан баға беруді, экологиялық жағдайына, оларды шешу жолдарына сипаттама беруді үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Кіріспе сабақ

Оқыту әдістері: Проблемалық және шығармашылық әдіс


Сабақтың жоспары:


І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (19мин)

ІV кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

V кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Сосын балалармен танысып, өзінің жұмыс тәртібін орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады. Сосын мұғаліммен танысады.

 

ІІ

Ең алдымен мұғалім Еуропа елдерінің ЭГЖ-ң басты ерекшеліктері, соның ішінде елдердің көршілік жағдайын, елдердің көпшілігінің теңіз жағалауында орналасуын, жағалау сызығының тілімденуіне, жағалаулардың көпшілік бөліктерін түбектердің алып жатуына мысалдар келтіріп, себептерін түсіңдіреді.

Сосын Еуропаның саяси құрылымының тарихи кезеңдеріне, ірі өзгерістерге тоқталып, қазіргі саяси картасына сипаттама беріп, елдер туралы мәліметтер келтіріп, олардың экономикалық даму бағытына сипаттама береді. Еуропа елдерінің мемлекеттік құрылымын сипаттайды. Саяси картасындағы ең соңғы өзгерістер, соның ішінде Югославия Федерациясының ыдырауы, бұрынғы КСРО елдерінің егемендік алуы туралы айтады.

Сосын табиғат жағдайларының басты ерекшеліктеріне тоқталу. Соның ішінде: 1) жер бедері: басым көпшілігі жазық және қыратты болып келеді, геологиялық, тектоникалық құрылыммен байланысты болады.

2) пайдалы қазбаларға тоқталу;

3) Еуропаның климаттық белдеулеріне сипаттама беріп, олардың адам өміріне қолайлы болып келуін түсіндіру;

4) су ресурстарына, оның мол қорына, су қорының ең көп, ең аз таралған жерлеріне тоқталу;

5) жер ресурстарына, жер қорының – жыртылған жер, жайылым, шабындық, орман, елді мекен, көлік жолы, кеніш, жарамсыз жер үлесін сипаттау.

6) экологиялық жағдайы мен табиғат қорғау мәселерін ашып, нақты мысал келтіру, табиғатты қорғау шараларына тоқталу.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді. Мұғаліммен бірге сабақты талқылап, түсінбеген жерлерін сұрайды.

Балалар қысқаша конспект жазып отырады.

 

 

 

ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім сұрақтарды қояды.

1. Еуропаның қандай елінде көршілес елдер көп?

2. Еуропа елдерінің ЭГЖ-ң басты ерекшелітері қандай?

3. Еуропаның саяси картасы қандай тарихи кезеңдерге бөлінеді?

4. Қазіргі саяси жағдайында қандай өзгерістер бар?

5. Табиғат жағдайы адам өмір сүруіне қолайлы ма? Мысалдар келтіріңдер.

Балалар сұрақтарға жауап береді. 

ІV

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

V

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:  

Тақырыбы:               


Халқы. Еңбек ресурстары

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Еуропа елдерінің халқы, еңбек ресурстары туралы білім беру. Еуропа халқыны ұлттық құрамы, тіл әулеттерінің ең көп тарағанаы, халық санының артуының себептері, халықтың ең аз қоныстанған аймағы, оның басты себебі, урбандалу дәрежесі ең жоғары ел,, олардың себептерін ашу туралы білік-дағдыны қалыптастыру, халықтың әлеуметтік жағдайымен, еңбек ету дәрежесімен, тұрмыс-салтының ерекшеліктерімен, қала агломерацияларымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты – оқулықтағы сандық көрсеткіштер мен тақырыптық карталардың материалдарын пайдаланып, ұлттық құрамындағы арасалмағына, Еуропада таралған тіл әулеттеріне, халық саны ең аз және ең көп елдеріне, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуіне, урбандалу дәрежесінің жоғары болуы, халықтардың әлеуметтік жағдайы туралы сипаттама беруді үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы, әдістемелік құрал, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Осы материалды талдау барысында халқы туралы толық мәлімет береді. Еуропа дүние бөлігінде халық ең соңғы санағы бойынша 730 млн адам (2004ж).

Одан соң өмір жасының ұзақтығы, туу, өлім-жітім көрсеткішін анықтайды. Табиғи өсімі өте төмен елдерді мысалға келтіріп, себебін айтады.Көшіп-қон мәселесіне тоқталады. Одан кейін халықтың ұлттық құрамына тоқталады. Еуропа халқының үнді-еуропалық тіл әулетіне жатуын айтып, оқушылармен бірге «Еуропа халқының ұлттық құрамы» атты оқулық қосымшасындағы картаға талдау жасайды.

Келесі айтылатын мәселе, халқының діни құрамы. Еуропада көп тарағаны христиан діні, соның ішінде православие, католик және оның тармақтарының бірі – протестант кең тараған. Православие – Шығыс және Оңтүстік-Шығыс Еуропа елдерінде, ал католик діні Батыс және Оңтүстік-Батыс Еуропа елдерін қамтиды. Еуропаның түркі тілдес халықтарының көбі ислам, кейбіреулері иудаизм, будда діндерін ұстайды.

Сосын д.ж.-де халықтың тығыз қоныстанған аймақтарының бірі – Еуропа, орташа тығыздығы 100 адам, бірақ олар әркелкі таралған, мысалы Исландия 2 адам, Бельгия, Нидерландыда 350-380 адам.

Қала агломерацияларына талдау жасау барысында Еуропа халқының орналасуы қалалар географиясына да байланысты. Мысалы, Бельгия урбандалу – 97%, Исландия – 92, Ұлыбритания – 89, Франция – 74. Қалалар бірігіп,қала агломерауияларын түзеді. 40-там астам ірі агломерациялар бар, ең ірілері Мәскеу (12 млн адам), Париж (11 млн адам), Рейн-Рур, Лондон (10 млн адамнан).

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сұрақтарға жауап береді.

Сосын тақырыптың негізгі түсініктерін жазып алып, өз беттерінше оқиды. 

 

Мұғаліммен бірге «Еуропа халқының ұлттық құрамы» атты оқулық қосымшасындағы картаға талдау жасайды.

Қысқаша конспект жазып отырады.

ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Еуропа халықтарының артуына қандай фактордың әсері бар?

2. Ең көп тараған тіл әулеті?

3. Халықтың ең аз қоныстанған аймағы қай бөлікте?

Балалар параграфты оқып шығады. Сосын келесі сұрақтарға жауап береді.  

ІV

Үй жұмысы:

1. Кіріспе, §1, 2 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Табиғат ресурстарына сипаттама беру.

3. Мәтіндегі сандық көрсеткіштерді пайдаланып, жер ресурстары үлесін бейнелейтін диаграмма құрастыру.

4. «Еуропа халқының ұлттық құрамы» деген картаны пайдаланып, бір ұлтты, екі ұлтты, көп ұлтты елдерді анықтап, Еуропадағы тіл әулеттері мен топтарды сипаттайтын кесте құрастыру.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.


 

 

 


 

Күні:  

Тақырыбы:


Шаруашылығы. Ішкі аймашылықтары

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Еуропаның шаруашылығы және оның басты бағыты, қалыптасу кезеңдері туралы білім беру. Еуропа шаруашылығының жалпы сипаты, дүние жүзінің басқа аймақтарынан айырмашылығы, шаруашылығын дамытудың алғышарттары, даму кезеңдері, шаруашылығының басты салалары, олардың орталықтары, көлік жүйесінің түрлері, жол тораптары, өндірістік емес салалары, экономикалық ынтымақтастық, ішкі айырмашылықтары туралы білік-дағдыны қалыптастыру, туристік орталықтардың басты ерекшеліктерімен танысу.

Дамытушылық мақсаты – Еуропа елдерінің шаруашылығының басты бағытына, өнеркәсіптің шоғырлану аймақтарына, Еуропадағы ерекше қарқынмен дамыған өнеркәсіп салаларының басты ерекшеліктерін, аса ірі аудандары мен басты орталықтарын анықтап, олардың қалыптасу жағдайларын түсіндіру. Оқулық пен атлас карталарын, Еуропаның басты темір жол желілерін, кеме жүретін өзендер ірі теңіз порттарын анықтауға, Еуропалық Одаққа мүше елдер шаруашылығының маманданған салаларына баға беруді үйрену.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның экономикалық картасы,  хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)


ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексереді, сосын кесте мен диаграмманы салыстырып, табиғат ресурстарының сипаттамасын сұрайды.

1.Еуропа елдерінің ЭГЖ-ң басты ерекшелітері қандай?

2. Еуропаның саяси картасы қандай тарихи кезеңдерге бөлінеді?

3. Қазіргі саяси жағдайында қандай өзгерістер бар?

4. Еуропа халықтарының артуына қандай фактордың әсері бар?

5. Ең көп тараған тіл әулеті?

6. Халықтың ең аз қоныстанған аймағы қай бөлікте?

Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын

және дәптерлерін тексеруге береді. 

ІІІ

Тақырыпты түсіндіруді шаруашылығының жалпы сипатынан бастап, дүние жүзінің басқа аймақтарынан айырмашылығына: 1) Еуропа жерінде игерілмеген бөліктің қалмауына; 2) жерінің шағын  болуы мен елдердің жақын көршілік жағдайына тоқталады.

Одан кейін Еуропа шаруашылығының даму кезеңдеріне шолу жасайды.

Келесі кезекте Еуропа өнеркәсібіне талдау жасайды. Соның ішінде: машина жасау, химия, отын-эгергетикалық, қара металлургия т.б. Өнеркәсібі туралы мәлімет береді. Мысалы, машина жасаудың электроника, электротехника, автомобиль, авиазымыран-ғарыш т.б. салалары басым тараған. Одан соң химия саласында тек осы аймақта ғана емес, бүкіл дүние жүзіндегі ең «химияландырылған» ел – Германия алатын орны ерекше екенін айтады. Ал ағаш өнеркәсібінен халықаралық маманданған аймақтағы елдер: Швеция, Финляндия, Румыния, Югославия, Италия.

Осы аймақтағы дамыған өнеркәсіптің бірі – жеңіл өнеркәсіп болып табылады. Жеңіл өнеркәсіп орталықтарын кесте түрінде береді.

Надпись: Ең алғашқы жеңіл өнеркәсіп орталықтары
Қазіргі  кездегі жеңіл өнеркәсіп орталықтары

Ұлыбританиядағы Ланкашир, Йоркшир, Бельгиядағы Фландрия, Франциядағы Лион, Италиядағы Милан, Польшадағы Лодзь, Ресейдегі Иваново
Оңтүстік Еуропа елдері: Португалия (тігін өнеркәсібі), Италия (аяқ киім шығару), Грекия (бағалы тері бұйымдарын тігу).

 

Сонымен қатар, колөнердің дәстүрлі түрлері де сақталғанын айтады.

Өнеркәсіпке толық сипаттама берілгеннен соң, ауыл шаруашылығын, оның қалыптасуын, даму кезеңдерін, өнімдернің негізгі  түрлерін, белгілерін сипаттайды. Еуропада ауыл шаруашылығының үш аймақтық түрі қалыптасқан: 1) Солтүстік Еуропада интенсивті сүтті мал шаруашылығы. Исландия, Норвегия, Дания елдері балық аулау маманданған саласы болып табылады. 2) Орта Еуропа ауыл шаруашылығы сүтті және сүтті-етті мал шаруашылығы, сондай-ақ шошқа мен құс өсіруге маманданған. 3) Оңтүстік Еуропа өсімдік шаруашылығына маманданған.Ал көлік жүйесі, оның түрлері мен тораптарына талдау жасауды және  экономикалық ынтамақтастық пен ішкі айырмашылықтарына мұғалім оқушыларға өз беттерінше талдауға бөліп береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды, сұрақтарға жауап береді.

Қысқаша конспект жазып отырады.

 

 

Оқушылар кестені көшіріп алады, естеріңе сақтайды.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Сосын көлік жүйесі, оның түрлері мен тораптары және экономикалық ынтамақтастық пен ішкі айырмашылықтарын оқушылар өз беттерінше талдауға бөліп береді.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін оқушылар бір-біріне сұрақтарды қояды. Сосын мұғалім оларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Еуропа елдерінің шаруашылығының басты бағыты қандай?

2. Өнекәсіптің ірі орталықтары қай бөлікте шоғырланған?

3. Еуропадағы ерекше қарқынмен дамыған өнеркәсіптің қандай салаларын білесіңдер?

4. Еуропа елдерінің қандай туристік орталықтарын білесіңдер?

5. Еуропа елдері мен Қазақстан арасындағы байланыстарға мысал келтіріңдер.

Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні: 

Тақырыбы:


Германия. Экономикалық-географиялық жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Германияның экономикалық-географиялық сипаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Германияның ЭГЖ-ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары туралы білік-дағдыны қалыптастыру. Германияның ірі қалаларымен, неміс халқының тұрмысымен, әдет-ғұрыптарымен таныстыру.

Дамытушылық мақсаты – Оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен елдің ЭГЖ-ң басты ерекшеліктеріне, табиғат ресурстарының байлығына, табиғат қорғау шараларына, геосаяси жағдайына, табиғат жағдайының шаруашылықты дамытудағы әсеріне баға беруді үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның саяси картасы, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Тақырыпты игеру мұғалім Герминияға жоспар бойынша жалпы сипаттама беруден бастайды.

а) экономикалық-географиялық және геосаси жағдайы

ә) аумағының құрамы

б) табиғат ресурстары

в) табиғатты қорғау

г) халқы

ЭГЖ және саяси жағдайы бойынша саяси картадан Германияның қай елдермен шектесетінін анықтап, басты ерекшелігін ашамыз. Мысалы, Германия ФР Еуропаның батысы және шығысының шектесетін бөлігінде орналасқан. Солт-де Балтық және Солтүстік теңізімен шектесуі, ел аумағының құрлық және әуе жолдарының тоғысқан торабында орналасуы, аймақішілік және халықаралық сауда-экономикалық қатынастардың дамуы қолайлы әсер етуі. Осы елдің геосаяси жағдайына, НАТО ұйымына кіруі, Германияның бірігуі туралы толықтай мәлімет келтіреді.

Аумағының құрамы туралы айтқанда жерінің ауданы, Батыс Еуропадағы алатын орнының ерекшелігі туралы, мемлкеттің құрылымына, басқару формасына сипаттама береді.

Табиғат ресурстарын сипаттағанда, атлас карталарын пайдаланып, Германияның табиғат жағдайларының басты ерекшеліктерін анықтайды. Одан соң кен орындары мен пайдалы қазбаларға мысал келтіреді.

Табиғат қорғау шарлары, соның ішінде табиғат қорғау мәселесіне, қазіргі заманғы табиғат қорғау шаралары, ұлттық саябақтары мен қорықтар турлы айтады.  

Халқы туралы айтқанда: саны, табиғи өсімі, ұлттық, діни құрамы, қала мен ауыл халқы мен агломерациялар, әлеуметтік-экономикалық жағдайы сияқты басты мәселелер нақты мысалдар негізінде сипаттайды. 

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сипаттама беру жоспарын жазып алады.

Сосын Германия туралы қысқаша конспект жазып отырады. 

 

Атластарын пайдаланып, Германияға сипаттама береді.

ІІІ

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Германияның ЭГЖ-ң басты ерекшелігі қандай?

2. Жерінің аумағы жөнінен Еуропада нешінші орын алады?

3. Германия қандай табиғат ресурстарына бай?

4. Халықтың ұлттық құрамы қандай?

5. Табиғат қорғау барысында қандай шаралар жүзеге асырылуда?

Балалар параграфты оқып шығып, сұрақтарға жауап береді.  

ІV

Үй жұмысы:

1. §3, 4 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Кескін картаға Еуропаның басты темір жол желілерін, кеме жүретін өзендері мен ірі теңіз порттарын түсіру.

3. Еуропалық Одаққа мүше елдердің тізімін жазу.

4. «Неміс халқының тұрмысы мен әдет-ғұрыптары» деген тақырыпқа хабарлама дайындау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.


Күні:  

Тақырыбы:


Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Германияның шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары туралы білім беру. Германия шаруашылығының басты бағыттары және өнеркәсібінің, ауыл шаруашылығының басты ерекшеліктерімен, көлік түрлері жүйесі мен туризмнің даму деңгейі, оның дамыған аудандары туралы білік-дағдыны қалыртастыру. Германияның туристік объектілерімен, Қазақстанмен өзара қарым-қатынасымен, оны дамытудың басты бағытымен, корпорациялары мен фирмаларының жұмыс түрлерімен танысу.

Дамытушылық мақсаты – оқулық мәтініндегі карталар, анықтамалық кестелерді пайдалана отырып, Германияның шаруашылық құрылымына салыстырмалы сипаттама, елдің дүниежүзілік шаруашылықтағы орнына баға беру, елдің ауыл шаруашылықтарын анықтау, ең дамыған көлік түрлерін сипаттап, бағытына баға беру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның экономикалық картасы,  хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)


ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексереді, сосын кескін  карталарын тексеріп, ЕО-қа кіретін елдер саны мен тізімін сұрайды. Сосын балалардың хабарламаларын тыңдайды. Сосын келесі сұрақтарды қояды:

1. Өнекәсіптің ірі орталықтары қай бөлікте шоғырланған?

2. Еуропа елдері мен Қазақстан арасындағы байланыстарға мысал келтіріңдер.

3. Еуропадағы ерекше қарқынмен дамыған өнеркәсіптің қандай салаларын білесіңдер?

4. Еуропа елдерінің қандай туристік орталықтарын білесіңдер?

5. Германияның ЭГЖ-ң басты ерекшелігі қандай?

6. Жерінің аумағы жөнінен Еуропада нешінші орын алады?

7. Германия қандай табиғат ресурстарына бай?

8. Халықтың ұлттық құрамы қандай?

Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын және дәптерлерін тексеруге береді.  « Неміс халқының тұрмысы мен әдет-ғұрыптары» деген тақырыпқа хабарлама оқиды.

ІІІ

Тақырыпты түсіндіруді белгілі бір жоспарға сүйенеді. Ең алдымен, шаруашылықтың дамыу алғышарттары жергілікті шикізат негізінде қалыртасқан дәстүрлі маманданған салаларына құрылымдық өзгерістер мен жаңа технологиялыққ жетістіктер енгізу нәтижесінде күшті дамуы және ғылымды көп қажет ететін, экпортқа бағытталған жаңа салалардың пайда болуы және өнеркәсіп өндірісінде ірі монополияның үстем болуы болды.

Бұдан соң елдегі аса маңызды өнеркәсіп орталықтары туралы айтады. Халықаралық географиялық еңбек бөлінісінде машина жасау өнерекәсібімен көзге түсетінін айтады. Мысалы, «Даймлер-Крайслер» («Мерседес» автомобильдері мен аэроғарыштық техника өндірісі), «Фольксваген», «БМВ» (автомобиль жасау), «Сименс» (электроника, электр техника), «Дойче телеком» (ақпарат тарату техникасы), «Бош» (электр техникасын жасау), жеңіл автомобиль жасау зауыттары туралы айтады. Одан кейін ғылыми зерттеулер мен тәжірибелік-конструкторлық жобалау жұмыстары, ақпараттық технологиялар, аудио, видео, компьютерлік сақтау құралдары «Эмтек» маркасымен шығарылатыны туралы айтады. Германияның «химиялық держава» деп аталуына назар аудартады.

Ауыл шаруашылығы құрылымында мал шаруашылығына тоқталып, сосын өсімдік шаруашылығының орталықтарына сипаттама береді.

Осыдан кейін көлік жүйесіне тоқталады. Басты көлік құралы – автомобиль. Көлік көлігі ішінде су көлігі – өзен мен теңіз көлігіне басты назар аудартады. Ірі порттарын атап, әуә көлігінің халықаралық маңызы бар негізгі авиакомпания - «Люфтганзе» т.б. мысал келтіреді.

Содан кейін СЭБ туралы айтады, басты назар ЕО-ң құрамына енуі, сыртқы саудаға айрықша мән беруі, Германияның басты сауда серіктестіктері – д.ж.-де жетеші елдердің болуы (Франция, Жапония, АҚШ, Италия, Ұлыбритания т.б.).

Қазақстан мен Германия арасындағы қарым-қатынас 1992ж бері дамып келе жатқандығын айтады. Германия инвесторлары көбінесе, Қарағанды, ШҚ, Павлодар және  Қостанай облыс кәсіпорындарын дамытуға салады.

Туризм туралы айтқанда, табиғи ландшафтылар: солтүстік жағалау, аралдар, оңтүстіктегі таулы аудандар, Боден көлі, Бавариядағы шағын көлдер, өзен аңғарлары, тарихи-мәдени ескерткіштер. Ресми түрде елде 80-нен астам туристік маршрут  бар.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдайды, сұрақтарға жауап береді.

Қысқаша конспект жазып отырады. Түсінбеген жерлерін сұрап, өз ойларымен бөліседі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін оқушылар бір-біріне сұрақтарды қояды. Сосын мұғалім оларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Германияның д.ж.шаруашылықтағы орны қандай?

2. Өнеркәсібінің негізгі салалары қандай?

3. Елдің ауыл шаруашылығы құрылымындағы аумақтың айырмашылықтары немен түсіндіріледі?

4. Германияда ең дамыған көлік түрі қайсы?

5. Сыртқы сауда серіктестіктеріне қай елдер жатады?

Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


               

Күні:

Тақырыбы:   


Ұлыбритания. Мемлекеттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Ұлыбританияның экономикалық-географиялық сипаты, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Ұлыбританияның ЭГЖ-ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдайының қолайлығы, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары туралы білік-дағдыны қалыптастыру. Ұлыбританияның ірі қалаларымен, «ағылшындық салт-дәстүрлердің» ерекшеліктерімен, спорттық ойындардың түрлерімен танысу.

Дамытушылық мақсаты – Оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен елдің ЭГЖ-ң басты ерекшеліктеріне, Ұлыбританияның тарихи-географиялық аймақтарының құрамына, мемлекеттік құрылысына, табиғат ресурстарының байлығына, табиғат қорғау шараларына, геосаяси жағдайына, табиғат жағдайының шаруашылықты дамытудағы әсеріне, халықтың ұлттық құрамына баға беруді үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Экологиялық тәрбие беру, еңбек тәрбиесін, патриоттық тәрбиесін беру, оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның саяси картасы, хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)

ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІ кезең – қорытынды (2 мин)


 

Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Тақырыпты түсіндіру Ұлыбритания еліне жалпы шолудан басталады.

Мұғалім оқушыларды 3 топқа бөліп, осы мәселелер бойынша оқулық мәтіні мен атластарын пайдаланып, өз беттерінше талқылаңдар деп тапсырма береді.

1. Елдің басты ерекшеліктері. Мемлекеттік құрылымы мен ЭГЖ туралы: -ресми атауы; орналасқан жері; -тарихи аталуы; мемлекеттік шекаралары; елдің ЭГЖ-ң ерекшеліктері; қолайлығы; -елдің геосаяси жағдайы; -мемлекеттік құрылымы, басқару формасы; -тарихи провинциялары; елдің басты саяси күштері; -елдің саяси және экономикалық ұйымдары; елдің халықаралық ұйымдарға кіруі. 

2. Елдің табиғаты мен табиғат ресурстарына сипаттама беру жоспары: жер бедерінің басты ерекшелігі; географиялық орнының ерекшелігі; климаттық жағдайының басты ерекшелігі; ішкі сулары – өзендері мен көлдері; орман ресурстары; табиғат ресурстары, оның түрлері мен қорлары, орталықтары; табиғат жағдайының шаруашылықты дамытуға қолайлығы.

3. Халқы туралы: Британ аралдарының  байырғы тұрғындарының тарихи қалыптасуы; ағылшын ұлтының қалыптасуындағы тарихи оқиғалар; халық саны, орташа тығыздығы, ең тығыз қоныстанған ауданы, оның себебі; ірі қалалары; ауыл халқы; ел халқының қазіргі ұлттық құрамы; ағылшын ұлтының өзіндік салт-дәстүрлерінің ерекшеліктері; тілдік ерекшеліктері, діни бағыттары; еңбек ресурстары; елдің спорттық ойындарының түрлері, нақты мәліметтер, мысалдар келтіру.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, сипаттама беру жоспарын жазып алады.

Сосын Ұлыбритания туралы оқулық мәтінін оқып, өз беттерінше талқылайды. 

 

Атластарын пайдаланып, Ұлыбританияға сипаттама береді.

ІІІ

Оқып болған соң, оқушылар бір-біріне айтып түсіндіреді. Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Германияның ЭГЖ-ң басты ерекшелігі қандай?

2. Жерінің аумағы жөнінен Еуропада нешінші орын алады?

3. Германия қандай табиғат ресурстарына бай?

4. Халықтың ұлттық құрамы қандай?

5. Табиғат қорғау барысында қандай шаралар жүзеге асырылуда?

Оқып болған соң, оқушылар бір-біріне айтып түсіндіреді. Сосын сұрақтарға жауап береді.  

ІV

Үй жұмысы:

1. §5, 6 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Германияның шаруашылық құрылымының басты белгілерін анықтау.

3. Ұлыбританияға берілген жоспар бойынша толық сипаттама беру.

4. «Ұлыбританияның қалалары» деген тақырыпқа хабарлама дайындау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады, түсінбеген сұрақтарды сұрайды.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.


 

 

 

 

 

 

 


 

Күні:  

Тақырыбы:


Бастапқы бақылау жұмысы

Мақсат-міндеттер:             

Білімділік мақсаты – балалардың 10 сыныпта алған білімдерін еске түсіру және бекіту

Дамытушылық мақсаты – оқушылардың ойлау қабілетін дамыту. Жалпы оқу іскерліктерін үйрену, жалпы табиғат туралы оқушылардың көзқарастарын дамыту, пәнге деген қызығушылығын, танымдық қызығушылығын арттыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: 10 сынып Атлас, Дүние жүзінің саяси картасы, Дүние жүзінің физикалық картасы

Сабақ түрі: Қайталап, қорытындылау сабағы

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс

Сабақ жоспары:


І кезең – ұйымдастыру кезеңі (3 мин)

ІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (40 мин)

ІІІ кезең – қорытынды кезеңі (2 мин)


Сабақ барысы:


Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады да, кім-жоғын сұрайды.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді. Оқушылардың бақылау дәптерлері немесе қағаздардың бар-жоқтығын тексереді. Балаларды нұсқаларға бөледі.

Оқушылар мұғаліммен амандасады және сабаққа дайындалады.

ІІ

І нұсқа

1 тапсырма. Өнеркәсіп және оның салалары

2 тапсырма. Ресейге  кешендік  сипаттама бер:

ü     ЭГЖ

ü     Мемлекет тарихы

ü     Табиғат жағдайлары мен ресурстары

ü     Халқы

ü     Шаруашылығы

ü     Экономикалық аудандары

ü     Туризм және СЭБ

3  тапсырма. Табиғат ресурстары және олардың түрлері

4 тапсырма. Терминдерге анықтама бер: Халықаралық қаржы – қаражат жүйесі, резервтік валюта, геоид, гидрология.

 

ІІ нұсқа

1 тапсырма. Ауыл шаруашылығы және оның салалары

2 тапсырма. Украинаға кешендік сипаттама бер:

ü     ЭГЖ

ü     Мемлекет тарихы

ü     Табиғат жағдайлары мен ресурстары

ü     Халқы

ü     Шаруашылығы

ü     Экономикалық аудандары

ü     Туризм және СЭБ

3 тапсырма. Табиғат ресурстары және олардың түрлері

4 тапсырма. Терминдерге анықтама бер: Халықаралық несие нарығы, халықаралық экономикалық байланыстар,сфероид, климатология.

Тапсырмаларды орындайды. 

ІІІ

Мұғалім жалпы сабақ барысын қорытындылайды. Сосын оқушыларды үзіліске жібереді.

Оқушылар үзіліске шығады.   


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Күні:  

Тақырыбы:

Шаруашылығы. Сыртқы байланыстары.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Ұлыбританияның шаруашылығының басты бағыты, шаруашылықтың басты салалары, жетекші салалары, өндірістік емес салаларының жүйесі, ауыл шаруашылығы дамуының жоғары дәрежесі, өсімдік шаруашылығының негізгі дақыл түрлері, көлік түрлері мен сыртқы экономикалық байланыстары туралы білім беру. Қазақстан мен Ұлыбритания арасындағы өзара дипломатиялық қарым-қатынастары, оны дамытудың басты бағыты, экономикалық байланыстары, Ұлыбританияның экологиялық жағдайы, экологиялық шаралары туралы білім беру.

Дамытушылық мақсаты – оқулық мәтініндегі карталар, анықтамалық кестелерді пайдалана отырып, Ұлыбритания шаруашылығының басты ерекшеліктеріне, ел экономикасының дәстүрлі және жаңа салаларының дамуына әсер етуші алғышарттарға, экономикалық даму кезеңдеріне баға беруге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның экономикалық картасы,  хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (10 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (10 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15 мин)

V кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

VІ кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

VІІ кезең – қорытынды (2 мин)


 Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушыларды тыныштыққа орнатады.

Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексеріп, Ұлыбритания туралы толық сипаттаманы сұрайды. Сосын орындаған тапсырмаларды тексеріп, хабарлама тыңдайды. 

Мұғалімге өз дәптерлерін тексеруге береді. Сипаттама береді, хабарлама оқиды, бір-біріне сұрақтар қояды.

ІІІ

Тақырыпты түсіндіруде Ұлыбритания шаруашылығының даму кезеңдеріне тоқталып, мынадай жоспар бойынша сипаттама беруді ұсынады.

а) өнеркәсібі

ә) ауыл шаруашылығы

б) көлігі

в) сыртқы экономикалық байланыстары

Сосын балаларды төрт топқа бөліп, әрқайсысына оқулық мәтіні мен атластар көмегімен сипаттама беру тапсырмасын береді. Сипаттама дәптерге толық жазылсын деп беріледі.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, топтарға бөлініп, оқулық мәтіні мен атластар көмегімен Ұлыбританияға сипаттама беруді бастайды. Сипаттаманы толық және жазбаша орындайды. 

ІV

Материалды бекіту кезеңінде оқушылар оқыған тақырыпты айтып, бір-біріне сұрақтарды қояды.

Сосын балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Ұлыбритания шаруашылығының басты ерекшелігі қандай?

2. Өнеркәсібінің қандай басты салаларын білесіңдер?

3. Ауыл шаруашылығының ең басты өнімдері қандай?

4. Ұлыбритания экономикасының дәстүрлі және жаңа салаларының дамуына  қандай факторлар әсер етті?

5. Ірі қалаларына мысал келтіріңдер.

Ооқушылар оқыған тақырыпты айтып, бір-біріне сұрақтарды қояды. Мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

V

Үй жұмысы:

1. §7 оқып, қысқаша конспект жазу.

2. Кескін картаға елдің басты көлік тораптарын белгілеңдер.

3. Тек Лондон ғана емес бүкіл елдің қаржы орталығы - «Сити» туралы хабарлама дайындау.

Оқушылар үй жұмысын жазып алады.

 

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

VІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушылардың тәртібіне тоқталады. Қоштасады.

Қоштасады.


 

 

 

 

 

 


Күні: 

Тақырыбы:


Франция. Мемлекеттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Францияныңы мемлекеттік құрамы мен құрылымы, табиғат жағдайлары, табиғат ресурстары, халқы туралы білім беру. Францияның ЭГЖ-ң басты ерекшеліктері, геосаяси жағдаайының өте қолайлығы, мемлекеттік құрылымының басты ерекшелігі, табиғат жағдайының шаруашылықты дамытуға әсері, халқы туралы басты көрсеткіштер жөнінде білік-дағдыны қалыптастыру. Қосымша ақпарат көздері арқылы Францияның экономикалық жағдайы мен халқының қазіргі әлеуметтік жағдайы, тұрмысы туралы танысу.

Дамытушылық мақсаты – оқулық мәтініндегі карталар, анықтамалық кестелерді пайдалана отырып, Францияның ЭГЖ-ң басты ерекшеліктеріне шаруашылық тұрғыдан баға беру, табиғат ресурстарының түрлеріне, олардың шаруашылықтағы маңызына, ірі өзендерінің көліктік рөліне, халқының әркелкі орналасу ерекшеліктеріне, Франция халқының қоныстану сипатына баға беруді үйрену.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның экономикалық картасы,  хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)


ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерін тексереді, сипаттама беру жоспарын тексереді, сосын кескін  карталарын тексеріп, Сити туралы хабарлама тыңдайды. 

Сосын балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Ұлыбритания шаруашылығының басты ерекшелігі қандай?

2. Өнеркәсібінің қандай басты салаларын білесіңдер?

3. Ауыл шаруашылығының ең басты өнімдері қандай?

4. Ұлыбритания экономикасының дәстүрлі және жаңа салаларының дамуына  қандай факторлар әсер етті?

5. Ірі қалаларына мысал келтіріңдер.

Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын және дәптерлерін тексеруге береді.  «Сити» қаласы туралы хабарлама оқиды.

ІІІ

Тақырыпты түсіндіруді Францияға жалпы шолудан бастайды. Ол мәліметтер тақырып басыныда берілген. Одан кейін мынадай жоспар бойынша сипаттама беріледі.

1.Францияның ЭГЖ мен құрамы.

2.Францияның геосаяи жағдайы.

3.Мемлекеттік құрылымы.

4.Табиғаты мен табиғат ресурстары.

5.Халқы.

Сосын мұғалім балаларды топтарға бөліп, әрқайсыларына өз тақырыптарын бөліп береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдауға кіріседі, сұрақтарға жауап береді.

Сипаттама беру жоспарын жазып алады. Топтарға бөлініп, өз тақырыптарын оқып, талдай бастайды. Қысқаша конспект жазып отырады. Түсінбеген жерлерін сұрап, өз ойларымен бөліседі.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін оқушылар өз тақырыптарынн айтады, бір-біріне сұрақтарды қояды. Сосын мұғалім оларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Францияның ЭГЖ-ң басты ерекшелігі неде?

2. Елдің қай бөлігін таулы, қай бөлігін жазық жерлер алып жатыр?

3. Ел аумағында қандай табиғат ресурстары кездеседі, олардың шаруашылықтағы маңызы қандай?

4. Қандай ірі өзендерін білесіңдер?

5. Халықтың әркелкі орналасуы неліктен?

Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне айтып, сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


 

               

 

 

 

Күні:  

Тақырыбы:

Францияның шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Франция шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары туралы білім беру. Оның басты бағыты, шаруашылық жүйесі, ел экономикасының аса маңызды салалары, көлік географиясы, оның түрлері мен тораптары, сыртқы экономикалық байланыстарының дамуы туралы білік-дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – оқулық мәтінінің, тақырыптық карталардың көмегімен Франция шаруашылығының дамуына әсер етуші факторларға, Франция мен Қлыбританияның өнеркәсіп құрылымындағы айырмашылықтарға, елдегі аса ірі жол тораптары мен порттардың орналасу заңдылықтарына баға беруді үйрету. Қосымша ақпарат көздері арқылы Қазақстан мен Франция арасындағы қарым-қатынас түрлерімен, Францияның туристік объектілерімен танысу.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Францияның экономикалық картасы,  хрестоматия

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)                    ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)                                   V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)                        VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштық орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Франция шаруашылығының басты бағытына, шаруашылық жүйесіне, ел экономикасының аса маңызды салаларына сипаттама береді. Кейін, жоспар құрып, соның негізінде мәліметтер келтіріп, теориялық білімді қалыптастыру керек. Мұғалім өзінің айтар ойын белгілі бір жүйеге келтірі, келесі жоспар бойынша баяндайды:

  1. Франция шаруашылығының басты ерекшеліктері;
  2. өнеркәсіп салалары туралы  тұжырымдар;
  3. өнеркәсіптің жаңа салаларының дамуы;
  4. ауыл шаруашылығының басты ерекшелігі;
  5. ауыл шаруашылығының салалары, олардың шоғырланған аудандары;
  6. көлік географиясы, оның түрлері, жол тораптары;
  7. сыртқы экономикалық байланыстары, экспорт, импорт түрлері;
  8. Франция мен Қазақстан Республикасы арасындағы өзара байланыстар.

 

ІІІ

Тақырыпты бекіту ретінде оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:

  1. Франция шаруашылығының дамуына қандай факторлар әсер етті?
  2. Франция мен Ұлыбританияның өнеркәсіп құрылымында қандай айырмашылықтар бар?
  3. Қазақстан мен Франция қарым-қатынастарын қандай бағытта дамытуға болады деп ойлайсыңдар?

 

ІV

Үйге тапсырма:

  1. Франция аумағының табиғат жағдайлары мен ресурстарына шаруашылық тұрғыдан баға беру.
  2. Оқулық материалдарының көмегімен Франция халқының қоныстану сипатын анықтау. Басты қала агломерацияларын табу, оларды кескін картаға белгілеу.
  3. Кескін картаға елдегі аса ірі жол тораптары мен порттарды белгілеу.
  4. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып, «Францияның туристік объектілері» деген тақырыпқа хабарлама дайындау.
  5. Хрестоматиядағы Франция қалалары туралы мәліметтермен танысу

Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне айтып, сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


 

 

 

 

 

 

 


 

 

 

 

Күні:  

Тақырыбы:


Италия. Мемлекеттің құрамы мен құрылымы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Италияның мемлекеттік құрамы мен құрылымы, табиғат жағдайлары мен ресурстары, халқы туралы білім беру. Италия аумағының құрамы және экономикалық-географиялық жағдайы, геосаяси жағдайы, табиғат жағдайының басты ерекшеліктері, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары, халқы туралы мәліметтер беріп, білік-дағдыны қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталар көмегімен Италияның табиғат жағдайының шаруашылықты дамытуға әсеріне, табиғат ресурстарының негізгі  топтарына, табиғат қорғау шараларының түрлеріне баға беруге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Италияның физикалық және саяси-әкімшілік картасы,  хрестоматия, дидактикалық материалдар

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)


ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерінен Франция аумағының табиғат жағдайлары мен ресурстарына шаруашылық тұрғыдан баға берулерін тексереді,  кейін кескін  карталарын тексеріп, бағалайды. «Францияның туристік объектілері» деген тақырыпқа хабарламаларын тыңдайды.

Өткен тақырыпты еске түсіру үшін балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Франция ЭГЖ-ның басты ерекшелігі қандай?

2. Шаруашылығының қандай басты салаларын білесіңдер?

3. Сыртқы экономикалық байланыстары, экспорт, импорт түрлері;

4. Табиғаты мен табиғат ресурстары.

5. Ірі қалаларына мысал келтіріңдер.

Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын және дәптерлерін тексеруге береді.  «Францияның туристік объектілері» туралы хабарлама оқиды.

ІІІ

Тақырыпты түсіндіруді Италияға жалпы шолудан бастайды. Ол мәліметтер тақырып басында берілген. Одан кейін мынадай жоспар бойынша сипаттама беріледі.

  1. Италияның аумақтық құрамы мен экономикалық-географиялық, геосаяси, жағдайы;
  2. Елдің табиғат жағдайының басты ерекшеліктері мен табиғат ресурстарының түрлері;
  3. Табиғат қорғау шаралары;
  4. Халқы туралы мәліметтер.

Сосын мұғалім балаларды топтарға бөліп, әрқайсыларына өз тақырыптарын бөліп береді.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдауға кіріседі, сұрақтарға жауап береді.

Сипаттама беру жоспарын жазып алады. Топтарға бөлініп, өз тақырыптарын оқып, талдай бастайды. Қысқаша конспект жазып отырады. Түсінбеген жерлерін сұрап, өз ойларымен бөліседі.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін оқушылар өз тақырыптарын айтып, бір-біріне сұрақтар қояды. Кейін мұғалім оларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Италияның ЭГЖ-ң басты ерекшелігі неде?

2. Табиғат жағдайының шаруашылықты дамытуға қандай әсері бар?

3. Қандай табиғат ресурстрына бай?

4. Табиғат қорғауда қандай шаралар ұйымдастырылуда?

5. Халықтың ұлттық құрамы қандай?

Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне айтып, сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


 

               

 

 

 

 

 

               

Күні:  

Тақырыбы:

Италияның шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары.

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Италия шаруашылығы, сыртқы экономикалық байланыстары туралы білім беру. Оның басты бағыты, шаруашылық жүйесі, ел экономикасының аса маңызды салалары, көлік географиясы, оның түрлері мен тораптары, сыртқы экономикалық байланыстарының дамуы, Италия «Еуропаның басты бағы», «Күн жолы» атты ұғым туралы білік-дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – оқулық мәтінінің, тақырыптық карталардың көмегімен Италия шаруашылығының басты бағытына,  өнеркәсібінің жетекші салаларына, солтүстік пен оңтүстіктің даму деңгейлеріне салыстырмалы сипаттама,  ел өнеркәсібінің орналасу заңдылықтарына талдау жасау, ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығының басым болуының себебін түсіндіруге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Италияның экономикалық картасы,  «Солтүстік және Оңтүстік Италия» атты сызбанұсқа, «Италия экономикасы» атты сурет

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)                    ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)                                   V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)                        VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштық орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Италия шаруашылығының басты бағытына, шаруашылық жүйесіне, ел экономикасының аса маңызды салаларына сипаттама береді. Кейін, жоспар құрып, соның негізінде мәліметтер келтіріп, теориялық білімді қалыптастыру керек. Мұғалім өзінің айтар ойын белгілі бір жүйеге келтірі, келесі жоспар бойынша баяндайды:

1. Италия шаруашылығының басты бағыты;

2. өнеркәсібі, оның салалары;

3. өнеркәсіптің жаңа салаларының дамуы;

4. ауыл шаруашылығының жетекші салалары;

5. көлігі, көлік жүйелері;

6. Италияның сыртқы экономикалық байланыстары, экспорт, импорт түрлері;

7. туризм туралы мәліметтер беріледі.

 

ІІІ

Тақырыпты бекіту ретінде оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:

  1. Италия шаруашылығының  басты бағыттары қандай?
  2. Өнеркәсібінің қандай жетекші салалары бар?
  1. Италияны «Еуропаның басты бағы» деп неліктен атаған?
  2. «Күн жолы» атты ұғымды қалай түсінуге болады?
  3. Италияның «алтын қалалары» деп неліктен аталған?

 

ІV

Үйге тапсырма:

1. Оқулық мәтінін пайдаланып, Италияның табиғат ресурстарының негізгі топтарын анықтау, ел өнеркәсібінің орналасу заңдылықтарына талдау жасау.

2. Оқулық мәтініндегі сандық мәліметтерді пайдаланып: а) халықтың жас құрылымын; ә) еңбек ресурстары құрылымын бейнелейтін дөңгелек диаграммалар құрастыру.

3. Ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығының басым болуының себебін түсіндіру.

4. Қосымша ақпарат көздерін пайдаланып «Италияның тарихи және мәдени ескерткіштері» деген тақырыпқа хабарлама дайындау.

5. Хрестоматиядағы Италия қалалары туралы, туристік объектілері туралы мақалалармен танысып

6. «Дидактикалық материалдардағы» «Еуропаның жоғары дамыған елдері» тақырыбы бойынша тапсырмаларды орындау.

Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне айтып, сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


 

 

 

               

 

Күні:  

Тақырыбы:

Батыс Еуропаның шағын капиталистк елдері. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдеріне шолу. Солтүстік Еуропа елдері

Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдері туралы білім беру. Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдерінің құрамының ерекшеліктерін, экономикалық-географиялық жағда         йының халықтың тұрмыс-тіршілігіне, шаруашылықты дамытуға тигізетін әсері, геосаяси жағдайының қолайлылығы, қазіргі кездегі дүниежүзілік саясаттағы шағын елдердің ролі, халық туралы білік-дағдыны қалыптастыру; табиғат жағдайының басты ерекшеліктері, табиғат ресурстарының түрлері, табиғи ортаны қорғау шаралары, халқы туралы мәліметтер беріп, білік-дағдыны қалыптастыру.

Солтүстік Еуропа елдерінің басты ерекшеліктері туралы білім беру. Солтүстік Еуропа елдерінің құрамы осы елдерге тән ортақ белгілер мен басты айырмашылықтар туралы білік-дағдыларын қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталарға сүйене отырып, осы аталған аймақтың құрамындағы елдерге салыстырмалы сипаттама,  табиғат жағдайының шаруашылық тұрғыдан баға беру, ішкі экономикалық айырмашылықтарына қарай топтастыру бағытында кесте-диаграмма құрастыруға үйрету; Солтүстік Еуропа елдерінің орналасу ерекшеліктеріне, құрамы мен мемлекеттік құрылымына, экономикалық-географиялық жағдайына, шектесіп жатқан теңіздердің адамның өмір сүруіне, шаруашылығының дамуына тигізетін әсеріне, дүниежүзілік нарықтағы Солтүстік Еуропа елдерінің алатын орнына диаграмма құру арқылы баға беруді үйрету. Қосымша ақпарат көздері арқылы халқының салт-дәстүрлері, экологиялық жағдайымен және туристік объектілерімен танысу.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Еуропаның саяси картасы, «Батыс Еуропаның шағын мемлекеттері» атты кесте, «Батыс Еуропаның аймақтары мен елдері» атты сурет, хрестоматия, дидактикалық материалдар, Солтүстік Еуропа елдерінің саяси-аумақтық бөліну кестесі

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)


ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерінен Франция аумағының табиғат жағдайлары мен ресурстарына шаруашылық тұрғыдан баға берулерін, халықтың жас құрылымын, еңбек ресурстары құрылымын бейнелейтін дөңгелек диаграммаларын  тексереді,  кейін ауыл шаруашылығында өсімдік шаруашылығының басым болуының себебін сұрап, бағалайды. «Италияның тарихи және мәдени ескерткіштері» деген тақырыпқа хабарламаларын тыңдайды. «Еуропаның жоғары дамыған елдері» тақырыбы бойынша тапсырмаларын тексереді.

Өткен тақырыпты еске түсіру үшін балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Италия ЭГЖ-ның басты ерекшелігі қандай?

2. Шаруашылығының қандай басты салаларын білесіңдер?

 3. Сыртқы экономикалық байланыстары

 

Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын және дәптерлерін тексеруге береді. 

ІІІ

Тақырыпты түсіндіруді Батыс Еуропаның шағын капиталистік елдеріне жалпы шолудан бастайды. Оқулық соңындағы мәліметтерді пайдалана отырып, мынадай жоспар бойынша сипаттама беріледі:

  1. Елдер құрамы
  2. Ауданы, км2
  3. Халық саны, млн. адам
  4. Қала халқы (%)
  5. Астанасы
  6. Мемлекеттік құрылымы

Солтүстік Еуропа елдерінің орналасу ерекшеліктерімен және құрамымен, мемлекеттік құрылысымен танысу қажет. Одан соң географиялық жағдайының, шектесіп жатқан  теңіздердің адамның өмір сүруіне, шаруашылығының дамуына тигізетін әсеріне тоқталып, мысал келтіру керек. Кейін халқына, оның орналасу ерекшелігіне, орташа тығыздығына тоқтала отырып, халықтың ұлттық құрамын, аймақтың байырғы тұрғындары жайлы, діні, жас ұзақтығы туралы айта отырып, оған әсер етуші себептерді ашу қажет.

Оқулықтағы  «Солтүстік Еуропаның экономикасы» атты суретті талдайды. Дүниежүзілік нарықта  Солтүстік Еуропа елдерінің «үстем» болатын салаларына – балық аулау мен кит кәсіпшілігі, ағаш өңдеу мен целлюлоза-қағаз өндірісі, кеме жасау, сүт тағамдарын өндіретіндігін, Швеция болат балқыту, машиа жасаудан, Норвегия электр энергиясын өндіру, түсті металлургия жөнінен айрықша көзге түсетіндігі жайлы мәліметтерді айту қажет. Тақырыпты осы елдер экономикасының тұрақты дамуына аймақтағы өте қолайлы геосаяси жағдайы да өз әсерін тигізетіндігі туралы мәліметтермен қорытындылайды.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдауға кіріседі, сұрақтарға жауап береді.

Сипаттама беру жоспарын жазып алады. Топтарға бөлініп, өз тақырыптарын оқып, талдай бастайды. Қысқаша конспект жазып отырады. Түсінбеген жерлерін сұрап, өз ойларымен бөліседі.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін оқушылар өз тақырыптарын айтып, бір-біріне сұрақтар қояды. Кейін мұғалім оларға келесі сұрақтарды қояды:

  1. Осы аталған аймақтың құрамына қандай елдер кіреді?
  2. Қазіргі кездегі дүниежүзілік саясатта шағын елдердің ролі қандай?
  3. Осы елдердің қандай атақты туристік объектілерін білесіңдер?
  4. Осы аталған елдердің шаруашылықтарында қандай ерекшеліктерді байқадыңдар?

1.  Солтүстік Еуропа елдерінің құрамына қандай елдер кіреді?

2. Осы аталған елдердің шаруашылығын дамытудағы табиғат жағдайының қандай әсері бар?

       3. Солтүстік Еуропада қандай халықтар мекендейді?

       4. Дүниежұзілік нарықтағы  Солтүстік Еуропа елдерінің алатын орны қандай?

Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне айтып, сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


 

               

 

Күні:  

Тақырыбы:

Орта Еропа елдері. Нидерланд

 

Білімділік мақсаты – Орта Еуропа елдерінің жетекші елі туралы білім беру.  Орта Еуропа елдерінің ортақ белгілері мен ішкі айырмашылықтары, Нидерланд елінің аймақтағы, халықаралық деңгейдегі алатын орны, табиғаттың шаруашылықты дамытудағы роліне, халқы туралы басты көрсеткіштер, шаруашылығының басты бағыты, көлік жүйесінің түрлері, олардың халықаралық маңызы, сыртқы экономикалық байланыстарының түрлері, «Бенилюкс» ұғымы мен «Голландия», «Амстердам», «Роттердам» атауларының мағынасы туралы білік-дағдыны қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталарға сүйене отырып, Нидерландтың геосаяси жағдайын, экономикалық-географиялық орнының шаруашылық дамуына әсерін, елдің шаруашылық құрылымының қалыптасуына әсер ететін жағдайларды талдау, халықтың діни құрамын көрсететін дөңгелек диаграмма мен кесте құрастыруға, шаруашылығына баға беруге үйрету. Қосымша ақпарат көздері арқылы Нидерланд пен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстармен және туристік объектілермен таныстыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Еуропаның саяси картасы,  «Орта Еуропа елдерінің құрамы» атты кесте, Нидерланд елінің экономикалық картасы, «Нидерланд өнеркәсібінің құрылымы» атты сызбанұсқа, «Роттердам портының сызбасы» атты сурет.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)                    ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)                                   V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)                        VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштық орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Бұл топтағы елдердің құрамына талдау жасайды, осы елдердің жетекші елі – Нидерландқа жалпы шолу жасайды:

  1. Мемлекеттік құрылымы
  2. Геосаяси жағдайы
  3. Табиғатының басты ерекшелігі
  4. Халқы туралы
  5. Шаруашылығына баға беру
  6. Көлік жүйесі
  7. Сыртқы экономикалық  байланыстары

Осы жоспар бойынша талдау жасайды.

 

ІІІ

Тақырыпты бекіту ретінде оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:

  1. Нидерландтың геосаяси жағдайы, экономикалық-географиялық орны шаруашылықтың дамуына қалай әсер етті?
  2. Елдің «Голландия» деп аталуының қандай мәні бар?
  3. «Амстердам», «Роттердам» атаулары қандай мағына береді?
  4. Нидерландтың ірі алып концерндері қалай аталады?
  5. «Бенилюкс» деген ұғымды қалай түсінуге болады?
  6. Ауыл шаруашылығының қандай салалары дамыған?

 

ІV

Үйге тапсырма:

1. Солтүстік Еуропа құрамына кіретін елдерге арналған кесте құрастыруды аяқтау.

2. Қосымша ақпарат көздерін және оқулықты пайдаланып, өз қалауларың бойынша Солтүстік Еуропаның бір елі туралы хабарлама дайындау. Жеке елге сипаттама беру жоспары оқулықтағы қосымшада берілген.

3. Елдің шаруашылық құрылымының қалыптасуына әсер еткен жағдайларға талдау жасау. Жауапты нақты мысалдармен толықтыру.

4. Нидерланд пен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстар туралы хабарлама дайындау.

5. Оқулық мәтінін пайдаланып, халықтың діни құрамын көрсететін дөңгелек диаграмма құрастыру.

Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне айтып, сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


 

 

 

 

 

 

 


               

Күні:  

Тақырыбы:

Оңтүстік Еуропа елдері. Испания


Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Оңтүстік Еуропа елдерінің жетекші елдерінің бірі – Испания туралы білім беру. Оңтүстік Еуропаның басты ерекшеліктері, Испанияның экономикалық-географиялық жағда               йының, табиғат жағдайының өмір сүруге,   шаруашылықты дамытуға қолайлылығы, халқы туралы көрсеткіштер, өнеркәсібінің салалары, ауыл шаруашылығының ерекшеліктері, көлік түрлері, сыртқы экономикалық байланыстары туралы білік-дағдыны қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен Испанияның табиғат жағдайлары мен ресурстары шаруашылығының мамандануы мен орналасуына әсерін сипаттау,  экономикалық-географиялық жағдайына баға беру, ауыл шаруашылығы дақылдарының таралған аудандарын анықтау барысында кесте, диаграмма түсіруге, салыстырмалы сипаттама беруге үйрету. Испанияның туристік объектілері мен дамыған туризм түрлерімен таныстыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Оңтүстік Еуропа елдерінің экономикалық картасы, «Жерортатеңіздік өркениет аумағындағы шаруашылық байланыстарының жүйесі» атты сурет.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)


ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерінен Солтүстік Еуропа құрамына кіретін елдерге арналған кестені,елдің шаруашылық құрылымының қалыптасуына әсер еткен жағдайларға талдауларын және халықтың діни құрамын көрсететін дөңгелек диаграммаларын тексереді,  кейін  Солтүстік Еуропаның бір елі туралы, Нидерланд пен Қазақстан арасындағы экономикалық байланыстар туралы хабарламаларын тыңдайды.

Өткен тақырыпты еске түсіру үшін балаларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Елдің «Голландия» деп аталуының қандай мәні бар?

2. «Амстердам», «Роттердам» атаулары қандай мағына береді?

 3. «Бенилюкс» деген ұғымды қалай түсінуге болады?

 

Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын және дәптерлерін тексеруге береді. 

ІІІ

Тақырыпты түсіндіруде оңтүстік Еуропа елдеріне жалпы шолудан бастап, одан әрі қарай мынадай жоспар түрінде:

1)       Оңтүстік Еуропа – үш дүние бөлігі аралығын жалғастырушы аймақ;

2)       Жерорта теңізіне сұғына еніп тұрған Апеннин, Пиреней, Балқан түбектерін алып жатуы;

3)       Ежелгі жерортатеңіздік өркениеттің орталықтары;

4)       Ұлы географиялық ашылуға себепші болғандығы;

5)       аймақта католиктік діннің басымдылығы;

6)       халықаралық туризмі дамыған орталықтардың кездесуі;

7)       субтропиктік дақылдардың өнімі экспортқа шығарылатын аймақ деген сияқты басты ерекшеліктеріне талдау жасалады.

Испанияның туристік орталықтарына сипаттама берілуі тиіс. Мысалы, демалыс орындары және елдегі тарихи ескерткіштер туралы.

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдауға кіріседі, сұрақтарға жауап береді.

Сипаттама беру жоспарын жазып алады. Топтарға бөлініп, өз тақырыптарын оқып, талдай бастайды. Қысқаша конспект жазып отырады. Түсінбеген жерлерін сұрап, өз ойларымен бөліседі.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін оқушылар өз тақырыптарын айтып, бір-біріне сұрақтар қояды. Кейін мұғалім оларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Испанияның табиғат жағдайлары мен ресурстары шаруашылығының мамандануы мен орналасуына қалай әсер етеді?

2. Ел өнеркәсібін одан әрі өркендеуге қандай кедергілер бар?

3. Испания мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастарды болашақта қай бағытта дамытқан қолайлы?

Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне айтып, сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


 

               

 

Күні:  

Тақырыбы:

 Шығыс еуропа елдері. Экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы. Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы. Шаруашылығы. Сыртқы экономикалық байланыстары.

              Мақсат-міндеттер:                                                       

              Білімділік мақсаты – Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайы туралы білім беру. Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық-географиялық және геосаяси жағдайының басты ерекшеліктері, табиғат жағдайының ел шаруашылығын дамытудағы ролі, табиғат ресурстары туралы білік-дағлыны қалыптастыру.


Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен Шығыс Еуропа елдерінің ортақ белгілеріне, табиғат жағдайына шаруашылық тұрғыдан баға беруге, табиғат ресурстарының көптүрлілігіне, олардың ел экономикасын дамытудағы роліне, елдердің экономикалық-географиялық жағдайларының тиімді жақтары мен саяси құрылымы өзгерген елдерді анықтап салыстыруға, кесте құрастыруға үйрету. Оқулық материалдары, көмекші ақпарат көздері арқылы Шығыс Еуропа халықтарының салт-дәстүрлерімен таныстыру.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Шығыс Еуропа елдерінің экономикалық картасы,  Еуропаның физикалық картасы, «Шығыс Еуропа елдерінің демографиялық көрсеткіштері» атты кесте

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)                    ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)                                   V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)                        VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштық орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Аймақ құрамына сипаттама береді. Аймақ құрамы: Польша, Чехия, Словакия, Венгрия, Румыния, Болгария, Сербия, Черногория, Словения, Хорватия, Босния және Герцоговина, Македония, Албания, Балтық бойы елдері – Латвия, Литва, Эстония. Осы аймақтағы елдерге:

1)       экономикалық-географиялық жағдайына және геосаяси жағдайына;

2)       табиғат жағдайлары мен ресурстарына;

3)       халқы туралы сипаттама беруде оқулық материалдарына сүйене отырып, нақты мәліметтер келтіреді.

4)       Шығыс Еуропа елдері шаруашылығының басты бағыты

5)       Өнеркәсібінің салалары

6)       Ауыл шаруашылығы

7)       Көлігі

8)       Географиялық байланыстары

9)       Ішкі экономикалық айырмашылықтары

 

ІІІ

Тақырыпты бекіту ретінде оқушыларға келесі сұрақтарды қояды:

  1. Аймақ елдерін біріктіруге не себепші болды деп
  2. Табиғат жағдайларының басты ерекшеліктері қандай?
  3. Қандай табиғат ресурстары көп таралған?
  4. Қандай ұлт өкілдері мекендейді?
  5. Аймақ елдерінің басты маманданған шаруашылық салаларына не жатады?
  6. Болгарияның халықаралық еңбек бөлінісіндегі маманданған салаларын атаңдар.
  7. Аймақтың қандай елдерінде ауыл шаруашылығы аса қырқынды дамыған, оның себебі неде?

 

ІV

Үйге тапсырма:

1. Саяси карта мен оқулық қосымшасын пайдалана отырып, аймақтағы елдердің экономикалық-географиялық жағдайларын сипаттап, оның тиімді жақтарын анықтау.

2. Оқулық мәтіні мен атлас карталарын пайдалана отырып, әрбір елдің табиғат ресурстарының түрлерін, олардың ел экономикасын дамытудағы ролін анықтау.

3.  Аймақтағы саяси құрылымында өзгерістер жүріп жатқан елдерді анықтау.

4. Шығыс Еуропа елдерінің бір-бірімен ұқсастық, айырмашылық жақтарын анықтап, себептерін түсіндіру.

5. Оқулық материалдарына сүйене отырып, экономикалық үш топтағы елдерге сипаттама беру.

Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне айтып, сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Күні:  

Тақырыбы:

Чехия


Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Чехия елінің басты ерекшелігі туралы білім беру. Чехия елінің экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктері, елдің тарихи қалыптасу кезеңдері, халқының тұрмыс-салтының басты ерекшеліктері, шаруашылығын дамытудың алғышарттары туралы білік-дағдыны қалыптастыру.

Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталарды басшылыққа ала отырып, елдің  экономикалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктерін,  шаруашылығының көп салалы болып дамуының бсты шартын анықтау,  туристік объектілердің маңызына, сыртқы экономикалық байланыстарына сипаттама беруді үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Чехияның экономикалық картасы, «Чехияның сауда әріптестері» атты сурет.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)


ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)

ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Ең алдымен мұғалім оқушылардың дәптерлерінен Шығыс Еуропа аймағындағы елдердің экономикалық-географиялық жағдайларын сипаттауларын және экономикалық үш топтағы елдерге сипаттама берулерін тексереді,  кейін  келесі сұқрақтар бойынша ауызша жауаптарын тыңдайды:

1. Аймақтың әрбір елінің табиғат ресурстарының түрлерін, олардың ел экономикасын дамытудағы ролі.

2.  Аймақтағы саяси құрылымында өзгерістер жүріп жатқан елдер

3.                 Шығыс Еуропа елдерінің бір-бірімен ұқсастық, айырмашылық жақтары, олардың себептері

 

Сұрақтарға жауап береді, кескін карталарын және дәптерлерін тексеруге береді. 

ІІІ

Тақырыпты түсіндіруде Чехияға жалпы шолудан бастап, одан әрі қарай мынадай жоспар түрінде:

  1. Аумақтың құрамы, экономикалық-географиялық жағдайы
  2. Мемлекеттік құрылымы
  3. Табиғат жағдайлары, табиғат ресурстары
  4. Халқы
  5. Шаруашылығы
  6. Сыртқы экономикалық байланыстары

Оқушылар мұғалімді тыңдап, тақырыпты бірге талдауға кіріседі, сұрақтарға жауап береді.

Сипаттама беру жоспарын жазып алады. Топтарға бөлініп, өз тақырыптарын оқып, талдай бастайды. Қысқаша конспект жазып отырады. Түсінбеген жерлерін сұрап, өз ойларымен бөліседі.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін мұғалім балаларға параграфты оқып шығыңдар дегеннен кейін оқушылар өз тақырыптарын айтып, бір-біріне сұрақтар қояды. Кейін мұғалім оларға келесі сұрақтарды қояды:

1. Елдің экономикалық-географиялық жағдайының қандай басты ерекшеліктері бар?

2. Елдің мемлекет болып қалыптасуында қандай тарихи кезеңдері болды?

 

Балалар параграфты оқып шығады. Сосын тақырыпты бекіту мақсатында бір-біріне айтып, сұрақтарды қойып, мұғалімнің сұрақтарына жауап береді.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды және неге солай бағалағанын айтады.

Мұғалімді тыңдап, бағаланады.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

Үзіліске шығады.


               

 

 

 

Күні:   Ямышев мектебі – 23.11.2011

Тақырыбы:

№1 сарамандық жұмыс


Мақсат-міндеттер:

Білімділік мақсаты – Еуропа елдерінінен аумағы бойынша, халқының саны бойынша, жиынтық ішкі өнімнің жалпы көлемі бойынша, урбандалу деңгейі бойынша халқының тығыздығы бойынша алғашқы бестікке кіретін елдерді анықтау. «Еуропаның минералды ресурстары» атты кесте құрастыру.  Солтүстік және Оңтүстік Еуропаның екі шағын капиталистік еліне жоспар бойынша салыстырмалы сипаттама беру

Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталарды басшылыққа ала отырып, Еуропадағы аса ірі өнеркәсіп орталықтарын анықтап, оларды мамандану салаларын көрсететін дөңгелектер түрінде кескін картаға белгілеу.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атлас, Чехияның экономикалық картасы, «Чехияның сауда әріптестері» атты сурет.

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (3 мин)


ІІ кезең – тақырыпты бекіту (40 мин)

ІІІ кезең – сабақты қорытындылау (2 мин)

 


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалім әрекеті

Оқушылар әрекеті

І

Мұғалім оқушылармен амандасып, тыныштыққа орнатады. Балалардың кім-жоғын сұрайды. Сосын оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.сарамандық жұмыстың барысымен таныстырады. Тапсырмаларды түсіндіреді

Сәлемдеседі, тәртіпке келеді де, сабаққа даяр отырады.

ІІ

Тапсырмалармен таныстырып, оларды орындауға бағыт-бағдар береді.

1. Оқулық  мәтіні мен анықтамалық деректер негізінде Еуропа елдері арасынан:

а) аумағы жөнінен ең ірі бес елі;

ө) халқының саны жөнінен ірі бес елді;

б) жиынтық ішкі өнімнің жалпы көлемі ең жоғары бес елді;

в) урбандалу деңгейі ең жоғары бес елі;

г) халық ең тығыз орналасқан (тығыздықты есептеп шығару  қажет) бес елді анықтап, дәптерге жазып алу.

2. Тақырыптық карталар мен оқулық  мәтінін пайдаланып, «Еуропаның минералды ресурстары» атты кесте құрастыру: кестенің 1-бөлігінде – пайдалы қазбалардың негізгі түрлері; 2-бөлігінде – таралған елдері.

3. Оқулық мәтіні мен экономикалық карталардың деректері негізінде Еуропадағы аса ірі өнеркәсіп орталықтарын анықтап, оларды мамандану салаларын көрсететін дөңгелектер түрінде кескін картаға белгілеу.

4. Солтүстік және Оңтүстік Еуропаның өздерің таңдап алған екі шағын капиталистік еліне салыстырмалы сипаттама беру. Сипаттама оқулық қосымшасында берілген жоспарға негізделуі тиіс.

 

 

ІІІ

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтады. Оқушыларды үзіліске жібереді.

 


 

Сабақ -37

Күні: 

Тақырыбы:

Азиядағы жаңа индустриялы елдер. Корея Республикасы

              Мақсат-міндеттер:                                                       

           Білімділік мақсаты – Азияның жаңа индустриялы елдері, соның ішінде Корея Республикасы туралы білім беру; табиғат жағдайлары мен табиғат ресурстарының басты ерекшеліктерімен танысу; халқы, экономикасының басты бағыты, сыртқы экономикалық байланыстары туралы оқып-үйрену.


Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен Корея Республикасының табиғат жағдайына шаруашылық тұрғыдан баға беруге, табиғат ресурстарының ел экономикасын дамытудағы роліне, елдердің экономикалық-географиялық жағдайларының тиімді жақтары мен саяси құрылымы өзгерген елдерді анықтап салыстыруға, кесте құрастыруға үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Дүние жүзінің саяси картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)                    ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)                                   V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)                        VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І

      Оқушылармен амандасады. Сабақта кім бар-жоғын тексереді. Оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мұғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім-бар жоғын анықтайды.

ІІ

      Сабақ барысында келесі жоспарлар орындалады:

      1. Корея Республикасының экономикалық – географиялық орнының басты ерекшеліктері айтылады. («Материктермен мұхиттардың физикалық географиясынан» алған білімдеріне сүйенеді.)

        2. Табиғат жағдайы мен ресурстары.

   3. Халқы туралы сипаттама. 

 4. Экономикасы. Ел экономикасы дамуының басты факторы – экономикалық саясатының жүргізілуі туралы айтылады.

 

Оқушылар мұғалімнің жоспар бойынша қысқыша шолуын тыңдап, өздері жоспар бойынша толық сипаттама береді:

        Корея Республикасының құрамына кіретін жерлерге сипаттама беріледі:

а) жер бедерінің басты ерекшеліктері;

ә) пайдалы қазбалары;

б) климат жағдайы, климаттық көрсеткіштері;

в) ішкі суларының маңызы;

г) өсімдік жамылғысы туралы сипаттама беруде оқулық материалдарына сүйенеді.

Халқы туралы сипаттама мынадай жоспар түрінде беріледі де, оқулық материалдарына сүйенеді:

а) халық саны, тығыздығы;

ә) халықтың ұлттық құрамы;

б) халықтың табиғи өсуі, өмір жасының ұзақтығы, жастық-жыныстық құрамы;

в) днсаулық сақтау ісі;

г) еңбек ресурстары.

4. Экономикасы. Үкіметтің «экспорттық саясаты» дамытуға бағдар алуы, оның ішінде:

а) машина жасау, кеме жасау өнеркәсібінің дамуы;

ә) өнеркәсіптің металлургия саласының дамуы;

б) мұнай-химиясының дамуы:

в) электроника, электр техникасын жасау бойынша оқулық материалдарына сүйене отырып сипаттама беру;

г) сыртқы экономикалық байланыстарды дүние жүзінің алдынғы қатарлы елдерінің біріне жатады, оған оқулық материлдарынан мысалдар келтіру, Корея Республикасының Азиялық-Тынық мұхиттық еркін сауда аймағына (АПЭК) кіруі туралы айтылады. Қазақстан мен Корея Республикасының арасында экономикалық бағыт дамуда. Қазіргі кезде Қазақстанда 2001 жылы қазақ-корея кәсіпорнының саны 119-ға жетті. Корея мен Қазақстан арасындағы қарым-қатынастар тек экономикалық бағытта ғана емес, әлеуметтік-мәдени тұрғыдан да өркендеуде. Міне, осы бағытта нақты мысалдар келтіру.

ІІІ

Бекіту сұрақтары:

1. Корея Республикасының геосаяси жағдайының басты ерекшелігі қандай?

2. Корея Республикасы экономисының өркендеуіне қандай фактордың әсері болады?

3. Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастар қалай дамуда?

 

ІV

Үйге тапсырма:

1. Геосаяси жағдайының басты ерекшеліктерін анықтап, сипаттама жазу.

2. Корея Республикасы экономикасының дамуындағы алғышарттарды анықтап, дәптерге жазу.

3. Қазақстан мен Корея арасындағы қарым-қатынастар туралы реферат жазу.

4. Хрестоматиядағы жаңа индустриялы елдер туралы мақалмен танысу.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап алады.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қояды.

Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

VI

Сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтып, сабақты қорытындылайды.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге айтады.

 

 

 

 

 

 

               

 

 

 

Күні:  

Тақырыбы:

Азиядағы мұнай экспорттаушы елдер. Азияның мұнай экспорттаушы елдеріне жалпы сипаттама

              Мақсат-міндеттер:                                                       

                Білімділік мақсаты – Азиядағы мұнай экспорттаушы елдер туралы білім беру.


Дамытушылық мақсаты – Азиядағы мұнай экспорттаушы елдердің экономикалық-географиялық геосаяси жағдайына, сыртқы экономикалық байланыстарына баға беруге үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Дүние жүзінің саяси картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)                    ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)                                   V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)                        VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І

Оқушыларды түгендеп, оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар үзілістен кабинетке кіріп, сабаққа дайындалады.

ІІ

1.        Азиядағы мұнай экспорташы елдер тобына жалпы сипаттамадан басталады. Қысқаша сипаттама берген соң, «Азиядағы мұнай экспорттаушы елдер» атты кестеге талдау жасатады.

2.        Осы аталған елдерге физикалық-географиялық тұрғыдан баға беріледі де, мемлекеттердің ежелгі тарихи қалыптасу кезеңдеріне қысқаша шолу беріледі.

3.        Таяу Шығыс елдерінің басты байлығы – мұнай мен табиғи газ қорына, кен орындарына сипаттама беріледі.

4.        Мұнай өндіруден түсетін пайданың жергілікті халықтың әлеуметтік-экономикалық жағдайына тигізетін әсеріне тоқталамыз.

5.        Сыртқы экономикалық байланыстар туралы. Сыртқы экономикалық байланыстар орнатуда мұнай өндіруші елдердің елеулі орны бар. Сонымен қатар мұнайдың мол қоры, дүниежүзілік саясатта да айырықша орын алуынасебепші болуда. Мұнай бағасы аймақтағы саяси жағдайға тікелей тәуелді болып отыр. Осы орайда ОПЕК ұйымының тарихына тоқталуымыз қажет.

Мұғалімнің кіріспе әңгімесін тыңдап, сипаттама беру үшін оқулықта берілген «Азиядағы мұнай экспорттаушы елдер» атты кестеге талдау жасап, дәптерге жазады. Бұл кеестеде Азиядағы мұнай экспорттаушы елдер тобы, олардың саны сегізге жетеді. Осы елдердің жерінің ауданы (мың км2 есебінде), мемлекеттік құрылымы, астанасы, халық саны (20047 ж), оның ішінде қала халқы, табиғи өсуі сияқты көрсеткіштер берілген. Осы аталған елдерге физикалық-географиялық тұрғыдан баға беріп, мемлкеттердің ежелгі тарихи қалыптасу кезеңдеріне шолу жасағанда «Таяу Шығыс» деген ұғымның мағынасын ашуда тарих пәнінен алған білмдеріне сүйенеді. Таяу Шғысы елдерінің мұнай мен газ қорына, кен орындарына сипаттама бергенде оқулық қосымшасындағы «Мұнай өндіретін жетекші елдер» деген кестеге талдау жасалады. Бұл кестеде мұнай өндірудің жалпы мөлшері, әлемдегі орны, жан басына шаққандағы мөлшері туралы мәліметтер берілген.

Оқулық материалдарына сүйену барысында елдің әлеуметтік-экономикалық жағдайының өзгерісіне талдау жасалады.

ІІІ

Тақырыпта бекіту үшін бекіту сұрақтарын береді:

1.        Азиядағы мұнай экспорттайтын елдер тобына қандай елдер жатады?

2.        Осы аталған мұнайлы елдердің табиғат жағдайларының басты ерекшеліктері қандай?

3.        Мұнай экспорттайтын елдердің әлемдік қаржы жүйесіндегі орны қандай?

Оқушылар мұғалімнің сұрақтарына жауап береді:

1. Азиядағы мұнай экспорттаушы елдер: Сауд Арабаиясы, Катар, Кувейт, Біріккен Араб Әмірлігі, Оман, Бахрейн, Иран, Ирак

2. Аталған елдердің басты байлығы – мұнай мен газ. Мұнайдың барланған қоры жөнінен бұл елдер дүние жүзінде бірінше орын алады, олардың үлесіне әлемдік мұнай қорының 2/3 бөлігі тиесілі.

3. Мұнай экспорттушы бай монархиялар Батыстың экономикасын қаржыландыруда. Қаожыландыруды өсім алу мақсатындағы қаржы салымының бастаған бұл елдер қазіргі кезде ірі халықаралық қаржы ұйымдары мен ҰАБ құрылымдарының акцияларына бақылау жасау дәрежесіне жетті. Сауд Арабиясының шетелдік инвестициялар көлемі жүздеген млрд АҚШ долларымен есептеледі. 

ІV

Үйге тапсырма:

1. Мұнайға бай елдердің табиғат жағдайына қысқаша сипаттама жазу.

2. Мұнайды сыртқа шығарушы елдердің қазіргі геосаяси жағдайына сипаттама беруді жазбаша түрде орындау.

3. Осы мұнайлы елдердің ішіндегі туризмді жақсы дамытушы елдерге мысалдар келтіру.

4. «Дидактикалық материалдар» құралындағы «Азия елдері» тақырыбы бойынша тапсырмаларды орындау.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғалімнен сұрап алады.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қояды.

Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

VI

Сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтып, сабақты қорытындылайды.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге айтады.

 

               

Күні:    

Тақырыбы:

Америка елдері. Американың қоныстану және игерілу кезеңдері. Америка елдерін топтастыру

                Мақсат-міндеттер:                                                       

            Білімділік мақсаты – Американы қоныстану мен игерудің тарихи кезеңдері туралы білім беру; елдерді топтастырудың басты ерекшеліктерімен танысу.


Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен Америка елдерінің табиғат жағдайына шаруашылық тұрғыдан баға беруге, табиғат ресурстарының ел экономикасын дамытудағы роліне, елдердің экономикалық-географиялық жағдайларының тиімді жақтары мен саяси құрылымы өзгерген елдерді анықтап салыстыруға, кесте құрастыруға үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Дүние жүзінің саяси картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың кезеңдері: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)            ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)                            V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)                         VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І

Оқушылармен амандасады. Оқушыларды түгендеп, оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар мғаліммен орындарынан тұрып амандасады. Сабақта кім бар-жоғын анықтайды.

ІІ

Ең алдымен дәптерлерін тексереді. Кейін рефераттары мен хабарламаларын тыңдап, талқылайды. Өткен сабақтар бойынша бірнеше ауызша сұрақтар қойып, оқушылардың жауаптарын тыңдайды.

Ең алдымен үй тапсырмаларының жазбаша түрлерін дәптерлерінде орындағандарын тексереді. Кейін бірнеше оқушы өзлерінің рефераттары мен хабарламалары бойынша ауызша жауап береді. Мұғалімнің өткен тақырыптар бойынша қойған сұрақтарына жауап береді.

ІІІ

Жаңа тақырыпты келесі жоспар бойынша жүргізеді:

1. Американы отарлауға дейінгі кезеңде оқулықтағы «Қоныстану және игерілу тарихынан» атты бөлім материалдарына сүйену. Осыдан 40 мың жыл бұрын Азияның солтүстік-шығысынан қоныс аударғандардың тұрмыс-жағдайларына сипаттама береді. Кейін оқушыларға тақырыпты ары қарай өздігінен меңгеру үшін бағыт-бағдар береді.

2. ХVІ ғасырдың басында еуропалықтардың Американы жаппай және жедел отарлау саясаты туралы қысқаша баяндап кетеді. Ал оқушыларға келесі міндеттерді тапсырмаларды береді:

 - плантациялық шаруашылықтың мәнін ашу;

 - отарлау әрекеттерін талдау;

 - еуропалықтардың Американы отарлау саясатын анықтау.

3. Американың тарихи – географиялық аймақтарына сипаттама беріп, мысалдар келтіру.

Оқушылар мұғалімнің қысқаша шолуына назар аударып, кейін мұғалімнің бағыттауымен оқулыққа сүйене отырып, мұғалімнің ойын өздері жалғастырады:

Осыдан 25 мың жылдай бұрын Азиядан қоныс аударушылардың тұрмыс-тіршілігіне тоқталады:

 - қоныс аударушы тайпалардың мекен ортасына, шаруашылық әрекеттеріне талдау жасайды;

 - еуропалықтар келер алдында Америка жеріндегі аса ірі үш мемлекетке оқулықтағы 18-сурет бойынша сипаттама береді. Ацтектер, майя, инк тайпаларының тұрмыс-тіршілігінен мысалдар келтіріп, осы мемлекеттердің даму барысын тарихи деректерге сүйене отырып талдайды;

 - хрестоматиядағы Американың ежелгі өркениеттері туралы мақаламен танысады.

Кейін оқушылар «плантациялық шаруашылықтың» мәнін ашып талқылайды, отарлау әреткеттерін талдайды, еуропалықтардың Американы отарлау саясатын анықтайды. Бұл тапсырмаларды орындау үшін тарих пәнінен алған білімдеріне сүйенеді, қосымша мәліметтер айтады. Кейін Американың тарихи-географиялық аймақтарымен танысады.

ІV

Тақырыпты бекіту үшін келесі сұрақтарды береді:

1. Американы кім ашқан?

2. Америка құрлығын қандай тайпалардың өкілдері мекендеген?

3. Америка жеріндегі ежелгі мәдениет ошақтары қай аймақтарды қамтыған?

4. «Латифундия», «метис», «мулат», «самбо» деген не?

5. Американың ел топтары қалай бөлінген? Сонымен қатар «Дидактикалық материалдардағы» сұрақтар мен тапсырмаларды қолдану.

Оқушылар бекіту сұрақтарына жауап береді:

1. Америкаға ең алғаш жеткен Христофор Колумб, бірақ ол Американы Үндістан деп қателесіп, Америго Веспуччи жаңа континент ретінде ашты.

2. Америка құрлығында алгонкиндер, апачи, ольмектер, кейін ацтектер, майя және инк тайпалары мекендеген. 

3. Ежелгі мәдениет ошақтары Мексика таулы қыратында, Юкатан түбегінде, Анд таулы ауданында болған.

4. «метис» - европалықтар мен үндістердің некесінен туғандар, «мулат» - европалықтар және африкалықтардың ұрпақтары, «самбо» - африкалықтар мен үндістердің некесінен туғандар. «Латифундия» - латынша latus – кең-байтақ, fundus – жер деген маңынаны береді, помещиктік жер иеліктері.

5. Американың екі тарихи-географиялық аймағы бар: басым солтүстіктегі Ағылшындық Америка, испандықтар мен португалдықтар отарлаған Латын Америкасы.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қояды.

Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

VI

Сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтып, сабақты қорытындылайды.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

Күні:

Тақырыбы:

Американың жоғары дамыған елдері. Америка Құрама Штаттары. АҚШ-тың экономикалық- географиялық жағдайы. Мемлекет  тарихы

              Мақсат-міндеттер:                                                       

             Білімділік мақсаты – АҚШ-тың экономикалық-географиялық жағдайының ерекшеліктерін ашу; мемлекеттің тарихы, геосаяси жағдайының әлемде алатын орнын анықтау.


Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен Амриканың жоғары дамыған елдерінің, оның ішінде АҚШ-тың табиғат жағдайына шаруашылық тұрғыдан баға беруге, табиғат ресурстарының ел экономикасын дамытудағы роліне, елдердің экономикалық-географиялық жағдайларының тиімді жақтары мен саяси құрылымы өзгерген елдерді анықтап салыстыруға, кесте құрастыруға үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Дүние жүзінің саяси картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың жоспары: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)                    ІV кезең – үйге тапсырма беру (4 мин)

ІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (20 мин)                                   V кезең – бағалау кезеңі (2 мин),

ІІІ кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (15мин)                        VІ кезең – қорытынды (2 мин)


Сабақ барысы:

Кезең

Мұғалімнің іс-әрекеті

Оқушылардың іс-әрекеті

І

Оқушыларды түгендеп, оқушылардың сабаққа дайындығын тексереді.

Оқушылар үзілістен кабинетке кіріп, сабаққа дайындалады.

ІІ

 Бүгінгі сабақты диспут түрінде өткізеді.

1 оқушы – АҚШ-тың экономикалық-географиялық

жағдайының басты ерекшеліктері туралы;

Бірнеше оқушы: АҚШ-тың әлеуметтік-экономикалық жағдайын ашып көрсетуі.

Келесі топ: мемлекет тарихы туралы оқулық материалдарынан мәліметтер келтіруі керек.

Келесі топ: әлемдегі АҚШ-тың геосаяси жағдайының рөлі туралы жарыссөз ұйымдастыру.

«Дидактикалық материалдардағы» сұрақтар мен тапсырмаларды орындау.

Оқушылардың бірі АҚШ-тың экономиккалық-географиялық жағдайының басты ерекшеліктерін айтады:

1) АҚШ қрамына енетін Аляска және Гавай штаттары елдің басқа бөліктерімен құрлық арқылы шектеспейді;

2) Елдің шығысында Атлант, батысында Тынық мұхит сулары ұласып жатыр;

3) АҚШ өндірісін алуан түрлі шикізатпен және арзан еңбек ресурстарымен қамтамасыз етіп, өз кезегінде дайын тауарларды сатып алатын ЛА елдерінің салыстырмалы түрде жақын оргаласуы ел экономикасының үздіксіз дамуына себепші болады;

4) АҚШ-тың көршілес орналасқан Канадамен және Мексикамен құрлықтық шекаралары шартты түрде өзен-көлдер, таулы аймақтар арқылы өтуі елдер арасындағы суда-экономикалық қатынастарының дамуына қолайлы жағдай жасайды.

Бірнеше оқушы мемлекет тарихы туралы айтады: ХVI ғ Солтүстік Америкаға еуопалықтар қоныс аудара бастады. Жаңа Англияның тұрғындары янки деп аталды. Жаңа Англияда іргетасы қаланған алғашқы қала – Бостон оның орталығына айналды. ХVIІІ ғ ортасында Африкадан жұмыс күші ретінде әкелінген құлдар саны 300 мыңға жетті. Иеліктердің көпшілігі Ұлыбританияның қол астында болды. 1763 жылы Ұлыбританияда шығарылған Жарлық бойынша қоныс аударушыларға Аппалачтан батысқа қарай жер иеленуге тыйым салынды. Бұл Жарлыққа наразы болған қоныс аударушылар бірігіп, өздерінің байырғы отаны – Ұлыбританиямен сауда қатынасын тоқтатты. Олар 1775 жылы Бостон қаласының маңында бүлікшілерді басу үшін арнайы жіберілген ағылшын әскерлерін талқандады. Виргиниялық жер иеленуші Джордж Вашингтон басқарған азаттық күрес 1776 жылы 4 шілдеде жаңа мемлекет – Америка Құрама Штаттарының пайда болуымен аяқталды. Бұл мемлекеттің алғашқы президенті Джордж Вашингтон болып сайланды.

Келесі топ әлемдегі АҚШ-тың геосаяси жағдайының ролі туралы жарыссөз: мұнда оқушылар АҚШ-тың халықаралық аренада саяси әрекеттері туралы айтады.

ІІІ

Бекіту сұрақтары:

  1. Х-ХV ғасырларда Солтүстік Америка мен оның жағалауларына кімдер саяхат жасады?
  2. Ұлы географиялық ашылулардан соң Солтүстік Америкада Еуропаның қай мемлекеттерінің иеліктері пайда болды?
  3. Дүние жүзінің саяси картасында АҚШ мемлекітінің пайда болуы дүниеге қандай өзгерістер әкелді?

Оқушылар мұғалімнің бекіту сұрақтарына жауап береді:

1. Х-ХV ғасырларда Солтүстік Америка мен оның жағалауларына еуропалықтар қоныс аудара бастады.

2. Ұлы географиялық ашылулардан соң Солтүстік Америкада Ұлыбританияның иеліктері пайда болды.

3.  АҚШ дүние жүзіндегі аса ірі мемлекеттердің бірі. Ол жерінің ауданы жөнінен Ресей, Канада, Қытайдан кейінгі 4-ші орын алады. Мемлкеттік құрылым жөнінен АҚШ 50 штаттан, ел астанасы – Вашингтон қаласы, орналасқан Колумбия федералы округінен тұратын федерациялық республика болып табылады.

ІV

Үйге тапсырма:

1.       «АҚШ мемлекетінің қалыптасуы» атты суретті пайдаланып, АҚШ шекараларының қалыптасу тарихына қысқаша сипаттама беру.

2.       АҚШ-тың геосаяси жағдайының басты ерекшеліктерін оқулық материалдарына сүйене отырып анықтау.

3.       «Дидактикалық материалдардағы» тапсырмаларды орындау.

4.       АҚШ-тың геосаяси жағдайы туралы реферат жазу.

Үй тапсырмасын күнделіктеріне жазып алады. Түсінбегендерін мұғслімнен сұрап, анықтап алады.

V

Мұғалім оқушыларды жауап беру деңгейлері бойынша бағалайды. Бағаларын күнделіктеріне қояды.

Алған бағаларын тыңдап, күнделіктеріне қойдырады.

VI

Сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін айтып, сабақты қорытындылайды.

Жалпы сабақтың кемшіліктері мен жетістіктерін мұғаліммен бірге айтады.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

               

 

Күні:  

Тақырыбы:

 

Табиғат жағдайлары мен ресурстары. Халқы

 

                Мақсат-міндеттер:   АҚШ-тың табиғат жағдайларының басты ерекшеліктері мен табиғат ресурстарының түрлерімен танысу; Табиғат ресурстарының түрлері, оларды қорғау шараларымен танысу.    

                                               

                Білімділік мақсаты – Американы қоныстану мен игерудің тарихи кезеңдері туралы білім беру; елдерді топтастырудың басты ерекшеліктерімен танысу.

 


Дамытушылық мақсаты – оқулық материалдары мен тақырыптық карталардың көмегімен Америка елдерінің табиғат жағдайына шаруашылық тұрғыдан баға беруге, табиғат ресурстарының ел экономикасын дамытудағы роліне, елдердің экономикалық-географиялық жағдайларының тиімді жақтары мен саяси құрылымы өзгерген елдерді анықтап салыстыруға, кесте құрастыруға үйрету.

Тәрбиелік мақсаты – Оқушылардың өз ойларын жеткізе білу, қарым-қатынас жасауды үйрету. Балаларды ұйымшылдыққа тәрбиелеу, адамгершілік қасиеті мен географиялық мәдениетін қалыптастыру.

Оқу құралдары: Оқулық, 11 сынып Атласы, Дүние жүзінің саяси картасы

Сабақ түрі: Аралас сабақ

Оқыту әдістері: Репродуктивті, проблемалық әдіс


Сабақтың кезеңдері: І кезең – ұйымдастыру (2 мин)            ІV кезең – білім мен икемділіктерін бекіту (5 мин)

ІІ кезең – үй тапсырмасын тексеру (15 мин)                            V кезең – бағалау кезеңі (2 мин)

ІІІ кезең – жаңа тақырыпты меңгеру (19 мин)                         VІ кезең – қорытынды (2 мин)


№1 сарамандық жұмыс

1. Қалауы бойынша мектеп атласы біреуіне талдау жасау:

а) атластың библиографиялық көрсеткіштерін (атлластың аты, авторлары, шыққан жері мен жылы) анықтау;

ә) атластың құрылымын (негізгі карталар топтары, олардың орналасу реті) анықтау;

б) қалауы бойынша бір тақырыптық картаның мазмұнына, картографиялық кескінделу әдіс-тәсілдеріне, математикалық негізіне сипаттама беру;

в) картадағы қосымша материалдар жиынтығын (қосымга мәтін, суреттер, сандық көрсеткіштер, географиялық атаулар көрсеткіші) анықтау және оларға баға беру;

г) талдау жасалынған атлас туралы қорытынды жасау.

2. Жалпы географиялық және тақырыптық карта бойынша өлшеу жұмыстарын жүргізу:

а) қалауы бойынша алынған нүктелердің арасындағы немесе материктердің батыстан-шығысқа, солтүстіктен оңтүстікке қарай қашықтығын градуспен, км-мен өлшеу;

ә) қалауы бойынша алынған нүктелердің немесе географиялық объектілердің географиялық координаталарын анықтау;

б) берілген координаталар бойынша нақты объектілердің географиялық орнын анықтау;

в) орындалатын тапсырмалар негізінде қорытынды жасау.

 

№2 сарамаңғддық жүұмыс

1. «Геосаясат», «геосаяси жағдайы» туралы түсініктер мен елдің геосаяси жағдайына баға берудің талаптарын (көршілес елдер, олардың саяси-экономикалық, әлеуметтік жағдайы, саяси ұйымдар мен жанжал ошақтарына қатысты және т.б.) естеріңе түсіру.

2. Қалауы бойынша бір елдің геосаяси жағдайына баға беріп, оның халықаралық жағдайлар әсерінен өзгеру мүмкіндігін сипаттау.

3. Саяси карта бойынша геосаяси жағдайы өте қолайлы немесе қолайсыз елдерді анықтап, олардың тізімін дәптерге жазу.

 

№3  марамаедық жүұмвс

1. Оқулық мәтіні мен сызбаларды пайдалана отырып, табиғат ресурстардың түрлерін анықтау.

2. Ресурспен қамтамасыз етілу түсінігінің мәнін ашып, дүние жүзі бойынша минералдық, су, жер ресурстарының таралу заңдылығын және осы ресурс түрімен жақсы қамтамасыз етілген елдерді анықтау.

3. Қалауы бойынша төмендегі карталарды талдауға арналған сұрақтар топтамасын анықтау:

- минералдық ресурстар;

- жер ресурстары;

- агроклиматтық ресурстар;

4. Табиғат ресурстарын игеру мен шаруашылық қажетіне пайдалану барысында туындайтын экологиялық проблемаларға мысал келтіру.

 

 

№4 сарамағдық жұмыс

1. «Еңбек ресурстары», «Экономикалық белсенді халық», «Халықтың жастық-жыныстық құрамы», «Миграция», «Урбандалу» ұғымдарының мағынасын жазу.

2. Төмендегі жоспар бойынша елдер мен аймақтардағы еңбек ресурстарына салыстырмалы сипаттама беру:

а) халықтың саны, табиғи өсуі, ЭБХ-ң үлесі;

ә) жастық-жыныстық құрамы;

б) еңбек ресуртарының шаруашылық салалары бойынша таралуы;

в) мамандардың кәсіптік деңгейі, қалыптасқан еңбек дағдалары;

г) еңбек ресурстары арасындағы айырмашылықтары туралы қорытынды жасау;

3. Елдер мен аймақ халықтарының тарихи қалыптасқан кәсіпшіліктері туралы хабарлама жазу.

 

№5 сарамңдық жұмвыс

1. ҒТР-дың мәні мен мағынасын түсіндіру. Оқулық мәтініндегі сызба бойынша ҒТР-ң құрамдас бөліктерін анықтап, олардың әрқайсысының дүниежүзілік шаруашылық салаларына (өнекәсіп, ауыл шаруашылық, көлік т.б) тигізетін ықпалын нақты мысал келтіру.

2. ҒТР-ң негізгі белгілерін анықтап, олардың дүниежүзілік шаруашылықтағы көріністеріне нақты мысалдар келтуру.

3. ҒТР-ң дүние жүзілік шаруашылықтың аумақтық құрылымына тигізетін әсерін анықтап, бұрын және жаңа игерілген аудандар шаруашылығындағы айырмашылықтарға мысалдар келтіру.

4. ҒТР жағдайында өндірістік және өндірістік емес салалар арасындағы арақатынас неліктен және қалай өзгерді?

5. Жұмыс қорытындыларын кесте түрінде дәптерге түсіру: кестенің 1-ші бөлігіне - өнеркәсіп, 2-ші бөлігіне – ауыл шаруашылығығы, 3-ші бөлігіне – көлік жүйесі дамуындағы ҒТР-ң ролі көрсетіледі.

 

№6 сарамағдық жүмыс

1. Төмендегі жоспар бойынша Ресей Федерациясына қысқаша эконом-географиялық сипаттама беру.

а) елдің эконом-географиялық және геосаяси жағдайы;

ә) табиғат жағдайы мен табиғат ресурстарына шаруашылық баға беру;

б) халқының саны, ұлттық, жас-жыныстық құрамы, еңбек ресурстарымен қамтамасыз етілуі, ЭБХ және т.б.

в) шаруашылығына жалпы сипаттама;

г) сыртқы экономикалық байланыстары, Қазақстан мен Ресей Федерациясы арасындағы байланыстар.

2. Ресей экономикасының кейбір көрсеткіштерін картографиялық әдіс-тәсілдер арқылы бейнелеу:

а) кескін картаға Ресейдің көршілес елдерін белгілеу, аумақтық жанжал ошақтары мен келіспеушілік байқалатын аудандарды белгілеу;

ә) кескің картаға аса маңызды пайдалы қазбалар мен кен орындарын түсіру;

б) кескін картаға ірі өнеркәсіп орталықтарын, экономикалық зоналар мен аймақтарды және көлік жүйелерінің ірі магистральдарын, халықаралық туризм орталықтарын, экологиялық зардап аудандарын түсіру.

3. Ресей Федерациясының эконом-географиялық жағдайын қорытындылау.

 

№7 сарамаңдық жұмыс

1. Қосымша әдебтиеттер мен оқулық мәтінін пайдаланып, жоспар бойынша Орта Азия елдерінің біріне сипаттама беру.

2. Салыстырмалы сипаттама қорытындыларын кесте түрінде толтыру, кестеге республикалар аты, табиғат жағдайы мен ресурстарының ерекшеліктері, шаруашылығының мамандану салалары, даму мүмкіндіктері, Қазақстанмен экономикалық байланыстарына байланысты және т.б. мәліметтерді енгізу.

 

 

 

 

 

 

1.        Құс жолы галактикасының диаметрі ...... жарық жылына тең.

2.        Грекше планета  .....   .......  мағынаны білдіреді.

3.        Орбите дегеніміз – ..................

4.        Аспан денелеріне  .....,  .........,  ........,  ......... жатады?

5.        Жер шары бетінің жалпы ауданы .... км2, оның ішінде құрлықтың ... км2, ал судың .... км2.

6.        Жер өз білігінен ....... сағатта бір айналып шығады.

7.        Жер Күнді ..... тәулікте .... сағатта .... минутта ....... секундта бір айналып шығады.

8.        ТМД аумағы арқылы .......... сағаттық белдеулер өтеді.

9.        Жергілікті, белдеулік, декреттік уақыт дегеніміз не?

10.     Жылу белдеулерді атаңдар.

11.     Жердің ішкі қабықтарын атаңдар.

12.     Тау жыныстар мен минералдардың өзара айырмашылығы қандай?

13.     Географиялық карталардың жіктемелері?

14.     Топографиялық карта дегеніміз – ............................

15.     Картографиялық кескіндемелерге жатады: .......,  .......,  .......,  .......,  .......

16.     Картографиялық прекция дегеніміз – ...................................

17.     Картографиялық проекциялардың түрлері: ..................................

18.     Геохронологиялық кесте дегеніміз – ...................

19.     Жер дамуында .... қатпарлықтар өтті, олар: 

 

 

 

9. Жер өз өсінен айналғанға 1 сағат 4 минутта неше градусқа бұрылатынын есептеңдер.

7. Ақпанның 29-да туған бала туған күнін неше жылда 1 рет атайды және неліктен?

1.

2.

3.

4.

5.

1.

2. Географиялық зерттеулердің тарихы ..... кезеңдерге бөлінеді:

1. ................., 2 ........................, 3 ........................., 4 .......................

3.

4

Азимут деген не?

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "11 сынып Сабақ жоспары География"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Психолог-перинатолог

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 672 990 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 03.05.2017 11589
    • DOCX 123.3 кбайт
    • 11 скачиваний
    • Рейтинг: 2 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Зейноллова Жаркын Канаткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Зейноллова Жаркын Канаткызы
    Зейноллова Жаркын Канаткызы
    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 37662
    • Всего материалов: 16

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Бухгалтер

Бухгалтер

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 29 человек из 22 регионов

Курс повышения квалификации

Организация проектно-исследовательской деятельности в ходе изучения географии в условиях реализации ФГОС

72 ч. — 180 ч.

от 2200 руб. от 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 39 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 433 человека

Курс повышения квалификации

Педагогика и методика преподавания географии в условиях реализации ФГОС

36 ч. — 144 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 282 человека из 69 регионов
  • Этот курс уже прошли 2 739 человек

Курс профессиональной переподготовки

География: теория и методика преподавания в профессиональном образовании

Преподаватель географии

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 65 человек из 30 регионов
  • Этот курс уже прошли 208 человек

Мини-курс

Психологические особенности педагогического общения

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 33 человека из 20 регионов
  • Этот курс уже прошли 24 человека

Мини-курс

Концепции управления продуктом и проектом: стратегии и практика.

10 ч.

1180 руб. 590 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Инновационные технологии для бизнеса

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе