Инфоурок Другое КонспектыСыныптан тыс жұмыс: «Ертегілер әлемінде»

Сыныптан тыс жұмыс: «Ертегілер әлемінде»

Скачать материал

Береговая жалпы білім беру орта мектебі.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

Ертегілер әлемінде

 

Сыныптан тыс жұмыс.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 

«Ертегілер әлемінде»

Ағайынды Гриммдер ертегісінің желісі бойынша «Үйшік» көрінісі.

 

Мақсаты: оқушыларды өнерге баули отырып, сөздік қорларын байыту, сөйлеу мәдениетіне көңіл бөлу, әдеби шығармаларға қызығушылығын ояту, оқушылардың білім деңгейлерін өсіру. Оқушыларды кішіпейілділікке, еңбекқорлыққа, адалдыққа, тазалыққа тәрбиелеу.

 

Мұғалім: Құрметті оқушылар мен қонақтар! Бүгінгі біздің көрінісіміз әйгілі ағайынды Гриммдердің «Үйшік» ертегісі бойынша өтеді. Кейіпкерлер: Жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, жылмаң түлкі, жантайғыш аю.

 

Жүргізуші:

Алаңда бір үйшік тұр еді. Жертесер тышқан оны көріп қалды.

Тышқан:

-         Неткен үйшік! Кімдікі бұл үйшік?

Жүргізуші:

Ешкім жауап қатпады. Тышқан үйшікке кіріп, сонда тұра бастады. Секіріп бақылдауық бақа келді.

Бақа:

-         Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

Тышқан:

-         Мен, жертесер тышқанмын. Ал сен кімсің?

Бақа:

-         Мен – бақылдауық бақамын.

Тышқан:

-         Кел, бірге тұрайық.

Жүргізуші:

Екеуі бірге тұра бастады. Секектеп секек қоян келді.

Қоян:

-         Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

Тышқан мен Бақа:

-         Біз – жертесер тышқан, бақылдауық бақа, ал сен кімсің?

Қоян:

-         Мен – секек қоянмын.

Тышқан мен Бақа:

-         Кел, бірге тұрайық.

Жүргізуші:

Олар үшеу болды. Жүгіріп жылмаң түлкі келді.

Түлкі:

-         Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

Тышқан, Бақа және Қоян:

-          Біз- жертесер тышқан, бақылдауық бақа және секек қоян, ал сен кімсің?

Түлкі:

-         Мен – жылмаң түлкімін.

Тышқан, Бақа және Қоян:

-         Кел, бірге тұрайық.

Жүргізуші:

Олар төртеу болды. Үйшікке аю келіп, есік қақты.

Аю:

-         Неткен үйшік! Үйшікте кім тұрады?

Тышқан, Бақа, Қоян және Түлкі:

-         Біз – жертесер тышқан, бақылдауық бақа, секек қоян, жылмаң түлкі, ал сен кімсің?

Аю:

-         Ал мен – жантайғыш аюмын. Үйшігіне жантая кетсем – бәрің жаншылып қаласыңдар!

Жүргізуші:

         Қорқып кеткен аңдар үйшіктен қашып шықты! Ал жантайғыш аю үйшіктің үстіне жантая кетіп еді, үйшік қирап қалды.

 

Мұғалім: Осымен біздің көрінісіміз аяқталды. Ал еңді балалар сұрақтарға жауап беріңдер.

-         Үйшікті кім болып бірінші тапты?

-         Секек қояннан кейін кім келді?

-         Тышқаннан кейін кім келді?

-         Үйшікті қиратқан кім болды?

 

Назарларыңызға көп рақмет!

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "Сыныптан тыс жұмыс: «Ертегілер әлемінде»"

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 2 месяца

Менеджер образования

Получите профессию

HR-менеджер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 668 789 материалов в базе

Скачать материал

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 01.02.2017 567
    • DOCX 17.2 кбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Капашев Азат Зейноллович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Капашев Азат Зейноллович
    Капашев Азат Зейноллович
    • На сайте: 7 лет и 6 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 17243
    • Всего материалов: 15

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой