Инфоурок Другое Другие методич. материалыСыныптан тыс ашық сабақ. Мейірімділікті анадан үйрен.

Сыныптан тыс ашық сабақ. Мейірімділікті анадан үйрен.

Скачать материал

Өндіріс орта мектебі

 

 

 

 

Ашық сабақ

 

 

 

Тақырыбы:

«Мейірімділік – асыл қасиет.

Мейірімділікті анадан үйрен».

 

 

 

 

                                                                                                    Өткізген:

Өзін-өзі тану пәні мұғалімі Холғанат Д.

 

 

 

 

 

 

2015-2016 оқу жылы

 

Сабақ тақырыбы: Мейірімділік асыл қасиет. Мейірімділікті анадан үйрен.

Мақсаты: Оқушылардың бойына ананың мейірімділігін қайырымдылығын жоғары деңгейде түсіндіру, мейірімділіктің адам өміріндегі маңыздылығын түсіндіру;

өзара сыйластық қарымқатынастарын дамыту,ананы қадірлеуге тәрбиелеу.

Балалар,біз сендермен бүгін бар әлем сыйынатын,бас иетін асыл адам, мейірімге толы жанардың иесі кім екенін табамыз?

Жарай ма!

Шаттық шеңбері

Балалар, қолдарыңды журек тұсына бір сәт қойып, дүрсілін тыңдап көріңдерші.

Сендердің жүректерің мейірімге,қайырымға,махаббатқа,жылы сезімге толы. Адам бойындағы бар жылу мен мейірім анадан тарайды. Енді осы жүректен алған жылумызды түсіріп алмайтындай қимылмен (қолымызды бірден төмен түсірмей, оң жағымызда тұрған баланың сол қолын қысайық) бір біріміздің қоламызды қысайық, осылайша жүрек жылуын  бір бірімізбен бөлісейік.

Тапсырмалар.

Әңгімелесу

        Ана - осынау үш әріпті сөздің иесі сиқырлы жан деп білемін. Адамға өмір сыйлап, өмір бойы ұл қызының тілегін тілер отыратын ардақты жан. Шыр  етіп  жерге түскен сәтіңмен сен анаңа бақыт сыйлайсын. Ана қайталанбас тұлға, мейірімге толы жанардың иесі. Әрбір адам ана алдында қарыздар. Анаңды меккеге үш арқалап апарсаң да қарызыңды өтей алмайсың. Ана баға жетпес адам, анаға айтар мадақтау, марапат та жеткіліксіз, себебі ана  ол әлемді тербетуші! Жұмақтың кілті анаңның табанының астында деп те айтады қазақ даналығы. Ана - дана! Ана - дара! Ана -  жердегі бар асылдың жиынтығы!

Ана –халық ұғымында жаратушы. Олай дейтініміз табиғатты да, адамды да дүниеге әкелуші ана. Ал барлық нәрсенің дүниеге келуі үлкен мейірім мен шапағаттан пайда болады. Табиғаттың барлық жанға бірдей мейірімді болуы сондықтан. Адамның да ананың кіршіксіз мейірімен берілген мейірімділігін сақтап қалу өз қолында. 

Дәйексөз 
Мейірімділікті анадан үйрен. Халық даналығы 
Шығармашылық тапсырма 
І топ: «Мейірім» тақырыбына эмблема дайындау. 
ІІ топ: «Асыл анам» тақырыбында эссе жазу. 
(оқушылардың жұмыстары тыңдалады) 

«Аяқталмаған сөйлем» тренингі 
1.Мейірімділік-бұл... 
2.Мейірімді сөздер... 
3.Мейірімділік сезімі ғана дүниені... 
(оқушылар сөйлемдерді өз ойларымен аяқтайды) 

Ойын: «Мен қандаймын?» 
Оқушыларға парақшалар таратылып беріледі. Онда адам бойындағы қасиеттер жазылған. Оқушылар берілген қасиеттер өз бойларында бар болса, сол сөздің алдынан қызыл нүкте, жоқ болса көк нүкте қояды. 
(оқушыларды тыңдау) 
«Мейірімділік гүлін» құрастыру 
Оқушылар түрлі-түсті қағаздан әртүрлі гүлдерді қиып, жапсырмалайды. 
Тапсырма 
«Мейірімділік» кестесін сызып, толтыру. Бірінші бағанға-мейірімді істердің, екінші бағанға- мейірімді адамның қасиеттерінің тізімдемесін жасау.

         Оқушылар хормен айтады.

Әріптер ойыны.

Т, Ө, А, Ә, Қ, Ж

1. Қаожыңды көтересің бе?

2. Құртты қалай жасайды?

3. Қазақ тілі қандай тіл.

4. Уақытқа бағынасың ба?

5. Бойыңда мейірімділік қасиетің бар ма?

6. Сенің есімің кім?

Мен қойған сұрақтарға  әріптер арқылы жауап беру.

 

Күлімдеген күн мейірімді!

Кіршіксіз ақ қар мейірімді

Таза мөлдір су - мейірімді!

Қадірлі әкем мейірімді!

Әлпештеген әжем мейірімді!

Еркелеткен атам мейірімді!

Жылы жүзді ұстазым мейірімді!

Тату-тәтті достарым мейірімді!

Егіні мол жер мейірімді!

Қамқор апам мен ағам мейірімді!

Баларлар кәнекей, қолымызды жоғары көтерейік.Жіп орамы арқылы біз тілегіміз бір болып, бір тұтас болғанын көріп отырмыз.Біз әрқашанда біргеміз.Жақсы істер жасау, дайынбыз.

      Мейірімді анама ұзақ ғұмыр тілеймін.

Кең пейіл далама тыныштық тілеймін.

Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін.

Өнерлі балаларға талмас қанат тілеймін.

Талапты достарыма табыс тілеймін.

Сыныптастарыма амандық тілеймін.

Отбасыма бақыт тілеймін.

Топтық жұмыс:

Анаға мейірімділікті қалай көрсетуге болады?

Өздеріңе мейірімділік көрсеткен кезде қандай сезімге бөленесіңдер?

Өмірдегі, отбасының орны қандай?

Мейірімді болу үшін қандай адам болуымыз керек?

Тыныштық сәті

Балалар, мейірімділік сезімін сезіну мақсатында тыныштық сәтін ұйымдастырайық. Денелерімізді түзу ұстаймыз, бастарымызды жоғары көтеріп, ыңғайланып отырамыз. Көздеріңді жұмсаңдар да болады. Ауаны терең жұтып, еркін тыныстаңдар, денелеріңді бос ұстап, айналадағы барлық тіршілік иесі, оның ішінде аналарың сендерді аялап, қоршап, қамқор болып жатқанын сезініңдер. Тұла бойларыңа махаббат, жақсылық сезімі толып жатыр соны сезінеміз.

Оқушыларға Ана туралы өлеңдер оқыту.

Ана

Құлайын деп бара жатам құлдырап,

Көңілім жүдеп, көзім алды бұлдырап,

Сол кезде бір ән естимін жақыннан,

Аққан бұлақ секілденген сылдырап.

Есім жиып, өз бойымды тік ұстап,

Тіршіліктің әуенімен тыныстап,

Сергимін де, сезім гүлін құлпыртам,

Кел дегендей болады бір күміс бақ.

Сөндім-ау деп, өлдім-ау деп ышқынып,

Қалған кезде бойымдағы деп дауыстайды анашым,

Мен орнымнан жығыламын үш тұрып.

Ойнап шығам содан кейін құрақтай,

Жарқылдаймын жүрегімді жылатпай,

Мүмкін, мүмкін ана махаббаты шығар бұл,

Мені сүйеп келе жатқан құлатпай.

 

Үй тапсырмасы: «Ана» тақырыбына эссе жазу.

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс ашық сабақ. Мейірімділікті анадан үйрен."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Садовод-декоратор

Получите профессию

Экскурсовод (гид)

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 082 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.04.2016 3262
    • DOCX 997.5 кбайт
    • 25 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Холганат Данекер Холганаткызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Холганат Данекер Холганаткызы
    Холганат Данекер Холганаткызы
    • На сайте: 8 лет
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 32010
    • Всего материалов: 8

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Интернет-маркетолог

Интернет-маркетолог

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Организация деятельности библиотекаря в профессиональном образовании

Библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 284 человека из 66 регионов
  • Этот курс уже прошли 849 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 487 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 328 человек

Мини-курс

Продуктовый успех: стратегии и инструменты для создания, улучшения и продвижения продуктов на рынке

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Стратегии бизнес-развития

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Взаимоотношения в семье и успех детей

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 26 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 17 человек