Инфоурок Другое Другие методич. материалыСыныптан тыс жұмыс" Әдеби шайхана"

Сыныптан тыс жұмыс" Әдеби шайхана"

Скачать материал

           Әдеби шайхана

                                                                   Сынып сағаты

Мақсаты.

                    а.Оқушылардың өзара білім сынасуын дамыту.

                    ә.Аллегория әдісімен жазылған әдеби кейіпкерлер арқылы әдеиет тарихынын,әдебиет теориясынын білімдерін бекіту,

                     Тұспал сөздердің мағынасын ажыратуға бағыт беру.

                    б.Туған тілін қадірлеуге,сүюге тәрбиелеу.

Көрнектілігі.Күлтегін ескерткішінің суреті.

                        Түркі тілдес халықтарының сызбасы.

Сынып сағатының барысы.

Ұлдар және қыздар тобы білім сынасып,сөз қағытысады

Ауыз  әдебиеті апай

(Халық  әні  «Бір баланың»   әнімен  орындалады)

Армысыздар,қонақтар төрлетелік,

Шайханамды ән жырмен гүл етелік.

Қазағымның әдебиетін ту етіп,

Өткенімен өрнегін етелік.

Отырысқа бүгінгі,

 Бауыр,досы,туысын.

Ертіп келген балалар,

Болсын құтты қадамдар.

Төрге шығып жайланып,

Танысайық қол алып.

Танып тұрмын екі-ақ жанды,

Стилистика ханша мен.

Әдебиет тарихы патшаны,

Сондықтан да сөз тізгіні сендерде,

Таныс етші достарыңды ерекше.

Әдебиет тарихы ағай

Ауыз  әдебиеті апай,амансызба?

Ұлылары сусындар бастаусыз ба.

 Ұлылары нәр алған алтын бастау,

Ғибрат алсақ тағы деп келдік мұңда.

Әдебиеттің тарихын,

Зерделейтін шамам мың.

Қарыштармын мен әлі,

Аман тұрса қазағым.

Сұрыптадық зерттедік,

Мынадай топқа беттедік.

Әр кезеңі зерделер,

Інілерге көз жібер.

Мына тұрған үлкені,

Ежелгі дәуірі бауырым.

Қасында тұрған үшеуі,

Бауыры оның қауымы.

Мына тұрған дарасы,

Қазақтың төл баласы.

Хандық құрып ел болған,

Қазақ хандығы жағасы.

Хандық дәуір таман болған кезеңнен,

Әрбір ғасыр өз алдында кезеңдер.

Ол ғасырлар әдебиетте кішілер,

Кішілерді ертер кезде кезігер.

Әдебиет тарихы ағай

 Дара тұрған дана бала сөз алсын,

Оны енді жұртты көріп қуансын.

Өзі жайлы молдау дерек берсін деп,

Стилистика ханым алсын сөз кезек.             

Стилистика деген  ару бикешпін,

Сөз түзу мен сөйлемдерге сән кештім.

Сан ғасырдан өсіп келем толысып,

Әр ғасырда түрлі көлек ауысып.

Ежелгі дәуір заманында ептегем,

Ептеп сөйлеп биіктерге көктегем.

Әңгіме деп шатастырған өлеңін,

Стеблева дәлелімен өрлеген.

Топтардың түрлері енді әр беріп,

Ұйқастардың сан түрі боп өрледік.

Проза да бағыт алды өзінше,

Драма да отау шықты көзімше.

Проза жайын сөз қыламыз кейін деп,

Ертпеп едім бұл араға мен кеше.

Поэзияның ғұмыры тым әріде,

Жасаған сайын жайнай түсер әрі де.

Бүгінгі кеш сөзге болсын басшы деп,                                    

Ертіп  едім,кезек келер оған сөйлер әліде.

Ежелгі дәуір

Тарих ата,мен өзіңдей ақын емес,

Шумақтап бар сөзімде берем емес.

Ән емес,әңгіме деп таластырған,

Дүнием бәрібір де тегін емес.                                   

Дәуірдің алшақтығын  ұмытпайық,

Сезімнің шашақтығын қолпаштайық.

Көп түрік бірге көшіп бір жүргенде,

Жасаған мұраларын сараптайық.

Туыстас түркі тілдес халықпыз ғой,

 Туыстар кестелене қалыппыз ғой.

Кестемен туыстарды танытайық,

Көрермен енді мында көнілің қой.

 Менің дәуірім X-XV ғасырлар аралығын қамтиды.Осы аралық үш кезеңнен тұрады.Қосыла еріп келген үш бауырым осы менің үш кезеңім.Осы үш кезең әдебиетті түркі тілдес халықтардың бәріне де ортақ болу себебін өздерің айтындаршы .

Оқушылар жауап береді.

Яғни барлық түркі тілдес халықтар бірге көшіп,қонып бірлікте өмір сүргендіктен сол кезеңде жасалған мәдени мұра бәрімізге ортақ.Баршамыз деп отырған кімдер енді солармен кесте арқылы таныстарып өтейін.

Кестегүл сөйлейді

Түркі тілдер тобына енетін тілдер.

Әдебиет тарихы ата.

Енді үш ініме сөз берейін өздерімнен таныстырып өтсін.

 <<Көне түркі әдеби ескерткіштер>>дәуірі сөйлейді

Ұлкендер өз бергенде тосылмаймын

<<Көне түркі әдебиет>>аты-жайым

V-IX ғасыр ескерткіші,

Сараптап зерделеуге  әр кез дайын.

Батыры Күлтегіні,Қаған білге

Ақылгөй Тоныкөкті таптым түзде.

Дастаны Оғызнама,Қорқыт жайын

Фараби мұраларын жидым күнде.

Білем деп осыларды талпынғандар,

Мені оқып үйренуге ұмтылындар.

Жасым үлкен болғаннан соң сөз бастадым,

<<Ислам дәуірі інішек>>кезегіңді ал

<<Қараханид дәуіріндегі әдебиет>>

Ағатай,ниетіңе сай болайын,

Сөйле деп кезек берсең құп алайын.

Қараханид дәуірі мұраларын,

Сараптап жинай білу менің жайым.

Жүсіптің<<Құтты білік>>  дастаны бар,

Махмұттың <<Түркі тілдер>>сөздігі бар.

Яссауи бабамыздың хикметтері,

Игүнеки атамыздың <<Ақиқат сыйы>>.

Осылар мен зерделер мұраларым,

Сұлеймен Бақырғани  тағы барым.

Білемін  дегендерге кедергі жоқ,

<<Алтын орда>>дәуірі кезек алсын.

         <<Алтын орда дәуірі>>

Кезектің тигендігін құп алайын,

Қапшақ дәуірі деген де атым айқын.

<<Кодекс куманикус>>сөздердікі

Қыпшақтар сөзі  үшін болған дайын.

Дастаны хорезмидің <<Мұхаььат-наме>>,

Рабғузи бабысмызда <<Қисса-сул Әнбия>>.

Дүрбекте <<Жүсіп-Злиқа>>.

Сарайда <<Гүлістан-бит-түріктің>> білші барың.

Құтыпта <<Құсырау-Шырын>> дастаны бар,

Осы тұс түзді қадам тарихшылар

Рашиди,Жалайыри мен Бабырлардың

Еңбегін жинап-теріп еттім жарқын.

-Стилистика сырбазым,

Түрлеріңмен танысармыз көш жүре,

Ал әзірше ән айтайық көсіле

Ауылдың алты ауызын айту шарт

Шат болайық сізден әже ән тыңдап.

 -Жарайды,бір ән айтып берейін,

Халық әні <<Қозыкөш>>                                       

Алты ауызы ауылдың айтылған соң,                   

Қонақкәде орындалып-жөн болсын.                         

Стилистика ханым бұған не дейсіз,                     

Салт бойынша сізге кезек берейін .                                                                                                                                                                                              

Қосыламыз қолдаймыз

Бәрекелді,әуендердің оңды екен,

Әуендегі үндердің де оң екен.

Стилистика шырақ жаным,сөзіңді,

Жайын  айтып поэзия алса екен.                                                                             

Поэзия сөйлейді

Сөз сарасы,патшасымен мен өзім

Жүректерді ырғалтады әр сөзім.

Жайы рас-ау,төмен ұшқан ән- құстың ,

Қазақтарда өзге елден шамадан тыс ерекпен.

Дәлелдейін:Жыр өлеңнін түрі көп,

Мақалы-өлең,дауы да өлең сыры көп.

Дауы өлеңін айтыстары дәләлдер,

Топ алдында суырыла айтқан дөп.

Қай өлеңді,жырды алсақ та айшақты,

Троптар мен жақұт ойлар торлапты.

Стилистика құрбым,өзің шақырған,

Сіңілдерінді таныс етші ортада.

Стилистика

Поэзия падиша,жақсы еске салдыңыз,

Таныс болып қонақтар да қалсын бір.

Сіңілдерім кезкепенен сөз салып,

Көркемдегіш құралдар бір танылсын.

Кейіптеу

Жандардырдым,суретке жан беремін,

Кейіптеу деп аталған мен бір керім.

Ақ киімді денелі ақ сақалды

Абай қысын адамдай кейіптедім.

Метономия

Метономия есімім,

Алмастыру-кәсібім.

Тіл сөз алып отыр деп,

Жырында Орхон зерлердім.

Түсінбесең мұныма,

Мына мысалды бір тыңда.

Деу орнына Абай жырын оқыдым,

Дей саламын Абайды мен оқыдым.

Қатар өрім.Іргелескен ұғымды,

Бір орнына бірін жұмсап жосадым.

Ирония

Көп жөнімді айтпаймын,

Қызметім сондай астарлау.

Тәп-тәттімін мен сырттай,

Ішім толы мысқылдау.

                               Ойкөкпар

Ұлдар тобы

Шайханамыз нәрлі екен,

Жалғасын   дәстүр тапса екен.

Ай сайын бір бас қосар,

Білімге бастау алса екен.

Топтарын бөліп белеске-ай,

Көңілге түйдік емес пе-ай.

Шайханада отырыс,

Бір ғанибет емеспе-ай.

Сөз өнері қиын-ай,

Әркім оған бейім-ай.

Алынбайтын қиыр жоқ,

Ден сау болса болғаны-ай.

Қыздар тобы.

Ұсынысын  ұлдардың қош алайық,

Жиырма бірі сәуірдің бас қосайық.

Стилистика аталып  тіл жайынан,

Жауап беріп сіздермен  сайысайық.

 Шақырсаңдар барамыз,

Сан қилы сұрақ қоямыз.

Жетісінде мамырдың,

Сіздерді қонақ қыламыз.

   Бәрі

Шындаламыз  сұрақпен,

Құттықтаймыз ниетпен.

Әңгіме сұрап сынаймыз,

Шай ішеміз сынақпен.

Хош болайық көргенше,

Қайта айналып келгенше.

Сын шартына берік бол,

Сайысуға келгенде. 

 

 Туған  тілім

1.Қазақ  тілі , сен   менің  ғұмырымсың,

Анадан  алғаш  ұққан  ұғымымсың.

Ұғымымсың,жырымсың,өткенімсің,

Өткеніммен  жалғайтын  өткелімсің,

(Болашаққа  бастайтын  өткелімсің.)

                         Қадіріңді     білеміз  ,туған  тілім,

                              Туған  тілім  тұрғанда  қадірлімін.

                                    Елдігім нің  белгісі  -  ЕРКІНДІГІМ,

                                    Сені  сақтау  болсыншы  сертім  менің,

2.  Туған  тілім,өзіңмен  жыр  жазғанмын,

   Күлтегіндей  еріме  тас  қойғанмын.

Көшірмесін  сол  тастың  елге  алдырып,

Астанамның  төріне  қондырғанмын,

(Елдігімнің  белгісін  қайтарғанмын.

                                       Қадіріңді     білеміз  ,туған  тілім,

                              Туған  тілім  тұрғанда  қадірлімін.

                                    Елдігім нің  белгісі  -  ЕРКІНДІГІМ,

                                    Сені  сақтау  болсыншы  сертім  менің,

                         

                              

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс жұмыс" Әдеби шайхана""

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Специалист по экологии

Получите профессию

Няня

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 665 015 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 12.08.2016 678
    • DOCX 21.8 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Иманберлина Мереке Кадыловна. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Иманберлина Мереке Кадыловна
    Иманберлина Мереке Кадыловна
    • На сайте: 7 лет и 8 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17224
    • Всего материалов: 6

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой