Инфоурок Иностранные языки Другие методич. материалыСыныптан тыс іс-шара "Әдебиет білгірлері"

Сыныптан тыс іс-шара "Әдебиет білгірлері"

Скачать материал

Ақмола облысы,Степногорск қаласы

А.С. Пушкин атындағы №3 көпсалалы мектеп-лицейінің

қазақ тілі мен әдебиет мұғалімі Балтаев Нурлан Кенбайұлы


Сыныптан тыс іс -шара

Тақырыбы: Әдебиет білгірлері

Мақсаты: көркем әдебиетке деген оқушылардың сүйіспеншілігі мен қызығушылығын арттыру, әдеби кейіпкерлер дүниесімен тереңірек танысу, оқушыларды ұлтжандылық рухқа, ізгілік пен ізденімпаздыққа үндеу, ой ұшқырлығына баулу.

Көрнекілігі: слайдтар, қанатты сөздер

Техникалық құрал-жабдығы: компьютер, интерактивті тақта

Барысы:

Жүргізуші: Қайырлы күн, қадірменді ұстаздар, оқушылар және ойынға қатысушылар! Бүгінгі сайысымызға қош келдіңіздер!

«Әдебиет-сөз өнері». «Әдебиет-әсемдік әлемі». Әдебиетті ұлағатты адамдар адамтану құралы» десе, біз «адам тәрбиелеу құралы» дер едік. Өйткені әдеби шығармаларды оқи отырып, сөз маржанының қыр-сырын игеріп қана қоймай, өмірдің ең қымбаттысы, ең асылы-жақсылық пен ізгілікті үйренеміз. Әдебиет-еш уақытта көзге көрінбейтін сезім қырлары арқылы ақыл иесі-адамды өз ырқына жетелей алатын қасиетті дүние. Біздің бүгінгі ойынымызда осынау қасиетті де киелі әдебиетке жаны құмар жандар бақ сынағалы отыр. Ойыншыларымызға әділ төрелік ететін әділқазылармен таныс болыңыздар.

-Қазір біз осы уақытқа дейін алған білімімізді көрсетіп, өлеңдермен, мақал мәтелдермен өрнектеп өнерімізді ортаға салайық.

Бәйгеге түсіп жарыспай

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі

Кім жүйрік ойға, сол алда,-дей отырып ойынымызды бастаймыз. Алдымен жоспармен таныс болыңыздар.

Жоспары:

І. “Таныстыру”

ІІ.Бәйге

ІІІ. .”Ұтқыр болсаң, тауып көр”

ІV. “Шешендік сайыс”

V. Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы

VІ. Сиқырлы ұяшықтар

VІІ. “Жүйрік болсаң, озып көр”

Ендеше І бөлім «Таныстыру». Әр топ өздерін таныстырып, ұрандарын айтады.

Әділқазылардан бағасын сұраймыз.

ІІ кезең «Бәйге» деп аталады.Әр топқа 10 сұрақтан қойылады. Әр дұрыс жауапқа 1 ұпайдан беріледі.

Әділқазылардан осы кезең бойынша бағасын сұраймыз.

ІІІ кезең «Ұтқыр болсаң, тауып көр!»

Көркем шығарманы оқу бар, оны зердеңе тоқу да бар. Дәл қазір ойыншыларымыздың әдебиет сабағынан оқыған көркем шығармаларды қаншалықты көңілге тоқығандарын сынамақшымыз. Ендеше ұтқыр болсаңыздар, тауып көріңіздер.

Әділқазылардан бағасын сұраймыз.

ІV. “Шешендік сайыс

Қазақ халқы бар тарихын көшіп жүріп өткізсе де, Ғабит мүсірепов айтқандай «Батпаққа батырмай, құмға шашпай, жұртына қалдырмай, шабындыға алдырмай, барлық жинаған сөз байлығын бізге жеткізуде». Ендеше сендердің де шешендіктеріңді тамашалайтын боламыз. Бұл сайыста, берілген өлеңнің бір жолын оқимын, ары қарай жалғастырып, және авторын табуларыңыз керек.

Әділқазылардан бағасын сұраймыз.Әр өлеңге 10 ұпайдан беріледі.

V. Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы

«Өлеңге әркімнің-ақ бар таласы»

Сонда да солардың бар таңдамасы

Іші –алтын, сырты-күміс сөз жақсысын

Қазақтың келістірер қай баласы»-деген екен. Олай болса сөз жақсысын келістіру кезегі сіздерге келіп отыр. Абай атамыз айтқан талапқа сай бір шумақ өлең құрастыруды сіздердің шеберліктеріңіз шешеді.

Әділқазылардан бағасын сұраймыз.

VІ. Сиқырлы ұяшықтар

Бұл кезеңде 4 бағыт берілген.Әрқайсысында 5 сұрақтан 20 сұрақ бар.Қай ұяшықты таңдайтындарың еріктеріңде.Дұрыс жауапқа сол ұяшықтағы санның балы қосылады.

hello_html_m6a3fd208.gif

Ауыз Әдебиеті

10-Бата дегеніміз не? Оны кім береді? Қайда беріледі? (ақ ниетпен айтылған жақсы тілек, жылы лебіз.Көпті көрген ақсақалдар мен ақ жаулықты әжелер, кемеңгер даналар, аузы дуалы би-шешендер,, молдалар береді.Дастарханда, Сапарға аттанарда т.б)

20-Айтыстың түрлерін ата? (Жар-жар айтысы, бәдік айтысы, жануар мен адам айтысы, өлі мен тірі айтысы, жұмбақ айтыс, салт айтыс, осы күнгі айтыстар.)

30-Мақал мен мәтелдің айырмашылығы неде? (Мақалда ой нақты, ал мәтелде ым, ишара түрінде тұспалдап жеткізіледі.)

40-Аңыз –әңгіме кейіпкерлерін ата? (Асан қайғы, Жиренше, Алдар көсе, Қожанасыр, Қорқыт, Жошы хан)

50-Шешендік сөздің жанрлық түрлері (Шешендік арнау, Шешендік толғау, Шешендік дау)

ХІХ ғасыр әдебиеті

10-1803-1846 жылдары өмір сүрген 1836-1838 ж шаруалар көтерілісінің басшыларының бірі?(М.Өтемісұлы)

20-«ХІХ ғасырдағы Жетісі ақындарының алтын діңгегі» атанған ақын.(С.Аронұлы)

30-1864 жылы Торғайда өзінің мектебін ашып, 14 бала қабылдаған жазушы, ақын, ағартушы –ұстаз? (Б.Майлин)

40- «Қалқаман-Мамыр», «Ләйлі-Мәжнүн», «Еңлік-Кебек» поэмасының авторы? (Ш.Құдайбердиев)

50-1913-1918 жж «Қазақ» газетінің бас редакторы қызметін атқарған ғалым, ақын,қоғам қайраткері, түркітанушы? (А.Байтұрсынов)

ХХ ғасыр әдебиеті

10-Оқиғасы жарты ғасырды қамтитын, әлемнің 30 тіліне аударылған еңбегі бар жазушы кім? (М.Әуезов)

20-БҚ облысының Ақжайық ауданында дүниеге келген «Ақ Жайық» триллогиясының авторы? (Х.Есенжанов)

30-Ж.Молдағалиевтің «Кісен ашқан» поэмасы кім туралы? (Құрманғазы )

40-Қадыр Мырза Әлидің айтуынша қай сан қасиетті? (7)

50-Б.Бұлқышев «Шығыс ұлына хат» атты шығармасын қай стильмен жазған? (публицистикалық)

Салт-дәстүр

10-Бесік жыры дегеніміз не? Бір шумағын айтып бер. (бесіктегі нәрестеге айтылатын тәрбиелік мәндегі өлең.)

20- үш арысты ата Сәкен, Бейімбет, Ілияс.

30- наурыз көженің құрамын ата. Тұз, су, ақ, ет, ет,кеспе, бидай, күріш

40-үш кемдікті ата надандық, еріншектік, зұлымдық.

50- жеті жетімді тап.тыңдамаған сөз жетім, киюсіз тозған бөз жетім, Иесіз қалған жер жетім, басшысы болмаған ел жетім. Аққу қазсыз көл жетім. Жерінен айырылған ел жетім, замандасы қалмаса бәрінен сол жетім.

Әділқазылардан бағасын сұраймыз

Соңғы шартымызға да келіп жеттік.

VІІ. “Жүйрік болсаң, озып көр”

Бұл кезеңнің ережесі бағандағы берілген төрт сөздің бірін алып, берілген сөзге сәйкес жұбын табуы шарт, нәтижесінде мақал-мәтел шығуы тиіс.Дұрыс жауапқа 10 ұпайдан беріледі.

Сайысымыздың жеңімпазын анықтау үшін сөз кезегін Мейрамгүл Нұрымғалиқызына береміз.

Қорытынды.











Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс іс-шара "Әдебиет білгірлері""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Логист

Получите профессию

Методист-разработчик онлайн-курсов

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 052 материала в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 18.02.2016 4063
    • DOCX 819.3 кбайт
    • 70 скачиваний
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Балтаев Нурлан Кенбаевич. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Балтаев Нурлан Кенбаевич
    Балтаев Нурлан Кенбаевич
    • На сайте: 8 лет и 2 месяца
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 19153
    • Всего материалов: 7

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Методист-разработчик онлайн-курсов

Методист-разработчик онлайн-курсов

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 138 человек из 46 регионов

Курс профессиональной переподготовки

Немецкий язык: теория и методика преподавания с применением дистанционных технологий

Учитель немецкого языка

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Основы теории обучения испанскому языку

36/72 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Теория и методика преподавания иностранных языков в профессиональном образовании: английский, немецкий, французский

Преподаватель иностранного языка

500/1000 ч.

от 8900 руб. от 4150 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 108 человек из 41 региона
  • Этот курс уже прошли 229 человек

Мини-курс

Эффективная работа с Wildberries: от создания личного кабинета до выбора продукта

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 35 человек из 19 регионов

Мини-курс

Классики русской педагогической мысли

6 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Фитнес: вопросы здоровья и безопасности во время тренировок

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 10 человек