Инфоурок Физика КонспектыСыныптан тыс жұмыс. "Ғажайып физика" 10 сынып

Сыныптан тыс жұмыс. "Ғажайып физика" 10 сынып

Скачать материал

hello_html_m6999ce25.gifСыныбы: 10"А", 10"Ә".

Пәні: Физика

Сабақтың тақырыбы: " Ғажайып физика"

Сабақтың мақсаты:

Білімділік: Оқушылардың физика курсынан алған білімдерін, табиғаттағы физикалық құбылыстардың құпиясы мен сырын аша білуге әрі қолдана білуге үйрету;

Дамытушылық: Оқушылардың ой өрістерін дамыта отырып, іскерлік, ептілік, қабілеттерін қалыптастыру;

Тәрбиелік: Ұжымдық әрекетке, қарым-қатынас жасай білуге, өзіндік жұмысқа, ақпаратты тауып қолдана,пайдалана білуге тәрбиелеу.

Сабақтың түрі: Интелектуалды ойын,қорытындылау, жүйелеу сабағы

Көрнекіліктер: интерактивті тақта, плакат, үлестірмелі материалдар, суреттер.

Барысы:

І. Ұйымдастыру кезеңі

а) Сайыстың жүргізілу барысымен таныстыру.

б) Әділқазылар алқасын сайлау.

  • Армысыздар, қадірлі ұстаздар мен білім мен өнерге құштар оқушылар! Адам баласы тек білім, ғылым арқылы өз орнын табады. “Білігі күшті бірді жығады, білімі күшті мыңды жығады”, “Көптің күші бірлікте” деген дана халық. Болашақ ғасырда білім теңізінен жүзіп өткендер ғана еліміздің тірегі, сүйініші болады деп ойлаймыз. Сондықтан бүгінгі “Ғажайып физика ” атты сайысымызға қош келдіңіздер!

  • Күш, өнер, білімменен алысуға.

Бар өнерді салайық ортамызға,

Қанеки, кім шығады сайысуға,–дей отырып, білім жарыстыратын осы сайысымызға қатысатын 10А және 10Ә сынып оқушыларынан құралған “Эрстед” пен “Эврика” тобын ортаға шақырайық!

Әділ баға беруге,

Шақырайық ортаға

Әділқазылар алқасын– дей отырып ортаға әділқазыларды шақырайық!

- №3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің оқу ісінің меңгерушісі - Апахаева Рая Қайратқызы

- №3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің физика және информатика пәндерінің мұғалімі - Имангазиева Жулдыз Калиоллақызы

- №3 орта жалпы білім беретін қазақ мектебінің физика пәнінің мұғалімі - Есенова Гулжанат Ихсанқызы

  • Сайысымыздың шарттарымен таныстырып өтейік, сайысымыз сегіз бөлімнен тұрады.

1-бөлім “Бәйге”. Бұл бөлімде жалпыға бірдей 10 сұрақ оқылады, жалаушаларды тез, бірінші болып көтерген топ жауап бере алады. Егер берілген жауап қате болған жағдайда басқа топтардың жауап беруіне мүмкіндік беріледі. Әр дұрыс жауап 5 ұпай.

2-бөлім: “Сөз шебері” бөлімі. Бұнда экранға назар аударамыз. Экранда физикалық шамалар берілген. Бұл физикалық шамаларға мақал жазылған. Осы мақалдың 1) Тәрбиелік мәнін ашу

2) Физикалық тұрғыдан түсіндіру керек. Әр бір дұрыс толық жауапқа 5 ұпай беріледі.

3-бөлім: “Топ басшылар ” бөлімі. Бұл бөлімде әр топ капитандарына барлығына дерлік 15 сұрақ қойылады. Жауапты алдарындағы “Иә” не “Жоқ” сөздері жазылған карточкілер арқылы береді. Әрбір дұрыс жауап 5 баллдық жүйемен есептеледі

4-бөлім: “Жасырын терезе” . Бұл бөлімде тақтада нөмерленген қағаздар беріледі, әрбір топ өздеріне ұнайтын тақырыпты таңдап,соған сәйкесті сұрақтарды аша алады. 10 санында – жеңіл, 20 санында – орташа, 30 санында – қиын сұрақтар жасырылған. Қай санды таңдаса, сонша ұпай қосылады.

5-бөлім: “Қызықты тәжірибе”. Бұл бөлімде топ мүшелеріне 5 мин уақыт беріледі, сол уақыт ішінде берілген тәжірибені жасап, физикалық мағынасын ашу.

6-бөлім: “Физик бізде қонақта” сайысы. Бұл, бөлімде экрана көрінген 3 тақырыптар бойынша әр топ қысқаша өз ойларын ортаға салады. Ең жоғарғы ұпай 5 ұпай. Оны әділқазы алқасы өзі бағалайды.

Бәйгеге түсіп жарыспай,

Жүйріктің бағы жанар ма?

Білім мен өнер жарысып,

Тәрбие, тәлім табар мән.

Бұл бәйге ойдың бәйгесі,

Кім жүйрік ойға, сол алда деп келесі бөлімімізді бастайық!

Бұл бөлімде топтарға сұрақтар қойылады. Кім бірінші болып жалаушаны көтерсе, сол топ жауап береді.

  1. Су құйылған ыдыстың ішінде бір кесек мұз қалқып жүр. Егер ол еріп кетсе, ыдыстағы судың деңгейі өзгере ме? (Өзгермейді)

  2. Өз сұйығымен динамикалық тепе-теңдікте болатын бу. (Қаныққан бу)

  3. Уақыт өтуіне қарай дененің басқа денелерге қатысты кеңістікте орын өзгертуі. (Орын ауыстыру)

  4. Қандай ыдыстарға су құйылмайды? (Су толы ыдысқа)

  5. Қандай денеде конвекция болмайды (қатты дене, вакуум)

  6. Күннің көзі неше рет шығады? (365)

  7. Дүниежүзінде ең көп тараған сұйық (су)

  8. Денеге басқа дене әсер етпесе өз жылдамдығын сақтау құбылысы? (инерция)

  9. Молекулалар арасындағы өзара әсерлесуі елеусіз аз болатын газ? (идеал газ)

  10. Электрон грек тілінде қай сөзден шыққан? (янтарь)

2-бөлім: “Сөз шебері” бөлімі. Бұнда экранға назар аударамыз. Экранда физикалық шамалар берілген. Бұл физикалық шамаларға мақал жазылған. Осы мақалдың 1) Тәрбиелік мәнін ашу; 2) Физикалық тұрғыдан түсіндіру керек. Әр бір дұрыс толық жауапқа 5 ұпай беріледі.

F : Отты үрлеген жағады, шындықты іздеген табады. (Отты үрлеген кезде, отқа жаңадан таза ауа келеді де оттың жақсы жануына себепші болады.)

m : Түндіксіз үйден түтін түзу шықпайды. (Қыста уйге от жаққанда пеш, самауыр жақсы жануы үшін түндікті ашып, салқын ауаның кіріп, ластанған жылы ауаны сыртқа айдатқан. Конвекция құбылысы салқын ауа ауыр болғандықтан төмен түседі де, қызған жеңіл ауаны жоғары айдайды, яғни түтін түзу шықпайды.)

g : Жел болмаса, шөптің басы қимылдамайды. (инерция заңы)

v : Нан піскенше күлше күйеді. (Неғұрлым қыздырылған дененің массасы аз болса, соғұрлым оған аз жылу беру керек.)

t : Тонның жылуы терісінен емес – жүнінен. (Жүніннің арасында ауа бар. Ауаның жылу өткізгіштігі нашар, сондықтан тон адамның қызуын сыртқа, ал сыртқы суықты адам денесіне тигізбейді. )

a : Бір құмалақ, бір қарын майды шірітеді. (диффузия құбылысы)

  • 3-бөлім: “Топ басшылар ” бөлімі. Бұл бөлімде әр топ басшыларынабарлығына дерлік 8 сұрақ қойылады. Әрбір дұрыс жауап 5 баллдық жүйемен есептеледі

  • Тапқырлар” тобының басшысына :

  1. Метр грек сөзі ? («өлшеймін» деген мағына береді)

  2. Диффузия латын сөзі ? («жайылу, таралу» деген мағына береді)

  3. Электр грек сөзі ? («электрон, эбонит» деген мағына береді)

  4. Гелиос грек сөзі ? («күн» деген мағынаны білдіреді)

  5. есту сезімін тудыратын серпімді толқындар? (дыбыс)

  6. оң зарядталған бөлшек (оң)

  7. Ауаның ылғалдылығын өлшейтін құрал (психрометр)

  8. нано бірлігінде неше дәреже бар? (109)

  9. Жарық энергиясының таралу бағыты. (Сәуле)

  10. Аяздан жылы бөлмеге кірген адамның көзілдірлігі неге терлейді? (Ылғалдылық жоғары болғандықтан)

  • Білгіштер” тобының басшысына:

  1. Электроскоп грек сөзі ? («электрді бақылау» деген мағына береді)

  2. Гипотеза грек сөзі? («болжам» деген мағына береді)

  3. Кило грек сөзі ? («1000 есе»)

  4. Конвекция латын сөзі ? («тасымалдау» деген мағына береді)

  5. Дыбыс таралмайтын орта? (вакуум)

  6. Теріс зарядталған бөлшек? "электрон"

  7. Кернеуді өлшейтін құрал? (вольтметр)

  8. Конвекция латын сөзі ? («тасымалдау» деген мағына береді)

  9. Бір стақанда ыстық және екіншісінде суық су бар. Осы екі стақандағы сулардың ішкі энергиялары бірдей ма? (Бірдей емес)

  10. Температурасы өлшенетін денемен жылулық байланыста болатын құрал (термометр)

  • 4-бөлім: “Жасырын терезе” . Бұл бөлімде тақтада нөмерленген қағаздар беріледі, әрбір топ өздеріне ұнайтын тақырыпты таңдап,соған сәйкесті сұрақтарды аша алады. 10 санында – жеңіл, 20 санында – орташа, 30 санында – қиын сұрақтар жасырылған. Қай санды таңдаса, сонша ұпай қосылады.

  1. Құбылыстар құпиясы (найзағай, жаңбыр, жел)

  2. Қызықты тәжірибелер (инерция, соқтығыс кезінде дененің алатын жылдамдығы, ареометр - сұйықтың тығыздығы аз болса, соғұрлым батады, яғни бензин )

  3. Ұлттық ойын түрлері (садақ ату, арқан тартыс, алтыбақан)

  4. Бұл қай ғалым? (Аристотель, Архимед, Сергей Павлович Королев, Альберт Эйнштейн, Галилео Галилей)



10

20

30

1) 2) 3)



20

10

30


1) 2) 3)



20

10

30


1) 2) 3)



10

10

10


1) 2) 4)



5-бөлім: “Қызықты тәжірибе”. Бұл бөлімде топ мүшелеріне 5 мин уақыт беріледі, сол уақыт ішінде берілген тәжірибені жасап, физикалық мағынасын ашу.

  1. «Тарелкадағы тиынды қолды суламай қалай алуға болады?»

Қажетті құралдар: тарелка, су, тиын, сіріңке, қағаз.

Жауабы: Қағазды жағып стакан ішіне саламыз Стаканды тезірек тиынның жанына тарелка ішіне төңкеріп қоямыз. Сонда қағаз сөніп, стакан ақ түтінге толады да, тарелкадағы су оның ішіне жиналып,тиын бұрынғы орнында құрғақшылықта қалады. Мұның себебі, жану кезіндегі стакандағы ауа қысымы артып, оның бірқатар бөлігі сыртқа шығады, ішіндегі ауа қысымы атмосфералық қысымнан азаяды. Нәтижесінде тарелкадағы су ауа қысымы аз стакан ішіне қарай бағытталады.

  1. «Піскен әрі аршылған жұмыртқаны бүтіндей бөтелкеге қалай салуға болады?»

Қажетті құралдар: бөтелке, піскен жұмыртқа, сіріңке, қағаз.

Жауабы: Жанған қағаз жалыны шыныдағы ауаны қыздырады. Қызған ауаның көлемі ұлғайып, оның бірқатар бөлігі сыртқа шығып кетеді. Шыны аузын жұмыртқамен жапқан кезде, жалын сөніп ондағы ауа суиды. Шынының ішіндегі ауа мен сыртындағы қысымы тең болмағандықтан, жұмыртқа ыдыс түбіне түседі.

Келесі бөлім “Физик бізде қонақта” сайысы. Бұл бөлімде экрана көрінген 3 тақырып бойынша әр топ қысқаша өз ойларын ортаға салады. Ең жоғарғы ұпай 5 ұпай. Оны әділқазы алқасы өзі бағалайды.

  1. Физика және техника

  2. Физика және медицина

  3. Физика және тұрмыс

  • "Қызықты үзіліс, яғни көрермендермен ойын.Экранда сөздер беріледі. Олар: Астана, Пермь, Қызылтас, Қызылорда, Алакөл, Шахтинск, және Электроскоп. Осы сөздердің соңғы әріптерінен француз оқымыстысының фамилиясын шығарыңдар. (Паскаль)

  • Сонымен, біздің сайысымыз өз мәресіне жетті, әділ қазылар алқасынан топтардың бағасын сұраймыз. Ендігі сөз кезегін әділ қазылар алқасына береміз."Ғажайып физика" атты интеллектуалды сайысымызда жеңіске жеткен жеңімпаз топты құттықтаймын! Сайысқа өз білімдерін көрсетіп белсене қатысқан барлық оқушыларға үлкен алғысымды айтамын. Келесі кездескенше сау болыңыздар!


Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс жұмыс. "Ғажайып физика" 10 сынып"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Менеджер бизнес-процессов

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 126 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 11.03.2016 2273
    • DOCX 41 кбайт
    • 25 скачиваний
    • Рейтинг: 5 из 5
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Қабылбекова Зауре Сарсенбекқызы. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    • На сайте: 8 лет и 5 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 119907
    • Всего материалов: 52

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

Менеджер по туризму

Менеджер по туризму

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс профессиональной переподготовки

Педагогическая деятельность по проектированию и реализации образовательного процесса в общеобразовательных организациях (предмет "Физика")

Учитель физики

300 ч. — 1200 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 23 регионов
  • Этот курс уже прошли 39 человек

Курс повышения квалификации

Актуальные вопросы преподавания физики в школе в условиях реализации ФГОС

72 ч.

2200 руб. 1100 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 209 человек из 62 регионов
  • Этот курс уже прошли 1 003 человека

Курс повышения квалификации

Особенности подготовки к сдаче ЕГЭ по физике в условиях реализации ФГОС СОО

36 ч. — 180 ч.

от 1700 руб. от 850 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 49 человек из 25 регионов
  • Этот курс уже прошли 457 человек

Мини-курс

Разработка и проведение онлайн-обучения

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 40 человек из 21 региона

Мини-курс

Аспекты эмоционального благополучия и влияния социальных ролей на психологическое состояние

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Родительство

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 20 человек из 12 регионов
  • Этот курс уже прошли 11 человек