Инфоурок Другое Конспекты«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 заңы.

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 заңы.

Скачать материал

 

«Әулиекөл ауданы әкімдігінің білім бөлімінің №1 Қазанбасы орта мектебі» мемлекеттік мекеме

 

 

 

 

 

Сабақтың тақырыбы: «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 заңы.

 

 

 

Орындаған алғашқы әскери дайындық ұйымдастырушы Брахметов М.Е.

 

 

 

 

 

 

 

 

2016-2017 оқу жылы

11 сынып

25.01.2017 жыл.

Сабақтың тақырыбы: «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 заңы.

Сабақтың мақсаты: Оқушыларды әскери қызметкерлер және олардың өзара қарым-қатынастары,  бастықтар және бағыныштылар, аға және кіші офицерлер, олардың құқықтары мен міндеттері, әскери әдептілік ережесі және әскери қызметкерлердің тәртібі, бұйрық, оны беру және орындау тәртібі, бастықтарға және шені жоғарыларға мәлімдеме жасауды  таныстыру.

Уақыты: 45 минут. 

Өткізілетін орны: АӘД бөлмесі

Өтілетін күні:

Көрнекілік құралдар: АӘД оқулығы, «Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» ҚР Заңы.

Сабақтың барысы:

а) Ұйымдастыру кезеңі.

Взвод командирі оқушыларды сапқа тұрғызады, оқытушыға рапорт береді, амандасу, түгендеу, оқушылардың сырт көрінісін тексеру.

     

ә) Өтілген тақырыпты сұрау кезеңі.

1.     Қақтығыстардың негізгі түрлері қандай?

2.     Бейбіт уақытта әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету қалай жүзеге асырылады?

3.     Қауіп төнген және әскери қақтығыс басталған кезде әскери қауіпсіздікті қамтамасыз ету үшін мемлекет шешетін міндеттер қандай?

 

б) Негізгі бөлім.

Әскери қызмет өтеудің түрлері. ҚК толықтырудың түрлері. Әскери қызметке шақырушылар мен әскер жасына дейінгілерді әскери қызметке даярлау. Әскери қызметтен босату жөніндегі заң нормалары. Әскери қызметті өтеу үшін жасалынатын кеісім-шарт жүйелері.

 

Әскери міндеттілік және әскери қызмет.

«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» заңның жалпы ережелерінде республиканың қазіргі Конституциясының талаптарына сәйкес, елді қарулы агрессиядан қорғау мемлекеттің басты қызметіне жататыны және Қазақстанның барлық халқының ісі болып табылатындығы айтылған.

Заңда заңды түрде әскери қызметшілердің құрамы, әскери атақтар мен оларды беру тәртібі, әскери киімді кию тәртібі бекітілді. Заңда әскери қызмет түрлері анықталды, әскери қызмет мемлекеттік қызметтің айырықша түрі екендігі, оның мемлекеттік қызметтің басқа түрлерімен салыстырғанда басымдылыққа ие екендігі көрсетілген.

Заңның 5 бабында ҚК, басқа да әскерлер мен әскери құралымдар шақыру бойынша әскери міндеттілік негізінде аумақтан тыс және аумақтық принциптерді ұштастыра отырып және осы заңда белгіленген тәртіппен әскери қызметке ерікті түрде (келісім-шарт) кіру жолымен әскери қызметшілерден жасақталады

Заңда ҚК-ді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды соғыс уақытында жасақтау әскери қызметке шақыру негізінде жүзеге асырылады.

ҚК-ді, басқа да әскерлер мен әскери құралымдарды соғыс уақытында құрамы мен санына дейін толықтыра жасақтау және өрістету үшін бейбіт уақытта әскери міндеттілер қатарынан әскери үйретілген  резерв құрылады делінген.

Заңда әскерге шақырушыларды және әскер жасына дейінгілерді әскери қызметке дайындауды ұйымдыстыруға ерекше назар аударылған, мұның мемлекеттік міндет екендігі айтылған. Әскери қызметшілерге қойылатын талаптың өсуін ескере отырып, шақырылушының жалпы білім деңгейін, дене шынықтыру жағдайын, моральдық, психологиялық және патриоттық тәрбие және әскери техникалық сауаттылық деңгейін арттыруға бағытталған кең түрдегі шаралар жүйесі қарастырылған. Шақырылушыларды даярлауды ұйымдастыруға байланысты барлық мәселелерді ҚР Үкіметі, министрліктер, ведомствалар мен мемлекеттік үкімет пен басқарудың жергілікті органдарының басшылығымен жүргізілетіні анықталған. Олар материалдық-техникалық қамтамасыз етуді, оқу-материалдық базаны құру, басшыларды, оқытушыларды, тәрбиешілерді және де осы жұмысты өткізу үшін басқа мамандарды дайындауды жүзеге асырады. Кәсіпорын, мекеме, ұйымдар, оқу орындарының басшылары, меншік түріне қарамастан, шақырылушылардың әскери қызметке өту дайындығынан өту мүмкіндігін қамтамасыз етуге міндетті. Жастарды әскери қызметке дайындау жұмысын ұйымдастыру мен оның нәтижелерін бақылау жасау ҚР Қорғаныс министрлігіне жүктелген.

Шақыру учаскелеріне тіркеу мен мерзімді әскери қызметке шақыру ҚРП-нің Жарлығы негізінде өткізіледі және оны шақыру комиссиялары жүргізеді. Азаматтарды шақыру учаскелеріне тіркеу жөніндегі комиссияның құрамын  жыл сайын жергілікті атқарушы орган бекітеді. Азаматтарды әскери қызметке шақыру аудандық шақыру комиссиясының шешімі бойынша мынадай негіздер бойынша: - отбасы жағдайы бойынша; білімін жалғастыру үшін; денсаулық жағдайы бойынша; басқа да себептер бойынша кейінге қалдырылуы мүмкін.

Бейбіт уақытта шақыру бойынша әскери қызметке шақырудан - әскери қызметті өткеріп жүрген немесе өткерген; денсаулық жағдайы бойынша әскери қызметке жарамсыз деп танылған; 27жасқа толғаннан кейін мерзімді әскери қызметке заңды негізде шақырылмаған; әскери қызметті өткеру кезеңінде қызметтік міндеттерін атқару кезінде туыстарының бірі (әкесі, анасы, аға-інісі немесе апа-қарындасы) қаза тапқан, қайтыс болған немесе 1 немесе 11 топтағы мүгедек болып қалған; басқа мемлекетте әскери қызмет өткерген; ғылыми дәрежесі бар азаматтар босатылады.

 Заңды түрде әскери қызметке ерікті түрде келісім-шарт негізінде қабылдау механизмі, кімнің қабылданатыны, оның қандай талаптарға жауап беруі тиіс екендігі белгіленді.

Заңның 6 тарауы әскери қызметті өтеудің құқықтық негіздерін баяндайды. Әскери қызмет мерзімі: мерзімді әскери қызметтің әскери қызметшілері үшін –12 ай; әскерге шақыру бойынша әскери қызмет өткеретін офицерлер үшін –24 ай; келісімшарт бойынша әскери қызмет өткеретін әскери қызметшілер үшін - әскери қызмет өткеру туралы келісімшарт көрсетілген мерзім.

Заңда әскери қызметшілердің әскери қызметте болуының шекті жасы белгіленген:

1)     подполковникке (11 дәрежелі капитанға) дейін, подполковникті (11 дәрежелі капитанды) қоса алғанда – 45 жас;

2)     полковниктерге (1 дәрежелі капитандарға) – 53 жас;

3)     генерал-майорларға (контр-адмиралдарға) және генерал-лейтенанттарға (вице-адмиралдарға) – 58 жас;

4)     генерал-полковниктерге (адмиралдарға) және одан жоғарыларға – 63 жас.

Шекті жасқа жеткен әскери қызметшілер Әскери қызмет өткеру ережелерінде белгіленген тәртіппен запасқа немесе отставкаға шығарылады.

Заңда азаматтардың әскери-оқу орындарына түсуі, әскери оқу орындарында оқитын азаматтармен әскери қызмет өткеру туралы келісімшарттар жасасу тәртібі белгіленген.

Әскери қызметші әскери оқу орнын бітіргеннен кейін әскери қызмет өткеруден бас тартса немесе келісімшартты өз бастамасымен бұзса, өзінің оқуына жұмсалған бюджет қаражатын мемлекетке өтеуге міндетті

Жоғары әскери оқу орындарын бітіргеннен кейін әскери қызметшілерге лейтенант әскери атағы беріледі.

Әскери қызметті өткеру туралы келісімшарт әскери қызметте болудың шекті жасына жеткенге дейін 3жылға, 5жылға, 10жылға немесе әскери оқу орнындағы мерзіміне және оны бітіргеннен кейін әскери қызметке 10жылға жасалуы мүмкін.

Заңның 42 және 43 баптарында азаматтардың, лауазымды адамдардың және әскери қызметшілердің ҚР әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы заңнамасын бұзғаны үшін жауаптылығы бекітілген.

в) Қорытынды бөлім.

Сұрақтар мен тапсырмалар:

1.     ҚР Заңы бойынша ҚК-ді толықтырудың қандай түрлері бар?

2.     Әскери қызметке шақырылушылар мен әскер жасына дейінгілерді даярлау қалай жүргізіледі?

3.     Азаматтарды әскери қызметтен босату жөніндегі заң нормалары туралы айтыңдар.

4.     Әскери қызметті өтеу туралы заңда қандай құқықтар қарастырылған?

5.     ҚР ҚК-інде әскери қызметшілер үшін әскери қызметті өтеудің заңда қандай мерзімі белгіленген?

 

 

 

Просмотрено: 0%
Просмотрено: 0%
Скачать материал
Скачать материал "«Әскери міндеттілік және әскери қызмет туралы» Қазақстан Республикасының 2005 жылғы 8 шілдедегі №74 заңы."

Методические разработки к Вашему уроку:

Получите новую специальность за 3 месяца

Электронный архивариус

Получите профессию

Копирайтер

за 6 месяцев

Пройти курс

Рабочие листы
к вашим урокам

Скачать

Скачать материал

Найдите материал к любому уроку, указав свой предмет (категорию), класс, учебник и тему:

6 670 628 материалов в базе

Скачать материал

Другие материалы

Вам будут интересны эти курсы:

Оставьте свой комментарий

Авторизуйтесь, чтобы задавать вопросы.

  • Скачать материал
    • 09.04.2017 1673
    • DOCX 10.8 мбайт
    • Оцените материал:
  • Настоящий материал опубликован пользователем Брахметов Мырзагазы Ерханович. Инфоурок является информационным посредником и предоставляет пользователям возможность размещать на сайте методические материалы. Всю ответственность за опубликованные материалы, содержащиеся в них сведения, а также за соблюдение авторских прав несут пользователи, загрузившие материал на сайт

    Если Вы считаете, что материал нарушает авторские права либо по каким-то другим причинам должен быть удален с сайта, Вы можете оставить жалобу на материал.

    Удалить материал
  • Автор материала

    Брахметов Мырзагазы Ерханович
    Брахметов Мырзагазы Ерханович
    • На сайте: 7 лет и 7 месяцев
    • Подписчики: 0
    • Всего просмотров: 29013
    • Всего материалов: 9

Ваша скидка на курсы

40%
Скидка для нового слушателя. Войдите на сайт, чтобы применить скидку к любому курсу
Курсы со скидкой

Курс профессиональной переподготовки

HR-менеджер

Специалист по управлению персоналом (HR- менеджер)

500/1000 ч.

Подать заявку О курсе

Курс повышения квалификации

Специалист в области охраны труда

72/180 ч.

от 1750 руб. от 1050 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 22 регионов
  • Этот курс уже прошли 155 человек

Курс профессиональной переподготовки

Руководство электронной службой архивов, библиотек и информационно-библиотечных центров

Начальник отдела (заведующий отделом) архива

600 ч.

9840 руб. 5600 руб.
Подать заявку О курсе
  • Этот курс уже прошли 25 человек

Курс профессиональной переподготовки

Библиотечно-библиографические и информационные знания в педагогическом процессе

Педагог-библиотекарь

300/600 ч.

от 7900 руб. от 3650 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 499 человек из 71 региона
  • Этот курс уже прошли 2 332 человека

Мини-курс

Эффективные стратегии успешного взаимодействия: от понимания до саморазвития

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

Индустриальный туризм

4 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе

Мини-курс

История архитектуры: от классицизма до конструктивизма

3 ч.

780 руб. 390 руб.
Подать заявку О курсе
  • Сейчас обучается 36 человек из 19 регионов
  • Этот курс уже прошли 19 человек